Модельдеудің негізгі түрлері



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Модельдеудің негізгі түрлері.
б) Компьютерлік модельдеу.
в) Модельдеудің тарихы дамуы.
ІІІ. Қорытынды.
Табиғат туралы, қоғам туралы ғылымдардың бәрінде дерлік модельдер құру және қолдану қуатты таным құралы болып табылады.Нақты объектілер мен процестер көп қырлы және күрделі болғандықтан, оларды зерттеп білудің ең жақсы әдісі –нақтылықтың бір ғана қырын бейнелейтін әрі бұл нақтылыққа қарағанда әлдекайда қарапайым модельді құру мен зерттеу. Ғылым дамуының көп ғасырлы тәжірибесі мұндай тәсілдің нәтижелілігін іс жүзінде дәлелдеді.
Модель дегеніміз – объектінің, әлем процестерінің нақты немесе ойдан шығарылған бейнесі.
Модель объект және оның құрылымы, негізгі қасиеттері, дамуы, қоршаған ортамен өзара әрекеттесу заңдарын түсініп, басқарудың тәсілдерін анықтау және әрекетті болжау үшін керек. Бір объектінің бірнеше модельдерінің болуы және әртүрлі объектілер бір модельмен сипатталуы мүмкін.
1. http://dereksiz.org/kompeyuterlik-modeledeu-negizderi.html
2. https://kk.wikipedia.org/wiki/Модельдеу
3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Модельдеу_әдісі
4. https://studfiles.net/preview/5428491/page:2/

Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Модельдеудің негізгі түрлері.
б) Компьютерлік модельдеу.
в) Модельдеудің тарихы дамуы.
ІІІ. Қорытынды.

Табиғат туралы, қоғам туралы ғылымдардың бәрінде дерлік модельдер құру және қолдану қуатты таным құралы болып табылады.Нақты объектілер мен процестер көп қырлы және күрделі болғандықтан, оларды зерттеп білудің ең жақсы әдісі - нақтылықтың бір ғана қырын бейнелейтін әрі бұл нақтылыққа қарағанда әлдекайда қарапайым модельді құру мен зерттеу. Ғылым дамуының көп ғасырлы тәжірибесі мұндай тәсілдің нәтижелілігін іс жүзінде дәлелдеді.
Модель дегеніміз - объектінің, әлем процестерінің нақты немесе ойдан шығарылған бейнесі.
Модель объект және оның құрылымы, негізгі қасиеттері, дамуы, қоршаған ортамен өзара әрекеттесу заңдарын түсініп, басқарудың тәсілдерін анықтау және әрекетті болжау үшін керек. Бір объектінің бірнеше модельдерінің болуы және әртүрлі объектілер бір модельмен сипатталуы мүмкін.
Мысалы: кез келген адамның күнделікті іс - әрекеті , сонын ішінде студенттің өмірін алатын болсақ , ол белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындамас бұрын оның санасында алдын ала оның орындалу моделі жасалады. Мысалы, сабақ кестесі немесе күн тәртібі , сабақ оқу т.б. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша іс - әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.
Модельдеу - әртүрлі процестер мен құбылыстарды зерттеуге қолданатын көп тараған әдіс. Процестердің күрделілігі процестің өтуін анықтайтын параметрлерінің көп санымен, параметрлер арасындағы әртүрлі өзара байланыстар және өзара әсерлермен анықталады. Біздер зерттеулерді жеңілдету мақсатымен осындай ақпараттар көлемін азайтуға, таңдалынатын мүмкіншіліктер санын шектеуге тырысамыз. Бұл мақсатқа жету үшін процестерді зерттеуге модельді яғни зерттелетін процестің қажетті бағытта шектелген бөлек сипаттамаларын бейнелейтін қарапайымдалған жүйені қолданамыз. Берілген құбылыс, процесс немесе техникалық жүйені тікелей зерттеу орнына модель деп аталатын басқа құбылысқа, процеске немесе техникалық жүйеге көшу модельдеудің мәнісі болып табылады. Осындай көшудің негізгі мақсаты - зерттеуді жеңілдету, біздерге керекті шамаларды анықтауға қол жеткізу, зерттелетін құбылыстарды жасанды жаңадан өңдеу.
Модельдің негізгі түрлері:
1)графикалық модель. Оған фотосуреттер, суреттер, схемалар, сызбалар мысал бола алады;
2)сөзбен сипаттау. Бұл объектінің негізгі құрамдық бөліктерін,аса маңызды белгілері мен қасиеттерін сөзбен атап шығу. Мұндай модельге - алгоритм, жол жүру ережелері мысал болып табылады;
3)ақпараттық-логикалық модельдер. Зерттеліп отырған объект туралы қажетті ақпаратың бәрі енетін шамалар жиынтығы ақпараттық модель деп аталады. Мысал ретінде ақпарат ұсынудың әмбебап құралы- кестені, блок - схеманы атауға болады ;
4)математикалық моднль. Мұндай модельдер объектінің маңызды ерекшеліктерін көрсететін теңдеулер мен функциялар негізінде құрылады;
5)натурал модель. Бұларға техникалық модельдер, мысалы, автомобиль, ұшақ модельдері жатады.
Модельдеу бірнеше кезеңдерден тұрады.
Бірінші кезең-модельдеу мақсаттарын анықтау. Олардың негізгілері:
Нақты объектінің ұйымдастырылуы, оның құрылымы, негізгі қасиеттері, қоршаған әлкммен өзара әрекеттерін анықтап түсіну ;
Объектіні немесе процессті басқаруды үйрену және берілген мақсаттар мен критерийлер жағдайында басқарудың тиімді тәсілдерін анықтау;
Объектіге әсер ететін тікелей және жанама салдарды болжай білу.
Екінші кезең- бастапқы процессті нобайлау.Бұл кезеңде модельнақты объектіден бөлінеді; маңызды мәлімет есепке алынып, маңызды еместері алынып тасталады;объектінің әрекеті немесе процесс барысында оларға тәуелді шамалардыңтізімі құралады. Бір есеп үшін маңызды мәлімет, екіншілері үшін маңызсыз болуы мүмкін. Маңызды мәліметтің жоғалуы қате шешімге әкеледі немесе тиісті шешім алуға мумкіндік бермейді. Маңызсыз мәліметтіесепке алу жөнсіз қиын параметрлергеәсеріне қарай бөлу өте маңызды.
Үшінші кезең - сипаттаманы іздеу.Бұл кезеңде модельденіп отырған объект туралы мәлімет бөлініп орналастырыладыда, компьютерде өндеуге дайындалады.Модельдің абстрактілі сипаттамалық тұжырымдамасынаннақты мәні бар тұжырымдамаға өту қажет Модель жасалғаннан кейін оны зерттеу әдісі таңдалады.
Төртінші кезең- алгоритмқұру және компьютер үшін программа жазу. Бұл шығармашылықты қажет ететін әрі қиын формалданатын процесс. Қазіргі кезде программалаушының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аналитикалық модельдеу. имитациялық модельдеу. кластерлық анализ
Модельдер құру технологиясы
Сандық және символдық ақпаратты компьютерлік модельдеу
Есептердің математикалық моделін құру
Компьютерлік модельдеу түсінігі
Сандық және символдық ақпараттарды компьютерлік модельдеу
Мектеп информатикасында ақпараттық модельдеу тәсілдерін өткізу әдістері
Информатика курсында білімді моделдеу
Математикалық модельдер
Жүйе күйінің функциясы
Пәндер