Үйсіндер.Қаңлылар.Ғұндар


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Билет 1

  • Қазақстан тас, қола дәуірлерінде

Тас дәуірі

Тас ғасыры - археол. дәуірге бөлуде алғашқы тас құралдарының пайда болуынан бастап, қола құралдарының шығуына дейінгі кезеңді қамтитын көне дәуір. Т. д көне тас ғасыры-палеолит, өтпелі кезең -мезолит, жаңа тас ғасыры- неолит болып бөлінеді. Палеолитті ежелгі және соңғы палеолит деп екіге бөледі. Палеолиттің ерекшелігі Еуразия және Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің бір-біріне едәуір ұқсастығы болып табылады. Т. д-нде тас құралдарымен қатар сүйектен, ағаштан жасалғандары да қолданылды. Ежелгі палоелит адамдары бірігіп аң аулады, бірігіп терімшілік етті. Ежелгі палеолит кезеңінде дінге сенушілік болған жоқ . Шелль және ашель дәуірінде питекантроптар, синантроптар, гейдельберг адамы өмір сүрді. Ортаңғы палеолиттің мустье дәуірінде жаңа адамдар типі - неандертальдықтар қалыптасты. Кейінгі палоелит кезінде физ. жағынан қазіргі адамдар типі - Хомо сапиенстер пайда болды. Алғашқы қауым өнері - мамонт сүйегі мен тастардан мүсін жасау, сүйек бетіне бедерлі ою-өрнек, үңгір қабырғаларына түрлі-түсті сурет салу ісі пайда болды. Адамдар үңгірлерден басқа жертөлелерде өмір сүрді. Тастан жасалған құралдар формасы, көлемі және қолдану қызметі жағынан әр түрлі болды, түрлі мақсатта пайдаланылатын арнайы құралдар шыға бастады. Сүйектен жасалған бұйымдар - біз, ине, шот, гарпун, найза, сүңгі жасау кең игерілді. Аңшылыққа қажетті лақтырғыш құралдары -тор, тұзақ құру ойлап табылды. Кейінгі палеолиттен мезолитке өту кезеңі садақ пен жебенің пайда болуымен, алғашқы жануарлардан итті қолға үйретуімен белгілі. Кейінгі мезолит, ерте неолитте балта, қашау, щот ретінде қолданылған тұрпайы өңделген тас құралдары кең тарады . Неолит дәуірінде қыш ыдыстары шығып, тегістеу, қырнап өңдеу, сондай-ақ, бұрғылап тесу, аралап кесу арқылы тас құралдарын жасау жетіле түсті . Жіп иіру, мата тоқу ойлап табылды. Көп тайпалар әлі де балық, аң аулаумен айналысқанымен егіншілік пен мал ш. қалыптаса бастады. Неолитте аналық ру құрылысы өркен жайып, артынан ол аталық руға көшті . Қазақстанда ежелгі т д нің іздері оның оңт және орт аудандарынан табылды. Оларға Бөріқазған, Тәңірқазған, Қаратау таулары мен Қарағанды маңындағы қоныс орындары жатады. Қазақстан жерінде неолит ескерткіштері де баршылық. Бүгінде 400-ден астам неолит және энеолит мекені белгілі.

Қола дәуірі - адамзат қоғамындағы тарихи - мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалдарға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен қ д мәдениеттері осы металл кендері көп жерде дамыды. Мұндай өңірде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. Адам баласы мысты энеолит дәуірінде игерген болатын . Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылыта түсті . Қ д нің хронологиялық шегі (бзб 4 мыңжылдықтың аяғы мен бзб 5 мыңжылдықтың басын) қамтиды. Қазақ жерін сол тұста мекендеген тайпалардың осы кезеңдегі мәдениеттері алғаш ашылған жерлердің атымен - Андронов мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Қд ндегі экономиканың басты екі бағыты болып табылатын мал ш мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштерінің өсуіне, белгілі бір еңбек саласына маманданудың күшеюіне, қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді. Көптеген көне кен орындарынан мыс, алтын, қалайы кентастары алынды. Тас және балшық құйма қалыптарда шаруашылыққа және тұрмысқа қажетті құралдар құйылды. Сәндік заттар ілгек, тізбек, білезік, моншақ, өңіржиек, сырға, тб жасалды. Қазақстан аумағын қола дәуірінде мекендеген тайпалардың әр түрлі материалдардан алуан түрлі заттар жасауда жоғары шеберлікке жеткені аңғарылады. Олар соғу, құю, қақтау, қысып өрнектеу, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, қатты материалдан жасалған заттарға өрнек сала білді. Қоныстарын өзендердің жайпақ жағасына, кең жайылмаға, мүйіске, кейде көл маңына салды. Қоныстар 6-10үйден, үлкендері 20 үйден құралды. Тұрғын үйлері жартылай жертөлелер мен жер бетіндегі үйлер болып бөлінді. Қоныстарға жақын және рулық зираттар болды. Туыстық әке жағынан есептеле бастады. Соңғы кезеңінде ру ыдырап, одан жеке отбасы шаруашылықтары бөлініп шықты. Тайпалары тұрмысы мен әл-ауқаты табиғатқа тәуелді болғандықтан, адам табиғат күшін құдірет деп білді. Олардың отқа табынғандығын мәйітті өртеу рәсімі, қабірге күл мен көмір қалдықтары салынғаны дәлелдейді. Тайпалар арасында ата - бабаға сыйыну, о дүниеге сену кеңінен тарады. Құрбандық күнге, отқа, айға, жұлдыздарға арнап шалынды. Қ д ндегі Қазақстан тайпалары негізінде ертедегі көшпелілердің мәдениеті қалыптасты.

2. Қазақстанның XIX ғасырдағы көрші елдермен сауда-экономикалық қатынастары

XIX ғасырдың II жартысында капиталистік қатынастардың дамуына байланысты сауда, айырбас ісі де қанат жайды. Алғашында қазақтардың сауда жүйесіндегі негізгі тауары мал болды. XIX ғасырдың 80ші жылдарында Ресейге Ақмола, Қарқаралы, Петропавл қалаларынан қой мен сиырлар айдалып отырған. Мал айырбасында Колосов пен Ботов т. б. ірі көпестердің еңбегі мол болған. XIXғасырда қазақ даласында сауда ісінде маңызды орын алған көптеген жәрмеңкелер ашылды. Алғашқы жәрмеңке Бөкей ордасында ұйымдастырылды. Қазақстандағы ең ірі жәрмеңке Талдықоянды деген жерде ашылды. Бұл жәрмеңке ірі саудагер, көпес Ботовтың атымен аталды . Жәрмеңкеде Ресейдің, Қытай мен Орта Азияның саудагерлері айырбас жасап тұрды. Қарқара жәрмеңкесі, негізінен, Қытаймен сауда жасайтын ірі орталық болды. 188 жылы Қазақстанның шығыс өңірінде 70-ке жуық маңызды сауда орталығы болды. Қазақстанның Моңғолиямен, Шынжаңмен аумақтық жақындығы ерте кезден бастап шет елдермен сыртқы сауданың кеңейтілуі үшін кең мүмкіндіктер ашты. Ағылшындардың бақталастығы мен тіміскі әрекеттеріне қарамастан, Ресейдің Шынжаңмен Жетісу және Шығ. Қазақстан арқылы сауда байланыстары қарқын ала бердіжіне мұндай Ұытай шекаралық аумагымен сауда жағдайларын егжей-тегжейлі зерттеген қазақ саудагерлері елеулі рөл атқарды. Қазақстанға Қытай экспортының ең басты бөлігі шай болды. Қытай шайын негізгі тұтынушылар ретінде қазақтар бүкіл шекаралық өңірде осы тауардың әкелінуіне үнемі мүдделілік танытты.

2. Билет

1. Сақтар. Сарматтар

Сақтар

Сақ тайпалары Қазақстан аумағын б. з. б VII-IV ғасырларда мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында « Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда, негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары 3 топқа бөлінген.

1) Шошақ бөрікті сақтар(тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарияның орта ағысын мекендеген.

2) Теңіздің арғы жағындағы сақтар(парадарайя) Қара теңіздің солтүстігін, Арал маңын мекендеген.

3) Хаома сусынын дайындайтын сақтар(хаомаварга сақтары) Мургаб аңғарын мекендеген.

Сақтар, негізінен, 3 түрлі мал шаруашылығымен айналысты. (көшпелі мал, жартылай көшпелі, отырықшы мал шаруашылығы) . Сақтарда кейіннен қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер тұрман, әшекей, найза, семсер, қанжар т. б жасаған. Сонымен қатар теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған. Сақ тайпалары Сібір, Европа, Алтай мен Шығыс елдерімен байланыс жасады. Сауда Жібек жолы және б. з. б 1мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды.

