Төтенше жағдайлар (ТЖ)


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тобы : ВС - 403

Орындаған : Жансолтанова А. А

Тексерген : Бакирова Л. С.

1) Төтенше жағдайдың негізгі ұғымдары мен анықтамалары

Төтенше жағдайлар (ТЖ) - апаттардың, қауіпті табиғи құбылыстардың, катастрофалардың, күтпеген немесе басқа да апаттардың нәтижесінде туындаған және адамдардың қаза болуына әкеліп соғатын немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, өмір тіршілік әрекетіне, қоршаған табиғи ортаға және шаруашылық обьектілерге нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін, айтарлықтай дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзатын немесе бұзуы мүмкін белгілі бір аймақтағы жағдай.

ТЖ туындау көздеріне тәуелді табиғи, техногендік, әлеуметтік және экологиялық болып бөлінеді.

.

Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

Әлеуметтік сипаттағы ТЖ -бүгінгі таңда, қоғамның өмірінде маңызды орын алатын әлеуметтік сипаттағы ТЖ: соғыстар, лаңкестік әрекеттер, адамдарды кепілдікке алу, ұрлық, тонау, алаяқтық, азарттық ойындар, зорлау - зомбылау, бопсалау, зиянды және қауіпті әдеттер, адамдардың топырлап жиналуы, өзге жинақтық бірлестіктер.

Экология сипаттағы ТЖ - Жер бетінде адамзат жайлы жағдайда тіршілік ету үшін, экологиялық сипаттағы ТЖ- ға үлкен көңіл бөлуде. Оларға жататындар : өсімдіктер мен жануарлардың қырылуы; топырақ жамылғысының ластануы, тұздануы, эрозияға ұшырауы; атмосфераның ластануы; гидросфераның ластануы; табиғи ортаның ластануы; су ресурстарының азайуы және т. б.

Барлық төтенше жағдайлар үш белгі бойынша топталады:

Бірінші : төтенше жағдайдың пайда болу сипаттамаларын анықтайтын шығу ортасы .

Екінші : мекемелік тәнділігі, яғни қандай жерде, халық шаруашылығының қандай саласында бұл төтенше жағдай орын алды:

  • Құрылыста (кәсіпорындар, азаматтық, көліктік)
  • Кәсіпорында(атомдық, химиялық, тамақ, металлургиялық, машина жасау, құрылыс, тау кен, тыңайтқыштық)
  • Коммуналдық- тұрмыстық(су өткізгіш канализациялық жүйелерде, газ, жылу, электр жүйелерінде, ғимараттар мен қондырғыларды қолдануда)
  • Транспортта(теміржолда, автомобильде, құбырөткізгішті, ауалы, сулы)
  • Ауыл және орман шаруашылықтарында

Үшінші : салдар мүмкіндік масштабтарында.

Салдарын жою үшін қатыстырылатын күштер мен құралдар саны мен келтірілген шығынының мөлшері алынады.

Көлемі бойынша төтенше жағдайлар локальдық, жергіліктік, жергілікті, аймақтық, федеральдық және трансшекаралық болып бөлінеді.

2) Техногенді сипатты ТЖ көздерін зақымдайтын факторлары, ТЖ даму фазалары

ХХ ғасырдан орын алып бастаған қарқынды ғылыми техникалық прогресс тек қана өнімділіктің жоғарылауына әсер етпей, сонымен қатар, адамзаттың өзіне және қоршаған ортаға зардаптарын тигізуде. Бқл күндері адамның өзі жасаған жаңа өмір сүру ортасына және техносфераға байланысты өмір тіршілікке қауіп төніп тұр. Себебі адам өмір сүру ортасының жағдайымен санаспай ойсыз іс-әрекет жасауының нәтижесінде, техникалық жоғары деңгейге жетпегендіктен өз өміріне қауіп - қатер туғыза бастады.

Техногендік сипаттағы ТЖ адамдардың жарақаттануына және қаза болуына, материальдық құндылықтардың жойылуына, экономикалық және экологиялық шығындарға әкеліп соғады.

Негiзгi қорлардың, жылжымалы құрамның және көлiктегi инфрақұрылымның сапалық және физикалық тозуы, мұнай-газ кен орындарын және басқа да табиғи ресурстарды игерудiң қарқын алуы, оларды тасымалдау және қайта өңдеу көлемдерiнiң ұлғаюы техногендiк қатерлердiң өсуiне нақты алғышарттар жасайды.
Қатерлердiң туындауына тозған жабдықтарды пайдалану, технологиялық және өндiрiстiк тәртiптiң төмен болуы, техника қауiпсiздiгi ережелерiн сақтамау, iшкi ведомстволық және өндiрiстiк бақылаудың әлсiздiгi, жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлердiң төмен бiлiктiлігі, республикаға мүлдем тозған және сапалық ескiрген жабдықтарды әкелу басты себептер болып табылады.
Өнеркәсiптік қауiпсiздiктiң мiндеттi техникалық және технологиялық нормаларын қамтитын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң негізгі бөлiгi әзiрленбеген.
Техникалық бақылаудың объектiлерге халық пен аумақтар үшiн өнеркәсiптiк қызметiнiң қауiптiлiгi, олардағы техногендiк төтенше жағдайлардың туындау ықтималдылығы бойынша саралап жiктеу жүргізiлмейтін тұтас жүйесi қолданылып отыр.
Техникалық қатерлердi төмендету жөнiндегi қызметтi реттейтiн және материалдық-техникалық қамтамасыз ететiн экономикалық тетiктер жоқ.
Қауiпті өндiрiстiк объектiлердiң жабдықтарын сертификаттаудың, сондай-ақ қауіпті өнеркәсiптiк қызметтi лицензиялаудың және сақтандырудың қалыптасқан жүйесi нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес келмейдi.
Көлiктегі қауiпсiздiктiң қажеттi деңгейi орныға қоймаған.
Елдi мекендердi салу кезiнде қала құрылысы нормаларын сақтамау, өрт қауiпсiздігінiң нормаларын сақтамастан үйлер мен ғимараттарды (әcipece тұрғын үйлердi) қайта жабдықтау, жаңғырту, техникалық қайта жабдықтау, өртке қарсы су құбырларын техникалық дұрыс жағдайға келтiру бойынша шаралардың қабылданбауы, ғимараттарды салу және оларға әрлеу жұмыстарын жүргізу кезiнде жанғыш және улы материалдарды қолдану өрттен болатын құрбандар санын және материалдық зиянды өсiруде.
Жыл сайын 1000-нан аса өрт болатын республиканың орман алқаптарында өрт қауiпсiздігін қамтамасыз етуге байланысты күрделi жағдай қалыптасуда. Табиғи өрттердiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi мiндеттердi шешуде мемлекеттік органдар тиiстi үйлескен iс-қимылдар жүргiзбей отыр.
Ерiктi өрт сөндiру құрамалары iс жүзiнде жойылған, бұл көптеген елдi мекендердiң өрттерден қорғансыз қалуына әкелдi.
Теңiз және өзен тасымалының дамуына орай су айдындарында төтенше жағдайлардың туындау мүмкiндiгi күрт арта түседi. Сонымен бiрге, теңiздерде, көлдерде және өзендерде болатын төтенше жағдайларды жоюға қабiлеттi суда жүзу құралдары жоқ.
Негiзiнен алғанда, көптеген ескi және авариялық жағдайдағы ғимараттар мен құрылыстар республиканың барлық өңiрлерiнде пайдаланылып жатыр десе де болады. Жыл сайын құрылыс құрастырмаларының қирауынан адамдар баспанасынан, мүлкiнен айрылады, жарақат алады және қаза табады.
XXI ғасырдың басында адамзат халықаралық терроризм мен экстремизм сияқты тағы да бiр қатерлi арандатушылыққа аяқ басты. Террористердiң осы заманғы техниканы, радиациялық-химиялық және биологиялық қауiптi заттар мен материалдарды пайдалана алатын, сондай-ақ техногендiк төтенше жағдайларды қолдан жасай алатын мүмкiншiлiктерiнiң болуы террорлық әрекеттердiң, әсiресе химиялық және биологиялық шабуылдардың жасалуы кезiнде олардың зардаптарын жоятын күштердiң (қызметтердiң) материалдық-техникалық базасын одан әрi нығайтуды талап етедi.

3) Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдай шаралары
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары туралы
Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау
Төтенше жағдайлардың класификациясы мен түсінігі
Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
Халықтың төтенше жағдай кезіндегі іс әрекеті
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
ТЖ кезінде халықты қорғау
ТЖ министрлігінің ролі, негізгі міндеттері мен ұйымдастырушы құрылымы
Төтенше жағдайлар және олардың алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz