Кәсіпкерлікті қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар дайындау


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БОЙЫНША КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАСЫМЕН ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҰЙЫМДАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР ДАЙЫНДАУ.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5B051000- «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы»
Алматы 2017
МAЗМҰHЫ
КIPICПE . . .
1. ЭКОНОМИКАДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ РӨЛІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
1. 1 Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны және функциялары
1. 2 Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құрылымы мен құралдары . . .
1. 3 Шетелдердің кәсіпкерлікті қолдау тәжірибесі . . .
2. ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҒЫ
( Алматы қаласы, Медеу ауданы әкімдігінің мысалында) . . .
2. 1 Республикадағы кәсіпкерліктің даму барысы . . .
2. 2 Кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларды бағалау . . .
2. 3 Әкімдіктің кәсіпкерлікті қолдау ұйымдарымен өзара байланысын талдау . . .
III. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ . . .
3. 1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау ұйымдарымен ынтымақтастықты
күшейту шараларын дайындау және жетілдіру . . .
3. 2 Кәсіпкерлікті қолдау механизмдерін жетілдірудің негізгі бағыттары . . .
ҚOPЫТЫHДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДEБИEТТEP ТIЗIМI . . .
Кіріспе
Зepттey тaқыpыбының өзeктiлiгi. Еліміздің алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу мен белгіленген міндеттерді шешуде кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытудың маңыздылығы жоғары. Сондықтан да мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп, жергілікті және орталық атқарушы органдарға нақты міндеттер жүктелген. Осыған байланысты кәсіпкерлікті ұйымдастыру, рұқсат ету жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нақты іс-шаралар қабылданып, жүзеге асырылып келеді. Тәуелсіздік алған бастап қазіргі кезге дейін кәсіпкерлікті дамытуға арналған арнайы мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, іске асырылуда. Қазіргі кезде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар жасалып жатыр. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры елімізде кәсіпкерліктің дамуына айтарлықтай өзіндік үлесін қосып келеді [1, 3 б. ] .
Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері еліміздің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі ретінде еліміздің барлық даму стратегияларында, мемлекеттік бағдарламаларында және Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында да қарастырылып, мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Жолдауында елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету керек, - деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай Елбасымыз «бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады. Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек. Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс. Үкімет «Атамекен» ҰКП бірлесіп, бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауы қажет, » - деген болатын [2, 6 б. ] . Демек кәсіпкерлікті қолдау және дамыту арқылы индустриялық-инновациялық даму, жаңа жұмыс орындарын құру, халықтың әл-ауқатын арттыру, ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету сияқты өзге де бірқатар маңызды мәселелер шешімін табатын болады. Бұл кәсіпкерліктің экономикадағы рөлінің жоғары екендігін, оны ұйымдастыру, дамыту мен қолдауға баса назар аудару қажеттігін көрсетеді. Сондықтан да жоғарыда айтылған мәселелер диплом жұмысының өзектілігін анықтайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Республикадағы кәсіпкерліктің даму барысын зерттей отырып, ондағы орын алған мәселелерді анықтау. Кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларды бағалау, сонымен қатар Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау ұйымдарымен ынтымақтастықты күшейту
бойынша ұсыныстар дайындау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері. Мaқcaтқa қoл жeткiзу үшiн жұмыcты жaзу бaрыcындa төмeндeгi мiндeттeр қoйылғaн:
- экономикадағы кәсіпкерліктің рөлі мен функцияларын талдау;
- кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларды бағалау;
- әкімдіктің кәсіпкерлікті қолдау ұйымдарымен өзара байланысын талдау;
- кәсіпкерлікті қолдау ұйымдарымен ынтымақтастықты күшейту шараларын жетілдіру;
- кәсіпкерлікті қолдау механизмдерін жетілдірудің негізгі бағыттарын ұсыну.
Зерттеу объектісі. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы мен басқа да ұйымдар.
Зерттеу пәні. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы мен басқа да ұйымдардың кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүзеге асырып жатқан шаралары.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі . Отaндық жәнe шeтeлдiк ғaлымдардың кәсіпкерлікті қолдау мен дaмытy aяcындaғы eңбeктepi мeн зepттey нәтижeлepi aлынды. Coндaй-aқ әpтүpлi cтaтиcтикaлық жинaқтap, ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, ҚР Конституциясы мен өзге де заңдық және нopмaтивтiк құжaттap, Қaзaқcтaн Pecпyбликacы Пpeзидeнтiнiң Жолдаулары, кәсіпкерлікті қолдауға байланысты мeмлeкeттiк және аймақтық бaғдapлaмaлap қoлдaнылды.
Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет, кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәceлeлepi жөнінде Р. Кантиллион, А. Смит, Ж. Б. Сэй, А. Маршал, Й. Шумпетер, В. Я. Горфинкель, К. Менджер, В. Е. Савченко, А. В. Бусыгин секілді шeтeлдiк ғaлымдap мен Р. Қ. Елшібаев, Г. Жолдасова, А. С. Сейдахметов, Қ. Ж. Елшібекова, О. Сәбден, А. Қ. Ізмаханова, Ф. М. Кулембаева, А. Н. Тоқсанова, Қ. О. Оқаев сияқты бірқатар отандық ғалымдардың eңбeктepiндe қapacтыpылғaн.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диплoмдық жұмыc кiрicпeдeн, үш бөлiм, қoрытынды жәнe қолданылған әдeбиeттeр тiзiмінен тұрaды.
Бiрiншi бөлiмдe кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны және функциялары, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құрылымы мен құралдары, сонымен қатар шетелдердегі кәсіпкерлікті қолдау тәжірибесі туралы жaзылғaн.
Eкiншi бөлiмдe республикадағы кәсіпкерліктің даму барысына және кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларға талдау жасалған.
Үшiншi бөлiмдe Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау ұйымдарымен ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар дайындалған. .
Қoрытынды бөлiм диплoм жұмыcын жaзу бaрыcындa aлынғaн тұжырымдaр мeн ұcыныcтaрды қaмтиды.
Диплoм жұмыcы 83 бeт көлeмiндe бaяндaлып, 12 кecтe мен 25 cурeттi қaмтиды.
1 Экономикадағы кәсіпкерліктің рөлі мен теориялық негіздері
1. 1 Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны және функциялары
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде экономикалық реформалардың табысты жүзеге асуына ерекше назар аударды. Өйткені ұзақ жылдар бойы үстемдік еткен жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту тұсында оның маңыздылығы жоғары болды. Осыған байланысты елімізде меншіктің әр түрлі нысандарының қалыптасуы және соның негізінде кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне жол беру кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының бастапқы алғышарты болып табылады.
Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының көптеген факторларының ішінде кәсіпкерлік қызмет және оның субъектілері, яғни кәсіпкерлер маңызды рөл атқарады. Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұнын ашу оның негізгі белгілерін анықтауға экономика ғылымы үш ғасырдан астам уақыттан бері өзіндік үлес қосып келеді. Алайда, үздіксіз жүргізілген зерттеулер негізінде «кәсіпкерлік» түсінігі жаңа элементтермен толыға түсті. Ол өз кезегінде кәсіпкерліктің мәні мен мазмұнын толық ашуға септігін тигізеді. Бірақ ол қоғам мен экономиканың дамуына сәйкес жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді [3, 5 б. ] .
«Кәсіпкерлік» ұғымы ерекше кең, онда экономикалық, құқықтық, саяси, тарихи және психологиялық қарым-қатынастар байланыстырылады.
Бір жағынан, кәсіпкерлік - бұл негізінде бірқатар шарттары мен талаптары (қызмет бағытын таңдаудағы еркіндік, шешім қабылдаудағы дербестік пен жауапкершілік, коммерциялық табысқа қол жеткізіге бағдарлау) бар шаруашылық қызметтің ерекше түрі.
Екінші жағынан, кәсіпкерлік - бұл негізгі құрамдас бөліктері бастама, стандартты емес шешімдер іздеу, іскерлік қабілет, ауқымдылық және тәуекел болып табылатын белгілі бір стиль мен мінез-құлық түрі.
Үшінші жағынан, кәсіпкерлік - бұл шаруашылық механизмдерді жетілдіру мен дамытуда, экономикана өзгертудегі тұрақты құрылымдардағы инновациялық сала құруда көрінетін экономикалық функцияның түрі [4, 5 б. ] .
Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны көбінесе кәсіпкердің жеке тұлғалық қасиеттерімен анықталады. Олар ресурстарды немесе өндіріс факторлары - жұмыс күші (еңбек), капитал, жерді жаңаша біріктіру қабілетінде көрінеді.
Бүгінгі таңда әлемде кәсіпкерлік ұғымына жалпыға ортақ анықтама жоқ. Американдық ғалым, профессор Роберт Хизрич кәсіпкерлікті - құны бар жаңа бір нәрсені құру, ал кәсіпкерді - осының барлығына уақыты мен бар күшін жұмсайтын, қаржылық, психологиялық немесе әлекметтік тәуекелді өз мойнына алатын және соның арқасында сыйақы ретінде ақша мен қол жеткізген нәтижесі үшін қанағатқа кенелетін адам ретінде сипаттайды [5, 10 б. ] .
Кәсіпкерліктің теориялық негіздері ғылымның осы саласындағы классик-экономистермен: Р. Кантильон, А. Смит, М. Вебер, Й. Шумпетер, т. б. зерттелген.
«Кәсіпкерлік» ұғымын ғылымға алғаш рет ХVIII ғ. басында ағылшындық
банкир-экономист Ричарт Кантильон енгізген. Оның пікірінше кәсіпкер - тәуекел жағдайында іс-әрекетін жүзеге асыратын адам, өйткені ол экономикалық қызметін тұрақсыз жағдайда жүзеге асырады [1, 6 б. ] .
Сондай-ақ кәсіпкерлік ұғымын зерттеуге Н. Бауде, К. Менджер, П. Друкер, Ф. Найт, Х. Либенстейн және т. б. экономисттер де өз үлестерін қосқан (Кесте 1) .
Кесте 1.
Ғалымдардың «Кәсіпкерлік» терминіне әр түрлі көзқарастары*
Ричарт Кантильон
(1725 ж. )
- кәсіпкер тұрақсыз және тәуекел жағдайында жұмыс жасайды;
- кәсіпкер нарықтың талаптарына сәйкес іс-әрекет етуі тиіс.
Николас Бауде
(1767 ж. )
- кәсіпкер - бұл, ең алдымен, инновациялық менеджер;
- кәсіпкерлерді қолдау керек және арнайы оқыту қажет.
Жан Батист Сэй
(1810 ж. )
- кәсіпкер тұрақсыз жағдайда жұмыс жасайды және кәсіпорынның алдында тұрған кез келген қиындықтарды жеңе білулері қажет.
Карл Менджер
(1871 ж. )
- кәсіпкер шешім қабылдау кезінде 4 кезеңді қстануы қажет: ақпарат жинау, экономикалық есептеу, өнім таңдау және өндірістік жоспардың орындалуын басқару.
Альфред Маршалл
(1890 ж. )
- кәсіпкердің міндеті - еңбек, капиталды қозғалысқа келтіру, жоспар құру және оның орындалуын ұйымдастыру.
Йозеф Шумпетер
(1910 ж. )
- кәсіпкерлік қызметтің бағыттары: 1) жаңа өнімдер немесе қызметтер; 2) өндірістің жаңа әдістері; 3) жаңа өткізу нарықтары; 4) жабдықтаудың жаңа көздері; 5) ұйымдастырудың жаңа нысандары.
Франк Найт
(1921 ж. )
- кәсіпкердің негізгі функциялары - ұйымдастыру және бақылау;
- кәсіпкер өз көзқарасын қорғай білуге және қиындықтарды жеңе білуге қабілетті болуы тиіс.
Давид Макклеланд
(1961 ж. )
- кәсіпкер жігерлі, тәуекелге бара білетін, болашақтағы нәтижелерді болжауға қабілетті болуы тиіс.
Питер Друкер
(1964 ж. )
- кәсіпкер - кез келген мүмкіндікті максималды табыспен қолданатын адам;
- кәсіпкердің міндеті ресурстарды тиімділігі төмен саладан тиімділігі жоғары салаға көшіру.
Харви Либенстейн
(1978 ж. )
- кәсіпкер әр түрлі нарықтық жағдайда жұмыс істей білуі қажет: нарықтың тұрақты жағдайымен қатар нарықтық жаңа белгісіз жағдайда.
Карл Веспер
(1980 ж. )
- кәсіпкер - экономист, психолог, басқа кәсіпкерлер мен саясаткерлер көзқарасындағы әр түрлі мәнге ие түсінік.
Морис Алле
(1988 ж. )
- кәсіпкер - шаруашылық жүргізуді нарықтық ұйымдастыруда жетекші рөлді иемденетін адам.
Татьяна Горькова
(1993 ж. )
- кәсіпкер - бизнестегі жетекші фигура, ол өз міндеті ретінде өндірістің барлық факторларын бірегей шаруашылық үрдіске біріктіруді мойнына алады.
*: [4] әдебиет мәліметтері негiзiнде aвтoрмен құрacтырылғaн.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерден кәсіпкерлік ұғымы әр түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырылады: шаруашылық жүргізу стилі ретінде, нарық жәғдайында қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру үрдісі ретінде, нарық субъектілерінің өзара әрекеттесуі ретінде.
Әр түрлі көзқарастарды талдай отырып, кәсіпкерлік қызмет дегеніміз - бұл:
1) тұтынушылар үшін бағалы әрі құны бар (ақпараттық, қызметтік, тауарлық) жаңа бір нәрсені құру процесі;
2) адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында үнемі үздіксіз жаңарып отыратын процесс;
3) экономикалық ресурстарды тиімді және ұтымды қолданудың ең жақсы нәтижесін алу үшін оларды тұрақты түрде біріктіруді жүзеге асыратын процесс [5, 11 б. ] .
зерттеуге ресейлік қазақстандық ғалымдар да өзіндік үлесін қосқан. Сондықтан ғалымдардың пікірлеріне қысқаша тоқталып өтсем.
Ресейлік ғалым В. Е. пікірінше, кәсіпкерлік - өндірістің инновациялық нысаны. сәйкес әлеуметтік -экономикалық басымдыққа ие, сондықтан да қоғамдық ұдайы өндіріске қажетті динамиканы қамтамасыз етеді. кәсіпкер - болашақта қосымша алу үшін бастамашылық инновациялық негізде, экономикалық жауапкершіліктен қорықпастан баруға қабілетті және өндіріс факторларын ерекше біріктіретін субъективті ұдайы өндіріс .
А. В. кәсіпкерлікке мынадай берген: « Кәсіпкерлік - бастамаға, жауапкершілік инновациялық кәсіпкерлік негізделген экономикалық ерекше түрі».
« энциклопедиясында» кәсіпкерлікті сипаттайды: «Кәсіпкерлік - тұлғаның атынан заңдық жауапкершілігімен азаматтардың өз атынан, өзінің, сондай-ақ жауапкершілігімен жүзеге пайда табуға дербес бастамашылық қызметі». [1, 10-11 б. ] .
теорияда және кәсіпкерлік (Entrepreneurship) қолда қаржы, материал және қорларын игеру базасында қызмет немесе өнімге деген бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа құру процесі ретінде қарастырылады. көрсетілген анықтамаларын отырып, біздің бойынша, кәсіпкерліктің қисынға қарай мазмұндауға мүмкіндік сипаттамалардың ең бөліп көрсетейік. - жаңа кәсіпорынды құрумен белгілі бір тәуекелділігі бар қазіргі дамытумен байланысты қызмет [6, 13 б. ]
Қазақстандық ғалым . Н. Тоқсанованың, « Кәсіпкерлік - жаңа құрумен немесе белгілі дәрежеде тәуекелі құрылған кәсіпорынмен байланысты қызмет. Кәсіпкерлікті, көбінесе, бизнестің басталуымен ғана . Шын мәнінде қызмет ауқымы әлдеқайда кең. [1, 12 б. ] .
Еліміздің негізгі құжаттарының бірі Азаматтық
(Жалпы бөлім, 1- 10-бабы) кәсіпкерлікке анықтама берілген: « - азаматтардың, оралмандардың заңды тұлғалардың пайдалану, тауарларды өндіру, , жұмыстарды орындау, қызметтерді арқылы таза алуға бағытталған, меншік құқығына (жеке ) не шаруашылық немесе мемлекеттік жедел басқару құқығына ( кәсіпкерлік) негізделген бастамашылық қызметі». Кәсіпкерлік қызмет атынан, оның етуімен және жауапкершілігімен жүзеге [7, 5 б. ] . Ал, мемлекеттік қызмет еркіндігіне кепілдік және оны қорғау қолдауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының атап көрсетілгендей, әркімнің қызмет еркіндігіне, өз мүлкін келген заңды қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы . Монополистік қызмет заңмен әрі шектеледі. Жосықсыз (әділетсіз) тыйым салынады [8, 7 б. ] .
Қоғамдағы кәсіпкерлік қызметтің болуы келесідей жағдайларға байланысты : күшті жеке сектордың болуына; ортаға; монополияға қарсы болуына; салық, , ақша жүйесін заңдардың болуына; және орта мемлекеттің қолдауға [9, 102 б. ] .
Кәсіпкерліктің дамуы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік деңгейінің ең дәл көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сондықтан кәсіпкерліктің ел экономикасындағы рөлі жоғары (Кесте 2) .
Кесте 2.
Кәсіпкерліктің ел экономикасындағы рөлі*
2-кестеде көрсетілгендей, кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлкен үлес қосады, осы қызметтің арқасында жұмыс орындары болады, техника технология дамиды, өндіріс және қызмет көрсету қалыптасады, жаңа аймақтарды жүзеге асарылып, ұлттық көлемді бөлігі [5, 14 б. ] .
Кәсіпкерлік экономикалық қарым-қатынаста ерекше мәнге ие. Өйткені ол экономикалық қарым-қатынасқа ең алдымен стандартты емес және инновациялық көзқарастар мен шешімдер енгізеді. Сонымен қатар, орта таптың қалыптасуы мен нығаюына ықпал етеді. Осылайша, кәсіпкерлік тек экономикалық функцияны ғана атқарып қоймайды, сондай-ақ қоғам өмірінің барлық салаларымен тығыз байланысты болады. Кәсіпкерліктің даму жағдайы мен үрдістерін білу, қоғамның басқа құрылымдық элементтерімен байланысы мен тәуелділігін анықтау, Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасу жолындағы негізгі мәселелерді анық көруге мүмкіндік береді [9, 105 б. ] .
Кәсіпкерлік маңызды орынға бола отырып маңызды функцияларды . Олардың қатарына жалпы, ресурстық, шығармашылық-ізденушілік (), әлеуметтік, ұйымдастырушылық функциялары жатады. функцияларға қысқаша тоқталайық.
1) экономикалық функция.
жалпы экономикалық өндірістік, табыстық және қамту функцияларынан көрініс .
Өндірістік функция тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім өндірумен ( орындаумен, қызмет көрсетумен) . Кәсіпкерліктің дамуы өсімнің, жалпы ішкі өнім көлемін ұлғайтудың шарттарының бірі табылады.
Табыстық әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге қызметтерден табыстардың түсуін, ұлттық артуын қамтамасыз етеді.
қамту функциясы жаңа орындарының ашылуын, қысқаруын білдіреді [1, 16 б. ] .
экономикалық функция - ұйымның өз атынан және меншіктегі мүліктік жеке кәсіпкер заңды тұлға қызмет ететін кәсіпкерлік ұйымдардың рөліне негізделген [5, 14 б. ] .
2) Ресурстық функция кәсіпкерліктің маңызды бірі. Ұдайы өндірістік және ресурстарды тиімді арқылы кәсіпкерлік . Мұндай ресурстар материалдық және емес өндіріс факторларын . Бірінші кезекте еңбек ресурстарын, және табиғат, өндіріс құралдары мен ғылыми жетістіктерді, -ақ кәсіпкерлік қабілетті жатқызуға болады. функция экономикалық, өндіріс факторларының айтарлықтай үйлесуімен байланысты болып . Егер кәсіпкер өзі ісінде, кәсіпкерлік қызметінде жаңашылдықты, ғылыми- идеяларды дұрыс білсе, сондай- мұның барлығын барлық түрлерін ұтымды қолданумен, жұмыс күшін біріктірген жағдайда жақсы жетістіктерге алады. Алайда табыс табуға ұмтылу ресурстарды тиімсіз алып келеді. кәсіпкерлер өз қызметінде халықтың және қоршаған ортаға тигізеді. Осыған ресурстық функцияның қолданылмағаны үшін кәсіпкерлердің жауапкершілігінің белгілейтін мемлекеттің рөлі маңызды ие болады. кәсіпкерліктің бұл қарама-қайшылық тән. Атап, кәсіпкер, бір, ресуртарды ұтымды пайдалануға, екінші жағынан, аяусыз пайдалануы .
3) Кәсіпкерліктің шығармашылық - ізденушілік () функциясы кәсіпкерлік қызмет үрдісінде идеяларды пайдаланумен ғана, сондай-ақ қойылған мақсатқа жетуге жаңа құралдарды әзірлеумен де . Кәсіпкерліктің бұл басқа функциялармен байланысты және -бірін толықтырып . Ол кәсіпкерлік қызмет экономикалық еркіндік, шешім қабылдау шарттарынан .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz