Баланы мектепке психологиялық-педагогикалық дайындаудың негіздерін анықтау
Кіріспе
1 Баланы мектепке психологиялық .педагогикалық тұрғыдан даярлаудың негізі
1 Баланы мектепке даярлаудың педагогикалық.психологиялық тұрғыда қарастырған ғалымдардың көзқарастары
1.2 Баланы мектепке дайындаудың педагогикалық.психологиялық маңызы
2 Баланы мектепке психологиялық.педагогикалық дайындаудың жолдары
2.1 Баланы мектепке дайындаудың кешенді диагностикасы;
2.2 Баланың зейін қабілеттліктерін жетілдіруге арналған технологиялар
Қорытынды

Курстық жұмыстың өзектілігі: мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау
Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді
Баланы мектепте педагогикалық-психологиялық тұрғыдан даярлауды. Кравцова Е.Е., Мухина В.С., 3. Овчарова, Рогов Е.И., Чейпи Дж. сынды ғалымдар зерттеген.
Баланы мектепте педогогикалық-психологиялық тұрғыдан дайындаудың көкейкесті мәселелерін зерттеген қазақстандық ғалымдар да жеткілікті: Б.Баймұратова, Р.В. Овчарова, Қ. Сейсенбаев, А. Айғабылов, Б.Дабылова, Л.Ермекбаева .

1 Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.- М.:ТЦ Сфера, 2002.-12с.
2 Сейсенбаев Қ. Баланы мектепке психологиялық тұрғыдан даярлау. - Алматы,2014.-120 б.
3 Баймұратова Б. Баланы мектепке даярлау. - Алматы, 2013.-45 б.
4 Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. - М.,1991.-45 с.
5 Мухина В.С.Детская психология.- СПб., 1992.-114 с.
6 Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании.- М., 1995.-19 с.
7 Чейпи Дж. Готовность к школе: Как родители могут подготовить детей успешному обучению в школе / Пер.с англ. – М.: Педагогика –Пресс, 1992.-145 с.
8 Айғабылов А. Баланы оқуға даярлау. - Алматы, 2011-85 б.
9 Дабылова Б. 6-7 жасар баланы мектепке даярлаудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері. - Алматы, 2012.-75 б.
10 Педагогические воззрения А. С. Макаренко.М. П.Павлова,Трудрезервиздат, Москва, 1956 г.-19 с.
11 Галагузова Ю.Н., Сорвачева Г.В., Штинова Г.Н. Социальная педагогика: Практика глазами преподавателей и студентов[текст]: Пособие для студ/ Ю.Н. Галагузова, Г.В. Сорвачева, Г.Н. Штинова. – М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2001. – 224 с.
12 Берон, Р., Бирн, Д., Джонсон, Б. Социальная психология: ключевые идеи [текст]: учебник / Р. Берон, Д. Бирн, Б. Джонсон. – Спб.: Питер, 2003. – 512 с.
13 Мардахаев, Л.В. Социальная педагогика [текст]: учебник / Л.В. Мардахаев. – М.: Гардарики, 2005. – 269 с.
14 А.В. Социальная педагогика [текст]: Учеб. для студ. пед. вузов / под ред. В.А. Сластенина. – 3-е изд., испр. и доп. – М.: Издательский центр «Академия», 2000. – 200 с.
15 Мудрик, А.В. Социализация человека [текст]: учебн. пособ. для студ. Высш. Уч. Завед./ А.В. Мудрик. – 2-е изд. испр. и доп. – М.: издательский центр «Академия», 2006. – 304 с.
16 Социальная педагогика: Курс лекций: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений / Под общ. ред. М.А. Галагузовой. – М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2001. – 416 с.
17 Социальная педагогика: проблемы и перспективы: Межвуз. сб. науч. тр./ Калинингр. ун-т. 2000 г., 24 статьи
18 21.Столяр А.А. Как математика ум в порядок приходит. – Минск: Вышэйшая школа,1991.
19Фридман Л.М. Психолого–педагогические основы обучения математике в школе:
– М.: Просвещение, 1983.
20 Фридман Л.М. Турецкий Е.Н. Как научиться решать задачи: – М.: Просвещение,1989.

Курстық жұмыстың мақсаты: баланы мектепке психологиялық-педагогикалық дайындаудың негіздерін анықтау.
Курстық жұмытың міндеті: баланы мектепке психологиялық-педагогикалық дайындаудың негіздерін анықтап, ұсыныстар беру.
Курстық жұмытың объектісі: мектеп оқушылары;
Курстық жұмытың пәні-мектеп оқушыларының оқу процесіндегі әрекеттері;
Курстық жұмытың әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерді талдау, модельдеу, контент-талдау, оқушылардың іс-әрекеттерін бақылау.
Жалпы, курстық зерттеу жұмысы 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер. Негізгі бөлімде: Баланы мектепке психологиялық педагогикалық тұрғыдан даярлау; Баланы мектепке даярлаудың психологиялық педагогикалық дайындық мониторингі; Баланың мектепке педагогикалық-психологиялық даярлығын критериалды бағалауға арналған технологияларсұрақтары қарастырылған.
1 Баланы мектепке психологиялық -педагогикалық тұрғыдан даярлаудың негізі
1 Баланы мектепке даярлаудың педагогикалық-психологиялық тұрғыда қарастырған ғалымдардың көзқарастары
Қазіргі өткізіліп жатқан мектепті жетілдіру реформаларына байланысты орта мектеп 12 жылдық болып анықталуда. Балаларды мектепте оқытуға даярлау - білім беру жүйесінде кызмет атқаратын педагогтардың және психологтардың міндеттерінің бірі. Орта мектеп 12-жылдыққа көшуімен байланысты 5-6 жастағы балалармен жүргізілетін жұмыстың мазмұны тереңдетіліп, бағдарламасы көптеген өзгеріске ұшырады. Осыған байланысты мектепке қабылданған балалар мектепке даярлық тобында бастауыш сыныптар бағдарламаларын меңгеруге дайындықтан өткізу ұйымдастырылуда. Ол топтардың балалары бастауыш мектепте оқытатын білім мазмұнын толық меңгеруге даярлықтан өткізу жұмысы тиімді болуының ең сенімді жолы балаларды психодиагностикалық зерттеуден өткізіп, оқытуға даярлығы төмен балалармен арнайы дамыту жұмысын жүргізу. Осы психологиялық проблемаларды тиімді шешу үшін мектепалды тобында педагог-психологтың қызметі аса қажет.
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.
Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
Балаларды мектепте оқытуға даярлығын зерттеу негізінде олардың отбасындағы және мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде алған тәжірибесімен тікелей байланысты екендігін ескере отырып, олардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру жолдарын анықтаған. Балалар іс-әрекетінің психологиялық құрылымының дамуы әр жас кезеңінде әр түрлі жолменен жүреді. Қандай да іс-әрекет бір қатар элементтерді қамтиды. Олардың бәрі бірге іс-әрекетінің құрылымын сипаттайды. Осы іс-әрекет не үшін жасалынып отырғанын білдіретін көрсеткіштер - іс-әрекет мотивтері, іс-әрекетті орындау нәтижесінде алынуға тиіс деп есептелетін мақсаты, осы нәтижеде жетуге қажетті операциялар мен тәсілдері, өзгеруі тиісті нәтижеге әкелетін материал-объектіні құрайды. Мысалы, мектепке даярлық тобындағы балалар балабақшадағы кіші топтағы балаларға сыйлау үшін шырша ойыншықтарын жасайды. Бұл іс- әрекеттің мотиві әр балада әр түрлі болуы мүмкін. Біреулері сәбилерді қуанту үшін жасаса, екіншілері үлкендердің талабын орындау үшін жасайды, ал үшіншілерінде ойыншықтарды даярлау процесінің өзі қанағаттану сезімін туғызады. Мақсат - шырша үшін ойыншықтар жасау. Объект -ойыншық жасайтын материал. Операциялар - қажетті өнім алу үшін орындалуға тиісті нақтылы іс-әрекеттер (қағазды кесу бояу, желімдеу т.б).
Бұл іс-әрекетте балалар өздерін түрліше көрсетеді. Біреулері қандай ойыншықтар жасайтынын (мақсатын ) алдын ала анықтап алады да, соған сай материал жинап, қажетті операцияларды жасай отырып, көздеген нәтижелеріне жетеді. Екіншілері мақсатты ұмытып, машина жасауға, үй тұрғызуға кірісе бастайды. Балалардың біразы, негізінен, қолдарында бар немесе бұрын пайдаланып көрген материалға бағдар алады.
Бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп шығаруға болады:
1) оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;
2)игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;
3) жеке адамның жалпы қасиеттерінің (бағыттылығы, іс-әрекет, сана және ойлаудың психологиялық құрылымы) дамуы.
Балалар-еліміздің болашағы.Қоғамымыздың өрлеп дамуы өсіп келе жатқан жеткіншектеріміздің ой-санасына,рухани адамгершілік тәрбие бере білуімізге байланысты.
Балаларды мектепке дайындау білім беру жүйесіндегі педагогика ғылымы мен практикасындағы келелі мәселелердің бірі. Баланы мектепке дайындау-біртұтас құрылым. Бұл кезең ата-аналарға, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне жауапты міндеттерді жүктейді. Мектепке бару-бала өміріндегі маңызды кезең. Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік,психологиялық жағынан және физологиялық жағынан да қиын кезең.
Сондықтан,мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен денсаулығы,физикалық дамуы, сана- сезімі, физиологиялық, әлеуметтік және психологиялық дайындығы, жеке тұлғалық жағдайын қалыптастыру қажет.
А.В.Запорожец мектепке баланың дайындығын былай сипаттаған: Баланың жеке ерекшеліктерінің біртұтас жүйе ретінде қалыптасуын көздеген. Оның мотивациялық ерекшеліктері,таным қабілеттерінің даму деңгейі,ерік-жігер механизмінің қалыптасу деңгейінің өзара байланысы Яғни,баланы жан-жақты психологиялық тұрғыдан дайындау болып табылады [1].
Баланың мектепке психологиялық дайындығын психодиагностикалық жұмыстар арқылы анықтайды.
Баланың таным процессі-зейін,қабылдау.ойлау,ес,қи ял,қабілетерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл мектепке дейінгі баланың білімі мен біліктілігі. Кез келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қоймау керек, сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістігі болмау керек және өз ойын жеткізе алуы қажет.
Баланы мектепке даярлауда сөйлеу тілін дамытудың, қол және көру мүшелерінің қозғалысының,оқыту үрдісіндегі зор рөл атқаратын интеллектуалдық дағдыларының маңызы ерекше. Бала сұрақтарға жауап қайтарып, ортамен өз танымын бөлісе алуы керек.
И. Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:
1 бағыт -- балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
2 бағыт - мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;
3 бағыт -- оқу әрекеттерінің алғы шарттары;
4 бағыт -- баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі
Демек, баланы мектепке психологиялық жағынан даярлау тақырыбын зерттеп жүрген психологтар (В.В. Холмовский, Л.А. Венгер, Н.И. Непомнящая т.б.) даярлықтың төменгі бағыттарын бөліп көрсетті:
Баланың мектепте табысқа жетуінде бұл бағыттар аса маңызды болғандықтан, әрбір бағыт жайлы ақпаратпен қамтамасыз етуді жөн көрдім.
Ақыл-ойының даярлығы.
Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді,талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс. Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде,заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады.
Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп,өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала өзбетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды, суреттерді, әрекетттерді бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет.
Яғни, баланың сөздік қорының мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі, логикалық операцияларды орындай алуы, баланың оқуда білімді табысты меңгеруінің негізі болып табылады.
Биологиялық кемелденуі.
Мектептегі оқу әрекеті -- бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Оқушы мектептің талаптарын орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға дағдылануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұндай өзгерістерге бірден бейімделе алмайды. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т.б.) нормадағы 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру ,есту, моторикасының дамуы және жүйке жүесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.
Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы.
Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.
Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп, балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады.
Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы.
Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі, қиындықтарды жеңуі баланың психологиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан келе нашар оқитын балалар және екінші жылға қалып қоятын балалар пайда болады. Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің болмай, себепсізден жиі ауыруы мектеп неврозы сипатында көрінеді, яғни мектепті еске алса болғаны жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін стрессогендік факторға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады.
Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің Дені сау балалардың қорқынышы атты еңбегінде Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар үнемі мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба? деген қорқынышпен жүреді, -- дейді.
1.2 Баланы мектепке дайындаудың педагогикалық-психологиялық маңызы
Баланы мектепке дайындау төрт бағытта жүргізіледі:
1. Мектепте оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдылардың қалыптасуы;
2. Мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;
3. Оқу әрекеттерінің алғы шарттары;
4. Баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі[2];
Кез-келген ата-ана баласының өсіп жетілуін,жан-жақты тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып,оның рухани және ақыл-ойы мен дене құрылысы жағынан даму дәрежесіне жеткізуге баулиды. Мұғалім баланы мектепке дайындауда баланы ата-анасымен бірлесе отырып жүргізеді. Оларға іс-әрекеттің мазмұны өзгерген кезде баланың мінез-құлқы да ішкі психикалық өмірі де өзгеретінін және осы кезде баласына аса қажет екендігі түсіндірілуі керек.
Баланың мектепке дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың,тәрбиешінің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Мектепке баланың психологиялық даярлығы ақыл-ойының дамуын қажет етеді. Балабақшаның түлегі оқу ісінің мынадай белгілерін меңгерген жөн: үлкендердің нұсқауын бұлжытпай орындау мен тыңғылықты тыңдай білу қабілеті[3];
Балаларды мектепте оқытуға даярлығын зерттеу негізінде олардың отбасындағы және мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде алған тәжірибесімен тікелей байланысты екендігін ескере отырып, олардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру жолдарын анықтаған. Балалар іс-әрекетінің психологиялық құрылымының дамуы әр жас кезеңінде әр түрлі жолменен жүреді. Қандай да іс-әрекет бір қатар элементтерді қамтиды. Олардың бәрі бірге іс-әрекетінің құрылымын сипаттайды. Осы іс-әрекет не үшін жасалынып отырғанын білдіретін көрсеткіштер - іс-әрекет мотивтері, іс-әрекетті орындау нәтижесінде алынуға тиіс деп есептелетін мақсаты, осы нәтижеде жетуге қажетті операциялар мен тәсілдері, өзгеруі тиісті нәтижеге әкелетін материал-объектіні құрайды. Мысалы, мектепке даярлық тобындағы балалар балабақшадағы кіші топтағы балаларға сыйлау үшін шырша ойыншықтарын жасайды. Бұл іс- әрекеттің мотиві әр балада әр түрлі болуы мүмкін. Біреулері сәбилерді қуанту үшін жасаса, екіншілері үлкендердің талабын орындау үшін жасайды, ал үшіншілерінде ойыншықтарды даярлау процесінің өзі қанағаттану сезімін туғызады. Мақсат - шырша үшін ойыншықтар жасау. Объект -ойыншық жасайтын материал. Операциялар - қажетті өнім алу үшін орындалуға тиісті нақтылы іс-әрекеттер (қағазды кесу бояу, желімдеу т.б)[4].

Дамудың көрсетілген бағыттарының әрқайсысы өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталып, ақиқат түрде барлығы өзара байланыста болады да, тек барлығы қосылғанда ғана психикалық даму деп аталынатын жеке адамның өзгеріс процесін құрайды.
Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді іс-әрекет әдістері күрделенуден тұрады. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер, ең алдымен кеңес психологтары, оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді. Көптеген зерттеулерде (Л.А.Венгер, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) оқыту мазмұнына арнайы құралдарды (сенсорлық дамудағы форма, түс эталондары, математиканы оқытудағы түрлі үлгілер мен схемалар өлшемі) енгізу ақыл-ой дамуының мүлдем өзгермейтін және абсолюттік деп есептелген сатыларында принципті өзгеріс туғызатынын көрсететін деректер алынды. Мысалы, Швейцария психологы Ж.Пиаже өзі жүргізетін зерттеулер негізінде жеті-сегіз жасқа дейінгі балалар есеп амалдарын толық мағынасында қолдана алмайды деді. Ж.Пиаже сипаттаған санның сақталынбауы деген феномен көпке мәлім. Оны мынадай тәжірибеден көруге болады. Біркелкі екі ыдысқа тең мөлшерде су құяды. Одан кейін бала бір ыдыстағы судың басқа жіңішке биік ыдысқа ауыстырылып құйылғанын көреді. Судың көтерілу деңгейіне қарай болжамдап бала су көбейді дейді. Алайда кеңес педагогтарының зерттеулері көрсеткендей, өлшем амалдарын пайдалануды үйреткен жағдайда мұндай феномен бес жасар балалар арасында да болмайды екен[5].
Мектепке психологиялық даярлық, оны қай қырынан алсақ та, баланың бұған дейінгі бүкіл психикалық дамуының қорытындысы, отбасы мен балабақшадағы тәрбие мен үйретудің бүкіл жүйесінің жемісі екенін оңай көруге болады. Нәтижелі оқытуға қажетті сапалар бірден пайда болмайды. Олар баланың өмірге келген сәтінен бастап біртіндеп қалыптасады. Бұл сапаларды қалыптастыру үшін ойын, сурет салу, конструкциялау т.б. сияқты іс-әрекет түрлерінің маңызы болатынын атап керсеткен жөн. Өйткені тап соларда алғашқы рет мінез-құлықтың қоғамдық мотивтері пайда болып, мотив сатылары қаланады; қабылдау мен ойлау әрекеттері қалыптасып, жетіледі, балалар арасындағы өзара қарым-қатынас дамиды. Әрине ол өздігінен жүзеге аспай, өскелең ұрпаққа қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін беріп, тиісті білімдерді жеткізіп, дағдыларды үйрететін үлкендердің балалар іс-әрекетіне үнемі басшылық жасауы кезінде болады. Оқу әрекеті саласындағы қарапайым іскерліктер, таным процестеріндегі тиісті дәрежедегі өнімділік сияқты кейбір сапалар мектеп жасына дейінгі баланы сабақ үстінде жүйелі оқыту процесінде ғана қалыптасады[6].
Мектепке дейінгі жас кезеңіндегілерді оқуға даярлау үшін кішкентайларды үйретудің психологиялық негіздерін жан-жақты талдап, оның ерекшеліктерін көрсетудің маңызы ерекше. П.Я.Гальпериннің оқыту концепциясына сүйене отырып, мектепке дейінгілердің таным процестерінің қалыптасу заңдылықтарын анықтадық. Зерттеу нәтижесінде мектепке даярлықтың көрсеткіштері және нормативтері туралы ортақ пікір әлі қалыптаспағанын анықтадық. Осы проблеманы зерттеушілер А.Анастази, Йирасек-Керн, Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, М.С.Зак, Р.В.Овчарова т.б. көптеген ғалымдар мектепке даярлық көрсеткіштерін үш топқа бөліп топтастырған[7].
Олар:
а) жеке тұлғалық даярлық - баланың оқуға қызығушылығының анық байқалатындығы, танымдық белсенділігінің қалыптасқандығы, танымдық кажеттілігінің қанағаттанусыздығы, коммуникативтік және жалпы қабілетінің көрініс беруі, қарым-қатынасқа икемділігі, тілалғыш және ерікпен өзін басқаратындығы;
б) таным процестерін дамытуға даярлығы - қабылдауы мазмұнды, таңдамалы, нақты болуы, еске сақтау процестерінің анық көрініс бергендігі, қиялы бай және дамыған болуы, ойлауының көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық түрлерінің орын алуы, тілі бай, сөзді өз мінез-құлқын және таным процестерін басқаруға пайдаланатындығы;
в) мотивациялық даярлығы -- оқуда табысты болу мотивациясының жетекші болуы[8].
Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада МЕН дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үдерістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек.

Бүгінгі күнде мектептегі оқуға дайындық ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.
Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.
Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.
Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында қарым-қатынас негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.
Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады,қоршаған дүниенің заңдылықтарын,заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz