«Мен құқылымын» тақырыбына эссе


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: «Мен құқылымын» тақырыбына эссе

Тобы : ВС - 403

Орындаған : Жансолтанова А. А

Тексерген : Башаева Н. Д.

2015 жыл

Мен құқылымын

. . . Адам құқығы туралы айтқан кезде,

бүгін біз адам мен мемлекеттің арасындағы

өзара қатынасын айтамыз . . .

М. Новицкий

Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап- ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына қатты көңіл бөлінуде. Соның айқын бір көрінісі - Конституциямыздың бірінші бабында адам құқықтары: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп бекітілді.

Құқық деген бұл өз мүделерімді заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігім. Құқық өзі негізі табиғи және әлеуметтік құқықтарға бөлінеді. Табиғи құқыққа өз қалауыммен өмір сүруім, ал әлеуметтік құқыққа қоршаған ортамен қарым қатынас кезіндегі құқықтарымды жатқызуға болады. Құқық табиғи құқықтардан туындайды және ол барлық адам баласына туа біткен қасиет ретінде танылады. Олар өмір сүру, бостандық, езгіге қарсы тұру, бақытты болуға ұмтылу. Бұл қасиеттер бүкіл адамзаттың ажырамайтын құқықтары деп танылады.

Азаматтардың, адамдардың негізгі құқықтарымен бостандығы халықаралық актіде және әр мемлекеттің Конституциясында толық көрсетілген. Менің құқымды да Қазақстан Республикасының Конституциясынан көруге болады. Конституция - адам құқығының кепілі. Онда белгіленген құқықтар арнайы заңдармен жүзеге асады. Әрине, «Өткенді білмей, болашақты болжай алмайсың» деген бар емес пе? Көшпелі тұрмыс кешкен халықтың бәрі бірдей әріп танымағанымен, олар дала заңына бас иген, бағынған. Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханың «Ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғыларын» негізге ала отырып Конституциямыз дүниеге келеген.

Мен Қазақстан Республикасының Конституциясының он бесінші бабы бойынша өмір сүруге құқығым бар. Ешкімнің адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өз құқықтарым мен бостандықтарымның сот арқылы қорғалуына, өзімнің жеке басымның қауіпсіздігін яғни жеке меншігімді, өмірімді, денсаулығым үшін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдерді қолданып, қорғануға, өзімнің жеке басымның бостандығына, қадір қасиетімді қорғауға құқылымын. Сонымен қатар заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға, бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға, мемлекеттік органдарын сайлауға және сайлануға, референдумға қатысуға, мемлекеттік қызметке кіруге, алдыма қойған мақсаттарым, мүдделерімді іс жүзіне асыру үшін партиялар, кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар құруға, жеке меншікке ие болуға, еркін кәсіпкерлікпен шұғылдануға, еңбек етуге, жұмыс түрін еркін таңдауға, әділ және қолайлы еңбек жағдайына, жұмыссыздықтан қорғалуыма, тынығуға және мәдени демалуға, оның ішінде ақылға қонымды шектеулі жұмыс күніне және мерзімді ақылы демалысқа, денсаулығымды сақтауға, жасым келгенде, мүгедек болғанда, асыраушымнан айырылған жағдайларда жалақы немесе зейнетақы, жәрдемақы алуыма, неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғалуында болуға, тегін орта білім алуға және кешендік тестілеуден өттіп жоғары оқу орындарында оқуға, ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға құқығым бар. Қазақстан Республикасының кез келген азаматы еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға, өзі қалаған адамға уйленуге немесе тұрмыс құруға, отбасын сақтап қалуға, сондай-ақ бала асырап алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекет адамдарға арнайы құқықтық міндеттер де жүктейді. Құқық міндетсіз болмайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы мынадай міндеттер жүктейді: әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір қасиеттерін құрметтеуге, Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеуге, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға, табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Джордж Берклидің өмірбаяны
ЭССЕ. ЭССЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Сағат саны
Жазба жұмысын жоспарлау
ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ
ЭССЕ ЖАЗУ СТРАТЕГИЯСЫ
Эссе жазу шарттары
Қаржы пəн бойынша сырттай оқу нысанында оқитын студенттерге өзіндік жұмыстарды орындауға арналған əдістемелік нұсқасы
Эссеге дайындалу мен оны жазу жолдары
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының конституиялық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz