Дүйсембаев Серғазы Тұрлыбекұлы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы : Дүйсембаев Серғазы Тұрлыбекұлы
Орындаған : Жансолтанова Алтынай
ВС - 403 топ
Тексерген: Қойгельдинова А. С.
Семей 2016
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
2. 1 . Дүйсембаев Серғазы Тұрлыбекұлының ӨМІР БАЯНЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ЖОЛЫ
3. Қорытынды бөлім
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Әр заман тарихының, әр ғылым саласының жетілуіне байланысты тарихта көптеген есімдер мәңгі біздің жадымызда сақталып келеді. Ол кісілердің ерен еңбегі арқасында қазіргі ғылым саласы осы деңгейіне жетіп отыр. Осындай ғылым дамуына үлес қосқан Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің көптеген профессорлары, ғылым доктарлары бар. Солардың бірі ветеринария саласының дамуына үлес қосып, осы салада еңбек еткен Дүйсембаев Серғазы Тұрлыбекұлын айтпасқа болмайды. Бүгінде ол көптеген зерттеу жұыстарын жүргізіп, бірнеше кітаптың авторы. Өзінің еңбекқорлығының арқасында көптеген жетістіктерге жетіп, елінің құрметі азаматты болып отыр.
ДҮЙСЕМБАЕВ СЕРҒАЗЫ ТҰРЛЫБЕКҰЛЫНЫҢ ӨМІР БАЯНЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ЖОЛЫ
Шәкәрім атындағы Семе мемлекеттік университеті, «Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы» инженерлік бейіндегі аймақтық сынақ зертханасының директоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі С. Т. Дүйсембаев 1954 жыыл туылған, 1981 жылы «мал дәрігері» мамандығы бойынша Семейдің зоотехникалық - малдәрігерлік институтын үздік аяқтады.
Институтты бітіргеннен кейін 1981-1985 жылдар аралығында Семей облысының Шар ауданының малдәрігерлік станциясының мал дәрігері, «Кезеңсу» совхозының бас мал дәрігері болып жұмыс істеді. 1983 жылы Шар ауданының «ең үздік мал дәрігері» атанды.
С. Т. Дүйсембаев Шәкәрім атындағы СМУ-дің кафедра ассистентінен бастап университет проректорына дейін көтеріледі. Бірнеше жылдар бойы деканның орынбасары, факультет деканы, кафедра меңгерушісі қызметтерінде болады. 2004 жылдан бастап Шәкәрім атындағы СМУ-дің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөнінде проректоры, 2008-2011 жылдар аралығында тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры болып қызмет атқарады. 2011 жылдың қазан айынан бастап «Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы» инженерлік бейіндегі аймақтық сынақ зертханасының директоры қызметін атқаруда.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде 200 ғылыми жұмысы жарық көрді, оның ішінде 1 монография, ауылшаруашылық малдарының инвазиялық ауруларын анықтау, ветеринариялық санитариялық сараптау және өнім сапасы салалары бойынша 5 оқулық, 5 оқу құралы, 10 әдістемелік нұсқаулықтар мен ұсыныстар, 12 патенті және өнертапқыштыққа арналған 1 авторлық куәлігі бар. Эймерия қоздырғыштарының 4 түрін:
Eimeria catoni
Eimeria uscameni
Eimeria culagery
Eimeria sp.
ашып, сипаттап жазды.
2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы 03. 00. 05. - экологиялық (биологиялық және ауылшаруашылық ғылымдары бойынша) мамандығы бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі біріктірілген Диссертациялық Кеңестің мүшесі. Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті 1994-96, 1996-98 және 2012-2014 жылдарға ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар қаржыландыру гранттарының иегері.
2003 жылдан бастап күндізгі және сырттай оқитын 7 аспиранттың, 11 магистранттың ғылыми жетекшісі, оның 5-кандидаттық, ал 6-ы магистрлік диссертация қорғады.
Қазақстан Республикасы ғылымы мен техникасының дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін 2010-2012 жылдар аралығындағы мемлекеттік степендияның лауреаты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйғарымымен 2011 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.
Негізгі еңбектері «Ветеринариялық -санитариялық сараптау» Алматы қаласында 2013 жылы жарық көрген. Бұл кітапта жануарлар мен өсімдік тектес өнімдерді ветеринариялық - санитариялық тұрғыда бағалап, зерттеу әдістерін оқытылуы жайлы айтылған. Сонымен қатар бұл саланың негізгі міндеттері жайлы жазылған.
«Марал гельминтоздарындағы малдәрігерлік -санитарлық сараптау» кітабы Семей қаласында 2001 жылы жазылған. Бұл кітапта Қазақстан маралдары арасында жиі кездесетін гелминтоз аурулары және ол аурулардағы малдәрігерлік - санитарлық сараптау мәселелері жазылған. Тоғышар құрттардың таралуы, орналасцц мекені, марал етіне және қосымша өнімдеріне тигізер әсері, сойыс өнімдерін малдәрігерлік-санитарлық сараптаудан өткізудің ерекшеліктері, тиімді әдістері мен санитарлық бағалануы келтірілген. Кітап марал ауылшаруашылығындағы мал дәрігерлеріне, малдәрігерлік-санитарлық сараптау зертханаларның қызметкерлеріне, малдәрігерлігі факультетінің студенттеріне арналған.
Қорытынды
С. Т. Дүйсембаев Шәкәрім университетінің бетке ұстар ұстаздарының бірі. Көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарының авторы, оқулықтар жазды. Өзінің еңбекқорлығының арқасында жоғары белестерден көрініп, биік асуларды бағындырды десекте болады. Оның еңбектерін, кітаптарын көптеген қызметкерлер мен студенттер өзінің керегіне жаратуда. Осындай атақ абыройға жетіп, құрметке лайық болу үшін ол кісінің жарты өмірі ғылым, білімен байланысты болды десекте болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Қазақстанның солтүстік- шығыс аймағында ауыл шаруашылығының дамуына ерекше үлес қосқан мамандар, кәсіпкерлер мен ғалымдар: Бұрынғы Семейдің зоотехникалық-ветеринариялық институтының қысқаша тарихы -Алматы, СГУ им. Шакарима. 2012-356б.
- С. Т. Дүйсембаев. «Марал гельминтоздарындағы малдәрігерлік -санитарлық сараптау». Семей, 2001 жыл.
- С. Т. Дүйсембаев. «Ветеринариялық -санитариялық сараптау» Алматы, 2013 жыл.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz