Психологиялық кеңес берудің теориясы, кезеңдері және түрлері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Есмагулова А. А.

аға оқытушы «Болашақ» Академиясы, Қарағанды қ.

студент, «Болашақ» Академиясы, Қарағанды қ.

Психологиялық кеңес - адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, ақыл-кеңес беру арқылы психологиялық көмек көрсету. Психологиялық кеңес жайлары психологиялық кеңесті ұйымдастырып жүргізетін уақытты, тәсілдерді, құралдарды және соны атқаратын орнын, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынас стилін т. б. ескере қамтиды.

Психологиялық кеңес беру - практикалық психологияның ерекше бөлімі. Ол маман психологтан кеңес түрінде немесе нұсқау жүзінде тікелей психологиялық көмекті қажет ететін адамдарға ықпал етумен байланысты.

Психологиялық кеңес беру-психологтың теориялық тұрғыда жинаған білімін, кәсіби біліктілікке ұштастыра алатын аса жауапты үдеріс болып саналады.

Психологиялық кеңестен көмек күтетіндер - әдетте өмірге қабілеттілігі нашар және жұмысына толықтай берілмеген адамдар. Психологқа көбінесе көмек сұрауға өмірінде жолы болмаған адамдар барады және де сол мәселелері оны психологқа баруға итермелейді.

Кеңес беру-мектеп психологының жұмыстарының маңызды бір түрі. Мектептегі психолог қызметінің міндеті-оқушының психикалық, тұлғалық дамуына әрекет жасау. Кеңес беру жұмысы психологтан нақты жұмыстың шеңберін және оның технологиясын беруді талап етеді.

Психологиялық кеңес беруде әлемдік тәжірибеде көптеген теориялар және әдістемелік тұжырымдар бар, олардың өздері қоғамның дамуына сай, кезең-кезеңмен туындап, дамып келе жатқан теориялар. Бұдан шығатын қорытынды әрбір қоғамымыздың өз ерекшелігіне сай психологиялық ахуалы, психолог маманының кеңес беру сипаты мен әдіс-тәсілдері де өзгеріп отырады. Психологиялық кеңес берудің келесідей негізгі кезеңдерін атап өтуге болады:

  1. Дайындық кезеңі. Бұнда психолог клиентпен жазбаша түде танысады (алдын ала жазылуы бойынша), сонымен қатар ол туралы ақпаратты басқа адамдардан да алуы бойынша. Мысалы: өтініш қабылдаған кеңесшіден, әріптестерінен т. б. адамдардан. Осы кезеңде психологтың өзі де кеңес беруді өткізуге дайындалады. Психолог кеңес берушінің бұл кезеңдегі жұмыс уақыты - 20-30 минутқа созылады.
  2. Ыңғайлану кезеңі. Бұнда психолог клиентті өзі қарсы алады, онымен танысады және бірлесіп жұмыс жасауға ыңғай білдіреді. Бұл кезең кеңес өткізуге барлығы дайын болса, 5-7 минутқа дейін созылады.
  3. Диагностикалық кезең. Бұнда психолог клиенттің мәселесін тыңдайды, оның мәселесін нақтылауға тырысады. Аталған кезеңнің негізгі мазмұнына клиенттің өзі туралы, мәселелері жайлы ақпараттары кіреді (баяндау арқылы) . Сондай-ақ бұл этапта психодиагностика өткізіледі. Ол клиенттің мәселесін нақтылау үшін жүргізіледі. Бұл кезеңге нақты уақыт тағайындау қиын, сондықтан жұмыс 4 сағаттан - 6-8 сағатқа созылуы мүмкін.
  4. Нұсқау беру кезеңі. Психолог кеңес беруші өткен этаптарда клиент жайлы жинаған ақпараттарды онымен бірлесе отырып, мәселені шешуге, практикалық нұсқауғалар жасақтайды. Бұл кезеңде барлық нұсқаулар тексеріледі, түсіндіріледі, нақтыланады. Осы кезеңге жұмсалатын уақыт - 40мин-1 сағатқа дейін.
  5. Бұнда психолог пен клиент алынған кеңестер мен нұсқаулардың қалай бақыланатыны мен бағаланғандығы жайлы келіседі. Осы жерде нұсқауды орындау барысында туындаған сұрақтарды кімнен, қашан, қайда біле алатындығы жайлы, келесі жолы қай кезде кездесетіндігі туралы да келіседі. Бұл кезең 20-30 минут аралығын қамтиды.

Психологиялық кеңес берудің келесідей негізгі түрлерін атап өтуге болады:

Психологиялық кеңес беруді әр түрлі адамдар қажет ететіндіктен және әр түрлі себептерден көмек сұрайтындығынан кеңес беруді клиенттердің жекелей ерекшеліктеріне, сонымен қатар мәселенің мазмұнына қарап, бірнеше түрлерге бөлуге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасына психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері мен әдістемесі
Психологиялық кеңес берудің негіздері, түрлері және әдістері
Психологиялық кеңес беру: түсінігі, түрлері және негізгі кезеңдері
Психологиялық кеңес беру: түрлері, міндеттері, кезеңдері мен әдістері
Психологиялық кеңес беру: теориясы, тәжірибесі және түрлері
Отбасында жеткіншектерді тәрбиелеуде ата-аналарға психологиялық кеңес берудің теориясы мен әдістемесі
Психологиялық кеңес беру: мақсаттары, кезеңдері, түрлері және этикалық қағидалары
Психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері мен әдістемелері
Психологиялық кеңес беру: мақсаттары, кезеңдері және ұйымдастырылуы
Жасөспірімдердің есірткі қолдануын болдырмаудағы психологиялық кеңес берудің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz