Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру


Жоспары:
Кіріспе . . .
Негізгі бөлім . .
1 . Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру . . .
1. 1. Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер . . .
2. Ұжымдастырудың зардаптары. ҰЛЫ ЖҰТ немесе қазақ даласындағы Ұлы аштық қырғыны жайлы . . .
2. 1. 1919-1922 жылдардағы аштық . . .
2. 2. Отызыншы жылдардағы аштық - Ұлы Ашаршылық . . .
3. Күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары . . .
3. 1. Батпаққара көтерілісі . . .
3. 2. Сарысу-созақ көтерілісі . . .
3. 3. Ұжымдастыру зардаптарына қарсы күрес . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Бағалау критерийі . . .
Кіріспе
Жаңа экономикалық саясаты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды. Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды:
1
. Коммуна
- өндірісті қоғамдастыру.
2.
Артель
- жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал - саймандарды біріктіру.
3.
ТОЗ
- жер бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ - ды қалады. 1927 жылғы қазанның 1 - іне қарай Қазақ КСР - інде кооперация шаруа қожалықтарының 23, 1% - ін қамтыды. Сол уақытқа қарай 1074 тұтыну қоғамы жұмыс істеді, оның 312 - і ауылдарда болды, қазақ даласының жекелеген түпкірлерінде 140 факторий құрылды. Қазақ шаруалары 1072 ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде 101 коммунада, 17 артельде, жерді бірлесіп өңдейтін 294 серіктестікте (ТОЗ-да) ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті.
Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны артты: 1929 жылы 10, 5 млн. - ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар шаруашылықтары көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. Патриархат көшпелі халықтың мәдениеті артты.
Алайда бұл ұзаққа созылған жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф. И. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды.
Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1, 3 млн. га шабындық және 1, 25 млн. га егістік жерді тартып алды.
Индустрияландыру бағыты азық - түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығын өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді.
1928 жылғы қаңтар - ақпан айларында И. Сталин Сібірге сапарға шықты. Осы жылы 3 ақпанда болған Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаға тартылды. 1928 жылғы 1 қазан - 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы - 277 шаруа атылды.
1928 жылғы 27 тамыз - «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды
кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды
. Декретте бай - феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары - 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді.
Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:
1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды.
2. Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.
3. Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.
Сөйтіп, бай - кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай - кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай - кулактарды тәркілеуден басталды.
1. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру
1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы - ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.
1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС - тер құрылып жатты.
Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.
Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте - бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.
1. 1. Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер
Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер
:
1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді.
2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.
3. Әкімшілік - күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.
4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.
Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында - 70 %; Жымпиты ауданында - 60 %; Жәнібек ауданында - 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 - інде 56, 4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.
Азық- түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931-1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан - ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай - кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56, 498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1929 - 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі - 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына - 3386 адам, 3-10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға - 13151 адамға үкім шығарды.
1930 жылы 30 мамырда республика үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 11 га жер бөлді.
Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем - шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 % - тен 3 % - ке кеміді.
Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 - 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан - колхозшы қожалықтарының 87 % - і, жекешелердің 51, 8 % - і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында - 40, 5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4, 5 млн. мал қалды.
Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды:
1. 1930 жылы - 313 мың адам;
2. 1931 жылы - 755 мың адам;
3. 1932 жылы - 769 мың адам қайтыс болды.
4. 1930 - 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % - і жаппай қырылды.
1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазылды.
Онда көтерілген мәселелер:
1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда.
2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.
3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда.
4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.
1933 жылы наурыз айында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов Сталинге хат жазды. Азаматтық ерлігі жоғары және принципшіл адал Т. Рысқұлов өлкеде етек алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. «Сізден осы жазбамен танысып шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін» деп жазды. Одан әрі хатта көрсетілген деректер бойынша: Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда; Орта Волгада - 40 мың; Қырғыз жерінде - 100 мың; Батыс Сібірде - 40 мың; Орта Азияда - 30 мың; Қарақалпақ жерінде - 70 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл «аш адамдардың тамақ іздеп босуы.
Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді.
Ақтөбе облысында 1930 жылы - 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы - 725800 адамға кеміген (71 %) . Жаппай ұжымдастыру, аштық әсері халықтың көбін көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар - 1931 жылғы маусым аралығы - 1 млн. 10 мың адам (281230 шаруа қожалығы) . Қытай, Иран, Ауған жеріне т. б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды.
2. ҰЛЫ ЖҰТ немесе қазақ даласындағы Ұлы аштық
қырғыны жайлы
Қазақстандағы Ұлы аштық қырғыны жайлы әңгімені екі өте маңызды ескертуден бастаған жөн болар: кеңес заманында Қазақстанда екі рет аштық қырғыны болғанын айтуға тиіспіз. Әрине, ең үлкен аштық қырғыны өткен ғасырдың 30-шы жылдары орын алды. Ол тарихта Ұлы жұт - Ашаршылық жылдары деген атпен аталады. Бірақ, сонымен бірге 1919-1922 жылдары орын алған ашаршылықты да ұмытпаған жөн болар. Осы кездері Қазақстанда миллионнан астам адам аштан өлген. Сондықтан да осы екі қырғынды да әңгіме етпекпіз.
2. 1. 1919-1922 жылдардағы аштық
Қазақстандағы 1919-1922 жылдардағы аштықтың бір себебі елдің бірнеше аймақтарында орын алған егіннің шықпай қалуы болды. Осы жағдайға байланысты кеңес үкіметі 1919 жылдың қаңтар айынан бастап «азық-түлікті тәркілеу» саясатын бастады. Бұл саясат кеңес үкіметінің 1918 жылдың 13 мамырынан бастап жүргізе бастаған азық-түлік диктатурасына сайма-сай дәл келген еді.
Қазақстанда егіншілікпен айналысушылардың көп болмауына байланысты большевиктер қазақтың малын кәмпескелеп алуды басты мақсат етіп қойды. 1919-1922 жылдардағы аштық негізінен алғанда Қазақстанның оңтүстік облыстарын шарпыды.
Мал - көшпелі халықтың күн көрісінің жалғыз ғана көзі. Жергілікті қазақтар ежелгі ата дәстүрімен мал өсірумен айналысып, малдың жағдайымен жайылым іздеп көшіп-қонып өмір сүретін. Қазақ жерінде тұратын басқа ұлттар егіншілікпен де айналысатын, бірақ азық-түлік саясатында басты мақсат етіліп - қазақтың малын жинап алу арқылы жүргізілсін деген тапсырма қойылды. Қазақтан «мал жинаудың» түрі мен әдістерін айуандық, тағылық деген сөздермен ғана теңеуге болады. Мысалы, бір ауылға келіп малын түгел сыпырып алып кету жағдайлары жиі орын алды. Әрине, мұндайдан кейін бұл ауылдың халқының тірі қалуы мүмкін емес еді. Әртүрлі деректер бойынша осы аштық жылдарында миллионнан астам халық аштан қырылған.
Сол кездегі аштықты көргендер оны былай суреттейді. Қазақтың қоғам және саяси қайраткері, публицист Мұстапа Шоқай «Кеңестің қол астындағы Түркістан. Пролетариат диктатурасының сипаттамасы» кітабында: «Бұл жолы әлемде бұрын-соңды құлақ естімеген кеңес үкіметінің Түркістанның жергілікті халқына жасаған «аштық саясаты» жайлы әңгіме етпекпін. Туземдіктерге, атап айтқанда қазақ халқына қарсы жасалып отырған аштық жайлы айта келе Тұрар Рысқұлов мынадай деректі алға тартады. Түркістандағы Қазан төңкерісіне еңбегі сіңген жетекшілердің бірі Иван Тоболин Түркістан Орталық комитетінің мәжілісінде «қырғыздар (қазақтар) марксистік көзқараспен айтқанда экономикалық тұрғыдан әлсіз болғандықтан бәрібір өліп бітуге тиіс. Сондықтан да, революция үшін - аштықпен күресіп қаражатты шашудың қажеті жоқ, оның орнына майданды қолдау маңызды . . . » деп ашықтан ашық мәлімдеген. Рысқұловтың айтуынша аштықтан өлгендердің (мұсылмандардың) саны орасан көлемде. Ол цифрларды келтірмейді. Кеңестік көздер бір миллион бір жүз он төрт мың деген (1 114 000) жан түршігетін цифрды келтіреді. Мәскеудің «ұлт-азаттық саясатының» біздің ұлтымызға әкелген пайдасы осындай».
Кеңес үкіметінің Түркістанда жүргізген отаршылдық, ұлтты езгілеу саясатын куәлендіретін тағы бір-екі мысал. «Перовск қаласында (қазір Қызылорда) Гержот деген самодержец (біздіңше диктатор, ауд. ) отыр. (Гержот Иосиф Иванович, Перовск уездік совдептің төрағасы) . Одан түгел бір халық - қырғыздар (қазақтар) қашып көшіп кеткен. Осы көшу кезінде бір миллионға жуық адам өлген». Бұл жайлы «Правда» газетінің 1920 жылғы 20 маусымында шыққан 133 нөмірінде жазылған.
Зиновьев (Зиновьев Григорий Евсеевич, революционер, кеңестік саяси және мемлекеттік қайраткер), 3-ші Интернационалдың басшысы кезінде, Шығыс халықтарының Бакуде өткен съезінде (1920 жыл, қыркүйек) «кеңес үкіметінің Түркістандағы агенттері түземдік шаруаларды ренжітеді, олардың малын, жерін тартып алады, оларға ең төменгі сатыдағы нәсіл ретінде қарайды» деп мойындауға мәжбүр болған еді.
Әрине, кеңес үкіметінің мұндай саясаты қазақтар тарапынан наразылық, қарсылық көрді. Бірақ, мал тартып алуға келгендерге қарсылық көрсеткендерді сол кездегі «Продармия» (сол кездегі мал тартып алуға жіберілген қарулы отрядтар осылай аталған) және Қызыл армияның ерекше мақсаттағы отрядтары (ЧОН - чрезвычайный отряд особого назначения) оларды аяусыз қаталдықпен басып жазалады.
Жалпы алғанда, 1919-1922 жылдардағы аштық кездерінде бір миллионнан астам қазақ аштан өлген. Сол кездегі қазақтың санының бұл шамамен 20-22 пайызын құрайды. Дегенмен, қазақтың санын солқылдатып құртқан аштық отызыншы жылдары орын алды.
2. 2. Отызыншы жылдардағы аштық - Ұлы Ашаршылық
Қазақ даласының тарихындағы ең жан түршігерлік аштықтың себебі - сол кезде жүргізілген КСРО-ң ішкі саясаты деуге болады. Қазақстанда болған (Украинада, Поволжьеде т. б. жерде) бұл аштықтың себептерін түсіну үшін КСРО-ң өткен ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы, 30-шы жылдардың басындағы саясатына қысқаша сапар жасау қажет.
1927 жылы өткен ВКП(б) ХV съезінде «КСРО-ң халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдық жоспарын жасау жөніндегі директивалар» қабылданды. Осы директиваларға сәйкес бірінші бесжылдық жоспар жасалынып, онда КСРО-да ұжымдастыру мен индустрияландыруды бастау мақсаты қойылды. Алға қойылған іс-шаралардың бойынша КСРО-а қуатты қорғаныс өнеркәсібін құру мақсаты қойылды. Қорғаныс өнеркәсібінің мақсаты, біріншіден - елдің қорғаныстық қабілетін қамтамасыз ету болса, екіншіден - болашақ жылдарда Европадағы көрші елдерге коммунистік экспансияны әрі қарай жалғастыру еді. Әрине, мұндай мақсат көп қаражатты қажет етеді. Ірі өндірістік кәсіпорындарды ашуға, ең бастысы, заманауилы жоғары технологиялар сатып алуға кеңес үкіметі ақшаны аяған жоқ. Ақша жинау көздері, оның ауырлығы негізінен алғанда шаруаларға түсті. Тіпті «қаражатты ауыл шаруашылығынан өнеркәсіпке айдау» деген термин ойлап шығарылды. Ауылдың тұрғындарын колхоздарға айдап әкелді, мал (егіншілігі нашар дамыған Қазақстанда негізгі құндылық мал болатын) ортақтандырылды.
20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басындағы Қазақстанда кеңес үкіметі «қаражат айдаумен» ғана тынған жоқ. Қазақтардың мал шаруашылығы көшіп-қоу жағдайында жүргізілгендіктен үкіметке малшыларды бақылап қолында ұстап тұру қиын болатын. Сол себептен де қазақтардың көшіп-қону өмірін тоқтатып, жерге байлауға шешім қабылданды. Осы мақсатта қазақтардың малы тартылып алынып, қазақтар Қызыл армияның бөлімшелерінің және милицияның көмегімен «отырықшылдандыру нүктелеріне», колхоз ұйымдастырылып жатқан жерлерге айдап әкелінді. Бір жерге айдап жиналған мал саны көп болғандықтан олар сол жердің шөбін тез жеп қоятын, сол себептен де оларды жаппай сойып тастауға мәжбүр болды. 1933 жылдың басында қазақ даласында бұрын болған 40 миллион бас малдың оннан бірі ғана қалды. Нәтижесінде, осы жүргізілген саясаттан қазақтар жапа шекті, себебі олар үшін күнкөрістің бірден бір көзі мал еді.
Қазақтарды зорлап отырықшылдандыру «Кіші Октябрь» деп аталды. «Кіші Октябрьдің» негізгі дем берушісі, орындаушысы аты көпке мәлім, патшаның отбасын атып тастауды ұйымдастырушылардың бірі Филип Исаевич Голощекин еді. Ол 1924 жылдың қазан айынан бастап 1933 жылға дейін Қазақстан компартиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. Оның Қазақстанда өткізген алғашқы іс-шарасы 1928 жылдың күзінде өткізген малды кәмпескелеу болды. Кәмпескеге 700 шаруа қожалығы ілініп, олардан 150 мың мал басы (ірі қара мал басына айналдырғанда) тәркіленді. Бұл жердегі «ірі қара мал басына айналдырғанда» деген нені білдіреді? Бұл сталиндік статистиктердің мал басын азайтуды жасыру үшін ойлап шығарғаны болса керек. Статистиктердің айтуынша, бір ірі қара мал басы, мысалы 1 сиыр - 2-3 шошқаға немесе 10 қойға тең. Егер 150 мың ірі қара бас малын қойға айналдырсақ, онда әңгіме кем дегенде 1, 5 миллион қой туралы айтуға тиіспіз . . . 700 шаруа қожалығының мүшелерінің отбасының тағдырының қаншалықты қайғылы болғаны жайлы айтпаса да болады.
Мал жоқ жерде, тамақ жоқ, тіршілік жоқ. Қазақтар тұратын ауылдар жаппай қырыла бастады. Тарихшы А. Н. Алексеенконың айтуынша « . . . әртүрлі есептеулер мен түзетулерге сүйенгенде 1930 жылғы қазақ халқының қырылуы 1млн 840 мың адам немесе жалпы қазақтың 47, 3 пайызын құрайды. Бәрінен ең көп қырылған республиканың шығысының қазақтары болды. Бұл жақта 379, 4 мың адам немесе 1930 жылғы халықтың 64, 5 пайызын құрады. Бұл аймақтың халқы көрші елдерге Ресей мен Қытайға жаппай ауып көше бастады. Солтүстік Қазақстан аймағы қазақтардың жартысының көбінен - 410, 1 мыңнан немесе 52, 3 пайызынан айрылды, Батыс Қазақстан 394, 7 мың немесе 45, 0 пайыз, Оңтүстік - 632, 7 немесе 42, 9 пайыз қазақтан айрылды. Аздау өлім Орталық Қазақстанда - 22, 5 мың немесе осы аймақтың 15, 6 пайызы орын алды. Басқа халықтарда да шығын аз болған жоқ: украиндер - 200 мың (23 пайыз), өзбектер - 125 мың (54 пайыз), ұйғырлар - 27 мың (43 пайыз) . Тек қана 1931 жылда 1 млн 30 мың адап көшіп кетті, оның 616 мыңы қайтқан жоқ. Жүздеген мың қазақ Қытай жағына қашты. Олардың көп көшкендігі сонша Қытайда 1954 жылы Іле-Қазақ автономиялық округі құрылып орталығы болып Құлжа қаласы белгіленді.
Өз малын тонаудан қорғаған, кәмпескеден қашқан қазақтарға Қызыл армияның әскерлері жіберіліп, өзі аштықтан титықтаған қазақтарды аяусыз қыруы ашаршылықты одан да бетер өршітті. Кейбір ауылдар мен рулар малын сақтамақ болып көше бастағанда олардың алдынан, соңынан Қызыл армияның отрядтары жіберіліп оларды «басмашы бандылар» ретінде жоюға, тұтқындауға бұйрық берілді. Шын мәнінде олар өз малы мен отбасы мүшелерін аштықтан аман алып қалу мақсатында аштығы жоқ Қытай мен Ресейге көшуді ойлаған бейбіт жандар болатын. Қытайға көшушілерге тосқауыл қоюға шекарашылар да өз үлесін қосып оларға пулеметпен оқ атқан кездері де болды. Соншама болған тосқауылдарға қарамастан жүздеген мың аштықтан қашқан қазақтар ауыл, ауыл болып Қытай асты.
Сүйтіп, кеңес үкіметі жасаған екі ашаршылықтың нәтижесінде қазақтар бар болғаны 10-15 жылдың ішінде халқының жартысынан айрылды. Әлем тарихында мұндай көлемдегі трагедия ешбір халықтың үлесінде болған емес. 1970 жылы ғана қазақтар 1926 жылғы деңгейдегі халық санына жетті.
Бұл жерде бүгінгі биліктің Ұлы Ашаршылықта қырылған боздақтарды еске алуға байланысты жүргізіп отырған саясатын айтпасқа болмас. Осындай ашаршылықты бастан кешкен украиндықтар өз астанасы Киевте ашаршылық құрбандарына арналған теңдесі жоқ ескерткіш салған кезде, қазақстандық билік «болашақта салу ойымыз бар» деген хаттамадан артыққа бара алмады. Алматының скверлерінің бірінде (таң қалатын жері бар - бұл жердің қарсысында 1930 жылы қанқұйлы НКВД «сұр үйі» орналасқан екен) «бұл жерде отызыншы жылдардың аштық құрбандарына ескерткіш орнатылады» деген тас қойып барлық мәселені «бітіріп» отыр. Бұл тас 1992 жылы қойылған болатын. Содан бері 18 жыл өтті, оның 8-і, яғни 2000-н 2008 жылдары Қазақстанның экономикасы үшін қаржының «тамылжып құйқылжыған» табысты жылдарында ел билігі ескерткіш салуға қаржы таба алмады. Өз өмірін коммунистік режимнің зорлықпен жүргізген ұжымдастыруына, индустрияландыруға және басқа да толып жатқан қанды сынақтар үшін құрбан еткен туған халқының, ата-бабасының, әруақтарының рухын мәңгілеуге, еске алуға қарсы биліктің осындай қиянат, сұрқия алдамшылық жасап отырғанына ешбір ұялатын түрі жоқ.
Аштық зардаптары:
1930 - 1933 жылдары аштықтан 6, 2 млн. адамның 2, 1 миллионы өлді. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.
Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930 - 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.
3. Күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары
Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz