Алаш қозғалысының бастау көздері және Алаш партиясының бағдарламасы



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

Алаш қозғалысының бастау көздері
«Алаш» партиясының құрылуы
Алаш партиясының бағдарламасы.
Алашорда үкіметі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
Алаш қозғалысының бастау көздері
Алаш партиясының құрылуы
Алаш партиясының бағдарламасы.
Алашорда үкіметі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

1991 жылдың желтоқсан айында қазақ халқы өзінің ғасырлар бойы армандаған тәуелсіз мемлекет мәртебесіне қол жеткізгеннен кейін төл тарихымыздың қасақана бұрмаланып, мән-мағынасы шындыққа жанаспайтын тұрғыда баяндалып келген мәселелерін қайта жазып, жұртшылыққа жеткізуге мүмкіндік туды. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде елеулі рөл атқарған Алаш қозғалысы, "Алаш" партиясы және Алашорда үкіметі тарихын зерттеуді жан-жақты, әрі терең ғылыми тұрғыда жалғастыру міндеті тәуелсіз Қазақстан тарихшыларының еншісіне тиді.
Алаш немесе Алашорда қозғалысы мәселесінің ғылыми жан-жақты, толық әрі шынайы тұрғыдан зерттелінуі КСРО ыдырағанға (1991 ж) дейін мүмкін болмады. Міне қазіргі таңда осы мәселенің сан алуан қырларын зерттеп жүрген тарихшыларымыз бірнеше еңбектерді жарыққа шығарып та үлгерді. Мен өзімнің жұмысымда сол еңбектерге арқа сүйедім.

Алаш қозғалысының бастау көздері

1917 жылдың басында Ресейдің төңкерістік жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Төңкерістік дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді.
1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық төңкеріс жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды.
Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Төңкерісшіл халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп, тұтқынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төңкерісінің жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды.
Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға, казактардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеді. Олар жұмысшылар мен еңбекшілердің революцияшылдық шабытын әлсіретуге тырысты, халықты тонауларын жалғастыра берді, бұқараны империалистік соғыстың ауыртпалықтарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалды, орасан зор жер иеліктері мен орыс-казак әскерінің сословиелік артықшылықтары сақталды, қазақ халқының таңдаулы жерлерін тартып алушы Қоныс аудару басқармасы өз қызметін өзгертпеді. Сөйтіп, Уақытша үкімет Қазақстанда бұрынғы патша өкіметінің саясатын одан әрі жалғастырды. Өйткені бұл жаңа үкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігінен айнымай, жергілікті халыққа олар қалай қараған болса, солай қарады.
Осы кезде Омбы, Орынбор, Ташкент, Семей т.б. қалалары оқу орындарының қазақ жастары алғашқы кезде мәдени-ағарту істерімен шұғылданған жастар үйірмелері мен ұйымдарын құрды. Орынборда "Еркін дала", Омбыда "Бірлік", Оралда "Жас қазақ", Троицкіде "Үміт" деп аталатын және басқа жастар ұйымдары, 20 шақты үйірмелер мен топтар пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты, ойын-сауық кештерін, айтыс-талқылаулар т.б. ұйымдастырды. Бұл ұйымдардың белгілі бір бағдарламалары болмады, әлеуметтік құрамы жағынан да біркелкі емес еді. Алайда, олар қазақ халқын патша өкіметінің ұлттық орталық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қалады, өз халқының білім алуын талап етті, еңбекшілердің санасында ұлттық бірлік, бостандық пен тәуелсіздік идеяларын оятуға ұмтылды. Осы топтар мен үйірмелер арасынан неғұрлым батыл революциялық бағдарламамен әрекет жасағаны Әулиеата уезінде Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған "Қазақ жастарының революцияшыл одағы" еді. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді.
1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік–саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні жөнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдын ұлттық-территориялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгереді.
Ә.Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын үзуін қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен - аграрлық, ұлттық-мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен дейді. Осы басты мәселелер мен олармен тығыз байланысты басқа да күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтың съезд шақыруды дұрыс деп тапқанын ашық мәлімдейді. Бұл оның көзқарас эволюциясының либералдық-демократиялықтан ұлттық-демократиялыққа қарай өзгеріске ұшырағанын көрсетті. Осының нәтижесінде Ә.Бөкейхановтың кадет партиясынан іргесін аулақ салып, енді қазақ автономиясын құруға мұрындық болуға тиісті ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға бел шеше кірісуі үлкен саясаткерге тән батыл қадам болды.

Алаш партиясының құрылуы

Бұл кездегі империя көлемін қамтыған саяси тұрақсыздық жағдайында Орынбор қаласында шоғырланған қазақ оқығандары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Олар "Қазақ" газеті арқылы қазақ және қырғыз халықтарына арнайы үндеу жолдады.
Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақшала, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты. Съезге қатынасушы саны аса көп болмағанына қарамастан (20-дан адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстанның әлеуметтік–экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді.
Халел Досмұхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Әлимұхамбет Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық съезд делегеттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер құрылтай съезіне дайындық және қазақтың саяси партиясын құру проблемаларына аударды.
Бірінші жалпықазақтық съезд маңызды мәселелердің бірі - қазақ саяси партиясын құру.
Жаңадан құрылған партия “Алаш” деген атқа ие болды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды–демокартиялық интелигенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шаруашылық зиялыларының белгілі өкілдері – М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Жаһанша Досмұхамедов, М.Дулатов т.б. кіреді.
Сондықтан да олар өз күресін жалпыұлттық мүддеге негізделген “қазақ халқын отарлық езгіден, құтқару үшін” деген ұранның астында топтастыруға бағыт алды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы – бірінші жалпықазақтық сьезде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп түсінді.
1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда болған "Бүкіл қырғыздық" съезде "Алаш" партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т. б. кірді.
1917 жылғы “Қазақ” газетінде қарашаның 21–күні жарияланған Алаш партиясы жобасында өз бейнесін тапты.
Алаш партиясының құрамы. Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін “Қазақ” газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне “Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін” ұсынып, оған мынадай негіз келтіреді: “Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары программасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса программасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды”. (“Қазақ”, 1917, N 234). 1917 жылғы 21–26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: “Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съез “Шора-и исламға” сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық, федеративтік, парламенттік республикаға құрылмақ...”. Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Бөкейханов ресейлік кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұстас келеді. “Қазақ” газеті (1917, N 244) өзінің бас мақаласында партияның атын “Алаш” қойып, оған тілектестерді, құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауды ұсынды. Сонымен бір мезгілде “Қазақ” басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын “Алаш” қою туралы жеделхаттар жіберілді.
Алаш партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12—20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал қарашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, басқару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Орталық Комитет құрылымы, 1-ші жалпықазақ съезі бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйтқысы болды.
Партияның бекітуге даярланған жарғысы жөнінде “Қазақ” газеті былай деп жазды: “Алаш” партиясының толық жарнамасы Орынборда жасалатын болды, дайын болғанда жұртқа жария қылынады. Қазіргі шарты — кіндік комитеттің айтқанын екі қылмайтын, бұйырғанын дәл орындайтын, “Алаш” партиясының программасын жақтырып, жөн көрген, программадағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі кіреді. “Алаш” программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шынынан қайтпайтын, жақындық, туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып сатылмайтын, шыншыл, әділ, тура кісі осы партияға кіреді. Сыртын берсе іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, сөзіне ісін үйлестірмейтін, “Алаш” жолынан ауып, айтысып-тартысуға жарамайтын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі “Алаш” партиясына кірмейді. “Алаш” партиясына кіремін деген кісі осы айтылған шарттарды ойлап, толғап, жүрегі қалайтын болса ғана кіруге жөн”. Партияның Орынбор қаласында Торғай облыстық комитеті ашылғандығы жөнінде хабарында “Қазақ” газеті “Алаш” партиясының мүшелік жарнасы 1 сом деп көрсетті (1917, N 250).

Алаш партиясының бағдарламасы.

Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына енбек. Әлеуметтік қатынаста феодалдық аристократияны шектеу, таптық жіктелу мәселесі қойылған жоқ, керісінше, жалпыұлттық мүдде, ұлттық тұтастық бағытында тұрды. Алаш партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды деп көрсетеді. Салық мәселесі де осы тұрғыдан шешілуге тиіс болды. “Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға — байша, кедейге — кедейше ғаділ жолмен салынады, ...бар жұмысшылар заң панасында болады”.
Бағдарламаның антифеодалдық сипаты “негізгі құқық”, “ғылым-білім үйрету” сияқты тарауларынан байқалады. “Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік”, заң орындарының рұқсатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.
Қазақ мемлекеттерінде оқу орындарының есігі кімге де болса ашық және оқу ақысыз болмақ, оқу жалпыға бірдей жайылмақ. Қазақ тілінде орта мектептер, университеттер ашылады, бастауыш сыныптарда сабақ ана тілінде жүреді. Оқу ісі өз алдына автономия түрінде жүргізіледі, үкімет оқу ісіне араласпайды. Мұғалімдер мен профессорлар өзара сайлау арқылы тағайындалады.
Бағдарламадағы ең негізгі мәселе — жер мәселесі болды. Қазақ жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс. Қазақ елінің ықтиярынсыз ішкі Ресейден қоныс аудару тоқтатылады. Жер мәселесіне байланысты заң қабылдап, қазақ алдымен өз жерінен енші алады. Жер сыбағасы тұрған жерінен, ата мекенінен әркімнің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға бөлінеді. Адам басына, жеке үй басына тиетін сыбаға жер шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болады. Жер сыбағасын жергілікті жер комитеттері анықтайды. Заң жерді сатуға тыйым салады. “Ертіс бойындағы он шақырымдағы (десятиверстная) қазақ сол жерден үлес алсын. Атты казак бермеймін дер, біз Ертістен кетпейміз, жер алмай қоймаймыз. Жерді жолмен, законмен аламыз. Қазақ сыбаға жерін алған соң, қалған жер мемлекет қазынасына өтіп, оларды земство билейді” (“Қазақ”, 1917, N 251).
1917 жылдың соңына қарай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан Алаш партиясының жергілікті ұйымдары облыстық, уездік Қазақ комитеттері, ал жергілікті сауатты, партиялық ниеттегі зиялылар партияның активі, тірегі болды. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде ең алдымен шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл атқарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасына (“Қазақ”, 1917, N 251) берілді. Екіншіден, партияның ұйытқысы болған қайраткерлерге қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттің өмірге келгенін жария еткен екінші жалпықазақ съезін (1917, желтоқсан) даярлап өткізеді. Осы съезде өмірге Алашорда — ұлттық кеңес үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен бүкілресейлік құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең көп дауыс алған партия болды. Объективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түріп араласып кеткен ірі саяси күшке айналуына мүмкіндік берді. Қым-қиғаш Азамат соғысы тұсында ондай міндетті тек Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді.

Алашорда үкіметі

Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең өзекті ұлт өміріне қатысты мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты казак әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығының өрши түсуі соның айғағы болатын.
Міне, осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттық мемлекет туралы мәселенің қойылуы толық негізді болатын. Сөйтіп, қазақ мемлекеттігі туралы мәселені қараған жалпы қазақ-қырғыз съезі 1917 ж. 5 желтоқсанда Орынбор қаласында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш қозғалысының бастау көздері
Алаш қозғалысы. Алаш қайраткерлері
Алаш зиялыларына қарсылық
Алашорда үкіметінің құрылуы
Алаш партиясының құрылуы, бастау көздері
Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері
«Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы
Алаш партиясы және Алашорда үкіметі
Алаш мүддесі
Алаш қозғалысы және жер мәселесі
Пәндер