Алтын орданың рухани мәдениетінің тарихы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

Джусупов Қанат Мұратұлы

АЛТЫН ОРДАНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

5В011400 «Тарих»

Қостанай 2016ж

Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

Қорғауға жіберілді «___»2015г.

Қолы т. ғ. к. Наурызбаева Э. К

(кафедра меңгерушісі)

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

АЛТЫН ОРДАНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХЫ

5В011400 «Тарих»

Орындаған: Джусупов Қ. М.

Ғылыми жетекші: т. ғ. к., Наурызбаева Э. К.

Костанай 2016

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

I . алтын ордадағы тіл, әдебиет және ғылым дамуы

1. 1. Тіл мен жазудың таралуы . . . 10

1. 2. Алтын Орда әдебиеті . . . 18

1. 3. Ғылымы . . . 28

II. Алтын орда дәУіріндегі діннің таралуы

2. 1. Исламның таралу тарихы . . . 39

2. 2. Басқада Діни конфессиялар . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66

ҚОСЫМШАЛАР . . .

КІРІСПЕ

Шыңғыс хан ұрпағының орнатқан Алтын Орда полиэтникалық мемлекет еді. Осылай бола тұрса да шапқыншылар уақыт өте келе қыпшақ мәдениетіне бас иді. Қыпшақ тілі халықаралық тілге айналды. Бұл кезеңде дала өркениеті ғылым мен білімге, өнерге, рухани өмірге ғажайып үлестер қосты [1] .

XIII - XIV ғасыр - Қазақстан территориясында материалдық және рухани мәдениеттің гүлденген кезеңі болып табылады. Орталықтанған мемлекет жазба әдебиеттің, ғылымның, және дәстүрлі ауызша әдебиеттің дамуына жағдай жасап берді. Жалпы бұл кезеңде, қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің негізі қаланды. Бүгінгі таңдағы барша түркі халықтары осынау мәдениеттің мұрагерлері болып табылады [2] .

Алтын Орда тек қана қанаушылықпен, жауынгершілікпен ғана айналысатын ел секілді әсер қалдырады. Бірақ, шың мәнінде, сол кезеңде де сәулет өнеріне, ғылымға, әдебиетке көп көңіл бөлінген [3] .

Жошы ұлысы көптеген әдеби ескерткіштерді мұра ретінде қалдырған. Бірақ, бұл ескерткіштердің көбі Алтын Орданың астанасы Сарай - Берке және Сарай - Бату, Сарайшық, Хажи - тархан қалаларының қиратылуы мен өртелуі нәтижесінде жойылған болатын. Бірақ сақталған деректердің өзі де Алтын Орданың мәдениетінің, әдебиетінің және өнерінің жоғары деңгейде болғанына көз жеткізіп отыр [4] .

Алтын орда дәуірі - өз кезінде Алтын Орда мемлекетінің құрамына енген түркі тілдес тайпалар мен халықтардың, соның ішінде қазақ халқының да әдебиет, мәдениетінің қалыптасу және дамуындағы аса маңызды белестердің бірі болғанын көреміз. Бұл тарихи, мәдени мұралар Алтын Орда ыдыраған кезде одан бөлінген халықтардың мәдениет қорына қосылды [5] .

Алтын Орданың гүлденген кезеңінде жергілікті халықтардың жан - жақты дамуы байқалды. Ол тек саяси үстемділік емес, сонымен бірге мәдениетті, әдебиетті, фольклорды, музыканы, өнерді де қамтыды. Сол себепті де XIII - XIV ғасырларда Еуразия халықтарының тарихы мен мәдениетінің дамуына аса зор ықпал еткен Жошы ұлысының тарихын зерттеу мәселесі ғалымдардың назарын өзіне ерте аударты.

Алтын Орда мемлекетінің Еуропа мен Азия халықтарының тарихи дамуына тигізген әсері мен ықпалы обьективті түрде әділ бағалау мәселесі әлі де күрделі және дисскусиялық бағыттардың бірі болып табылады. Сөзсіз, ортағасырдағы мұндай ірі еуразиялық мемлекеттің тарихы әлем зерттеушілерінің назарын өзіне ерте қаратты. XVIII ғасырдың басында Батыс Еуропада XVIII ғасырдың аяғынан бастап Ресейде бастауын алған зерттеулердің нәтижесінде қазірге дейін мәселенің өзіндік ауқымды тарихнамасы қалыптасты. Алайда, Жошы ұрпақтарының мемлекетінің тарихына қатысты кешенді түрде толық қарастырылмаған мәселелер бүгінгі күннің өзінде баршылық, солардың бірі - Алтын орда мәдениетінің тарихнамасы [6] .

Жоғары да атап өткеніміздей, Алтын Орда тарихын зерттеуге әлем тарихшыларының назары ерте ауды. Алтын Орда тарихнамасына ресей тарихшылары, сонымен қоса шетел тарихшылары және өзіміздің отандық тарихышылар қалам тартқан болатын. Алтын Орда тарихы қаншалықты жақсы зерттелгенімен, оның кейбір тұстары әлі де болса кешенді түрде зерттеуді қажет етіп отыр. Нақтырақ айтатын болсақ, ол Алтын Орданың мәдениет саласы. Бүгінгі таңда Алтын Орданың мәдениетіне зейін қойып, оны талқыға салып, зерттегендер қатары саусақпен санарлықтай ғана. Ал, оның рухани мәдениетінің тарихын зерттеумен айналысатындар, тіптен жоқтың қасы. Алтын Орда тарихы мәселесінде рухани мәдениет саласы әлі де түпкілікті зерттелмеген, беті ашық мәселе болып табылады. Бұл тақырып алдағы уақытта кешенді түрде зерттеуді қажет етіп отыр. Сол себепті де бұл тақырып өзекті болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Алтын Орда рухани мәдениетінің тарихын кешенді түрде зерттеу. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:

- Алтын Ордада тіл мен жазудың таралуын қарастыру.

- Алтын Орда әдебиетін талдау.

- Алтын Орда ғылымын зерттеу.

- Алтын Ордада исламның таралу тарихымен танысу.

- Алтын Ордадағы басқа діни конфессияларға шолу жасау.

Зерттелу деңгейі: Алтын Орданың рухани мәдениетінің тарихы бойынша арнайы зерттеу жұмысы жүргізілмеген. Дегенмен оның кейбір тұстары Қазақстан тарихы мен оның тарихнамасына арналған тарихи мәселелерді қарастыратын біршама еңбектерде, сонымен қоса ресей тарихнамасы мен шетел тарихнамсында көрініс тапқан.

Ресей зерттеушілері бастапқы кезеңнен-ақ, моңғолдарды бөгденің жерін басып алушы басқыншы, варварлар ретінде көрсетуді көздеді. Алтын Орданың саясатының кереғар жағын (татар-моңғол езгісі) ғана көрсетуге тырысты. Мұндай пікірлер бастапқы кезеңдегі орыстың белгілі тарихшылары В. Н. Татищев, М. М. Щербатов, П. И. Рычков, А. Н. Голицын еңбектерінде көрініс тапты. Бірақ орыс зерттеушілерінің келесі бір тобы «татар-моңғол езгісінің» зардаптарын сипаттай отырып, Ресей мемлекеттілігінің қалыптасуына Алтын Орда сыртқы саясатының оң әсері болғанын мойындады. Бұл көзқарасты қалыптастырушы орыс тарихының атасы атанған Н. М. Карамзин болды. Оның пікірі М. П. Погодин, Д. И. Иловайский еңбектерінде жалғасын тапты. Олардың пікірінше, моңғол шапқыншылығынан кейінгі Алтын Орда билігі дәуірінде Русь жерінде княздардың өзара алауыздықтары, талас-тартыстары тоқтатылып, ұлы князьдің билігі күшейді және мемлекеттіліктің негізі осы кезеңде жасалды деген тұжырымдамалық қорытынды жасады. Бұл жөнінде Н. М. Карамзин былайша атап өткен еді: «Әрине, Батудың шапқыншылығы нәтижесіндегі талқандау, қирату, кіріптарлық, құлдық мұның барлығы сол кезеңдегі жылнамалар арқылы белгілі болғандай ұлы алапаттардың бірі болғаны рас; алайда оның игілікті салдары да болғаны күмән тудырмайды. (Егер Русь моңғол билігін мойындамаған жағдайда - А. Н. ), княздар арасындағы талас-тартыстар жүз жылға дейін созылғанда: оның соңы қалайша аяқталатыны белгісіз еді. Шамасы, біздің отанымыз құрып кетуі мүмкін бе еді: Литва, Польша, Венгрия мен Швецияның қай-қайсысы болса да Ресейді бөлшектеп, біржолата тұралатып тастаудан тайынбайтын еді; онда біз Мәскеуге бірігу арқылы сақтап қалған мемлекеттік болмысымыз бен сенімімізден жоғалтатын едік; Мәскеу өзінің айбындылығы үшін хандар алдында борышкер» [7] .

Әсіресе белгілі ғалымдар Б. Греков пен А. Якубовскийдің Золотая Орда (Очерк истории Улуса Джучи в период сложении и рассвета в XIII - XIV вв. ) ізденістері өте нәтижелі болды. Алтын Орда тарихын зерттеуге бірнеше еңбек жазған авторлар, бұл еңбекте де маңызды мәселелерді қарастырған. Әсіресе Алтын Орданың рухани мәдениеті жайында аса құнды деректер кездеседі. Алтын орданың әдебиет мен дін саласы толыққанды зерттелген. Сонымен қоса Алтын орданың тілі мен ғылымы жайында деректер қатары кездеседі [8] .

Кеңестік тарихнамада Алтын Орда тарихына қатысты мәселелерді жүйелі түрде қарастырған Б. Д. Греков пен А. Ю. Якубовский ғылыми деңгейі жоғары зерттеу еңбегін 1937 жылы жарыққа шығарды. Бұл ғылыми еңбектің авторлары, бір жағынан, Алтын Орда саясатының басқыншылық, қиратушылық рөлін көрсетсе, екінші жағынан орыс жылнамалары мен шығыс деректері арқылы Алтын Орда державасының саясатын объективті түрде, оның позитивті жақтарын көрсетуге тырысқан. Бұл сол кезеңдегі қалыптасқан саяси жағдайға байланысты авторлардың тәуекелге барып жасаған ерлігі ретінде бағалауға болады [9] .

Алтын Орданың қоғамдық - саяси құрылымының тарихын арнайы зерттеген Федоров - Давыдов Ұлық ұлыс империясының қоғамдық - саяси құрылымына арнаған еңбегі бүгінге дейін құндылығын жойған жоқ. Федоров - Давыдов Кочевники Восточной Европы под властью золото ордынских ханов деген еңбегінде Алтын Орданың дің және діңи төзімділік саясатын ұстанғаны жайында мәліметтер кездеседі. Әрбір ел басқарған хандарға тоқталып, олардың ұстанған саясатын жазған [10] .

Алтын Орданы зерттеуде өз үлесін қосқандардың бірі Греков И. Б. және оның Восточная Европа и Упадок Золотой Орды (на рубеже XIV - XV вв. ) атты еңбегі. Бұл еңбекте Алтын Орданың рухани мәдениеті жайлы аса құнды мәліметтер бар. Дін мәселесі өте жақсы қарастырылған. Көптеген орыс тарихшылары сияқты, Греков те діни төзімділік саясатын жақсы зерттеп жазған [11] .

Орыс тарихшыларының ішінде Юдин В. П. Алтын Орда мемлекетінің мәселесін толық зерртеумен айналысқан тарихшы болып табылады. Оның Алтын Орда тарихына қатысыты бірнеше еңбектері бар. Өзінің Центральная Азия в XIV - XVIII веках глазами востоковеда атты еңбегінде Алтын Орданың рухани мәдениетіне де біршама тоқталып өткен. В. П. Юдиннің Алтын Орда тарихы жайлы қалдырған деректері әлі күнге өз құндылығын жойған жоқ [12] .

Осы зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты мәселелер Ресейлік тарихнамада да көрініс тапқан. Мәселен, Алтын Орданың рухани мәдениетіне қатысты деректер Кульпиннің Э. С. Золотая Орда: Проблемы генезиса российского государство атты еңбегінде жақсы баяндалған. Бұл еңбекте Алтын Ордадағы тараған басқа діни конфессиялар жайында мәліметтер кездестіруге болады. Алтын Ордада мемлекеттік дін христиан діні болған жағдайда, елдің дамуы қандай бағытта болуы мүмкіндігін баяндаған, бұл жерде автор өзінің жеке көзқарасын жазады [13] .

Алтын Орда тарихына ден қойып, қызығушылықпен зерттеген орыс тарихшыларының бірі Пачекаев Р. Ю. Оның Цари Ордынские. Биография ханов и правитлей. Золотой Орды еңбегі бүгінгі таңда бағалы еңбек болып табылады. Бұл еңбекте Алтын Орда хандарының дің төңірегінде ұстанған саясаттары жайында материалдар жазылған [14] .

Орыс тарихшысы Пачекаев Р. Ю. қолынан туындаған Алтын Орда жайлы тағы бір дерегі Право Золотой Орды атты еңбегі. Бұл еңбекте де Алтын Орданың рухани өмірінен сыр шертетін деректер баршылық [15] .

Алтын Орда тарихына қалам тартқан орыс тарихшыларының бірі Еникеев Г. Р. және оның Великая Орда: друзья, враги, наследники. (Московско - татарская коаляция: XIV - XVII вв. ) . еңбегін атап көрсетуге болады. Бұл еңбекте Алтын Орда жік - жікке бөлініп зерттелген. Соның ішінде Алтын Орданың рухани мәдениеті жайында да құнды деректерде кездестіруге болады [16] .

Алтын Орда тарихына орыс тарихшыларымен қатар қазақ ғалымдары да қалам тартқан болатын.

Алтын Орда жайлы еңбек жазғандардың қатарына Данияров К. Жатқызуға болады. Оның Альтернативная история Улыса Жошы - Золотой Орды еңбегін өз жұмысымды жазу барысында пайдаландым. Бұл еңбекте де рухани мәдениетке қатысы бар деректер келтірілген [17] .

Сұлтанов Т. И. Алтын Орда. Еуразия даласындағы Шыңғысхан ұрпақтарының мемлекеті атты еңбегің осы сөздеріміздің басты дәлелі ретінде келтіруімізге болады. Бұл еңбекте Алтын Орданың рухани мәдениеті жақсы қарастырылған [18] .

А. Күзембайұлы Е. А. Әбіл История Казахстана: Учебник для вузов. Еңбегінде атап өтуге болады. Бұл еңбекте Алтын Ордаға арнайы тарау бөлінген. XIII - XV ғасырдағы рухани мәдениет толық қарастырылған. Бұл еңбекте Алтын орданың тілі мен жазуы, әдебиеті мен ғылымы, сонымен қоса Алтын Орданы діні зерделеп жазылған [19] .

Жұмысты жазу барысында септігі тиген еңбектердің бірі Бегалиннің Қ. Алтын Орда хандары - еңбегі. Бұл еңбекте автор дін мәселесіне де көңіл аударған. Берке, Өзбек хандар тұсындағы исламның таралу тарихы егжей - тегжейлі зерттелген [20] .

Шетел тарихнамасынан Харан - Даванды атап өтуге болады. Моңғол тарихына соның ішінде, нақты Алтын Орда мемлекеті тарихына қалам тарқандардың бірі Харан - Даван Э. Оның Русь монгольская: Чингиз - хан и монголосер еңбегі осы тақырыпқа арнайы жазылған. Бұл еңбекте жалпы Алтын Орда тарихы баяндалады [21] .

Деректемелік негізі: Алтын Орда рухани мәдениетінің тарихы тақырыбында нақты жазылған әдебиет жоқтын қасы. Бірақ Алтын Орда дәуіріндегі Қазақстан жері жайлы мәліметтер Мәдени Мұра бағдарламасы бойынша моңғол, түркі, араб, парсы, қытай деректері бойынша жазылған деректерде көрініс табады. Сонымен қоса, дипломдық жұмысты жазу барысында тақырыбымызға байланысты ғылыми зерттеулер, мерзімдік баспасөздегі мақалалар және электонды ресурстарды пайдаландым.

-Дерек ретінде пайдаланған еңбектердің бірі Муин - ад - дин Натанзидің Аноним Искендера атты еңбегі. Автор өзі еңбегінде Алтын Орда ханы Өзбекті тілге тиек етеді. Өзбек ханды өте әділ басшы ретінде суреттеп көрсетеді. Діни төзімділік саясатын ұстанған елде, мұсылмандықтың таралуына зор үлес қосқан хан ретінде көрсетіледі. Өзбек ханның ұлы Жәнібек жайлы да сөз қозғалады. Ол әкесінің саясатын одан әрмен жалғастырып, Алтын Орда халқын ислам дініне қаратады [22] .

-Аса бағалы дерек көзі болған еңбектердің бірі Истрория Казахстана В западных источниках XII - XX в. в. Том IV. Еңбегі. Батыс деректемелерінде негізі қозғалатын дін мәселесі болса, бұл еңбекте де дін мәселесі жақсы зерттелген [23] .

- Алтын Орда тарихының бай мұрасының қатарына моңғол деректерінен біз Моңғолдың құпия шежіресі еңбегін жатқыза аламыз. Бұл еңбекте де маңызы зор деректер қатары сақталған [24] .

- Парсы деректерінің қатарына «Тарих-и джахангуша» еңбегін, және парсы деректерінің тағыда бірі - «Джами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») еңбектерін жатқызуымызға болады. Авторы белгілі парсы тарихшысы және саяси қайраткері Рашид ад-Дин Фазлаллах ибн Имад ад-Даула Абу-л-Хайр Хамадани (1247-1318жж) еңбектеріде парсы деретерінің негізін құрайды [25] .

- Сол уақыттағы орта Азиядағы тарихи оқиғалар арасында ерекше көзге түсетіні діни көзқарас мәселесі. Біз бұл діни мәселелерге қатысты деректерді негізінен араб деректерінен таба аламыз. ХІІ-ХV ғасырлардағы Қазақстан тарихындағы деректердің ішінде ерекше орын алатын деректердің бірі осы - араб тіліндегі жазба деректер. Бір жағынан - Қазақстан аумағында болып жатқан тарихи құбыластарды суреттейді. Бірақ бұл құбылыстарды суреттеу ертерек көрші Мәуренахр жерінде бастау алған. Екінші жағынан - Мемлекеттерде болып жатқан діни құбылыстарға толық сипаттама беріліп отырған. Бұл діни ескерткіштердің көбі діни уағыздаушылардың қолынан туындап отырған [26] .

- Алтын Орда тарихы мен дінінен мол ақпарат беретін түркі деректерінінің қатарына Өтеміс Қажының «Шыңғыс-наме» еңбегін жатқызуға болады. Бұл «Шыңғыс-наме» еңбегі Алтын Орда мен Қазақстан тарихы бойынша әлі де болса зерттеушілердің назарынан тыс қалып келе жатқан шығармаларыдың біріне болып отыр. Мұны, тегі, бұл шығарманың көшірмесінің көп тарамауымен байланысты түсіндірушілер қатары бар. Қазіргі таңда оның бір ғана көшірмесі бар екені аңықталған [27] .

- Тек қана Алтын Орда мемлекетінің тарихына ғана емес, сонымен қоса бүкіл әлем тарихын зерттеуге зор үлес қосатын деректер қатарына біз қытай деректерін жатқызуымызға болады. Қытай да жазылған деректердің ішінен маған диплом жұмысын жазу барысында көмек ретінде, моңғол шапқыншылығы дәуіріне жататын деректер кездесті. Бұл дәуірге қатысты мына төрт еңбекті кіргізуге болады: Ли Чжичанның (XIII ғ. ) «Чанчунь Чжэньжэнь си ю цзи» («Чанчунь Чжэньжэньнің батысқа саяхат естеліктері») атты сапарнамасы; Елюй Чуцайдың (XIII ғ. ) «Си ю лу» («Батысқа саяхат естеліктері») атты сапарнамасы; Лю Юйдің (XIII ғ. ) «Си ши цзи» («Батысқа елшілік сапарынан естеліктер») атты саяхат естелігі; Лю Цидің (XIII ғ. ) «Бэй ши цзи» («Солтүстікке елшілік сапар естелігі») атты саяхат естелігі. Оның ішінде Алтын Орда тарихына қатысты («Чанчунь Чжэньжэньнің батысқа саяхат естеліктері» [28] .

-М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көретін Әдеби жәдігерлер сериясы бойынша жиырма томдық басылымды дайныдап, жариялау жұмысын жалғастыруда. Аталған басылымның басты мақсаты - халықтың ежелгі заманнан бергі жазба мұралары мен әдеби жәдігерлерін сол күйінде өзіне қайтару, түркі халықтарына ортақ ежелгі және орта ғасыр әдеби ескерткіштер мен XV - XIX ғасырлардағы ақындар шығармаларын неғұрлым толық жариялау. Оқырманға ұсынылып отырған Әдеби жәдігерлер сериясының 11 - томы ортағасырлық түркі мәдениеті тарихының аса құнды жәдігері - Тәзкире - и Бұғра хан (Сұлтан Сатұқ Бура хан хазының шежіресі) шығармасы мен көрнекті түркі ақыны Хорезмидің Мұхаббат - наме поэмасына арналған [29] .

-Оқырмандарға ұсынылып отырған Әдеби жәдігерлер сериясының 9 - томына XIV ғасырдағы түркі поэзиясының көрнекті өкілі Сайф Сарайидің Гүлстан би - т - түрки (түрікше Гүлстан) шығармасы еніп отыр. Алтын Орда мемлекеті дәуірлеген тұста жазылған Гүлстан би - т - түрки шығармасы - парсы - тәжік әдебиетінің классигі Сағдидің Гүлстан дастанының еркін аудармасы. 1391 жылы іске асырылған аударманың қолжазбасы Лейден университетінің кітапханасында (Голландия) сақтаулы [30] .

Диплом жұмысының методологиялық негізі мен зерттеу әдістері. Біздің дипломдық жұмысты жазу барысында тарихи зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолданылатын әдістерді қолданған болатынбыз. Біздің тақырыбымыз дәуірлеу мәселесіне қатысты болғандықтан, зерттеу барысында масштабты әдістер қолданысқа кірді. Белгілі уақыт шеңберіндегі тарихи үдерісті зерттегендіктен дихронды әдісті қолдандық. Зерттеу барысында жекеден жалпығы және жалпыдан жекеге өту әдісін пайдаландым.

Диплом жұмысының сыннан өтуі және жариялылығы. Диплом жұмысының нәтижелері 2016 жылдың 26 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты қабырғасында, Тарих және өнер факультетінің базасында «Әлейхан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған» орай өткен ғылыми конференцияда апробациядан өткен болатын. Диплом жұмысының негізгі нәтижелері келешекте мектепте тарих сабағын беру барысында пайдалана аламыз. Бұл жұмыстың тағы бір жақсы тұсы болашақта мен магистратураға түспек ойым болса, бұл тақырыпты қайтадан жандандырып, тарихнамалық базасын кеңейтіп, диссертациялық жұмыс жазып шығуыма болады. Отандық тарихта Алтын орда рухани мәдениетінің тарихы мәселесін көтерген тарихшылар саусақпен саналық болғандықтан, біздің жұмысымыздың қолданысқа өтетініне сенімдіміз.

Ғылыми жаңалығы: Алтын Орданың рухани мәдениеті жайлы еңбектер бір жүйеге келтіріп, алғаш рет кешенді тұрғыда зерттелді.

Жұмыстың объектісі: Зерттеу жұмысының обьектісі Моңғол империясының құлдырауы нәтижесінде пайда болған, Алтын Орда мемлекетінің рухани мәдениетінің тарихы.

Диплом жұмысының пәні: XIII - XV ғасырлардағы Алтын Орда рухани мәдениетінің тарихын, тарихи тұрғыдан талдау.

Диплом жұмысының хронологиялық ауқымы: Негізі жұмысымыздың хронологиялық шегіне Алтын Орданың тарихи сахнада пайда болған кезі мен құлдырау кезіне дейінгі уақытты - ХIII - ХV ғасырлар аралығын алып отырмыз.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан бес бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

І. АЛТЫН ОРДАДАҒЫ ТІЛ, ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

  1. Тіл мен жазудың таралуы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын Орда әдебиеті
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
Қазақстан тарихы
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Отандық тарих ғылымныда Алтын Орда туралы іргелі зерттеулер
РЕСЕЙ ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕНІ ЗЕРТТЕУДЕГІ ҮЛЕСІ
Алтын орда дәуіріндегі әдебиеттің даму ерекшеліктері
Ежелгі Қазақстан. Қазақстан тас дәуірінде
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Ұлыс Жошы мемлекетінің құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz