Ақша және оның пайда болуы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Ақша және оның пайда болуы
ә) Ақша түрлері
б) Ақша қасиеттері
в) Ақша қызметтері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазіргі экономиканы ақшасыз елестету мүмкін емес. Өндіру, бөлу, тұтыну, айырбастау экономикада қалыптасқан негізгі процестер болып табылады. Ақша болмаса бұл процестер қалай жүрмек? Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған, қазіргі түрі де соңғы болып табылмайды. Ғылым мен техника дамуының арқасында тауарға тауар айырбасынан электрондық ақша деңгейіне жетті. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және тағы басқалары. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттілігінің себептерін түсіндіреді. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады және ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктермен де байланысқан, ол шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туғызады. Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді.
1. Б.Сабырбаева /«Экономикалық терминдердің орсыша-қазақша түсіндірме сөздігі» /Алматы, 1993 жыл.[1]
2. С.Б.Мақыш/ «Ақша айналысы және несие»/Алматы, 2000 жыл.[6]/ [7]/ [9]
3. М.Т.Жоламанова/ «Ақша.Несие.Банк»/ Алматы, 2012 жыл. [2]
4. Е.Б.Жатқанбаев; М.Қ.Байгісиев; Л.А.Бимендиева/ «Экономикалық теория»/ Алматы, 2014 жыл.[8]
5. Қ.К. Кеулімжанов, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенова, А.Ә. Жантаева «Қаржылық есеп»/ Қарағанды, 2001 жыл. [3]
6. Ғ.С.Сейтқасымов/ «Ақша, несие, банктер» / Алматы, 2001 жыл.[4]
7. Я. А. Дободиной / « Денежное обращение» финансы. ЮНИТИ, 1999 [5]

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Ақша және оның пайда болуы
ә) Ақша түрлері
б) Ақша қасиеттері
в) Ақша қызметтері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі экономиканы ақшасыз елестету мүмкін емес. Өндіру, бөлу, тұтыну, айырбастау экономикада қалыптасқан негізгі процестер болып табылады. Ақша болмаса бұл процестер қалай жүрмек? Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған, қазіргі түрі де соңғы болып табылмайды. Ғылым мен техника дамуының арқасында тауарға тауар айырбасынан электрондық ақша деңгейіне жетті. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және тағы басқалары. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттілігінің себептерін түсіндіреді. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады және ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктермен де байланысқан, ол шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туғызады. Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді.Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар осы тауар формасының нақты және қарама-қарсы жақтары бола отырып айырбас процесінде бір-біріне өзара тәуелді болады. Ақша туралы жалпы түсінікке көптеген экономист-ғалымдар анықтама береді. Соның бірі Шотландиялық классикалық экономист Адам Смит. Ол Ақша - жалпы тауарлық эквивалент, айырбастың әмбебап құралы деп саралайды. Балалық шақтан ақшаның қажеттілігін және оның атқаратын рөлі жөнінде біле бастағанмен тұлғасын ашатындай нақты сипаттама беруге қиналамыз. Себебі ақшаның пайда болуы мен жаратылысын түсіндіретін нақты ортақ пікір жоқ. Мен осы жұмысымда ақша тарихын, қасиетін, маңызын ашатындай жақтарды қарастырмақпын.

Ақша және оның пайда болуы
Ақшаның пайда болу тарихы сонау тереңде жатыр.Ең алдымен ақша дегеніміз не? деген сауалға тоқталсақ. Ақша - сатып алу және сату кезінде құн өлшеуіші болып табылатын , барлық басқа тауарлардың құнын білдіретін және олардың кез-келгеніне айырбасталатын металл немесе қағаз түріндегі белгілер. Ақша қызметі: құн өлшеуіш; бақылау құралы; баға көлемін көрсету, айналыс құралы; дүниежүзілік ақша қызметтерін атқарады. Ақшаны еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жүргізу үшін пайдаланады. Қоғамдық жиынтық өнімді өндіруге, бөлуге, айырбас жасауға және тұтынуға қызмет ету процестерінде ақша біршама дербес қозғалыс жасап, ақша айналымын құрайды. Ақша айналымы нақты ақшалы және нақты ақшасыз (ақша белгілері арқылы) есеп айырысуды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Нақты ақшасыз деген, ол банктердің (жинақ кассаларының) шаруашылықтардың счеттарына жазып қою немесе өзара талаптары мен міндеттемелерді өтеді деп белгі соғу. Ақша жалпыға бірдей баламаның (эквиваленттің) тиянақталған түрі, құнның баламалы түрі мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар болып табылады. Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарды. Алайда біртіндеп өндірістің дамуы процесінде ол алтынға берік орнықты. Ақша - құн өлшемі.Сондықтан ақшалай көрінетін тауар құны дегеніміз тауар бағасы. Баға тауар құнына сұраным мен ұсынымның сай болуы жағдайында сәйкес келеді. Егер бұлай болмаса , баға құнынан сөзсіз ауытқиды. Сөйтіп, тауар бағасы сол тауардың құнына, ақша құнына, сұраным мен ұсыным арақатынасына байланысты болады.[1] Адамзаттың ең ұлы өнертабыстық жетістігі болып саналатын ақшаның шығу тегі жөнінде экономикада екі теория қалыптасқан: рационалдық және эволюциялық. Рационалдық теория ақша адамдар арасындағы тауар айырбасы үшін ойлап табылған деген ойды қолдаса, Карл Маркс ұсынған эволюциялық теория ақшаның пайда болуының теориясын еңбек теориясымен өзара байланыстырған. Ол ақшаның ең қарабайыр айырбас нысанынан ақша нысанына дейінгі шығу тегін зерттесе оның құпиялылығы жойылатынын айтқан. [2] Менің пікірім бойынша, нарықтық экономикалық әрекет ету механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін айқын түсінуден артық ешнәрсе жоқ. Сол себепті ақшаның нарық тілі деп аталуы да тегін емес. Ақша - тауар өндірісінің тарихи категориясына немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі. Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады.Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни айырбас

Маркс сызбасы бойынша Т-А-Т1 жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу және сатуда делдал ретінде әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және осы соммаға басқа тауарды (Т1) сатып алу қажет. Бұдан ақша мен тауар бір-бірінен ажырамас категориялар деген тұжырымға келеміз. Ақша тарихына тоқталсақ. Ең алғаш ақша рөлін заттай ақшалар Исландияда кептірілген балық, Үндістанда буйвол, Африкада тұз, Мұхиттық елдерде қауырсын, Қытайда шәй, Славян халықтарында аң терісі атқарып, сен маған, мен саған тірі айырбас сауда түрі жүрді.Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланса, біздің заманымыздың I ғасырында салық есебінен алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларды өгіз деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі пекуния, пекус (мал) сөзінен шыққан. Руна (мал) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы рупия негізінде жатыр.Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (біздің заманымыздың V-VI ғасырлары) жасап, сауда айналымына енгізген. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де мал деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген біздің жинаған малдармыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады. Ол кездегі қазынашы малшы, қазына жинау орны - мал ұстайтын орын деп аталынды.[3] Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді. Бара бара, өндіру мен алмастырудың көлемінің өсуіне байланысты, жалпыға бірдей баламаның маңызын бір текті, оңай бөлшектенетін, сақтағанда бұзылмайтың тасымалдауға қолайлы тауардың орындауы керек болды. Осының салдарында өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді, Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде, кесек металл ақшаның орнына, металдан дайындалған монеталар пайда болды, оның ішінде алтын ақша да бар. Бұл ақшаның кесек ақшадан айырмашылығы, оған қажетті деректер (мемлекеттің аты, гербісі, басылған жылы, тағы басқалар) басылатын. Бұл сол кездегі ақшаның жетілдірілген түрі болды. [4]
Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды. Бірақ XVI ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Мор өзінің Жаңа Утопия аралы және кітап деген еңбегінде Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазалатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыңшылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жоғалар еді. Ол аздай Т. Мор тағы былай деді: Қай
жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес. XIXғ. Социал утопистері - Прудон, Оуэн, Грен және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шыңдығында, мұның бәрі сәтсіз аяқталды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның маңызы
АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ АҚША ЗАҢЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Ақшаның экономикалық мәні, қызметтері және түрлері
Ақша теориясы және ақшаның экономикадағы ролі
Ақшаның пайда болу негіздері
Ақша түрлерінің өзгеруі
Ақша айналысы, оның маңызы мен құрылымы
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері. Ақша табиғатының ерекшеліктері және теңгенің қазіргі жағдайы
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарын басқаруды жетілдіру
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері жайлы
Пәндер