S, p, d элементтердің медициналық-биологиялық маңызы


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: s-, p-, d- элементтердің медициналық-биологиялық маңызы. Химиялық байланыстың табиғаты

Жоспары:

  • Өзектілігі
  • Мазмұны
  1. s-элементтердің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы

2. р-элементтердің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы

3. d-элементтердің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы

  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

ӨЗЕКТІЛІГІ

Өткен ғасырдың қырқыншы жылдарында неміс ғалымдары Вальтер мен Ида Ноддактар Менделеев кестесіндегі элементтер әр жұмыртаста кездесетіндігін айтқан. Әуелгіде бұл пікірдің қолдаушысы табылмады. Кейін ғалымдар химиялық элементтерге талдау жасап, зерттеп, зерделеп, шындыққа көз жеткізді.

Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде, адам қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді. Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың сараптауынша, ағзаға түскен хи-миялық элементтердің әрқайсысы белгілі бір биологиялық қызметті орындайды. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесінде 30-ға жуық элементтің биологиялық ролі анықталды. Таратып айтсақ…

Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы, егер адамның салмағы70 кгболса, онда1700 грамм кальций, 250 грамм калий, 70 грамм натрий, 42 грамм магний, 5 грамм темір, 3 грамм мыс болады.

Атап айтар болсақ, мәселен, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды қышқыл түрінде асқазан сөлінде кездеседі.

Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топ-қа бөледі:

1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор) ; ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады.

2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері - 10%-15%.

3. Ультрамикроэлементтер - сынап, алтын, уран, торий, радий және т. б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.

Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:

1. Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді: H, O, Ca, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.

2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық зерттелмеген.

3. Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.

Сондықтан егер химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Керісінше, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да зиян. Тіпті, қазір тағамнан улану да көбейіп кетті. Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне де осылардың әсері бар.

Адамның ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрациялайды, яғни микроэлементтер мен макроэлементтер әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар - көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән әрі ол жерде концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш - қарын асты безінде, йод - қалқанша безінде, фтор - тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий - шашта, кадмий, сынап, молибден - бүйректе, қалайы - ішек ұлпаларында, стронций - қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий - көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром - гипофизде және тағы басқаларда жиналады.

…Жетіспесе, ауырасыз

Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы-кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады.

Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғай-ған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді.

Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады.

1. s-ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ

Сутек. Биосферада сутек бос күйінде кездеспейді. Биосферада ол табиғи су, газдар және органикалық заттардың құрамында болады. Сутек ағзадағы көмірсутек ақсылдар, майлар және нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Сутек органиқалық қосылыстардың құрылысын. түзуге қатыспайды. Тірі
жасушалар массасының 90% құрайтын суда сутегі атомдарының негізгі мөлшері болады. Су жасушалар жүйесінде еріткіш қызметін атқарады.

Литий. Бұл микроэлемент. Ол тірі ағзалардың тұрақты кұрамды бөлігі. Литий ионы сілтілік металдардың ішінде ең радиусы кішісі, сулы ерітінділерде күшті гидратталған, осы гидратталған түрінің радиусы Na+ және K + радиусынан жоғары болады. Бұл мембрана жасушаларының иондық каналдары аркылы Li+ өтуіне бөгет жасайды. Li+ иондары, кейбір ферменттер активтілігіне әсер ете отырып, бас миы қатпарлары жасушаларында Na+- К+ иондық теңдігін реттейді. Сондықтан құрамында литий ионы бар дәрілер жүйке ауруларын емдеуде қолданылады.

Натрий және калий . Иондары ағзада кең таралған, біріншісі жасушааралық сұйықтарда, ал екіншісі жасуша ішінде болады. Абсолюттік шама бойынша бағаласақ, онда 95% натрий иондары жасуша сыртында болып ал калийдің осынша үлесі жасуша ішінде болып зат алмасу процесіне қатысады. Дәрілік препараттар медицинада қолданылады.

1. Н2. О2 сутектің асқын тотығы (3% ерітінді) : сілекей қабықшалары (баспа, стоматит) суықтап ауырғаңда оларды щаю мен іріңді жараларды жууда, мұрын қансырағанды тоқтатуда және т. б. үшін залалсыздандыратын зат ретінде қолданылады.

2. Li 2 C0 3 литий карбонаты; әр түрлі жүйке ауруларын емдеуде қолданылады.

3. NaCI, натрий хлориді; натрий хлоридінің концентрациясына байланысты изотонды (физиологиялық ) және гипертонды ерінтінділер деп бөлінеді. NaCI-нің 0, 9% изотонды, бұл ерітіндінің осмос қысымы қан плазмасының (0. 74-0. 75 мПа) осмостық қысымына сәйкес келеді. Изотонды ерітінді ағза сусызданғанда қанның плазмасын алмастырушы ерітінді ретінде, дәрілік заттарды еріту үшін т. б. қолданылады. Гипертоникалық ерітінділер (3, 5, 10%-тік) іріңді жараларды емдеу үшін қолданылады.

4. NaHC0 3 натрий гидрокарбонаты (ас содасы) асказан сөліндегі тұз қышқылын тез арада бейтараптандырады:

5. Na 2 S04 • 10Н 2 О натрий сульфатынын декагидраты (глаубер тұзы) : ішті жүргізетін зат ретінде қолданылады.

6. Na 2 B 4 0 7 • 10H 2 O (бура) натрий тетраборатының декагидраты; шаюда, жағуда, антисептикалық зат ретінде пайданылады.

7. Nal натрий иодиді; иод препараты сияқты эндемиялық жемсау ауруында қолданылады:

8. КСІ калий хлориді; ағзада электролит алмасуы бұзылғанда (құсу, іш өту) сонымен қатар жүрек соғысы бұзылғанда қолданылады.

9. КІ калий иодиді; иод препараты сияқты жемсау ауруына қарсы қолданылады.

10. KMn0 4 калий перманганаты; жараларды жууда, тамак және ауызды шаюда антисептикалық препарат ретінде қолданылады.

Берилий. Биологиялық ролі анықталмаған. Берилийдің қосылыстары улы. Оның ішінде берилийдің ұшқыш қосылыстары және шаңдағы берилий қосылыстары улы болып келеді. Қоршаған ортада мөлшері аз болса да бериллоз (берилді рахит) ауруына әкеп соқтырады. Ве 2+ иондары сүйек ұлпаларындағы Са 2+ ығыстырып оны жұмсартып жібереді.

Магний. Адам ағзасында 40г-дейін магний болады, оның жартысынан көбі сүйек ұлпаларында болады. Сүйектегіден баска магний жасушалар ішінде болады. Жасушалар ішіндегі К + ионынан кейінгі жасуша ішіндегі осмостық қысымды қолдап тұратын Mg + ионнын маңызы үлкен. Адам ашуланшақ, жылауық болады, ұйқысы нашарлайды.

Ал магний - күйзеліске қарсы макроэлемент. Әсіресе, В6 витаминімен бірге ол жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ сүйек түзуге де қатысады.

Жүрек соғысының ырғағын қалып-қа келтіреді, тамыр кеңейтуге атсалысып, оттегімен қамтамасыз етуге көмектеседі, сондықтан да магнийді жүрек ауруына шалдыққан науқастарға қолданады.

Ғалымдар қант диабеті және бронхит ауруларында да магнийді мырыш, хром, селенмен бірге қолдану да оң нәтиже беретінін айтып жүр. Сондай-ақ, жүкті әйелдерге де магнийдің пайдасы зор. Фолий қышқылымен бірге қолданған жағдайда құрсақтағы нәрестенің ақаусыз дамуына, күні жетпей болуы мүмкін түсіктің алдын алуға көмектеседі.

Магний жасыл жапырақты көкөністерде, авокадо, балықта және кептірілген цитрусты жемістерде көп болады.

Кальций. Бұл адам ағзасында (1, 5%) көптеу таралған элементтердің (О, С, Н, N, Са) бірі. Кальций сүйек ұлпасының басты элементі, қан ұю механизмдеріне қатысады, ағзадан ауыр металдардың бөлініп шығуына жағдай тудырады, антиоксиданттық қызмет атқарады. Кальцийдің ағзада болатын негізгі массасы сүйектер мен тісте болады. Кальций тапшылығы гипертоникалық кризиске, жүктілік токсикозына шалдықтыруы мүмкін, холестериннің қандағы деңгейін жоғарлатады, сүйектердің механикалық мықтылығын төмендететін остеопорозды дамытуы, жүйке жүйесінің қозуын жоғарлатуы, шашты түсіруі мүмкін. Отандық ақ халаттылардың
зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуі салдарынан
туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі. Бұл дертке көбіне ақ жаулықты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60 жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек кездеседі. Етеккір үзілісінен кейін әйел ағзасында гормондық өзгерістер болады, сүйектің беріктігі күрт төмендейді. Остеопороз бүкіл қаңқаны, әсіресе сан, иық, омырт-қа сүйектерін зақымдайды. Тіпті әлсіз соққының өзі (мәселен, көшеде құлап қалу) сыныққа алып келуі мүмкін. Осы ретте кальций мен магний - қаңқаның беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры. Қан құрамындағы холестеринді төмендетеді. Айтпақшы, кальций ағзаға сіңімді болуы үшін D витамині, фосфат, магний, мырыш, марганец, аскорбин қышқылы ауадай қажет.

Кальций сүтте, жалпы ағарғанда, балықта, теңіз өнімдерінде көп болады

Барий. Барийдің биогенді маңызы аз зерттелген. Суда және қышқылдарда еріген барий тұздары улы болады. Қышқылдар мен суда ерімейтін күкіртқышқылды барий рентген сәулелерін жақсы жұтады, сондықтан оны асқазан мен ішекті зерттеуде қолданады.

Стронций. Жануарлар мен адамдар ағзасында стронций сүйек ұлпаларына жиналады және сүйектің түзілуіне әсер етеді. Артық болып кетсе сүйектердің сынғыштығына "стронцийлі рахиттің" пайда болуына әкеледі. Сүйектен стронцийді шығару мүмкін емес. Дәрілік препараттар:

1. MgO магний оксиді (магнезия) ; асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылап кеткенде қолданылады.

2. MgS0 4 • 7Н2О (магнезия) магний сульфатының гептагидраты иммунді нерв жүйесін тыныштандыратын қасиетіне байланысты ұйықтататын немесе нашақорлык әсері бар.

3. СаСі2·6Н2О кальцийдің гексагидрат хлориді; аллергиялық ауруларда қолданылады.

4. 2CaS0 4 • Н 2 0 кальций сульфатының жартылай гидраты (күйдірілген гипс, табиғаттағы гипсті күйдіру арқылы алынады)

5. BaS0 4 барий сульфаты; рентген айқындауда қолданылады.

2. p-ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ

Бор. Медицинада қолданылуы:

1. Н3ВО3 бор кышқылы: антисептик ретінде әр түрлі кою майлардың құрамында болады; ауызды шаюда және офтальмологиялық тәжірибеде 1-3% ерітінді түрінде қолданылады.

2. Na 2 B 4 0 7 • 10Н 2 О (бура) натрий тетрабораты; антисептик;

Алюминий. Микроэлемент. Медицинада қолданылуы:

1. KAI(S0 4 ) 2 • 12Н 2 0 алюминий калий ашудасы жұмсартатын, қүйдіретін және қан тоқтататын әсері бар.

2. АІ(ОН) з алюминий гидроксиді; асқазан сөлінің қышқылдығын төмеңдетуде, “Алмагель” деген препарат құрамына кіреді.

Көміртек , басқа элементтермен бірге ұзын атомдар тізбегін кұрып, құрылымы әр түрлі органикалық қосылыстар түзеді.

Көміртегі оксидінің (II) адам ағзасына зиянды әсері бар, оны «пеш газы» деп те атайды. Дем алғанда көміртегі оксиді (II) қанға өтеді және гемоглобинмен- карбоксигемоглобин түзеді. Пеш газымен уланғанда гемоглобиннің оттегімен байланысы болмай қалады да өлімге себепщі болады.

Медицинада қолданылады:

1. Активтелген көмір (карболен) ; ауыр металдар тұздарымен, алкалоидтармен т. б уланғанда қолданылады.

2. NaHC0 3 натрий гидрокарбонаты; асқазан сөлінің кышқылдығын кемітеді; ол сулы ерітінділерді шаюда, жууда қолданылады.

Кремний. Микроэлемент. Тіршіліктің дамуы мен өсуіне керектілердің бірі. Оның ең көп мөлшері теріде, сіңірде, көздің ұлпаларында кездеседі.

Медицинада (3MgO • 4Si0 2 • Н 2 0) толык қолданылады-сепкіш.

СЕЛЕН. Бұл элемент иммундық жүйені қалыптастыруға ерекше әсер етеді. Ол жетіспегенде бұлшық ет әлсірейді. Әлсіздік, әсіресе, жүрек бұлшық етінде айқын білінеді.

Селен теңіз өнімдерінде, еттерде мол мөлшерде кездеседі.

Қорғасын. Қорғасынның биологиялық маңызы анықталмаған. Қорғасын қосылыстары улы болып келеді. Түрлі қорғасын өндірісінде істейтін жұмысшыларда улану (сатурнизм) болады. Сатурнизм ауруымен шалдыққанда (бастың сынып ауруы, ұйқысыздық талма, жүйке жүйелері) осы белгілер және бүйрек (альбуминурия), асқазан-ішек функциялары бұзылады.

Медицинада қорғасын қосылыстары антисептикалық зат ретінде қолданылады. РЬО қорғасын жабыстырғышының құрамында болады, оны тері ауруы -сыздауық шыққанда қолданылады. Рентген кабинетінде жұмыс істейтін медбикелердің киімдеріне корғасын қосылыстары қосылады, себебі қорғасын рентген у-сәулелерін жұтатын қабілеті бар.

Азот. Азот негізгі биогенді элементтердің бірі. Тірі ағзада оның мөлшері 3%-тей болады. Азот аминқышқылдарының, ақсылдардың, нуклеотидтердің, нуклеин қышқылқылдарының, биогенді аминдердің т. б. құрамында болады.

Медицинада қолданылады:

1. Азот тотығы (I) немесе «шаттандырғыш газ», N 2 О; оттегімен қоспасы наркотикалық зат ретінде қолданылады.

2. NH 4 OH аммиактың сулы ерітіндісі (аммоний гидроксиді,

нашатыр спирті) . Адам талып қалған жағдайда мақта немесе дәкеге сеуіп абайлап адам мұрнына иіс кетеді.

Фосфор. Негізгі биологиялық бес элементтің бірі. Биологияда фосфаттар негізгі екі роль атқарады біріншіден, көптеген биологиялық компоненттердің құрамдық элементтері ретінде кызмет атқарады. Адамның сүйегінде 5% ал, тіс эмальдарында 17% фосфор болады. Екіншіден, ең қызықтысы, ортофосфаттың туындылары энергия тасмалдаушы кызметін атқарады.

Фосфор - күш-қуат көзі. Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе-теңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ D витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор жүйке жасушаларының қызметі үшін де ке­рек. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді.

Фосфор ақуызы мол ет, сүт өнімдерінде кездеседі

Медицинада аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) қолданылады.

Мышьяк. Микроэлемент. Мышьяктың биогенді рөлі мен оның, ағзадағы мөлшері белгісіз.

Мышьяк қосылыстары өте улы. Стоматологияда мышьяктың оксиді (II), немесе ақ мышьяк As 2 0 3 ауру тіс нервтерін өлтіруде қолданылады. Ал, ішуге қан аз болғанда, жүйке ауруына шалдыкқандарға беріледі.

Оттек. Өмір сүріп жатқан барлық молекулалар құрамына кіреді. Тірі ағзадағы мөлшері құрғақ зат бойынша есептегенде. 70%-дай болады. Ауадағы оттектің көлемдік үлесі -21%.

Ауадағы оттектің мөлшеріне көптеген өмірлік процестер байланысты. Оттектің негізгі қызметі тірі ағзадағы зат алмасу процестеріндегі тотығу-тотықсыздану реакцияларын реттеу.

Медицинада оттек көміртек оксидімен (II), НСN уланғанда және оттек жетіспейтін ауруларды емдеуде қолданылады. Емдеу мақсатында оттекті тері астына жіберуге асқазанға оттегі коктейлі түрінде пайдалануға болады. Кейінгі кезде жоғарғы қысымда оттегімен емдеу оны гипербаралык медицина деп атайды.

Фтор. Фтордың биологиялық маңызы аз зерттелген. Tic және сүйектін негізгі қатты бөліктерінің түзілуіндегі минералды зат алмасу процесіне қатысады. Tic және сүйекте фтор фторапатит (Са 5 (Р0 4 ) 3 Ғ) түрінде болады. Адам фторды ішетін судан қабылдайды, негізінде Iл суда 1 мг- фтор болуы тиіс. Егер ішетін суда фтор жеткіліксіз болса, онда тіс эмалдары бұзыла бастайды.

Tic кариесінің негізгі емі-суды фторлау. Бос күйіндегі газ тәрізді фтор өте улы келеді.

Йод. Қалқанша безі мен гипофиздің жұмысын жақсартады. Радиация әрекетінен қорғап, радиоактивті йодтың жиналуын ескертеді. Йод селенге тәуелді, ол ағзада селенсіз әрекет етпейді.

Бұл элементтің жетіспеуі негізгі зат алмасу процесін төмендетеді. Ағзадағы йодтың аз болуы ең әуелі орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Бала қажетті мөлшердегі йодты ана құрсағында жатқан кезден бастап алуға тиіс. Балалардағы гипотиреоз ауруы жүйке қызметінің ерекше бұзылуына, адамдағы интеллектуалдық мүмкіндіктің тежеліп дамуына, кретинизмге әкеліп соқтырады.

Ал ересек адамдарда ойлау қабілетінің төмендеуі, жүректің соғу жиілігі азаюы байқалады.

Йод жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді, ісік дамуының қатерлілігін арттырады, ең алғаш-қы кезекте қалқанша безінің ау-руын қоздырады.

Йод ас тұзында болады. Соңғы уақытта ұнды да йодпен байытып жүр.


3. d-ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ

Мырыш. Мырыштың физиологиялық функциясы ферментативті ақсылдармен байланысты. Эритроциттерде мырыштың көп болуы көмір ангидразы құрамында газ алмасуда жэне демалу ұлпаларында болуымен түсіндіріледі.

Мыс. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көп екендігінің көрсеткіші - адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттегінің өтуін қамтамасыз етеді. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады.

Мыс ағзаға тағам арқылы түседі. Әсіресе, теңіз тағамдарында, қырыққабатта, картопта, қалақайда, жүгеріде, сәбізде, алмада көбірек кездеседі.

Сынап. Сынап-тірі өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының негізгі құрам бөлігі. Сынап негізінде бауыр мен бүйрекке жинақталады. Табиғи сулар, топырақ, өсімдік және жан-жануарлар сынаппен улануда, ол биосфераға сынаптың көп мөлшерде тасталуынан болуда. Сынаппен уланғанда ауызға металдың дәмі келіп тұрады, сілекей ағатын болады, адамның бас ауруы және есте сақтау қабілеті нашарлай түседі.

Барлық тұздары улы болғанымен, оның көбі медицинада қолданылады:

1. HgO (сары сынап майы) ; тері ауруларына қолданылады;

2. HgCl 2 (сулема) ; өте улы, онымен жұмыс жасағанда байқаған жөн, 1:1000 қатынасындай етіп сұйытылған ерітіндісін төсеніштерді, медициналық кұралсаймандарды бөлмені дезинфекциялағанда қолданылады, медицинада қосылыстарын қолданып қана қоймай металл сынап пен онын буы да қолданылады (сынап термометрлері аппаратында)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
S,p,d-элементтерінің медициналық-биологиялық маңызы.химиялық байланыстың табиғаты
Биогенді элементтер
Натрий және калий
d - элементтері қосылыстарының қолданысы
Негізгі биогенді элементтердің биосферадағы айналымы
Электрондық бұлт туралы түсінік. Кванттық сандар
N (Азоттың) және P(Фосфордың) биологиялық ролі, медицинада қолданылатын қосылыстар
Радиоактивті сәулелену
Адам ағзасындағы макро және микроэлементтер
Биогенді S элементтерінің биологиялық ролі, қатынастарының медицинада қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz