Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы ақпарат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... 4
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама ... ... ... ... 4
Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар ... ... ... ... 5
Қазақстан Республикасының саяси жүйесіне қарсы қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... 9
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстар ... ... ... ... ..14
Мемлекет құпияларын сақтауға қол сұғатын қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде ескі қылмыстық кодекстегі мемлекеттік қылмыстар деген ұғым мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар деген жаңа ұғыммен алмастырылған. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қатынастар ды қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстегі жаңартылып, жетілдіріп берілген бұл қылмыстық құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 30 тамызда қабылдаған Конституциясында көрсетілген, баянды етілген конституциялық құрылысты, қоғамның ішкі, сыртқы қауіпсіздігін, саяси, экономикалық жүйесін қорғау болып табылады.
Тікелей объектісіне байланысты бұл тарауға енген қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді:
Қазақстан Республикасының сыртқы қайіпсіздігіне қарсы қылмыстар: мемлекеттік опасыздық (165-бап); шпиондық(166-бап).
1. А.Н.Ағыбаев Қылмыстық құқық Ерекше бөлім Алматы ЖЕТІ ЖАРҒЫ

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Алматы қаласы білім басқармасы

Алматы заң колледжі

Курстық жұмыс
Пән аты: Қылмыстық құқық

Тақырыбы:Мемлекеттің Конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне
қарсы қылмыстар

Орындаған: Нұрмұханбет Жансері
Курсы: 2 204-топ
Мамандығы: Құқықтану
Қабылдаған: Құлбекова А. Е.

Алматы 2017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ЗАҢ КОЛЛЕДЖІ

Мамандыдығы: Құқықтану
Бекітемін
Заң кофедрасының
меңгерушісі Құлбекова А. Е.

Тапсырма
Курстық жұмысты (жобаны) орындауға

Оқушыға: Нұрмұханбет Жансері Ержанұлы
(аты-жөні, тегі)

Жұмытың тақырыбы: Мемлекеттің Конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар

Тапсырма беру күні

Тапсырма берген
(жетекшінің қолы)
Тапсырманы алған
(жетекшінің қолы)

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар ... ... ... ... 5
Қазақстан Республикасының саяси жүйесіне қарсы қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ..9
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Мемлекет құпияларын сақтауға қол сұғатын қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...17
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

КІРІСПЕ
1.1 МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде ескі қылмыстық кодекстегі мемлекеттік қылмыстар деген ұғым мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар деген жаңа ұғыммен алмастырылған. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қатынастар ды қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстегі жаңартылып, жетілдіріп берілген бұл қылмыстық құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 30 тамызда қабылдаған Конституциясында көрсетілген, баянды етілген конституциялық құрылысты, қоғамның ішкі, сыртқы қауіпсіздігін, саяси, экономикалық жүйесін қорғау болып табылады.
Тікелей объектісіне байланысты бұл тарауға енген қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді:
Қазақстан Республикасының сыртқы қайіпсіздігіне қарсы қылмыстар: мемлекеттік опасыздық (165-бап); шпиондық(166-бап).
Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар: Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау (167-бап); Билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уәкілітті органдары мен лауазымды адамдарының құзырына кіретін өкілеттіктерді шет мемлекет немесе шетелдік ұйым өкілеттерінің жүзеге асыруы (168-бап); қарулы бүлік (169-бап).
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе бұзуға шақыру (170-бап).
Қазаұстан Республикасының экономиялық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстар: диверсия (171-бап); жұмылдыруға шақырудан жалтару (174-бап).Мемлекет құпияларын сақтауға қол сұғатын қылмыстар: мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету (172-бап); мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды жоғалту (173-бап).

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Өз отанына сатқындық жасау әр уақытта да ең ауыр мемлекеттік қылмыс ретінде қарастырылған, Қазақ КСР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде мұндай қылмыстың атауы - Отанға опасыздық деп көрсетілген еді. 1997 жылғы Қылмыстық кодекс бұл атауды Мемлекеттік опасыздық деп жаңа атаумен алмастырды. Өйткені Отан деген ұғым мемлекеттік емес аумақтық ұғымды, яғни адамның туған жерін бейнелейтін ұғым ғана еді. Қазақстан Республикасының азаматы болып оның аумағынан сыртқары жерде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтығын алған кез келген ұлттық өкілі танылатыны баршаға аян. Осыған байланысты дүниежүзілік құқық стандарттарына сәйкес Отан деген түсінік мемлекеттік деген түсінікпен алмастырылуы заңды құбылыс.
Мемлекетке опасыздық дегеніміз - соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына өтіп кетуден, сондай-ақ шпиондық жасаудан, мемлекеттік құпияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасының қарсы дұшпандық әрекет жүргізуден, шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсетуден көрінген, Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақстатында жасаған қасақана әрекет (165-бап).
Мемлекеттік опасыздықтың тікелей объектісі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігі болып табылады. Мемлекеттің қауіпсіздігіне оның ең маңызды мүдделері - конституциялық құрылысы, егемендігі, аумақтық тұтастығы, сыртқы және ішкі қауіпсіздігі жатады. Мемлекеттік опасыздықты жасаған адам басқа бір нақты мемлекеттің пайдасына іс-әрекеттер істейді.
Конституциялық құрылыстың ұғымы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бөліміндегі Жалпы ережелерде баянды етілген. Конституцияның осы бөлімінде конституциялық құрылыстың басты принциптері, экономикалық қатынастар, қоғамның саяси жүйелері
Конституциялық құрылыстың ұғымы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бөліміндегі Жалпы ережелерде баянды етілген. Конституцияның осы бөлімінде конституциялық құрылыстың басты принциптері, экономикалық қатынастар, қоғамның саяси жүйелері нақтыланған. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кұрылысы (1-баптың 1-тармағы),
республика қызметінің түбегейлі принциптері (1-баптың 2-тармағы), республика егемендігінің түсінігі (2-баптың 1-тармағы), мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі (3-баптың 1-тармағы), биліктің заң шығарушы, аткарушы және сот тармақтарына бөлінуі (3-баптың 4-тармағы), идеологиялық және саяси әр алуан дылықтың танылуы (5-баптың 1-тармағы), меншіктің әр түрі және оның бірдей қорғалатыны (6-баптың 1-тармағы)т.б. мәселелер нақты айқындалған.
Конституцияда көрсетілген осындай және басқа ережелердің мазмұны конституциялық құрылыстың мәнін білдіреді.
Республиканың егемендігі дегеніміз - ел ішіндегі мемлекеттік өкімет билігінің үстемдігі және оның сыртқы саяси жағдайларға тәуелсіздігі болып табылады. Республиканың егемендігі оның
бүкіл аумағын қамтиды (ҚР Конституциясы, 2-баптың 2-тармағы).
Қазакстан Республикасы Конституциясының 2-бабының
2-тармағына сәйкес өз аумағының тұтастығын, оған қол сұғылмауын және бөлінбеуін камтамасыз етеді. Мемлекеттің аумағының түсінігі, оның шекарасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы 1993 жылғы 13 каңтардағы арнаулы Заңында көрсетілген.
Мемлекетке опасыздықтың объективтік жағы Қылмыстық
кодекстің 165-бабының диспозициясында көрсетілген. Оған жататындар: соғыс уакытында немесе қарулы жанжал кезінде жау
жағына шығып кету; шпиондық жасау; мемлекеттік кұпияларды
жатқа беру; Қазақстан Республикасына дұшпандық әрекет жүргізу мақсатымен шетелдік мемлекетке. шетелдік ұйымға немесе
олардың өкілдеріне өзгеде көмек керсету. Осы іс-әрекеттердің
біреуін істеу кылмыстың объективтік жағының орын алғанды-
ғын көрсетеді.
Соғыс уакытында немесе қарулы жанжал кезіңде жау жағына
шығып кету дегеніміз -- Қазақстан Республикасы азаматының
жау басып алған аумақта орналасқан жау жағына өз еркімен өтуі,
жауға көмек көрсетуі, жау жағының тапсырмасымен өзі тұратын
аумақта әр түрлі іс-әрекеттер істеуі; жау жағына ерікті түрде
шығып кетуі; тұтқын болуы сияқты әрекеттер жатады. Жау жағына өз еркімен өту соғыс уакытында немесе карулы жанжал
кезінде ғана орын алады. Бейбіт кездегі мұндай іс-әрексттер Қылмыстық кодекстін 330-бабыңда көрсетілген -- Қазақстан Республикасының күзетілетін мемлекеттік шекарасынан әдейі заңсыз өтуі кылмыс құрамын құрайды.
Мемлекетке опасыздықтың бұл түрі -- Қазақстан Республикасы азаматының шпиондык жасауы болып табылады. Қылмыстық кодекстің 166-бабында шпиондықтың түсінігі берілген. Бұл түсінік Қылмыстық кодекстің 165-бабыңдағы шпиондық деген ұғыммен объектісі, объективтік жағы және субъективтік жағы бойынша ұксас. Осы екі бапта көрсетілген ұғымының айырмашылығы тек кылмыстың субъектісіңде ғана. Қылмыстық кодекстің 165-бабындағы шпиондыксубъектісі -- Қазақстан Республикасының азаматы, ал 166-баптағы субъекті шегелдіктер, азаматтығы жоқтар немесе басқа мемлекеттің азаматтары болуы мүмкін.
Шпиоңдықтың түсінігіне Қылмыстық кодекстің 166-бабына талдау жасағанда толық тоқталамыз.
Шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе солардын өкіліне
мемлекеттік кұпияларды беру дегеніміз -- Қазақстан Республикасы азаматының мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе солардың өкілдеріне қасақана түрде хабарлауы болып табылады. Мемлекеттік құпиялардың түсінігі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы наурыздың 15-індегі Мемлекеттік құпиялар туралы Заңында көрсетілген. Осы заңга сәйкес Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әскери саладағы, сырткы, саяси, экономикалық, барлау, қарсы барлау және оперативтік іздестіру қызметіне байланысты мәліметтер мемлекеттік кұпияларға жатады.
Мемлекеттік құпияларды жатқа беру әр түрлі тәсілдермен --
ауызша, жазбаша, схема түрінде, әр түрлі өнімдердің бейнелері
арқылы жүзеге асуы мүмкін. Мемлекеттік кұпияларды жатқа
бергенде кінәлі адам қызметі немесе жұмысына байланысты өзі
білетін мемлекеттік құпия мәліметтерді жатқа береді.
Ал шпиондықта мұндай мәліметтерді кінәлі адам жинайды,
ұрлайды. Міне осы белгі бойынша бұл ұғымдар бір-бірінен ажыратылады. Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жургізетін шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзгеде көмек беруге (шпиондық жасау мен мемлекеттік құпияны жатқа беруден басқа) мына іс-әрекеттерді істеу жатады; шетел барлау агентін паналату немесе оны жалған құжаттармен, азық-түлікпен, қорғаныс құралдарымен жабдықтау; баспасөз құралдары арқылы Қазақстан Республикасының
сыртқы қауіпсіздігі туралы, халықаралық қатынастардағы оның
беделін әлсірететін жалған мәлімдемелер жариялау; республикаға басқыншылық соғысқа әзірленіп жатыр деген жалған жала
жабу; мемлекет аралық соғыс ертін насихаттайтын әр түрлі ұйымдарды құру, нәсілдік, ұлттық жікшілдікті тудыратын насихатты
өрістету; Қазақстан Республикасын басқа мемлекеттермен кырғи
қабақ соғыс жағдайына итермелейтін әр түрлі іс-әрекеттер жасау.
Мемлекеттік опасыздық субъективтік жағынан тек кана
тікелей қасақаналық арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық ниет
әр түрлі көрініс алады, бірақта ол қылмысты саралауға әсер етпейді.
Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған Қазақстан Республикасының азаматы ғана танылады.
Қылмыстық кодекстің 165-бабының ескертуіне сәйкес мемлекеттік опасыздықты, сондай-ақ шпиондықты немесе өкіметті
күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұсгап тұру қылмыстарын жасаған адам, егер ол мемлекеттік органдарға ерікті және
дер кезінде хабарлаумен немесе өзгеше жолмен Қазақстан Республикасының мүдделеріне залал келтіруді болдырмауға жәрдемдессе және оның іс-әрекеттерінде өзге кылмыс кұрамы болмаса,
қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Шпиондык (166-бап)
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 166-бабына
сәйкес мемлекеттік кұпияларды кұрайтын мәліметтерді шетелдік
мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардын өкілдеріне беру,
сол сияқты, оларға бару мақсатында жинау, ұрлау немесе сактау,
соңдай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзгеде
мәліметтерді Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі
мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау, егер осы әрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса шпиондықдеп танылады.
Шпиондықтың тікелей объектісі болып Қазақстан Республикасының сырткы қауіпсіздігі танылады. Шпиоңдықтың затына екі түрлі мәліметтер жатады: 1) мемлекеттік құпиялар; 2) Қазақстан Республикасының сыртқы кауіпсіздігі мен егемеңдігіне зиян келтіретін өзге де мәліметтер.
Шпиондықтың объективтік жағының белгілері: мемлекеттік
немесе әскери құпияны құрайтын мәліметтерді беру, жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ак шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді беру немесе жинау.
Бұл жерде беру деп осы бапта көрсетілген мәліметтерді
шетелдік мемлекетке шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне кез келген тәсілмен жеткізу, хабарлау болып табылады.
Хабарлау немесе беру -- ауызша, жазбаша, телефон арқылы,
басқа біреу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жинау дегеніміз осы бапта көрсетілген мәліметтерді әртүрлі
тәсілдермен (жеке бакылау арқылы; құпия объектілерді суретке
түсіру; дыбыс жазбаларын пайдалану; ақшаға сатып алу) табу
немесе алу болып табылады.
Ұрлау деп заңға кайшы әрекеттсрмен мемлекеттік, кұпиялары бар мәліметтерді осы бапта айтылған өзге де мәліметтерді
ұйымдардан, кәсіпорындардан немесе жеке азаматтардан тегін
алуды айтамыз.
Кінәлі адамның заңда көрсетілген осы мәліметгерді өзі тұратын мекенжайда немесе басқа жерде (саяжайда, тоғайда бау-бақшасыңда) сақтауы да мүмкін.
Шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша мемлекеттік құпиялар болып табылмайтын өзге де мәліметтерді жинау, Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян
келтіре отырып пайдалану үшін берсе немесе жинаса ғана іс-әрекет шпиондық үшін белгіленген қылмыс құрамын құрайды.
Субъективтік жағынан шпиондық тек қана тікелей касаканалықпен жүзеге асырылады. Қылмыстың субъективтік жағының белгісі мемлекеттік құпияларды, өзге де мәліметтерді беру мақсаты болып табылады.
Шпиондыктың субъектісі болып 16-ға толған шетелдіктер
немесе азаматтығы жоқ адамар танылады. Субъекті белгісі бойынша бұл құрамды мемлекеттік опасыздық құрамынан ажыратамыз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНЕ
ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Қазакстаи Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау (167-бап)
Кылмыстық кодекстің 167-бабында Қазақстан Республикасы
Президентінің өміріне қастандық жасағаны үшін жауаптылық
белгіленген.
Осы бапта: Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне
оның мемлекеттік қызметін тоқгату не осындай кызметі үшін кек
алу мақсатында қастандық жасау - он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостаңдығынан айыруға не өлім жазасына
немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады
делінген.
Қылмыстың тікелей объектісі Қазакстан Республикасы
Презңдентінің қызметін реттейтін когәмдык катынастар, қосымша тікелей объектісі Қазақстан Республикасы Президентінің өмірі болып табылады. Қылмыстың жәбірленушісі - Қазақстан Республикасының Президенті. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне мемлекеттік қызметін тоқтату үшін немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасаудың өзі, мемлекеттің саяси жүйесіне, оның ең жоғарғы мемлекеттік лауазым иесі адамының қауіпсіздігі мен занды өкілетті билігіне қылмысты қол сұғуды білдіреді.
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясында, Конституциялық заңдарда, басқадай нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген.
Қылмыс объективтік жағынан Қазақстан Республикасы,
Президентінің өміріне қастандық жасау, яғни белсенді әрекет
аркылы жүзеге асырылады. Қастандық дегеніміз Республика
Президентінің өмірін жою мақсатымен түрлі тәсілдерді қолдана
отырып істелген оқталғандық әрекеттер. Қылмысты істеу
тәсілдері мен кылмыс істегенде пайдаланылған кұралдар іс-әрекетті саралауға әсер етпейді.
Бұлар жаза тағайындағаңда есепке алынады. Қылмыстық
кодекстің 167-бабы келте қылмыс кұрамына жатады. Қылмыс
жәбірленушінің өмірін жоюға бағытталған қастандық әрекетін
жасаған сәттен бастап аяқталған деп есептелінеді. Осы бапта
көрсетілген қылмысты істеуге даярланғаңдық үшін жауаптылық
қылмыстық кодекстің 24-бабы 1 -тармағында көрсетілген ережелерге сай жүзеге асырылады. Қылмыс субъективтік жағынан теккана тікелей қасақаналықпен істеледі. Субъективтік жақтың міндетті белгісі болып Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызметін тоқтату немесе аталған қызметі үшін кек алу ниеті болып табылады.
Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған азаматтар танылады. Осы қылмысқа байланысты 14-ке толған адамдар қылмыстық
кодекстің 15-бабының ережелеріне сәйкес адам өлтіруге (96-бап)
адам өлтіруге дайындағаны және оқталғаны (24, 96-баптар) бойынша ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Яғни қылмыстық
кодекстің 167-бабындағы әрекеттер тікелей адам өлтіруге бағытталған болса, онда мұндай іс-әрекеттер қылмыстардың жиынтығы
(ҚК-тің 167, 24,96-бабының 2-бөліғі б тармағы немесе ҚК-тің
167,96-бабы бойынша 2-бөлігі б тармағы саралануға жатады).
Егер қастандық әрекет мемлекет немесе қоғамдық кайраткерлердің өміріне олардың мемлекеттік немесе өзге саяси-қоғамдық қызметіне байланысты болса, онда мұндай іс-әрекет қылмыстың аяқталмау немесе аяқталу сәтіне қарай Қылмыстық кодекстің 24,96-бабы 2-бөлігі б тармағымен немесе 96-баптың 2-бөлігі б тармағымен саралануға жатады.
Мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткерлердің қатарына жатпайтын мемлекеттік қызметшілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің өміріне қастандық жасалғанда да кінәлінің іс-әрекеті адам өлтіру (96-бап) немесе сот төрелігін немесе алдын ала тергеудің жүзеге асырушы адамдардың өміріне кол сұғу (340-бап), соттөрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала төргеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері
(341-бап) бойынша саралануы мүмкін.
Билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарының құзырына кіретін өкілеттіктерді шет мемлекет немесе шетелдік ұйым өкілеттіктерінің жүзеге асыруы (168-бап).
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 168-бабында Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып өкіметті
күшпен басып алуға немесе өкіметті күшпсн ұстап тұруға бағытталған, сол сияқты Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге бағытталған іс-әрекеттер үшін жауаптылық көзделген.
Қылмыстың объектісі -- республиканың саяси жүйесіне қылмысты қол сұғу болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағын: а) Конституцияны бұзып
өкіметті күшпен басып алу; б) өкіметті күшпен ұстап тұру немесе, в) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын
күшпен өзгертуге бағытталған іс-әрекеттер құрайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заңбойынша қудаланады.
Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика
Президентінің, сондай-ақ өзінің Конституциялық өкілеттілігі
шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге
де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген
өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді (3-баптың 3-тармағы).
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция
мен заңдар негізіңде заң шығарушы. атқарушы және сот тармактарына бөлінген (3-баптың 4- тармағы).
Өкіметті күшпен басып алу дегеніміз - адамдар тобы, ұйымы
болып өзіне тиісті емес өкімет билігін күшпен, кару қолданып
заңсыз басып алуды айтамыз.
Өкіметті күшпен ұстап тұру деп Қазақстан Республикасы
Конституциясы талаптарын бұза отырып өзіне заң бойынша
тиісті емес өкімет билігін күшпен сақтап қалушылықты айтамыз.
Мысалы: Конституциялық өкілеттік мерзімі біткен биліктегі
адамның, сайлау арқылы өз өкілеттігін жойған адамның күшпен
өкіметті ұстап тұру әрекеттері.
Конституциялык кұрылысты кушпен өзгеруге бағытталған іс-әрекеттерге жоғарғы өкімет билігінің, Парламенттің, Президенттің өкілетті мерзімін өз бетінше өзгерту, мемлекеттік кұрылысты, оның жүйесін өз бетінше күшпен өзгертуге жасалған іс-
әрекеттер; Конституцияда көрсетілген өзге де кұрылымдардың
қызметін елеулі түрде өзгертуге бағытталған әрекеттер жатады.
Осы бапта көрсетілген қылмыс құрамы құрылысы жағынан келсе қылмыс құрамына жатады. Заңда көрсетілген іс-әрекетті ңбірін
істеуге бағытталған уакыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және
арнаулы мақсатпен -- Конституцияны бұзып өкіметті күшпен
басып алу, өкіметті күшпен ұстап тұруға немесе Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге
бағытталған әрекеттер жасау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының, оның уәкілетті органдарының немесе
лауазымды адамдарының құзырындағы өкілеттіктерді шет мемлекет немесе шетелдік ұйым өкілдерінің жүзеге асырылуы - осы
қылмыстың ауырлататын түріне жатады (168-баптың 2-тармағы).
Бұл ретте шет мемлекет немесе шетелдік ұйым өкілдері қылмыс
субъектісі болып танылады.
ҚК-тің 168-бабының 1-тармағы бойынш асубъекті болып 16-ға
толған адамдар танылады. Өкіметті күшпен ұстап тұруға бағытталған қылмыстың субъектісі -- мемлекеттік өкімет билігін Конституция бойынша заңды түрде иеленген адамға осы билікті заңсыз түрде беруге әрекет жасаған мемлекеттік органның бұрынғы қызметшісі болып табылады.
Қарулы бүлік (169-бап)
Қазақстан Республикасы Кылмыстық кодексінің 169-бабына
сәйкес Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын құлату немесе күштеп өзгерту не Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу мақсатында қарулы бүлік ұйымдастыру не оған белсенді түрде катысу қарулы бүлік деп танылады.
Қылмыстың тікелей объектісі болып -- Қазақстан Республикасының Конституциясы белгілеген саяси жүйесіне, аумақтық
тұтастығына қылмысты түрде қол сұғу болып табылады.
Қылмыс объективтік жағынан: а) қарулы бүлік ұйымдастырудан немесе, б) қарулы бүлікке белсенді түрде қатысудан тұрады. Қылмыс әрекет аркылы істеледі.
Қарулы бүлік ұйымдастыру деп бір немесе бірнеше адамның күш біріктіруінің нәтижесінде заңды өкіметке қарсы адамдарды
қасақана түрде қарулы көтеріліс (бүлік) жасауға тарту, сондай-
ақ бүлікті басқаруға байланысты әрекеттерді айтамыз. Қарулы
бүлік -- қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды қолданып
жүзеге асырылады.
Қарулы бүлікке белсенді түрде қатысу деп өкіметке қарулы
қарсылық көрсету, өкімет өкіліне қарсы күш қолдануға қатысу;
көлік құралдарын, байланыс жүйелерін, бұқаралық баспасөз
құралдарын, мемлекеттік органдардың тұрғын жайларын күш
қолданып басып алу және т.б. әрекеттерді айтамыз.
Қылмыс құрамы құрылысы жағынан формальдық құрамға
жатады. Қарулы бүлік ұйымдастыру немесе оған белсенді түрде
қатысу қылмыстан болған зардапқа карамастан аяқталған кылмыс деп танылады.
Конституциялық құрылысты құлату немесе күштеп өзгерту
немесе республиканың аумақтык тұтастығын бұзу мақсатында
қарулы бүлікті ұйымдастырушылар не болмаса қарулы бүлікке
белсенді қатысушылар. Қылмысты субъективтік жағынан тек қана
тікелей қасақаналықпен жүзеге асырады.
Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған кез келген азамат
танылады.
Қазақстан Республикасының конституциялық кұрылысын күшпен кұлатуға немесе өзгертуге не онын аумактық тұтастығын күшпен бұзуға шақырулар (170-бап)
Қазақ КСР-інің 1959 жылғы Кылмыстық кодексіңде бұл құрамдағы қылмыс антикеңестік үгіт жәнс насихат деген атпен белгілі
болды, онын диспозициясы кең мағынаны білдірумен бірге санкциясы өте қатал болған еді. Осыған байланысты өкіметке, оның органдарына қарсы кез келген көңіл толмаушылықтан шыққан
ойлар, пікірлер антикенестік үгіт немесе насихат ретінде бағаланды (Мысалы, антикеңістік идеяны, көзқарастарды тарату,
Кеңестік коғамдық немесе мемлекеттік құрылысты жек көру т.б.).
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын
күшпен құлатуға немесе өзгертуге немесе аумақтық тұтастығын
күшпен бұзуға арналған бабы осы тұрғыдағы қылмыстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы беру
Мемлекеттің конституциалық құрылыс негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Қазақстан республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама
БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Мемлекеттің Конституциялық құқықтарға қарсы қылмыстар
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ КАУШСІЗДІПНЕ еҚАРСЫ КЫЛМЫСТАР
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Диверсияның қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Пәндер