ТЖ аймағында барлау



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім. ТЖ аймағында барлау
1. Бөліп жайғастыру және эвакуациялылауды қамтамасыз ету. Барлау.
2. ТЖ аймағын барлау
3. Өртті барлау
III. Қорытынды
IV. Қорытынды
Барлау Азаматтық қорғаныс күшінің іс-әрекеті мен шараларын қамтамсыз етудің маңызды түрі болып табылады. Ол жағдай туралы уақытында мәліметтер алу мақсатында төтенше жағдайлар мен қазіргі заманғы зақымдану құралдарынан қорғану жөнінен уақытында және негізделген шешім қабылдау және құтқару жұмытары мен басқа да шұғыл жұмытарды жүргізу үшін ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Барлауға қойылатын негізгі талаптар:толассыз, белсенділік,мақсаттылық,уақыттылық,уақытылы және алынатын,барлау жасалынатын мәліметтердің дұрыстығы болып табылады.
Барлаудың негізгі міндеттер:
Бейбіт уақытындағы күнделікті жағдайда – ауаның, судың және топырақтың,азық-түліктің,мал шаруашылығы өнімдерінің,өсімдіктердің және сыртқы орта объектілерінің радиоактвті,химиялық заттармен және бактериялық құралдармен зақымдануыны үздіксіз байқау және лабораториялық бақылау жүргізу; қалалар мен елді мкендерді санитарлық-гигиеналық және індет ауруларының жағдайын, малдардың бағылатын су ішетін жерлерін айқындап білу; ауада және егістік жерлерде ауылшаруашылығы өсімдіктерінің ауру қоздырушы ұрықтарын анықтау;
1. «Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттықөәдістемелік материалдар» (№1 (49) шығарылым, 2012)
2. ҚР ТЖ саласындағы заңдары
3. Ұйымдардағы ТЖ және АҚ бойынша сабақтарға арналған оқу құралы (Алматы-2012)
4. АҚ және ТЖ саласындағы басшы құрамның біліктілігін арттырудың Республикалық курстары тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы (Алматы-2011)
5. «Құтқарушы» оқу құралы (I кітап) (Алматы-2009)
6. «Құтқарушы» оқу құралы (II кітап) (Алматы-2009)
7. «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы» ҚР заңы, 05.07.1996.
8. ТЖ жүйесінде қолданылатын орысша-қазақша терминдер сөздігі. Алматы – 2004.
9. ТЖ және АҚ мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ҚР ТЖ жөніндегі агенттігі. Алматы қ., 2003. 124 бет.
10. ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы. 07.05.1997 ж.
11. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық. Алматы, 2000 ж.
АҚ қорғаныс ғимараттарын бейбіт және соғыс уақыттарында пайдалану жөніндегі нұсқаулық. Алматы, 2000 ж.

Жоспары

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім. ТЖ аймағында барлау
1. Бөліп жайғастыру және эвакуациялылауды қамтамасыз ету. Барлау.
2. ТЖ аймағын барлау
3. Өртті барлау
III. Қорытынды
IV. Қорытынды

Кіріспе

Барлау Азаматтық қорғаныс күшінің іс-әрекеті мен шараларын қамтамсыз етудің маңызды түрі болып табылады. Ол жағдай туралы уақытында мәліметтер алу мақсатында төтенше жағдайлар мен қазіргі заманғы зақымдану құралдарынан қорғану жөнінен уақытында және негізделген шешім қабылдау және құтқару жұмытары мен басқа да шұғыл жұмытарды жүргізу үшін ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Барлауға қойылатын негізгі талаптар:толассыз, белсенділік,мақсаттылық,уақыттылық, уақытылы және алынатын,барлау жасалынатын мәліметтердің дұрыстығы болып табылады.
Барлаудың негізгі міндеттер:
Бейбіт уақытындағы күнделікті жағдайда - ауаның, судың және топырақтың,азық-түліктің,мал шаруашылығы өнімдерінің,өсімдіктердің және сыртқы орта объектілерінің радиоактвті,химиялық заттармен және бактериялық құралдармен зақымдануыны үздіксіз байқау және лабораториялық бақылау жүргізу; қалалар мен елді мкендерді санитарлық-гигиеналық және індет ауруларының жағдайын, малдардың бағылатын су ішетін жерлерін айқындап білу; ауада және егістік жерлерде ауылшаруашылығы өсімдіктерінің ауру қоздырушы ұрықтарын анықтау; ішкі орта объектісінің радиоктивті,химиялықжәне бектериологиялық жоғары қауіпті зақымдану деңгейінің көздерін анықтау және оларға тұрақты бақылау жасауды жүзеге асыру,төтенше жағдай қатерін туғызатын белгілерін айқындау;
Бейбіт уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде-апат ошағының шекарасын және оның жайылу бағытын анықтау;тікелей қауіп төніп тұрған объектілер мен елді мекендерді анықтау;адам көп жиналатын жерлерді анықтау;құтқару жұмыстарын жүргізетін орындарға техниканың жақын келу жолдарын анықтау; үйлер мен ғимараттардың қирау жағдайын және ондағы зардап шегіп,жедел көмекті қажет ететіндердің барын анықтау; технологиялық желілер мен коммуналдық-техникалық жүйелердегі авариялардың орнын және ондағы қирау көлемін анықтау;жүргізгелі тұрған құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың көлемін олардың өндіріс шарттарын анықтау; техниканың,механикаландыру құралдарының мүмкіндіктерін анықтау және т.т.б;
Азаматтық қорғанысты бейбіт уақыттан соғыс уақытына ауыстыру кезінде-сыртқы орта объектілерінің зақымдануына үздіксіз байқау жүргізу және лабораториялық бақылай жүргізу; эвакуацияланған және бөліпжайғастырылыған халық пен Азаматтық қорғаныс күш топтарының орналасқан аудандарындағы эпидемиологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайды айқындау;жолдардың,жол құрылғыларының,халықты эвакуациялау және бөліп жайғастыру бағытындағы су жолдарының жағдайын және кіру мүмкіндігі бар ошақтарға Азаматтық қорғаныс күштерін енгізуді анықтау;
Жау шыпқыннан кейін-қазіргі заманғы зақымдану құралдарының қолданылған орнын,түрін,уақытын анықтау,жау шабуыл жасайтын аудандарды және олардың қирау дәрежесін анықтау;радиактивті,химиялық және бактериялық жұғуды табу; радиациа деңгейін,улы заттардың түрін және қоюлығын заттардың және бактериялық құралдардың түрлерін,жұғу аймағының шекарсын және уланған ауаның таралу бағытын анықтау;кедергі болатын объектілерді және жұқпалы аурулар аймақтарын іздеп табу; көп зақымданғандардың жиналатын орындарын анықтау болып табылады.

Негізгі бөлім. ТЖ аймағында барлау

1. Бөліп жайғастыру және эвакуациялылауды қамтамасыз ету. Барлау.
Барлау қозғалу маршруттары мен халықты бөліп жайғастыру эвакуациялау шараларын ұйымдасыпөткізу мақсатында ұйымдастырылады.
Барлаудың міндетті түрде төмендегідей түрлерімен:инженерлік,медициналық,р адиациалдық және химиялық,сондай-ақ қажет болған жағдайда барлаудың басқа да түрлерімен қамтамасыз ету.
Инженерлік барлау:
халықты бөліп жайғастыру мен эвакуациялауды жүзеге асыратын және инженерлік құрылыстары бар жолдар мен көпірлердің жағдайын анықтау;
Жүруі қиын жолдардың учаскелерін және колонна жолдары мен айналма жолдардың бағыттарын анықтау;
Халықты темір жол,су және автомобиль көліктеріне отырғызу, сондай-ақ түсіру пунктерін жабдықтау жөніндегі жұмыс көлемін анықтау;
Жасырынатын баспана жасауға жарайтын,терең қазылған,жартылай қазылған және жер асты құрылыстарының барын және олардың жағдайын анықтау;
Белгілі бір мерзімде су беретін су көздерінің жағдайын,қосымша суме жабдықтау су көздері анықтауды қамтамасыз етуі қажет.
Медициналық барлау:
халықты бөлінген және эвакуацияланған аудандардың;
Халықты тасу маршруттарының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын анықтауды қамтамасыз етуі қажет.
Радиациалық және химиялық барлау:
эвакуацияланғандарды орналастыру үшін арналған,жердің,үйлердің және ғимараттардың радиоактивті және химиялық зақымдану дәрежесін анықтау;
ажиациалық және химиялық жағдайға бақылау жасауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Радиоактивті және химиялық зақымдануды уақытында табу және оған бақылау жасау және халықты қорғау үшін шаралар қабылданады,оны бөлу мен эвакуациялық жиналу пунктерінде,отырғызу және түсіру пунктерінде, қозғалыс маршруттарында тұрақты радиациалық және химиялық бақылау ұйымдастырылады. Халықты жаяу тәртіппен эвакуациялау одан басқа, қозғалысты реттеу постары жүргізеді.
Бақылау мәліметтері басқаларға байланыс құралдары, олар болмаған жағдайда шабарман және белгі беретін құралдар арқылы беріледі.
Бөлу мен эвакуациялауды жүзеге асрыу кезінде барлау азаматтық қорғаныс жоспарында қаралғандай,толық көлемде жүргізіледі.
Эвакуциялау шараларын жүргізу кезінде барлауды жоспарлау мен ұйымдастыру жауапкершілігі эвакуациялау жән эвакоқабылдау комиссияларының төрағаларына, ЭЖП және ЭПҚ бастықтарына, эвакуциялау маршруттарының бастықтарына, жаяу және автомобиль колониаларының бастықиарына, барлау құрамаларының командирлеріне жүктеледі.

2. ТЖ аймағын барлау
Барлау ТЖ зардабын жою жұмыстарын жүргізуде, құтқарушылардың, зардап шеккендердің, халықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды кезең болып табылады.
Барлаудың міндеттері:
-ТЖ аймағы мен сипатын анықтау;
-зардап шеккендердің табылу орны мен олардың жағдайларын анықтау;
-радиоактивті, химиялық, биологиялық зақымдану дәрежелерін белгілеу;
-ТЖ аймағындағы нысаналардың (құрылыс, инженерлік қатынас жолдарын, байланыс желілерін, су көздерін) жағдайын бағалау;
-өрт шақтарын табу;
-жұмыс орнына кіру жолдарын және зардап шеккендер мен халықты өшіру жолдарын анықтау;
-ІҚЖ жүргізу жоспарын анықтау.
Барлау тәжірибелі құтқарушының қатысуымен жер бетінде, әуе, су, жер асты, су асты тәсілдерімен жүргізіледі. Барлау мәліметтері жұмыс басшысына беріледі және картаға немесе нысана жоспарына түсіріліп, бақылау журналына енгізіледі. Барлаушылар радиация деңгейіне аспаптық дозиметрикалық бақылау ұйымдастырады, химиялық және биологиялық жағдайды, ластанған аймақты анықтайды және белгілейді, қираған, су басқа бұзылған нысаналардың дәрежелерін анықтайды.
Жер бетіндегі барлау - барлаудың негізгі түрі болып табылады. Ол жаяу ұтқарушылардың 3-5 адамнан құралған тобымен жүргізіледі, сонымен қатар жер беті көлік құралдары мен арнайы аспаптарды қолданады. Барлаушылар көзбен шолып және бақылау аспаптарымен нысандардың жағдайы мен қоршаған табиғи ортаны барлап, анықтайды. Жер бетіндегі жердегі баспаналарды, жертөлелерді, жер асты ғимараттарын табу, олармен байоланыс орнату, кейбір жағдайларда - ауа кіретін саңылауларды тазалау, ақпараттар, азық-түлік, дәрі дәрмектер беру, радиация деңгейіне өлшеулер жүргіз, химиялық зақымдануды, ТЖ аймағындағы биологиялық жағдайларды, өрт жағдайын анықтау кіреді.
Радиологиялық барлау. Радиологиялық барлауды жүргізуге құтқарушылар арнайы аспаптарды қолданады (РР-5А, ДРГ-01Т, ДК-22В, МӨК-1, МДӨ-11 және т.б.) Радиация деңгейі 0,5 Рс және одан жоғары болса, жергілікті ждер радиоактивті зақымданған деп есептеледі. Жұмысты жаяу жүргізген кезде барлауды 30 Рс дегейіне дейін жеткізу және одан аспауы қажет. Машиналарда - 100 Рс дейін одан асырылмайды, арнайы техникада (танк, бронетранспортер) 200 Рс дейін, ұшақтарда немесе тік ұшақтарда 200 Рс жоғары. Құтқарушылардың радиоактивті зақымданған жерлерде қауіпсіз болған уақыты, радиоактивті сәулелену көлемі мен қорғану және қозғалу құралдарын қолданатын коэффицентінің есепке ала отырып, арнайы кестелермен есептеледі. Өлшеулер жолдың әр 50-100 м сайын өткізіледі, сонымен қатар құралдың датчигін жер деңгейінен (10-15 см) бір қашықтықта орналастыру керек. Зақымданған топырақ, су, құрылыс деңгейін дәл анықтау үшін барлаушылар оны кейін зақымданған аймақтан тыс жерлерде зерттеу үшін сынама алады. Сынама радиация деңгейі ең көп жерлерден алынуы керек. Алынған сынаманың әр өлшемі, нақты орны мен уақытының нәтижесі тіркеу журналына жазылады. Елді мекендерде радиологиялық барлау көшелер бойымен, қиылыстарды жағалай жүргізіледі кейбір жағдайларда барлау жеке құрылыстарда, үйлерде, жер төлелерде ұйымдастырылады.
Химиялық барлау қолда бар және жергілікті жердегі ауаның, су көздерінің, шаруашылық нысандардың химиялық зақымдану дәрежесін белгілейді. Ол химиялық барлауға әскери аспаптарды және шаруашылық нысандарында индикацияға қолданатын аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады (ХБӘА, ЖАХБА, ХБА-МВ, АГДБ-және т.б.). Зақымданған ошақтарда химиялық барлауды жүргізу кезінде ҚӘУЗ жолдарда 20-30 м кейін үйлерде 10-15 м кейін анықталады. Ауаның сынамасы ҚӘУЗ анықтау орындарында, бұл заттың сынамасы сұйық жағдайда - топыраққа төгілген немесе сіңген дерлерде алынады. Химиялық барлауды жүргізу кезінде ҚӘУЗ жиналуы мүмкін жерлерге (құдықтарға, шаталарға, жер төле ғимараттарына, шұңқырларға және т.б.) ерекше назар аударылады. Химиялық барлау елді мекендерде әсіресе көшелерді, қиылыстарды жағалай мұқият жүргізіледі. Барлаудың негізінде зақымдану картограммалары жасалады, сонымен бірге ол елді мекендердегі әр бір ғимараттарға, құрылыс және үй жанындағы телімдерге жасалады.
Инженерлік барлау қирау дәрежесі мен сипатын, коммуналдық-энергетикалық жүйенің, жолдардың, көпірлердің, өткелдердің жағдайларын, зардап шеккендердің табылу орындарын, іздестіру-құтқарутжәне авариялық - қалпына келтіру жұмыстары өткізілетінкөлемдер мен тәсілдері анықтау үшін өткізіледі.
Инженерлік барлау:
-әуеде - ұшатын аппараттарды қолданумен (ұшақтар, тікұшақтар) және ұшқыштары жоқ құралдармен (серіктер, әуе шарлары және т.б.);
-жер бетінде - арнайы барлау машиналарын, бронетранспортерлерді және әдеттегі көлік құралдарын қолданумен жүргізілуі мүмкін.
Инженерлік барлаудың көлемі мен сипаты табиғи жағдайлардың, ТЖ өту ерекшелігің, белгіленген жұмыстың түрі мен көлемінің жағдайына байланысты. Бұзылған және қираған ғимараттар мен имараттарды қарау кезінде олардың сыртын тексеріп шығады, сол арқылы қабырғаның жағдайы және ғимараттың саңлаулары анықталады: олардң бұдан әрі бұзылу қауіпінің барлығы мен жоқтығы тексеріледі. Сонымен қатар қираған имараттардың үйінділер сипаты, оларды айналып өту мүмкіндіктері, өту құрылысы және оларды жинау жұмыстарының көлемі белгіленеді.
Зақымданған құрылысқа қауіп төнуі аз жақтан жақындау керек, сонымен қатар деформацияның жалғасуы мен жақында қирау мүмкіндігін көрсететін өзгеше шу, сыбдыр және сатыр-сұтыр дыбыстардың жоқ екендігіне тыңдап көз жеткізу қажет.
Ғимараттың жеке бөліктерін тексеру кезінде:
-тас құрылысын тексеру кезінде - қабырғаның ауытқып кетуіне, қабырғалардың жарылуына, қабырғалар мен төбелердің арасындағы байланысқа;
-темір бетон құрылысын тексеру кезінде - бетонның және арматураның жағдайына, жарықшаққа және деформацияға, тіреуіштің толықтай ішке кіруіне, арқаға, жиналу құрылымына;
-металдан салынған құрылысты тексеру кезінде - элементтің майысуына және жарылуына, дәнекерленген бұрыш пен тірек бөлшектерінің қосылған жеріне;
-ағаштан салынған құрылысты тексеру кезінде - элементтердің сынуына, қабаттасатын жерінің зақымдануына, қағылған темірлердің сақталуына, құрылыс төбелерінің ісініп-иіліп төмен түсіп кетуіне және бағантіректердің жағдайына ерекше көңіл аудару керек.
Нысананың және кіре беріс жолдардың ішін барлау кезінде, сондай-ақ бөлімшелердің зақымданған ошаққа жылжу жолдарындағы жүргінші бөлімдері мен жер төсемдері, жүк көтерілімдігі (егер ол алдын ала белгісіз болса) мен көпір жағдайлары; көлік құралдарының жолда қатарласа жылжу мүмкіндігі анықталып тексеріледі. Қажет болған жағдайла өткел жабдықтары (өткелде, мұзда) сонымен қатар жекелеген қираған жол телімдерін айналып өту құрылғысы мен жасанды имарат мүмкіндігі қосымша тексеріледі.
Қираған нысаналарды инженерлік барлау кезінде тексеруге барлық ашық кәрізді-су ағатын жүйелер, сонымен қатар жол үстіндегі беті топырақпен жабылған инженерлік жүйе де тексеріледі; бұл үшін барлық тексерілетін құдықтар, соның ішінде топырақпен жасырылған қақпақтар да ашылады.
Өрт барлауы ТЖ аймағындағы өрттің жағдайдың анықтау мен табу үшін жүргізіледі. Өрттің ауданы мен көлемі анықталғаннан кейін құрылымдардың құтқару жұмыстарын жүргізу орнына жылжуын қамтамасыз ету үшін жүру жолдары мен өртті жоюға ең қолайлы жолдар анықталады.

Медициналық барлау ТЖ аймағындағы санитарлық-індеттік жағдайд анықтау үшін ұйымдастырылады. Оның жүргізілуіне медициналық құрылым, бөлімшелер, мекемелер және арнайы медициналық барлау топтары тартылады. Медициналық барлау:
-зақымданған ошақ аумағын;
-биологиялық құралдарға индикация жүргізеді;
-зақымданғандардың саны мен жағдайын анықтайды;
-зақымданғандарды емдеу мекемесіне және медициналық құрылымды барлау орындарына көшіру алдында, оларды орналастыратын орындарды анықтайды;
-жұмыстың көлемі мен оларды жүргізуге қажетті тартылатын күшпен құралдардың санын анықтайды.
Биологиялық барлау жергілікті жердің, ауаның, судың, азық-түліктердің зақымдануын анықтау үшін, зақымданған шекараны анықтау, зақымдану әсеріне душар болған адамдарды тауып алу, асалатын жұмыстың көлемі мен сипатын анықтау үшін жүргізіледі. Ол ауадан, топырақтан, өсімдіктерден, әртүрлі заттар мен нұсқалардың үстінгі беттерін шайып өтулерден, зерттеу үшін іріктеп алынған жәндіктер мен кеміргіштерден сынама алу жолы арқылы жүзеге асырылады.
Мал дәрігерлік барлау жануарлар мен өсімдіктердің зақымдану дәрежесін, оларды көшіру жолдары мен емдеу тәсілдерін анықтау үшін жүргізіледі. Барлауды жүргізу кезінде құқарушылар аспаптық әдістерді, сондай-ақ сынама және жағынды алу әдісін қолданады. Сынама жабылатын ыдыста немесе қапшықта сақталуы керек, онда сынаманың алынған орны мен уақыты көрсетіледі. Топырақтың сынамасы келесі тәсілдер арқылы алынады:
-10х15 см мөлшері лейкопластардың жабысқақ жағын жерге қаратып салады, газетпен немесе қағазбен жауып аяқтың табанымен нығарлап басады, содан кейін жерге жабыстырылған лейкопластарды алып банкіге салады;
-қалыңдығы 0,5 см көлемі 150-200 см квадрат жердің үстіңгі қабатын алып, оны банкіге салады.
Жағындыны алу үшін таяқшаларға ескірген мата немесе дәке оралған тығындар қолданылады. Тығындының диаметрі - 25-30 мм, ұзындығы - 40-50 мм. Жағындылар зерттелетін беті 10х15 см мөлшерімен тығынды батырып жүргізу жолымен алынады. Жағынды алынғаннан кейін ол банкіге немесе қапшыққа салынады.
Азықтар мен жем шөптерді тексеру үшін құтқарушылар салмағы 150-200 г сынамаларды алып қояды,соның ішінде:
-сусымалы азық-түліктер(ұн,жарма,тұз,қант) оларды қаптарда сақтау кезінде қапқа тиіп тұрған қабаттан қалақпен алады. Егер бұл азық-түліктер төгіліп сақталса,онда олардың жоғарғы қабаттарынан 1 см қалыңдықта бірнеше жерден сынама алынады;
-ыдыста сақталған печеньелерден,кампиттерден,көкөніст ерден,жемістрден,концентраттардан,ж оғарғы қабатынан әртүрлі орындардан алынады;
-етті,балықты,шұжықты,сары майды,ірімшікті,қатты майларды пышақпен 0,5 см қалыңдықта азықтың қабатын кесіп алады;
-төгіліп сақталған жаңа піскен көкністерді,жемістерді,әртүрлі орындардан 5-6 данадан алады;
-піскен нанды бүтіндей бөлкемен алып қояды;
-өсімдік майын барлық сұйықтықты араластырғаннан кейін алады;
-пішен сынамасын маяның немесе теңнің үстіңгі қабатынан әртүрлі орындардан алады;
-судың сынамасын үстіңгі қабаты мен түбінен алады. Үстіңгі қабаттан алынған суды таза ыдыспен алып 0,5 л банкіге немесе шөлмекке құйыптығынмен жабады. Суды түбінен алу келесі тәсілмен жүзеге асады. Шөлмектің түбіне салмағы 1 кг кем емес тас байлап,шөлмектің аузын тығынмен жауып, тығынға бау байлап қояды,шөлмекті судың түбіне арқанның көмегімен түсіреді,содан кейін баудан тартып тығынды ашады суға толған шөлмекті судан шығарып тығынмен аузын жабады.
Сынаманың сараптамасы зақымданған аймақтан тыс өткізілуі қажет. Бұл ол жердегі бар сәулеленудің қосымша әсерінен қашу үшін жасалынады. Тексерілетін зақыданған азық-түліктер негізі қатты 150 см алаңда,мөлшері 10х15см шаршыға жинастырылады. Осыдан кейін радиометрмен өлшенеді. Сұйық өнімдер ұшы резеңкеден жасалған алдын ала қорғаған зонд аспабын сиымдылыққа салу арқылы тексеріледі. Ондағы сұйықтық деңгейі 15 см кем болмауы керек. Сараптамадан алынған нәтиже тіркеу журналына енгізіледі жәнежұмыс жетекшісіне баяндалады.
ТЖ аймағындағы зақымдану сипатын және деңгейін белгілеу үшін барлаушылар бірнеше әдістерді қолданады:
-алмалы-салмалы карточкалары бар ақпарат енгізілетін арнайы қалқанша арнатады;
-стационарды қалқаншалар орнатады;
-ақпаратты қабырға,а,құрылысқа,дуалға,ағаш бағаналарға, жол белгілеріне қағып қояды.
Ақпаратты қолайлы,дақсы көрінетін жерлерде ашық түсті бояумен көрнекті етіп қою қажет. Мөлшері шекті қалыптан артық қауіпті және зиянды заттардың табылуы кезінде міндетті түрде белгілер қойылады. Түнгі уақытта белгілер мен көрсеткіштер қандай да бір тәсіл қолданылса да, жарық болып тұру керек.
Іздестіру құқару жұмыстары барлаумен бірге бір мезгілде де,ол аяқталғаннан кейін де жүргізіле береді. Оның әрі қарай дамуын бақылап тұру үшін ТЖ жойылмайынша барлауды тоқтатпау қажет.
Әуе барлауы, суда немесе судың астында болған ТЖ туралы нақты мәліметтерді алу және анықтау мақсатында ұйымдастырылады. Бұл мақсаттар үшін қайықтар,кемелер,су асты аппараттары, сүңгуірлер қолданылады. Су барлауының басты міндетіне:
-ТЖ сипатын бағалауға және зерттеу;
-зардап шеккендерді іздестіру және оларға көмек көрсету;
-Жоғалып кеткен немесе суға батып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықаралық ынтымақтастық
Үйінділер жағдайындағы іздестіру - құтқару жұмыстары
Дыбысты дабыл
ТЖ кезіндегі құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Химиялық қауіпті заттар
Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
Техногендік сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары
Су басқан аумақтағы адамдарды шұғыл іздеу ұйымдары
Азаматтық қорғаныстың жалпы сипаттамасы
Қатты жел жағдайында өртті сөндіру ерекшеліктері
Пәндер