Мал өнімдерін ветеринариялық – санитариялық зерттеу


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

СӨЖ

Тақырыбы: Мал өнімдерін ветеринариялық - санитариялық зерттеу

Орындаған : Жансолтанова А. А.

Тобы : ВС - 403.

Тексерген : Тастемирова Ш. А.

Семей 2016

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім

Мал өнімдерін ветеринариялық - санитариялық зерттеу

  • Қорытынды бөлім
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ет және ет өнімдерін зертеу

Ет және ет өнімдері Базарда сатуға әкелінген еттің иесі ветеринариялық куәлік, не анықтама тапсырады.

Ветеринариялық құжатта еттің індетті аурулар жоқ жерден, сау малдан алынғаны жөнінде және мал дәрігерлік байқаудан өткені жөнінде мәліметтер болуға тиіс. Егер ет бір ауданның әкімшілігінде сатылса, онда анықтама беріледі, ал егер әкімшілігі басқа ауданда сатылса онда малдәрігерлік куәлік берілуге тиіс.

Егер бұндай құжаттар жоқ болса, ет күмәнді деп есептелініп, бактериологиялық зерттеуден өткізеді.

Қазіргі қабылданған ережелерге сәйкес ет ұшасы келесі тәртіппен зерттеледі: еттің сыртын және етті тіліп тексереді (түсі, консистенциясы, иісі) қоңдылығын, қансыздануын және жалпы патологиялық өзгерістерді анықтайды (бұлшық етті зақымдануы, қанталауы, ісіктер т. б. ) лимфа түйіндерін жарып тексереді, базарда сойыс өнімдерін зерттеудегі қажетті және ыңғайлы лимфа түйіндерді жарып тексереді. Шошқа және ірі қара ұшасын цистицеркозға зерттейді (тіл, жүрек, шайнау, мойын, қол, арқа, бел, сан бұлшық еттері) .

Шошқа ұшасын міндетті түрде трихинеллезге зерттеп, ұша буындарына, құрсақ шандырына ерекше назар аударады. Бас, жұтқыншақ, көмей лимфа түйіндерінде аздаған ғана патология лық өзгерістердің болуы (қанталауы, некроз) топалаңға күмәндандырады. Бұндай жағдайда, лимфа түйіндерін, ішкі ағзаларды, ұша сынамасын бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулерге жібереді.

Ұсақ малдардың ұшасын тексергенде өкпе пневмониясының (өкпенің қабынуы) және плевритінің (плевраның қабынуы) бар жоқтығы еске алынады.

Өйткені, бұл аурулар екінші қатардағы салмонеллез тудыруы мүмкін. Сондықтан да, бұндай ұшалар бактериологиялық зерттеулерден өткізіледі.

Сүт және сүт өнімдерін ветеринарлық - санитарлық сараптау

Сауда ережелерін сақтай отырып, сиыр, қой, бие, түйе сүті және сүт өнімдеріне ветеринарлық - санитарлық тұрғыда беріледі. Бұл өнімдерді ветеринарлық- санитарлық сараптау лабораториясының рұқсат қағазы болған жағдайды ғана рұқсат беріледі. Базарға сатуға тек жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтардан алынған сүт қана жіберіледі. Ветеринарлық құжат бір ай көлеміне беріледі.

Сиыр сүті біркелкі консистенциялы, ақ немесе сарғыш түсті, үлпексіз, өзіне тән дәмі мен иісі болуы керек. Сүттегі май мөлшері 3, 2 %, тығыздығы 1, 034-1, 038 г/см 3 , қышқылдығы 16-20 0 Т. Қышқылдылығы 16 0 Т төмен сүт сатуға жіберілмейді. Егер бруцеллезге күдікті аймақтардан әкелінген сүтті сақиналы реакция қою арқылы тексереді, егер сараптаудан өткен сүт оң немесе күдікті болса, бұндай сүтті ветеринарлық маманның бақылауымен жояды және екі данада акт жасалынады.

Балық және бал өнімдерін ветеринарлық -санитарлық сараптау

Сараптауға балғын, мұздатылған, қақталған, кептірілген, тұздалған балықтар әкелінеді. Әкелінген өнімдерді органолептикалық зерттеу жүргізіледі, сатуға сапалы балық және балық өнімдері жіберіледі. Егер өнім сапасыз, жарамыз болса, онда бұл өнімді жойып, акт жасалады.

Балды ветеринарлық-санитарлық сараптау. Балға органолептикалық және (сыртқы түсіне, консистенциясына, иісі мен дәміне) лабораториялық зерттеу (қышқылдығы, су мөлшері, құрғақ қалдығы, диастаза саны, әртүрлі қоспалар) нәтижесі бойынша баға береді.

Ет өнімдерін бактериологиялық зерттеу

  • - жұқпалы ринотрахеит, парагрип-3, вирусты диарея (іш өту), жұқпалы аденовируспен ауырған малдың етінде және ішкі ағзаларында патологиялық- анатомиялық өзгерістер кездескен жағдайда;
  • - ауырған малдан алынған етте патологиялық- анатомиялық өзгерістер болғанында;
  • - онхоцеркоздың асқынған түрімен ауырған малдан алынған еттен іріңді-өлі үлпалар табылған жағдайда;
  • - желінсау, эндометрит, парометритпен ауырған қой, сиыр етін қолданғанда;
  • - себебіне қарамастан малды лажсыз сойған жағдайда;
  • - мал уланғанда;
  • - салмонеллезбен ауырған деп күдіктенген де және асқорыту ағзаларының аурулары байқалған жағдайда;
  • - тыныс алу ағзалары ауруларының асқынған түрінде;
  • - мал денесінің көп бөлігі күйген, бездері қанталап ісінген және септикалық үрдістің белгілері тері астында, ішкі ағзаларда, кілегей қабықтарында болып, қан құйылғаны байқалған жағдайда;

Радиоактивті заттармен зақымдалған сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау

Радиациялық зақымдануға душар болған малдар тек оның өнімдерін малдәрігерлік-санитарлық сараптаудан өткізу үшін, радиациялық зақымдану кезінде организмде қандай өзгерістер болатынын; ионизациялық сәулелердің түрін (Гамма- бета, альфа сәулелер мен нейтронды ағым; радиоактивті заттардың организмге өту жолдары; сәулену дозасын білу өте қажет.

Горизонтовтың тұжырымы бойынша радиоактивті заттардың әсерінен организмде жүретін құбылыстарды 3 топқа бөледі: радиосегментік, радиозақымдану және компнсаторлық (орнына келу) процесстері.

Г. Г. Воккенің тұжырымы бойынша, радиозақымдану дегеніміз - органның не болмаса бүкіл организмнің қызметін бұзып, структуралық өзгерістер тудыратын радиацияның ең аз мөлшері (дозасы) .

Ауыл шаруашылығы малдарының радиозақымдануы 150 Р дан 400 Р- ға( тауық, қоян) диапазонда болады.

Бұдан радиосезгіштік пен радиоактивтік зақымдануға мынандай факторлар әсер етеді: малдың жасы, салмағы және организмнің ерекшеліктері, сәулену санына, әсіресе сараптаудан өткізу үшін- сәуленудің түрі (сыртқы, ішкі, аралас) .

Тағамдық токсикоинфекция және токсикоздардың ветеринариялық - санитариялық алдын алу шаралары.

Бактериялар мен микробтар арқылы болған тағамдық аурулар. Бұл 2 түрге бөлінеді: 1. Улы инфекциялар (токсикоинфекциялар) бұлар микроорганизмдер мен олардың уларының біріккен әсерінен пайда болатын аурулар. Бұл микроорганизмдер: салмонеллар, эшерихий коли, протей Cl. perfringens, B. сereus.

Тағамдық токсикоз - дегеніміз микробтардың көп жиналып, өсуі әсерінен пайда болатын экзотоксиндердың (сыртқы улардың) организмді улауы. Тағамдық токсикозды микробсыз-ақ улаудың өзі ғана тудыруы мүмкін. Экзотоксиндерді өнімдерде коккилі микроорганизмдер (стафилококки, стрептококки) анаэробты микрооргнизмдер және улы саңырауқұлақтар (Cl botulinum) .

Тағамдық аурулар, не тағамнан болған аурулар дегеніміз - әр түрлі себептерден болған және клиникалық белгілері әр түрлі жіті және созылмалы түрде өтетін аурулар, бірақ та ауру пайда боларда, міндетті түрде тағам арқылы бактерия, вирус, саңырауқұлақ, тоғышар, химиялық улы заттар мал денесіне өтуі қажет.

Сондықтан да, уланудың классификацияның негізіне жеген тағам атына емес, уланудың себептері алынады.

Тағамдық аурулардың классификациясы (бөлінуі)

Тағамдық инфекциялар - туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез, түйе обасы, орнитоз, аусыл және басқа да адамға, малға ортақ аурулардың (зооантропоноз) қоздырғыштары тағамдық инфекциялар туғызады. Бұдан басқа бұл топта жануарларда кездеспейтін, кейбір адам ауруларының қоздырғыштары (іш сүзегі (брюшной тиф), холера (тырысқақ) дизентерия (жұқпалы іш ауруы) . Бірақ бұлар да тағам арқылы жұғады.

Ауру және сау малдың етін анықтау

Органолептикалық зерттеу. Ол үшін малдың

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ветеринариялық - санитариялық сараптау пәні бойынша зертханалық сабаққа арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық санитария ғылымының қалыптасуы
Ветеринариялық санитариялық сараптау
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау - Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Жұқпалы аурулар туралы
Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы
Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
ҚР мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық бақылау және қадағалаудың заманауи мәселелері
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz