Тыныс алу жүйесінің патологиясы



І. Кіріспе: Тыныс алу жүйесінің патологиясы
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1.Асфиксия және оның түрлері
2.2.Актиномикоз
2.3.Өкпенің гиповентиляциясы
ІІІ. Қорытынды:
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Тыныс алу жүйесінің аурулары төлдердің арасында жиі кездеседі және де жұқпалы емес аурулардың ішінде ас қорыту жүйесінің ауруларынан кейінгі екінші орынды алады. Жалпы кәзіргі кездегі жеке шаруашылықтарда барлық аурулардың 20-30%-ті тыныс алу жүйесінін ауруларының үлесіне тиеді.Тыныс алу жуйесімің ауруларын тудыратын көптеген себептерді негізгі екі топқа бөледі:
1.Төлдерді күту мен азыктандыру технологиясының бұзылуларынан организмнің резистентгік қабілетінің төмендеуі;
2.Микроорганизмдердің әсері.
Сыртқы тыныс алудың қатты өзгерісі асфиксия кезінде байқалады. Асфиксияда (тұншығуда) қанға оттегінің түсуі тоқталады, қаннан СО2 шығарылмайды. Ол тыныс алу жолдары қысылғанда, олардың саңлаулары бөгде затпен бітелгенде, өкпеге сұйықтық жиналғанда (суға тұншыққанда), кеуденің екі жағында пневматоракс дамығанда болады.
1. http://studopedia.info/
2. http://vetvrach.info/cardio.html
3. Воложин А.И., Порядин Г.В. Патофизиология (в трех томах)//Москва: «Академия». - 2006.- 525 с.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

№1БӨЖ

Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің патологиясы

Орындаған: Акимжанова М.С
Тобы: ВС-303
Тексерген: Жумабеков Х.С

Семей 2016ж

Жоспар:
І. Кіріспе: Тыныс алу жүйесінің патологиясы
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1.Асфиксия және оның түрлері
2.2.Актиномикоз
2.3.Өкпенің гиповентиляциясы
ІІІ. Қорытынды:
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе
Тыныс алу жүйесінің аурулары төлдердің арасында жиі кездеседі және де жұқпалы емес аурулардың ішінде ас қорыту жүйесінің ауруларынан кейінгі екінші орынды алады. Жалпы кәзіргі кездегі жеке шаруашылықтарда барлық аурулардың 20-30%-ті тыныс алу жүйесінін ауруларының үлесіне тиеді.Тыныс алу жуйесімің ауруларын тудыратын көптеген себептерді негізгі екі топқа бөледі:
1.Төлдерді күту мен азыктандыру технологиясының бұзылуларынан организмнің резистентгік қабілетінің төмендеуі;
2.Микроорганизмдердің әсері.

2.1 Асфиксия
Сыртқы тыныс алудың қатты өзгерісі асфиксия кезінде байқалады. Асфиксияда (тұншығуда) қанға оттегінің түсуі тоқталады, қаннан СО2 шығарылмайды. Ол тыныс алу жолдары қысылғанда, олардың саңлаулары бөгде затпен бітелгенде, өкпеге сұйықтық жиналғанда (суға тұншыққанда), кеуденің екі жағында пневматоракс дамығанда болады.

Асфиксия 3 сатыда өтеді:
1-ші сатысында: инспирациялық ентігу дамып, организмнің жалпы қозуы, симпатикалық жүйке жүйесінің қозуы байқалады (көздің қарашығы кеңиді, тахикардия, гипертензия, жалпы дірілдеу, еріксіз дәрет пайда болады).
2-ші сатысында: экспирациялық ентігу дамиды, парасимпатикалық жүйке жүйесінің қозуы байқалады (көз қарашығы кішірейеді, брадикардия, гипотензия байқалады).
3-ші сатысында: тыныс алу тоқтайды, артериялық қан қысымы, жүрек соғуы анықталмайды, мұны терминальдық үзіліс дейді, мидың қызметі тоқтайды, көз қарашығы кеңиді, рефлекстер шақырылмайды. Ұзақтығы 5-10 секундтан 4-5 минутқа дейін. Содан соң агониялық тыныс алуға ауысып, дем алу мүлдем тоқтайды.
Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігінде организмде гипоксия дамиды, мидың, жүрек бұлшықетінің т.б. ішкі ағзалардың қызметтері бұзылады. Созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі өкпе-жүрек қызметтерінің біріккен жеткіліксіздігіне әкеледі.

Асфиксия новорожденных животных

2.2Актиномикоз
Актиномикоз (грекше aktіs (aktіnus) -- сәуле және mykes -- саңырауқұлақ) -- актиномициттер қоздыратын жұқпалы ауру. Актимикозбен көбіне жануарлар шалдығады, ал адамдар сирек ауырады. Актиномикоз табиғатта кең тараған. Ол топырақта, жануардың ішек-қарнында, арпа-бидай дәндерінде ұзақ сақталады. Актиномикоз адам аузының шырыш қабатында, ішек-қарнында, жоғарғы тыныс алу жолында әрқашан кездеседі, бірақ зиян келтірмей тіршілік етеді. Ағзадағы қорғаныс қызметі төмендегенде (тұмау, аппендицит, туберкулез тағы басқа) адамдар актиномикоз ауруларына шалдығады. Ол көбінесе мойын терісін, асқазан мен өкпені зақымдайды. Актиномикозды операция жасау, антибиотиктер егу, сәулемен күйдіру арқылы емдейді.
Жануарлардағы патогенезі. Патогенді актиномицеттер ірі қара малдарды ауруға шалдықтырады. Кейде шошқа, жылқыларды зақымдауы мүмкін. Зақымдалу созылмалы түрде өтеді. Көбінесе тері, тіл, ерін, бет, мойын, кейде сүйек зақымдалады.
Инфекция көзі - ірі қара мал, жылқы, шошқа, ит, қоян, жабайы жануарлар және кейбір қоршаған орта объектілері (топырақ, өсімдік, ауа, дәнді дақылдар) болады. Түсу ошағы өкше болса, өкше мицетомасы дамиды. Актиномикоз асқорыту жүйесі арқылы қоздырғыштың эндогенді түсуі нәтижесінде дамиды. Дәнді дақылдарды шайнау және терінің, шырышты қабықтың зақымдалуы, әсіресе кариесті тістің болуы - аурудың ілгері дамуына әкеледі. Енген қоздырғыш дәнекер тін арқылы, қан және лимфалық жол арқылы таралады. Инфекциялық процесс инфильтраттың, іріңді аймақтардың пайда болуымен көрінеді. Ауру созылмалы қабыну, кейіннен іріңді үрдіске әкелетіндігімен сипатталады. Локализация ошағында тығыз инфильтраттар пайда болады. Тері көкшіл болады. Инфильтраттардан ұнамсыз иісті ірің шығады. Іріңде актиномицет жасушаларынан тұратын дәндер анықталады. Клиникалық көрінісі бойынша бет-мойын актиномикозын, өкпе, ішкі ағзалар, тері, бұлшықеттік, мұрын, құлақ, көмей, өңеш, ОЖЖ-нің актиномикозын ажыратады.

Возбудитель актиномикоза крупного рогатого скота - Actinomyces воvis
2.3 Өкпенің гиповентиляциясы өкпеде ауа алмасуының азаюы. Ол мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:
1.Өкпенің және тыныс жолдарының дерттері (пневмония, пневмосклероз, эмфизема, бронхит ж.б.) кездерінде;
2.кеуде қуысының тұтастығы бұзылғанда (жарақат) немесе плевра қуысында сұйық, қан, ауа жиналып қалғанды (гидроторакс, гемоторакс, пневмоторакс);
3.тыныс алуды реттейтін нервтердың жарақаттануы, қабынуы немесе бұл нервтерден серпіндердің миастения, ботулизм, сіреспе т.с.с. дерттер кездерінде, тыныстық еттерге берілмеуі немесе дем алуға қатысатын еттердің қабынуы, дистрофиясы кездерінде;
4.туа біткен немес жүре пайда болған кеуде қуысының пішіні өзгергенде (сколиоз, кифоз), қабырға аралық нервтердің, өкпе пердесінің қабынулары кездерінде қатты ауыру сезімі өкпенің вентиляциясын төмендетеді.
5.жұлында өкпе дамуында немесе полиомиелит ауруы кезінде оның мотонейрондарының бүліністерінен тыныс алуға қатысатын еттердің нервтелуі бұзылуынан;
6.мидағы тыныс алу орталығына дерт туындататын ықпалдардың тікелей тежегіш әсерінен немесе олардың қан тамырларындағы хемо-, барорецепторлардың қоздырылуынан рефлекстік түрде тежелуінен;
Тыныстың минуттық көлемі дем алудың тереңдігі өзгермей, тек оның жиілеуімен бір деңгейде ұсталып тұрғаны өкпе ұяшықтарындағы вентиляцияның азаюын және ауа алмасуының нашарлығын көрсетеді. Сондықтан альвеолалардың вентиляциясына зор көңіл бөлінеді.

Өкпенің біркелкі емес вентиляциясы. Қалыпты жағдайдың өзінде барлық өкпе ұяшықтары біркелкі қызмет атқармайды. Ал, патологиялық жағдайларда біркелкі емес вентиляция күшейеді. Ол өкпе тінінің серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфиземасы), бронхиолалардың жиырылып қалғанында (демікпе), өкпе фиброзы кездерінде, әлвеолалардың сұйық немесе экссудат жиналғанда кездеседі. Біркелкі емес вентиляция гипоксемия дамуына әкеледі, бірақ бұл кезде гиперкапния байқалмайды.
Газдардың диффузиясының бұзылыстары.
Өкпе ұяшықтары мен каппиляр мембраналардың газдары екі бағытта өзкізуін өкпенің диффузиялық қабілеті (ӨДҚ) деп атайды. Оның бұзылыстары мына жағдайларда болуы мүмкін:
альвеолалар мен қылтамырлардың мембраналырының өкпе қабынуы, пневмосклероз ж.б. дерттер кездерінде, қалыңдауынан;
қызмет атқаратын альвеолалар мен капиллярлардың, өкпе бөлшегін алып тастағанда, үлкен деңгейде бүліністері кездескенде, азаюынан;
қанның өкпе альвеолаларындағы ауамен жанасу уақыты қысқаруынан газдар керекті мөлшерде әлвеола мен капилляр мембраналары арқылы өтіп үлгермейді. Бұндай жағдай ауыр қол жұмысын атқарғанда, анемиялар кездерінде байқалады.

Газдардың диффузиясы бұзылыстарының нәтижесінде қанның газдық құрамы өзгереді, гипоксемия, гиперкапния дамиды.
Өкпе перфузиясының бұзылыстары.Өкпеде қанайналымның (перфузияның) бұзылыстары мына жағдайларда дамуы мүмкін:
жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кездерінде;
туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек кемістіктерінде (атриовентрикулалық қақпақшалардың тарылуы, жүрекшелердің арасындағы сопақша тесіктің бітпей қалуы, Ботал өзекшесінің т.с.с.);
өкпе артериясында қан қатпаларының (тромбылар) құрылуы немесе эмболдар тұрып қалуы;
шок, коллапс кездерінде қан тамырлары қызметтерінің жетіспеушілігінен өкпеге аз қан келуінен;
Қалыпты жағдайда қызмет атқаратын өкпе ұяшықтарына қан жақсы келеді де, қызмет атқармайтын әлвеолаларға оның келуі шектеледі (Эйлер рефлексі). Вентиляция мен өкпе перфузиясының сәйкессіздігі кейде ауа алмасатын әлвеолаларда перфузия болмауы, перфузиясы бар әлвеолаларда вентиляция болмау мүмкіншіліктеріне әкеледі. Осыларға байланысты сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі дамиды.
Ол обструкциялық және рестрикациялық болып екіге бөлінеді.
Обструкциялық тыныс алу жеткіліксіздігі тыныс жолдарының тарылғанында (лат. Obstruction - бөгеттелу, бітелу) болады. Бұл кезде ауа қозғалысына кедергі жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарында пайда болады. Жоғарғы тыныс жолдары саңылауларының тарылуы немесе толық бітеліп қалуы мына себептерден болады:
* оған бөтен заттың түсуі;
* тыныс алу жолдары қабыр - ғаларының мұрынның, тамақтың, кеңірдектің шырышты қабықтарының қабынудан ісінуі немесе өспе дамуынан тарылуы;
* тамақ еттерінің жиырылуы (ларингоспазм);
* тыныс алу жолдарын сыртынан ісінген қалқанша безбен, айналасындағы тіндердің ісігімен қысып қалуы т.с.с. жағдайлар есептеледі.
Төменгі тыныс жолдарының тарылуы:
+ ұсақ кеңірдекшелер мен бронхиолалардың саңылауларына әртүрлі сұйықтықтардың (құсық, су, ірің, шырыш, транссудат) түсуінен;
+ қабыну кезіндегі ісіну мен гиперемия даму нәтижесінде төменгі тыныс жолдарының шырышты қабықтарының қалыңдауынан;
+ бронхиолалардың тегіс еттерінің әртүрлі аллергендердің және химиялық қоздырғыштардың әсерлерінен жиырылуынан (бронхыспазм)ж.б. жағдайлардан болады.
Төменгі тыныс алу жолдары саңылауларының тарылуы ауа қозғалысына кедергіні көбейтеді және ауаның әлвеолаларға тең бөлінуіне бөгет жасайды. Бұл кезде демді іштен шығару тіпті қатты бұзылады.
Рестрикциялық тыныс алу жеткіліксіздігі өкпенің тыныс алу бетінің азаюы немесе оның серпімділігі азаюының нәтижесінде альвеола вентиляциясының бұзылуы (лат. Restriction - шектелуі, кішіреюі).
Ресрикциялық сыртқы тыныс алу жетіспеушілігін туындататын ықпалдар екі топқа бөлінеді. Біріншісі өкпе тінінің өзінің бұзылыстарымен, екіншісі өкпенің сыртынан әсер ететін ықпалдармен байланысты.
Біріншісі жағдайларда байқалады:
* өкпеде қабыну мен қан іркілу құбылыстарында;
* өкпе аурулары (созылмалы өкпенің қабынуы, пневмосклероз, обыр (рак) эмфизема, туберкулез т.б.) кездерінде;
* өкпенің бір бөлшегі немесе бір өкпені тұтас хирургиялық тәсілмен алып тастағанды;
* әртүрлі себептерден сурфактанттың азаюынан ателектаз дамығанда.
Өкпенің сыртынан әсер ететін ықпалдарға:
* плевра қуысында сұйық, ауа жиналуы; көкірек орталығында өкпе дамуы;
* кеуде қуысын тарылтатын дененің пішіні өзгеруі;
* іш қуысында ауа жиналуы (метеоризм), бауыр ұлғаюы, іш шемені дамуы т.с.с. жағдайлар жатады. Бұл кезде өкпе сыртынан қысылып , оның тыныс алу кезіндегі тербелісін азайтады.
Обструкциялық және рестрикциялық сыртқы тыныс жеткіліксіздіктері жиі біріккен түрде кездеседі.
Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі өте тез дамитын (жедел), тез дамитын (қауырт) және созылмалы тұрде болады. Өте тез дамитын сыртқы тыныс жеткіліксіздігі бірнеше минөттен бірнеше сағаттың ішінде дамиды. Оған мысал ретінде: дыбыс байламдарының аяқ астынан жиырылуы немесе жоғарға тыныс жолдарына бөгде зат түскенде адамның тұншығуын, бронхиалдық демікпенің ұстамасын, өкпе тамырларында тромбоз, эмболия дамуын өкпе ісінуін т.с.с. дерттерді келтіруге болады.
Тез дамитын (қауырт) сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі бірнеше аптаның ішінде дамиды. Мәселен, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, өкпе туберкулезі т.с.с. аурулар.
Сырткы тыныс алу жеткіліксіздігіне қанның газдык құрамы өзгереді және алқыну пайда болады. Қанның газдык құрамының өзгерістері: гипоксемия, гиперкапния және гипокапниямен қатар инспирациялық және экспирациялық алқынулар жатады.
Гипоксемия деп -артериялық қанда оттегінің (02) 90-80 мм с. б.-нан азаюы есептеледі.
Гиперкапния деп- артериялық қанда С02 улесінің қысымы (рС02) 40-45 мм с. б. -ден жогары болуы есептелед1.
Гипокапния -артериялық қанда рС02 темендеуі оның организмнен артык, шыгарылуынан болады.
Экспирациялык алқынуда- дем шығару узақтығы демалу ұзақтығынан ұзақ болады. Өкпе альвеолаларының жиырылғыштығы мен серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфиземасында) , тыныс алу орталығының қызметі бұзылғанда (асфиксияның 2-ші сатысында), ұсақ бронхтардың спазмы және бітелуінде (бронхты астмада) байқалады.
Инспирациялык алқынуда -дем алу ұзақтығы дем шығару ұзақтығынан артық болады. Жоғарғы тыныс жолдары тарылғанда (күлде, бөгде зат түскенде), байқалады.
Патологиялық тыныстарға: (периодикалық немесе үзілісті тыныс) Чейн-Стокс, Биот, Кусмауль тыныстары, агониялық тыныс немесе ақтық дем жатады. Бұл тыныс алулар ми жарақаты кездерінде, бас сүйек ішіндегі қысым жоғарылағанда (қан құйылуда, менингиттерде, өспелерде т.с.с.), Агониялық тыныс алуда тыныс алуға қабырға аралық бұлшықеттермен қоса мойын бұлшық еттері қатысады, мал басын артқа шалқайтып аузымен ауа қармайды.

Қорытынды:
Тыныс алу жүйесінің ауруларын дұрыс және дер кезінде анықтап, оларға тиімді ем қолданып, алдын ала сақтандыру шараларын ұйымдастыру үшін тыныс жолдары мен өкпенің атқаратын әр алуан қызметтерінің физиологиялық мәнін анық түсіне білу керек. Тыныс алу ағзалары жүйке жүйесі, қан және лимфа жүйелері арқылы организмдегі барлық жүйелермен өте тығыз байланыста. Сондықтанда тыныс алу жүйесінің аурулары организмнің барлық жүйелерінің қызметінің бұзылуының бірден-бір себепкері болады. Өйткені ол аурулар бірден газ алмасу процесі нашарлатып, төлдерде ентігу процесін тудырады. Өкпенің ауамен қамтамасыз етілуінің бұзылуы тыныс алу жүйесінің жеткіліксіздігінің үш сатысымен анықталады:
1.Ентігу құбылысы төлдер организміне тек қатты күш түскенде ғана білінеді;
2.Ентігу құбылысы төлдер организміне аздап қана физикалық салмақ түскенде-ақ байқалады;
3.Ентігу құбылысы үнемі жәй тұрған төлдерде де, физикалық салмақ түскен төлдерде де үнемі болып тұрады

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Айтқұлов М.Т., Патологиялық анатомияның жалпы патологиялық процесстер бөлімі бойынша студенттерге арналѓан әдістемелік құрал - Қарағанды : ЌММА, 2006. - 92 с.
2. Воложин А.И., Порядин Г.В. Патофизиология (в трех томах)Москва: Академия. - 2006.- 525 с.
3. Ефремов А.В., Самсонова Е.Н., Начаров Ю.В. Патофизиология. Основные понятия: учебное пособие. - М., 2008. - 160 с.
4. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. Патологическая физиология.-М.:МЕДпресс-информ, 2006.-635 с.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиі ауыратын балаларды диспансерлік бақылау
Тыныс алу жүйесінің патологиясы. Жоғарғы тыныс жолдарының негізгі аурулары
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Тыныс алу поталогиясы. клеткалық тыныс алу. гипоксия
Тынысалу жүйесін зерттеу әдістері кеуде қуысын қарау және пальпациялау. Ересек адамдардың және түрлі жастағы балалардың салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы
Гидрокинезотерапия
Акушерлік қан кету
Балалар жүйке жүйесі аурулары
Құрғақ бассейндегі Кинезотерапия
Пәндер