Өмір мен өлім мәселесі



1)Өмір және өлім мәселесі
2)Антропоцентризм және гуманизм
3)Сократ философиясынын негізгі идеясы 4)Қоғам және философия
5)Бакытты адам туралы идея
6)Аристотель философиясындағы мемлекет идеясы
7)Әл.Фараби және онын негізгі идеясы
Дүниеде қарама қарсылықсыз еш нәрсе жоқ, оны адам баласы ерте заманнан байқаған. Аристотель бұл жөнінде «тіршіліктегі заттар мен мәндер қарама қарсылықтардан тұратынын бәрі мойындайды; кемінде бастама қарама қарсылықта екенін бәрі де хабарлайды, айталық, біреулер тақ пен жұпқа, енді басқалары жылы мен суыққа, үшіншілері шектілік пен шектіліксіздікке, төртіншілер - махаббат пен қастандыққа нұсқайды»,- дейді.
Бұл дүниеде барлық заттардың бір- бірімен қарама – қайшы мағыналары бар екенін осы ғалымдардың сөзінен ақ көре аламыз.Қарама –қарсы жақтардың бірінсіз бірі өмір сүре алмайды.Ал оның бірлігі жойылмаса, онда оның өзі де мән мағынасынан айырылады. Сол сияқты түннің болуы күндізді, ақтың болуы қараны, өлімнің де бар болуы өмірді түсінуімізді тездетеді.
Өмір мен өлім бір-бірінсіз түсініп болмайтын мағынадағы сөздер. Өлімі жоқ өмірді түсіну қалайша қисынсыз болса, өмірі болмаған өлімнің де ешқандай мән мағынасы жоқ. Жалпы өмірді біз қалай түсінеміз, яғни біз шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап - біз өмір сүреміз, тіпті анамыздың құрсағында жатып біз анамыздың қорегімен қоректеніп, өзіміздің тіршілігіміз үшін жағдай жасап өмір сүреміз. Бұл дүниеде жақсы мен жаман қатар жүрген сияқты өмір мен өлім де қатар жүреді Бізге берген өмірді бақыт деп түсінуіміз керек. Себебі шыр етіп дүние есігін ашпай, бұл жарық дүниені көрмей кеткен қаншама сәбилеріміз бар.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы : 1)Өмір және өлім мәселесі 2)Антропоцентризм және гуманизм 3)Сократ философиясынын негізгі идеясы 4)Қоғам және философия 5)Бакытты адам туралы идея 6)Аристотель философиясындағы мемлекет идеясы 7)Әл-Фараби және онын негізгі идеясы

Орындаған : Жансолтанова А.А.
ВС - 403 топ
Тексерген: Кенжебулатова А.М.

Семей 2016

ӨМІР ЖӘНЕ ӨЛІМ МӘСЕЛЕСІ
Дүниеде қарама қарсылықсыз еш нәрсе жоқ, оны адам баласы ерте заманнан байқаған. Аристотель бұл жөнінде тіршіліктегі заттар мен мәндер қарама қарсылықтардан тұратынын бәрі мойындайды; кемінде бастама қарама қарсылықта екенін бәрі де хабарлайды, айталық, біреулер тақ пен жұпқа, енді басқалары жылы мен суыққа, үшіншілері шектілік пен шектіліксіздікке, төртіншілер - махаббат пен қастандыққа нұсқайды,- дейді.
Бұл дүниеде барлық заттардың бір- бірімен қарама - қайшы мағыналары бар екенін осы ғалымдардың сөзінен ақ көре аламыз.Қарама - қарсы жақтардың бірінсіз бірі өмір сүре алмайды.Ал оның бірлігі жойылмаса, онда оның өзі де мән мағынасынан айырылады. Сол сияқты түннің болуы күндізді, ақтың болуы қараны, өлімнің де бар болуы өмірді түсінуімізді тездетеді.
Өмір мен өлім бір-бірінсіз түсініп болмайтын мағынадағы сөздер. Өлімі жоқ өмірді түсіну қалайша қисынсыз болса, өмірі болмаған өлімнің де ешқандай мән мағынасы жоқ. Жалпы өмірді біз қалай түсінеміз, яғни біз шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап - біз өмір сүреміз, тіпті анамыздың құрсағында жатып біз анамыздың қорегімен қоректеніп, өзіміздің тіршілігіміз үшін жағдай жасап өмір сүреміз. Бұл дүниеде жақсы мен жаман қатар жүрген сияқты өмір мен өлім де қатар жүреді Бізге берген өмірді бақыт деп түсінуіміз керек. Себебі шыр етіп дүние есігін ашпай, бұл жарық дүниені көрмей кеткен қаншама сәбилеріміз бар. Өмір ол адамзат баласына берген сый. Сен одан ата - анаңнан тәрбие алып және өзіңнің сана - сезіміңнің жетілгендігімен еңбектеніп өмір сүресін. Өмір күрестен тұрады. Бірде сен шың басынан көріңсең, оның етегіне сүрініп түспеймін деген сөз емес. Сенің жетістікке жетуің үшін бұл өмірде саған кедергілер көп кездеседі. Сол кедергілерден сүрінбей өтсең ғана мұратыңа жетесің. Бұл жарық дүниеге адам бай болсын кедей болсын оған ортақ өмір сыйға берілген. Бұл жарық дүниеде өз өміріңді қуанышқа толы қылып, бақытты өмір сүруің өз қолыңда. Ең бірінші адам қанағатшыл, барға таубе етіп, еңбектенсе ғана өз қалауына , мақсатына жетеді деп білемін.
Адамының өмірі шексіз дүние емес,оның да бір шегі бар. Яғни ол өлім. Біздің өміріміз қаншалықты жемісті, толыққанды немесе түкке тұрғысыз болса да, ол бәрі-бір әрқашан да өліммен аяқталады. Алайда, өмірдің осылай шарасыз және бақытсыз аяқталғанына қарамастан адамдарды өмір сүруге ерік мәжбүрлейді. Шопенгауер бойынша ерік бейсаналы және мәңгі, ол жалғыз нағыз нақтылық болып табылады. Әлем ерік және елестету болып табылады. Ерік қай жерде болса да, қасірет те сол жерде, өйткені бұл екеуі бір-бірінен ажырағысыз. Адамның өмірге деген құштарлығы көп болса, соғұрлым еркі және қасіреті көп. Өлім ол табиғи заңдылық және өзгермейді деген даналарымыздың айтқан сөздері бар. Бұл шыныменде табиғи заңдылық. Мәңгілік деген сөз бар, бірақ ол шын мәнінде қисынға келмейді. Себебі ешқандай зат, адам тіпті мына жердің де бір күні құруы мүмкін. Сондықтан мәңгілік ештеңе жоқ. Уақыты келгенде адам дүниеден өтеді, заттың тозығы жетеді, жер беті жойылады.Өлім деген сөзді естісең денең түршігеді. Ол адам баласына ұнамары сөзсіз. Себебі Алла Тағаламыздың берген сыйынан кім бас тартсын. Бірақ бұл өмірде ақылды мен ақымақтарда қатар өмір сүреді. Яғни өз өміріне өзі балта шабатындар болады. Мүмкін бұл әлсіздік шығар, бірақ өз өміріңді қию ақылға қонымсыз нәрсе. Өз өміріңді өзің қию жасанды, яғни қолдан жасалған өлім болса, сонымен бірге табиғи өлім де кездеседі. Әрбір пенденің өзінің жасар жасы бар. Яғни Алла Тағаланың бізге сыйлаған белгілі жасы бар мыс. Сол жасымызға жеткенде біз өмірден озамыз. Аллаһ Тағала: Ей, адамдар! Ол сендердің қайсыларың жақсы амал етуші екендеріңді сынау үшін өлім және өмірді жаратқан (Мүлік сүресі, 2-аят).Мына аяттан түсінетініміз өмір мен өлім емтихан мақсатымен жаратылған, сол үшін де өлім болмаса өмірдің мәні жоқ екенін айғаруға болатынын көреміз.
Қарама - қайшылықтың болуы бұл заңдылық. Себебі онсыз бұл заңдылықты түсіну мүмкін емес. Өлім болмаса онда адамдар өмірдің мәнін түсінбес еді. Сондықтан мәңгі өлмейтін із қалдыру үшін тарихта, өз өміріңде ізгі істер мен еңбектенсең, сені тарих мәңгі ұмытпайды деп білемін.

АНТРОПОЦЕНТРИЗМ ЖӘНЕ ГУМАНИЗМ
Антропоцентризм және гуманизм ХV ғасырда қайта өрлеу ғасырында қалыптасқан ұғымдар. Антропоцентризм [грек. anthropos - адам, centrum - орталық] яғни дүниенің орталығына адамды қоятын тұжырымдама. Ал гуманизм (лат. humanus - адамдық, адамгершілік) адамды дүниеде ең бірінші орынға қоятын және оны ең жоғары құндылық деп білетін тұжырымдама. Бұл тұжырымдамалар бір бірімен байланысты. Себебі екеуіде адам мәселесін алға қояды.
Антропоцентризм бұл адам бүкіл тіршіліктің негізі деп түсінді. Ол өмірлік өлшем ретінде және гуманизмнің негізгі шартына айналды. Бірақ бұл түсінік сол заманда жат деп түсінген болатын. Себебі бұл уақытта әлі де Құдайға сенушілік, оның жоқтығына көз жеткізу сияқты қоғамда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан болатын. Бұл уақытта көптеген тұжырымдамалар да қалыптасты. Олар П.Боранецкийдің Адамзатты дәріптеп, оған бас июге болады, Софист Протагордың Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз барлық нәрсенің өлшемі деп түсіндірді.Ал гуманизм бағытын ұстанушылар Адам баласы өзіне қажет нәрселермен өзін толықтай қамтамасыз етіп, барлық мәселелерін де Құдайсыз-ақ шеше алады деген түсінік болды. Әлбетте, адам баласы көптеген мәселелерін өз бетімен шеше алатыны даусыз. Бірақ өзінің күнә жасауына және онысын Құдайдың жазалауына байланысты мәселелерді шеше алмайды. Кейбірі гуманизмнің алғашқы түрін құшақ жая қарсы алды, ал екіншілері жоққа шығарды. Себеі бұл көзқарас ең үлкен тұлғаны - Жаратушының өзін мойындамай, адам баласының орнын жарамсыз дәрежеде жоғарылатады. Сонымен қатар гуманизмнің қалыптасуын адамның бойында жиналған қасиеттермен байланыстыратын тұрақты дәстүр бар. Кейде адамдық ұғымын адам мәнінің сипаты ретінде қолданады. Белгілі философ, Ресей гуманистік қоғамының Президенті В.А. Кувакин гумандықты адамның туғаннан пайда болған антропологиялық белгісі деп жазады. Ол: Адамның мәні, мақсаты, оның құндылығы мен шынайылығы адамның өзінде. Тек осы жағдайда ғана қоғам, табиғат, ештеңе, белгісіздік, Құдай (егер бар болса) өз дәрежесінде бағаланады, тек осы жағдайда олар шынайы құндылыққа ие болады. Гуманизмнің негізгі алғышарты осындай, -- дейді. Л. Иожеф те Мәдениеттегі гуманизм және гуманизмдегі мәдениет мақаласында бұл мәселеге тоқталады. Ол логикалық ойлау құралдары адамның абсолюттік құндылығын дәлелдеп бере алмайды деп көрсетеді: Мұны анықтаудың жалғыз мүмкіндігі -- әлемдік құрылымның болмыстық негізіне емес, адамның өмір сүру фактісіне сүйену керек. Адамның өзіндік санасы бар болғандықтан ол өзін әлемнің орталығы ретінде жариялайды.
Антропоцентризм және гуманизм бұл екеуі бір мағынадағы ұғымдар. Себебі екеуіде дүниенің негізі, ортасы адам деп тұсіндіруінде ұштасады. Яғни жаратылыстың бастамасы адам.Барлығы адамның қолында деп түсінді.

СОКРАТ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯСЫ
Бізге қалған Сократтың философиясы ешуақытта маңызын жоймайтын ілім. Әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойландыратын, ешқашан өлмейтін қажетті ілімдердің бірі. Оның ілімінің негізі адам және адамдық игі қасиеттер. Себебі ол құл иеленушілік заманында өмір сүріп, олардың қатігез әрекеттеріне шыдамай, оларға қарсы шықты. Осы күрес жолында қаза тапты десекте болады Ол жастарды адамгершілікке шақырды. Өзіне дейінгі философтардың ой - пікірін зерттей келе Дүниені тану, әлемді тану , әрине қажет. Бірақ адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылу керек. Яғни бұдан оның бірінші принципі Сен алдымен өзіңді өзің таны деген ұлағатты сөзінің негізін ұғамыз. Себебі мына дүниені түсіну үшін алдымен өзіңді өзің таны,яғни бәрінің бастамасы өзің . Өзіңді өзің тани отырып сен өзіңнің кемшіліктерің мен артықшылықтарыңды біле отырып, мына дүниені тани отырып, адамгершілікке,білімге ұмтыласын. Білімнің ең жоғары міндетті теорияда емес, тәжірбиеде, яғни өмір сүре білетіндігіңде дейді. Адам өзіне үңіле берген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сол арқылы ол өзін одан әрі жетілдіре түсуі үшін көп біліп, көп көруге тырысады. Сонымен қоса Сократтың Менің білетінім менің ештеңені білмейтінім деген қанатты сөздері бар. Бұдан біз өзімізді қоршаған ортада көзімізге көрінген заттарды, құбылыстарды ғана көреміз, ал біздің көзімізге көрінбейтін қаншама құбылыстар бар екенін білгендей айтқан секілді. Адамның беделі оның байлығы мен танымдылығында емес, бұл дүниеде онсыз өмір сүруге болатын қаншама зат бар. Яғни адам өмірінде адамгершілік, шыншылдық және тәртіпті өмір сүру арқылы да сен беделге ие боласың.
Сократ өз заманының ғұламасы. Ол бізге өзінің адамгершілік жолда күресінің арқасында, қанатты сөздерімен өзінің білімінің арқасында танылып отыр. Оны бүкіл әлем таниды. Ол оған өзінің ізденісі және еңбегінің арқасында жетті. Оның ілімінің философияда алатын орыны ерекше.

ҚОҒАМ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯ
Пәлсапа немесе философия -- болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем халқының ұдайы өсуі. Халықтың өсу заңдылықтары
Демография және әлеуметтану
Өлім жазасын қолданудың ғаламдық үрдісі
Адам өмірінің мәні
Философиядағы өмір және өмір мәні мәселесі
Эвтаназия туралы жалпы түсінік
Адамның өмір сүру құқығы: теориялық және тәжірибелік мәселелері
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаннан кейінгі әлеуметтік жағдайы
Қазақ тарихындағы өлім жазасы
Оны философиялық талдау
Пәндер