Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселесі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСРУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Дж. М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері.

Орындаған : Жансолтанова А. А.

Тобы : ВС -403.

Тексерген : Қуантқан Б.

Семей 2015 жыл

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім:Дж. М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері.
  • Қорытынды
  • Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Сыртқы экономикалық саясатты талдауда бүкіл әлемдік шаруашылық ауқымындағы елдер қарастырылды. Дегенмен белгілі бір ұлттық ерекшеліктің мәнін ескергенде бәріне ортақ шараларды қабылдау қиынға түседі. Өйткені, бір типті мемлекеттердің өзінде қолданылатын құралдарда да, алынатын нәтижелер де айтарлықтай айырмашылықтардың бары көрініс тапқан. Бұл жағдайда, сөзсіз екінші жолмен, яғни жүргізілетін саясат типтеріне қарай елдерді топтау әдісімен жүру мүмкіндігі туындайды. Мұндайда бір бағыттың өзіне экономикалық саясат мәселелері бойынша бірнеше әдістер қолданылуы мүмкін. Атап айтқанда: ақша саясатын қатаң жүргізу, мемлекеттің рөлі, жалпы ішкі өнімді бөлу және т. б. Бұл көзқарасты мемлекеттің өзара араласуының маңыздылығын құптайтын экономисттер қолдайды. Ал экономисттердің басқа бағыты либералдары, реформаларда, монетаристерді біріктіреді.

Солардың бірі Батыс экономикалық теориясын терең дағдарыстан алып шыққан, экономикалық жүйені қалыптастырумен әйгілі болған ағылшындық экономист Джон Мейнард Кейнс.

Дж. М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері .

Қазіргі экономикалық ілімдер тарихының негізін қалаушы ағылшын экономисі Дж. М. Кейнс болып табылады. Кейнс өзінің 1936 жылы шыққан «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген басты еңбегінде экономикалық мәселелерді реттеудің макроэкономикалық негіздерін жасай отырып, микроэкономикалық талдау шеңберінде шешіле алмайтын көптеген сұрақтарға жауап бере алды. Осы теория негізінде экономикалық екінші құрамдас бөлігі - макроэкономика қалыптасты. Кейнстің бұл еңбегі оны және оның теориясын әйгілі етті. Ол бүкіл экономикалық процестердің, негізгі параметрлерін (бәрінен бұрын өндіріс көлемін) уақытпен өзгермеген, қысқа мерзім шеңберінде қарастырды. Бұл кезде экономиканың ұзақ мерзімді өсу мәселері оқымыстының алдында тұрмаған. Дж. Кейнс одан неғұрлым маңызды сұрақтарға “Толық емес жұмыспен қамтудан толық жұмыспен қамтушылыққа қалай көшуге болады?”, “Жаппай жұмыссыздықты қалай жоюға болады?”. “Өндіріс қуаттарының толық өспе қосымшалығын қалай пайдаланып тауарларды артық өндіруге болады?” деген өзекті сұрақтарға жауап беруді маңызды көрді. Кейнс ұлттық табыстар, жинақтар, инвестициялар мен сұраныстар арасындағы экономикалық пропорцияларға қол жеткізу міндеттерін алға қойды. Кейнсиандықтың басты экономикалық идеясы инвестициялар мен жинақтар арақатынасын талдаумен, “Тиімді сұраныс” (кейнсиандықтардың негізгі категориясы) сияқты макроэкономикалық категорияларды зерттеумен байланысты. .

Кейнс неоклассикалық ілімнің негізгі қағидаларынан бас тарта отырып нарық өзін-өзін реттей алмайтын тетік екенін дәлелдеді. Мұндағы Кейнстің басты идеясы болып экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі табылады. Өйткені, таза нарық жағдайында экономиканың күрделі мәселелері, атап айтсақ, жұмыссыздық, инфляция, экономиканың кезеңдік ауытқуы, әлеуметтік қамсыздандыру, халықтың әл-ауқаттылығын жақсарту сияқты күрделі мәселелер өздігінен шешілуі мүмкін емес, осыларды реттеу үшін мемлекет нарыққа міндетті түрде араласады. Кейнс ең алдымен, экономиканың қозғаушы күші деп ұсынысты емес, сұранысты бірінші орынға қояды, олай болса, ол жиынтық сұранысты көтеру және қолдау үшін мемлекеттің бюджет-салық және ақша-несие саясаттарын жүргізуді ұсынды.

Кейнсиандық модель баға мен жалақы, әсіресе қысқа мерзімді кезеңде, болымсыз өзгереді дегенге негізделген. Кейнсиандық тұжырымдама, сонымен бірге, классикалық теорияның ұсыным өз сұранысын тудырады деген ережесін де жоққа шығарды. Кейнс кері себепті-салдарлы байланыс - тұтас сұраным ұсынымды тудырады дегеннің болатындығына сендірді.
Егер тұтас сұраным жетімсіз болса, онда өндіріс көлемі жұмыспен толық қамтамасыз етілген жағдайдағы әлуетті сұранымға тең болмайды. Икемсіз баға кезінде экономика жұмыссыздықтың жоғары деңгейінде ұзақ уақыт бойы тоқырау жағдайында болады.
Бұл модельден шығатын қорытынды - мемлекет сұранымды ынталандыруға бағытталған белсенді макроэкономикалық саясатты жүргізе отырып, экономиканың дағдарыстан шығуына ықпал етуге тиіс. Кейнс, өзін-өзі реттейтін рычагтарды іске қосудағы бағаның, жалақының, пайыздық ставканың оралымдылығын теріске шығарды.
Дж. М. Кейнс теориясының мағынасы, дәстүрлі келістердің экономикалық даму процестерін жайғана қарастыру емес ол, агрегирленген (агрегированный) категориялар ретінде, нақты экономикалық дамудың өзара байланыстары мен функционалдарының тәуелділіктерін зерттеудің жалпы теориялық негіздерін қалап, олардың экономикалық даму тенденцияларына тиетін әсерін көрсетті.
Кейнсиан теориясы мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты жағдайындағы әлеуметтік, психологиялық, ұйымдастыру факторларының есебін жүргізуді болжады. Сондықтан қазіргі экономикалық теория Дж. М. Кейнстің экономикалық дүние таныуы және методологиясымен тікелей байланысты. Ол экономикалық даму процестеріне әсер еткен алуан түрлі жағдайлар мен факторларды кең түрде түсіндіріп, ғылыми пәнінде пайдаланды.
Кейнс жаңа экономикалық категория - "инвестициялар мультипликаторларын” ұсынды. Кез келген саладағы инвестициялардың мәні өндірістің дамуына және осы салаларда көптеген адамдарды жұмыспен қамтушылықты тұдырады, ал ол, тұтыну заттарына деген сұраныстың қосымша көбейуне әкеледі. Бұл салалар өндіріс құралдарына деген қосымша сұранысты білдіреді. Сөйтіп, инвестиция арқасында, жиынтық сұранысты, жұмыспен қамтуды және табыстың көбеюін тұдырады.
Сонымен Кейнстің зерттеу методологиясының ерекшеліктері мыналар:
- қысқа мерзімдік макроэкономикалық талдаудың негізгі өлшемінің екі бірлігі - ақша бірлігі мен еңбек бірлігін құру;
- экономикалық ғылымдар теориясына өзгермелі (переменных) басым көпшілік санымен өзара байланыста негізделген, математикалық үлгілерін (модельдерін) енгізу.
- экономикалық теорияның жаңа тілін құру - агрегатты шамалар уақытының қысқа мерзім аралығында аса аз өзгеретін санының тілі, содан соң осының көмегімен бүкіл экономикада өзара байланысты төрт рыноктардың (тауарлар мен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері жайлы
«Кейнсиандық бағыт және оның эволюциясы»
Кейнстің экономикалық ілімі
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері туралы мәлімет
Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері жайлы ақпарат
Кейнстің экономикалық ілімінің зерттеу мәселелері
Дж.М. Кейнстің экономикалық негізгі зерттеу мәселелері
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері туралы
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері
Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz