ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу жолдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСРУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы : ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Орындаған : Жансолтанова А. А.
Тобы : ВС -403.
Тексерген : Қуантқан Б.
Семей 2015 жыл
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып жекешелендіру табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшіносы жекешелендіру жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру - күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім, мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Сонымен жекешелендіру дегеніміз меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі.
Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасының әміршіл әкімшіл жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі меншік қатынастарын өзгертудің заңды қажеттілігін туындатты. Бұл үдеріс мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру арқылы жүзеге асырылды. Қазақстанда мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру үдерісінің басталуы мемлекеттік меншіктің үлесін азайтуға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталды.
Жекешелендіру - бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен мемлекеттік меншік обьектілерін, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың өзгертілуі арқылы құралған акционерлік қоғамдардың акциялар үлесін алуы.
Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың аса маңызыд элементі болып табылады. Өйткені жекешелендірудің бірқатар артықшылықтары бар:
1) Микроэкономикалық артықшылықтары:
- Капиталды инвестициялау;
- Өзіндік құнды төмендету және тиімділікті көтеру;
- Жаңа басшылық;
- Жаңа технологиялар;
2) Макроэкономикалық артықшылықтары:
- Бәсекелестіктің күшеюі;
- Қаржылық тұрақтылық;
- Капитал нарығының дамуы;
- Әлеуметтік бағдарламалар;
- Тікелей шетел инвестицияларые тарту;
3) Шетелдік инвесторлар үшін пайдалы болуы
- Жаңа нарықтар;
- Тәуекелдің төмендеуі;
- Нарыққа кірудегі ең төменгі тосқауылдардың болуы;
- Тұтынушылар үшін пайдалылығы;
Жекешелендірудің түрлері :
1) Кіші жекешелендіру - жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі мемлекеттік меншіктің шағын обьектілерін жекешелендіру
2) Жаппай жекешелендіру - жұмысшылар саны 200 адамнан асатын орта кәсіпорындарды жекешелендіру. Басқаша, бұл купондық жекешелендіру деп аталады.
3) Жеке жобалар жекешелендіру - жұмысшылар саны 5000 адамнан асатын ірі және стратегиялық маңызы бар мемлекеттік меншік обьектілерін жекешелендіру.
4) Жекеше жекешелендіру - мемлекеттік меншік обьектілерін жекелеген бөліктерге бөліп жекешелендіру.
5) Қарапайым кездейсоқ жекешелендіру - мемлекет тарапынан бақылау орын алмайтын жекешелендірудің түрі.
Әлемдік тәжірбиеде жекешелендірудің алғашқы үш түрі аса кең тараған деп жиі айтылады.
Жекешелендірудің төмендегідей тәсілін айтуға болады:
а) аукциондық, жекешелендірілетін меншікке кім жоғарғы баға ұсынса соған сатылады.
ә) конкурстық -таңдау сатушының ойынша, дұрыс жағдай ұсынған сатып алушыға артықшылық көрсетіледі;
б) кәсіпорын акциясын ересек тұрғындарға беру;
в) купондық тәсіл.
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІ ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСТЕРІ.
1. Аукциондар
, бұлар конкурстар жариялау арқылы қандай да бір мүлікті сату және сатып алу тәсілдерін қарастырады. Бұл жерде үміткерлер қатысатын ашық сауда коммерциялық конкурс арқылы жүргізіледі. Коммерциялық конкурс - максималды бағасы ұсынылып, сатып алушы қойылған шартты толық орындауға келіскен жағдайда мемлекеттік меншік объектілерін сату.
2. Акцияларды сату
, яғни кәсіпорын капиталындағы үлестерді сату. Бұл жерде тендерлер жарияланып, үміткерлер қатысатын жабық сауда инвестициялық конкурс арқылы жүргізіледі. Инвестициялық конкурс - коммерциялық конкурсқа ұқсас, бірақ жеңіс өлшемдері жекешелендіру объектісінің инвестиция мерзімі мен мөлшері болып табылатын сауда-саттық.
3. Жалға берілген кәсіпорындардың мүлкін сатып алу.
Бұл жерде кәсіпорындарды сату аукциондар арқылы ашық сауда тәсілдерімен жүргізіледі және сатып алушыға максималды баға қоюдың талабы ұсынылады.
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ КЕЗЕҢДЕРІ
Қазақстанда кең көлемді жекешелендіру 1991 жылы басталды. Бұл үрдістің негізгі бағыттары үш кезеңнен өтті. Үкіметтің бағдарламалары бойынша 31 мың кәсіпорынды мемлекетсіздендіру және жекешелендіру жоспарланды.
1991-1992 жылдарға арналған мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің алғашқы ұлттық бағдарламаасы мемлекеттік меншікті басқа нысандарға айналдыруды, азаматтардың мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерін сатып алуды мақсат етіп қойды.
1993-1995 жылдарға арналған екінші ұлттық бағдарлама кіші, жаппай және жеке жобалар бойынша жекешелендірудің түрлерін қарастырып, нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасауда мақсат етті.
1996-1998 жылдарға арналған үшінші ұлттық бағдарлама негізінен жекешелендіру үдерісін аяқтау арқылы экономикада жеке сектордың басымдылығына қол жеткізіп, оны бекітуді мақсат етті.
Бірінші кезең: Кіші жекешелендіру 1991-1992 жылдары жүргізілді. Бұл кезеңде сауда, қызмет көрсету аясындағы кіші және орта кәсіпорындардың 50%-ы жекешелендіру. Мемлекеттік меншіктің мөлшері мен құрамын белгілеу, меншік құқығын беру тетіктерін әзірлеу шаралары жүзеге асырылды.
Екінші кезең : Үлкен және жаппай жекешелендіру 1993-1996 жылдары жүргізілді. Бұл кезеңде орта және ірі кәсіпорындар жекешелендірілді. Бұл кезең кіші жекешелендіру бағдарламасының аяқталуын, жаппай жекешелендіру және жеке жобалар бойынша жекешелендіруді белсенді іске қосуды көздеді. Бұл жерде жекешелендірудің мынадай артықшылықтарын көрсетуге болады, біріншіден, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен жұмысбастылықты көтеруге жағдайлар туындайды, екіншіден, жаппай жекешелендіру шаралары үлкен мемлекеттік шығындарды талап етпейді.
Үшініш кезең: Жеке жобалар бойынша 1997-2000 жылдары жүргізілген жекешелендіру жекешелендірудің аяқталу кезеңі деп аталады. Күтілген оң нәтижелері : экономикалық тиімділіктің өсуі, кәсіпорындарды басқаруды жетілдіру, жекешелендірілген кәсіпорындардың және олардың өндірген тауарларының бәсекелестік қабілеттілігін көтеру.
Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде қазір ҚР-да меншіктің жаңа қатынастары пайда болды. Олар :
- жеке мүлікті - жеке тұлға ретінде кәсіпкер иеленеді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz