Өртке қарсы қызметтің гарнизондық қызметі



Кіріспе
1 бөлім. Гарнизондық қызмет
1.1. Гарнизондық қызметті ұйымдастыру және атқару
1.2. Газ.түтінен қорғау қызметінің бастығын басшы
2 бөлім. Қарауылдық қызмет
2.1. Гарнизондық және қарауылдық қызметті тексеру
2.2. Ішкі наряд
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Курстық зерттеу жұмысының өзектілігі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметі - өртке қарсы қызметтің жауынгерлік дайындығын және соған байланысты жүргізілетін бірінші кезекті апаттық-құтқару, гарнизондық және қарауыл қызметі түрінде іске асырылатын басқа шұғыл жұмыстарды (бұдан әрi- өрт сөндіру) қамтамасыз ету әрекеті;
Жауынгерлiк дайындық - гарнизондардың, бөлiмшелерiнiң, қарауылдарының, өртке қарсы қызметінің кезекшi ауысымдарының, өртке қарсы құрамаларының күштер мен құралдарының осы Жарғымен жүктелген міндеттерді ойдағыдай орындалуын қамтамасыз ету жағдайы;
Өртке қарсы гарнизоны (бұдан әрi - гарнизон) - облыс, қала, аудан шекараларында орналасқан Министрліктің облыстардағы, Алматы және Астана қалаларындағы Төтенше жағдайлар департаменттерінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемелер бөлімшелері (бұдан әрі – мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері), мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтері, басқару органдары, оқу және ғылыми-зерттеу мекемелері облыстық, қалалық және аудандық (ауылдық жерлерде) өртке қарсы қызметi гарнизонын құрайды;
Гарнизондық қызмет – гарнизондарда өртке қарсы бөлiмдердiң (бұдан әрi - бөлім) жауынгерлiк дайындығын және олардың медициналық, қоғамдық тәртiп күзетi, апаттық және басқа да тіршілік қамтамасыз ететін қызметтермен (бұдан әрі – тіршілік қамтамасыз ету қызметтері) әрекет етуiн қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет органдарының түрі;
Қарауыл қызметi - бөлiм қарауылы және кезекшi ауысымның күштері мен құралдарының жауынгерлiк дайындығын қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет органдарының түрi;
1. «Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттықөәдістемелік материалдар» (№1 (49) шығарылым, 2012)
2. ҚР ТЖ саласындағы заңдары
3. Ұйымдардағы ТЖ және АҚ бойынша сабақтарға арналған оқу құралы (Алматы-2012)
4. «Құтқарушы» оқу құралы (I кітап) (Алматы-2009)
5. «Құтқарушы» оқу құралы (II кітап) (Алматы-2009)
6. «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы» ҚР заңы, 05.07.1996.
7. ТЖ жүйесінде қолданылатын орысша-қазақша терминдер сөздігі. Алматы – 2004.
8. ТЖ және АҚ мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ҚР ТЖ жөніндегі агенттігі. Алматы қ., 2003. 124 бет.
9. ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы. 07.05.1997 ж.
10. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық. Алматы, 2000 ж.
11. АҚ қорғаныс ғимараттарын бейбіт және соғыс уақыттарында пайдалану жөніндегі нұсқаулық. Алматы, 2000 ж.

Жоспары

Кіріспе
1 бөлім. Гарнизондық қызмет
1.1. Гарнизондық қызметті ұйымдастыру және атқару
1.2. Газ-түтінен қорғау қызметінің бастығын басшы
2 бөлім. Қарауылдық қызмет
2.1. Гарнизондық және қарауылдық қызметті тексеру
2.2. Ішкі наряд
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 бөлім. Гарнизондық қызмет
1.1. Гарнизондық қызметті ұйымдастыру және атқару ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2. Газ-түтінен қорғау қызметінің бастығын басшы ... ... ... ... ... ... ... .. ...16
2 бөлім. Қарауылдық қызмет
2.1. Гарнизондық және қарауылдық қызметті тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2. Ішкі наряд ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 0
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Курстық зерттеу жұмысының өзектілігі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметі - өртке қарсы қызметтің жауынгерлік дайындығын және соған байланысты жүргізілетін бірінші кезекті апаттық-құтқару, гарнизондық және қарауыл қызметі түрінде іске асырылатын басқа шұғыл жұмыстарды (бұдан әрi- өрт сөндіру) қамтамасыз ету әрекеті;
Жауынгерлiк дайындық - гарнизондардың, бөлiмшелерiнiң, қарауылдарының, өртке қарсы қызметінің кезекшi ауысымдарының, өртке қарсы құрамаларының күштер мен құралдарының осы Жарғымен жүктелген міндеттерді ойдағыдай орындалуын қамтамасыз ету жағдайы;
Өртке қарсы гарнизоны (бұдан әрi - гарнизон) - облыс, қала, аудан шекараларында орналасқан Министрліктің облыстардағы, Алматы және Астана қалаларындағы Төтенше жағдайлар департаменттерінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемелер бөлімшелері (бұдан әрі - мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері), мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтері, басқару органдары, оқу және ғылыми-зерттеу мекемелері облыстық, қалалық және аудандық (ауылдық жерлерде) өртке қарсы қызметi гарнизонын құрайды;
Гарнизондық қызмет - гарнизондарда өртке қарсы бөлiмдердiң (бұдан әрi - бөлім) жауынгерлiк дайындығын және олардың медициналық, қоғамдық тәртiп күзетi, апаттық және басқа да тіршілік қамтамасыз ететін қызметтермен (бұдан әрі - тіршілік қамтамасыз ету қызметтері) әрекет етуiн қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет органдарының түрі;
Қарауыл қызметi - бөлiм қарауылы және кезекшi ауысымның күштері мен құралдарының жауынгерлiк дайындығын қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет органдарының түрi;
Өртке қарсы қызмет - белгiленген тәртiппен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада), облыстық маңызы бар қалаларда, аудандарда құрылған, сондай-ақ өрттiң алдын алу мен оны сөндiрудi ұйымдастыруға, олармен байланысты бiрiншi кезектегi апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзуге арналған мемлекеттік емес өртке қарсы құрылымдардың жиынтығы;
Өртке қарсы қызметтің күштер мен құралдары (бұдан әрi - күштер мен құралдар) - қаруланудағы өртке қарсы қызмет органдарының жеке құрамы, өрт сөндіру техникасы, басқару және байланыс құралдары, өрт сөндiргiш заттар мен басқа да техникалық құралдар;
Қарауыл - жауынгерлiк кезекшілікте бөлiмнiң өрт техникасын пайдаланып, қарауыл қызметiн iске асыратын жеке құрам;
Кезекшілік ауысымы - мамандандырылған бөлімшенің өрт сөндіру және басқа да арнайы техникасын қолданатын жауынгерлік кезекшілік барысында қарауылдық қызметті атқаратын сол бөлімшенің жеке құрамы;
Жауынгерлiк кезекшiлiк - қарауылдың жеке құрамының немесе ауысымды кезекшiлiктiң үздiксiз қызмет атқару кезеңi, олардың өрт сөндiруге қатысуын қоса алғанда;
Шығу кестесi - заңнамаға және осы Жарғыға сәйкес қала немесе елдi мекендерде гарнизонның күштерi мен құралдарын өрт сөндіруге жұмылдыру;
Күштер мен құралдарды қатыстыру жоспары - ауыл аумағында өрт сөндiруге гарнизонның күштері мен құралдарын жұмылдыру тәртiбiн белгілейтін шығу кестесі;
Бөлiмнiң шығу ауданы (бұдан әрi - шығу ауданы) - шығу кестесiнде бөлiмнiң бiрiншi кезектегi өрт сөндіру бағыты көрсетілген аймақ;
Өрттiң нөмiрi (рангi) - шығу кестесiнде өрт сөндiруге жұмылдыратын гарнизонның күштер мен құралдарының құрамы көрсетілген өрт күрделігінің шартты белгісі;
Қазіргі кезде жедел жағдай - бөлiмнiң шығу ауданындағы мәселені анықтауға және оның орындалу түріне әсер ететін жағдайлардың және шарттардың жиынтығы және өрттердi сөндiруге байланысты бiрiншi кезектегi апатық-құтқару және жедел жұмыстар - адамдарды, мүлiктердi, жеке меншiктi құтқарудағы және көшiрудегi, өрттерде зардап шеккендерге алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетудегi өртке қарсы қызметiнiң жауынгерлiк iс-әрекетi болып табылады. Студенттердің оқу ынтасына, өзіндік мүмкінділігіне, психикалық өрісіне және әлеуметтік мәртебесіне сай көп салалы бағытта құрылып, мына талаптарға жауап береді. Сабақтың негізгі міндеті студенттерді өртке қарсы қызметтің гарнизондық қызметін меңгерту. Осыған орай біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын Өртке қарсы қызметтің гарнизондық қызметі деп таңдап алдық.
Курстық зерттеу жұмысының мақсаты Өртке қарсы қызметтің гарнизондық қызметі тақырыбын студенттерге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға төтенше жағдай - адамдардың опат болуына, олардың денсаулығына зиян келуіне, қоршаған ортаға және шаруашылық объектiлеріне едәуiр материалдық шығын келтiруге және халықтың өмiрлiк деңгейiнiң бұзылуына ықпал ететiн немесе соған апарып соқтыратын апаттың, зілзаланың нәтижесінде пайда болған белгiлi бір аймақтағы жағдай екендігін түсіндіріп таныстыру, сонымен бірге ойлау түйсігін кеңейтуге, сабақты толық меңгеруге үлкен септігін тигізетініне көз жеткізу.
Жұмыстың міндеттері: осы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысы (бұдан әрi - Жарғы) қызметтi ұйымдастыру және атқару тәртiбiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрi - Министрлік) мемлекеттік өртке қарсы қызметі жеке құрамының жалпы мiндеттерiн айқындау және оның тәрбиелік, білімдік деңгейлерін ашу мен нұсқаулар жасау.
Зерттеу жұмысының объектісі: Өртке қарсы қызметтің гарнизондық қызметі тақырыбын өрт сөндіру бөлімдерінде өтілу процесі.
Зерттеу жұмысының пәні: Гарнизон бөлімдерінің гарнизондық және қарауылдық қызметтерді атқарудан бос жеке құрамын ірі өрттерді сөндіруге және төтеншежағдай зардаптарын жоюға қатыстыру бойынша іс-шараларды дайындауьжәне өмірлік маңызы бар қызметтермен бірлесіп қимыл жасау бойынша келісімдер (нұсқаулар) жасау және бекіту.
Зерттеу жұмыстың жаңашылдығы: Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады. Осы заң Қазақстан Республикасы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

1 бөлім. Гарнизондық қызмет
1.1. Гарнизондық қызметтi ұйымдастыру және атқару
Гарнизондар Қазақстан Республикасы облыстарының, Астана және Алматы қалаларының аумағында (аумақтық), қала және ауылдық аудандарда (жергiлiктi) құрылады.
Қала және ауылдық гарнизондар Қазақстан Республикасының облыстық гарнизондарының тиісті құрамына кiредi.
Өртке қарсы қызметтің аумақтық гарнизонының және оның құрамына кіретін барлық жергілікті гарнизондардың шекаралары жергілікті атқарушы органмен келісіледі және Министрліктің тиісті аумақтық органның бастығымен бекітіледі.
Гарнизондық қызметтiң негiзгi мақсаттары:
- гарнизонның күштер мен құралдарын өрт сөндiруге тиiмдi пайдалану үшiн қажетті жағдай жасау;
- гарнизонның күштерi мен құралдарын басқарудың біртұтас жүйесін құру;
- өмiрлiк маңызы бар қызметтермен өзара әрекеттерді ұйымдастыру;
- бүкiл гарнизондық iс-шараларды ұйымдастыру және жүргiзу болып табылады.
Гарнизондық қызметтiң мақсатын орындау үшiн:
- гарнизонның күштер мен құралдарының жай-күйін бақылау және есепке алу;
- гарнизонның күштер мен құралдарын өрт сөндiру үшiн қолданылуын, оның iшiнде күштер мен құралдарды жұмылдыру тәртiбiн жоспарлау, шығу кестесi және басқа да өрт сөндiру қызметiн анықтайтын құжаттарды дайындау;
- жеке құрамның, оның ішінде гарнизонның лауазымды тұлғаларының, кәсіптік және басқа да әр түрлі дайындығын гарнизондық өрт-тактикалық жаттығулар, жарыстар, жиындар және басқа да гарнизондық iс-шаралар жүргiзу арқылы қамтамасыз ету;
- өрт байланысын ұйымдастыру, өртке қарсы қызметiн басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру;
- шақыруды қабылдау және тiркеу жүйесiнiң, сонымен қатар өрт сөндiру қызметiнің ақпараттық қамсыздандыру жүйелерiнiң жұмысын қамтамасыз ету;
- гарнизон бөлiмдерiнiң гарнизондық және қарауылдық қызметтердi атқарудан бос жеке құрамын ірі өрттерді сөндіруге және төтенше жағдай зардаптарын жоюға қатыстыру бойынша iс-шараларды дайындау;
- өмiрлiк маңызы бар қызметтермен бiрлесiп қимыл жасау бойынша келiсiмдер (нұсқаулар) жасау және бекiту;
Гарнизондық қызметтiң мақсатын орындауға қажетті басқа да iс-шараларды iске асыру керек.
Гарнизондық қызметтi қамтамасыз ету мен жетілдіруді реттеу мақсатында осы Жарғыға 4-қосымшаға сәйкес гарнизон бастығы бекіткен гарнизондық iс-шаралар жоспары жасалады.
Өртке қарсы қызметтің көршілес гарнизондарының аумағында өрт сөндіру жөнінде өзара көмек көрсету тәртібі өрт қауіпсіздігі саласындағы өкілетті органмен, Министрліктің Өртке қарсы қызмет комитетімен (бұдан әрі - Комитет) бекітілген, бірлескен күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарымен анықталады.
Басқа мемлекеттердiң өртке қарсы қызметiнiң күштер мен құралдарын қатыстыру мемлекетаралық келiсiм негiзiнде iске асырылады.
Өртке қарсы қызмет гарнизонына кіретін күштер мен құралдарды пайдалану тәртібі гарнизонның бастығымен әзірленіп, тиісті жергілікті атқарушы органмен бекітілетін және тиісті аумақтық орган басқармасы бастығының бұйрығымен жарияланатын өрт сөндіру бөлімдерінің шығу кестесі осы Жарғыға 5-қосымшаға сәйкес, ал ауылды мекен аудандарында - күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарымен (кестесімен) осы Жарғыға 6-қосымшаға сәйкес анықталады. Гарнизонда автоматтандырылған басқару жүйесі болғанда шығу кестесінің электронды нұсқасы да қолданылады (күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспары).
Шығу кестесіне оқу орындары және Министрліктің басқа бөлімшелері де қосыла алады.
Оқу орындарының жеке құрамы оқу жоспарында көрсетілген уақытқа байланысты гарнизон бөлiмдерiнде қарауыл қызметiн атқаруға қатыстырылады.
Оқу орындарының жаттықтыру өрт сөндіру бөлімдері гарнизондық қызмет атқарады. Оларда қарауыл қызметi ұйымдастырылады.
Министрліктің аумақтық органдарының, мемлекеттік өрт сөндіру мекемелерінің, өрт сөдіру-техникалық оқу орындарының басшылары басқармаға бағынышты органдар мен бөлімшілірінде осы Жарғы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Гарнизонның лауазымды тұлғаларына:
- гарнизон бастығы;
- гарнизон бастығының орынбасары;
- жедел кезекшi;
- гарнизон аға диспетчерi, диспетчерi;
- газ түтiннен қорғау қызметiнiң бастығы;
- техника қызметiнiң бастығы;
- байланыс қызметiнiң бастығы жатады.
Гарнизонның лауазымды тұлғалары өздерiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына, берiлген құқықтардың дұрыс және толық пайдалануына, белгiленген құпия тәртiптi сақтауға, өртке қарсы қызметтiң мүлiктерiнiң сақталуына жауап бередi.
Осы Жарғыда көрсетілген гарнизонның лауазымды тұлғаларының мiндеттерi олардың негiзгi қызмет орынында орындайтын функционалдық мiндеттерiне енгiзiледi.
Гарнизон бастығы - Министрліктің аумақтық органының бастығы гарнизондық және қарауылдық қызметті ұйымдастыру мәселері бойынша басшылық етеді.
Гарнизон бастығы:
- гарнизондық қызметтi ұйымдастыруға және бақылауға;
- қызмет атқарудың, дайындық пен өрт сөндiрудiң озық тәжiрибелерiн енгiзуге;
- гарнизондық қызметтi атқару кезiнде еңбектi қорғау, техникалық және өрт қауiпсiздiгi ережелерінің орындалуын қамтамасыз етуге және қадағалауға;
- ӨҚҚОЖЖ талаптарына және туындаған жағдайға сәйкес өртке, апатқа және зілзалалар болған жерге шығуға;
- өрт сөндiрудi басқаруға;
- сумен жабдықтаудағы, байланыстағы, жедел бөлiмдердiң өмiрлік маңызды жүйелеріндегі кемшiлiктердi жою, сондай-ақ гарнизон аумағында өрт техникаларының өту мүмкiндiктерiн қамтамасыз етуге ұсыныс енгiзуге міндетті.
Гарнизон бастығы:
- белгiленген тәртiп бойынша гарнизондық және қарауыл қызметтерiн ұйымдастыру туралы шешiм қабылдауға, соның iшiнде гарнизон шекарасын, шығу кестесiн белгiлеуге, күштер мен құралдарды жұмылдыру тәртібін анықтауға және шығу кестесін бекітуге ұсынуға;
- белгiленген тәртiп бойынша гарнизон қызметiнiң тапсырмаларын орындауға қажетті мәлiметтер мен жедел ақпараттарды сұратуға және алуға;
- гарнизон бөлiмдерiнiң жауынгерлiк дайындығын тексеруге;
- ірі өрт кезiнде, күрделi жедел өрт жағдайларында немесе айрықша жағдай туындағанда мемлекеттік өрт сөндіру бөлiмшелерiнiң қайта орналасуын жүзеге асыруға;
- өрттi сөндiрудiң штаттан тыс штаб құрамын және оларды өрт сөндiруге қатыстыру тәртiбiн, сондай-ақ гарнизон бойынша жедел кезекшiлiктiң кестесiн бекiтуге;
- гарнизондағы лауазымды тұлғалардың өзара келiспеушiлiгiн шешуге;
- белгiленген тәртiп бойынша ерекше көзге түскен қызметкерлердi Мемлекеттік марапаттауға және құрметтi атаққа ұсынуға,
- белгіленген тәртіп бойынша өртке қарсы қызмет гарнизонының қызметтерін анықтайтын құжаттарды бекітуге.
Мемлекеттік өрт сөндіру мекемелерінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерімен, министрлік пен ведомстволардың авариялық және арнайы қызметтермен өрт сөндіруге дайындық жөнінде өзара әрекеттестік нұсқаулар мен келісімдер әзірлейді.
Гарнизон бастығының орынбасары - өрт сөндіру мемлекеттік мекемесінің жетекшісіне гарнизонның барлық өрт бөлімдері және лауазымды тұлғалары бағынады.
Гарнизон бастығының орынбасары:
- гарнизонда өрт-тактикалық дайындықты ұйымдастыруға;
- осы Жарғыға 7-қосымшаға сәйкес айқындама құжаттардың жүргізілуін ұйымдастыруға;
- МӨҚҚОЖЖ талаптарына және туындаған жағдайға сәйкес өртке, апатқа және зілзалалар болған жерге шығуға;
- өрт болған жерге гарнизон бастығы келгенге дейін өрт сөндіруге басшылық жасауға;
- сумен жабдықтаудағы, байланыстағы, жедел бөлiмдердiң өмiрлік маңызды жүйелеріндегі кемшiлiктердi жою, сондай-ақ гарнизон аумағында өрт техникаларының өту мүмкiндiктерiн қамтамасыз етуге ұсыныс енгiзуге міндетті.
Гарнизон бастығының орынбасары:
- белгіленген тәртіп бойынша гарнизонның лауазымды тұлғаларын тағайындау бойынша шешім қабылдауға, сонымен бірге олардың қызметтері бақылауды жүзеге асыруға;
- белгіленген тәртіп бойынша өрт сөндіру мемлекеттік мекемесі филиалының бөлімшелері мен гарнизонның лауазымды тұлғаларына міндетті түрде орындау үшін бұйрықтар беруге, сондай-ақ ол бұйрықтардың орындалуын талап етуге;
- белгіленген тәртіп бойынша гарнизондық қызмет тапсырмаларын орындауға қажетті жедел ақпараттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
- ірі өрт кезiнде, күрделi жедел өрт жағдайларында немесе айрықша жағдай туындағанда мемлекеттік өрот сөндіру мекемелері бөлiмшелерінің қайта орналасуын жүзеге асыруға;
- белгіленген тәртіп бойынша гарнизондағы өрт сөндіру техникасы есебіне бөлімшенің әскери есебіндегі өрт сөндіру техникалары құрамын өзгертуге;
- өрт-тактикалық сабақтарын, байқаулар, жарыстар мен басқа да бүкіл гарнизондық іс-шараларң өткізілуін ұйымдастыруға;
- гарнизондағы өрт сөндіру техникаларын пайдалану мазмұны мен дұрыстығын бақылауға және қамтамасызетуге;
- гарнизондағы лауазымды тұлғалардың өзара келiспеушiлiгiн шешуге;
- өз құзіреті шегінде гарнизон бөлімшелерінің жеке құрамын жауапкершілікке тартуға және ынталандыруға құқылы.
Гарнизонның жедел кезекшiсi мемлекеттік өрт сөндіру мекемесі жетекшісіне бағынады.
Жедел кезекшi:
- гарнизондағы шұғыл жағдайларды бiлуге, қызмет атқару кезiнде анықталған кемшiлiктердi жоюға, шараларын қолдануға, оның iшiнде оқиға болған жерге шығуға;
- осы Жарғы талаптарына сәйкес гарнизондық және қарауыл қызметiнiң атқарылуын бақылауды қымтамасыз етуге;
- гарнизондық iс-шаралардың дайындығын қамтамасыз етуге және оларды өткізуге жеке басымен қатысуға;
- өрт-тактикалық сабақтарды және жаттығуларды ұйымдастыруға және өткiзуге, кәсiби және басқа дайындық түрлерi бойынша сабақтардың ұйымдастырылуын және өткізілуін бақылауға;
- қызмет атқарудың, дайындықтың және өрт сөндiрудiң озық тәжiрибелерiн пысықтауға;
- өмiрлiк маңызы бар қызметтермен бiрiгiп қимыл жасауға;
- өрт сөндіру автокөлiктерi мен басқа да мобильдi, оның ішінде бөлімге өрт сөндіруден келген техникаларды жауынгерлiк есепке дер кезiнде қоюды қамтамасыз ету, өрт сөндіру техникасының жауынгерлік есептен алынуын қарастыруға және дұрыс шешiм қабылдауға;
- гарнизонның регламенттiк құжаттарын әзірлеуді ұйымдастыруға және өзiдігінше дайындауға;
- ӨҚҚОЖЖ талаптарына сәйкес өрт сөндіруге, апат және зілзала орындарына шығу және орын алған жағдайға қарай өрт сөндiруді басқаруға немесе бірінші кезектегі апаттық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге қатысушы қарауыл жұмысына басшылық жасауға;
- газ-түтінен қорғау қызметі бөлімшелері мен звенолары жеке құрамының демалуға қолайсыз ортада жұмыс істеу дайындығын, тыныс алу және көру органдарын жеке қорғану құралдарының (бұдан әрі - ТОЖҚҚ) техникалық жағдайын, газтүтінен қорғау қызметі бақылау бекеттері мен базаларының жабдықтары мен қамтылуын бақылауға;
- өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде уақиғалар болған жағдайда, уақиға орнына дереу жетіп, қажетті шаралар қолданып ол туралы гарнизон бастығының орынбасарына хабарлауға міндетті.
Жедел кезекшi:
- белгіленген тәртіп бойынша бөлiмдерде қарауыл қызметiнiң атқарылуын, кәсіптік және басқа дайындық сабақтарының өтiлуiн тексеруге;
- гарнизондағы шұғыл жағдайлар жөнiнде қажетті ақпараттарды сұратып алуға, қызметтi ұйымдастыру, дайындық және өрт сөндіру, сұрақтары бойынша басқаратын және де басқа құжаттармен танысуға;
- жауынгерлiк кезекшiлiк кезiнде бөлiм басшыларына (қарауыл бастығына) және гарнизонның лауазымды тұлғаларына өз құзіреті шегінде, гарнизондық және қарауыл қызметiнiң сұрақтары бойынша, оның iшiнде мобильдi өрт сөндіру техникаларының уақытша орын ауыстыруы туралы, соңынан гарнизон бастығына баяндай отырып, орындалуы міндетті өкім беруге;
- кейінге қалдыруды күттiрмейтiн жағдайларда қатардағы және басшы құрамын жауынгерлiк кезекшiлiктi атқарудан дереу босатуға және осы туралы гарнизон бастығына немесе оның мiндетiн атқарушыға бiрден баяндауға;
- белгіленген тәртіп бойынша өртке қарсы қызметiнiң басқару органдары мен бөлiмдерiнiң бастықтарына жеке құрамды мадақтау және шара қолдану туралы ұсыныс беруге құқылы.
101 телефон байланысы бойынша өрт және басқа төтенше жағдайлар туралы хабарларды қабылдайтын және шақырған жерге өрт бөлімдерінің шығуын, олардың өрт орнындағы және төтенше жағдайды жою барысындағы байланыс пен жұмысын қамтамасыз ететін, ОӨББ кезекші ауысымының аға лауазымды тұлғасы гарнизон диспетчері болып табылады, ал ОӨББ болмаған жағдайда өрт сөндіру мемлекеттік мекемесі филиалы бөлімінің кезекші диспетчері (радиотелефонист) болады.
Гарнизон диспетчерi жедел қатынас бойынша жедел кезекшiге, ал техникалық байланыс құралын күту, пайдалану бойынша - байланыс қызметiнiң бастығына бағынады.
Гарнизон диспетчерi:
- гарнизондағы жедел өрт сөндіру жағдайларын, өрт сөндіру бөлімдерінің шығу ауданын, ірі көлемді өрттерді сөндіру орталықтарын, шұғыл өрт сөндіруге шақырту хабарламасы бойынша аса маңызды объектілерді, сусыз аудандарды (учаскелер), қарауылдың техникалық мүмкіншіліктері мен техникалық жабдықтары, өрт сөндіргіш заттардың орналасқан негізі қорын, сондай-ақ өрт сөндіру қызметі гарнизоны бөлімшелерінің орнын білуге;
- гарнизондағы ақпарат аппараттары мен жазуға қажетті байланыс құралдарының жұмысы мен оларды пайдалану тәртібін бақылауға;
- 101 телефон байланысы арқылы мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері бөлімшелерін шақырулар туралы хабарламаларды қабылдауға;
- шығу кестесіне сәйкес шақырылған жерге гарнизонның күштер мен құралдарын жiберуге;
- белгіленген тәртіп бойынша гарнизон бөлiмi қарауылдарының, бөлiмшелерiнің орын ауысуын қамтамасыз етуге;
- осы Жарғыға 8-қосымшаға сәйкес гарнизонның күштері мен құралдары туралы мәлiметтерді жинақтауға;
- гарнизон бөлiмдерiмен және өмiрлiк маңызы бар қызметтермен байланыстың болуын тексеруге;
- белгiленген тәртiп бойынша гарнизонның лауазымды тұлғаларына бөлiмiнiң шығуын және олардың жұмыс орынындағы жағдайын баяндауға;
- жедел кезекшiге, сондай-ақ гарнизон бөлімдеріне жедел жағдайдың өзгергені туралы түскен мәлiметтi жеткізуге;
- жедел кезекшiнiң және мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері бөлімшелерінің басқа лауазымды тұлғаларынан түскен ақпараттар мен жедел кезекішінің өкiмдерiн гарнизон бөлiмдерiне жеткiзуге, сондай-ақ осы Жарғыға 7, 9-қосымшаларға сәйкес регламенттiк құжаттарды жүргiзуге міндетті.
Гарнизон диспетчерi:
- гарнизон бөлiмдерiнде күштер мен құралдардың болуы және олардың жағдайы туралы ақпаратты сұрауға;
- өртке қарсы қызметi бөлiмдерiндегi күштер мен құралдар, өрт сөндіруге қатысу салдарынан, шығу ауданында жетiспеген жағдайда қарауылдың сабаққа, өрт-тактикалық тапсырмаларды шешуге тыйым салуға;
- гарнизонның лауазымды тұлғаларынан гарнизондағы жедел жағдайды қиындататын, анықталған кемшiлiктердi жоюды талап етуге;
- гарнизон бөлiмдерi арасындағы радио алмасудың дұрыс жүргiзiлуiн қадағалауға құқылы.

1.2. Газ-түтінен қорғау қызметінің (бұдан әрі - ГТҚҚ) бастығын басшы құрамнан жақсы дайындалған, оттектi оқшаулауыш газқағармен немесе ауасы сығымдалған тыныс алу аппаратында жұмыс iстеуге рұқсаты бар тұлғалар арасынан мемлекеттік өрт сөндіру мекемесі бастығының бұйрығымен тағайындайды.
ГТҚҚ бастығы:
- газ-түтiннен қорғау қызметiне басшылық жасауға, оның қызметiн бақылауға және талдауға, оны жетiлдiру жөнiндегi iс- шараларды көрсете отырып, шолулар мен ақпараттар дайындауға;
- мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері бөлімшелері мен газ-түтiннен қорғаушылардың ТОЖҚҚ жұмыс iстеуге даярлық деңгейiн бiлуге;
- ГТҚҚ күштерi мен құралдарының есебiн жүргiзуге;
- ГТҚҚ базалары мен бақылау бекеттерiнiң сенiмдi жұмысын, оқу-жаттығу кешенінің (түтiн және жылу-түтiн камерларын) тұрақты даярлығын, ТОЖҚҚ-ны дұрыс пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді, қамтамасыз етуге;
- бөлімшелерге ГТҚҚ ұйымдастыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өртке қарсы қызметтің күштері
Өртке қарсы қызмет құралдары
Өртке қарсы қызметті ұйымдастыру және атқару
Тәуліктік наряд адамдардың құқықтары мен міндеттері және жалпы ережелері
Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметі тағайындалуының оқыту әдістемесі
«ҚР ҚК-нің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері»
Қазақстан Республикасының қарулы күштері
Қарауыл міндеттері
Гарнизондық нарядтың міндеттері және құқығы, қарауылдық қызметтің ұйымдастырылуы
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Бастапқы әскери дайындық пәнінің оқу-материалдық базасы және материалдық қамтамсыз етілуі»
Пәндер