Сақтар қоғамында әскери демократия құрылысы орнады. Тайпа көсемі бас қолбасшысы болды. Сақ қоғамының адамдары 3 әлеуметтік топқа бөлінді. Олардың әрқайсысына бір түс тән болды:

1) жауынгерлері(қызыл)

2) абыздар(ақ)

3) басқа қауым адамдары( сары, көк)

Патшалар жауынгерлер тобынан шыққан.

Сақ жауынгерлерінің ерлігі туралы көптеген дерек әңгімелері бар.

Сақтар б. з. б 519-518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады.

Сақтың әйел патшасы Томирис парсы патшасы Кирдің әскерін жеңген.

Б. з. б. Ivғасырда Александр Македонскийдің Орта Азия жеріне жорығы басталды. Ол б. з. б. 330-327 жылдары Сырдарияның сол жағындағы өңілерлерді түгелге жуық басып алып, Шеткі Александрия қаласын салады. Александр Македонский шығысты жаулап алады, бірақ Сырдарияның оң жағындағы сақтардан жеңіліп қалады.

Сақ өңірінде аңдық стиль болды. Олар аңдар мен әр түрлі аңыздардың жануар бейнесіндегі құбыжықтарды бейнелейтін еді. Аңдық стиль б. з. б. VII ғасырда Алдыңғы Азияда дүниеге келеді.

Сақтар әр түрлі жануарлар бейнесіндегі құдайға, табиғат күштері күнге, желге, әр түрлі құбылыстарға табынды.

Зергерлік өнері жақсы дамыған. Сақ шеберлері әшекейлер, ер тұрмандар, әр түрлі аңдар бейнеленген бұйымдар жасай білген.

Сақтардың түсінігінше әлем 3 бөліктен тұрады:

  • Жер астындағы әлем
  • Орта жер әлемі
  • Аспан әлемі

Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі - Бабыш молда

Алматы облысындағы Есік қорғаны - б. з. б. VIII-III ғасырлардағы сақ моласы. Бұл молада әрі жауынгер, әрі малшы, әрі абыз адам жерленген. Ол алтын адам деп аталған. Онымен бірге қару-жарақ, басқа да шаруашылық құралдар көмілген.

Ежелгі грек тарихшысы Герадот сақтар жайлы көпетген тарихи деректер қалдырған.

Сарматтар

Сарматтар туралы деректер өте аз. Бұл тайпаның аты б. з. б III ғасырдан бастап тарихқа кірген. Сарматтар ғұндармен бірге Қазақстанның батыс өңірін мекендеген. Сондықтан сарматтар тілі иран тілінен түрік тіліне ауысқан. Сарматтардың құрамында роксоландар, алаңдар, аорстар, сирактар т. б. тайпалар болған.

Сарматтар мәдениеті 3кезеңді қамтыды:

  • Ерте сарматтар мәдениеті
  • Орта сарматтар мәдениеті
  • Кейінгі сарматтар мәдениеті

Сарматтар қыщ ыдыстар, сақина, білезік сияқты әшекей заттар жасаған.

Көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы өмір сүріп егіңшілікпен айналысты.

Б. з. II-IV ғасырлардағы сарматтардың аса ірі археологиялық ескерткіші- жерлеу орындары . ОЛар кейінгі сарматтар мәдениетіне жатады. Қабірге қасында түрлі әшекей заттары бар әйел жерленген.

III-V ғасырларда зергерлік өнерге түсті металдардың ішінен алтынды көп қолданған. Осы кезде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында зергерлік өнерде «полихромдық стиль» кең тарады. Қазақстанда б. з. VII-V ғасырларда бұл стильдің екі түрі дамыды:безендіру, зерлеу әдістері. Сондықтан да «полихромдық стиль» б. з. 1-мыңжылдықтың басында туды деген болжам бар.

2. XIX ғ. Қазақстандағы халық ағарту ісі.

ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды.
Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен мектеп мұғалімдеріндаярлады. Оқу мерзімі 3-4 жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, математика, медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия жөнінде де едәуір хабардар болып шықты. Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі жастардың бойына әдептілік өнегесі мен адамгершілік қасиеттерді дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді.
Медреседе бірнеше сынып бөлмелері болды. Олар шәкірттер тұратын, дәрет алып, жуынып-шайынатын, сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер еді. Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40-тан асқан адамдар ғана қабылданатын. Олардың медресені бітіргені туралы дипломының болуы талап етілетін. Кейіннен патша үкіметі мұсылманшаоқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкіметі мұсылмандардың оқу орындарын ашықтан-ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті.

1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы Орынборда әскери училищелер ашылды. Кейіннен олар Сібір және Орынбор Неплюев кадет корпустарына айналды. Бұл оқу орындарына қазақ балаларын қабылдауға едәуір шек қойылды. Ұлты қазақ кадеттер бірқатар әскери пәндерді оқып үйренуге жіберілмеді. Омбы кадет корпусын белгілі қазақ ғалымы, зерттеуші әрі ағартушы Шоқан Уәлиханов бітіріп шықты. 1841 жылы Бөкей хандығында Жәңгір ханның бастамасы бойынша алғашқы қазақ мектебі ашылды. Ол мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, бірқатар шығыс халықтарының тілдерін, сондай-ақ ислам дінінің негіздерін оқып үйренді. Қазақ балаларының сабақ үйренуін Жәңгір ханның өзі тікелей бақылауға алып, тексеріп жүрді. Неғұрлым қабілетті деген балаларды ол Қазанға, Ресейдің басқа да қалаларына оқуға жіберіп отырды. Казак станицаларында, бекініс-қамалдарда діни шіркеулер және казактардың балалары оқитын мектептер болды. Олардағы оқыту деңгейі тым төмен еді. Мұғалімдердің басым көпшілігін шала сауатты дьяктар, сондай-ақ қызметтік міндетін өтеген солдаттар мен казактар құрады.
Жалпы алғанда, Қазақстанда халыққа білім беру ісі мен сауаттылық деңгейін қанағаттанарлық болды деп айтуға келмейтін. Зайырлы мектептер өте аз еді. Маман мұғалімдер жетіспеді. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты жағдайында тұрақты мектептер ашу қиын болды. 1885 жылдан бастап барлық уездерде ауыл шаруашылық мектептері ашылды. Олар қазақ өлкесінде білім және қолөнер түрлерін дамытуға бағыт ұстады. 1887 жылы барлық жерде бірдей болыстық орыс мектептері пайда бола бастады. Ал 1891 жылы Торғай, Ақтөбе, Қостанай және басқа қалаларда қыз балаларға арналған бастауыш мектептер ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары үшін ауылдық көшпелі мектептер ұйымдастырылды. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Омбы, Семей, Орал, Ақмола қалалары халыққа білім беру орталықтарына айналды. Қазақстандағы орыс тілді халықтың арасында сауатсыздардың пайызы тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық санағы айқын көрсетті. Атап айтқанда, халықтың 8, 1 пайызын ғана сауатты деуге болатын еді. Соның ішінде ерлердің 12 пайызы, ал әйелдердің 3, 6 пайызы ғана хат таныды. Орысша сауат ашқан қазақтардың пайызы бұдан да төмен болды. Ал мұсылманша оқып сауат ашқан дала қазақтарының саны өте көп еді. Бірақ олардың қанша пайызының сауатты екеңдігі халық санағын өткізу кезінде есепке алынбады.
Ресей империясы қазақтардың орта және жоғары білім алуына жол бермеуге тырысты. Сауатты қазақтардың қатары өскен сайын олардың Ұлттық сана-сезімі тезірек оянады деп қауіптенді. Мәселен, 1885 жылы Қазақстанда орыс мектептерін ашудың басты идеологта- рының бірі Ильминский былай деп ашықтан-ашық жазған болатын: «Бізге тиімді болатын бір жағдай бар. Ол - бұратана халықтың әрбір өкілінің орысша сөйлегенде шатасып, қысыла қызарып тұратын болуы. Ол - орысша жазғанда да аяқ алып жүргізгісіз қыруар қате жіберіп, өз ойын дұрыс жеткізе алмауы. Олар губернаторлардың алдында ғана емес, сонымен қатар кез келген бастықтардың алдында да қалтырап-дірілдеп тұруы керек». XIX ғасырда ауыл шаруашылық және фельдшерлік мектептері ашыла бастады. Олар орта білімді дәрігер мамандарын даярлап шығарды. Алайда Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орны ашылған жоқ.

Билет 3

1. Үйсіндер. Қаңлылар. Ғұндар

Б. з. б IІғасырда сақ тайпаларының Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеді. Үйсіндер дің мекені Іле, Шу, Талас, Сырдария өзендерінің жағасында болған. Үйсіндер мемлекеті 3-ке бөлінді:

Шығыс

Батыс

Орталық

Үйсіндер астанасы- Қызыл Аңғар қаласы. Үйсін билеушісінің титулы- гуаньмо. Үйсіндер қаңлы, ғұндар тайпаларымен соғысқан.

Шу, Кеген өзендері бойындағы үйсіндер кірпіштен, тастан соғылғын үйлерде, көшпелі үйсіндер киіз үйлерде тұрды. Қазба жұмыстары нәтижесінде үйсіндер баспанасынан көптеген тұрмыс заттары табылған.

Үйсіндердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Сонымен бірге үйсіндер егін шаруашылығымен де айналысты.

Үйсіндер қорғасын, мыс, алтын кендерін білді.

Археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған әйелдің тәжі тәрізді әшекейлі бас киімі Қарғалы диадемасы-үйсіндердің өнері мен діни нанымынан мәлімет беретін құнды ескерткіш. Ол 2300 м биіктегі тау щатқалынан табылған.

Үйсіндер турады кең мәлімет Қытай деректерінде көп кездеседі. Себебі үйсіндер Қытаймен кең байланыста болған. Үйсіндер туралы көп деректі Қытай тарихшысы Сыма Цян жазды.

Қаңлылар

Б. з. б III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Қаңлылар Оңтүстік Қазақстанда Сырдария өзенінің орта ағысын мекендеген. Қаңлылар астанасы-Битянь қаласы. Бацланыс жасаған елдері - Қытай, Рим, Кавказ т. б. Қаңлылар үйсін, ғұндар тайпаларымен соғысқан.

Негізгі шаруашылық түрлері мал шаруашылығы және суармалы егін шаруашылығы. Қаңлыларда аң, балық аулау жақсы дамыған.

Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердік қолында болған.

Қаңлылар табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған.

Мардан -күйік қорымы - Сырдария өзенінің жағасындағы қаңлылардың жерлеу ескірткештері. Бұнда 50ден артық мола бар. Бұл қорым Мардан-күйік қаласының іргесінде орын тепкен. Қабірге өлікпен бергі ыдыстар, әшекей бұйымдар, қару -жарақтар көмілген.

Қаңлы тайпалық біслестігі б. з. б. Iғасырдың ортасында ыдырады.

Ғұндар

Б. з басында Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалардың ішіндегі ең жауынгер халық ғұнар болды. Ғұндардың жауынгер билеушілерінің бірі Атилланың есімі ерекше. Оның Еуропа халықтарына жасаған басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһарларының бірі Венецияның салынуына Атилла бастаған ғұндардың шапқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге ғұндар Евразияда б. з. б I ғасырда болған «халықтардың ұлы қоныс аударуымен» тығыз байланысты. Ғұндар Қазақстан жеріне б. з. I ғасырының басында қоныстанды. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы Мөде болды. Ол деректер бойынша б. з. б 230-174 жылдары өмір сүрген. Б. з. б IIIғасырда ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй үйсіндерге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. Б. з. б I ғасырда, яғни 55жылы ғұндар екіге бөлініп кетті:

1. Оңтүстік ғұн мемлекеті Қытайлардың қол астына кіреді.

2. Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі Солтүстік Моңғолия жерін мекен еткен. Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи -Чжи бастаған ғұндар Ыстықкөл маңында қытай әскерлерінене жеңіліп, қолға түседі. Ғұндар б. з. 93жылдан бастап екінші рет Мажарстан жеріне қоныс тебеді.

Мал шаруашылығы жақсы дамыды

Егін шаруашылығы да маңызды рөл атқарды.

Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй болды.

Мемлекет билеушісінің титулы-шаньюй. Шаньюйге түменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24рудан құралды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.

2. Ресейдің қоныстандыру саясаты және оның зардаптары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар
Ғұндар Саяси тарихы
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндардың арғы атасы
Ерте мемлекеттік құрылымдар
Қаңлылар жайында
Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуір
Сақтар жайлы
Қазақстан территориясындағы ерте дәуір
Көшпелілер туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz