XІX ғасырдаң екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік ой пікірлері



• Кіріспе
• XІX ғасырдаң екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік ой пікірлері
• Қорытынды
• Пайдаланған әдебиеттер
Қазақ елінің өмірі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында өте ауыр күйде болды . Бұқара халықтың жағдайы өте нашар болды.Сол кездегі патша жарлығы,халықтың өз жерлерінен айырылуы,салықтардың көбеюі бұның бәрі бұқараның көтерілісіне алып келді. Бірақ бұл көтерілістің бәрі басылып тасталды. Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде Қазақстанда философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.
Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ ұлы ойшылар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси қайраткерлері шықты. Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835-1865жж.), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.), Абай Құнанбаев (1845-1904жж.) сияқты қоғамдық-саяси қайраткерлер, Әлихан Бөкейханов (18870-1937жзж.), Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) т.б. оқымыстылар болды. Енді осы ұлы ойшылар мен ғалымдардың, әлеуметтік-саяси қайраткерлердің көзқарастарына қысқаша тоқталайық.
1. Р.Әбсаттаров ; М. Дәкенов «Әлеуметтану» (оқу құралы) 2010жыл

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы : XІX ғасырдаң екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік ой пікірлері

Тобы: ВС - 403
Орындаған : Жансолтанова А.А
Тексерген : Камиева К.Р

Жоспар
Кіріспе
XІX ғасырдаң екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік ой пікірлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақ елінің өмірі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында өте ауыр күйде болды . Бұқара халықтың жағдайы өте нашар болды.Сол кездегі патша жарлығы,халықтың өз жерлерінен айырылуы,салықтардың көбеюі бұның бәрі бұқараның көтерілісіне алып келді. Бірақ бұл көтерілістің бәрі басылып тасталды. Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде Қазақстанда философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.
Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ ұлы ойшылар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси қайраткерлері шықты. Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835-1865жж.), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.), Абай Құнанбаев (1845-1904жж.) сияқты қоғамдық-саяси қайраткерлер, Әлихан Бөкейханов (18870-1937жзж.), Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) т.б. оқымыстылар болды. Енді осы ұлы ойшылар мен ғалымдардың, әлеуметтік-саяси қайраткерлердің көзқарастарына қысқаша тоқталайық.

XІX ғасырдаң екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік ой пікірлері
Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік-ғылыми көзқарастары, оның демократиялық, гуманистік ой-пікірлері Петербургте және Сібір Кадет корпусында оқып жүргенде, сонымен бірге сол кездегі орыстың ұлы демократиялық өкілдерінің шығармаларын оқып, олардың кейбіреулерімен жақындасып, кездесіп, араласып жүргенде қалыптасты. Ол қазақты орыс мәдениетіне жақындату, орыс ғылымына идеясын жақтаған адам. Оның аққан жұлдаздай қысқа өмірі ғылым үшін өте құнды жылдар болған еді.
Шоқан орыстың ұлы революцияшыл демократтарының шығармаларымен етене таныс болған, оларды іштей жақтаған, өз халқын сүйгенін, оны шамасы келгенше қорғауға, орыс мәдениетін үйретуге тырысқан.
Ш. Уәлихановтың қоғамдық-әлеуметтік және саяси мәселелерді сөз ететін Записка о судебной реформе, Очерки Джунгарии, о мусульманстве в степи, Следы шаманства у киргизов, Тенгри сияқты еңбектерінде және достарына жазған хаттарында біз оның көзқарастары көп жағдайда озық идеялармен ұштасып, үндесіп жатқанын байқай аламыз. Ескерте кететін бір жайт, Ш. Уәлиханов өзінің саяси көзқарасын жан-жақты, жүйелі көрсететін үлкен еңбектер жазбаған. Бірақ, бұл оның халықтың болашағы үшін күрескен, орыс өнер-білімін үндеген алдыңғы қатарлы адам болғандығын анықтауға кедергі келтірмейді.
Айталық, Сібір казактарына арналған сот реформасы туралы жазбаларында ол ресми үкіметке көптеген талаптар қояды. Бұл талаптар негізінен халық өмірін жақсартуға, оның сот мәселесі жөнінде дербестігін сақтай отырып, орыстармен араласуға мүмкіндік алуға бағытталған. Ш. Уәлиханов 1864-ші жылы жазған еңбегінде реформаны іске асыру барысында халықтық ерекшелігін ескеруі жайлы пікірін тереңдете түсіп, реформалардың сәтті болуы халықтың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын, заңдарын жан-жақты зерттеуге байланысты екенін айтады. Міне , осыдан кейін: В наше время нет общественного вопроса, который был бы так важен, как вопрос о народных реформах. От неудачных и удачных реформ зависит вся будущность народа, в них заключается его быть или не быть. Реформы бывают только тогда удачными, когда они правильны т.е. тогда когда они основаны на тех неизбежных законах, прогресса при которых только и возможно здоровое развитие общественного организации деген шешімге келді. Бұл жерде ерекше бөліп айтар мәселе - Шоқанның прогресс деген ұғымға халықты ағарту, отандастарының саяси-экономикалық жағдайын жақсарту деген мағыналарды сиғызады. Пікірімізге дәлел ретінде Шоқанның осы тектес басқа да ойларын келтіре алар едік. Мысалы, Жонғария очерктерінде Құлжада көне заман ескерткіштерінің қиратылып жатқанына байланысты күйінішті, орыстың, еуропаның мәдениетін жақсы білуі Шоқанның прогресс үшін күресін белгілі мөлшерде сипаттай алады.
Шоқанның атаңның ұлы емес, адамның ұлы болуға тырысқан деп айта аламыз. Шоқан шығармаларынан халқына деген шексіз жаңаршылығын, сүйіспеншілігін байқаймыз. Патша үкіметінің қазақтарға кемсітушілік саясатын қолданып отырғанына ол үзілді-кесілді қарсы шықты. Халқының сауатсыз болғанын жасырмай айтқан Шоқан оның қабілетті, өркениетті қабылдай алатын ел екенін де дәлелдеді.
Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уәлиханов сияқты өзінің бар саналы өмірін елдің игілігі үшін сарп еткен, өз халқынның даңқты ұлы. Ы.Алтынсарин көрнекті педагог, ақын, ағртушы және ойшыл болған кісі. Ол қазақ халқының мақтан ететін қоғам қайраткері. Ол өзінің шығармаларында қазақтарға озық орыс мәдениетін үйренуді насихаттаған, сол халықтың алдына міндет етіп қойған орыс-қырғыз мектептерін ашу ісінде өзі бас болып, үлгі көрсетіп бірінші әрекет жасады. Торғай облысының халық училищелерінің инспекторы болып (1879-1889ж.ж.) қызмет істеп жүріп, ол қазақ балалары үшін бірқатар мектептер ашты.
Ы. Алтынсарин Қазақстанның Ресейге толық қосылып, кең қазақ даласын игеру мәселесі міндет етіп қойылған дәуірде өмір сүрді .
Ш. Уәлиханов ХІХ ғасырдың 50-ші және 60-шы жылдарында Ресейге крепостнойлық праовны жою үшін саяси және идеологиялық күрестің шиеленіскен дәуірінде қызмет етсе , Ыбырай Алтынсарин 70-80-ші жылдарында крепостнойлық право жойылып , Ресейде капитализмнің дамыған дәуірінде қызмет етті. Ы. Алтынсаринның туып-өскен жері Солтүстік Қазақстандағы капитализмнің ықпалына түскен аудандардың бірі еді . Ресейдің экономикалық өмірінде болып жатқан үлкен өзгерістер және сол өзгерістердің Қазақстанға ықпалы Ы. Алтынсариннің ағартушы және прогрессивтік пікірлерінің қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Ыбырай Алтынсарин өз халқын орыстың озық мәдениетіне жеткізудің ынталы жақтаушысы . Ол қазақ халқының экономикалық және рухани дамуын тездетудің негігі құралы етіп баолық қазақ ауылдарында орыс-қыпғыз мектептерін ашу міндетін қойды . Мектептерді халық арасында білім таратушы мәдениет ордалары деп санады және бұқара ортасында орыс, ғылымының табыстарын насихаттаудың тіректері деп қарады . Өзі бас болып, қазақ тілінде тұңғыш орыс әрпімен Киргизская хрестоматия оқу құралын жарыққа шығарды. Мұндағы көздеген мақсаты, қазақ оқушыларының орыс тіліндегі кітаптарды пайдалана білуді баулу , орыс мәдениетін түсінуді жеңілдету болатын. Қырғыз хрестоматиясы - қазақ халқының рухани өміріндегі үлкен маңызды оқиға болып табылады .
Ы. Алтынсарин орыс білімі қазақ халқының рухани дамуының жолы деп қана қараған жоқ, оны Қазақстанның өндірістік дамуына септігін тигізетін , яғни қазақтардың орыс халқынан ғылыми және практикалық білімін қабылаудың әдісі деп санады. Ы. Алтынсарин осы идеясын іске асыру үшін 1883-ші жылы Торғай қаласында қолөнер мектебін (ремесленная школа) ашты. Бұл мектептің ашылуын айрықша мәнді оқиға деп атап, оны қырғыздардың нақты білімінің бастамасы деп санады . Ы. Алтынсарин ашылып жатқан орыс-қырғыз мектептерінде білім алудың өте пайдалылығын және қажеттілігін көпшілік бұқараға ұғындыру және жас балаларды білімге қызықтыру үшін Қырғыз хрестоматиясының бірінші беттерін білім үйрену, ғылым игері туралы жалынды өлең сөздерімен бастайды . Сауатсыз , білімсіз адамдар - қараңғылықта адасушы, көзі жоқ соқыр, ақылы жоқ надан, деп жазды Ы. Алтынсарин. Нағыз адамдар - ғылымды игеріп , біліммен қаруланған, дүниенің игілігін пайдалана білетін кісілер. Ғылым адамды надандықтың түнегінен шығарады, оның ой-өрісін шексіз кеңейтеді .

Оқысаңыз балалар ,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегеңін алдыңнан

Іздеме-ақ табылар - деп жазды Алтынсарин.

Ы. Алтынсариннің түсінігі бойынша, білім дегеніміз, төңіректегі ақиқатты тану . Табиғи ақыл айналадағы бізді қоршағанды ғана қамтуға қабілетті, ал, оны дамытып, біздің көрмегенімізді де білуге қабілетті ететін дүниелік (светский) білім ғана деп көрсетті.
Сонымен, Ы. Алтынсаринның ағарту идеясы қоғамда ғылым мен білімнің рөлін дәріптеуге бағытталған . Әлібетте, бұл жерде қоғамдық өмірмен байланыстырылмай алынған ғылымның рөлін асыра дәріптегенін байқауға болады. Ы. Алтынсариннің орыс-қырғызмектептерін ашуы, Қырғыз хоестоматиясы жазуы , қазақ ауылдарында орысәдебиетін таратуы Қазақстан мәдениетінің даму тарихында үлкен оқиға , революциядан бұрынғы дәуірде қазақ халқының рухани өміріндегі дамудың бастамасы болды. Келешекте қазақ ауылдарында демократиялық идеялардың таратушысы болу үшін, оларды әділеттік, тазалық, шындық рухында тәрбиеледі.
Ол өз заманының қоғамдық-саяси тәртіптеріне көзімен қарады. Бірақ, қоғамның ауыртпалықтарын, жергілікті өкімет орындарының өкілдерін, реакцияшыл қазақ феодалдары мен молдаларын сынаса да, ол қоғамдық-саяси құрылысты тұтас сынауға өресі жетпеді.
Ы.Алтынсарин тарихты терең білмеуі әлеуметтік әділетсіздіктің түп-төркіні қоғамыдық - саяси қатынастарда екенін түсінуіне мүмкіндік бермеді. Надақтықты жою үшін олардың экономикалық негізін құртып , қоғамды революциялық жолмен жақсартып, халықтың экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ету қажет .
Ол замандастарын гуманизм тәрбиелеуге тырысты,оларды кедейге, бақытсыздыққа ұшырған адамдарға жәрдем беруге шақырады. Бай таптардың өкілдерін кедейлерге жәрдемдесуге шақырғанымен, іс жүзінде байлардың кедейлерге рақымсыздығын, олардың қарапайым халыққа жасаған заңсыздықтарына, әділетсіздіктеріне, озбырлығына куә болды. Бұл жағдай мәңгі болуы мүмкін емес, арамза мырзаларды жазалайтын күн де туар, деген ой ұшқыны Ыбырайда да болды.

Әлеуметтану мәселелері туралы арнайы еңбек жазбағанымен, ресми баспа орындарында басылып шыққан мақалалары оның әлеуметтанудан терең білімі барлығын байқатады және бұл еңбектерінде кейбір қоғам дамуының мәселелерін ғылыми пікірлерге сүйеніп шешуге тырысады.
Қырғыз хрестоматиясында басылған Қыпшақ Сейітқұл әңгімесінде революциядан бұрынғы Қазақстанда кең таралған барымтаны айыптады, қазақ көшпелілерінің отырықшылдыққа өтіп , мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығымен айналасуын , қазақ ауылдарының арасында сауданың дамуын жақтайды. Сонымен бірге ол Қазақстанның дамыуын табиғи процесс ретінде қарады. Ол қазақ халқының бұдан былайғы дамуына қолдан жасалған сыртқы күш керек деуші пікірлерді жоқ деп санады. Ы. Алтынсариннің бұл ойлары осы күнде де маңыздылығын жоймаған.
Қазақ халқының ұлы ақыны және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ағартушылық қызметі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өтті. Оның философиялық-әлеуметтік көзқарастары осы кезде қалыптасты. Ол бағзыдағы кемеңгер ойшылдардың шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой -пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды әлеуметтік мәселелерді түсіндіруге қолданды. Сол кездегі қазақ қауымын толғандырған басты мәселелерге жауап беруге ұмтылды.
Абай әлеуметтанудан арнаулы еңбектер жазбағанымен шығармаларында алуан түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап отырған. өзінен бұрын және кейін өмір сүрген ақын - ойшылдармен салыстырғанда Абай қоғамдық құбылыстардың даму қағидалары туралы, оларды басқару, қоғамның құрылымы, адам, тарихтаға бұқара халықтың және тұлғаның қалыптасуы, оның жоғарғы әлеуметтік-моральдық қасиеттері туралы терең ой қозғады. Яғни адамдарды ғылым және біліммен қаруландырып, олардың сана-сезімін, білімін дамыту, қоғамның дамуына байланысты білімнің ерекше маңызды рөлі, т.б. туралы бірінші болып терең ой-пікір айтқан және қоғам құбылыстарының даму қағидаларының бағыты туралы алғаш рет мәселел қозғап, өзінше шешкен. Абай сол кезде қазақ халқының саяси, мәдени, экономикалық жағынан кенже қалу себебін оның көшпенділігінен, бытыраңқылығынан екендігін халыққа түсіндірмекші болды.
Қоғам туралы мәселе Абайды терең толғандырған . Оның пікірі бойынша, біртұтас құбылыс ретінде қоғамның табиғи негізін халық құрайды. Қоғамның әлеуметтік құрылымы бірыңғай емес, ол бір-біріне қарсы тұрған жіктерден, яғни байлар мен кедейлерден тұратыны ақиқат, дейді Абай.
Қоғамның жіктерге бөлінуі ежелден бар. Сондықтан олардың арасындағы күрес толастаған емес . Қоғам біртұтас , бірыңғай құбылыс ретінде оның ішкі құрылымы алуан түрлі көкейкесті мәселелерді шешуді қажет етеді. Олардың қатарына мүлік арқылы жікке бөлінуі және жеке меншік, таптық құрылым, мемлекеттік басқару және сот ісін жүргізу, қоғамдағы еркіндік, бостандық, теңдік және адамдардың достығы, т.б. жатады.
Абайды адам проблемасы қатты ойландырғанын байқаймыз. Қырық үшінші нақыл сөзінде, тән азағы ішіп-жеу болмаса ол өсіп қуаттанбайды, ал, адамның жан азығы - білуге құмарлығы, бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жоқ. Білмекке құмарлықты қанағаттандыру - дүниенің көщге көрінген және көрінбеген қасиеттерін танып білуі, өздену, сұрап білу, ғылымға ұмтылу, дүние сырын білу, бұлар көкірекке сәуле, көңілге сенім береді деп толғанды ол .
Тән азығы мен жан азығының адам өмірінде бір-бірімен байланысты екендігін Абай терең ұғынған: тілек, мақсат, арман сияқты өмірдің күштері адасның денсаулығы, жүйке-жүйелерінің саулығына байланысты қалыптастырылады. Адам бойындағы туа біткен болмысы дамымай ескерусіз қалса, қуаттың (қабілеттің) қайсысы болса да жоғалады, болмаса ешнәрсеге жарамай қалады. Егер оны үнемі ескеріп, күтіп, күнде тексерсе, ол кәдеге асады.

Абай қазақ қоғамының болмасына терең үңіле білді.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол -

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдында ,

Оған қайғы жемеңіз.

Өсек, өтірік мақтаншақ,

Еріншек,бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Абайдың ойынша, елдің жақсы, жаман болуы оның ынтымақ берекесіне байланысты. Ол ел берекелі болса - жақсы жайлау, ол бір - көл дейді. Абайдың байқауынша, ел еңбекпен көркейеді, елдің шырқын бұзатындар еңбек етпейтін арамтамақтар, еңбексіз жатып ішу адам баласын аздырады: Тамағы жоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын , Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей дейді.
Абайдың айтуынша күллі (38-қара сөзінде) адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек. Әуелі надандық, екіншісі - еріншектік, үшіншісі - залымдық дейді. Надандық - білім , ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Абайдың әлеуметтік көзқарасында: байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылықтарын, олардың жағдайын, қоғамдағы алар орындарын салыстырып, сауатсыздардың көзін ашып түсіндірмек болған.
Абай халықты оқыту жұмысын бір орталықтан ( мемлекет жағынан) басқарып, жас буынды тәрбиелеуде үздіксіз қамқорлықтың керектігін көрсетеді. Абайдың бұл идеясы бір жағынан өз заманында іс жүзіне аспайтын қиял болғанымен, екінші жағынан, болашақта жемісін беретін өте игілікті идея болды. Ол адамдарды көркіне қарап емес, адамгершілік деңгейіне қарап бағалау керектігін ерекше атап көрсетті. Ұлы ойшыл ақын жастарға жар тандау мәселесіне де дәл осы тұрғыдан келудің қадет екендігін үйретті.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан аса ірі қоғам және саясат қайраткері, оқымысты, жазушы, Петербург массондарының мүшесі. Ол Ресейдің І Думасының депутаты. алаш қозғалысын ұйымдастырушы, әрі алаш партиясының көшбасшысы, ұлттық Алаш Орда үкіметінің төрағасы, т.б. саяси-әлеуметтік қызметтер атқарады. Ол Санкт-Петербургтегі Орман Шаруашылығы институтынтәмамдаған, оқымысты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Адам мен саясат жөніндегі қазақ ойшылдарының топшылаулары
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
XIX ғасыр поэзиясындағы өнер, білім, ғылым тақырыбы
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
Саясаттану ғылым және оқу пән ретінде. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендері
Қоғам және жеке тұлға
Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау
Пәндер