Эссе жазу тәртібі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы : Берілген тақырып бойынша эссе жазу тәртібі.
Орындаған : Жансолтанова А. А.
ВС - 403 топ
Тексерген: Қойгельдинова А. С.
Семей 2016
ЖОСПАР
- Кіріспе
- Негізгі бөлім «Берілген тақырып бойынша эссе жазу тәртібі»
2. 1. Эссе туралы түсінік
2. 2. Эссенің жазылу жоспары
2. 3. Эссе жазуда ұстанатын қадамдар
2. 4. Негізгі талаптар
2. 5. Кездесетін қателіктер
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Эссе - бұл ұсынылған тақырып бойынша өздік жазба жұмысы. Өз мүмкіндігіңді басшылыққа алып, эссе тақырыбы мен атауын таңдайсың. Эссе жазу бұл өз ойыңды дәл және сауатты жеткізуге үйрену, ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп - салдар байланыстарын бөлуге, қажетті мысал келтіруге, өз қорытындыларыңды дәлелдеуге, сөйлеудің ғылыми стилін үйренуге баулу. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады. Эссе жазу бұл - дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген, сұраққа жауап немесе тақырыпты ашу болып табылады. Эссе - бұл қандай да болмасын мәселе бойынша ойланып-толғану. Эссе - бұл өз тілімен және стилімен жазылған өздік жұмыс.
Эссе туралы түсінік
Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" - ойлау. Эссе жанрын ашқан М. Монтень болып табылады. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды. Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты - авторды жан жақты ашу, таныту.
2) объективті; негізгі мақсаты - белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.
Эссенің мақсаты- өз бетінше автордың шығармашылық ойлау дағдысын жетілдіру яғни Өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану-жоспарлау -жазу-тексеру.
Қандай да бір мәселені еркін түрде жазу, сын және публицистика жанры. Бүгінде ЖОО-да берілген біліміді бағалау үшін Эссе көп жазылады. Ал батыс елдерінде оқуға құжат тапсырылғанда ерекше көңіл тағы да Эссеге бөлінеді
Эссе қойылған мәселенің нақты мазмұнын көрсетеді. Онда өз бетінше жүргізілген талдаулар жазылуы тиіс. Эссе формалары қандай пәнге немесе тақырыптарға байланысты жеке ерекшелігіне сай жазылады.
Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.
Эссенің жазылу жоспары
- Кіріспе (эссенің 30 % көлемі)
- Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі) ;
- Қорытынды (эссенің 10 % көлемі) ;
Кіріспе - тақырыпты таңдау себебі және мәні, логикалық және стилистикалық байланысқан бірқатар құрылымдардан тұрады. Бұл кезеңде өз зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты дұрыс құрастыру өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын дәлелдердің реттілігі қажет. Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін: «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?», «Тақырыпты бірнеше шағын тақырыпшаларға бөлуге бола ма?» , т. б.
Негізгі бөлім - таңдаған мәселе және негізгі сұрақты қарау теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Осы бөлімде дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар, бұл сұрақ бойынша бар мәліметтерге қарағанда басқа дәлелдер мен ұстанымдардың негіздеу қажет.
Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан маңыздысы тақырыпшалар, олардың негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық мәліметтерді қолдану немесе ой толғаулар) жүзеге асады, яғни ұсынылған дәлелдемелерді/талдауды негіздеу қажет. Қажет болған жерде талдаудың құралы ретінде кесте, сызба, диаграмма, сонымен қатар өз тәжірибеісін де пайдалануға болады.
Қорытынды - тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу, цитата, әсерлі дәлелдеу. Қорытынды эссені толықтыратын өте маңызды элементті ұстауы мүмкін, басқа мәселелермен байланысын жоққа шығармай, зерттеудің (импликация) қолдануына сілтеме сияқты. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет. Эсседе зерттеген мәселе бойынша қатысы, оны дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады.
Эссе жазуда ұстанатын қадамдар
• 1 қадам. Контексті анықтаңыз.
Егер сізге эссе берілді, онда кейбір өлшеуіштер анықталды: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, т. б. Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы - эссенің негізгі ойы.
• 2 қадам. Тақырыпты таңдаңыз.
Берілген тақарыптың сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Сонда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол тым күрделі болмау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис - бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің отаным - гүлденген Қазақстан». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседегі сіз айтатын ойды сиғызу қажет.
• 3 қадам. Ақпаратты жинаңыз.
Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет. Өзіңіз білетін, оқыған ақпарттарды еске түсіріңіз. Фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар салмаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады.
• 4 қадам. Эссені жоспарлаңыз.
Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз.
• 5 қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз.
Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ой анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір
ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болғасын, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.
• 6 қадам. Қорытынды жазыңыз.
Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды?
• 7 қадам. Кіріспені жазыңыз.
Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болғасын кіріспе туралы ойланыңыз. Тезистік дәлелдемені түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Қарапайым сөз тіркестерін қолданбаңыз: «Эссе мына туралы . . . » немесе «Бұл эссе тақырыбы . . . » немесе «Қазір мен сізге . . . ». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасыңызға қысқаша шолумен бекітіңіз.
• 8 қадам. Жазғаныңызды оқыңыз.
Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац пен екінші абзацтағы ой ажырап кетпеген бе? Әрбір дәлел алдынғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз.
• 9 қадам. Қателерді тексеріңіз.
Мәтіндегі қателерді тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, жаргонизмдерден қашқақтаңыз, пунктуацияны тексеріңіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz