Әртүрлі маман дәрігерлердің кәсіби деформациясы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

logo-zkgmu.png

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина

Кафедра: Коммуникативтік дағдылар

Дисциплина: ПОО

Курс: І

Тақырыбы: Әртүрлі маман дәрігерлердің кәсіби деформациясы

Орындаған:

Тобы:

Тексерген:

Бағасы:

Оқытушының қолы:

Күні:

Ақтөбе 2017ж.

ЖОСПАРЫ:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  • Кәсіби деформация
  • Кәсіби деформация тудырушы факторлар
  • Кәсіптік деформациясының белгілері
  • Деформацияның алдын алу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Профессионалдық деформация алудың ең бірінші орында тұрғаны -дәрігердің кәсібі болып саналады. Оның жұмыс күні - адамдармен өте тығыз қарым-қатынаста өтеді, негізінен қырағы қамқорлық пен зейінді қажет ететін аурулармен жұмыс істейді. Негативті эмоциялармен кездескенде, дәрігер еріксіз және амалсыздан соларға араласады, сол себепті көтеріңкі эмоциональды қысымды өзі де сезіне бастайды. Аурулармен жақсы психологиялық қарым қатынасқа дәрігердің профессиональды деформациясы кедергі жасайды. Ол нақтырақ анамнеді жинап алдырмайды, ауру туралы толық және терең ақпарат алуға мүмкіндік бермейді. «Ауру-Дәрігер» ауру қарым қатынасын бұзады.

C:\Users\User\Downloads\3812954-40556-angry-doctor-portrait.jpg

Кәсіптік деформация

Кәсіптік деформация дегеніміз- дәрігердің психологиялық болмысына мамандығының жасайтын әсеріКәсіптік деформация, кәсіби адаптацияға байланысты, яғни дәрігер аурудың қиналуына үйреніп, бейімделу негізінде пайда болады. Кәсіби деформация тұрғысынан дәрігер:

  • Эмоционалдық қарсы тұру қабілеті болу керек, мамандықтың оңды қасиеттерін, этика нормалары негіздерін мұқият сақтауы қажет;
  • Науқастарға көрсетілген жәрдемнің сапасы ешқашан да оның білімі мен біліктілігінен жоғары болмайтынын есінде сақтап, дәрігер міндетті түрде және үнемі кәсіби дәрежесін жетілдіруі керек;
  • Дәрігер өз әрекетін іске асыруда медицина ілімінің соңғы жетістіктерін қолдануы қажет;
  • Кәсіби шешім қабылдауында, материалдық пайда табу жағы, дәрігерді қиянатқа итермелемеуі кажет;
  • Дәрі шығару фирмаларының препараттарын тағайындау үшін, дәрігер олардың сыйлықтарын алуға дағдыланбауы жөн;
  • Дәрілерді тағайындаған кезде, дәрігер тек науқастың кұкығын сақтап, медициналық көрсеткіштерін басшылық eтуі қажет;
  • Соғыс және бейбітшілік жағдайында, медициналық жәрдемді қажет етуші адамдарға, олардың жасына, жынысына, ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына, азаматтылығына және басқадай медициналық емес жағдайына, сонымен қатар, материалдық жағдайына байланысты көмек беруі тиіс.

Емделудің кезеңдеріне қарай, дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы дәрігерге түрлі міндет артады. Мысалы, 1-ші сатысында -бір-бірін түсініп, ем мақсатына келісім жасалады. Екінші сатыда - коммуникативтік жүйесі қүрастырылып, әрқайсысының реттік ролі және емдеуге әрекеттесіп қатынасу дәрежесі анықталады. Үшінші кезеңде дәрігер белсенділігін тежейді, аурудың дербестігіне және тәуелсіздігіне мүмкіндік жасайды. Ақылы медициналық жәрдем беру жағдайында, науқастың дәрігерден тосулары және талап қоюы қарқынды өседі. Мұндай жағдайда, екеуінің қарым-қатынасы келісім-шарт үлгісіне негізделеді. Бұл үлгі жеке кәсіпкерлік руһына сай, сұраныс және үсыныс, нарықтық қарым-қатынасқа байланысты қүрылады.

slide-4.jpg

Кәсіби деформация үш негізгі компоненті бар эмоциялық «жану» феноменімен сипатталады:

1. Эмоциялық кернеулік пен үмітсіздендіру сезімінен көрінетін эмоциялық жүдеу. Адам бұрынғыдай жұмысқа беріле алмайтынын сезінеді.

2. Адамдарға қызмет бабында немқұрайлы, жағымсыз, керек десеңіз орынсыз қатынастың пайда болуымен байланысты болатын деперсонолизация.

3. Өзінің құзырлық бағасының түсуінен, өзіне қанағаттанбау, өз іс-әрекетінің құндылығының азаюынан көрінетін тұлғалық жетістіктің көмескіленуі.

Кәсіби деформация тудырушы факторлар

img4.jpg

Кәсіби деформацияның себептері, яғни оған әкелетін стрессогенді факторлар:

  • эмоционалды күю синдромы;
  • моббинг;
  • субъективті моббинг;
  • кәсіби өшу синдромы;
  • қажу;
  • жұмыс қарбаластығы;
  • қақтығыстар;
  • жұмыстың бірқалыптылығы.

Осы аталған факторларға қысқаша тоқталып кетсек:

Жағымсыз алаңда жұмыс істеу - кез келген мамандықта жағымсыз материалмен жұмыс істеуге тура келеді, осы жағдайда жағымсыз эмоциялар пайда болады. Өз кезегінде олар жинақталып, кәсіби деформацияға әкеледі.

Эмоционалды күю синдромы - бұл когнитивтi және физикалық энергияның бiртiндеп жоғалтуын , жұмыстың орындауымен зерделi жүдеу , физикалық қажу , жеке аластатушылық және қанағаттанудын төмен деңгейін көрсететiн процесс.

Жұмыс қарбаластығы және қақтығыстар - әріптестер арасында түсініспеушілік, олардың тым сынағыштығы. Дәрігер тәжірибесінде әріптестерімен кейбір жағдайда келіспеушіліктер, түсініспеушіліктер болып тұрады.

Моббинг - психология ғылымында жаңа терминдердің бірі болып табылады, ол жұмыста қыспаққа алуы және қудалауды қайғыру күйімен сипатталады.

Субъективті моббинг - тұлғаның жұмысқа бейімделуінің деструктивті формасы. Тексеріс, эмтихан, комиссия және т. б. себептерден қобалжу болып табылады. Өзінің денсаулығына қауіп төндіру - вирустармен жұмыс кезінде инфекция жұқтырып алу, психикасы бұзылған науқастармен жұмыс кезінде, жедел жәржем көлігінде жарақаттану қаупі.

Ургентті аддикция - өзі байқамай, мiндеттемелердiң орындалмайтын санымен жүктеу.

Экстремалды жағдайлар - дәрігерлер жұмыс барысында тез әрі жауапты шешімдер қабылдауы қажет.

Аса жоғары жауапкершілік - жасалынған жұмыс туралы есеп беру, уақытысында және ұқыпты протокол толтыру , ауру тарихын толтыру және т. б. Дәрiгердiң жұмысы адам өміріне байланысты болғандықтан жеке де, кәсiби де өте қызу шығынды, тұрақты жетiлдiруді талап етедi.

Кәсіби бейімсіздену мәселесімен байланысты кәсіби деструкцияны қарастырып өтуге болады.

Кәсіби деструкция - бұл кәсіби еңбек үрдісінде тұлғаның психологиялық құрылымында пайда болатын бұзылыс, өзгеріс немесе деформация. Кәсіби деструкцияның пайда болуы және дамуы іс-әрекетті орындау өнімділігін төмендетеді , мотивация және кәсіби іс-әрекеттің позициясына негативті әсер етеді.

Кәсіби деструкция жасерекшеліктік психологиялық өзгерістермен де байланысты: денсаулықтың нашарлауы , психикалық процестің әлсіреуі , интеллектуалды көмексіздік . Бұл жұмыс қабілетін төмендетеді, кәсіби шаршауды, жабырқаңқылықты тудырады. Кәсіби деструкцияның пайда болуына әкелетін факторларды үш топқа бөлуге болады:

  • әлеуметтік - кәсіби ортамен байланысты; объективті факторлар: әлеуметтік-экономикалық ситуация, мамандықтың сипаты және имидж, кәсіби - кеңістіктік орта;
  • тұлғаның ерекшеліктерімен және кәсіби өзара қатынасымен қамтылған субъективті фактор;
  • кәсіби процестің жүйесі мен ұйымдастыруынан, басқарудан, басшылардың кәсіпқойлығынан туындайтын объективті - субъективтілік фактор .

А. К. Маркова тұлғаның кәсіби дамуының бұзылуын жалпылап кәсіби деструкцияға апаратын келесі тенденцияны бөлді:

  • жасерекшеліктік және әлеуметтік нормалармен салыстырғанда кәсіби дамудың тежелуі;
  • кәсіби дамудың дезинтеграциясы, кәсіби сананың құлдырауы - шынайы емес мақсат, кәсіби жанжал;
  • төмен кәсіби мобильділік, жаңа жағдайға бейімделе алмау, бейімсіздену;
  • кәсіби дамудың жеке бөлімдерінің арасындағы келіспеушілік, біреуі жоғары көтерілгенде, екіншісінің төмендеуі;
  • кәсіби қабілет, кәсіби ойлаудың әлсіреуі;
  • кәсіби дамудың бұрмалануы, бұрында болмаған негативті саналардың пайда болуы, әлеуметтік және индивидтік нормалардан ауытқуы;
  • тұлғаның деформациясының пайда болуы (эмоционалды қажу және күйін кету) ;
  • кәсіби аурудан және жұмысқа қабілеттілікті жоғалтудан, кәсіби дамудың тоқтауы;

С. П. Безносов, Р. М. Гроновская, Л. Н. Корнеева, А. К. Маркова көрсетуі бойынша кәсіби деформацияның жоғарғы дәрежесі үнемі адамдармен жұмыс істейтін әлеуметтік мамандық өкілдерінде пайда болады: дәрігер , педагогтар , қызмет көрсету қызметкерлері , құқық қорғау органдары , мемлекеттік қызметкерлер , басшылар , кәсіпкерлер және т. б.

Бұл мамандық өкілдерінде кәсіби деформация әртүрлі деңгейде көрінеді: Осы мамандық жұмысшыларына тән жалпы мамандық деформациясы. Бұл тұлғаның инвариантты ерекшеліктері және кәсіпқойлардың мінез-құлық еңбек өтілі жоғарғы жұмысшыларда көрінеді, бірақ бұл топтан деформацияның көрінуі әртүрлі. Мысалы, дәрігерлерге «қайғырушылық қажу» синдромы тән, бұл науқастардың қайғыруына эмоционалды индеференттіліктен көрінеді. Құқық қорғау органдарының жұмысшыларда «асоциалды перцепция» синдромы дамиды, яғни әрбір азаматты потенциалды құқық бұзушы ретінде қабылдайды. Кәсіп бойынша мамандандырылған процесте пайда болатын арнайы кәсіби деформация. Кез келген кәсіп бірнеше мамандықтарды біріктіреді. Әрбір мамандықтың өзіндік деформациясы бар. Тергеуші де - құқықтық күдіктенушілік, оперативті жұмысшыда - өзекті агрессия, адвокатта - айлакерлік, прокурорда - кінәлаушылық сияқты кәсіби деформацияның дамитынын көрсетуге болады. Тұлғаның индивидуалды - психологиялық ерекшеліктерімен - темперамент, қабілет, мінезбен қамтылған кәсіби - типологиялық деформация. Мұнын нәтижесінде кәсіби - тұлғалық комплекстер дамиды.

  • тұлғанын кәсіби бағытталуындағы деформация: іс-әрекет мотивациясының, бұрмалануы, құндылықтық бағдарларын қайта құру, пессимизм.
  • қандай да бір қабілеттердің негізінде дамитын деформация:ұйымдастырушылық, коммуникативті, интеллектуалды (артықщылдыққа ұмтылу комплексі, талаптанудың гипертрофилденген жоғарғы деңгейі, шамадан жоғары өзіндік бағалау, нарциссизм) өзінің денесіне деген эротикалық құмарлық.
  • -мінез бітістерімен қамтылған деформация: билікті жақсы көру, доминанттылық, индеферентілік.

Әртүрлі кәсіптегі жұмысшылардың ерекшеліктерімен қамтылған дараланған деформация. Кәсіби іс-әрекетін ұзақ жылдар бойы орындау процесінен, тұлғаны мамандықтың жеке кәсіби қасиеттерімен жетілдіру, жоғарғы қасиеттердің, акцентуацияның пайда болуына әкеледі. Мысалы: шамадан тыс жауапты, супер әділ, гипер белсенділік, еңбектік фанатизм, кәсіби энтуизм . Осы айтылғандарды талдай отырып, тұлғаның кәсіби деформациясының дамуының келесі ерекшеліктермен қорытындылауға болады:

1. Кәсіби қалыптасу тұлғаның түрлі бағыттағы онтогенетикалық өзгерістерімен өтеді. Кәсіби даму - бұл меңгеру және жоғалту, демек, маманның, кәсіпқойдың қалыптасуы тек жетілу ғана емес, сонымен қатар бұзылу, деструкция да болып табылады. .

2. Кәсіби деформация көп жағдайда - бұл меңгерілген іс-әрекет тәсілдерінің бұзылысы, кәсіби мінез-құлық стереотиптерінің және жаңа кәсіби технологияны, жаңа мамандықты немесе мамандануды меңгерудегі психологиялық кедергілердің пайда болуы. Бұл сонымен қатар кәсіби қалыптасудың бір сатысынан келесі сатысына ауысудағы тұлға құрылымының өзгеруі. Кәсіби деформация жасерекшелік өзгерістерде, физикалық және жүйке қажуында да пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медицина қызметкерлеріне тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар
Дәрігердің кәсіби деформациясы туралы
Кәсіби деформация
Бас медбике
Туа біткен деформацияның себептері
Дәрігердің кәсіби деформациясы
Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі
Қызметкерлермен қақтығыстар
Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршу фазасы, басқарылмайтын саты
Қатты денелерді сынау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz