Сәулелену ағзаның гентикалық жағдайына пайдалы және зиянды әсері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тобы : ВС - 403

Орындаған : Жансолтанова А. А

Тексерген : Бакирова Л. С

  1. Сәулелену дозалары, өткір сәуле ауруы

Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бүзады, бүл организмдегі биологиялық процөстердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бүзады. Бүл, өз кезегінде мидың, асқазанның, қалғанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жүмыс істеуін тоқтатуға алып келеді.
Адам сәуле ауруына үшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәлеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістөр өтеді.

  1. I дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл) - 100 - 200 рад сәлелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-5 апта, бұдан кейін әлсіздік, бастың ауруы, температураның көтерілуі, лоқсу, пайда болады. Ауруды емдеуге болады.
  2. II дәрежелі сәуле ауруы (орташа) - 200 - 400 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-4 апта. Ауру белгілері анық білінеді. Өте жақсы емделген жағдайда екі-үш ай ішінде сауығады.
  3. III дәрежелі сәуле ауруы (ауыр) - 400 - 600 рад сәлелену дозасы кезінде. Алғашқы белгісі анық білінеді әқ-сы 30 минуттан кейін қайта-қайта қүстыртып, дененің температурасы 33 градусқа жетеді. Ауру жедел және ауыр өтеді. Алғашқы аптаның өзінде ауыз кілегейі зақымдалып, гиперемия болуы мүмкін (қан белгілі бір орынға немесе үлпа учаскесіне қатты аққанда оның бір жердегі мөлшері артады немесе оның ағуы қиындайды), ауыз бен жүтқыншақ зақымданады, тері қабаттары қызарады. Терінің жәй немесе шөктен тыс қызаруы. Жасырын мерзімі 10-20 апта, бүдан кейін бас қатты ауырып, іш өтеді, есінен айрылады. Сәтті жағдайда бірнеше айдан кейін сауығуы мүмкін. IV дәрежелі сәуле ауруы (өте ауыр) - 600 - радтан жоғары сәлелену дозасы кезінде 20-30 минуттан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды. Дене температурасы 40° градустан асып, тері зақымданады. Дәрет сүйылады. Емдеусіз екі-үш апта бойында өледі. Аурудың барлығы дерлік өліммен аяқталады.

Сәулеленуді иондармен қанықтырушы адамдар сәулеленудің салдарларын бағалау кезінде, сәулеленудің экспозициялық дозасын емес, сәулеленудің жұтылу дозасын, яғни адам организмі ұлпаларына жұтылған сәулеленуді иондау энергиясының мөлшерін білуі маңызды . СИ жүйесінде сәулеленудің жұтылу дозасын өлшеу бірлігі ретінде грэй (Гр), ал мұндай дозаның қуатын - секундттағы грэй (Гр/с) деп қабылданған. Тәжірибеде жұтылған дозаның жүйеден тыс бірлігі - рад (сәулеге шалдыққан заттың бір грамында, 100 эрг. тең энергия жұтылады) пайдаланылады. Жұтылған дозаның қуаттылығының жүйеден тыс бірлігі - бір сағаттағы рад немесе бір секундтағы рад (рад/ч, рад/с) .

Экспозициялықпен жұтылған дозалар аралығындағы сәулеленудің бағыныштылығы:

Дпог=Дэкс х К, бұл жерде К - пропорционалдықтың коэффициенті (адам организмінің жұмсақ ұлпасы үшін К=0, 877) .

Қолдағы бар дозиметриялық құралдардағы өлшеу кемшілігі 15-30%-ды құрайтынын ескере отырып, пропорционалдық коэффициенте тең бірлік қабылданады. Сондықтан дозиметриялық құралдардың көмегімен өлшенген адамдар алған сәулелердің салдарларын бағалау кезінде рентгендердегі экспозициялық дозалардың маңызы мен радтардағы жұтылған дозалар шамамен бірдей адам организмін бағалау үшін, сондай - ақ ауамен, сумен және тамақпен адам организміне радионуклидтер түскен кезде сәулеленудің эквиваленттік дозасын өлшейтін арнайы бірлік - бэр (рентгеннің биологиялық эквиваленті) қолданылады

Сәулелену дозасы, Р
Зақымдану белгілері
Сәулелену дозасы, Р: 50
Зақымдану белгілері: Зақымдану белгілерінің жоқ болуы
Сәулелену дозасы, Р: 100
Зақымдану белгілері: Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен 10-30 тәулік ішінде жұмысқа қабілеттілік төмендемейді. Өткір (бір рет қайталанатын) сәулелену кезінде сәулеленгендердің 10% -лоқсу және құсу, еңбекке қабілеттілігін оншалықты жоғалтпай шаршау
Сәулелену дозасы, Р: 200
Зақымдану белгілері: Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен 3 тәулік ішінде жұмысқа қабілеттілік төмендемейді. 100-250 Р дозалы өткір (бір рет қайталанатын) сәулелену кезінде -зақымданудың әлсіз белгілері - бі рінші дәрежелі сәулелену ауруы
Сәулелену дозасы, Р: 300
Зақымдану белгілері: Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен бір жыл ішінде жұмысқа қабілетгілік төмендемейді. 250-300 Р өткір сәулелену кезінде екінші дәрежелі сәулелену ауруы. Ауру көп жағдайда жазылып кетеді.
Сәулелену дозасы, Р: 400-700
Зақымдану белгілері: Үшінші дәрежелі сәулелену ауруы. Бастың қатты ауруы, температураның көтерілуі, әлсіздік, шөлдеу, лоқсу, құсу, іш өту, ішкі мүшелерге, теріге және шырышты қабықтарға қан құйылу, қан құрамының өзгеруі. Уақытылы және тиімді ем алған жағдайда сауығып кетуі мүмкін. Емделмеген жағдайда өлім қаупі 100% жетеді.
Сәулелену дозасы, Р: 700 көп
Зақымдану белгілері: Ауру көп жағдайда өлімге алып келеді. Зақымдану бірнеше сағаттан кейін білінеді, төртінші дәрежелі сәулелену ауруы
Сәулелену дозасы, Р: 1000 көп
Зақымдану белгілері: Сәулелену ауруының кенеттен болған түрі. Зақымданғандар жұмысқа қабілегтілігін бірден жоғалтады және сәулеленуді, алғаннан кейін алғашқы күндерден бастап біртіндеп өле бастайды.

Сәулелену ағзаның гентикалық жағдайына пайдалы және зиянды әсерін тигізеді .

Пайдалы әсері. Сәулеленуді биологиялық зерзаттарға қолданғандағы негізгі мақсат - жаңа қасиеті бар тірі организмдердің түрін шығарып, оларды сұрыптау және оның неғұрлым пайдалысын таңдау үшін маңызды жағдай етіп қолдану.

- Рентген және күлгін сәулелер химиялық заттар әсері арқылы антибиотиктер түзетін саңырауқұлақтардың табиғи қасиетін өзгерту үшін зерттеулер жүргізу.

- Тіршілік ету жағдайында антибиотиктер және В 12 дәруменін түзетін микроорганизмдердің жоғары активті штампаларын шығару және тағы басқа.

- Сәулелену әсерінен пайда болған тұқым қуалау қасиетін жібек құрттарының өнімін, сапасын арттыру үшін сақтап, өндірісте кең пайдалану.

- Жануарлар және өсімдіктер тұқымын жақсартуда және өнімін өсіруде сәулелену қолданылады (радиациялық селекция тәсілі - метод радационной селекций) .

Адам өміріне қажет, маңызды ферменттер, органикалық қышқылдарды, саңырауқұлақтарды және микробтарды сәулелендіру нәтижесінде алады (генетика және радиобиология бірлесуінен радиациялық гентика ғылым саласы адамның практикалық іс - әрекетінде талай пайдалы табыстарға жеткізуде) .

Зиянды әсері. Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар және сыртқы ортаның температурасы тұқым қуалау қасиетінің құрылымына әсер ету нәтижесінде ұрпақтарға таралатын табиғи мутацияға келтіреді.

- Табиғи сәулелену (ғарыштық сәулелер және жердің минералдарының сәулеленуі) ядролық сынақпен қатар келгенде тіршілікке үлкен қатерлі жағдай тудырады. Яғни, Жер үстіндегі тіршілікті жойып жібереді.

- Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар, сыртқы ортаның температурасы және ядролық сынақ әсерлерінен өмір сүру ортасына қарай ұрпақтарда 500-ден астам түрлі аурулар пайда болғаны анықталды. Солардың ішінде, мысалы - ергежейлік, “гамофилия, - түрлі - түстіні ажырата алмау соқырлығы”, заттардың алмасуынан болатын ауру түрлері, ұрпақтардың дене және ой еңбегіне, сонымен қатар тіршілік ету қабілеті әлсірейді, өмір сүру мерзімі қысқарды және тағы басқа.

- Иондық сәулелену немесе химиялық заттар әсерінен болған мутация рецессивтілік сипатталды, бірақ адамда доминантты мутация кездеседі және ол тым жақын уақытта ұрпақта байқалады.

Өсімдіктер эволюциясы және радиоактивтілік. Жануарлардың және өсімдіктердің ең қарапайым түрлері радиация мөлшерінің деңгейі қазіргі кезге қарағанда өте жоғары болған дәуірде пайда болып, таралған. Олардың радиация әсеріне сезімталдығының төмен болуы осыған байланысты болуы мүмкін.

  1. Радиациялық қауіпті нысандардағы апаттар кезіндегі халықтың іс - әрекеті

Халықты радиациядан қорғау радиациялық қауіп туралы хабарды, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын, радиоактивті заттармен ластанған аумақта өзін-өзі үстау тәртібін, азық-түлік пен суды радиоактивті ластанудан қорғауды, медициналық жеке қорғаныс қүралдарын пайдалануды, аумақтын ластану деңгейін анықтауды, халықтың сәулеленуін дозиметрлік бақылауды және радиоактивті ластанған азық-түлік пен суға сараптама жүргізуді қамтиды.
Хабарлау дабылы бойынша ТЖ және АҚ органдарының ақпаратын тындағаннан кейін халық панаханаға жасырынуға тиіс.
Радиациялық зақымданудан сақтану жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы радиациядан қорғау құралдарымен жүргізіледі.

Радиациялық авария жағдайында және олардың зардаптарын жою кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдарына:

  • негізгі арнайы киім (комбинезондар, костюмдер, халаттар, шәпкілер, мақта - матадан және аралас маталардан тігілген шұлықтар) және қосымша (алжапқыштар, жартылай халаттар, пленкалы және резиналанған материалдардан жартылай комбинезондар) ;
  • тыныс алу мүшелерін қорғайтын жеке құралдар (ТМҚЖҚ) (респираторлар, сүзгіш газқағарлар, оқшаулағыш тыныс алу аппараттары, пневмомаскалар, пневмошлемдер, пневмокурткалар және т. б. ) ;
  • оқшаулағыш костюмдер, арнайы аяқ - киімдер (негізгі және қосымша) ;
  • қолды қорғайтын құралдар (резеңкелі, пленкалы, мақта - маталы саусақты биялай немесе қолғаптар) ;
  • көзді қорғайтын құралдар (қорғайтын көзілдіріктер, қалкандар және т. б. ) ;
  • қорғайтын құрылғылар (қолмен ұстайтын, белбеулер және т. б. ) жа­тады.

Радиациялық авария болған кезде радиометриялық бақылауды және радиациялық жағдайды бағалау нәтижесіне негіздеп, авария аймағын екі аймаққа бөлу орынды.

Бірінші аймаққа (қатаң тәртіптегі аймаққа) жоғарғы қабат пен ауаның радиоактивті ластануының белгіленген деңгейден жоғарлауы байқалған ғимараттар мен аумақты жатқызады. Бұл аймаққа келгенде ЖҚҚ негізгі арнайы киімдермен қоса бірқатар қосымша киімдерді қолдану (мысалы; ТМҚЖҚ, пленкалы немесе резеңкелі материалдардан жасалған қосымша арнайы киімдер, қосымша арнайы аяқ - киімдер және оқшаулағыш костюм­дер және т. б. ) талап етіледі.

Екінші аймаққа (радиациялық қауіпсіздік тәртібіндегі аймақ) ауа мен жоғарғы қабаттардың радиоактивті ластану деңгейі авариялар жағдайымен шартталған, рұқсат етілген көлемде болатын ғимараттар мен аумақтарды жатқызуға болады. Адамдарды бұл аймақта қорғау үшін және радиоактивті ластанудың таралуын болдырмау үшін авария зардабын жоюға қатысқан тұлғалар респираторларды пайдаланып немесе олар сыз негізгі арнайы киім жиынтығын кию жеткілікті. Ластанған аумаққа кіру міндетті түрде киімін толық ауыстырып кию және санитарлық рұқсатнама арқылы ұйымдастырылады, ал ғимаратқа және бірінші аймақтағы аумаққа кіру санитарлық шлюз немесе санитарлық барьер арқылы қосымша ЖҚҚ қолданумен ұйымдастырылады.

Авария зардаптарын жою жұмыстарын жүргізу кезінде, ЖҚҚ дұрыс таңдаудың негізгі критериі ретінде сол немесе басқа аймақтағы келесідей:

  • жұмыс жүргізу кезінде ауадағы радиоактивті заттардың күтілген немесе өлшенген концентрациясы туралы;
  • жоғарғы қабаттардың радиоактивтілікпен ластану деңгейі туралы;
  • ластанған ерітінділерді құю (соның ішінде қатерсіздендіретін) неме­се пароэжекциялық бүркігіштерді қатерсіздендіру үшін булы қоспаны қолдану мүмкіндігі туралы:
  • ауырлық (қиындық) категориясы және жұмысты орындау ұзақтығы туралы;
  • жұмыс орнындағы микроклимат және ауадағы газ құрамы туралы (температура, ылғалдық, ауада оттектің болуы, улы және жарылу қаупі бар газ қоспалары және т. б. ) мәліметтерді пайдалану керек.

ТЖ зардабын жоюдағы барлық жағдайда да жоғары концентрациялы (50% көп) бу шығаратын улы заттар бар ғимараттарға, боксқа, сиымдылыққа, цистерналарға, құдықтарға кұтқарушылардың кіруі кезінде ТМЖҚҚ ретінде оқшаулағыш демалатын аппараттар немесе шлангалы ЖҚҚ қолданылуы керек. ТЖ сипатына, оның ауырлығына орай, сондай - ақ түріне және алда тұрған жұмысқа байланысты құтқарушылар авария орынына келгеннен кейін штаттық авариялық жиынтықпен ЖҚҚ қалай қамтамасыз етілсе, сол объектінің ЖҚҚ қорымен солай қамтамасыз етіледі (мысалы, шлангалы ЖҚҚ және т. б. ) .

3) Жеке дәрігерлік қобдишаның құрылымы мен мағынасы

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары - радиацияға, химияға, бактерияға карсы медициналық және басқа да профилактикалық құралдар. Жеке дәрі қобдишасы радиациялық заттармен, бактериялық құралдармен зақымданған кезде өзіне-өзі және жанындағыларға алғашқы көмек көрсетуге арналған. Оның ішіне препараттары бар сықпалар мен пеналдар, ауырғанды басатын дәрілері бар шприцсықпа салынған. Сынғанда, жарақат алғанда және күйіп калған кезде ауырғанды басатын дәрі жамбас қоң етіне салынады. Фосфорлы органикалық заттармен уланған жағдайда "Ғ" ұядағы препаратты пайдаланады: "химиялық қауіп" сигналы берілгенде - бір таблетканы, ал уланудың алғашкы белгілері күшейе бастаған кезде тағы да бір таблетканы қабылдау керек. Таблетканы қабылдауды 5-6 сағаттан кейін қайталау қажет.

Бактерияға қарсы қолданылатын дәрілерді жұқпалы ауру қаупі тікелей төнген жағдайда, ол ауру пайда болған кезде, сондай-ақ жаракаттанғанда және күйгенде қабылдайды. Асқазан-ішек жолдары бұзылған жағдайда кабылданатын мөлшер нұскау бойынша белгіленеді.

медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау әсерін және сақтандыру кезіндегі күнделікті төмендету және зақымданудан ескерту мақсатында қолданылады.
Кестелік медициналық қорғаныс құралдарына мыналар жатады:
- АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы;
- ИПП-8, ИИП-10 радиациялық қауіпті аймақта тұратын халыққа арналған әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы;
- ППМ медициналық таңу пакеті.

АИ-2 пластмасалы қорапшасы
- АИ-2 пластмассалы қорапшасындағы ұялар бойынша бөлінген медициналық құралдар жиыны. Көлемі - 90*100*20 мм, массасы - 100г. Қобдиша ұяларында мынандай құралдар орналасқан:
1-ұя - резервтік, ауруды басатын дәрмек салынған шприц түтікті ( 2% промодел ерітіндісі - 1мл) салуға арналған.
2-ұя - қызыл түсті пеналды, фосфорлы-органикалық заттарға қарсы антидот таблеткасы (тарен, 6 таблетка) . Бір таблеткада 0, 006 гр таза тарен бар. Зақымдану ошағына шығардың алдында жеке сақтандыру дәрмегі ретінде бір таблеткадан пайдаланады.
3-ұя - үлкен түссіз пеналды, бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 2 (әрқайсысы 0, 2 гр сульфадиметоксидінің 15 таблеткасы) . Таблетканы асқазан-ішек ауруы кезінде радиациялық сәулеленуден кейін қабылдайды (алғашқы тәуліктерде 7 таблеткадан қабылдайды, екінші немесе үшінші күннен кейін тәулік сайын 4 таблеткадан) .
4-ұя - алқызыл түстегі екі пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 1 (әрқайсысы 6 таблеткалы цистамин) . Бір таблеткада 0, 2 гр препарат бар. Таблеткаларды сәулелену басталғанға дейін 30-60 мин бұрын радиоактивтік зақымдану қаупі кезінде жеке сақтандыру үшін қабылдайды (6 таблетка) . Таблетканы қайта қабылдауға тек 5-6 сағаттан кейін рұқсат етіледі.
5-ұя - екі ақ пеналдағы кеңінен қолданылатын антибиотик, бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 1. Тетрациклиннің бір таблеткасында 1 000 000 бірлік антибиотик бар. Хлортетрациклинді бактериялық зақымдану қаупі кезінде шұғыл дәстүрлі емес профилактикалық мақсатта қолданады. Бір жолғы мөлшері 500 000 бірлік. Таблетканы жараланған және күйген кезде қабылдайды. Әр пенал 5 таблеткадан, ал 6 сағаттан кейін сол мөлшерде тағы қабылдауға болады.
6-ұя - ақ түсті пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 2 (йодты калий - 0, 125*10 таблетка) . Таблетканы адам радиоактивті затпен зақымданған жағдайда қабылдайды (10 күн бойы әр күн сайын 1 таблеткадан) .
7-ұя - көк түсті пеналдағы құсуға қарсы дәрмек (этаперазин - 0, 006 гр 5 таблетка) . Бас ауырғанда, қатты соққы тигенде және құсықты тоқтату үшін сәуленің бастапқы әсері кезінде пайдаланылады.
Жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы тізбеленген дәрі-дәрмектермен қатар оларды пайдалану және қолдану жөніндегі нұсқаулық бар.
Әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы мына құралдармен жабдықталған: радиациядан қорғау құралдары, жалпы терапефтік препараттар (аспирин, седальгин, аммияк, бесалол, валидол, нитроглицирин, папазол, диазол, феназепам), антисептикалық және таңғыш құралдар

( бриллианттық жасыл, калий пермаганат, деринат, левоменол немесе мафенидин ацетат, мақта, бактерицитті жабысқыш, бинт) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иондық сәлулеленудің топтары
Қоршаған ортаны ластау
Сәулеленудің генетикалық әсері
Пайдалы әсері
Радиациялық мутагенез
Иондаушы сәулелердің жасушаға және көп жасушалы ағзаға әсері
Радиация және оның түрлері
Өндірістік жарақаттанудың техникалық себептері
Радиация және олардың түрлері туралы
Радиоактивтілік түрлері және радиоактивті ластану туралы қазіргі жағдай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz