Демократиялық мемлекеттің құрылыс формасы мен режим


23 . Демократиялық мемлекеттің құрылыс формасы мен режим
Демократия туралы жалпы түсінік. Демократия” - сөзі гректің “демос” - халық және “кратос” - билік деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1. Мемлекет түрі. 2. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі. 3. Қоғамдық құрылымның мұраты. Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауда, т. с. с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады. 2. Демократияның антикалық, классикалық теориялары. Тұңғыш демократиялық мемлекет б. з. д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді.
Демократияны мемлекеттік құырылым ретінде зерттегеннен кейін оның тағы бір белгілерін көресетеді:
- қоғамда көптеген қызығушылықтармен мүмкіндіктердің бар болуы;
- саяси институтқа-топтарға кепілденген жолы;
- жалпы сайлау құқығы;
- өкіметтік институттардың өкімет іс-әрекеттік бақылау;
- саяси нормаға қатысты көпшілік қоғамның келісуі;
- пайда болған шиеленістерді бейбітшілік түрінде шешу.
Демократиялық саяси режимді демократиялық тәртіпке негізделген басқару түрі деп атауға болады. Оның негізінде - адамның бостандығын, құқық кепілдігін қорғау. Демократияда өмірді реттейтін ол заң болып табылады. Мемлекет міндетті түрде құқықты болады және қоғам азаматты түрде болады. Демократиялық режим белгілері: 1. Халық мемлекеттік биліктті жүезеге асыруда тікелей өзі қатысады. 2. Шешімді азшылықтыңмүддесін есепке ала отырып көпшілік қабылдайды. 3. Билікті бөлу принцпі іске асырылады. 4. Көппартиялық 5. Қоғамдық өмірдің барлық саласында заң үстемдік етеді.
24. Демократияның тарихи формалары
Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі. Демократияның классикалық теориясы антикалық дәуірден бастау алады. Бірақ өзіндік ерекшелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны «Қоғамдық келісім» атты еңбегінде Ж. Ж. Руссо жан-жақты қарастырады. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жабылып ортақ игілік теориясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Бәрі бас қосқан сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды. Бұл тұжырымдама ХІХ ғасырға дейін басымдық етті.
25. Қазақстан қоғамын жаңалау пробллемаллары
26. Саяси партия ұғымы түрлерін түсіндіріңіз
Саяси партиялардың мәні, ерекше белгілері, типтері. Саяси партиялар қазіргі демкократиялық қоғамдардың ажырамас бөлігі болып табылады. "Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Партия сөзінің өзі латын тілінен шыққан (parth), яғни үлкен бірліктің бөлігі деген мағына береді. Қазіргі саяси партяилар қалыптасқанға дейін, партиялар терминімен бір-бірімен билік үшін күрескен топтарды айтатын еді. Саяси партиялар жөніндегі ең алғаш рет, ежелгі ойшылдар өздерінің еңбектерінде жазған болатын. Мәселен, Аристотель б. з. д. 6 ғасырдағы ежелгі Антикадағы партиялардың арасындағы күрес туралы жазған. Орта ғасыр дәуірінде уақытша өмір сүретін топтар өздерін партия деп атаған. Мәселен, орта ғасырлық Англияда Ақ пен Алқызыл раушан партиялары арасында күрес болған. Бірақ, қазіргі партиялардың протектотиптері (түпнұсқалары) тек буржуазиялық революция дәуірінде пайда бола бастады. Атап айтар болсақ, 17 ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясы кезінде, мемлекеттің шексіз қызметін шектеу үшін күрес басталғанда «вигилер» мен «торилардың» котериялары (үйірмелері) пайда болды. 17 ғасырдың екінші жартысындағы Англиядағы билік үшін «вигилер» мен «торилердің» күресі, таласқан үстем таптардың күресін көрсетті. Белгілі неміс әлеумметтанушысы және саясаттанушысы Макс Вебер өзінің еңбегінде, саяси партиялар даму жолында мынадай кезеңдерден өтті деп жазады. Олар:
ақсүйектер котериялары (үйірмелері)
саяси клубтар
бұқаралық партиялар.
Мұндай даму кезеңінің үш сатысын да, тек қана Ұлыбританияның екі партиясы ғана өтті. Олар: либералдар (виги) және консерваторлар (тори) партиялары. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында көптеген Еуропа елдерінде саяси клубтар пайда болды. Бұлар саяси күреске буржуазия түскеннен шықты. Саяси клубтар котериялардан біршама дамыған ұйымшылдығымен, кеңірек қызмет көлемімен ерекшеленді. Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Еуропаның біршама дамыған елдерінде бұқаралық саяси партиялар пайда бола бастады. Бұлар өз котерияларына көп адамдарды мүше етіп алғысы және сайлау кезеңімен ғана шектелмей, әр уақытта үлкен белсенділік танытты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды. Тұңғыш, алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады. Бұл салыстырмалы түрде толық ұйымдастырылмаған, әлсіз деңгейде болды. Олар әртүрлі топтардың мүддесін қолдаған жоқ, тек құл иеленуші таптың әртүрлі өкілдерінің қызығушылығын қанағаттандырды. Партияның өмір сүруі орта ғасырда да жалғасын тапты. Бірақ қоғамдағы деспотиялық абсолюттік саяси құрылыстың түрлері партияның белгілі рөлде ойнауына жол берген жоқ. Аристотель партия туралы айтқан, әрине бұл бүгінгі күндегі партия түсінігімен басқа саяси үйірмелер болатын. Әр түрлі саяси жүйеде адамдар өздерінің маңызды мүдделерін қорғау мақсатында ұйымдасты. Бұл ұйым-партия болды. Алғашқы кезеңінде партияға қатынас негативті болды. Қоғамның белгілі бір топтарының өз мүдделерін қорғауы сөзсіз шиеленістің қайнар көзі болды. А. Токвиль былай деген: «еркін өкіметтегі болмай қоймайтын зұлымдық ұшін партия бар». XVIII ғасырдың басында партия ұлттық мүдде үшін қызмет ете бастады. Ағылшын ойшылы Э. Берк (1729-1797) : «Ұлттық мүддені күшейтіп, салыстырмалы түрде келісімге келу мақсатында партия өзін адамдар ұйымы ретінде көрсетті» - деп атап өткен. Әртүрлі топтар арасындағы мүдделердің күрделенуі, яғни, буржуазиялық қоғамдағы қайшылықты күшейтті. Партияның пайда болуы топтар мүддесін қорғайтын индивидтер арасындағы жаңа саяси күрес түрін көрсетті.
Саяси партия мәнін түсінуде негізгі үш бағытты бөліп көрсетеді.
1 бағыт:
а) либералдық дәстүр қақтығысы негізіндегі партия, адамдар топтары.
б) ұйымның спецификалық түрі ретінде.
в) белгілі бір таптың немесе әлеуметтік топтың белсенді бөлігі және жалпы мүдделер.
г) қоғамдағы нақты проблемаларға байланысты саяси конфликтінің тууы ретінде.
Американдық социолог Липсет былай дейді: қазіргі демократиялық елдерде партияның өмір сүруі стратификация және мәдени құндылықтар факторымен байланысты. Ең алғашқысы таптық партия, ол екіншісі-діни партия. Басқа американдық автор Дженд партияны үкіметтік постта өз өкілдіктерінің иелік етуі мақсатында әрекет жасайтын ұйым деп түсіндіреді. Жеткілікті партия анықтамасы мен қызметтерін Шварценберг көрсетіп береді. Ол өзінің «Политическая социология» деген еңбегінде келесі партия белгілерін ажыратады: узақ уақыттық әрекеті; ұйымның кең масштабтылығы, билікті жүзеге асыруға ұмтылуы, халықтық қолдауы, әсіресе сайлау жолымен. Партия жалпы келісім идеясы негізінде құрылады - глобальды қоғамның басқа идеяларынан қалады. «Саяси партия - бұл жергілікті және ұлттық деңгейде болатын үзіліссіз әрекет етуші орган, көпшілікті мақсат етіп халық қолдауына ие болады».
2 бағыт: - марксистік саяси партия трактовкасы, яғни, белгілі бір таптың мүддесін қорғайтын. Осындан марксистік дәстүр партияның 2 концепциясын ажыратады. Біреуі К. Маркс пен Ф. Энгельстің тұжырымы бойынша пролетариат партиясының пайда болу ерекшелігі. К. Маркс пен Ф. Энгельс партияны пролеталиаттың әлеуметтік-саяси өмірінің формасы яғни олардың дамуының жоғары деңгейі деп есептейді. Екінші концепциясын Ленин негіздеді. Ол партияны төмендегі белгілермен байланысты пролетариат авангарды деп қарастырады:
Саяси революцияға бағдарламалық бағдар және пролетариат диктатурасын орнату;
Басқа пролетарлық ұйымдармен қатынасы бойынша партия авангардтылығы;
Революциялық теория және практика принципі;
Партияның кәсіби кадрларының бар болуы;
Партияға қажетті шарттардың қысқа анықтамалары (бағдарлама мен жарғыларға бағыну, жоғарғы органдардың шешімдерін орындау) . Саяси партияның марксистік концепциясы былай анықталады: таптың саналы және белсенді бөлігінің мүддесі және табысқа жетудегі ұмтылысы саяси мақсаты анықтайды. 3 бағыт. Мемлекет жүйесінде әрекет етуші орган ретінде партияны институциональдық түсінігі (М. Дюверже) . Партия - бұл мемлекетте ерекше құқықтық статусқа ие саяси ұйым. Партияда саяси көзқарастың жалпыланған тұтастығы, қоғамдық-саяси және мемлекеттік өмірге беленді қатысуға ұмтылу мүддесі анықталып, белгілі бір анықталған идеологиясы болады. Сонымен қатар мемлекетте биліктің жүзеге асуы мен оның тізгінің алу мақсаты мен мүддесі қоғамдық топтар және әлеуметтік қатпарлар қызығушылығымен сәйкес келуі тиіс. XVIII ғасырдың басында партия ұлттық мүдде үшін қызмет ете бастады. Ағылшын ойшылы Э. Берк (1729-1797) : «Ұлттық мүддені күшейтіп, салыстырмалы түрде келісімге келу мақсатында партия өзін адамдар ұйымы ретінде көрсетті» - деп атап өткен. Әртүрлі топтар арасындағы мүдделердің күрделенуі, яғни, буржуазиялық қоғамдағы қайшылықты күшейтті. Партияның пайда болуы топтар мүддесін қорғайтын индивидтер арасындағы жаңа саяси күрес түрін көрсетт
27. Саяси партияның функциялары
Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:А) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу; Ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау; Б) саяси теология мен саяси ілімдерді жасау; В) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б. ; Г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау; Д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу; Е) қоғамдық пікірді қалыптастыру; Ж) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу; И) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараттары үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т. т. Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту; орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады
28. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар
Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қызметі
Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени -ағарту, спорттық, қорғаныс және т. б) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:
Қоғамдық -саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.
Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.
Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы) .
Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т. б) .
Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні-кәсіподақтар.
Кәсіподақ - бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғасырдың басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.
Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай келісе қимылдау, әсресе, Ұлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән. Бұл елдерде жұмысшы табының арасында социал-демократтардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға идеологиялық және саяси жағынан әсер етеді. Кәсіподақтар қамқошы партияны күшейте түсуге және олардың үкімет басында ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жұмыс берушілермен ымыраға келіп, еңбек нарқында тыныштықты сақтауға күш салады. Мұндайды «жауапты» кәсіпорын дейді.
Үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялармен одақтасқан кәсіподақтар болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына тікелей әсер етпейді. Мемлекет тарапынан оларға да ешқандай көмек болмайды мұндай кәсіподақтарды «жауапсыз» кәсіподақтар дейді.
Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту олардың материялдық және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалайды. Шаруашылық басшыларын тағайндау мен босату мәселелері кәсіподақтармен келісіліп шешіледі.
Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді:
1. Жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуге арналған өкімет тарапынан жекелеген жеңілдіктердің болуы.
2. Үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау.
3. Кәсіподақтардың өз көзқарасын өкіметтің саясатымен сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.
2. Қоғамдық қозғалыстар туралы түсінік, белгілері, қызметі.
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады.
Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады.
Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар себеп болады. Мысалы: Жаңаөзендегі (1989 ж. ) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды.
Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы: «Азат», «Желтоқсан».
Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолыдағы алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының біріңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттық жаңарып өркендеуі, айналадағы ортаны қорғау, т. с. с. жалпыхалықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбінесе қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.
Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар:
Консервативтік.
Реформистік.
Революциялық.
Контрреволюцялық болып бөлінеді.
Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады:
1. Қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы:
2. Үгіт-насихат, әрекет ету сатысы:
3. Дамыыған жұмыс кезеңі:
4. Саяси қозғалыстың өшу сатысы.
Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі - «Халық майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық принциптердің негізінде құралады және жұмыс істейді. Онда қатаң айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамында қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар жастар және т. б. ұйымдар да кіруі мүмкін. Халық майдандарының мынадай түрлері бар:
Қоғамдағы батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халық майдандары.
Өздеріңнің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиалардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылғн халық майдандары.
Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интерноционалдық негізде қалыптасқан халық майдандары. М : 1936 жылы Францияда құрылған халық майданы фашизмнің дамуына жол бермеді, т. с. с.
29. Саяси процесс ұғымы оның мәні және негізгі сипаттамасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz