Экстенциализм және өмір философиясы



1 Абай және адам мәселесі
2 Шәкәрім философиясында жан мәселесі
3 Шоқан және географиялык детерминизм
4 Ыбырай және ағарту идеясы
5 Ницше және аса күшті адам
Экзистенциализм — ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған және болмысты субьект пен обьектінің тікелей бөлінбес тұтастығы ретінде түсіндіруге тырысқан қазіргі заманғы философиядағы иррационалистік бағыт. Экзистенциализм екі түрлі бағытқа бөлінеді, олар: діни экзистенциализм және атеистік экзистенциализм. Діни экзистенциализмнің өкілдеріне: К.Ясперс (1883-1969), Г.Марсель (1889-1973) жатады. Ал атеистік экзистенциалистерге: М.Хайдеггер (1889-1976), Ж.П. Сартр (1905-1980) және А.Камю (1913-1960) жатады.Экзистенция латын тілінен аударғанда «өмір сүру», «тіршілік» дегенді білдіреді. Экзистенциализмде осы «өмір сүру», «тіршіліктің» өзі обьект пен субьетінің тікелей бірлігі ретінде түсіндіріледі, субьектінің сыртқа бағыттылығын, бөгде адында ашықтықты, осы бөгделікке деген қозғалысты білдіреді. Діни экзистенциализмде осы бөгде – құдай деп түсіндіріледі де тұлға өз еркіндігінде осы құдайға қозғалып бағыттанады екен. Атеистік экзистенциализмде осы бөгде – ештеңе еместік деп түсіндіріледі, бұл дегеніміз адам өз еркіндігін жүзеге асыра отырып, өз өзін тудырады. Адамның алдында таңдау тұрады, оны жүзеге асыра отырып адам еркіндікті жасайды. Ол өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек, ең алдымен өз өзінің алдында және әрдайым осы жауапкершіліктің ауырпашылғын алып жүру де қиын. Өйткені адам өз-өзін тудыра отырып, сонымен қатар басқа адамдар мен әлемді тұтас тудырады. Өзінің шынайы мәнінде адам осы әлемге «лақтырылып тасталған» ол әрдайым болашақ пен өлімнің алдына бетпе-бет келіп тұрады, өзінің әрекеттеріне жауапкершілік танытатын жағдайда жүреді. Экзистенция қорқыныш ретінде, экзистенциалды үрей шекаралық экзистенциялдық жағдай ретінде көрініс береді және мұнда Камюдың ойынша ең негізгі философиялық мәселе ол өз-өзін өлтіру жөнінде болады. Менің өлуім шындық екенін түсінуім, менің қасіретте болуым, менің күресуім, менің жағдайларға тәуелділігім, менің сөзсіз күнәлілігім – бұлардың барлығы да «шекаралық жағдайлар» (Ясперс). Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға», яғни қоғамдық қатынастарға тәуелді. Экзистенциалистер болмысқа қарама қарсы «иемдену» ұғымын да қарастырды.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Абай және адам мәселесі
Абай (Ибраһим) Кұнанбаев (10.08.1845 - 06.07.1904) - қазақтың ұлы ақыны, философ, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, либералдық ислам өкілі. Абай шығармашылығында философиялық ой толғаныстарға толы көптеген өлеңдерімен қатар ерекше орын алатын 45 ойы аяқталған фрагменттен, нақыл сөзден тұратын Қара сөз атты шығармасын атап өтуіміз қажет. Оның дүниетанымдық және философиялық ой-толғаныстарында өте көптеген мәселелерге көңіл бөлінген. Бүгінгі күнге дейін Абай мұрасының толық зерттеліп болмағанына қарамастан, кезінде М. Әуезов белгілеп берген Абай зерттеулерінің тәрбиелік, ұстаздық, ұждан, мораль философиясы, әсіресе адам мен адамгершілік мәселелері - оның рухани мұрасының кең ауқымдылығын, тереңділігін көрсетеді. Абайдың осы ой-толғаулары мен философиялық ізденістерінде адам мәселесі орталық орын алады. Абай адам мәселесін жан-жақты философиялық, биологиялық, психологиялық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қарастырады. Абайдың рухани әлемі ерекше бір тылсым дүние, ал оның негізгі зерттеу обьектісі адам.Сол адамның эстетикалық,этикалық бет пернесі, арман мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі,болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреністерге түсірген.Адам мәселесі, оның дүниемен қатынасы, адамның өмірі мен тұрмысының мәні философияның, негізгі өзегін,басты проблемасын құрайды. Мәселен, бүгінгі таңда біз бастан кешіп отырған, жүйелі дағдарыстың өзі де - сайып келгенде осы адамның дүниеге деген түбегейлі қатынасының дағдарысы Шығыс ойшылы ретінде Абайда қарастырылатын күрделі адам проблемасы үлкен ауқымды,яки қоғамдық руханиялық,құндылық, этикалық жақтарда қаралады.Абайдың бүкіл философиясының квинтэссенциясы, негізгі принципі ретінде "Адам бол!" деген ой тұжырымын алуға болады. Абай өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірбиесін, поэзия мен прозасын, бүкіл ой-толғанысы мен философиясын адам бойында кісілік пен адамгершілікті, білімділік пен парасаттылықты, әділеттілік пен қайратты, елдің қамын, бүкіл адамзат қамын ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адамды тәрбиелеуге жұмсады. Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады, сондықтан: "Адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз... Бес нәрседен қашық бол. (Бес дұшпан -- Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ) Бес нәрсеге асық бол (Бес асыл іс - Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым)". Адам үшін оның өміріне мән беріп тұрған негізгі нәрсе -- өз бойындағы адамилықты жоймау, бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Осы дүниеге адам болып келгендіктен, осы дүниеден де адам болып кету керек. Адамның адамдық қасиетін өмір сүру барысында жоғалтып алмау бұл да адамның ең алдымен өз алдында, басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі, ол адам тарапынан белгілі бір ерік-жігерді, қайратты қажет етеді.
Шәкәрім философиясында жан мәселесі
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) - ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Жан туралы әртүрлі ағымдарды және түсініктерді қазақтың ұлы ойшылы Шәкәрім де арнаулы зерттеудің объектісіне айналдырған. Ол жазған Үш анықта осы жан мәселесі терең зерделенген. Сол себепті жан туралы әртүрлі көзқарастарды сараптау талпыныстарын Шәкәрімсіз талдау жеткіліксіз болар. Шәкәрім жан мен тәндік бастаулардың арасындағы терең байланысты аңғара білген. Шәкәрім жанның мынадай ерекшеліктеріне басты назар аударады: 1) жан тән сияқты адамға о бастан берілген, ол таза табиғат туындысы емес, жаратылыстың бір шыбынынан, не бір тозаңынан адам жаратыла алынбайды; 2) жан баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді; 3) жанның бар екендігіне жаннан шыққан ерік, талап, ой, мақсат, сезім, білім арқылы көзіміз жетсе де, оның денелерге қосылып кетуіне ешбір дәлел жоқ; 4) жанның жай психикадан айырмашылығын оның адами-моральдық негіздерінен іздеу керек, ұждан-жанның тілегі, осы арқылы жанның мәңгілігі жүзеге асады. Жан мәңгілігіне сенбеу өмірде мән-мағына бар дегенге сенбеумен бара-бар. Адам өлген соң да жаны жоғалмай әлемдік рухпен қосылады деген сенім адамға үлкен сенім ұяландырады. Бұл біздің Шәкәрімді оқығанда алған тәліміміз. Ойшылдың өзі еңбегінің аяғында мынадай қорытындыға келеді: Мен жан да бар, жын да бар, адамның өз жанының қуаты да бар деймін. Дәлелім: 1) Шақырмаған жан келіп, кейде өзі пәленшенің жаны екеніне нанарлық сөз айтатыны. 2) Шақырмаған кісіге бақсылық-дуаналық, фақризм, жындылық кез болатыны. 3) Ұйқыда кезу лунатизм, магнетизм мен біреудің еркін билеу, түсі дәл келу-бұл үш түрлісі үш бөлек қуаттың иесі болуға лайық
Жан туралы философиялық рефлексияларда рух тек рух үшін өмір сүреді, жанның жандылығы оның өзінде сияқты үлгілерді жиі кездестіруге болады. Бірақ, олар көбінесе рәміздік қызметтер атқарып, адамның болмыс туралы пайымдауларынан туындайды. Осындай пайымдау мүмкін болуы үшін адам жаны мен тәнін, руханилық пен заттылықты ажырата білуі қажет. Рухани шындықты біздіңдүниемізден тек тысқары тұратын әртүрлі абстракциялар мен транцендентті мәнділіктердің, идеалды объектілерінің жиынтығы деп те қарастыру адами рухани әлемге жеткізе алмайды. Өйткені, бүкіл адамдық мәдени болмыс рух сәулесімен жарықтандырылған.
Шоқан және географиялык детерминизм
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ,ағартушы. Географиялық детерминизм қоғамдық дамудағы, әр халықтың тарихындағы өзгешеліктерді географиялық ортаның әсерімен түсіндіруге тырысады, яғни бұл ағым қоғам дамуының басты себебін қоғамның өз ішінен емес, сыртынан іздейді. Империализм дәуірінде географиялық детерминизмнің жалғасы сияқты кертартпа ағым - геосаясат" пайда болды. Геосаясат империалистік мемлекеттердің агрессиялық саясатын ақтауға тырысты. Бұл ағымды ұсынған неміс географы Ф. Ратцельдің ойы бойынша, тарихтың қозғаушы күш - өмірге қажет кеңістік үшін күрес". Оның пікірінше, тарих дегеніміздің өзі халықтардың өмірлік кеңістік үшін" бір - бірімен күресі. Мәселе, геосаясат" деген сөзде емес. Оны не үшін қолдануда. Өз жерін басқадан қорғау да - геосаясат.
Енді ойшылдың әлеуметтік болмыс жөніндегі көзқарастарына келер болсақ, ол географиялық детерминизмбағытын ұстағанын байқаймыз. Қоғамның дамуына айнала қоршаған ортаның жазықтығы, я болмаса тау-тастығы ауа райы, жер құнарлығы т.с.с. факторлар жатады, Сондықтан шегі жоқ жазық дала мал баққан көшпендінің енжарлығын, еріншектігін т.с.с. қасиеттерін қалыптастырса, тау мен тасқа толы, сарқырап аққан қаһарлы өзен-сулары бар, неше түрлі қауіпке толы аймақтар, керісінше, адамның жинақтылығын талап етеді. Мұндай көзқарас Батыс Еуропадағы француз ағартушыларының ойларына сай келеді: мұның өзі ойшылдың тек Орыс ғалымдарымен ғана емес, сонымен қатар Батыс философиясымен де таныс болғанын дәлелдей келе, оның өз заманының ой-өрісінен қалмағанын көрсетеді.
Табиғат пен қоғамның өзара тұтастығы, өзара қарым - қатынасы туралы айтқанда, тек географиялық орта туралы түсінікпен ғана шектелу қате болар еді. Адамның, бүкіл қоғамның өмір сүретін табиғи ортасы, әрине, көп. Ол биосфера деп аталады. Биосфера жер шарының тіршілік тараған аймағы. Оған тірі организмдер мекендейтін, жер қыртысының жоғарғы қабаты, өзендер мен көлдер, теңіздер мен мұхиттар, сондай - ақ атмосфераның төменгі қабаты жатады. Басқаша айтқанда, биосфера - адамдардың тыныс - тіршілігін, өмір сүруін қамтамасыз ететін орта.
Ыбырай және ағарту идеясы
Ыбрай Алтынсариннің прогрессивті педагогикалық идеялары ХІХ ғасырдың екінші жартысында демократиялық орыстың қоғамдық ой-пікірлерінің ықпалымен қалыптасты. Ыбырай өз замандас отандастарының ағартушылық ой-пікірлерін қуаттап, қазақ жерінде оқу-білімнің шамшырағын жақты, педагогтік-демократиялық көзқарастың негізін салды. Қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті орын алатын қайраткер, халқымыздың мақтанышы, демократ-ағартушы тұңғыш педагог, ақын- жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-01889)-орыс-қазақ оқу-ағарту саласының негізін салушылардың бірі.Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының өзіне тән ұлттық-тәрбие үрдістерін ағарту ісімен ұштастыра отырып, бүгінгі педагогика саласындағы бірнеше бағыттардың негізін салды. Халықтың ұлттық тәлім-тәрбиесі негізінде ол Қазақстандағы ұлттық мектептердегі оқыту ісінің әдістемесінің іргетасын қалады. Ол Қазавқстандағы мектептердегі оқыту, білім беру ісін бір жүйеге келтіруді талап етіп, соны белгілі жолға қойды. Оның жаңашыл әдістерінің бірі - оқытудағы оқу үрдісін ана тіліне негіздей отырып, орыс тілін меңгеру болса, оқу үрдісіндегі жаңашыл идеясының бірі - оқулықтар мен оқу құралдарын орыс графикасына сүйене отырып, жаңа алфавит негізінде жасау болды. Ыбырайдың бұл ісі - ағарту саласындағы ұлттық тәлім-тәрбие мен білім мазмұнын сақтай отырып, күнделікті оқыту ісіне енгізу еді. Ыбырайдың оқу-ағарту ісіндегі тағы бір жаңалығы қазақ жастарына кәсіби мамандық беру мәселесін қолға алуы болды.Ол Торғайда, Қарабұтақта қолөнер училищесін, Қостанайда ауылшаруашылығы училищесін ашып, қазақ жастарына қажетті мамандар даярлау ісіне зер салды.Ы. Алтынсарин күткен үміт бүгіндері оның отанында жүзеге асып отыр.Ыбырай шығармашылығын оқушыларға таныту, білгізу, оқыту өмірдің өзі сияқты толассыз, тоқтаусыз құбылыс . Өйткені мәселеге шындап, бүгінгі интеллектуалды оқушының көзқарасымен қарасақ, Ыбырайды тану тек халықтың, қоғамның , ғылымның ғана міндеті емес, оны оқып үйрену өзін мәдениетті, білімді санайтын әрбір азаматтың парызы , оның ұлттық көркемдік түсінігін тәрбиелеумен өсірудің бірден-бір құралы. Ұлы ағартушының мұрасы қашан да қажет, қашан да ақтаулы мәселе. Оның әрбір еңбегінен оқушы рухани тілектеріне жауап табады, нәр алады, эстетикалық талабы мен талғамын есептейді, өмір мен өнердің үйлесу, үндесу, үлгісін тауып, тағлым сабақ алады. Ал бүгінгі таңда Ы.Алтынсариннің бұл еңбегін мектеп тарихындағы білім беру ісіндегі бет ашары, ағарту саласына жаңаша сипат берген игілікті жұмыстарының төл оқу құралдарын дайындаудағы теориялық ізденістерінің бастамасы деуге болады.

Ницше және аса күшті адам
Мәдениет пен өркениеттің өзіндік ерекшелігіне қатысы жоқ жолы басқа құндылықтар да бар. Ф.Ницшенің пікірінше, қауымдық тобырлық инстинкт, құлдардың моралі, бұқаралық наным - сенімдер осының мысалы.Ф.Ницше өмірді мәңгі қозғалыс қалыптасу, ұдайы ағу деп анықтайды. Биологиялық және рухани өмірдің барлық процестерін билікке ырықтың әртүрлі көріністері деп қарастыра отырып, оның мәселелерін мәдениет кеңістігіне өткізеді.
Ницшенің пікірінше, мәдениет құралдарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экзистенциализм және өмір философиясы
Фейербах және антропологиялык материализм
Жазушы және өмір шындығы
Дулат Исабеков – роман жазушы, суреткер. Жазушының Қарғын романының көркемдік құрылымы
Жаңа ғасыр философиясы
Зар заман философиясы
Философияның пайда болуы мен дамуы, негізгі тарихи типтері
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Қазақтың маркстік философиясы
Философия пәні және оның қызметі
Пәндер