Онтогенез процесі



1.Онтогенез жайлы жалпы түсінік
2. Әр түрлі топтардағы онтогенез ерекшеліктері
3. Онтогенез ұзақтығы
4.Онтогенез эволюциясы барысында пайда болатын негізгі тенденциялар
5. Онтогенез тұрақтылығы мен тұтастығы
6. Онтогенез эмбрионизациясы
7.Эволюциялық онтогенездің негізгі бағыты . автономизация
8.Онтогенез . филогенез негізі
9.Қорытынды
Эволюциялық өзгерістер түрлердің пайда болуы мен өлуі, мүшелердің жасалуымен ғана емес, сонымен қатар онтогенездің қайта құрылуымен де тығыз байланысты. Онтогенез біздің жер шарымыздағы өміріміздің негізгі феномендерінің бірі болып табылады.
Әр түрлі түрлердің особьтарының онтогенезі оның ұзақтығы, қарқыны және дифференциалану белсенділігі бойынша әр қилы болып келеді. Әдетте оны үш кезеңге бөледі: проэмбрионалдық, эмбрионалдық және постэмбрионалдық. Дифференциалану әдетте жануарларда эмбрионалдық кезеңде, ал өсімдіктерде постэмбрионалдық кезеңде жақсы жүреді. Бұл кезеңдердің өзі бірнеше бөлімдерге бөлінуі мүмкін. Онтогенез процесі тура даму немесе метаморфоз жолымен дамуы мүмкін.
1. Яблоков А. В., Юсуфов А. Г. Эволюционное учение. Учебное пасобие. Москва «Высшая школа» 1991.
2. Правдин Ф. Н. Дарвинизм , «Мектеп» баспасы, Алматы 1973.
3. Иорданский Н. Н. Эволюция жизни, Москва Akademia 2001.
4. Северцов А. С. Основы теории эволюции. Москва, изд-во МГУ, 1991.
5. Георгиевский А. Б. Дарвинизм. Учебное пасобие. Москва, «Просвещение» 1985.
6. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма. Ленинград, «Наука» 1969.
7. Захаров В.Б. Мамонтов С.Г Сонин Н.И Қисымқызы А. Жалпы биология 10-11 сыныптар Алматы «Кітап» 2004
8. «Эволюция» часть 8. Главные черты эволюционного процесса. Чайковский Ю. Биология 2000 № 7 5-12 стр.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Онтогенез жайлы жалпы түсінік
2. Әр түрлі топтардағы онтогенез ерекшеліктері
3. Онтогенез ұзақтығы
4.Онтогенез эволюциясы барысында пайда болатын негізгі тенденциялар
5. Онтогенез тұрақтылығы мен тұтастығы
6. Онтогенез эмбрионизациясы
7.Эволюциялық онтогенездің негізгі бағыты - автономизация
8.Онтогенез - филогенез негізі
9.Қорытынды

1.Онтогенез жайлы жалпы түсінік

Эволюциялық өзгерістер түрлердің пайда болуы мен өлуі, мүшелердің жасалуымен ғана емес, сонымен қатар онтогенездің қайта құрылуымен де тығыз байланысты. Онтогенез біздің жер шарымыздағы өміріміздің негізгі феномендерінің бірі болып табылады.
Әр түрлі түрлердің особьтарының онтогенезі оның ұзақтығы, қарқыны және дифференциалану белсенділігі бойынша әр қилы болып келеді. Әдетте оны үш кезеңге бөледі: проэмбрионалдық, эмбрионалдық және постэмбрионалдық. Дифференциалану әдетте жануарларда эмбрионалдық кезеңде, ал өсімдіктерде постэмбрионалдық кезеңде жақсы жүреді. Бұл кезеңдердің өзі бірнеше бөлімдерге бөлінуі мүмкін. Онтогенез процесі тура даму немесе метаморфоз жолымен дамуы мүмкін.

2.Әр түрлі топтардағы онтогенез ерекшеліктері

Прокариоттарда, саңырауқұлақтарда, өсімдіктер мен жануарларда онтогенез процесі әр қилы жүреді. Қарапайымдылардан көпклеткалыларға (Metazoa) өткен кезде онтогенез формасы жағынан күрделенеді және уақыты жағынан ұзарады. Өсімдіктер мен жануарлар эволюциясы барысында дамудың қиын циклдары пайда болады, яғни олардың әрбір фазасы белгілі бір қоршаған орта жағдайларына байланысты жүреді. Кейде эволюция процесі кезінде тіршілік циклдарының екінші реттік жеңілдетуі пайда болады. Тіршілік циклының жеңілдетуімен байланысты онтогентикалық дамудың барлық процесі өзгеріске ұшырайды. Осының салдарынан гаплоидты даму фазасынан диплоидты даму фазасына өту және де метаморфоз (мысалы: амфибилерде) жолымен дамудан тура дамуға (рептилилерде, тағы басқа жоғары сатыдағы омыртқалыларда) көшуіне әкеп соқтырады.
Өсімдіктерде онтогенез жануарларға қарағанда сыртқы орта жағдайларына өте тәуелді болып келеді. Әр түрлі организмдердегі онтогенездің ортақ белгілері, оның программалануы дифференциалануына бағыттылығы, қоршаған орта факторларының (эпигенетикалық факторлар) әсерінен дамудың жалғастырушылығы болып табылады. Әр түрлі патшалық, тип, класс өкілдерінің онтогенезі дифференциялану масштабы бойынша да ерекшеленеді. Бірклеткалыларда ол дифференциялану процесінің күрделі мағынасына ие. өсімдіктерде дифференциялану процесі созылмалы және эмбриональдық даму кезеңі шектелмейді (метамерлі мүшелердің түзілуі өсімдіктерде бүкіл онтогенз процесі барысында өтеді). Ал жануарларда дифференциялану процестері және мүшелердің түзілуі эмбриональдық кезеңмен шектеледі. Гисто және морфогенез процестері өсімдіктерде жануарларға қарағанда біршама күрделі өтеді.

3. Онтогенез ұзақтығы

Әр түрлі тип, класс, отряд өкілдерінің онтогенез ұзақтығы - маңызды түрлік ерекшелік болып табылады. Бірклеткалыларда онтогенез аналық клетканың түзілуімен аяқталады және өлімі морфологиялық тұрғыдан тіркелмеген (және олар белгілі мағынада тіршілігін жоймайтындар). Саңырауқұлақтар мен өсімдіктерде әр түрлі мүшелерінің қартаюы бірқалыпты жүрмейді.

Кейбір түрлердің онтогенез ұзақтығы.

Түрлер
Онтогенез ұзақтығы
І. Прокариоттар
Цианеи

Бірнеше сағат
ІІ. Саңырауқұлақтар патшалығы
Пенициллум (Penicillium notatum)
Трутовик (Fomes fomentarius)
Ақ саңырауқұлақ (Botulus botulus)

Бірнеше апта
25 жылға дейін
Бірнеше жыл
ІІІ. Өсімдіктер патшалығы
Резушка (Arabidopsis thaliana)
Бидай (Triticum bulgare)
Жүзім (Vitis vinifera)
Алма (Malus domestica)
Грек жаңғағы (Juglans regia)
Липа (Tilia grandifolia)
Емен (Quercus robur)
Кипарис (Cupressus fastigiata)
Мамонт ағашы (Sequoia gigantea)

60-70 күн
1 жыл шамасында
80-100 жыл
200 жыл
300-400 жыл
1000 жыл
1200 жыл
3000 жыл
5000 жыл
ІV. Жануарлар патшалығы
Құмырсқа (Formica fusca)
Бал арасы (Apis mellifera)
Теңіз кірпісі (Ehinus esculentus)
Жайын (Silurus glanis)
Кәдімгі бақа (Bufo bufo)
Тасбақа (Testudo sumeiri)
Кәдімгі үкі (Bubo bubo)
Ақ көгершін (Columba livia)
Африка пілі (Elephas maximus)
Гиббон (Hylobates lar)

7 жылға дейін
5 жылға дейін
8 жылға дейін
60 жылға дейін
36 жылға дейін
150 жылға дейін
68 жылға дейін
30 жылға дейін
60 жылға дейін
32 жылға дейін
ІІ. Онтогенез эволюциясы барысында пайда болатын негізгі тенденциялар

Дифференциалану - ұрықтың жекеленген клеткалары мен бөліктері арасындағы құрылымдық және функционалдық айырмашылықтардың пайда болуы мен олардың дами түсу процесі. Морфологиялық көзқарасқа сәйкес, дифференциялану процесі бір - бірінен ерекшеленетін, арнайы құрылысы бар клеткалардың бірнеше мың түрлерінің пайда болуымен сипатталады. Биохимиялық көзқарасқа сәйкес клеткалардың мамандануының мәні - клеткаларда тек осы түрге тән белгілі бір белоктардың синтезделе басталуында. Мәселен, тері, эпителий клеткаларында кератин синтезделеді, эритроциттерде - гемоглобин, ал қарын асты безінің аралшық тәрізді ұлпасының клеткаларында - инсулин синтезделеді және т.б. Клеткалардың биохимиялық мамандануын гендердің дифференциялдық белсенділігімен қамтамасыз етіледі, яғни әр түрлі ұрық қабаттарының клеткаларында белгілі мүшелер мен жүйелерге - гендердің әр түрлі топтары қызмет ете бастайды.
Ұрық қабаттарының құрамына кіретін клеткалардың одан әрі дифференциялануы нәтижесінде эктодермадан жүйке жүйесі, сезім мүшелері, тері эпителийі, тістердің эмалі; энтодермадан - ортаңғы ішек эпителийі, ас қорыту бездері - бауыр мен қарын асты безі, желбезектің және өкпенің эпителийі; мезодермадан - бұлшық ет ұлпасы, дәнекер ұлпасы, қанайналым жүйесі, бүйректер, жыныс бездері және т.б. түзіледі.
Әр түрлі жануарларда бірдей ұрық қабаттары бірдей мүшелер мен ұлпаларға бастама береді. Бұл олардың гомологты екендігін білдіреді. Жануарлардың басым көпшілігіндегі ұрық қабаттарының гомологиясы (ұқсастығы) - жануарлар дүниесінің біртұтас екендігінің басты дәлелі бола алады.

4.Онтогенез тұрақтылығы мен тұтастығы

Особь әрқашан бүтін ретінде дамиды. Особьтың құрылымдық және функционалдық тұтастығы онтогенетикалық дифференцияланудың өзара қарым - қатынасына негізделеді. Онтогенетикалық дифференцияланудың кезеңдері өзара байланысты және бір - бірін толықтырып отырады, алдыңғы кезеңдер келесілерге негіз болады. Эволюция барысында организмнің интеграциясы байқалады, яғни оның құрылымдарының арасында өзара тығыз динамикалық байланыстар түзіле бастайды. Бұл принцип кейде эмбриогенез барысында да байқалады. Кез келген бластомер басқа бластомерлермен байланысқанда бүтіннің бөлігі ретінде дамиды. Әр түрлі кезеңдердегі бластомерлерде бөлгенде олар басқа особьтардың бастамасына негіз бола алады.Бірнеше рет бөлгеннен кейін жеке бластомерлердің арасында функциональдық байланыстар күрделенеді, тіпті жеке бластомер басқа организмнің бастамасын бере алмайды. Бөліктердің онтогенетикалық дифференциалану процесі барысында олардың арасында жаңа байланыстар түзіле бастайды. Мысалы, омыртқалылардағы гаструланың түзілуі экто және эндодерманың пайда болуына алып келеді және олардың белсенді қарым - қатынастары нерв түтігі, хорда, т.б. мүшелердің пайда болуына бастама болады. Жалпы алғанда тіршілік эволюциясы онтогенез дифференциалану мен тұтастығының біртіндеп күшеюімен қатар жүреді. Осыған байланысты тек тұтастығының күшеюін ғана емес, сонымен қатар тіршілік эволюциясы барысындағы онтогенез тұрақтылығының үлкеюін де айта кеткен жөн болар еді.
Онтогенездің тұтастығы мен тұрақтылығын түсіну үшін түр түзілу процесіндегі кореляция мен координацияның ролін қарастыру қажет. Корреляция мен координация жайлы біраз мағлұмат И.И.Шмальгеузеннің еңбектерінен алынған.
Корреляция. Дамып келе жатқан ағзаның құрылымдарының арасындағы функционалдық және құрылымдық өзара тәуелділік барысында туындайтын бір мүшедегі өзгеріс басқа мүшелердің өзгеруіне әкеп соғады, осы процесті корреляция деп атаймыз, ал осы мүшелер арасындағы байланысты - коррелятивті байланыс деп атаймыз. Мүшелер арасындағы корреляция әр түрлі формада көрінеді, яғни корреляцияның бірнеше түрлері бар.
Генотиптегі гендердің тіркесуі мен өзара әрекеттесуіне негізделген, ол геномдық корреляция. Ол жеке даму процесінің нәтижесі болып табылады. Геномдық корреляцияның мысалдары өте көп: көгершін қысқа тұмсығының дамуы, оның аяқтарында қауырсынның пайда болып дамуымен қоса жүреді; астықтың жылдам пісуі - төмен өнім берумен; тағы басқа. Мұндай корреляйиялар көптеген белгілердің тіркесіп дамуын пайымдап және сол арқылы белгілердің мықтап бекіту мүмкіншілігін түсіндіреді.
Морфогенетикалық корреляциялар жасушалардың немесе эмбриогенездегі олардың дифференциалану процесіндегі бөліктердің бір - бірімен өзара қарым - қатынасына негізделген. Дамып келе жатқан бөліктерінің өзара қарым - қатынасының болатынын эмбриогенездің ерте стадиясындағы енді өсіп келе жатқан ұрықтың учаскелерін көшіріп отырғызу тәжірибелерімен дәлелденген. Г.Шпеман тритон ұрығының гаструляция сатысында эктодерманың екі учаскесінде көшіріп ауыстыруды жүргізді: медулярлық пластинканың кесегін (одан нерв түтігі дамиды) тері дамитын эктодерма бөлігіне ауыстырды. Ал тері эктодермасының кесегін медулярлық пластинканың бөлігіне әкеп отырғызды. Осы көшірілген ұлпаларға оны қоршаған жасушалар көп ықпал етті. Сонда медулярлық пластинка орнына көшірілген эктодерма бөлігінен тері емес нерв түтігі дифференцияланды. Дәл солай эктодерманың басқа бөлігі оны қоршаған жасушалар тәрізді тері түзуге қатысты.
Геномдық және морфогенетикалық корреляциялар эргонтикалық (грек сөзі ergon - жұмыс) функционалдық корреляциялармен бірге тегістеуге ұшырайды. Бұл корреляция барысында енді құрылған құрылымдар арасында функционалдық бағыныштылық орнайды. Мысалы, нерв орталықтарының дұрыс дамуы перифериялық органдардың дамуына, сол сияқты қаңқа бұлшық еттерінің дамуы қаңқа сүйегінің құрылымына тікелей әсер етеді. Ағзаның дұрыс дамуында эргонтикалық корреляция маңызды роль атқарады.
Координация. Координация - тарихи даму барысындағы мүшелердің өзгеруі. Координацияның негізгі үш түрі бар: топографиялық, динамикалық және биологиялық (И.И.Шмальгаузен).
Топографиялық координация - ортақ қызмет атқармайтын, бірақ филогенез процесі барысында өзара ауысатын мүшелердің кеңістіктік байланыстары.
Динамикалық координация - филогенез процесі барысында функциональды байланысқан мүшелер мен мүшелер жүйесінің өзгерісі. Эволюция барысында мұндай дамуды мысалы рецепторлар мен нерв жүйесі орталықтарының арасындағы байланыстар арасында байқауға болады.
Биологиялық координация - өзара корреляциялармен байланыспаған мүшелердегі эволюциялық өзгерістер. Мысалы, жыландардың денесінің ұзаруы, олардың еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ал киттәрізділердегі түкті жабындының редукциясы тері астындағы май қабатының дамуына әкеп соқтырады (ол судағы терморегуляцияны қамтамасыз етеді). Биологиялық координациялар әр алуан және қоршаған орта жағдайларына байланысты олардың бірі жойылып жатса, екіншілері қайтадан пайда бола бастайды.
Координация мен корреляция бір - бірімен өте тығыз байланысты, яғни соңғысы алдыңғысының негізі ретінде қызмет етеді. Корреляция жеке даму барысындағы түр түзілуінің морфофизиологиялық өзара бағыныштылығымен байланысты болса, координация түрдің тарихи дамуы ретінде қалыптасады. Корреляция жүйесінің эволюциясы тарихи даму барысындағы особьтердің тұтастығының күшеюіне әкеп соқтырады.Корреляция жүйесінің эволюциясы тарихи даму барысындағы особьтердің тұтастығының күшеюіне әкеп соқтырады.

5.Онтогенез эмбрионизациясы

Эволюция процесінде эмбриондық дамудың бұрынғы жолының жеке органдарда ғана ьәр түрлі ауытқу болып қоймайды, бүкіл организмде ауытқу болады. Көбіне дамудың ақырғы фазаларын бастапқы фазалар немесе аралық фазалар ығыстырып шығып, онтогенез уақытынан бұрын аяқталып қалғандай болады. Осының нәтижесінде түсіп қалған ересек фазалық міндетін оның алдындағы фазалардың біреуі атқарады. Осындай үзіліп қалған онтогенез неотения делінеді. Неотениялар жануарларда да, өсімдіктерде де болады.
Жануарларда неотения нәтижесінде личинкалық даму дәуірінің өзінде - ақ балиғатқа толып өсіп - өну қабілет пайда болады (мысалы, жалпақ құрттарда, шаян тәрізділерде, насекомдарда, сондай - ақ кейбір қосмекенділерде). өсімдіктерде неотения эволюциялық ірі жаңа түзіліске әкеп соғуы мүмкін. Мысалы, балықоты тұқымдасында (Lemnaseae).
А.Л.Тахтаджян айтқанындай, бұл кішкентай ғана су өсімдігінің құрылысының қарапайымдылығы соншалықты, мұның гүлді өсімдіктерден гөрі балдырларға ұқсастығы мол. Солай бола тұра, бұлардың Areceae тұқымдасымен туыстық байланысы бар екендігі ертеден - ақ белгілі болады: балықоты қатардың соңғы буыны, қатардың астында ароидылар (Aroideae), аралығында - Pestioidea, мұның монотипті жалғыз - ақ Pistia туысы бар.
Pistia тропикте кеңінен таралан, су бетінде қалқып жүретін кішкене өсімдік. Ересек күйінде ол балықотына мүлдем ұқсамайды: онда айқын көріністі негізгі вегетативтік органдары - сабағы, жапырағы және тамыры болады. Сонымен бірге, тұқымдарының құрылысы мен таралу әдісінде, сондай - ақ жас ұрық қалпында балықотымен екеуіне ортақ көп белгілер байқалады. Салыстырмалы морфологиялық зерттеулер балықотының вегетативтік денесіндегі қалташықтар деп аталатын жерінен жоғары орналасқан дистальдық бөлімі жапырақ тектес, ал қалташықтарында түзілетін бүршіктер Pistia - ның бүйір өркендеріне сәйкестенеді. Бірақ, сонымен бірге Pistia - ның сабағында бүйір өркендерімен қатар топтанған дегелек жапырақтар болады, ал балықотының вегетативтік денесінің осінде екі бүйір бүршігімен редукцияланған жалғыз жапырағы болады. Сөйтіп балықоты қалыпты вегетативтік органдары бар Pestioidea өсімдіктерінен шыққанын морфологиялық мәліметтер толық дәлелдеп отыр. Сонымен бірге, бұл мәліметтер балықоты Pistia - ның ересек түрінен емес , оның ұрығынан шыққанын дәлелдеді, яғни олардың эволюциясы неотения жолымен жүрді.
Фетализация (латынша fetus - ұрық, тұқым) - жеке мүшелердің немесе мүшелер жүйесінің онтогенез қарқынының баяулауымен және соның нәтижесінде ересек организмдерде эмбриональдық қалпының белгілерінің сақталып қалуымен байланысты қарастырылатын организмнің эволюциялық өзгерістерінің әдісі. Мысалы, қосмекенділердің, балықтардың қаңқасындағы эмбриональдық қаңқа ұлпасының сақталып қалуы, адамның бас сүйегіндегі ми сауытының жақ бөлімінен басым болуы. К. Лоренцтің болжауы бойынша дәл осы мінез - құлық фетализациясы үй жануарларының ата - тегіндегі сақталып қалған мінез - құлығының арқасында, адам оларды қолға үйретуге мүмкіндік алғанын түсіндіреді.
Фетализациямен қатар кейбір топтарда адультизация құбылысы байқалады. Адультизация (латынша adultus - ересек) - онтогенездің ерте кезеңіндегі дефинитивті ерекшеліктердің пайда болуы.
Сонымен, онтогенез эволюциясының маңызды нәтижелерінің бірі - эмбрионизацияның күшеюі. Бұл үлкен қорғанысқа және көбею процесінің интенсификациясына дамудың бірқалыптылығына негіз болды. бірақ бұдан да үлкен тұрақтылықты даму процесі онтогенез автономизациясы барысында алады.

6. Эволюциялық онтогенездің негізгі бағыты - автономизация

Эволюциялық онтогенез процесі барысында әр түрлі реттеуші механизмдердің және жалпы онтогенетикалық дамудың тұрақтылығының күшеюі жүреді. Жеке даму барысында сыртқы ортаның физика - химиялық факторларының біртіндеп қысқаруы байқалады. Факторлардың ішіндегі дамуды детермелеуші және әрдайым қайталанып отыратын факторлар қалыпты даму жағдайларына ауысады. Сыртқы ортаның кездейсоқ және қысқа уақыттық өзгерістерінің әсерінен ағза біртіндеп босайды және эволюция процесі барысында ол біршама автономды күйге өтеді, яғни оның дамуының сыртқы факторлары ішкі факторларымен ауыстырылады.
Жеке дамудағы тұрақтылықтың күшеюі оны сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды. Дамудың тұрақтылығының пайда болуына алып келетін сыртқы ортаның физика - химиялық факторларына детермелеуші мағынасының қысқару процесін эволюцияның жүру барысындағы онтогенез автономизациясы деп аталады (И.И. Шмальгаузен).
Температураның ұзақ ауытқуы барысындағы жылықанды жануарлардың қалыпты дамуында да онтогенез автономизациясы айқындалады. Өсімдіктердің дамуында да осындай біршама ұқсастықтар кездеседі.
Сыртқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Онтогенез және филогенез
Жасушалардың жіктелуі
Ұрық жапырақшаларының мүшелермен жүйелердің түзілуі
Онтогенездің генетикалық негіздері
Геннің әрекеті
Онтогенез сатылары
Өсімдіктер онтогенезін зертеуге жол ашқан шетелдік ғалымдар
Эволюциялық ілімнің негізгі міндеттері
Клетканың бөліну кезеңіндегі физиологиялық және биохимиялық өзгерістер
Жеке даму түсінігі және оның кезеңдері
Пәндер