Алгоритмдеу және программалау


1 Алгоритм түсінігі.Алгоритм түрлері және қасиеттері
2 Алгоритм қасиеттері
3 Алгоритмдерді құрастыру әдістері.
4 Программалау тілдері
5 Программалау тілінің шығу тарихы
6 Программалаудың түрлері
7 Түрлі бағдарламалау әдістерінің принциптері
Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus — Әл-Хорезмидің атынан шыққан) — бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Алгоритм — математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Агоритмді орындау алгоритмдік процесс деп аталады.
Жалпы Алгоритм деп алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу процесін айтады. Есептеу процесі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі. Алгоритм ұғымының алғышартына алгоритмдік процеспен қатар мүмкін болатын алғашқы деректер жиынтығының нұсқауы және қорытынды алуға байланысты жүргізілген процестің аяқталғандығын көрсететін ереже енеді. Белгілі бір бастапқы деректердің жиынына қолданылған Алгоритм тиянақты қорытындыға келмеуі немесе есептеу барысы аяқталмай тоқталуы мүмкін. Егер есептеу процесі белгілі бір қорытынды алумен аяқталса (не аяқталмай қалса), онда Алгоритм мүмкін болатын бастапқы деректерге қолданылады (не қолдануға болмайды) деп ұйғарылады.

Пән: Информатика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 18 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Алгоритмдеу және программалау
Алгоритм түсінігі.Алгоритм түрлері және қасиеттері
Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus -- Әл-Хорезмидің атынан шыққан) -- бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Алгоритм -- математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Агоритмді орындау алгоритмдік процесс деп аталады.
Жалпы Алгоритм деп алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу процесін айтады. Есептеу процесі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі. Алгоритм ұғымының алғышартына алгоритмдік процеспен қатар мүмкін болатын алғашқы деректер жиынтығының нұсқауы және қорытынды алуға байланысты жүргізілген процестің аяқталғандығын көрсететін ереже енеді. Белгілі бір бастапқы деректердің жиынына қолданылған Алгоритм тиянақты қорытындыға келмеуі немесе есептеу барысы аяқталмай тоқталуы мүмкін. Егер есептеу процесі белгілі бір қорытынды алумен аяқталса (не аяқталмай қалса), онда Алгоритм мүмкін болатын бастапқы деректерге қолданылады (не қолдануға болмайды) деп ұйғарылады.
Алгоритм -- қазіргі математикада, оның ішінде электронды есептеуіш машинада қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Белгілі бір теңдеутүбірінің жуық мәнін кез келген дәлдікпен табу оған арналған Алгоритммен есептеледі. Компьютердің кең қолданылуына байланысты Алгоритм жаңа мағынаға ие болды. Берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау да Алгоритм деп аталады. Алогритмді орындаушы -- адам, ЭЕМ немесе робот. Әрбір нұсқау -- бұйрық. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын бұйрықтар жиыны бұйрықтар жүйесі деп аталады. Мысалы, у = (ax + b) (cx - d) функциясынесептеу ЭЕМ-да мынадай әрекеттерден құралады:
1. а-ны x-ке көбейту R1 деп,
2. оған b-ны қосу нәтижесі R2 деп,
3. с-ны х-ке көбейту R3 деп,
4. сх-тан d-ны алу R4 деп,
5. R2-ні R4-ке көбейту у деп белгіленеді.
Алгоритмнің бұйрықтары бірінен кейін бірі кезекпен орындалады. Бағдарлама Алгоритм тілінде жазу, бейнелеу мағынасын береді. Компьютерде Алгоритмнің сызықты, тармақты, циклді, логикалық, модельдік, параллельдік, тізбекті т.б. түрлері қолданылады
1. Алгоритм дегеніміз - информатиканың іргелі түсініктерінің бірі
2. . Алгоритмдік тіл дегеніміз - алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.
3. Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқаруға тиісті объект немесе субъект.
