Эссе жазу тәртібі: анықтама, құрылым және талаптар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

Аграрлық факультеті

Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы : Берілген тақырып бойынша эссе жазу тәртібі.

Орындаған : Нұғманова Б. Ж

ВС - 403 топ

Тексерген: Қойгельдинова А. С.

Семей 2016

ЖОСПАР

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім «Берілген тақырып бойынша эссе жазу тәртібі»

2. 1Эссе туралы түсінік

2. 2Эссе құрылымы

2. 3. Дәлелдемелер

2. 4. Эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:

2. 5. Жиі кездесетін қателіктер

  • Қорытынды
  • Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Бүгінде ЖОО-да берілген біліміді бағалау үшін ЭССЕ көп жазылады. Ал батыс елдерінде оқуға құжат тапсырылғанда ерекше көңіл тағы да ЭССЕге бөлінеді. Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат. т. exagium - құрау ) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты - авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты - белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.

Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі.

ЭССЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Эссе- франц. “essay”, ағылш. “assay”- байқау, көру, очерк . Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе - бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген анықтама берілген. Ал классикалық эссе - бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма.

Ол шағын көлемдегі проза түріндегі еркін композиция. Эссе нақты тақырып бойынша жеке әсері мен ой толғанысын бейнелейді және затты анықтау немесе аяқтау мүмкіндігіне ие болмайды. Эссе - жаңа, бір нәрсе туралы әдемі боялған сөз және философиялық, тарихи- биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми кең таралған, беллетристикалық тұрғыда жазылады.

Эссенің мақсаты- өз бетінше автордың шығармашылық ойлау дағдысын жетілдіру.
Эссе жазу пайдалы, себебі ол автордың өз ойын нақты және сауатты тұжырымдауына көмектеседі

Эссе қойылған мәселенің нақты мазмұнын көрсетеді. Онда өз бетінше жүргізілген талдаулар жазылуы тиіс. Эссе формалары қандай пәнге немесе тақырыптарға байланысты жеке ерекшелігіне сай жазылады.

Эссе тақырыбы нақты бір түсінікті анықтау мазмұнын ғана жазбауы тиіс, оның мақсаты- адамды ой толғауға итермелеу. Эссе тақырыбында мәселені ойлау төңірегіндегі сұрақтар болуы тиіс. Эссе белгілі бір құрылым бойынша жазылады. Сол бойынша оның мәні ашылады.

ЭССЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

  1. Титул беті.
  2. Кіріспе - берілген тақырыпты негіздеу, ол логикалық және және стилистикалық байланысқан компоненттер қатарынан тұрады. Бұл этапта өз зерттеу барысында ашқалы отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс қою керек. ”Кіріспе жазу барысында аталған тақырыпқа анықтама беру керек пе?, ” Мен алған тақырып неліктен маңызды?”, “ Менің тұжырымдауымда қандай түсініктер қолданылуы мүмкін?”, “Мен тақырыпты кішкене тақырыпшаларға бөле аламын ба?, т. с. с. сұрақтарға жауап іздеген жөн.
  3. Негізгі бөлім. Тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын жазу. Бұнда эссенің негізгі мазмұны жазылады және ол біраз қиындық тудырады. Сондықтан негізгі бөлімді шағын тақырыпшаларға бөлуге болады. Әр тақырыпшаларды аргументті түрде тұжырымдау негізгі сұраққа жауап беруге көмектеседі. Берілген тақырыптағы аргументтер мен талдаулар, позицияларды көрсету арқылы негізг бөлімді толық жазуға мүмкіндік туады.

Қойылған сұраққа байланысты талдау жүргізу үшін мынадай категориялар негізінде жазу керек:
Себеп- салдар, жалпы- айрықша, форма- мазмұн, бөлік- тұтас, тұрақты- өзгермелі. Тақырыпшаларды тиімді пайдалану тақырыпты ашудағы логикалық ойын байқауға көмектеседі.
4. Қорытынды - жалпыланған және аргументі бар, қолдану аймағы көрсетілген және т. б. түрде болуы мүмкін. Эссенің қорытынды бөлімінде негізгі бөлімде айтылған сұрақтың мәнін бекітеді және мазмұнының маңыздылығын ашады. Қорытынды бөлімінде қолданылатын әдістер: қайталау, иллюстрация, цитата, әсер беретін тұжырым.

ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР

Эссе жазу кезінде дәлелдеме қолданылады. Олар үшін қажет делелдеу аппаратының құрылымы болады.
Дәлелдеу- белгілі бір тұжырымға негізделген және оған байланысты шын мәніндегі тұжырымды анықтау үшін қолданатын логикалық тәсілдер жиынтығы. Дәлелдеудің құрылымына 3 құраушы бөліктері енеді. Олар: тезис, аргумент, қорытынды.

Тезис - дәлелденуге тиісті жағдай.

Аргументтер - тезистің анық шын екендігін дәлелдеу үшін қолданылатын категория.

Қорытынды - фактілерді талдауға негізделген ой түйін. Бағалаушы тұжырым- біздің сенімімізге, нанымымызға және көзқарасымызға негізделген.

ЭССЕ ЖАЗУ БАРЫСЫНДА ҚАТАҢ САҚТАЛЫНУЫ ТИІС ТАЛАПТАР :
• Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер) ;
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пункт., орфогр. ) ;
• Юмор, сарказм;
• Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эссе: анықтама, құрылым және жазу принциптері
Берілген тақырып бойынша эссе жазу тәртібі мен талаптары
Эссе жазудың теориясы мен әдістемесі: құрылым, түрлері және жазу стратегиялары
Эссе жазу әдістемесі мен бағалау критерийлері
Академиялық жазу курсының қысқаша мазмұны: академиялық жазу, эссе және сыни оқу
Эссе жанры: анықтамасы, тарихы, түрлері және жазу талаптары
Эссе жазу әдістемесі: құрылымы, дәлелдеу әдістері және бағалау критерийлері
Эссе: анықтамасы, құрылымы, жазу тәсілдері және бағалау критерийлері
Эссе жанры: теориясы, жазу шарттары және журналистика саласындағы қолданылуы
Елбасының нақыл сөздері арқылы өскелең ұрпақтың эссе жазу сауаттылығын жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz