Антидене түзу теориясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

СӨЖ

Тақырыбы : Антидене түзу теориясы. (Иммуноглобулин)
Аллергенді диагностикумдар

Орындаған : Жансолтанова А. А.

Тобы : ВС - 403.

Тексерген : Тастемирова Ш. А.

Семей 2016

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Антидене

АНТИДЕНЕЛЕРДІҢ ТҮЗІЛУ ТЕОРИЯСЫ

Ф. Бернет теориясының негізін төрт ереже қалайды.

Антидене атқаратын қызметі

Антидене түрлері

Иммуноглобулин құрылысы

Иммуноглобулин молекуласының құрылымы

Аллергиялық реакциялар

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

АНТИДЕНЕ

Антиденелер қан сарысуының ақуыздарының гаммаглобулин бөлігіне жатады. Гаммаглобулиндер қан сарсуының барлық ақуыздарының құрамының 15-20 пайызын құрайды, салмағы 10-20 гр жетеді. Антиденелер иммундық жауаптың себебінен пайда болғандықтан оларды - иммундыглобулиндер деп атайды. Олардың халықаралық белгісі Ig. Антиденелерді В-лимфоциттер және олардан тараған плазматикалық жасушалар бөліп шығарады.

Иммундыглобулиндер рецепторлық молекулалар түрінде иммунды жауапты жасушалар мен миеломдық ақуыздарды мекендеп, организмде айналып жүреді. Айналыста жүретін антиденелердің екі түрі бар˸ қансарысулық және секреторлық. Иммундыглобулиндердің қатарына Бенс-Джонсон ақуыздары да жатады. Олар иммундыглобулиндердің бөлшектері болып миеломалық ауру кезінде мол қорытылып шығарылады.

Иммуноглобулиндер микробтарды немесе бөгде жасушаларды тұмшалап, оларды фагоцитозға дайындайды, вирустар мен токсиндерді залалсыздандырады, антигенмен жабысқаннан соң комплемент жүйесін іске қосады.

АНТИДЕНЕЛЕРДІҢ ТҮЗІЛУ ТЕОРИЯСЫ

Антиденелердің түзілуін түсіндіретін теорияларды шартты түрде инструктивті жэне селективті топтарға жіктеуге болады. Бірінші топқа Н. Ф. Гамалеяның "таңба" (1928), Ф. Гауровиц пен Л. Полингтің "тікелей матрица" (1937) жэне Ф. Бернет пен И. Феннсрдің "жанама матрица" теориялары (1949), ал екінші топка П. Эрлихтің "бүйір тізбектер" (1898), Н. Ерненің "табиғи сұрыптау" (1955) және Ф. Бернеттің "клональді-селекциялық" теориялары (1964) жатады.

Танба теориясы" бойынша жасуша арқылы өткен антиген оның ішінде балауызға немесе сургучка басқан мөр сиякты өз ізін қалдырады. Жасушадан бөлініп шыққан мүндай танбалар өздерін қалыптастырған антигендермен байланысқа түседі.

"Тікелей матрица" теориясы бойынша антиген антиденелерді жасап жатқан жасушалардың ішіне еніп, иммуноглобулин моолекуласының түзілуіне керекті матрица қызметін атқарады. Олардың ойынша антиденелер бір-бірінен тек полипептидтік тізбектерінің конфигурациясы бойынша, басқаша айтканда ширатылу тәртібімен ажыратылады. Антигеңдер құрастырылып жатқан антиденелердің шеткі ІЧ-амин кышқылдарының конфигурациясын өзінің детерминанталарына үйлесімді етіп өзгертеді. Антидене антигеннен босап, қан ағымына енеді, ал антиген иммуноглобулиндердің жаңа молекулаларын жасауға кіріседі. Алайда, бұл теория иммунологиялық толеранттылықтың қалыптасу зандылыктарына, антиген мен оған қарсы түзілген антиденелердің сандық жағынан сәйкес келмеуіне түсініктеме бере алмады және антигеннің жасуша ішінде аз уақыт аралығында ғана өндеуден өте алу мүмкіндігіне қайшы келді.

Ф. Бернет теориясының негізін төрт ереже қалайды.

1. Лимфоидты ұлпада жасушалардың көптеген популяциялары болады. Ғалымның есебі бойынша адам организмінде лимфоидты жасушалардың саны 10 12 жетеді. Әр клонның жасушалары иммуноглобулиндердің бір ғана вариантын жасап шығарады.

2. Мутацияға ұшыраған клондардың лимфоидты жасушаларының гетерогенді популяциялары иммуноглобулиндердің әртүрлі вариантгарын жасап шығарады. Иммуноглобулиндердің нақты бір антигенге үйлесімділігіне клонның генотипі жауапты болады. Ф. Бернеттің жорамалдауынша антигендердің жалпы саны 10 000 жуық болуы мүмкін. Бұл жағдайда лимфоидты популяцияларда белгілі бір антигенге антиденелерді түзуге алдын ала бейімделетін 10 000 клон болуы керек.

3. Антигендердің аз мөлшері өз клонының көбеюіне жэне антидене өндіруші жасушаларға айналуына ықпалын тигізеді. Бұл клонның пролиферациясының нәтижесінде бірнеше күн ішінде көптеген антидене өндіруші жасушалар пайда болып, антиденелер қан ағымын канықтыра бастайды.

4. Антигеннің көп мөлшері өзіне қарсы антиденелерді түзуге алдын-ала бейімделген жасушалардың клонын жойып жібереді. Бұл мәселе эмбриональдік кезеңде организмнің өз антигендеріне қарсы бағытталған лимфоидты жасушалардың талкандалуына әкеледі.

Табиғи сұрыптау теориясының авторы Н. Ерненін жорамалдауынша антиген антидененің түзілуіне керекті матрица бола алмайды. Антигеннің міндеті - организмдегі әртүрлі антигендерге қарсы пайда болған табиғи антиденелерді сұрыптаудан өткізу. Айталық, антиген денеге енгеннен соң өзіне үйлесімді антиденені тауып алып, олармен байланысқа түседі. Бұл кешен фагоциттермен жұтылып, кейіннен антиденелерді жасай алатын иммундық жауапқа құзыретті жасушалардың ішіне енеді. Бұл теория бойынша антиген тек сұрыптаушының рөлін ғана атқарады, сондықтан да ол иммунологиялык толеранттылықтың феноменін, организмнің өз антигендерін басқалардан ажырата алу қабілетін түсіндіре алмады.

Жанама матрица теориясының авторлары антигеннің детерминанталары лимфоциттің ДНҚ немесе РНҚ-на әсер ете отыра, олардың өзін-өзі реттеуші нуклеопротеидті құрылымын езгеріске ұшыратып, өздеріне үйлесімді антиденелерді тудырады деп есептеген. Бұл теорияның негізінде кейіннен Н. Ерненің "табиғи сұрыптау" теориясы пайда болды.

"Бүйір тізбектері" теориясы иммунологияның ғылым ретінде калыптаса бастаған кезеңінде пайда болды. П. Эрлихтің пікірінше антиген жасуша бетіндегі өзіне үйлесімді антиденелік рецепторларды - бүйір тізбектерді таңдап алады. Кейіннен бұл рецепторлар жасушадан ажырап, қан айналымына енеді. Бүйір тізбектерінен айырылған жасушалар олардың орнын толтыру мақсатында рецепторларды көп мөлшерде жасап шығара бастайды. Бұл жағдай қан айналымында рецепторлардың сан жағынан өсуіне әкеледі. Міне осындай бос рецепторларды П. Эрлих антиденелер деп атаған. Бірақ, жасушаларда кез келген антигендерге үйлесімді рецепторлардың бар болуын кейінгі зерттеулер растаған жоқ. Сонымен қатар бұл теория иммунды жауаптың ұзақтылығын жәнс антигенмен екінші рет кездескен иммундық жүйенің анамнестикалық реакцияларының табиғатын түсіндіре алмады.

АНТИДЕНЕ ТҮРЛЕРІ

Антиденелердің молекуласында антигендермен байланысқа түсе алатын белсенді орталықтары орналасқан. Олардың саны антидененің валенттігін сипаттайды. Осыған байланысты антиденелердің толық және толымсыз түрлері белгілі.

- Екі немесе он валентті толық антиденелер өз антигендерімен әрекеттескенде аспапсыз көзбен көрінетін агглютинация, лизис, преципитация феномендерін тудыра алады.

- Толымсыз моновалентті немесе блокирлеуші антиденелер өздеріне телімді антигендермен әрекеттескенде көзге ілінер ешбір нышан байқалтпайды. Мұның себебі - толымсыз антиденелер антигендік бөлшектерді ірі конгломераттарға біріктіре алмайды. Толымсыз антиденелерді анықтау үшін арнайы серологиялық реакциялар ұсынылған.

Иммуноглобулин құрылысы

Иммуноглобулиндердің молекуласының құрылысы Г. Портер мен Дж. Эдельманның жүргізген ғылыми жұмыстарының арқасында анықталды. Оларға осы еңбектері үшін 1972 жылы Нобель сыйлықтары берілді.

Иммуноглобулиндер екі ауыр және екі жеңіл полипептид тізбектерінен құралған.

Ауыр немесе H-тізбегінің молекулалық салмағы орта есеппен алғанда - 5 Д, ал жеңіл немесе L-тізбегінікі 25000 Д тең. Сонымен тұтас иммуноглобулиннің молекулалық салмағы 15 құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адаптивті иммундық жүйенiң құрылысы. лимфоциттер генезi. иммундық бақылау концепциясы. адаптивті иммунды жауап
Иммунитет теорияларының дамуы
Фармацевтикалық биотехнология негіздері. Антибиотиктер,вакциналар,моноклинальді антиденешіктер және т.б биотехнологиясы
ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ
Иммундық жүйе
Малдардың өнімінің сапасын арттыру
Иммунология және аллергология бойынша дәрістер жинағы
Жануарларды иммундеу әдістері
Қан тамырлар патологиясы
Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz