Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық санитария ғылымының қалыптасуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы : Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық санитария ғылымының қалыптасуы.
Орындаған : Нұғманова Б. Ж
ВС - 403 топ
Тексерген: Қойгельдинова А. С.
Семей 2016
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2. 1. Ветеринариялық- санитариялық - сараптау
2. 2. ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ - САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ ІЛІМІНІҢ ҚЫСҚАША ДАМУ ТАРИХЫ
- Қорытынды
.
Кіріспе
Ғылым - адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір салассы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты - ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру. Ветеринариялық -санитариялық сараптау жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық -санитариялық тұрғыдан бағалайтын және зерттеу әдістерін оқытатын ғылым.
Ветеринариялық -санитариялық сараптау
Ветеринариялық -санитариялық сараптаудың негізгі міндеттері: тағам, жануарлар тектес техникалық және азық өнімдері арқылы тарайтын адамдар мен жануарларларды індетті және инвазиялы аурулардан сақтандыру.
Ветеринариялық -санитариялық сараптау ғылым ретінде індеттанумен, паразитологиямен, микробиологиямен, патологиялық анатомиямен, гистологиямен, биологиялық химиямен және ветеринариялық санитариямен тығыз байланысты, өйткені бұл пәндерді меңгермей ветеринариялық -санитариялық сараптау бағдарламасын түсіну мүмкін емес. Пәнді меңгерген соң, студенттен ветеринария дәрігер сарапшы қалыптасады. Ветеринариялық -санитариялық сараптау студентті жан жақты кәсіптік біліммен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік маңызы жоғары, ветеринариялық тұрғыдан тек қана таза және қауіпсіз өнімді шығаруға құық береді.
Адам мен жануарлар арасында індетті дәне инвазиялы ауруларды таратуға жол бермей, қаншама адамның денсаулығын сақтап, өмірін ұзартқан ветеринариялық санитариялық дәрігер - сарапшының практикалық қызметі нәтижесінің экономикалық тиімділігін анықтау мүмкін емес. Сондықтан болар ғалым С. С. Евсеенконың «Медицина адамдарды қорғайды, ал ветеринария адамзатты қорғайды» деген қанатты сөзі ветеринария мамандығының маңызы өте жоғары екендігін білдіреді.
Ветеринариялық -санитариялық сарапшылар тағам базарларындағы мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық зертханаларда, мал сою, ет өңдейтін кәсіпорындарда (ет комбинаттары, құс фабрикалары қасапханалар, құс сою пунктері, шұжық және консерві заводтары) жануарлар ауруларына қарсы күресетін мекемелерде, ветеринариялық зертханаларда, шекара және көлік ветеринария пунктерінде, сүт, ара, балық зауыттарында, ғылыми - зерттеу институттарында, тағам өнімдерін сертификаттайтын зертханаларда және басқа да мекемелерде жұмыс атқара алады.
Ветеринариялық -санитариялық сараптаудың негізгі бөлімдеріне малдарды сою гигиенасы және оның өнімдерін өңдеу; ұша мен ағзаларды сойғаннан кейінгі сараптау ; жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді зертханаларда зерттеу әдістері ; ет, сүт, балық және оның өнімдерін ветеринариялық - санитариялық бағалау ; шартты түрде жарамды және тағамға жарамсыз өнімдерді залалсыздандыру әдістері мен әдістемеліктері ; жабайы жануарлардың өнімдерін сараптамадан өткізу енгізілген.
Оған қоса жануарларды союға дайындау және сою, жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді сату, сояр алдындағы дайындық, союға айдап апару, малды және өнімдерді тасымалдау, ет, сүт, тауық жұмыртқасы, тері, жүн, былғары өнімдерді өңдеу және сақтау кезеңдерінде және тағы басқа жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық -санитариялық сараптау мәселелері қарастырылады. Ветеринариялық -санитариялық сараптау пәнін оқыту барысында тасымалдаудың барлық көліктердегі санитарлық талаптары, импорт және экспорттаудағы жануарлар мен өнімдерді дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін кәсіпорындарда балық, ара шаруашылықтарында ветеринариялық -санитариялық сережелердің сақталуы қарастырылады.
Жаппай зақымдайтын қаруды қолдану кезінде ветеринариялық -санитариялық сараптаудың негізгі ерекшеліктеріне зақымдау көзін анықтау, жануарлардың терісін ветеринариялық өңдеу, зақымдалған өнімдерде радиоактивті, залалды химиялық заттарды анықтайтын арнайы дезиметриялық аспаптарды зертханаларда қолдана білу жатқызылады.
Қазіргі таңда ірі ет және сүт кәсіпорындары азайып, шаруа қожалықтары, акционерлік қоғамдар т. б. ауыл шаруашылығы нысандары пайда болған кезеңде өнімдерді ветеринариялық -санитариялық сараптау мәселелері өзгеше сипат алуда. Ет, сүт, шұжық, консерві өндірістерінде әртүрлі бактериялды препараттар қосып дайындайтын жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа өнімдер пайда болуда, оның үстіне шет елден келетін өнімдердің саны да күннен күнге артуда.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының Ветеринария туралызаңына сәйкес ветеринария қызметкерлері ауыл шаруашылығы малдарын аурулардан және адамдарды жануарлар мен адамдарға ортақ зооантропоноздардан, адамдарды ветеринариялық -санитариялық тұрғыдан қауіпті ауыл шаруашылығы өнімдерінен болған тағамдық уланулардан қорғау бағытында, ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік тағам нарығына интеграциялау мақсатында жоғары деңгейде ветеринариялық -санитариялық сараптау мен бағалау іске асырады және арнайы шараларды ұйымдастырады. Бұл шаралардың басты мақсаты жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық -санитариялық сараптау және сертификаттау кезіндегі өнім сапасы мен қауіпсіздігін бағалаудың әдістері мен ережелерін бірыңғайландыру жүйесін құру және «Фитосанитария және санитария шаралары жөнінднгі келісім» СФК ӘСҰ және АТҰ стандартына (Әлемдік тағам ұйымы) сәйкестендіру.
Ветеринариялық - санитариялық сараптау ілімінің қысқаша даму тарихы
Қазақстандағы ветеринариялық - санитариялық сараптау ілімі тарихының бастапқы кезеңі Ресей империясымен тығыз байланыста болды.
Ветеринариялық - санитариялық тексеру жайлы алғашқы деректер 1649 - 1682 жылдары пайда болды. 1683 жылы ашық жерлерде ет, балық сатпау туралы бұйрық шықты. 1691 жылы сатудан қалған еттен қалдықтарын, лақтырмай арнайы ыдыстарда тұздау жайлы бұйрық шығарылды. Малды сояр алдында тексеру және етті ветеринариялық - санитариялық сараптау Петр I патшалық ету кезеңінде басталды. 713 жылы ауру малдың етін, арық еттерді сатпау туралы, ал 1718 жылы жануарлар арнайы орында сойылып, ауруы жоқ жөнінде анықтама қағазы болуы керектігі жөнінде бұйрық шығарылды. 1722 жылы етсапасын қадағалайтын инпекциялар ашуға, 1728 жылы мал сою орындарын қаланың сыртында орналастыруға шешім қабылданды. 1879 жылы бірінші Петербургте, соңынан москвада, Минскіде, Киевте қалалық қоғамдық мал сою орындары ашылды. 1885 жылы алғашқы рет "Сойыс малдары мен ет өнімдерін ветеринариялық - санитариялық бақылау ережелері" бекітілді. 1921 жылы малды тек қана мемлекеттік қасапхана ғана мал союға рұқсат етілді. 1923 жылы алғашқы ветеринариялық Жарғы қабылданды. 1928 жылы шартты түрдегі жарамды еттерді залалсыздандыру жайлы бұйрық шығарылды, бұндай еттер осыған дейін жойылып отырған. 1930 жылы ветеринариялық - санитариялық сараптау кафедрасы ашылды. 1931 жылы ет өнеркәсібін дамыту туралы шешім қабылданып, 1933 жылы Бакин, 1935 - 1940 жылдары Москва, Ленинград, Семей ет комбинаттары салынды. Ветеринариялық - санитариялық сараптау ғылымының алдына қойылған көптеген жауапты істерді шешуде ғылымның негізін салушылармен қатар, Х. С. Горегляд, И. В. Шур, Г. В. Колоболотский, Б. Н. Федотов, В. П. Коряжнов, Н. Г. Кожемякин, И. С. Загаевский, А. Н. Кособрюхов, В. И. Ряховский, В. А. Макаров, П. В. Житенко, В. П. Фролов, С. А. Серко, В. С. Касаткин, А. В. Аганин, Ю. И. Бойков, Ю. Г. Костенко, М. Ф. Боровков және тағы басқалар зор үлестерін қосты.
Қазақстанда ветеринариялық - санитариялық -бактериологиялық лабораторияларды ұйымдастыру мәселесін бірінші рет Орал облыстық ветеринария инспекторы А. П. Петровскийдің ұсынысы бойынша Орал ветеринариялық қоғамы көтерді. Оған негізгі себеп болған сол жылдары Оралда төрт далалық бөлімшесі және бес сапарға дайын лабораториясы бар ветеринариялық - санитариялық - бактериологиялық лабораториялар құрылды. Бұл лабораторияларда індетті, тоғышарлар тудыратын және басқа да ауруларды анықтау; бактериялық улар мен вакциналарды дайындау, белгісіз түйе ауруларын зерттеу туралы қомақты жұмыстар жүргізді. Лаборатория мамандары қазіргі Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғышлақ және Атырау облыстарына қызмет көрсетті.
Орал ветеринариялық - бактериологиялық лабораториясының ғылыми - зерттеу жұмыстары тек Қазақстанда ғана емес бүкіл Ресейдің барлық түпкір - түпкірлеріне дейін белгілі болды. Осы лабораторияныңоңды тәжірибелеріне сүйене отырып көптеген мал дәрігерлері осындай лабораторияны Қазақстанның басқа да облыстарында ашуға ұсыныстар жасады. Бірақ сол кездегі патша үкіметі ол ұсыныстарды, сондай - ақ орталық мал дәрігерлік ғылыми - зерттеу станциясын ашу туралы берілген ұсынысты да ескерусіз қалдырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz