Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу
Кіріспе
1 бөлім. Іздестіру.құтқару жұмыстарын жүргізу
1.1. Іздестіру.құтқару жұмыстарының жүргізу әдістері
1.2. Құралдар және сигнализация дабылдары
1.3. Тауда жылжу
1.4. Түйіндер
2 бөлім. Халықтың дауыл, қарлы боран, қар басу кезіндегі іс.әрекеті
2.2. Халықтың дауыл, қарлы боран, қар басу кезіндегі іс.әрекеті
2.3. Халықтың су тасқыны мен су басу кезіндегі іс.әрекеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қатпарлы және қатпарлы-кесекті жерлер қыртысынан тұратын таулар кең аумақты алып жатыр (барлық жер бетінің 12%). Олар теңіз деңгейінен бірнеше мыңдаған метрге дейін бектікке және өз шектерінде биіктіктерін кенеттен өзгертіп отыруымен сипатталады. Тау климаты аса суықтығымен ерекшеленеді. Оларға 1 тәулік ішінде ондаған градусқа дейін температураның күрт түсуі ара-райының лезде өзгеруі тән. Әдетте температура әрбір 100 метр сайын шамамен 0,5-0,7 С биіктігінен сайын төмендейді. Тәуліктің күндізгі уақытында тауларда таулы-алқап деп аталатын, етектен тау басына қарай қуалай соғатын жел үздіксіз соғады. Түнде суық ауа массасы тау баурайларымен төмен қарай жылжиды. Температураның күрт өзгеруіне күн радиациясы әсер етеді. Бұл қардың еруін тездетіп көшкіннің жүруіне итермелейді. Таудың таза ауасы күн сәулесін еш кедергісіз өткізеді. Сондықтан күн сәулесі спектрының күлгін және ультракүлгін бөлігі жазықтарға қарағанда тауларда едәуір қарқынды. Температураның күрт өзгеруі белсенді атмосфералық процесстерді тудырады. Жылыған ауа су ауамен араласу арқылы күшті найзағай бұлтының түзілуіне және айтарлықтай көлемдегі жауын шашынның болуына алып келеді. Үнемі ауысып тұратын температура мен дымқылдық тауды бұзады және олар жайлап опырылып, көшкін, тас құлаулар түрінде төмен қарай сырқиды.
1. «Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттықөәдістемелік материалдар» (№1 (49) шығарылым, 2012)
2. ҚР ТЖ саласындағы заңдары
3. Ұйымдардағы ТЖ және АҚ бойынша сабақтарға арналған оқу құралы (Алматы-2012)
4. АҚ және ТЖ саласындағы басшы құрамның біліктілігін арттырудың Республикалық курстары тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы (Алматы-2011)
5. «Құтқарушы» оқу құралы (I кітап) (Алматы-2009)
6. «Құтқарушы» оқу құралы (II кітап) (Алматы-2009)
7. «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы» ҚР заңы, 05.07.1996.
8. ТЖ жүйесінде қолданылатын орысша-қазақша терминдер сөздігі. Алматы – 2004.
9. ТЖ және АҚ мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ҚР ТЖ жөніндегі агенттігі. Алматы қ., 2003. 124 бет.
10. ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы. 07.05.1997 ж.
11. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық. Алматы, 2000 ж.
АҚ қорғаныс ғимараттарын бейбіт және соғыс уақыттарында пайдалану жөніндегі нұсқаулық. Алматы, 2000 ж.

Пән: ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности), Защита труда
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:
Жоспары
Кіріспе
1 бөлім. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу
1.1. Іздестіру-құтқару жұмыстарының жүргізу әдістері
1.2. Құралдар және сигнализация дабылдары
1.3. Тауда жылжу
1.4. Түйіндер
2 бөлім. Халықтың дауыл, қарлы боран, қар басу кезіндегі іс-әрекеті
2.2. Халықтың дауыл, қарлы боран, қар басу кезіндегі іс-әрекеті
2.3. Халықтың су тасқыны мен су басу кезіндегі іс-әрекеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.1. Іздестіру-құтқару жұмыстарының жүргізу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Құралдар және сигнализация дабылдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Тауда жылжу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.4. Түйіндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2.2. Халықтың дауыл, қарлы боран, қар басу кезіндегі іс-әрекеті ... ... ... ... ...17
2.3. Халықтың су тасқыны мен су басу кезіндегі іс-әрекеті ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қатпарлы және қатпарлы-кесекті жерлер қыртысынан тұратын таулар кең аумақты алып жатыр (барлық жер бетінің 12%). Олар теңіз деңгейінен бірнеше мыңдаған метрге дейін бектікке және өз шектерінде биіктіктерін кенеттен өзгертіп отыруымен сипатталады. Тау климаты аса суықтығымен ерекшеленеді. Оларға 1 тәулік ішінде ондаған градусқа дейін температураның күрт түсуі ара-райының лезде өзгеруі тән. Әдетте температура әрбір 100 метр сайын шамамен 0,5-0,7 С биіктігінен сайын төмендейді. Тәуліктің күндізгі уақытында тауларда таулы-алқап деп аталатын, етектен тау басына қарай қуалай соғатын жел үздіксіз соғады. Түнде суық ауа массасы тау баурайларымен төмен қарай жылжиды. Температураның күрт өзгеруіне күн радиациясы әсер етеді. Бұл қардың еруін тездетіп көшкіннің жүруіне итермелейді. Таудың таза ауасы күн сәулесін еш кедергісіз өткізеді. Сондықтан күн сәулесі спектрының күлгін және ультракүлгін бөлігі жазықтарға қарағанда тауларда едәуір қарқынды. Температураның күрт өзгеруі белсенді атмосфералық процесстерді тудырады. Жылыған ауа су ауамен араласу арқылы күшті найзағай бұлтының түзілуіне және айтарлықтай көлемдегі жауын шашынның болуына алып келеді. Үнемі ауысып тұратын температура мен дымқылдық тауды бұзады және олар жайлап опырылып, көшкін, тас құлаулар түрінде төмен қарай сырқиды. Биіктік көтерілген сайын атмосфералық қысым төмендейді да ауада оттектің парциальді қысымы азаяды. 5500 метр биіктіктегі атмосфералық қысым теңіз деңгейінен екі есе аз. Адам өмірі үшін таулар ерекше қауіпті табиғи ландшафтардың бірі болып саналады. Таудағы қауіптілік екі топқа бөлінеді: объективтік, таудың өзінің табиғатымен байланысты және субъективті, негізінде адамның даралы қасиеті жатады. Таудағы табиғи қауіптілікке таудың бет-бедері, суық, қатты жел, тұман, қарлы-мұз жабулар, көшкіндер, тас құлаулар, жартастар, қарлы күнқағарлар, мұздар, құздар, тау өлдері, тау қуыстары, тау ернеулері жатады.
Таудағы жеке қауіп-қатерлерге қауіпті білмеу, жағдайды қате бағалау, дайындық деңгейінің жеткіліксіздігі, зорығу, қате қозғалыстар, қауіптілікті елімеу, жабдықтар мен саймандардың болмауы немесе дұрыс қолданбау, өзінің мүмкіндіктерін асыра көрсету, келіспей әрекет етушілік. Тауда қауіптің көбі спорт түрімен айналысатын яғни тосқауылдарды игеретін адамдарға төңеді, өйткені олардың басты мақсаты кедергіні жеңу болып табылады, ал туәекел-әрекетке түрткі болатын басты себептің бірі. Адамдардың бұл санатына альпинисттер, тау туристтері, спелелогтар, таушаңғышылары, тау көлдері бойынша жүзу құралдарымен жүретін саяхатшылар (байдаркалар, салдар, үрлемелі қайықтар) жатады. Ұйымдастырылмаған және дайндалмаған турист топтарына үлкен қауіп-қатер төнеді. Соынмен қатар тауда әртүрлі жұмыс істеп жүрген адамдар да: геологтар, карта сызушылар, құтқарушылар, туристтік базалар мен альпинисттер лагеріне қызмет көрсетіп жүрген қызметкерлер құрамы, сонымен қатар тауда үнемі немесе уақытша тұратын адамдар (жергеілікті тұрғындары, демалушылар және т.б.) қауіпті жағдайда тап болуы мүмкін таудағы адамдардың қауіпсіздігін жоғарлату үшін өткізілетін барлық шараларға қарамастан таулы жерлерде болатын ТЖ саны, жоғарғы деңгейде тұрақты қалып отыр.
Таудағы ТЖ негізі болып: үсіп қалу (қатып қалу), құздан, мұзшыңдардан, беткейлерден құлау, кешкінге, тас құлауларына, опырылымдарға, тау көлдеріне, жартастарға түсу, өз бетінше қозғалу мүмкіндігі болмау, бағыттан ауытқып кету метеорологиялық факторлардың әсері, арқандарға іленіп қалу, адамдардың тау үңгірлерінде қалып қалуы, тау шаңғы жолындағы жарақаттар, арқанды-кресло жолдарындағы авариялар, техникалардың (автомобильдер, ұшақтар, тік ұшақтар) құлауы. Таудың өзінен тән өзгеше ерекшеліктері ІҚЖ қатысып жүрген құтқарушыларға жоғары талап қояды. Олар: - тауды және мұндай жағдайда жұмыстың ерекшелігін білуге, жоғары біліктілте боліға, биік тау жағдайындағы жұмысқа бейім болуға, тауға арналған және тау құтқару жабдықтарының пайдалана білуге іздеу әдістерін жетік меңгеруге және зардап шеккендерге көмек көрсету тәсілдерін білуге; - жақсы физикалық дайндықта болуға, аса төзімді де сабырлы және жұмысқа қабілетті болуға, жүйке жүйесі мықты және байсалды, салмақты болуға, рекцияның жеткілікті дәрежедегі жылдамдығына; - жағдайдың, қауіп-қатердің дәрежесін дұрыс бағалай білуге тау жағы дайында аман қалуға; - парыз бен жауапкершілік сезімін сезіне білу міндетті.
Тауда ІҚЖ ұйымдастырумен жүргізудің басты қағидаты дара басшылық қиғидаты болып табылады. Ол жұмыстың жүруіне жауап беретін команда жетекшісінің бұйрығын бұлжытпай орындауға негізделген. Құтқару жасағының құрамы және оның жетекшісі біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі ескеріліп алынады. ІҚЖ қаншалықты күрделі де қауіпті болса, жетекшілер мен құтқарушылардың біліктілігі де соншалықты жоғары болуы керек.
Жабдықтар мен саймандар нақты жағдайға байланысты таңдалады. ІҚЖ сәтті болуы қтқарушылардың материалдық-техникалармен жабдықталуына тікелей байланысты. Байланыс құралдары өзінің ұйғарылған қызметіне барынша сәйкес келетіндей болып таңдалуы тиіс. Алыс қашықтықта байланысты қамтамасыз ету үшін стационарлы радиостанцияларды, алткелей жұмыс орнындағы байланысты жүргізу үшін тасымалданатын радиостанцияаларды қолданылады. Радиотәртіпті эфирде ұстау үшін барлық келіс сөздер қысқа, айқын және анық болу керек. Құтқарушылардың жабдықтануына жарық және дабылдың дыбыстық құралдары-ракеталар, фонарлар, дабылдар, ысқырықтар кіру қажет. Қажетті ақпаратты алуға, (жол туралы анықтама, метеорогиялық мәліметтер мен болжам алу және т.б.) өкіметтің жергілікті органдарының әкімшілік көмегі, басқа ұйымдрмен өзара әрекеттесу мәселелеріне ІҚЖ көлікпен (өздерінің көліктері болмаған кезде) қамтамасыз ету жатады. Таудағы ІҚЖ-на туристтер, тау шаңғышылары, спелеогтар, әскери қызметкерлер, және жергілікті тұрғындар араласуы мүмкін. Әдетте оларға арнайы керек-жарақпен қамтамасыз ету мен физикалық дайындықты талап етпейтін болмашы міндеттер жүктеледі.
1 бөлім. Іздестіру-құтқару жұмыстарының жүргізу әдістері

Іздестіру-құтқару жұмыстары іздеу жұмыстарынан басталады, ол қандайды бір таулы жерде жүргізілмей қалса, міндетті түрде жақын арада жүзеге асырылуы қажет. Зардап шеккендер тез табылса, адам өлімі де аз болады. Қажетті мәліметтерді жинағаннан кейін, топтың немесе адамдардың жиналуы мүмкін (жоғалған) жерлерді анықтау, іздейтін ауданның шекарасын белгілеу, іздеуді бастау керек.
Ол бір уақытта бірнеше әдіспен:
- егер метеожағдай мен аудандардың қашықтығы мұны жасауға мүмкіндік берсе, ауамен;
- жер бетіндегі іздеу топтарымен;
- іздеу ауданындағы жергілікті халықтан, өкімет органдарынан және басқа да ұйымдардан жоғалған топ туралы қосымша мәліметтер жинау тәсілімен жүдеге асуы мүмкін.
Іздеу операцияларында тік ұшақты қолданған ерекше тиімді, ол:
- жоғалған топты немесе адамдарды табу үшін қажетті уақытты қысқартады;
- іздеу тобының мүшелерін азайтады;
- аз уақыт ішінде үлкен аумақ алаңын тексеріп шығады.
Іздеу жұмыстары кезінде, ереже бойынша, екі нұсқа қолданылады:
- бағытпен іздеу, соның ішінде, запас нұсқа бойынша;
- бағытты белгісіз, екі ұшты іздеу.
Егер топтар белгілі, ал қозғалыс бағыты беймалім болса, онда іздеуді маршруттың соңы нүктесінен, яғни топтың қозғалысы алдынан бастайды. Көңіл аударатын әрбір заттың жанына тік ұшақ төмен түсіп жақын келеді немесе аз уақытқа қонады. Жерден берілетін, дауылды еске түсіретін табиғи құбылыстар (түтін, күн шұғылалары, жердің бетіндегі символдық бейнелер және т.б.) мұқият зерттеледі және тексеріледі. Ұшу кезінде маршрут бағыты бойынша жергілікті жердің екі жағы да қаралады. Оң және сол жақ бортта отырған бақылаушылар, көзге көп салмақ түсетіндіктен мезгіл-мезгіл орындарын ауыстырып отырулары керек. Тау шыңдары спираль бойынша төмендеп және жоғарғылайтын тік ұшақпен қаралады. Қарауды таудың шыңынан немесе тау етегінен бастайды.
Жоғалған топтардың (адамның) іздерін толық анықтау үшін, қозғалыс маршрутына тік ұшақ борттының бірнеше құтқарушылар түсірулуі мүмкін. Метеожағдай нашарлаған жағдайда, құтқару жасағының мүшесі автономды тіршілікке дайын болулары керек және өздерімен аз да болса күнкөріске жарайтын құралдары болуы қажет.
Егер маршрутта толық анықтау дұрыс нәтиже бермесе, онда жоғалған топтың бағыттан ауытқып кетуі мүмкін барлық жолдар мен жерлер қаралады. Сонымен қатар, іздеуде үлкен аумақты алу үшін бақылаушылар мен әуе кемелерінің көп мөлшері жұмылдырылады. Жердегі құтқару жасақтарының іздеу жұмыстарының ереже бойынша, іздестіру жұмыстарымен ұйымдасқан түрде бір мезгілде жүргізіледі. Әртүрлі себепетермен жерде әуеде іздестіруге қарағанда, ерте басталуы мүмкін.
Егер жағдай мүмкіндік берсе, онда құтқару жасақтары көлік құралдарының көмегімен маршруттың әртүрлі нүктесіне жеткізіледі және әрбір жасақ өзіне тапсырылған бөлікте іздеуді мұқият бастайды. Отрядқа немесе іздеуші топқа қозғалыс бағыты белгіленіп беріледі, бердегі төбелерді, өзен бойларын және т.б. қарау үшін аутқылары мүмкін. Іздестіру кеткен күннің саны және автономды тіршілік үшін қажетті жүктің мөлшері жергілікті беделін ескере отырып анықаталады. Жердегі іздеу топтары алдын ала өткізілген саралау қортындысы боцынша жоғалған топ немесе адам болуы мүмкін маршрут учаскелерін немесе аудандарын тексереді.
Жердегі құтқару жасқатарын жабдықталуы оларға жүктелген нақты тапсырмаға, іздеу тобының құрамына, ауданның физика-географиялық негізіне, жылдың уақытына, маршруттың қиындығына, метеорологиялық және басқа да өзгеше жағдайларға байланысты.
Жердегі құтқару жасағы базалық лагермен жердегі бюасқа да іздеу топтарымен және әуе іздестіру мекелерімен байланыста болулары керек. Бұл үшін байланыс құралдары мен дабыл құралдары қолданылады.
Дабыл құралдары:
- құтқарушылардың тұрған жерін анықтауға;
- көңіл бөлуге;
- қажетті ақпаратты беруге мүмкіндік береді.

Төменде көрсетілген дабылдар халықаралақ деп есептеледі және құитқарушылар оларды өз елінде қалай қолданса, сырт елдерде де солай қолдана алады.
Кез-келген дыбыстармен немесе жарық құралдарымен берілетін дабылдар:
Көмек қажет ететін - 1 минут ішінде бірқалыпты дабыл 3 рет беріледі, содан кейін минуттық үзіліс, қайтадан 3 рет дабыл беріледі т.б.
Ысқырық және электр фонарының көмегімен берілетін дабылдар:
Дабыл - 3 минутқа жалғасатын қысқа дабыл;
Дабылды тоқтату - 3 қысқа дабыл, содан кейін - қысқа үзіліс, қайтадан 3 дабыл және солай 3 минутқа жалғасады;
- Жәрдем керек - ІҚЖ жүргізу кезінде осы дабыл Сигнал дабылы секілді, бірақ оны жауап алғанға дейін береді;
- Иә - екі созылмалы дабыл, содан кейін қысқаүзіліс және дабыл қайтадан екі рет созылады;
- Жоқ - екі қысқа дабыл, содан кейін қысқа үзіліс және қайтадан екі қысқа дабыл;
- Тұрған жерді көрсететін -жалғаспалы үзік-үзік дабыл;
Сиренамен берілетін дабыл:
Дабыл - 1 минут ішінде үндестігін өзгертетін уілдеп ұли шыққан дабыл;
Дабылды тоқтату - 1 минут ішінде бір үндестікте үзіліссіз шыққан дабыл;
Тұрған жерді көрсететін - уақыты шектеусіз бір үндестікте үзіліссіз шыққан дабыл;
Қоңыраумен берілетін дабыл:
-Дабыл - 1 минту ішінде қоңыраудың тек үздіксіз соғылуы;
-Дабылды тоқтату - қоңырау тез-тез соғылатын үш қысқа дабыл, содан кейін қысқа үзіліс және 1 минутқа жалғасатын үш қысқа дабыл;
-Тұрған жерді көрсететін - қоңырауды жайлап соғу түріндегі созылмалы дабыл.
Ракеталармен берілетін дабыл:
-Жәрдем керек - зілзала дабылы қандай да бір ракетаның түсімен байланысты болмауы керек;
-Көмек бара жатыр -ақ және қызы түстегі ракетаны ретімен ату;
-Дабылды тоқтату - жасыл ракета;
-Жәрдем керек - қызыл ракета;
-Тұрған жерді көрсететін - ақ ракета.
Кез-келген ракета, оны жіберу себебі белгісіз болғанда, зілзала дабылы деп есептелу керек.
Ракетаны жіберер алдында оның түсін тексеру қажет. Ол металл пластинкаға тігілетін гильзаны тығындайтын оқ тығыны болып табылады. Түстен бөлек пластинкаға ракетаның түсін анықтау үшін нүкте-дөңестер қашалады. Бір нүкте қызыл түске, екеуі-жасыл түсе, үшеуі-ақ түске сәйкес келеді. Ракеталар бейбіт уақытта тауда тек ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылуы қажет. Оларды ату ракетницадан (белгі беретін тапанша) немесе арнайы құрылғыдан жүзеге асырылды.
1.3. Тауда жылжу
Құтқару жасағы кем дегенде 3-4 адамнан тұратын екі топқа бөлінген жағдайда әрбір топта:
- далалық жағдайда автономды тіршілік қажетті жабдықтар;
- тиісуге болмайтын қор (ТБҚ) (жалпы азықтың мөлшері 15-20%);
- байланыс пен дабыл беру құралдары;
- базалық лагерге қайтудың бақылау мерзімі, іздеу маршруты, жергілікті жердің картасы болу керек.
Іздестіруді жүргізу кезінде құтқарушыларға әр түрлі тау-тастармен жүруге тура келеді. Ұзақ-сонар өтпе жолдардан және жергілікті жердің қиын учаскелерінен өту кезінде күшті сақтау және қауіп-қатердің төмендету үшін дем алу және жылжу тәртібін қадағалап отыру керек. Ұзаққа созылған салмақты-күш түскен кезде басты фактор - бір қаліпті дем алу. Өрге көтерілгенде дем ырғағы қадамның жиілігімен сәйкес келеді (мысалы, сол аяқ- демді ішкі тарту, оң аяқ - демді шығару). Бір циклде дем алу адамнан аз болуы мүмкін (ауа сұйылғанада, омбы карда із тереңдеп түскенде). Жүріс және дем алу кезінде бір қалыптылық күшті сақтауға мүмкіндік береді. Салмақ түсу жалғасуы кезінде организмге артық күш түсірмеу үшін мұрынмен дем алу керек. Құтқарушылардың таулы аймақта қозғалу жылдымдығы мен тәсілдері олардың кәсіби дайындық деңгейіне, жабдықталуына, тасымалданалатын жүктің массасына, жергілікті жердің ойлышұңқырлығына, ондағы жамылғы ерекшеліктеріне (тас, қар, топырақ, мұз және т.б.), метеорогиялық және басқа да жағдайда байланысты таңдалады.
Құтқарушылар қарлы баураймен жылжу кезінде қорғаныс көзілдірігін дауылда киетін костюмдер, қолғаптар, биік тауға киетін табанына темір қар қылған бәтеңкелер, жұмсақ қарға рефленді табаны бар бәтеңкелерді киеді.
Жұмсақ қармен жылжу кезінде бәтеңке табанның қардың үстімен созады, бұл табанның көлемін ұлғайтады. Жұмсақ қарлы беткеймен жылжу барысында өкеші салмақ түсірмей біртіндеп басады, қатты соққысыз жайлап басу арқылы басқыш - соқпақтар жасайды, оларды бұзып алмауға тырысады. Басқыш-соқапақтағы сіре қарды бәтеңке тұмсығымен ұрады, ал аяқ киім сіре қарда жақсы тұрады. Басқыш-соқпаққа мұз қатып қалса, бәтеңке тұмсығымен ұрып түсіреді және сіре қар астыгндағы қарды таптайды.
Денені тік қалыпта ұстау қадағаланады, ол баспалдақтың қирауына жол бермейді; сонымен қатар беткейге жабысуға болмайды, алдыда келе жатқан құтқарушының артынан ізімен жүріп отыру керек және құтқарушыны мезгіл-мезгіл ауыстырып отыру қажет.
Қауіпті көшкін аймақтарында қарлы мұз қатқақтарға тиіп кетпеу үшін және көшкін жүріп кетуін болдырмау үшін ұзын бөгеттерден аулақ болі керек.
Көшкінді байқаған құтқарушы дыбыс береді: Көшкін үстіде (сол, оң) жақта. Оған қоса құтқарушылар көшкіннің шетіне қарай шегінулері керек және тосқауылдарға (жартасқа, ағашқа, тастарға және т.б.) тығылулары керек, түншығып қалмас үшін беттерін жүннен жасалған шәпкілермен орамалдармен жабу қажет. Егер көшкіннен жасырыну мүмкін болмаса онда барлық жүктерден арылу керек (жоқ қапшықтан, шаңғылардан және т.б.) және барлық бар күшті салып беткейден немесе қар көшкінінің үстінгі жағынан ұстап қалуға тырысу керек; содан кейін қалыпты қозғалыспен көшкіннің шет жағына жетіп, оның құрсауынан шығып кеті қажет.
Тік емес беткейлермен құтқарушылар баспалдақты бәтеңкенің ішкі сыздықтарын қадап шырша сияқты жасай отырып, тік жоғары көтеріледі. Көшкін қауіпі жоқ тік беткейлерде ирек жасап көтеріледі. Тік қарлы беткеймен маңдайға (көшкіннің пайда болу қауіпін азайтады) көтерілгенге бәтеңкенің тұмсығымен түртіп баспалдақ жасайды. Сонымен қатар қарға шаншылған мұз жарғыштарды алдыңғы жаққа қарай ұстау керек. Жаңа баспалдаққа екі аяқты нықтап бекітіп, мұз жарғыштарды беткейден жоғары көтеріп алуға болады. Тік емес беткеймен шағын қадам жасай отырып, өкшемен қарды жаншып, арқаны беткейге бере түсу керек. Тік беткеймен түсу, сол беткеймен көтерілумен ұқсас келеді, бірақ кері жүйеде орындалады. Құтқарушылар қатты сірне қармен және мұзды беткеймен түскенде темірі бар бәтеңкелерді қолданады. Қауіпті беткейлерге сақтандыру жібімен жүреді. Тік емес көшкін қаупі жоқ беткейлерден түскенде сырғанай немесе жылжи отырып түсу мүмкін. Сырғанап түсу кезінде екі аяғымен де альпенштук мұз жарғышына сүйенеді. Ауыр жол қапшықпен тік беткейден сырғанауы (40 градус көп) рұқсат етілмейді.
Тіктігі 30 градусқа дейн мұз беткеймен жылжу кезінде құтқарушылар шөпті беткейлерде жылжыған сияқты аяқтын табанын бұрып, маңдайға, шырша сияқты көтеріледі. Бәтеңкенің алдыңғы ирек темірлерінен басқанның бәрін мұзға тіремей аяқты мұз үстіне қояды; 40 градусқа дейінгі беткейге ирек жасап көтеріледі. Мұз жарғыштан екі қолымен тірей ұстайды.
Тік беткей (40 градус) бойынша бәтеңке тұмсығының қос тісін мұзға қадай отырып, алдыңғы төрт тісімен көтеріледі. Тұмсық жақтағы келесі тістер адамның салмағының көмегімен мұзға қиындықсыз кіреді. Тізені сәл бүгу керек, басқыш көлденеңге жуық болуы керек. Мұзжарғыштың тұмсығына сүйене отырып, Тіректің екі нүктесі ережесі бойынша көтерілуге болады. Тік беткейлерден құтқарушылар бетін солай қаратып түсуі мүмкін. Кейбір беткейлерден арқасын солай қарата мұзжарғыштың қапсырмаларынан ұстап сүйене отыра түседі.
Беткей тік болып, тайғанау қауіпі кілт өссе, құтқарушылар баспалдақ жасай бастайды. Олардың арасындағы қашықтық - 15-20 сантиметр, олардың мұз жарғышпен екі колдап ұстап қашап жасайды. Бұл басқыш жасаушы құтқарушылардан үлкен физикалық күшті және олардың жиі ауысуын талап етеді. Мұзды адырларда басқыштарды адырлардың өзіне немесе оның айтарлықтай жайпақтау беткейіне қашайды.
Жартасты бөліктерде қозғалу үлкен қиындықты туғызуы мүмкін. Тастың құламауы мүмкін бағыттарда қорғаушы шлемдерді (каскаларды) пайдаланған жөн.
Жартаспен қозғалу
Жартаспен қозғалу кезінде келесі ережелерді есте сақтау керек:
1. Жартасты жерде қозғалмас бұрын қозғалыс бағытын ұқыпты қадағалап, қиын аудандарды зерттеп, есте сақтаған жөн, қол мен аяқта ыңғайлы арқанның болуы міндетті, дем алатын орынның қауіпсіз болуы үшін, бағытты белгілеу, айналып өту нұсқаларын ойластырған дұрыс. Егер қауіптің төңгені айқын болса немесе одан ары жылжу қауіпті болса, онда жолдың айтарлықтай жеңіс нұсқасын таңдау қажет. Өтуі қиын жерлерге тап болғанда, қауіпті өткелдермен төмен қарай түсу қиындыққа әкеп соқса, ал қайта жоғары шығу одан да қиын екенін ескеріңіз.
2. Қолыңызды немесе аяғыңызды қозғалтпас бұрын тұрған жеріңіздің қауіпсіздігін тексеру қажет: жарық-сызаттың жоқтығын, дөңдерді, құнды басып, ары-бері қозғап көру керек. Бұл қимылдың бәрі, төменде жүрген адамдарға тас домалап кетпес үшін сақтықпен жасалған жөн. Ыңғайсыз жатқан тастарды шетке алып тастаған дұрыс.
3. Байланған арқанның үш нүктесі болы қажет. Аяқты алдыға аттамас бұрын, келесі аяқ және екі қол мықты тірек табуы керек. Содан кейін екі аяқпен мықты тұрып қолмен мықты тірек тапқанда ғана келесі қолды жылжытып, арқанның келесі жерінен ауыстырып ұстау ұсынылады. Тек осындай жағдайда ғана келесі тіректі немесе ұстайтын жерді немесе қауіптенбей іздеуге болады, дөңес жер, немесе тас; ұстаған кезде сынып не сырғып кетсе, үш тірек нүктесі болған кезде адам құламай ұстап қалады.
4. Қозғалған кезде, ең бастысы аяқтардың саусақтарының бұлшық еттерінің күштілігіне суйеніп (аяқытң саусақтыра қол саусақтарынан күштірек) қолмен тексерілген тіректі басу керек, ереже бойынша, өрге көтерілу кезінде дененің тепе-теңдігін сақтау қажет. Тар жолда әсіресе ішкі табан мен аяқ саусақтарына күш түсіреді: әрі шаршатады, бірақ жартаста жүргенде тізеге көп күш түсіруге болмайды - құлдилап құлап кетуі мүмкін.
5. Қолдың негізгі міндеті - алақанмен және саусақтарымен (жоғары, бүйір және төменгі тіректерді) тіректен мықтап ұстау.
6. Өрлеу кезінде: жұлқымай, ақырын, созылыңқы түрде, тепе-теңдікті сақтап және де көп күш жұмсамай қозғалу керек. Қозғалыс сипатын өзгерте отырып, бұлшық еттерді сергітіп алу керек, жұмысты алма кезек дем ала отырып істеген дұрыс.
7. Әрбір сенімді тіректерді көп қолдануға болады, тек шектен тыс ұзын адаммен емес, ұзын адам бұлшық еттердің тез шаршауына жол береді.
8. Су ағысы желісіне жақын бағытқа жүруге тырысып жүру керек. (айтарлықтай қысқа жол).
9. Биіктен алды-артынды бағдарлап, ойланып әрекет еткен жөн.
Баспалдақ секілді сатылы жардан құтқарушылар сатымен жүргендей, оларды қолмен ұстай отырып жастарға сүйене отырып тепе-теңдікті сақтай отырып, олардың ұштарына онша жақындамай жүру керек. Жартастағы жолсыздарға дене тепе-теңдігін жоғалтып шайқалғанда өкшенің тірелуүшін арта түседі. Сызаттар, жарықшақтар және тастақтар да қозғалу әрбір қимылды жіті қадағалау мен айтарлықтай дене күшін өзара үйлестіреқолдануға негізделген. Жарықтар немесе ойықтар жартастардың қиын жерінен тез өту үшін қолданылуы мүмкін. Өрлеу кезінде аяқ-қолдарды ауыспалы түрде жылжыта отырып, бейне жарықщақтарды ысырып отырғандай қолдарды кере ұстау керек. Тастарды кергі қолданып өту керек. Енсіз таста тізе-табан, көлемділеуінде арқа-тізе, ал көлімдісінде арқа-табан кергілерін қолдну арқылы өтеді.
Ереже бойынша, өзінің техникалық күрделіктеріне байланысты жартастан түсу өте қауіпті. Күрделі емес, баспалдақ тәрізді жартастан түсетін жол және тірек нүктесі көрініп тұруы үшін жотамен сырғанап түсу керек. Керісінше, қауіпті жартастан бетті жартасқа беріп, жолды бір бүйірден, аяқтың арасынан қарап түсу керек. Төмен түсу кезінде ең көп қолданылатын тәсілдер арқылы карабин спорттық тәсілі мен Дюльфера тәсілі.
Түсетін жер бедерінің сипаты күрделі болған жағдайда, құтқарушылар арқа тізбесімен екі-үш адамнан түсіп, өзара сақатандыруды жүзеге асырады. Оның атқаратын міндеті - арқаннан босанып кеткен серігін ұстап қалу.
Әріптестердің арқан тізбесіне орналасу және қозғалу тәртібіне байланысты, тізбе бойынша бір мезгілде сақтандыру ажыратады, әріптестер тізбекке бір уақытта орналасатын болса, бір әріптес қозғалған кезде екіншісі оны сақтандырып отырады. Жоғарыда тұрған құтқарушы жоғары жақтың қауіпсіздігін, ал төменде қалғаны - төменгі сақтандырудың қауіпсіздігін жүзеге асырады. Бағыттағы сақтандыру альпенштоктың, мұз шапқыштың, арқандардың көмегімен жүзеге асырылады.

2.1. Халықтың дауыл, қарлы боран, қар басу кезіндегі іс-әрекеті
Дауыл - жойқын күші бар және едәуір созылатын, 300 мс (108 кмc) жылдамдықпен соғатын жел. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайда пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz