ЭЕМ – нің перифериялық құрылғылары



• Кіріспе
• Принтер
• Матрицалық принтер
• Ағынды принтер
• Жарықдиотты принтер
• Қызықты мәлімет

• Сканер
• Плоттар
• Графикалық планшет
• Цифрлы бейнекамера
• Модем
• Мультимедиа
• Джойстик
• Трекбол
• Қорытынды
Қазіргі кезде дербес компьютерлер (ДК) көптеп таралуда. Дербес компьютерлер деп аталуының себебі, ол бір ғана адам жұмыс істеуге арналған. Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылғыларының бір-бірінен өзгешеліктері аз.
ЭЕМ деген - арифметикалық және логикалық амалдар тобын автоматты түрде орындауға, әр түрлі есептеу жұмыстарын орындауға арналған құрылғы.
ЭЕМ-нің ішінде жұмыс атқаруға қолайлы түрі- дербес компьютерлер бар. Кез келген компьютер бірнеше құрылғыдан (блоктардан) тұрады. Олардың ішінде жүйелік блок, монитор (экран), пернетақта бар, ал оларсыз жұмыс атқару мүмкін емес. Басқа құрылғылар пайдалы міндеттер атқарады, бірақ оларсыз да компьютер өз жұмысын атқара алады. Компьютердің барлық құрылғылары компьютердің артқы тақтасындағы арнайы қосқыштар арқылы өзара байланыстырғыш шнурларымен жалғанады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, тышқан, модем және т.б.
Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар – адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады. Мысалы, монитор процессор мен дисплей контроллері, ал принтер порттар контроллері арқылы және т.с.с. жалғасады. Контроллер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп түскен информацияларды сәйкес құрылғылардың жұмыстарын басқаратын сигналдарға аударады.
1. Станислав Васильев, Адриан Вонг. Полные настройки BIOS. www.3dnews.ru/cpu/bios.

2. Якусеевич В.В. BIOS Setup. Полное руководство.-М.: Альтекс-А, 2007 г.

3. Белунцов В. Настройка BIOS. Практическое руководство-М.: ТехБук, 2004-400 с.: ил.

4. Трасковский А.В. Секреты BIOS.-СПб.:БХВ-Петербург, 2004 г.-400 с.: ил.

5. Железо ПК. В.Мураховский, Г. Евсеев. Москва 2003 г.

6. Балакай В.Г, Интегральное схемы аналого-цифровых превразователей. М:,Энергия

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы : ЭЕМ - нің перифериялық құрылғылары

Тобы: ВС - 403
Орындаған : Жансолтанова А.А
Тексерген : Жаксыгулова Д.Д

Жоспар
:: Кіріспе
:: Принтер
+ Матрицалық принтер
+ Ағынды принтер
+ Жарықдиотты принтер
+ Қызықты мәлімет

:: Сканер
:: Плоттар
:: Графикалық планшет
:: Цифрлы бейнекамера
:: Модем
:: Мультимедиа
:: Джойстик
:: Трекбол
:: Қорытынды

Кіріспе
ЭЕМ-нің перифериялық құрылғылары
Қазіргі кезде дербес компьютерлер (ДК) көптеп таралуда. Дербес компьютерлер деп аталуының себебі, ол бір ғана адам жұмыс істеуге арналған. Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылғыларының бір-бірінен өзгешеліктері аз.
ЭЕМ деген - арифметикалық және логикалық амалдар тобын автоматты түрде орындауға, әр түрлі есептеу жұмыстарын орындауға арналған құрылғы.
ЭЕМ-нің ішінде жұмыс атқаруға қолайлы түрі- дербес компьютерлер бар. Кез келген компьютер бірнеше құрылғыдан (блоктардан) тұрады. Олардың ішінде жүйелік блок, монитор (экран), пернетақта бар, ал оларсыз жұмыс атқару мүмкін емес. Басқа құрылғылар пайдалы міндеттер атқарады, бірақ оларсыз да компьютер өз жұмысын атқара алады. Компьютердің барлық құрылғылары компьютердің артқы тақтасындағы арнайы қосқыштар арқылы өзара байланыстырғыш шнурларымен жалғанады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, тышқан, модем және т.б.
Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар - адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады. Мысалы, монитор процессор мен дисплей контроллері, ал принтер порттар контроллері арқылы және т.с.с. жалғасады. Контроллер немесе адаптердің міндеті - процессордан келіп түскен информацияларды сәйкес құрылғылардың жұмыстарын басқаратын сигналдарға аударады. Процессор қалған құрылғылармен топ сымды кабель арқылы жалғастырылады, оны магистраль немесе шина деп атайды (шина атауы көп пайдаланылады).
Компьютерлердің негізгі құрылғыларының міндеттеріне толығырақ тоқталайық. Жалпы Дербес компьютердің құрылғылары төмендегі суретте көрсетілген.

Принтер (Printer) - 1) баспа құрылғысы; 2) Windows NT жүйесінде -- баспа құрылғысы мен қолданба арасындағы программалық интерфейс. Басып шығарғыш (принтер) - сызбалық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
Принтер[2] (ағылыми prіnter) -- мәтіндік не графиктік ақпаратты қағазға, пластикке шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі. Баспа таңбаларын басу әдістеріне қарай Принтерлер матрицалық, сия құюшы ағыстық, (струйный), лазерлік, жарықаласыдиодтық, жылулық, сублимац., т.б. болып бөлінеді. Принтердің негізгі техникалық сипаттамаларына оның айыру қабілеті, басу жылдамдығы, материалдардың шығындылығы, фото басу мүмкіндігі, т.б. жатады. Айыру қабілеті бір дюймге келетін нүктелер санымен (қысқаша dpі) анықталады. Ағыстық П-лерде бұл шама 600 dpі-ден 4800 dpі-ге дейін, кейбір модельдерде одан да жоғары болады. Лазерлік, жарықаласыдиодтық принтерлердің айыру қабілеті әдетте 600 -- 1200 dpі болады. Шығындылығы мен басу жылдамдығы жағынан лазерлік және жарықаласыдиодтық принтерлер ағыстық принтерлерден тиімдірек. Матрицалық принтерлердің шығындылығы аз болғанымен, басу сапасы, жылдамдығы жағынан жоғарыда айтылған принтерлерден нашар. . Сия бүріккіш (струйный) принтердің матрицалық принтердің өзгешілігі басу бас тиегінде ғана. Мұнда ине соғылмайды, жіңішке тесіктен сұйық сия бүркіліп отырады да, әр символға сәйкес қағаз боялады. Сия кішкене картрижде (ыдыста) сақталады, оны аустырып отыруға болады. Түрлі түсті көрініс алу үшін принтер алдымен көріністі бір түспен бояйды да, одан соң оның үстіне басқа түсті сия орналастырады. Бояулар араласқан соң қағазда әдемі түрлі түсті сурет пайда болады. Лазерлік принтердің алдыңғы екеуіне қарағанда басу сапасы өте жоғары және тез. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электрлік өрістің әсерінен арнайы жасалған ұнтақ (парашок-тонер) қағазға тартылады және қатты қызады да, қағазға жабысады. Принтерлердің түрлері көп, бірақ негізгі үш түрі бар: матрицалық, лазерлік және сиябүріккіш (струйные).

МАТРИЦАЛЫҚ ПРИНТЕРЛЕР

Матрицалық принтерлерде қағазға басу құрылғысы вертикаль қатарда орналасқан жіңішке инелерден тұрады. Басу құрылғысы қозғалғанда инелер боялған ленталар арқылы қағазды ұрады, оның нәтижесінде қағазда символдар мен бейнелер аламыз. Қағазда пайда болған бейненің сапасы инелер санына байланысты. 9 және 24 инелі матрицалық принтерлер шығарылады. 24 инелі принтер көмегімен сапалы бейнелер алуға болады.

Түрлі-түсті матрицалық принтерлерде болады. Оларда арнайы түрлі-түсті лента қолданылады. Ол сары, қызыл, көк және қара түсті жолақтардан тұрады. Бір мезгілде бес және одан да көп бет басуға болатын матрицалық принтерлер бар. Матрицалық принтерлердің жетістігі, оның бағасының арзан және қағаз сапасын таңдамауына байланысты, ал кемшіліктері - басу жылдамдығымен сапасының нашарлығы, жоғары деңгейде шу шығаруы. Матрицалық принтерлердің - жолдық принтерлер деп аталатын түрі болады. Онда басу құралы ретінде басынан аяғына дейін инелер орналасқан басу платасы бар.

Қағаз бетіне басу тұтас жол түрінде болатындықтан олар минутына 1500 жол яғни 20 бет ақпаратты басып шығаруға мүмкіндік береді. Матрицалық принтерлер орам түріндегі қағаздармен де жұмыс істей алады және оған қағазды автоматтандырылған әдіспен де беруге болады.

Принтер паспортында ең үлкен жылдамдықта қағазға ақпарат басу мүмкіндігі болады. Яғни Draft (черновик) режимі. LA (LETTER QUALITY) сапалы басу режимі - бұл баяу орындалады. Ақпарат басу жылдамдығы CPS (charactezc pez Second) секундтағы символ санымен өлшенеді. Матрицалық принтерлер ішкі жадымен жабдықталған, ол 4-64 Кб болады. 70Кб жадысы бар принтерлер де бар.
АҒЫНДЫ ПРИНТЕРЛЕР
Ағынды принтерлерде бейне, басу құрылғысында сақталатын арнайы сиялардың микро тамшыларын форсунка көмегімен қағаз бетіне бүрку арқылы жасалады. Форсункілер саны принтер түріне қарай 16-дан 64-ке дейін болады. Қазіргі принтерлер мысалы: HP Desкjet 1000 басу құрылғысында 300 әртүрлі сия үшін 416 форсунка бар. Ағынды принтерлерде сияны сақтаудың екі әдісі қолданылады
Сия сақтау орны басу құрылғысымен бірге орналасады, онда сия құрылғымен бірге қозғалады. - Сия үшін арнайы бөлек құрал жасалады да, басу құрылғысына капиллярлық жүйе арқылы беріледі.
Сияны қағаз бетіне енгізудің мынандай әдістері бар.

- Пьезоэлектрлік әдіс,

- газ көпіршіктер әдісі.

- Drop- on - demond әдісі.

Пьезоэлектрлік әдісте әрбір форсункіге жазық пьезо кристалды диафрагмамен байланыстырылып орнатылады. Электр өрісі әсерінен пьезоэлектрик деформацияланады. Пьезоэлемент капиллярды қажетті уақытта сығып сия тамшысын қағаз бетіне бүркуге мүмкіндік береді.
Газ көпіршіктері әдісінде қыздырылатын элементпен жабдықталады. Одан тоқ өткенде бірнеше микросекунд ішінде элемент 5000с қызады да, газ көпіршіктері форсунка саңлауларынан сия тамшыларын айдап шығарады, ол қағаз бетіне түседі. Тоқ ажыратылғанда қыздыру элементі салқындайды да көпіршіктер азайып саңылау арқылы сияның келесі бөлшегі келіп түседі.

Drop-on - demond әдісінде сияны қағазға беру үшін қыздыру элементі қолданылады. Онда сияны беру үшін арнайы механизм қолданылады. Бұл әдіс қағазға басу жылдамдығымен сапаны арттыруға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен сапалы түрлі-түсті суреттер алуға болады.

ЛАЗЕРЛІК ПРИНТЕРЛЕР
Лазерлік принтер ксерография принципін қолданатын құрылғыларға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер бұйрықтары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 2400 нүктеге дейін салу мүмкіндігі болғандықтан сапасы жоғары болады. Лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары - орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 3 - 15 секундта) басып бере алады.

GDI- принтерлері. Бұл соңғы кезде шыққан, беттік бейнені Windows GDI (Graphics Device Interface -- құрылғының графикалық интерфейсі) жасайтын ағынды принтер Hewlett-Packard фирмасы да осыған ұқсас -- Printing Performance Architecture (PPA) принтерлерін шығарады. Олардың төмендегідей ерекшеліктері бар:

*
Бағасының арзандығы;
*
Жұмыс істеу жылдамдығының жоғарылығы;
*
PPA архитектурасының икемділігі.

Жарықдиодты принтерлер. Бұл Okidata фирмасының лазерлік принтерлерге балама түрінде жасаған принтерлері. Лазерлік принтерден айырмашылығы жарық сезгіш барабанды нейтралдау үшін лазер сәулесінің орнына жарық диодтарын қолданған. Баспа сапасы лазерлік принтерлерден кем емес.

Қызықты мәлімет

Жапондық Kyocera Corp компаниясы әлемдегі ең жылдам принтерді ойлап шығарды деп жазады obozrevatel.com. Ол бір минутта 152 парақ қағаз басу қабілетіне ие.
Оның бұлай жұмыс істеуінің басты ерекшелігі - әдеттегі қағаз шығарғыштар секілді 300dpi сыйымдылыққа дейін кеңеюіен бөлек, бір мезгілде екі парақты басатындығында.
Екі еселенген құрал бір базада орналасқандықтан, тұтынушыларға принтер үшін бір ғана құрылғы сия жетеді. Ұзындығы 112 миллиметр болатын ерекше картридждің бөлшегі принтердің қарқынды жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұрады. Ол арқылы бір уақытта екі түрлі бояумен қағаз шығаруға да мүмкіндік бар. Әрі бояу қолыңызға жағылып, қолайсыздық тудырады деп саспаңыз.
Өнімді құрастырушылар нарықта мұндай жылдамдықпен қағаз басатын мәшиненің аса қажеттілігі байқалатындығын алға тартты.

СКАНЕРЛЕР
Сканер. Сканер - қағаздағы көріністі дисплей экранына түсіруге арналған құрылғы Ол арқылы сурет, график мәтіндерді сканерлеуге (енгізуге) болады. Көрініс сканерленгеннен кейін графиктік программалар арқылы оларды өңдеуге (үлкейтуге, кішірейтуге, қайта бояуға және т.б.) болады. Сканер көріністі машина кодына ауыстырып, компьютер жадына жазады. Сканердің жұмыс атқару принципі былай: жарық сәуле жол-жолы бойынша жазып суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранның сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі-түсті болады. Сканерлердің планшетті, барабанды және қолымен істейтін (ручные) түрлері болады.

Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.
Сканер - қағаз бетінен, газеттерден, құжаттардан, суреттерден, слайд пен негативтерден графикалық ақпараттарды компьютерге ендіру үшін қолданылатын сыртқы құрылғы. Кез - келген сканер ақпараттарды жеке нүктелер түрінде қабылдайды. Сканерден алынған мәтіндік бет графикалық файл түрінде болады да дискіде 10 Мбайт, ал пернелер тақтасында терілген ол бет 3- 4 Кбайт орын алады. Сондықтан сканерден алынған мәтінді түрлендіретін OCR - бағдарламалары болады (Optical Character Recognition - символдарды оптикалық анықтау). Ол бағдарламаның бірі Abby Ресейлік компанияның Fine Reader бағдарламасы. Сканер үстелге қоятын, қолға ұстайтын түрде болады. Үстелге қойылатын сканерлер беттік және планшеттік деп бөлінеді. Сканерлер айқындау және әртүрлі түсті қабылдау мүмкіндігіне қарай бөлінеді
. Қол сканерлердің көмегімен кіші өлшемді мәтінді, суреттерді, оның бетінде қозғалта отырып көшірмесін алуға болады.

Планшеттік сканерде мөлдір беттің үстіне көшірмесі алынатын құжаттар қойылады, оның астыңғы бөлігінде қадамдық двигатель көмегімен сканерлеуші платаны арнайы құрал қозғалтады. Лампаның жарығы құжаттан шағылып айна арқылы қабылдауыш элементке түседі, ол оны электрлік кернеуге түрлендіріп онан соң ақпарат түрінде кодтап компьютерге береді.
Егер принтерлер компьютерден ақпаратты қағаз бетіне шығарса, ал сканерлер қағаз бетіндегі мәтінді және бейнелерді компьютерге енгізеді. Қолдық снанерлер қолдың көмегімен құжаттың үстінен өткізеді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САНДЫҚ МАШИНАЛАРДЫҢ АРИФМЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Компьютердің құрылымын және оның даму тарихын, принциптерін зерттеу
КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫ ПӘНІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ЭЕМ-нің даму тарихы. ЭЕМ-нің буындары
Үзу сигналдарының классы
Компьютердің архитектурасы
Қазіргі кездегі дербес компьютерлер
Әр түрлі басқару жүйелеріндегі контроллерлер
Компьютердің жадысын басқару
Негізгі жады - ақпараттарды сақтау құрылғысы
Пәндер