XІХ ғасырдың әдебиеттің ерекшелігі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Билет 1

  1. XIX ғасырдың Iжартысындағы әдебиеттің ерекшелігі

XIX ғ асырдың I жартысында қазақ әдебиетінде екі идеялық ағым қалыптасты. Еңбекші бұқара мүддесін көздеген және ірі ақсүйектер мүдделерін жақтаушылар.

Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туды. 20 жасынан Жəңгір ханның ұлы Зұлқарнайынмен бірге 1824-1829 жылдары Орынборда тұрды. 1829 жылы шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет Калмыков түрмесінде отырды. Ақын өз шығармаларында үстем таптың озбырлығын айыптады. Ол поручик Аитовқа Есет батырдың қолына түскен орыс солдаттарын азат етуіне көмектескен. Махамбеттің өлеңдері 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісінің себептерін, мақсаттарын айқындайды. Ол шығармаларында езілген еңбекшілер өмірін, билеуші таптың озбырлығын суреттейді. 1846 жылы 20 қазанда Баймағамбет сұлтанның жендеттерінен қаза тапты.

Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) - Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туды. 1836-1838 жылдардағы Кіші Ордадағы көтеріліске қатысты. Шернияздың əдебиет саласына қосқан жаңалығы - суырып салма өнерді жетілдіруі. Өлеңдерінде феодалдардың оғаш мінездерін əжуалап, əшкереледі.

Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895) - Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып өскен. Жастай екі көзінен айрылып, ақындық өнері күн көрудің негізі болды. Шөже - ірі эпик ақын, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырының ең көркем нұсқасы оның айтуымен тараған. Шоқан Уəлиханов Шөженің суырып салма өнерін жоғары бағалады.

Сүйінбай Аронұлы (1822-1895 ) - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаракəстек ауылында дүниеге келді. Тілге жүйрік Сүйінбай 14-15 жастан ақындық өнерге машықтана бастады. Оның өлеңдерінде өмір шындығы, еңбекшілердің ой-арманы айқын сезіледі. Сүйінбай - Жетісу ақындарының алтын діңгегі атанып, Жамбылдың ұстазы болған.

19 ғасырдың музыкалық мəдениетінде елеулі із қалдырған көтеріліс - 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. Әр түрлі музыкалық аспаптардың ішінде халық арасына кең тарағаны - домбыра. Өнерімен халыққа жағымды болғандарға сал, сері деген құрметті атақтар қосылып айтылатын болған. Ауқатты қазақтар айбалта, жебесі мен қорамсағы бар садақ ұстады. Белгілі әскербасылар мен батырлардың сауыты, қалқаны, қылышы, металмен ұшталған найзасы болды. Қазақ жасақтарының ішінде мылтық ұстайтындары да кездесетін. Мылтықты негізінен Орта Азия саудагерлерінен малға немесе шикізатқа айырбасқа алатын.

Қазақтың киіз үйлері өлкеге келген орыс және шетел жиhангездерін таң қалдырды. Ал орманды өңірде алты қырлы ағаш құрылыстар мен орыс қонысы типтес бір бөлмелі үйлер кеңінен тарады. Хан, сұлтандар ортасынан шыққан дәулетті ақсүйектер кептірілген бөренеден бірнеше бөлмелі үйлер салдырған. Ресейге қосылу барысында көшпелі өмірден отырықшылыққа ойыса бастауының әсері қазақтардың тұрғын-жайларынан көрінген.

2. Қасым шығармашылығы - қазақ поэзиясының асылдарының бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастыққа сезініп, өз өлеңдерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомарттық сезімді терең көрсетті. Оның батыл ойлы, сыршыл поэзиясының бұрынғысынша әсерлі де тартымды болып келе жатқаны да сондықтан. "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау "Абдоллаға беріл, кінәнді кешеміз" деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады. Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В. Григорьев: "Жау қоршауында жалғыз калып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады", - деп жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі. Поэма аз сөзбен берілген соғыстың сұрапыл суретінен басталады. Олардан жиіркеніп жиырылған жер, жауға тамшы татырмай, суын алып қашқан өзендер, жауды бетке ұрып сабалаған жел, дұшпан аяғына бастырғысы келмей, аспанға ұшқан тастар - барлығы да жаудың зұлымдығын көрсетіп, оған деген кекті, ызаны өршітер суреттер. Орман етегінде сатыр-сұтыр жаланған от та жаудың жауыздығын бейнелейді. Қоршаудағы солдат кеудесіне сол оттан кек ұшқыны түскендей әсер қалдырады. Ол Отан жерінде зұлымдық отын жағып отырған жауларына кектенеді. Бұл - кейіпкер тағдырының драмалық шиеленіске толы кезі. Үйге бекінген жалғыз адамды ала алмаған жау өрт қояды. Отан алдындағы антына адал солдат жау қолына түскеннен ерлік өлімді артық санайды.

Бұл - екінің бірі айта алмайтын жыр, екінің бірі көрсете алмайтын сурет. Өртеніп, жалынға айналып барып, күрт құлаған Абдолла бейнесінен иілмейтін, шарт сынатын қайсар мінез танылады. Ол әсер жауын мазақтап, өлім қойнына өлеңдете кіреді. Ақын кейіпкерін өрт ұстаған Прометейге ұқсата отырып, оның өлімін романтикалық аңызға айналдырады. Оқиға да, адам сезімі де қысталаң шақтағы қозғалысқа негізделіп, оның бойындағы рухтың әр күшін өткір бейнелейді. Ақтық минуттағы соңғы сөзін батыр Отанына, еліне арнайды. Бұл - трагедиялық ақын өлімінің өзінде де үлкен өмір сүйгіштік күш барын танытады. Соғыстың қызып тұрған кезінде жазылған (1943) бұл поэма сол кездің өзінде-ақ, жұртшылық назарын бірден өзіне аударды. Ол жөнінде алғашқы пікір айтқан Ғабит Мүсірепов: "Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезімімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегін тербей шыққан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты", - деп жазды.

3. Қазақтың тілі мен ділі, ұлттық рух жолында аянбай қызмет еткен қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов ұлтжандылықтың тамаша үлгісін, ұлы болмыстың өнегесін іс жүзінде дәлелдеген ақын. Ол 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. Ақын 1969 жылы Шымкент пединститутын бітірді. Мұхтар Шаханов 1961-1965 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, 1965-1970 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің оңтүстік облыстарындағы тілшісі болып қызмет атқарды. Болашақ ақынның алғашқы өлеңі «Сырдария» (1959) деп аталады. 1966 жылы Мұхтар Шахановтың тұңғыш өлеңдер жинағы «Бақыт» деген атпен жарық көрді. 1970-1971 жылдары ақын Шымкент облыстық комсомол комитетінде сектор меңгерушісі, 1971-1976 жылдары ҚР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитеттің аға, бас редакторы, ал 1976-1979 жылдары ҚР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы қызметін атқарды. 1974 жылы Мұхтар Шахановтың «Қырандар төбеге қонбайды», 1979 жылы «Ғашықтық» атты жинақтары жарыққа шықты. Ақын 1984-1993 жылдары «Жалын» альманағының бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1986 жылдан бастап) қызметтерін атқарды. Осы жылдары ақынның «Махаббатты қорғау» (1982) және «Ғасырларды безбендеу» (1988) атты өлеңдер, балладалар мен поэмалар жинақтары басылды.

Мұхтар Шаханов өлеңдерінің әрбір жолы жігеріңді жанып, рухыңды асқақтатады. Ақынның өлеңдерінде күрескерлік сарынмен бірге, адамзат өмірінің ағысын білдіретін, табиғаттың даму заңдылықтарын бейнелейтін, ойшыл өлеңдері бар. Ақын өмірдің басты тұтқасы - адам, адамға жақсылық жасауы деп түсінеді. Сол себепті «елімнің ағасындай» жақсылар жарық дүниеге ізгілік үшін келуі тиіс деп түсінеді. Шындықты, ақиқатты тануға шақыратын ақынның «Танакөз» поэмасы шынайы достық, адал махаббат, қайырымдылықты дәріптесе, «Сейхундария» Сырдария туралы көне аңыздардың желісіне құрылған, «Нарынқұм трагедиясы» күрескер ақын Махамбеттің ерлікке толы өміріне арналған. Оның өлеңдерінде адам сезімі жалаң суреттелмейді, қоғамдық-әлеуметтік мәселелермен қосақтаса, қабаттаса бейнеленеді. Бұған дәлел ­- «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі» атты поэмасы Отырар тағдырын суреттейді.

Ақын қазақ халқының болашағы үшін жаны ауырып, қанатымен су сепкен қарлығаш секілді игілікті іс тындыруға, еліне жақсылық жасауға ұмтылған. Ақынның адамгершілік нысанасы болған осы идеяны жүзеге асыру бағытындағы шығармасы - «Танакөз» поэмасы. Бұл поэма қазақ жастарына, сол арқылы бүкіл қазақ ұлтына түзу бағыт сілтеді. Шынайылылықты, адалдықты дәріптеген бұл шығармасында ақын жалаң насихаттың жетегінде кетпейді. Мұхтар ақын үшін байлықтың үлкені - игі қасиеттер. Оның ұғымындағы игі қасиеттер оп-оңай қол жеткізетін нәрсе емес. Адамгершілігі мол кемел адам болу үшін ең алдымен адамға тән бірқатар игі қасиеттерді бойыңа жинақтай білуің шарт. «Танакөз» поэмасы осы ретте көпшілікке ғибратты бағыт сілтейді. Және де осы қасиеттердің әрқайсысының адам өміріндегі мән-маңызын түсіндіреді. Бойдағы ынсаптың адамды асып тасудан сақтайтынын, рақым, ар мен намыс адам жанының айнасы болатынын, ұяттың өлімнен де күштілігін, сабырдың түбінде сары алтындай шыдамдылық жататынын әдемі жеткізе біледі. Егер осылардың бәрі бір адамның бойынан табылар болса, ол адамның жеңбейтін қиындығы болмақ емес. Тұтастай алғанда, Мұхтар Шаханов реализмінің негізгі белгілерінің бірі - шындықты ашық жырлау болды. Оның шығармалары келер ұрпақтың да рухани азығы, өнеге көзі бола алатын мәнді туындылар. Ақынның әр өлең шумақтарында өз өмірінің іздері айқын көрінеді, заман бейнесі, уақыт тынысы көркем өрнектеледі. Өршіл рух, намысшыл мінез, патриоттық сезім, ұлттық болмыс атой салады. Әр өлеңінде тарихи деталь, көңіл сыры, шабыт екпіні жарқырай көрініс табады.

Билет 2

1. Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріyде туып, 1871 жылы дүние салған. Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.

Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой-өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.

Дулат өте шыншыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай бетке айтатын батыл ақын болған.

Әйгілі Барақ төреге көптің алдында: "жегенге ток, ішсең мас, өз елін жаудай талаған" деп бетіне басуға нағыз жүрек жұтқан ер болу керек шығар.

Жалғыз Барақ төре емес, Кеңесбай, Сүлеймен сияқты сұлтандар мен Ешен сияқты өзін әулие көрсетіп, бірақ дін жолын теріс жүргізетін молдаға, т. б. айтқандарында жаңағылардан асырмаса, кем түсірмейді.

Дулат туындылары Қазан төңкерісіне дейін халық арасына кең тараған.

Кеңес кезінде де ара-тұра әр түрлі жинақтарда жарияланып жүрді. Алайда шығармалары түгелге жуық қамтылған көлемді басылымы - белгілі ғалым, марқұм Қ. Әмірәлиевтің құрастыруымен және көлемді зерттеу мақаласымен қоса, 1991 жылы "Замана сазы (өлеңдер мен Дастандар) " деген атпен "Жазушы" баспасынан шыққан жинағы.

Дулат шығармашылығы еліміз егемендік алғаннан бергі жерде оқу бағдарламаларына енгізіліп, мектеп пен жоғары оқу орындарында кеңінен оқып-үйретіле бастады. 2002 жылы республикалық деңгейде атап өтілген туғанына 200 жыл толу мерейтойы қарсаңында ақын шығармашылығын жаңаша зерттеп, тану, кітаптарын шығару жөнінен бірталай жұмыстар істелді.

Шығармашылығы

Дулаттың өлең-толғауларының мазмұны мен тақырыптың ауқымы өте кең және алуан түрлі. Бір өлең немесе толғауда айтылатын ойлар мен идеялар көп жағдайда, басқа өлең-толғаулардағы ойсезімдермен үндесіп жатады.

Сондықтан ақын туындыларын жеке тақырыптар аясында қарастыруда шарттылық басым. Мұны ұлы жырау шығармашылығын оқып-үйрену барысында ескеріп отырған жөн.

"Еспенбет" поэмасы

Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді. Шығарма, міне, осы аңсардан, яғни ақынның күллі шығармашылығына ортақ елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеядан туған. Хан-сұлтандар халқынан бөлініп, жатқа жағынған, батырлары "қазан бұзар үй тентекке айналған" заманда ер мен елдің бірлігі идеясын халықтың көкейіне жеткізіп, еңсесін тіктемек болған. Сол мақсатпен айбынды бейнелері халық жадынан өшпеген Ер Қосай, Қабанбай, Ақтамберді батырлар заманындағы қазақтардын, қалмақтарға қарсы бір шайқасын өзек етіп алып, батырлық дастан тудырған. "Еспенбет" поэмасы батырлар жырының үлгісінде жазылғанымен, онда, қиял-ғажайып оқиғалар, тылсым күштер, нанымсыз әсірелеулер атымен жоқ. Бас қаһарман Еспенбет те, оның Ақберте аты да, қалмақ, қазақ батырлары да - бәр-бәрі өмір шындығы аясында алынып, суреттеледі. Еспенбет қандай да бір, артықшылығымен ел көзіне түспеген, қарапайым ғана кісінің баласы. Міне, осы Еспенбет жас күнінде әке-шешеден бірдей жетім қалып, нағашысы Ер Қосайдың (тарихта болған адам, батыр) қолында, уақ елінде өседі. Қосай жиенді бөтен санамайтын қазақ салты бойынша да, "Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен" де оған жетімдік көрсетпей өсіреді. Ер жеткенде таңдап жүріп қалыңдық айттырып, басына үй тұрғызып бермек ойда жүреді. Еспенбет он төрт жасқа келгенде "Ер - туған жеріне, ит - тойған жеріне" дегенді есіне алып, алыстағы ата жұртына кеткісі келеді. Нағашы атасынан еліне қайтуға рұқсат батасын сұрайды. Осы арада мына бір жайтқа назар аударған жөн. Еті тірі, сезімі сергек, талапты жасөспірімнің желі басында үйездеп тұрған енесінің белінен секіріп ойнап жүрген Ақбөрте құлынға қызығуында нышан бар. Құрбыларынан ойлы, намысы күшті, арманы биік Еспенбетті осы бір туысы бөлек құлын ерлік арманға жетелейді: өскенде Ақбөртені ат қып мініп, қару асынып, жау қайтаруды армандайды. Ер Қосай Еспенбеттің тілегін қабыл алып, қалауын сұрайды. Салт бойынша басына үй, алдына мал салып, қалыңдық әперіп қайтарайын дейді. Көпті көрген батырдың көрегендігі шығар, әйтеуір, "көп шөбере ішінде" Еспенбеттің "ерекше тілеп тілеуін", Құдайға жалбарынумен жүреді екен. Еспенбет нағашы атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды. Бұл да жас ұланның жаны таза, арманы биік, дүниеге қызықпайтын парасаттылығын танытады. Ер Қосайды да емірентіп, мейірін түсірген жиенінің ел баласы болғысы келген мінезі, көп құрбыларынан ерекше ізгі қасиеті болса керек. Нағашы атасы Еспенбеттің қалаған Ақбөрте тайын беріп, әрі жиенінің біліп таңдағанына сүйсінеді. Өмір шындығынан даналықпен қорытылған бұл терең ой өзінің мәнін әлі жойған жоқ, сірә, ешқашан жоя да қоймас. Шынында да, нағашы атасы болжағандай жарбиып жалғыз тай мініп келген баланы еліндегілер кездеріне ілмей, Ер Қосайдың жиенін қара басын сопайтып, тай мінгізіп Қайтарған мұнысы қалай деп, алуан түрлі әңгіме қоздатады. Бірақ, Еспенбет оның бәрін құлағына ілмей, жүре береді. Сонымен үш жыл өтіп, Ақбөрте бесті ат болады. Сол кезде Жыл бұрын қайтыс болған Сәтімкұл деген атақты бидің көп халық шақырылған асы беріліп, аламан бәйге шаптырылады. Бәйгеге қосылған Ақбөрте алдымен келіп, бас бәйгеге тігілген 100 тайлақты жеңіп алады. Бірақ, "ердің сыйы - ортаға олжа салғаны" дегендей, бұл жолы да Еспенбет бәйгеге берілген жүз тайлақтан бір тайлақ та алмай, барлық олжасын қалың сыбанның ортасына салады. Өзінен атағы бұрын шыққан Ақбөртеге қызыққандар қоралап қой, үйірлеп жылқы беріп сұраса да, Еспенбет дүниеге қызықпайды, тұлпарын сатпайды. Сөйтіп жүргенде, Қабанбай бастаған батырлар кеткен бір кекті қайтару үшін, қалмаққа қарсы аттанбақ болады. Мұны естіген Еспенбет те қару-жарақ асынып, "Ақбөртені баптайды". Ақыры "шу!" десе, артынан шаңды боратып, алдынан құйын оратып, бөкендей орғып" желдеткен Ақбөртесіне мініп, аттанған қалың қолға Еспенбет те ілеседі. Бұл тұстағы Еспенбетті ақын: "алыстан тоят іздеген ер", "сұңқар", "орынсыз сөз сөйлемес батагей қарттай сінелі", міндетін "айтқызбай-ақ біледі", "сыр бермейді сырттанысып", "бейне арыстан түлегі" деп бейнелейді. Осындағы жекпе-жекте ерекше назар аударарлық бір жай бар. Поэманың бас қаһарманы Еспенбеттің "алты жүз рет соғысқа кірген, алпыс алты айлалы", осы ұрыстың өзінде қазақтың жеті батырын мерт қылған қалмақ батырымен жекпе-жегі жойқын батырлардың, шын болат қару-жарақтардың, арыраған тұлпарлардың ғаламат шайқасы болуға тиісті еді. Оны қандай сұрапыл етіп суреттеймін десе де, Дулаттың ақындық қуаты, құдіреті жетер еді. Бірақ олай етпейді. Алып батырлардың бірін-бірі қалай өлтіргенін қызықтаудан даналық ұстамдылықпен бас тартады. Жырау үшін маңыздысы - елім деген ердің болғаны, оның жауын жеңіп, кегін қайтарғаны. Ақын өлген жауды табалап, айызы қанатын сөз айтпайды. Тіпті "жау" да демейді, "айқасқан екі ер" дейді. Мұндай терең философиялық түйіндеу шапқыншылықты емес, елінің еркіндігі мен бейбіт өмірін көксеген. Еспенбет батыр бейнесінің табиғатынан туындаған. Ақын қазақ қолы мен қалмақ қолы кездескен көріністі де кемел ойлы ұстамдылықпен, шынайы суреткерлік тұрғыдан сипаттайды. Еспенбеттің ерлігінің арқасында қазақ жағы жауып талқандап жеңіп, кегін қайтарады, мол олжа түсіреді. Ел мүддесі мен намысын ойлаған ер Еспенбет бұл жолы да тоқпейіл әдетінен таймайды, еңбек сіңіріп тұрса да, көл-көсір олжадан ештеңе алмайды. Ақын халыққа қамқор, елге тірек болам деген нағыз ер осы Еспенбеттей болу керек деп, оның батырлығын, ақыл-парасатын, дүниеге қызықпайтын қанағатшыл, мәрттігін өзінің замандастары мен кейінгіге үлгі етеді. Поэма сындарлы құрылымы, суреттігімен ерекшеленеді. Оқиғаның желісі жинақы, мазмұны тартымды. Ұлы жырау талай-талай татымды ойларды, мазмұнды үлкен шеберлікпен туындының өн бойына еріп жіберген. Туған ел, өскен жерден алыста жүрген намысты жастық асқақ арманы мен тәтті қиялын ақын мейлінше дәл берген. Еспенбет поэмада тек алып күштің иесі ғана емес, сонымен бірге адал, ақ жүрек, кішіпейіл, көпшіл адам болып көрінеді. Еліне қайту, ерлікке әзірлену, батырға лайық ат таңдау елдің кегін қайтару, сый-сияпат, олжаны алу-алмау сияқты: елеулі шешімдерді өз бетімен қабылдайды. Көп арасында қоян жүрек қорқақ, ездерің де болатынын ақын жасырмайды. Батырлар ұран сала жауға ұмтылып, майдандасып жатқанда, өздердің тығылар жер таппай, қарадай шошып, үрейі ұшқандарын мысқылдайды. "Еспенбет" поэмасында ұлттық психология, салт-сана, тәрбие-өнеге үрдістері молынан көрінеді. Поэма көлемі шағын болғанымен, мазмұны бай, бөтен сөз, бөгде шумақтардан таза жинақылығымен де ерекшеленеді. Елге қорған тұлғаны аңсаудан туған "Еспенбет" поэмасы - XIX ғасыр әдебиетінде елеулі орын алатын көркем туынды.

2. XX ғасырда қазақ халқының талай қиындыққа ұшырағаны белгілі, ұлттың беделді және маңдайалды тұлғалары осы тарихи-әлуметтік өзгерістерден тыс тұра алмады. Бұл қатарда қазақ әдебиетінің тарихына ең алдымен жаңа заманның жыршысы ретінде енген, тынысы, өрісі кең қаламгер Сәбит Мұқановты ерекше атауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Syn`sy` дәстүріне арналған костюмнің дизайн жобасы
Е. Бекмаханов – тарихшы, ғалым
Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы
ХІХ ғасырдағы қазақтардың шаруашылығындағы өзгерістер
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Түркі тілдес халықтардың ғұламалары
Кіші жүз қазақтарының егіншілік және саудасының дамуы
Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы
Қазақ зиялыларының еркіндік идеясын жалғастыруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz