Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары мен құралдарын анықтау



Кіріспе
1 Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми.теориялық негіздері
1.1 Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық және психологиялық тұрғыдан қарастырған ғалымдардың көзқарастары
1.2 Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
2 Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
2.1 Мектепке дейінгі тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары мен құралдары
2.2 Қазақ халқының ауыз әдебиетінің негізінде жастардың экологиялық мәдениеттін қалыптастырудың тиімділігі
Қорытынды:
Адамзат өркениетінің қазіргі даму кезеңі адамзат қоғамының өткендегі тарихында күн тәртібінен түспеген проблемаларының бірқатар кешенімен айқындалатын адамдардың өмірі мен кәсіптік іс-әрекетінің жаңа стратегиясын талап етеді. Экологиялық жағдайдың төмендеп кетуінің негізгі себебі-тұлғада экологиялық мәдениеттің қалыптаспауы, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен құрметтің болмауы.
Қазіргі ғылымда экологиялық білімнің мазмұны мен әдістері туралы теориялық білімдердің маңызды қоры жинақталған. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының экологиялық негіздерін В.Вернадский, А.Швейцер, Н.Н.Моисеев және т.б. қарастырған. Экологиялық апатты болдырмау жолдары мен өркениеттің тұрақты даму моделі Рим Клубының өкілдері А.Печчеи, Э.Янг, Д.Медоуз, И.Рендерс, Ш.В.Беренс және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде негізделген.
Адамның қоршаған ортамен байланысы И.Д.Зверевтің, А.Н.Захлебныйдың, И.Т.Суравегинаның және т.б. зерттеулерінде көрініс тапса, М.Верзилин, В.Г.Иоганзен, Н.А.Рыков, Я.И.Габев және тағы басқалары табиғатты табиғи фактор ретінде қарастырған.
Экологиялық білім проблемасын мәдениеттану тұрғысынан Э.В.Гирусов, В.И.Шинкарук, Ж.Тлепов және тағы басқа ғалымдар зерттеген.
Экологиялық мәдениет пен оның қалыптасу процесі Д.А.Урсул, Е.В.Никанорова, Ж.Тастанбекова және тағы басқа зерттеулерінде әдіснамалық тұрғыдан негізделсе, тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасу жолдары Г.А.Вахромова, Г.А.Иванов, И.П.Сафронов, С.В.Алексеев, А.В.Миронов, С.К.Сериков, Р.О.Лособеридзе және т.б. ғалымдардың еңбектерінде практикалық тұрғыдан шешімін тапқан.
1 Қоянбаев.Р.М. «Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеулердің әдістері». Алматы. 2007. -136 б.
2 Жарықбаев Қ. Қалиев Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы. 1995. -95 б.
3 Өлеуқызы Э.. Оқу-жобалық іс-әрекеттер процесінде болашақ маманның
экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Алматы. 2006. -240 б.
4 Жамин В.А. «Экономика образования» 1969. -240 с.
5 Құрсабаев М.Қ. Бастауыш сынып оқушыларына этноэкологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары. Көкшетау-Омбы. 2005. 158 б.
6 Лихачев, Б. Т. Педагогика. Юрайт, 2001. -607 с.
7 Нисимчук А.С. «Экономические образование школьников» -М.1991.
-290 с.
8 Сайлауова Н. Балабақшада мектепалды топ балаларының бастапқы
экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру.Алматы-2001. -310 б.
9 Мүсілімов Ә. Оқущыларды еңбекке тәрбиелеуде экономикалық білім
берудің маңызы. Алматы. 2003. -400 б.
10 Қалдыбаев Ә. Экономикалық білім қажеттіліктері. Қазақстан мектебі. 2009. -140 б.
11 Жанбөбекова М. «Экономикалық тәрбиенің педагогикалық негізі». Қазақстан мектебі. 2001. -240 б.
12 Тұрлыханова М. «Экономикалық тәрбие – күрделі құбылыс». Қазақстан мектебі. 2012. -230 б.
13 Нығманова Б. «Қазақстан Республикасы тәрбиесінің кешенді бағдарламасы». Бала тәрбиесі. 2008. -160 б.
14 Саудабаева Г.С. Экономическое воспитание учащихся в современных условиях. Материалы научно-практ. Конференции. Алматы. 2003. -140 с.
15 Алмағамбетов Қ. «Оқушыларға экономикалық тәрбие беру бүгінгі заман талабы». Педагогика мәселелері. Алматы. 2008. 360 б.
16 Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Астана. 2008. -260 б.
17 Сарыбеков Н.К. Педагогические основы подготовки учащихся к охране природы в системе общего среднего образования. Тараз. 1994. -156 с.
18 Манкеш А.Е. Бүлдіршіндерге экологиялық тәрбие беру. Алматы РБК. 1998. 136 б.
19 Бейсенова Ә. Самақова А. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы. «Ғылым». 2004. 325 б.
20 5 Жексембаев Ж.Р. Мектептен тыс ұйымдарда қазақ ауыз екі
шығармашылығы арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру. «Нұрлы бейне» баспасы,ҚО Шымкент-2007.
Құрсабаев М.Қ. Бастауыш сынып оқушыларына этноэкологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары. Көкшетау-Омбы. 2005. 158 б.

Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Адамзат өркениетінің қазіргі даму кезеңі адамзат қоғамының өткендегі тарихында күн тәртібінен түспеген проблемаларының бірқатар кешенімен айқындалатын адамдардың өмірі мен кәсіптік іс-әрекетінің жаңа стратегиясын талап етеді. Экологиялық жағдайдың төмендеп кетуінің негізгі себебі-тұлғада экологиялық мәдениеттің қалыптаспауы, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен құрметтің болмауы.
Қазіргі ғылымда экологиялық білімнің мазмұны мен әдістері туралы теориялық білімдердің маңызды қоры жинақталған. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының экологиялық негіздерін В.Вернадский, А.Швейцер, Н.Н.Моисеев және т.б. қарастырған. Экологиялық апатты болдырмау жолдары мен өркениеттің тұрақты даму моделі Рим Клубының өкілдері А.Печчеи, Э.Янг, Д.Медоуз, И.Рендерс, Ш.В.Беренс және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде негізделген.
Адамның қоршаған ортамен байланысы И.Д.Зверевтің, А.Н.Захлебныйдың, И.Т.Суравегинаның және т.б. зерттеулерінде көрініс тапса, М.Верзилин, В.Г.Иоганзен, Н.А.Рыков, Я.И.Габев және тағы басқалары табиғатты табиғи фактор ретінде қарастырған.
Экологиялық білім проблемасын мәдениеттану тұрғысынан Э.В.Гирусов, В.И.Шинкарук, Ж.Тлепов және тағы басқа ғалымдар зерттеген.
Экологиялық мәдениет пен оның қалыптасу процесі Д.А.Урсул, Е.В.Никанорова, Ж.Тастанбекова және тағы басқа зерттеулерінде әдіснамалық тұрғыдан негізделсе, тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасу жолдары Г.А.Вахромова, Г.А.Иванов, И.П.Сафронов, С.В.Алексеев, А.В.Миронов, С.К.Сериков, Р.О.Лособеридзе және т.б. ғалымдардың еңбектерінде практикалық тұрғыдан шешімін тапқан.
Экологиялық білімді жүзеге асырудағы белсенді әдістердің мүмкіндіктері де бірқатар еңбектерде З.В.Малыхина, О.И.Ткачева, А.В.Уткин, Л.А.Коханова, С.В.Балдина, Л.Б.Симағанова, А.И.Клюкина, В.А.Безуевская, В.П.Каленская зерттеген.
Экологиялық даярлық мәселесі де ғалымдар назарынан тыс қаламаған, оның қолданбағы бағытының қажеттілігі С.Е.Петров, В.В.Сериков, Т.В.Кучер және т.б. еңбектерінде негізделеді.
Экологиялық білімнің аймақтық компонентін жүзеге асыру жолдары қарастырылған еңбектер де (Н.С.Карташова, Н.В.Скалон, М.К.Жайлауова, О.А.Иванова, О.В.Попова, Л.В.Моисеева, Н.Д.Кисилева, Р.С.Гайсина, Е.Е.Письменная, Н.В.Гусакова және т.б.) де баршылық. Ғалымдар жергілікті қауымдастықта экологиялық білім кеңістігін қалыптастырудағы негізгі рөльді аймақтың университет атқаратындығын көрсетеді.
Экологиялық білімнің көкейкесті мәселелерін зерттеген қазақстандық ғалымдар да (Н.Сарыбеков, А.Бейсенова, В.Фурсов, Ж.Бұлұмбаев, К.Сарманова, А.Саипов, М.Сарыбеков, Г.Длимбетов, Ж.Жатқанбаев, Н.А.Бекенова, Ж.Чилдебаев, Ш.Ш.Хамзина, С.Т.Шалғынбаев, Г.Мұқышева, Ж.Балтағұлова, А.Кушенов, Ө.Өміралиев Ш.Т.Таубаева, Г.Қ.Нұрғалиев, Қ.Б.Тлебаева, А.С.Боранбаев, А.А.Жолдасбеков, И.Я.Редковец, Н.А.Чуйкова, Г.Қ.Айтжанова және т.б. ғалымдардың еңбектерінен көрініс тапқан [1].
Курстық жұмыстың мақсаты: тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары мен құралдарын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- тұлғаның экологиялық мәдениеті ұғымының мәнін тұлғаның бойына
қалыптастыру;
- экологиялық мәдениетін қалыптастыру туралы әдістемелік
нұсқаулықты жасау;
- қазақ халқының әдеби мұрасы негізінде жастардың экологиялық
мәдениетін қалыптастыру жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың объектісі: бастауыш сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері.
Курстық жұмыстың пәні-аймақтық материалдарды бастауыш сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттерінің тұлғалық экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы оқу жобалық іс-әрекеттің мүмкіндіктері.
Курстық жұмыстың әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерді талдау, модельдеу, контент-талдау, студенттердің іс-әрекеттерін бақылау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері

1.1 Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық және психологиялық тұрғыдан қарастырған ғалымдардың көзқарастары

Мәдениет жалпыға ортақ ұғымда адамзаттың рухани және материалдық және рухани еңбек өнімділігінде , әлеуметтік нормалар және мекемелер жүйесіндегі, рухани құндылықтардағы, адамдардың табиғатпен, өзара және өзімен қарым-қатынастарындағы көрініс алған тіршілік әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың өзіндік әрекеті ретінде сипатталады.
Мәдениет жалпыға ортақ әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам мен адамның өмір сүру салты болыпта анықтала алады. Осы тұрғыдан мәдениет адамзат өмірінің ең маңызды компоненті мен оның даму деңгейінің көрсеткіші болып саналады. Дәстүрлі тұрғыда мәдениет табиғат құбылыстарына қарама-қарсы қойылып, салыстыру негізінде анықталған. Дейтұрғанмен, қоғамның дамуы процесінде мәдениет пен табиғат құбылыстарының өзара кірігуі мен өзара байланыстылығы күшейе түседі (Э.В.Гирусов).
В.М.Межуев айтқандай: Мәдениет табиғаттың адам үшін маңызды екендігін жоққа шығармайды, керісінше адамның табиғатпен байланысының ерекше формасы. Мәдениет-ең алдымен адамдардың тарихи даму барысында және оның белгілі бір белесінде көрініс тауып отыратын табиғатқа деген қарым-қатынасы,- десек, оның сан түрлі қызмет атқаратындығын байқаймыз Мәдениет теориясын зерттеушілер мәдениеттің қоршаған ортаны, дүниені меңгеру және жаңарту, коммуникативтік, ақпараттарды жинау және сақтау, нормативтік және тыйым салу (Э.В.Соколов), адаптивтік (Э.С.Маркарян), әлеуметтік тәжірибені жеткізуші (Г.В.Грач) сияқты функцияларды ажыратып көрсетеді. Жалпы айтқанда, мәдениет ұғымын адамның ұстамды бола білуі және табиғатқа деген қарым-қатынасын шектей алатын шама-шарқы ретінде тануымызға болады .
Э.С.Маркарянның пайымдауынша: мәдениет табиғаттың адам үшін мәнділігін жоймайды, оған деген қарым-қатынасын да жоққа шығармайды, керісінше адамның табиғатпен байланысының ерекше формасы болып табылады. Мәдениет-ең алдымен тарихи даму процесінде оның белгілі бір баспалдағында мейілінше айғақталатын адамның табиғатқа деген қарым-қатынасы [2].
Қазіргі таңдағы қоғамның алдында экологиялық апатқа әкеп соқтыруы мүмкін табиғатпен өзара әрекеттің қазіргі тәсілін сақтап қалу, не болмаса адам өміріне пайдасы бар биосфераны сақтап қалу мәселелері тұр. Көлемді экологиялық дағдарыстың қатерлілігі адамзат атаулының өмір сүрту шарты болып табылатын субъектінің жаңа этикасын, құндылықтарының жаңа жүйесін қалыптастыруын талап етіп отыр. Осыған орай қалыптасқан кәсіби іс-әрекеттерді экологиялық этика нормаларына сәйкес өзгерту туындайды (А.Швейцер, Н.Моисеев және т.б.).
Экологиялық мәдениет - әрбір қоғамдағы жалпы мәдениеттің ең мәнді элементтерінің бірі болып таылады, өйткені әлеуметтік іс-әрекет ұдайы қоршаған ортаның өмір сүру талаптарымен байланыста болады. Яғни, экологиялық мәдениет әлеуметтік феномен ретінде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын реттеу қажеттілігінен туындайды
Экологиялық мәдениет-табиғи ортаның тіршілікке қажетті құндылықтарын меңгеру мен сақтаудағы адамның саналы шығармашылық іс-әрекеті, қоғамдық белсенділігі мен саналылығының маңызды көрсеткіші болып табылады.
Экологиялық білімнің мақсаттары мен мәнін анықтауда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан, олардың бәріне ортақ жәйт болып экологиялық проблемаларды шешуге қатысатын жас ұрпақтың қоршаған ортаны танып білу мен оны қорғаудағы белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру табылады.
Экологиялық мәдениет адамның тіршілік әрекетінің рухани-адамгершілік саласы ретінде оның табиғатпен өзара әрекетінің ерекшелігін сипаттайды және экологиялық сана, экологиялық қарым-қатынастар мен экологиялық іс-әрекеттер элементтерінің өзара байланыс жүйесін қамтиды.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру халық педагогикасының жетекші дәстүрінен саналады. Қазақ халқының экологиялық мәдениетінің басты ерекшелігі З.Ж.Кенжалиев тұжырымдағандай: табиғат таныммен және адам танымымен етене тығыз байланыста болғандықтанда және солармен аралас-құралас, бөлімбеген түрде өмір сүретіндігінде...Көшпелілер өздерін табиғаттың тікелей жалғасы, соның төл баласы сезінеді [3].
Б.Т.Лихочевтің пайымдауынша экологиялық мәдениеттің мәні экологиялық тұрғыда дамыған сана эмоционалдық-психикалық жағдайлардың , ғылыми тұрғыда негізделген еркін қолданбалы-практикалық іс-әрекеттердің органикалық бірлігі ретінде қарастырылуы мүмкін. Экологиялық мәдениет тұлғамен, оның түрлі қыр-сырымен және қасиеттерімен, органикалық байланыста болады. Мысалға, философиялық мәдениет- адамға өзінің табиғат пен қоғамның өнімі екендігін түсінуіне, ой елегінен өткізуіне мүмкіндік береді; саяси мәдениет-табиғат жағдайы мен адамдардың шаруашылық іс-әрекеттері арасындағы экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді; құқықтық мәдениет-адамның табиғатпен өзара әрекетін заң талабына сай шектеп отырады; экстетикалық мәдениет-адамның табиғат сұлулығы мен үйлесімділігін эмоционалдық тұрғыдан қабылдауы үшін жағдайлар жасайды; дене тәрбиесі мәдениеті-адамды өзінің табиғи күш - қуатын дамытып, нығайтуға бағыттайды; адамгершілік мәдениеті-тұлғаның табиғатпен ,қоршаған ортамен және т.б. қарым-қатынастарды жанжандырады. Осы аталған барлық мәдениет түрлерінің өзара әрекеттерінен экологиялық мәдениет туындайды. Экологиялық мәдениет ұғымы арқылы қоғам-табиғат жүйесін сақтау мен дамытуға септігін тигізетін мәдениет түсініледі.
Ғалым Н.Н.Вересовтың оқу процесінде мектепалды балаларының экологиялық санасының негізін қалыптастыруды мағыналық және мәндік деңгейлері арқылы анықтаған.
Қазақ жерінде психология ғылымын зерттеуші М.Мұқанов мектепке дейінгілердің таным процесіндегі ерекшеліктерін атай отырып, мүмкіндіктеріне, шамасына қарай табиғат құбылыстары туралы білім беру қажетін былай тұжырымдайды: ...мектепке дейінгі зоология пәніндегі топтастыру айналасындай білім аламаса да, осыларды естіген әңгімелерінен не теледидардан көріп үйрене бастайды. Арнайы үйретілмесе де, бала өздігінен көрген білгені бойынша табиғи заттарды, құбылыстарды топтаптырып ой-қорытынды жасайтын болады. Қорыта айтқанда, Республикамызда қалыптасқан психологиялық ой пікірлерден, жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты, болашақ ұрпақты әдептілікке баулу арқылы экологиялық мәдениеттілікке, табиғатты қорғауға, аялауға психологиялық тұрғыдан даярлауды ұсынады.
Психолог Е.Н. Санникова, Г.А.Урунтаева мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғатты қабылдау кезінде ақыл-ойды шоғырландырудың барынша дамыған формасы танымдық, эстетикалық және этикалық құрамдас бөліктерінің біртұтастығы ретінде көрінеді. Психологиялық әдебиеттерді талдау нәтижесінде, мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ішкі механизмін зерттеуге көңіл бөлгендігіне көз жеткіздік. Соңғы жылдардағы ғылыми-зерттеу еңбектерінде экологиялық мінез-құлық термині жиі қолданылып жатыр. Осы ретте В.Г.Грецованың, М.К.Ибраимованың , И.К.Комарованың , З.П.Плохийдің, Г:В.Кирикс, Л.Т.Шанасырованың зерттеулерінде балалардың табиғат туралы білімі, оның құндылығын түсінуде , экологиялық мәдениетін қалыптастыруда алдымен табиғат аясындағы дұрыс мінез-құлқын тәрбиелеуді қарастырған. [4].
Белгілі ғалымдар Н.А.Рыжакова, С.Н.Николаева мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбіс міндеттерін шешуде екі бағытты көрсетті: балаларда бастапқы экологиялық мәдениетті қалыптастыру, екіншісі ересектердің экологиялық мәдениетін дамыту. Дегенмен, зерттеушілердің мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін
Қазақстандық философия ғылымының зерттеушілері Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, Ғ.Ақмағамбетов, Ә.Жақсыбеков еңбектерінде табиғатқа саналы қарым-қатынас адам дүниетанымының құрамды бір бөлігі ретінде тұжырымдаған .
Ресей философтары М.Фомин, А.Гусейнов, В.И.Фурсовтың пікірінше жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың қажетті шарты, адамның табиғатпен қарым-қатынасының нәтижесінде әлеуметтік сана-сезімінің пайда болуы. Олай болса, экологиялық мәдениет жеке адамдар саналығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Экологиялық мәдениет мектепалды топ балаларының бастапқы ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, экологиялық санасының өзегі болып, баланың алғашқы рухани бейнесіне тұтастық алып келеді, оны қоршаған табиғи ортаға әлеуметтік мәнді және экологиялық қолайлы қағидалар тұрғысында қанағатт андырады.
Мамандардың пікірі бойынша жалпы мәдениеттің, соның ішінде экологиялық мәдениеттің жоғары мәдениеттілік белгісі болып оның әлеуметтілігінің табиғаттылығынан айырмашылық дәрежесі емес, керісінше олардың бірлігінің дәрежесі саналады. Мұндай бірлікке әлеуметтік табиғи жүйені түзетуші табиғаттың да, қоғамның да тұрақтылығы арқылы қол жеткізуге болады. Мұндай жағдайда табиғат адамның адамдық мәніне, ал табиғатты сақтау-адам мен қоғамды сақтау құралына айналады. [5].

1.2 Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері

Экологиялық білім адамның экологиялық санасын дамытуды, оның табиғатпен қарым-қатынастарын оңтайландыру мен үйлестіруді қарастырады. Тұлға өркениетке тікелей емес, мәдениет салалары мен олардағы құндылық бағдарлары арқылы әсер ететіндіктен қоғам үшін адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыздандыратын экологиялық этика қажет. Тұрақты дамуды мақсат ететін білімдер-адамның қоршаған ортаға жауапкершілігін дамытуға, қазіргі және болашақ ұрпақ қызығушылықтарын ескере отырып, табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға бағытталды.
Экологиялық білім әлемді тұрақты дамыту моделінің өзегі болып табылады. Экологиялық білімнің тұрақты дамытуға арналған біліммен түбегейлі өзгешелігі өркениеттің қазіргі көлемді дағдарыс мәнінің экологиялық тұрғыдан емес , басқару дағдарысы ретінде қабылдануынан көрінеді. Өйткені, тұрақты дамытудағы білімнің негізгі мақсаты-әлеуметтік жауапкершілікке даярлықты қамтамасыз ететін, экологиялық принциптер мен мінез-құлық нормалары жүйесін меңгерген, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізу.
Экологиялық білімнің мақсаттары мен мәнін анықтауда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан, олардың бәріне ортақ жәйт болып экологиялық проблемаларды шешуге қатысатын жас ұрпақтың қоршаған ортаны танып білу мен оны қорғаудағы белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру табылады. [6].
Экологиялық мәдениет адамның тіршілік әрекетінің рухани-адамгершілік саласы ретінде оның табиғатпен өзара әрекетінің ерекшелігін сипаттайды және экологиялық сана, экологиялық қарым-қатынастар мен экологиялық іс-әрекеттер элементтерінің өзара байланыс жүйесін қамтиды.
Экологиялық білімнің мақсаттары мен мәнін анықтауда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан, олардың бәріне ортақ жәйт болып экологиялық проблемаларды шешуге қатысатын жас ұрпақтың қоршаған ортаны танып білу мен оны қорғаудағы белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру табылады.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыратын экологиялық білімнің негізгі қызметтеріне мыналар жатады:
- Қоршаған ортаны табиғи, технологиялық, әлеуметтік, мәдени және де
басқа да салалардың бірлігі ретінде қалыптастыру;
- Барлық жастағы топтарды қамту;
- Аса шиелініскен экологиялық жағдайлардың шешімін табу;
- Қоршаған ортаның негізгі мәселелерін және оны дамытуды жергілікті
аймақтық, ұлттық және ғаламшарлық көзқарасты қарастыру;
- Экологиялық проблемаларды шешу барысында кооперациялардың
әртүрлі түрлерін дамыту;
- Экологиялық жағдайларды шешуде оқушыларды белсенді араластыруға
мүмкіндік жасау;
- Табиғатты қорғау іс-әрекеттерін болжау дағдыларын, сыншыл
ойлауларын дамыту;
- Қоршаған ортаны эмоционалдық тұрғыда аялы көзқараспен қабылдауға
үйрету [7].
Біз, экологиялық мәдениет кірістірілген тұлғалық білім ретінде мынандай міндетті компонеттерді қамтиды деген тұжырымға келдік: мотивациялық-құндылық, когнитивтік, мінез-құлықтық және рефлекстік. Осыған орай тұлғаның экологиялық мәдениетінің көрсеткіштері ретінде: құндылық бағдардың экологиялық бағыттылығы, экологиялық білімдер, экологиялық іс-әрекет; өзін-өзі экологиялық бағалау негізделеді. Экологиялық мәдениеттің мотивациялық-құндылық компоненті жеке тұлғаның ішкі дүниесінің маңызды элементтері ретінде құндылық бағдар мен эмоционалдық-тұтынушылық салаларын сипаттайды, адамға қажетсізден қажеттіні айыра білуге үйретеді. Жеке тұлғаның экологиялық мәдениеті құрылымдағы осы компонент тұрақты даму мен табиғат қорларына қатынастары бойынша тұлғалық сапалар мен құндылық бағдарлардың тұлғалық - маңызды жүйесін таңдауға көмектеседі. Экологиялық мәдениеттің когнитивтік компоненті қоршаған табиғи орта мен адам арасындағы үйлесімділік пен өзара әрекеттерінің өлшемдік ұғымдарын, нормалары мен принциптерін сақтайтын белгілі бір экологиялық кешенді білдіреді. Компонет өркениетті, өмірді сақтау қажеттілігі мен оның жолдары туралы, олардың антропогендік әсерлері негізінде өзгеріске ұшырауы туралы білімдерін, сондай-ақ табиғат жүйелерінің табиғи дамуының негізгі ұғымдары мен теориялық білімдерін меңгерудегі жеке тұлғаның мүмкіндіктерін жүзеге асырады[8].
Экологиялық мәдениеттің мінез-құлықтық компоненті экологиялық тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру механизмін анықтайды, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласындағы құнды әлеуметтік тәжірибені пайдалану бойынша реалды әрекеттер сипаттайды. Компонент қауіпсіз қоршаған ортаны қорғау мен қайта жасау, табиғатты пайдалану саласындағы аса жетілдірілген стереотиптердің адам мінез-құлқында қалыптасуын, сондай-ақ олардың әлеуметтік белсенділігін ынталандыруды қамтамасыздандырады.
Экологиялық мәдениеттің рефлексті компоненті қоршаған ортаға саналы және адамгершілікті қатынастарын өздігінен талдау мен өздігінен реттеу тәсілдерін дамытуды, жеке және кәсіби тіршілік әрекеттерінде экологиялық мақсатқа бағытталған әр-әрекеттерді қамтамасыздандырады. Компонент салауатты өмір сүруді, әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуды, сондай-ақ жеке адамның , аймақтың, елдің, дүниежүзілік қауымдастықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыздандырудағы әрбір адамның саналы әрекетінің жетекші рөлін көкейкестіреді.
Тұлғаның экологиялық мәдениетінің өзіміз негіздеген компонеттік құрамын ескере отырып, біз тұлғаның экологиялық мәдениетінің өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтадық (Кесте 1).
Тұлғаның экологиялық мәдениетінің әртүрлі көрсеткіштері бізге осы тұлғалық сапаны қалыптастырудың 4 деңгейін негіздеуге мүмкіндік берді:жоғары, жеткілікті, орта және төмен.
Жоғары деңгей: қоршаған ортаның сапасын жақсарту мен қорғауға сұранысының болуы; экологиялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуға ұмтылуы; қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға дағдыларының қалыптасуы; экологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру іскерліктерінің болуы; экологиялық іс-әрекеттерге өзінің нақты қатысу қажеттілігін түсінуі; өзі қатысқан табиғатты қорғау іс-әрекеттеріне өзіндік баға бере алуы [9].

Кесте1.
Тұлғаның экологиялық мәдениетінің моделі

Компонеттері
Өлшемдері
Көрсеткіштері
Мотивациялық-құндылық
Құндылық бағдарлардың экологиялық бағыты
-қоршаған ортаға эмоционалды-құндылық қатынасының болуы;
-қоршаған ортаның сапасын жақсарту мен қорғауға сұранысының болуы. Экологиялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу;
Когнитивтік
Экологиялық білімдер
-Экологиялық білімнің қажеттілігің түсіну;
-табиғат пен қоғамның тұрақты дамуының негіздерін түсіну;
- қоршаған ортаны қорғау бойынша жобалық іс-әрекеттерге, қоршаған ортамен өзара әрекеттегі адамгершілік пен құқық нормаларының бағдары;
Мінез-құлықтық
Экологиялық іс-әрекет
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдылануы;
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенділігі;
-алдағы уақытта кездесетін жағдайларда экологиялық ағартушылықты ұйымдастыру іскерліктерінің болуы;
Рефлекстік
Өзін-өзі экологиялық бағалау
-аймақтың табиғи қорларын сақтауға өзінің тұлғалық жауапкершілігін ұғыну;
-практикалық тұрғыдағы экологиялық іс-әрекеттерде өзінің қатысу қажеттігін түсінуі;
-өзі қатысқан жұмыстың экологиялық салалары мен табиғатты қорғау іс-әрекеттеріне өзіндік баға беруі мен өзіндік талдауы;

Жеткілікті деңгей: қоршаған ортаның сапасын жақсарту мен қорғауға сұранысының болуы; болашақ кәсіби іс-әрекеттеріндегі экологиялық аспектілерді ұғынуы; қоршаған ортаны қорғау саласында белсенділік танытуы; табиғат қорларын сақтауға жеке жауапкершілігін жете түсунуі.
Орта деңгей: қоршаған ортаға эмоционалдық-құндылық қарым-қатынасы орташа; болашақтағы кәсіби іс-әрекетінде кездесетін кейбір экологиялық аспектілерді түсінеді; қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда кейбір дағдыларға ие; аймақтың табиғи қорларын сақтау процесіне жеке адамның әсер ете алу мүмкіндіктерін түсінеді.
Төмен деңгей: қоршаған ортаның сапасын жақсарту мен оны қорғауға талпынбайды; қоғам мен табиғаттың тұрақты даму негіздерін түсінбейді; қоршаған ортаны қорғау саласында белсенділік танытпайды немесе ішінара қатысады; практикалық экологиялық іс-әрекетке өзінің қатысуы міндетті деп есептемейді [10].

2 Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері

2.1 Мектепке дейінгі тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары мен құралдары

Адам-қоғам-табиғат арасындағы сабақтастық және соған байланысты шешілетін экологиялық мәселелер бүгінгі күні әлемдік деңгейге көтеріліп отыр. Аталған жүйедегі қарым-қатынастың шиеленісуінен туындайтын және ғылыми зерттеуді керек ететін мәселелердің бірі-бүкіл адамзаттың экологиялық мәдениетін дамыту.
ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы заңының 73 бабында Қоғамның экологиялық мәдениетін және мамандардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік-техникалық, арнаулы орта және жоғары білім берудің бүкіл жүйесіне экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға ортақ және үздіксіз жүргізілуі тиіс,-деп белгіленген
. Демек, жаңа тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыру мектепке дейінгі кезеңнен басталуы қажет деп санаймыз [11].
Қазақстандық философия ғылымының зерттеушілері Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, Ғ.Ақмағамбетов, Ә.Жақсыбеков еңбектерінде табиғатқа саналы қарым-қатынас адам дүниетанымының құрамды бір бөлігі ретінде тұжырымдаған .
Ресей философтары М.Фомин, А.Гусейнов, В.И.Фурсовтың пікірінше жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың қажетті шарты, адамның табиғатпен қарым-қатынасының нәтижесінде әлеуметтік сана-сезімінің пайда болуы. Олай болса, экологиялық мәдениет жеке адамдар саналығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Экологиялық мәдениет мектепалды топ балаларының бастапқы ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, экологиялық санасының өзегі болып, баланың алғашқы рухани бейнесіне тұтастық алып келеді, оны қоршаған табиғи ортаға әлеуметтік мәнді және экологиялық қолайлы қағидалар тұрғысында қанағатт андырады.
Кесте 2. Мектепке дейінгі балаларға берілетін экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің ғылыми негіздері , оның негіздері, оның ішінде сананың қалыптасу механизмі туралы ғылыми еңбектер баршылық.
Ғалым Н.Н.Вересовтың оқу процесінде мектепалды балаларының экологиялық санасының негізін қалыптастыруды мағыналық және мәндік деңгейлері арқылы анықтаған.
Қазақ жерінде психология ғылымын зерттеуші М.Мұқанов мектепке дейінгілердің таным процесіндегі ерекшеліктерін атай отырып, мүмкіндіктеріне, шамасына қарай табиғат құбылыстары туралы білім беру қажетін былай тұжырымдайды: ...мектепке дейінгі зоология пәніндегі топтастыру айналасындай білім аламаса да, осыларды естіген әңгімелерінен не теледидардан көріп үйрене бастайды. Арнайы үйретілмесе де, бала өздігінен көрген білгені бойынша табиғи заттарды, құбылыстарды топтаптырып ой-қорытынды жасайтын болады. Қорыта айтқанда, Республикамызда қалыптасқан психологиялық ой пікірлерден, жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты, болашақ ұрпақты әдептілікке баулу арқылы экологиялық мәдениеттілікке, табиғатты қорғауға, аялауға психологиялық тұрғыдан даярлауды ұсынады. [12].
Психолог Е.Н. Санникова, Г.А.Урунтаева мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғатты қабылдау кезінде ақыл-ойды шоғырландырудың барынша дамыған формасы танымдық, эстетикалық және этикалық құрамдас бөліктерінің біртұтастығы ретінде көрінеді. Психологиялық әдебиеттерді талдау нәтижесінде, мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ішкі механизмін зерттеуге көңіл бөлгендігіне көз жеткіздік. Соңғы жылдардағы ғылыми-зерттеу еңбектерінде экологиялық мінез-құлық термині жиі қолданылып жатыр. Осы ретте В.Г.Грецованың, М.К.Ибраимованың , И.К.Комарованың , З.П.Плохийдің, Г:В.Кирикс, Л.Т.Шанасырованың зерттеулерінде балалардың табиғат туралы білімі, оның құндылығын түсінуде , экологиялық мәдениетін қалыптастыруда алдымен табиғат аясындағы дұрыс мінез-құлқын тәрбиелеуді қарастырған.
Белгілі ғалымдар Н.А.Рыжакова, С.Н.Николаева мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбіс міндеттерін шешуде екі бағытты көрсетті: балаларда бастапқы экологиялық мәдениетті қалыптастыру, екіншісі ересектердің экологиялық мәдениетін дамыту. Дегенмен, зерттеушілердің мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін [13].

Мектепалды балалардың бастапқы экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделі:

Мазмұндық
сипаттамасы психо-
логиялық
құрылымы
Өлшемдер мен көрсеткіштер

Тірі табиғаттың құндылығын түсінуі
Өлі табиғаттың құндылығын түсінуі
Экологиялық мінез-құлқын тәрбиелеу
мотивациялық
-тірі табиғатты білуге қызығуы;
-тірі табиғатты қорғау тілегі;
-тірі табиғатты қорғау қажеттілігі;
-өлі табиғатты білуге қызығуы;
-әлі табиғатты білуге қызығуы;
-өлі табиғатты қорғау қажеттілігі;
-табиғатты қорғау әрекетіне қызығуы;
-табиғат аясында әдептілікке ұмтылысы;
-табиғатты қорғауда қоғамдық мотиві;
когнитивтік
-өсімдік туралы білімі;
-жануарлар туралы білімі;
-тірі табиғаттың құндылығын ұғынуы;
-өлі табиғат туралы білімі;
- өлі табиғаттың тірі табиғат арасындағы байланыс туралы білімі;
-өлі табиғат құндылығының ұғынуы;
- экологиялық мінез-құлық ережелерін білуі;
-экологиялық міндеттер мен құқылары;
-экологиялық тақырыптағы көркем шығармаларды білуі туралы білімі;
Мінез-құлықтық
-өсімдікті күту біліктілігі;
- жануарды күту біліктілігі;
-тірі табиғаттың құндылығының бағалау біліктілігі;
-өлі табиғат туралы білімін өмірде қолдану біліктілігі;
-ойынмен байланыстыру біліктілігі;
-өлі табиғатты бағалау біліктілігі;
- экологиялық мінез - құлық ережелерін орындай алу біліктілігі;
-табиғатта әдептілікті сақтай білу біліктілігі;
-экологиялық құқықты орындай білу біліктілігі;

2.2 Қазақ халқының ауыз әдебиетінің негізінде жастардың экологиялық мәдениеттін қалыптастырудың тиімділігі

Қазақ халқының экологиялық мәдениеті мен өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беруде жинақталған тәжірибесін ең алдымен ауыз екі шығармашылыған табатын боламыз . Фольклортанушылар тақырыптарына, поэтикалық мазмұнына қарай жанрлық сипаттамалар берген. Алайда, қазақ фольклорын, олардың даму заңдылықтарына , әртүрінің өзара байланысына , ерекшеліктеріне қарай бір жақты классификациялау әлі де өалыптаспаған. Біздер М.Әуезов, А.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин, Р.Бердібаев, Н.Төреқұлов, С.Сейфуллин, М.Сильченко сияқты фольклористикаға елеулі еңбек сіңірген ғалымдарының ұсыныстарын негізге алып қазақ ауыз екі шығармашылығының келесі педогогикалық жіктемесін ұсынамыз: мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, тиым сөздер, ертегі, аңыз-әңгімелер, қара сөздер, эпостық жырлар [14].
Адам мен табиғат қатынасындағы адамгершілік сапасы қазақ халқының ұлттық экологиялық мәдениетінен айқын көрінеді. Қазақ халқының дүниетанымымен табиғатпен қатынасында үш құбылыс байқалады: адамның аспан әлемінен өз арасында тұтастық іздеуі, ел мен жердің біртұтас ұғымда болуы, адамның жер бетіндегі барынша тіршілікпен ішкі рухани тұтастыққа ұмтылуы. Олар табиғатты объект ретінде таза тұтыну пиғылына жоғары мәдениетте болған, оны рухани күш деп танып, қасиет тұтқан. Бұл оның жырларында айқын көрініс тапқан: Қанатты туған пырағым, аға-інім сен едің (Қамбар батыр жырынан).
Қазақ ауыз әдебиетінде тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыруда мақал-мәтелдердің орны ерекше. Осындай мақал-мәтелдердің қатарына : Көктем, көктем нұрын төккен!, Күн күркіресе жер иір, жер иісе, мал иір, Қыстағы қар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту
Өзіндік жұмыстарды жаратылыстану пәндері арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыру
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Басатуыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны және әдістемесі
Пәндер