5. Алгоритм тілі - бұл алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі
Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:
Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм - сызықтық алгоритм деп аталады.
Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген
логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1 - ші серия), ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2 - ші серия) орындалады.
Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдер екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.
Алгоритм қасиеттері
Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды. Яғни, программа деп белгілі бір нәтиже алу үшін түсінікті операциялар тізбегін айтамыз. Процессор программа құрамындағы командаларды реті бойынша орындайды. Команда бір қарапайым операцияны орындауға бұйыратын бұйрық түрінде болады. Командалар арифметикалық, логикалық, басқаруды беру, сандарды салыстыру, экранға шығару, принтерге шығару және т.б. болып бөлінеді.
Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:
1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті.
Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттердің мағынасы айқын, нақты анықталған болуы керек. Онда қандай қадамдар көрсетілсе тек солар орындалуы қажет. Атқарушы алгоритм командаларын орындау кезінде ешқандай ойланбауы тиіс.
2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті.
Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкен алгоритмдерге жіктеу мүмкін болуы керек. Бұл қасиет бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар оданда кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттерге жіктеледі.
3. Алгоритмнің нәтижелік қасиеті.
Кез келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет. Кейде алгоритдердің бірнеше қадамы қайталанып, ешбір нәтиже бермейді. Ондай есеп алгоритмн циклдден шықпайтын, нәтижесіз деп қайта құрады.
Мысалы: сандарды қосу алгоритмі үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар мәні жатады, ал нәтижесі қосынды болады.
4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті.
Алгоритм құрғанды белгілі бір жеке проблемаға ғана арнамай, осы сияқты проблемалардың шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құру керек. Бұл қасиет алгоритмнің пайдалану құндылығын арттырады. Егер берілген мәліметтер өзгерсе, нәтижеде өзгереді.
m және n бүтін сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табуда Евклид алгоритмін қолданайық.
5. Алгоритмнің формальды орындалу қасиеті.
Алгоритмді орындағанда орындаушы оның әр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ орындаушы өзі атқарып отырған әрекеттердің мағынасын түсінбесе де, алгоритм командаларын орындау арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді, бұл формалды орындалу деп аталады.

Атқарушы түсінігі
Алгоритм атқарушысының рөлін адам немесе автоматтандырылған құрылғы: компьютер, робот және т.б. орындайды. Мысалы,жалпы алғанда, өміріміздің барлығы алгоритм тізбектерінен тұрады десек те болады.Алгоритм орындалу барысында атқарушы қандай инструкция келесі орындалу керектігін біледі. Атқарушы орындай алатын командалардың жиынын атқарушы командалар жүйесі деп атаймыз.Сонымен, алгоритм атқарушысы алдын-ала қойылған әрекеттерді орындап,нәтижеге жететін адам, компьютер немесе техника болуы мүмкін. Егер есепті шешу үшінтехникалық құралдар пайдаланылса, орындалатын әрекеттер тізбегі нақты және түсінікті болу керек. Қаншалықты әрекеттер түсінікті де, нақты болса, соншалықты нәтижеге жету тез және дұрыс болады.
Алгоритмдерді талдаудың негізгі әдістері:
1. Сөздік-формулалық (табиғи тілдерде);
2. Құрылымды немесе блок-схемалар;
3. Арнайы алгоритмдік тілдерді қолдану;
4. Граф-схемалар көмегімен (граф - әр сызық екі нүктені қосатын, нүктелер мен сызықтар жиынтығы). Нүктелер шыңдар деп аталады, сызықтар - қабырғалар;
5. Петри торының көмегімен.
Бағдарламаны жасау алдында көбінесе сөздік-формулалық және блок-схемалық әдістер қолданылады. Кейде ассемблер сияқты төменгі деңгейдегі тілдерде бағдарламаны жасау алдында, бағдарлама алгоритмін кейбір жоғарғы деңгейдегі бағдарламалау тілінің конструкцияларын қолдана отырып жазады. Күрделі бағдарламалық жүйелер алгоритмдерінің бағдарламалық сипаттамаларын қолдану ыңғайлы. Мысалы, ОЖ жұмыс істеу принциптерін сипаттау үшін Алголға ұқсас жоғарғы деңгейдегі бағдарламалау тілі қолданылды
Сөздік-формулалық әдісте алгоритм әрекеттер тізбегін анықтайтын, құрамында формулалары бар мәтіндік түрде жазылады. Мысалы, келесі өрнектің мәнін анықтау қажет болсын: у=2а-(х+6).Сөздік-формулалық әдістпен бұл есептің алгоритмі келесі түрде жазылуы мүмкін:
1. а және х мәндерін енгізіңіз.
2. х және 6-ны қосу.
3. а на 2-ге көбейту.
4. 2а - дан (х+6) қосындысын азайту.
5. Өрнектің есептелген нәтижесі ретінде у-ті шығару.
Блок-схемада бағдарламадағы барлық тармақтар, циклдар және ішкі бағдарламалар болуы қажет.
Сонымен алгоритмдеу дегеніміз - кез-келген есептерді шығару үшін программа құру барысында қандай да бір ережелерге қасиеттерге сүйене отырып, оның орындалу ретін рет-ретімен жазу. Мысалы:
"Cтуденттің сабаққа келу" - алгоритмін құру:
1) ояну;
2) бет-қолын жууы;
3) ертеңгі ас ішуі;
4) киінуі;
5) көлікке мінуі;
6) оқу ғимаратына келуі;
7) киім өткізуі;
8) аудиторияға кіруі және т.б.

Мысал 2 Ағаш отырғызу алгоритмі
3. Жерге шұңқыр қазу
4. Шұңқырға көшет отырғызу
5. Шұңқырды өміп тастау
6. Көшетті суару.
Бұл пункттердің орнын ауыстыруға бомайды. Олар көрсетілген ретпен кезегі орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген нәтижеге қолымыз жетеді.
Алгоритм - информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі.
Техникалық құрылғылдары дұрыс пайдалана алу үшін есеп шешу жолы, яғни орындалатын іс-әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі нақты болуы қажет.
Алгоритмдерді құрастыру әдістері.
Алгоритм командалары есеп шартына байланысты жай және құрама командалардан тұрады.
Жай команда. Кез келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы ақпаратты өңдеудің немесе өрнектеудің операциясын орындайтын жай командадан тұрады. Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу және нәтиже алу командалары жатады.
Құрама командалар. Жай командалардан құрылымы күрделі құрама командалар құралады. Құрама командалар құрылымына байланысты тізбекті, тармақталу және циклдік топтардан немесе бірыңғайланған алгоритмдік құрылымдардан тұрады. Олардың жай командадан ерекшелігі бірнеше командадан құрылады және орындалуы берілген шарттарға негізделеді.

Программалау тілдері
Алгоритмді компьютерге программалау тілдері түсінікті етіп көрсете алады. Алдымен әрқашан да алгоритм әрекеті әзірленеді, сонан кейін ол мұндай тәсілдердің бірінде жазылады. Жалпы қорытындысында программа мәтіні -- толықтай аяқталған, алгоритмді программалау тілінде бүге-шігесіне дейін сипаттаған күйінде пайда болады. Содан соң программаның бұл мәтіні транслятор деп аталатын арнайы қызмет қолданбаларымен өңдеуден өтеді немесе машина кодына аударылады, не болмаса орындалады.
Программалау тілдері - жасанды тілдер. Олардың табиғи тілдерден айрмашылығы - мағынасы трансляторға түсінікті болатын әрі жазу командасының (операторлардың) қатаң ережесіне бағынатын сөздері шектеулі болады. Мұндай талаптардың жиынтығы программалау тілінің синтаксисін қалыптастырады, ал әрбір команданың және тілдің басқа да конструкциясы (құрылымы) -- оның семантикасын қалыптастырады. Программаларды жазудың формасы бұзылатын болса, бұл транслятордың оператор міндетін түсінбей қалуына әкеп соғады және синтаксистік қате туралы хабарлайды, ал команда тілін пайдалануға қажетті алгоритмге жауап бере алмайтын дұрыс жазу семантикалық қателікке (оны логикалық қателік немесе орындау уақытындағы қателік деп те атайды) ұрындырады.
Программалау тілінің көмегімен дайын программа емес, оның бұрын әзірленген алгоритмді суреттейтін мәтіні ғана жасалады. Жұмыс істейтін программаға қол жеткізу үшін бұл мәтінді автоматты түрде машина кодына ауыстыру керек (бұл үшін компилятор -- программасы пайдаланылады), содан соң оны бастапқы мәтіннен бөлек пайдалану қажет немесе программа мәтінінде көрсетілген тіл командасын бірден орындау керек (мұнымен интерпретатор - программасы айналысады).
Процессорлардың әр тұрпаты әр түрлі теру командасына ие. Егер программалау тілі процессорлардың нақты тұрпатына бағдарланып, оның ерекшеліктерін ескеретін болса, онда ол деңгейі төмен программалау тілі деп аталады. Бұл жағдайда деңгейі төменнің мағынасы нашар деген ұғымды білдірмейді. Бұл арада - тіл операторының машина кодына жақындығы және процессордың нақты командасына бағдарланғаны жөнінде сөз болып отыр. Ең төменгі деңгейдегі тілге Ассемблер тілі жатады. Ол машина кодының әрбір командасын сан түрінде емес, мнемоника деп аталатын символдық шартты белгілердің көмегімен жай ғана көрсетеді.
Алғашқы буындағы ЭЕМ-ның программасын жасау сандардың көмегімен ЭЕМ әрекеттерін кодтау ережелерінің жиынтығын білдіретін машина тілінде ғана жүзеге асырылды. Барлық ЭЕМ-ға жазуды қысқарту үшін әдетте сегіздік және он алтылық есептеу жүйелерінің орнын алмастыратын, қос есептеу жүйесі ғана түсінікті.
Машина тілімен салыстырғанда символикалық кодтаудың машиналық-бағдарланған тілдері ең жоғары деңгейге ие. Символикалық кодтау тілдерін жасаудың негізгі принципі машина кодын олардың қаріптік белгілеуімен (буквенные обозначеиия) ауыстыру, сондай-ақ жадында сақтауды және қателіктер диагностикасын бөлу процесін автоматтандыру болып табылады. Мұндай машиналық-бағдарланған тіл Ассемблер тілі деген атауға ие болды. Ассемблер тілінде жазылған программаны машина тіліне аудару транслятордың (аудармашы) - ассемблер деген атауға ие арнайы программаның көмегімен жүзеге асырылады. Алғашқы процедура бағдарлы программалау тілінің (процедурно-ориентированный язык программирование) бірінде Фортран (FORmula TRANslation - формуланы тұрлендіру) жатады. Фортран компилирлік тіл болып табылады. Ол осы күнге жетіп қана қоймай, кең таралуы жағынан әлемде алдыңғы орынды бермей келеді. Осылайша ұзақ жасауының көптеген себептері бар. Олардың ішіндегі ең басты себеп - Фортранның өзінің де және оны транслятордың машина кодына айналдыруға арналған құрылымының қарапайым болуында жатыр. Фортран ғылыми және инженерлік-техникалық есептеулер саласында пайдаланылады.
Фортран тілі программалаудың басқа тілдерін тудырып әрі дамуына зор ықпал ете отырып, өзі де жетілу үстінде дамуын жалғастырыл жатыр. Мысалы, Фортран тілі Бейсик (Ваsіс - beginners all-purpose symbolic instruction code) сұхбат тілінің негізі етіп алынды.
Бұл тіл әуел баста негізінен программалауды оқытуға арнап жасалған болатын. Бейсик тілінің осы заманғы нұсқасы міндетгерді кәсіби тұрғыдан шешуге мүмкіндік береді.
Алгол-60 (ALGOritmic Language - алгоритмдік тіл) - бұл Фортранға қарағанда әлдеқайда жетік тіл (жетілген тіл) болып табылады. Ол программаның үлкен икемділігі мен сенімділігіне ие.
Экономикалық міндеттерді шешу - (материалдық құндылықтардың, кәсіпорын шығарған өнімдердің, жеке құрамның есебін) XX ғасырдың 60 жылдарында Кобол тілінде орындау қолайлы болды.
Лисп және Пролог тілдері өнер интеллектісіне қатысты міндеттерді шешу үшін жасалған. Бұл тілдер мәтіндік (символдық) информацияны өңдеуге, логикалық және математикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мәселен, Лисп тілінің негізінде белгілі Derive математикалық жүйесі әзірленді.
ЛОГО тілін балаларға программалау негіздерін оқьпу үшін пайдаланады. Бұл тілдің өзіне ғана тән өзгешелігі - тасбақа деп аталатын графикті қолданады.
ЭЕМ-ның екінші буынын әзірлеп, енгізу кезеңінде пайда болған алгоритмдік тілдердің өте көптігін олардың бірде-біреуі әр түрлі міндеттерді қолайлы сипаттап бере алмауымен түсіндіруге болады. ЭЕМ-ның үшінші буыны әмбебап (универсальный) алгоритмдік тілдерді жасаудың жаңа тәсілін ойлап табуды күн тәртібіне қойды.
Мұндай ұмтылыстардың біріне ІВМ фирмасы тудырған ПЛ1 (Programming Language) тілін жатқызуға болады. Ол Фортран, Алгол және Кобол тілдеріне негізделген.
1971 жылы Алгол-60-қа сабақтас болып табылатын Паскалъ тілін сипаттаған жариялым жарық көрді. Оның конструкциясы (құрылымы) ПЛ1 және Алгол-60 құрылымдарына ұқсас, алайда Паскальдың конструкциясы әлдеқайда қысқа (лаконичный) болды. Паскальда құрылымдық программалау йдеясы жүзеге асырылады. Паскалъ тілінде жазылған программаның жақсы құрылымдануының арқасында күрделі жобаларды әзірлеу кезінде бірнеше программалар бір мезгілде қатар жұмыс істей алады.
70-жылдардың соңында АҚШ Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша Францияда Паскаль негізінде АДА тілі әзірленді. Бұл тіл Ч. Бэббиджеймен жұмыс істеген алғашқы программашы Аugusta Ada Byron-ның құрметіне орай осылайша аталды, алайда өте қолайсыз әрі сөзі көп еді.
СИ тілі аса күрделі Ассемблер тіліне жүгінбей-ақ программаны өте тиімді етіп жазуға мүмкіндік бере алатын осы заманғы компьютерлердің мүмкіндіктерін толық бейнелейді. Бұл тілде әйгілі UNIX операциялық жүйесі жазылған.
Осы заманғы есептеуіш техникаларының дамуы коп процессорлы компыотерлер мен есептеуіш желілердің кеңінен тарауымеи сипатталады. Сондықтан да программалы ету саласында кең тараған программаларды (яғни, бірнеше процессорлардың немесе машинаның көмегімен орындалатын программа) әзірлеуде пайдаланылатын тілдер уақыт озған сайын үлкен сұраныс тудырып отыр.
Мұндай тілдердің бірі - Linda. Ол деректерді параллельді өндеуге арналган. Linda тілін пайдалану барысында есептеу процесі процессорлардың топтарына бөлінеді. Аталған процестер бір мезгілде бірнеше процессорларда жүзеге асырылып, олардың біреуі басқасымен синхрондалады.
Ада және Линда тілдерінен басқа параллельдік программалаудың басқа тілдері де бар, атап айтқанда, Erlang, Modula, occam.
Объекті бағдарланған тілдерді жасау - программалаудың технологиясын одан ары дамытудың келешегі бар бағыты болып табылады.
Программалаудың алғашқы объекті бағдарланған тілі (объектно-ориентированный язык) - Simula 67 (Симула). Ол 60-жылдардың соңында моделдеу міндетін шешу үшін Норвегияда жасалды.
Smalltalk тілі - программалаудың ең дамыған әрі қуатты объекті бағдарланған тілдердің бірі. Онда объекті бағдарланған тілдердің барлық негізгі белгілері, оның ішінде, деректердің инкапсуляциясы мен полиморфизмі, туындатуы (наследование).
Дельфи (Delphi) -- Borland фирмасы Турбо-Паскал тілінің негізінде жасаған. Программалаудың бұл тілі көбінесе клиент-сервер технологиясы бойынша деректер базасымеи жұмыс істеудс пайдаланылады. Delphi - де негізгі күні қолда бар программаны барынша көп қайталап пайдалануға жұмсалады. Бұл құрастырушыларға бұрын дайын болған объектілерден қолданбаларды жасауына, сондай-ак өздерінің жеке объектілерін әзірлеуіне мүмкіндік береді.
Visual Basic - тің алғашқы нұсқасы 1991 жылы пайда болды. Ол объекті бағдарланған тілге жақын, алайда бұрынғысынша процедуралык тіл болып қала береді.
Бұл тіл кеңінен тараған, ол Microsoft Office дестесінде интеграцияланған: Ассеss СУБД, Excel электрондық кестесі, мәтіндік редакторы.
НТМL (HyperText Markup Language) гипермәтіндік белгілеу тілін World Wide Web (WWW) кеңінен тараған гипермәтіндік жүйені әзірлеу технологиясының бір компоненті ретінде 1989 жылы Тим Бернерсон-Ли ұсынған болатын.
НТМL тілі электрондық құжаттың құрылымын полиграфиялық деңгейде ресімдеумен сипатгауға мүмкіндік береді. Нәтижелендіруші құжат әр түрлі иллюстрацияны, аудио-, бейне-фрагменттерді және т.б. қамтиды.
Web-беттерімен жұмыс істеу үшін Реrl тілі жасалды.
Регl интерпретирленген тіл болып табылады, Лари Уолл мәтіндер мен файлдарды өндеу үшін ойлап тапты. Реrl-дың шифрын былайша ашуға болады: Practical Extraction and Report Language (деректерді іс жүзінде шығарудың және есептіліктерді жасаудың тілі).
W 30 консорциум ұсынған виртуль шындықты моделдейтін Virtual Reality Modeling Language (VRML) тілі WWW бетін жасау үшін үш өлшемді кеңістікті ұқсатушы (имитирующих) ортаны сипаттауға арналған. Ол жалпақ кескіндерді суреттеуде пайдаланылатын НТМL белгілеудің гипермәтіндік тілінің кеңейтушісі болып табылады.
Java тілі (джава немесе ява деп айтылады) желілерде жұмыс істейтін программаларды (қолданбаларды) жасауға арналған. Java тілінде жазылған программалар көбінесе ғаламдық желілерге (в глобальной сети) динамикалық жарнамаларды орналастыруда пайдаланылады. Java -қолданбасы web-беттерінің статикалық картинкаларын тірілтіп, осылайша пайдаланушылардың назарын аударады.
SUN Microsystems және Netscape Communications корпорациялары JavaScript тілін жасады. Java және JavaScript негізінде WWW адрестелген беттерін, сондай-ақ қолданбалы программаларды жазуға мүмкіндік бар.
Операциялық жүйелер (ОЖ) жүйелі программалы етудің негізі болып табылады. Операциялық жүйесіз осы заманғы компьютердің аппараты мен программасына қатынау (яғии компьютердің аппараты мен программасына еніп, жұмыс істеу) мүлдем мүмкін емес. Барлық аппарат, сондай-ақ программа құралдарына пайдаланушы операциялық жүйе деп аталатын делдал арқылы ғана қол жеткізе алады.
Операциялың жүйе - барлық программаның, ЭЕМ аппараты құралдарының және желілердің жұмысын жүргізуді қамтамасыз ететін программалар кешені.
Компьютерді коректендіруге қосқанда ең алдымен ОЖҚ-ға ЭЕМ-ның жұмысқа жарамдылығын тексеруді және одан кейінгі жұмысын басқаратын операциялық жүйе жүктеледі (загружаются). Операциялық жүйе компьютердің қосылған сәтінен бастап жұмыс істейді, ал компьютер ажыратылған сәттен бастап ол жұмыс істеуін тоқтатады. Егер компьютер жергілікті желіден ажыратылған болса, онда оны қызмет көрсетуші персонал қосып береді.
Дербес жұмыс істейтін компьютерді қосудың рет-тәртібі өте қарапайым:
1. Модем, дыбыс колонкасы, принтер, сканер және т.б. аса кажетті сыртқы құрылгылардың электрлік қоректендіргіші ерікті рет-тәртібімен қосылады.
2. Дисплейдің электр қоректендіргіші қосылады (егер дисплейдің қоректендіргіш жеке кнопкасы болса ғана).
3. Соңғы сәттн Power кнопкасын басу арқылы компьютердің жүйелік блогын қосады.
Компьютерді ажырату (сөндіру) керісінше рет-тәртіппен жузеге асады:
1. Алдымсн Power кнопкасын басу арқылы жүйелік блогы қосылады.
2. Содан кейін дисплейдің электр қоректендіргіші сөндіріледі (егер дисплейдің қорекіендіргіш жеке кнопкасы болса ғана).
3. Ерікті рет-тәртіппен бұрын қосылып қойылған барлық сыртқы құрылғылардың электр қоректендіргіші сөндіріледі.
Әрбір үлгідегі компьютердің жеке операциялық жүйесі болады. Біріктірілгеи дербес компьютер ІВМ үшін бірнеше әр түрлі операциялық жүйелер әзірленеді: MS DOS, Windows, OS2, Unix және тағы басқалар. Операциялық жүйелердің ішінде бір жолғы пайдаланылатын әрі бір программалы MS DOS операциялық жүйесі ең қарапайым деп саналады.
MS DOS операциялық жүйесінің алғашқы нұсқасы 1981-1982 жж. әзірленген болатын. MS DOS пайда болғалы бері осы жүйенің көптеген нұсқалары мен үлгілері әзірленді. MS DOS 6.22. ең соңғы нұсқасы. MS DOS - командалық (текстік) ОЖ. Бұл мынаны білдіреді: қажетті операцияларды орындау үшін пернетақтаның көмегімен тиісті команданы теру қажет. Мұндай енгізу (ввод) қолайсыз және көптеген қателіктердің пайда болуына әкеп соғады.
Дискілік операциялық жүйенің көмегімен жұмысты қамтамасыз ету үшін операциялық қоршам деп аталатын графикалық қондырма жасалды. Қоршамдар тәуелсіз программа болып табылмайды, олар тек операциялық ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
Алгоритм және алгоритмдеу ұғымдары
Алгоритм және алгоритмдеу түсініктері
Алгоритмдеу және бағдарламалау
Алгоритмдеу негіздері
Алгоритмдеу негіздері және бағдарламалау
Паскаль тілінде алгоритмдеу
Мектепте алгоритмдеу және Паскаль тілін оқыту әдістемесі
Алгоритм түрлері және программалау
Алгоритмдеу және багдарламалау негіздері пәні бойынша электронды оқулық
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь