ХХ ғасырдың философиясы



1 Өмір философиясы
2 Феноменология
3 Экзистенциализм
4 Ницце Фридрих
5 Хайдеггер Мартин
6 ГУССЕРЛЬ Эдмунд
ХХ ғасырдағы иррационализмнің бастамасы болған «өмір философиясы». Бұл концепцияның түрлі нұсқалары көп, соның ішінде екеуін ғана атап өтелік. Бірінші бағыт «өмірді» табиғат заңдарына жақындастырып, қоғам заңдарынан аулақ ұстайды. Оны жануарларға жақын қояды. Осыдан келіп күшке табыну, анайы-дөрекі түйсіктерге үлкен мән беру, идея мен ұғымдардың орнына ырықсыз сезімді қою орын алады. Әсіресе, ақиқат пен жақсылық орнына жалғандық пен жауыздықты қарсы қойғаны соншалық, фашистік идеологияға алып келді. Мұндай бағытты Ницще және тағы басқалар қолданған.
Философия тарихында «өмір философиясының» екінші түріне аса көп мән берілген болатын. Ол Дильтей мен Шпенглер сияқты ойшылдардың есімімен байланысты. Мұнда «өмір» адамның іштен туа біткен әбігерленуімен, тікелей сезінуімен байланысады. Егер «өмір философиясының» басқа нұсқаларында жалпы адамзат туралы сөз болатын болса, ал мына түрінде тек қана жеке адам, оның ойы, өмірі туралы айтылады. Сондықтан осы бағыттан герменевтика келіп шығады. Кейіннен Дильтейді «түсіндірме психологиясы» жарық көріп, Шпенглердің тарихи морфологиясы пайда болады. Бергсон нұсқасында «өмір философиясы» «өмірлік екпінмен, ұмтылыспен, қарқынмен» байланысады. Үстіміздегі ғасырдың ортасында «өмір философиясының» негіздерін оның орнына келген экзистенциализм, персонализм және философиялық антропология ағымдары жалғастырады.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ.

ХХ ғасырдағы иррационализмнің бастамасы болған өмір философиясы. Бұл
концепцияның түрлі нұсқалары көп, соның ішінде екеуін ғана атап өтелік.
Бірінші бағыт өмірді табиғат заңдарына жақындастырып, қоғам заңдарынан
аулақ ұстайды. Оны жануарларға жақын қояды. Осыдан келіп күшке табыну,
анайы-дөрекі түйсіктерге үлкен мән беру, идея мен ұғымдардың орнына ырықсыз
сезімді қою орын алады. Әсіресе, ақиқат пен жақсылық орнына жалғандық пен
жауыздықты қарсы қойғаны соншалық, фашистік идеологияға алып келді. Мұндай
бағытты Ницще және тағы басқалар қолданған.

Философия тарихында өмір философиясының екінші түріне аса көп мән
берілген болатын. Ол Дильтей мен Шпенглер сияқты ойшылдардың есімімен
байланысты. Мұнда өмір адамның іштен туа біткен әбігерленуімен, тікелей
сезінуімен байланысады. Егер өмір философиясының басқа нұсқаларында жалпы
адамзат туралы сөз болатын болса, ал мына түрінде тек қана жеке адам, оның
ойы, өмірі туралы айтылады. Сондықтан осы бағыттан герменевтика келіп
шығады. Кейіннен Дильтейді түсіндірме психологиясы жарық көріп,
Шпенглердің тарихи морфологиясы пайда болады. Бергсон нұсқасында өмір
философиясы өмірлік екпінмен, ұмтылыспен, қарқынмен байланысады.
Үстіміздегі ғасырдың ортасында өмір философиясының негіздерін оның орнына
келген экзистенциализм, персонализм және философиялық антропология ағымдары
жалғастырады.

1918-1922 ж.ж О. Шпенглердің Европаның ақыры деген осы уақытқа дейін
әңгіме болып келе жатқан екі томдық еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте
мәдениет деген ұғым организм (тірі дене) ретінде анықталып, әр мәдениеттің
өзіндік дара сипаты болатыны айтылған. Дүниеде сегіз мәдениет болыпты:
египет, үнді, қытай, вавилон, аполлон (грек.рим), магия сиқыршылық
(византия, араб), Фауст (Батыс Еуропа), майя. Бұдан былай орыс-сібір
мәдениеті болады деп айтылған. әр мәдениеттік организм мың жылға жуық өмір
сүреді, сосын құрып кетеді, нәтижесінде цивилизация туады. Демек, бұл
творчестволық жеміссіздікке, әдебиет пен өнердің маңызы жойылып, техника
мен ғылымның дамуына, адамгершіліктің дағдарысына соғады дейді. Аполлон
мәдениеті үшін ол эллинизм кезі болса, ал Батыс Европа үшін бұл дағдарыс ХХ
ғасырдың ішінде басталғанын айтады. Осы жіктеу бүкіл интеллигенцияның
назарын өзіне аударып, күні бүгінге дейін пікірталасын туғызуда.

Феноменология – негізін салушылар Гуссерль мен оның шәкірттері –
Л.Ландгребе, Э.Финк, т.б. болып табылатын,қазіргі батыс философиясына
ерекше ықпал еткен субъективтік идеолистік бағыт. Ф-ның негізгі ұғымы
"интенционалдық” деп аталады. Бұл ұғым сананың объектіге қатысын көрсетеді.
Ф-лық ұғым бойынша "объект болмаса,субъекті де болмайды”. Феноменологиялық
тәсілдің негізгі талаптары: 1) субъективтік тәжірибеден тыс тұратын,
яғни,санадан тыс тұратын объективтік шындық туралы пікірден бас тарту; 2)
танымдық субъектіні (белгілі бір жанды) сезімі бар психофизиол нәрсе емес,
сананың таза нәтижесі деп түсіндіру. Оны Ф. трансценденталдық редукция
деп атайды. Философияны ғылым ретінде тек қана эйдетика деп аталатын таза
мағыналады зерттейді,оның реалды шындыққа қатынасы жоқ.Ф. идеалары
өзгертілген түрде экзистенциолизмнің (Хайдеггер,Сартр), жартылай филос.
Гермепевтиканың филос.негізі Шелер, Мерло-Понти және Гадамер сияқты
философтардың көзқарастары Ф-ға байланысты қалыптасты.Католик
философтарының (Де Веленс,Ван-Бреда)тусінігі бойынша Ф.неотомизмнен
құрастырылған философия.Ф-ның идеалистік тұжырымдары осы бағыттың өз ішінде
түрлі оппозициялар тудырды.Ф. мектебінің сол қанаты Ф-ны
субъективизмнен,иррационализм- нен және экзистенциализмнен қорғауға күш
салды.Олардың ойы Ф-ның қажетті жағын сақтап қалу болды.Осы бағыттың
өкілдері ретінде материалистік натурализмді қорғайтын М.Фарберді, және
Р.Ингарденді атауға болады.Ф. бағытының теориялық орталығы болып саналатын
орындар: Гуссерьдің Лувен католиктік ун-тінің архиві (Бельгия,директоры Ван-
Бреда ); халықаралық феноменологиялық қоғам және оның Философия және
феноменологиялық зерттеулер атты журналы (Буффало,Нью-Йорк,АҚШ).

Экзистенциализм (тіршілік философиясы) – бурж. Интеллигенцияның
көзқарасына сай келетін жаңа дүниетаным жасау әрекеті ретінде 20 ғ-да пайда
болып,40 – 60ж-дары кеңінен етек алған батыс елдері философиясындағы
иррационалистік бағыт. Э-нің идеялық қайнар көздері - өмір философиясы,
Гуссерльдің феноменологиясы, Кьеркегордың діни – мистикалық ілімі. Э. діни
(Марсель, Ясперс, Бердяев, Л.Шестов, М.Бубер ) және атеистік (Сартр, Камю,
С.Бовуар) болып екіге бөлінеді. Хайдеггердің түбірлі онтологиясы бұдан
оқшау тұр, оны діни Э-ге де, атеистік Э-ге де, үзілді-кесілді жатқыза
салуға болмайды. Э. пессимистік дүниетаным ретінде пайда болып, өзінің
мынадай мәселе қойды: либералдық – прогресивтік үміт елестен айырылған адам
тарихи апаттар алдында қалай өмір сүрмек? Э.- Ағарту дәуірінің және нем.
классификациялық философиясының рационализміне және 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-
дың бас кезінде көп тараған кантшылдық ой философияға қайтарылған жауап
болды. Экзистенциалистердің пікірінше, рационалды ойлау жүйесінің негізгі
ерекшелігі – субъекті мен обьектінің бір- біріне қарама- қайшылығы
принципінен туады. Осының нәтижесінде бүкіл өмірді, оның ішінде адамды да
рационалистік ғылыми зерттеу және іс жүзінде пайдалану обьектісі деп ғана
біледі, соның салдарынан мұндай көзқарас мағынасыз сипат алады. Э.,
керісінше, жеке адамнан тыс, обьективті ғыл. ойдын қара-қарсылығы ретінде
көрінуге тиіс. Сөйтіп, Э. философия мен ғылымды бір біріне қарсы қояды.
Мәс., Хайдеггер ғылым шындықты қарастырса, философия болмысты зерттеуге
тиіс дейді. Шындық деп эмпирикалық дүниеге жататын нәрсенің бәрін айтады,
одан болмыстың өзін ажырата білу қажет. Соңғысы жанама түрде емес (дұрыс
ойлану арқылы), адамға оның болмысы, жеке басының тіршілігі арқылы, яғни
экзистенция арқылы ашылып, тікелей ұғынылады. Суъект пен обьектінің
бөлшектелмеген біртұтастығы осы экзистенцияда тұжырымдалған, оны парасатты-
ғылыми ойлау жүйесі де, алыпсатарлық ойлау жүйесі де түсіндіре алмайды.
Күнделікті өмірде адам өзін экзистенция ретінде сезіне бермейді, бұл үшін
ол шекаралық жағдайға, яғни өлім алдындағы жағдайға душар болуы керек. Өзін
экзистенция ретінде біле отырып, тұңғыш рет бостандыққа да ие болады. Э-ге
сәйкес бостандық дегеніміз – адам табиғи немесе әлеуметтік қажеттіліктің
әсерімен қалыптасатын зат болмауы , өзін - өзі таңдап алуы, өзін әрбір
әрекетімен және іс-қимылымен қалыптастыруы керек. Сөйтіп, азат адам өзін
себеп-сылтаулармен ақтамайды, өзі атқарған істің бәрі үшін жауап береді.
Өзінің айналасында болып жатқан нәрсенің бәріне айыпты болу сезімі – азат
адамның сезімі (Бердяев). Бостандықтың экзистенциялық концепциясында
конформизмге және өзін оқиғалар барысында әлденені өзгерте алмайтын орасан
зор бюрократтық машинаның тетігі ретінде сезінетін бурж, тоғышарға тән
бейімдеушілікке қарсы наразылық көрініс тапты. Тарихта болып жатқан
оқиғалардың бәріне адам жауапкершілігі Э-нің ұдайы көрсетіліп отыруы осыдан
келіп туады. Алайда бостандықтың экзистенциялық ұғымы субъективті түрде
қала береді: ол әлеум, тұрғыдан емес, жалаң этикалық тұрғыдан
түсіндіріледі. Дұрыс танып-білуді философия қарастыратын мәселеге сай
келмейтін түсінік ретінде қабылдамай, Э. негізінен Гуссерльге (Хайдеггер,
Марсель, Сартр), Дильтейге(Хайдеггер, Яссперс), ішінара Бергсонның
интуитивизміне сүйене отырып, ақиқатты тікелей, интуитивті тұрғыда түсіну
әдісін ұсынады. Көптеген экзистенциалистер (Хайдеггер, Марсель, Камю және
басқалар) философия өзінің танымдық әдісі бойынша ғылымнан гөрі өнерге
әлдеқайда жақынырақ тұр деп есептейді. Э-нің 40-60 ж-дары Батыс өнері мен
әдебиетіне, ал олар арқылы бурж. интеллигенцияның едәуір бөлігінің көңіл-
күйіне соншалық зор ықпал етуі кездейсоқ емес. Э-нің әртүрлі өкілдерінің
әлеум. саяси позициясы әрқилы келеді.

Ницше Фридрих (1844-1900) – неміс философы, волюнтаризмнің өкілі және
қазіргі иррационализнің негізін салушылардың бірі. Классикалық филос.
категориялар-материямен рухтың орнына Н. билеуге ерік (күшке,
мықтылыққа) ретінде өмірді қояды. Билеуге ерік Н-ге құбылыс мәнінің
критерийі болып табылады: Не жақсы?-Билеу санасын, билікті қажетсінуді ,
адамдағы биліктің өзін шындайтын нәрсенің бәрі жақсы. Не жаман?-
Әлсіздіктен туындайтынның бәрі жаман. Н. танымды осы тұрғыда бағалай
отырып, оны тек билеудің қаруы болғанда ғана бар деп есептейді. Ол ғылым
заңдарынан жалаң пайдалы жалғандықты, ол ақиқаттан-пайдалы адасуды
көреді. Гносеол. релятивизм этикада барлық игілікті қайта бағалаумен
айқындалады, ол ерекше адам идеясына орай құндық мораліне қарсы қоюмен
аяқталады. Н. соц. идеялды жоққа шығарады, өйткені одан құлдардың
моралдағы көтерілісін көреді. Христиандықты олар адамдардың құдай
алдындағы теңдігі және билеу еркін жойып, өзін-өзі кемсітушілігі үшін
қабылдамайды. Н діни аңыздар жиынтығын жанның мәңгілік қалдығы ретінде
құдай өлімі мен мәңгі қайта оралу туралы аңыздармен алмастырады. Н.
философиясының әлеум. негіздері рев. жұмысшы қозғалысын өрістетуге
бағытталған империалистік бурж. әрекетімен байланысты. Ницшеліктің
жекелеген-әлеум.-сыни себептері кейбір көрнекті жазушылар мен ойшылдарға
(Т.Манн, Г. Ибсен, Швейцер) әсер етті, бірақ негізгі реакциялық тұжырымдары
оны дамытудың басты бағыты – нем, фаш.-інің идеологиясын анықтап берді.

Неопозитивизм – 20 ғ-дағы буржуазиялық философиядағы бағыттардың бірі,
позитивизмнің жаңа формасы. Н. философияның нәрселігін жояды. Себебі шындық
туралы білімді ол күнделікті және нақты ойлау арқылы алуға болады, ал
филос. осы ойлау түрлерінің нәтижелері түрінде көрінетін тілді талдау
жөніндегі қызмет ретінде мүмкін деп есептейді (Антикалық философия). Н.
көзқарасы тұрғысынан алғанда филос. талдау объективті шындыққа
таратылмайды, ол тек мәліметтермен, яғни тікелей тәжірибемен және тілмен
шектелуі тиіс. Н-нің ең сыртқары формасы, мыс.., Вена үйірмесінің ертедегі
Н-і мәліметтілікті жеке адамның уайымымен шектей отырып, тікелей
социализмге барды. Н-нің барынша ықпалды түрі логикалық позитивизм болды. Н-
нің жалпылық бағытына ағылшындық философ-аналитиктер, Мурдың жақтаушылары
да жақын жүрді (Л.С.Стебинг, Дж.Уисдом және т.б.). Логикалық львовтық-
варшавалық мектептің бірқатар өкілдерінің филос. көзқарастары да Н-дік
болды. 30-ж-дары неопозитивистік көзқарастары әр түрлі топтар мен жекелеген
философтар идеялық және ғыл.ұйымдастыру тұрғысынан жақындай түсті. Олар:
Вена үйірмесінің австрия нем. логикалық позитивстері (Карнап, Шлик, О,
Нейрат және т.б.), берлиндік Эмпирикалық филос. қоғамы (Рейхенбах, К,
Гемпел және т.б.),ағылшын аналитиктері, позитивистік-прагматикалық
бағыттағы ғылым философиясының бірқатар амер. өкілдері (О. Нагель, Ч.
Моррис, Фриджмен және т.б.), Швециядағы успаль мектебі, Г. Шольцтің
жетекшілігіндегі монстер логикалық тобы (Германия)т.б. Сол кезден бері
тұрақты түрде халықаралық конгрестер шақырылып, Н-нің идеясын баспасөзде
кеңінен насихаттау жүргізіліп келеді. Осы кезеңде Н. өзін ғылыми эмпиризм
тұрғысынан көрсете отырып, ғалымдардың әртүрлі топтарына айтарлықтай ықпал
ете бастады, оның ықпалымен қазіргі ғылым жаңалықтарын талқыларда бірқатар,
идеялистік бағыт қалыптасты. Осылармен қатар, неопозитивистермен бірге
неопозитивист емес, бірақ конгрестерге, пікір-таластарға қатысып жүрген
ғалымдардың формалды логика мен ғылым методологиясының кейбір мәселелері
жөніндегі зерттеулерінің нақты нәтижелерінің мәнін атап өткен жөн. 30-
жылдардың аяғынан бастап, Н. орталығы АҚШ болды, мұнда бұл филос. ең
алдымен логикалық эмпиризм арқылы көрінді. Ағылшын Н-нің арнайы түрі
лингвистикалық филос. болды. 50-жылдардан бастам Н. терең идеялық
дағдарысқа ұшырады, ол дүниеге ғыл. Көзқарас пен ғылым методикасының бар
проблемаларын шешуге қабілетсіздігімен байланысты болды. Бұл оның бурж.
философиядағы ықпалын әлсіретуге жеткізді. Жеке алғанда бұл оны Батыстағы
филос. ғылымының позитивизм және сыншыл рационализм сияқты бағыттары
тарапынан сынау барысында байқалып отыр.

Кьеркегор Серен (1813-55)-лат. Діни философы, экзистенциализмнің
ізашары. Нем. романтизмін басынан кешірген К. кейіннен өзі эстетикалық
деп аталған романтикалық ой-пиғылға да, нем. идеялистерінің, ең алдымен
Гегельдің философиясына да қарсы шықты. К. Гегельді жалпылық тұрғысынан –
адамзат, халық. мемлекет тұрғысынан пайымдайтын, жеке адамдық негіздің
онтологиялық маңызын жоққа шығаратын спекулятивтік философтар мектебінің
басшысы ретінде сынға алды.К. бойынша, Гегельде орын алғанындай, қоғамды
түпкі бекет деп қабылдайтын философия тұрғысынан түсіну мүмкін емес,
өйткені бұл орайда жеке адамның негізін құрайтын мәнінің өзі – оның
экзистенциясы жоғалады. К. бойынша, шынайы философия тек қана
экзистенциалды , яғни, мейлінше жеке сипатты болуы керек. Осы себепті К.
философияға салынудың ғылыми әдісін бейнесіз деп бекерге шығаруға
тырысады. Адамды окзихтенция ретінде қарастыра келіп, К. оның болмыстық,
онтологиялық құрылымына талдау жасайды, бұл орайда кейіннен
экзистенциалистер дамытқан үрей, түңілу, батылдық және т.б.сияқты
ұғымдарды енгізеді. Сонымен бірге К. жеке адамның өмір сүруінің үш тәсілін,
яғни экзистенцияның үш үлгісін: эстетивалық, этикалық және діни үлгілерін
анықтайды, бұлардың соңғысы олардың ішіндегі ең жоғарғысы деп санады. К-дің
діни ілімінің аса маңызды категориясы-оғаштық категориясы. К. бойынша,
құдайлық дүние мен адамдық дүние. принципті салыстыруға келмейтіндіктен
наным логикалық ойлаудан бас тартуды қажет етеді және адам логикасы мен
этикасы тұрғысынан алғанда оғаштықтар, қисынсыздықтар аясына апарып
соғады. К. осы екі саланы біріктіруге, оларды ымыраластыруға тырысқан
әрекеттің барлығын қатаң айыптайды: К. өмірінің соңғы кезеңінде ресми
шіркеуден арадағы жанжал содан туындады. К. идеялары экзистенциализмнің
негізі болып қана қойған жоқ, оның діни ілімі К. Барттың диалект. Теология
дейтініне де, сондай-ақ басқа да көптеген протестант және католик
философтарға ықпал жасады.

Хайдеггер Мартин (1889-1976) – нем. экзистенциализмінің негізін
қалаушылардың бірі, Х. Идеялис. философиясының негізгі өлшемі өткіншілік
болып табылады, оны ол адамның ішкі жан дүниесінің толғанысы ретінде
түсінген жөн. Х. көңіл күйді, яғни стихиялы, дамыған сана-сезім
формаларын бастапқы нәрсе деп есептеді. Қамқорлық, алаңдаушылық, үрей және
т.б. Х. Бойынша жеке адамның априорилық (долбарлы) формалары болып
саналады. Бұл формалар адамның субъективті болмысын қүрайды, оны Х .
дүниедегі болмыс деп атады. Долбарлы формалар туралы ілімді Х. Болмыс
туралы ілім ретінде жасады (негізгі онтология). Болмыстың мағынасын
түсіну үшін адам барлық нақтылы нысаналы қағидалардан бас тартуға, өзінің
пендешілігін, өткінші өмірін мойындауы тиіс. Х-ше, адам өзінің үнемі
ажал алдында тұрғанын сезініп қана өмірдің әрбір сәтінің маңызы мен
толымдылығын көре біледі, қоғамдық болмыстың кесапаты - мақсаттардан,
мұраттардан, ғыл. абстракциялардан арыла алады. Тілді болмыс үйі,
мәдениеттің нағыз жиынтығы ретінде қарастыра отырып, Х. болмыс
ақиқаттарын анықтау мақсатымен (ең алдымен романтик-ақырдар мен
символистердің шығармаларын да) спекулятивті филология идеясын жасады. Х.
Философиясы Кьеркегорде, Гуссерльдің өмір философиясы мен
феноменологиясында байқалған иррационалдық тенденцияларды бір арнаға
тоғыстырды.

Шопенгауэр Артур 1788-1860 –нем. идеялист философы. Берлин ун-тінде
сабақ берді (1820-31). Ш-дің негізгі еңбегі Еріктілік және түсінік іспетті
әлем,1819ж шықты, бірақ оның даңқы 1848жылы революциядан кейін жойылды. Ол
дүниені ғыл. тұрғыдан түсінуге метофиз. идеялизмді қарама-қарсы қойды.
Канттан санаға байланысты түсініктер ретіндегі құбылыстар идеясын алған Ш.
өзіндік заттың танылмайтындығын жоққа шығарып, дүниенің мәні парасатсыз
дүлей ерік болып табылады деп пайымдады. Оның волюнтаристік идеализмі
(Волюнтаризм)-иррацианализмнің формасы. Дүниеге үстемдік етіп отырған ерік
табиғат пен қоғамның заңдылығын және сол арқылы ғыл. танымның мүмкіндігін
жояды . Ш. Волюнтаризмнің басқа бір ерекшелігі-тарихи прогресті теріске
шығару. Озық, реалистік өнерге қарсы күресе отырып, Ш. өмір шындығын текке
шығаратын және адамдардың өмірлік мүдделеріне жат эстетизмді уағыздады. Ол
идеялық көркем шығармашылыққа көркемдік түйсіктің мақсатсыздығын, енжар
пайымдауын қарсы қойды. Ш-дың филос. жүйесі буддизмнен алынған
нирвандардың-өмірге деген ынтаны жоятын мүлдем енжарлықтың мистикалық
мұраты мен аяқталады.

Шпенглер Освальд (1880-19365)-нем. идеалист-философы,өмір
философиясының өкілі,мәдениет теоретигі, тарихшы,публицист. Ш-дің тарих
философиясының баяндайтын негізгі шығармасы-Европаның құдырауы(1-2 т..
1918-22)-Германия бірінші дүние жүз.соғыста жеңіліс тапқанан кейін көп
кешікпей жарыққы шықты және зор табысқа жетті. Ш. ескі пруссиялық
рухты,монархияны,дворяндық сословиені және милитаризмді дәріптеді. Ш. үшін
соғыс-ең жоғары адам болмысының мәңгілік формасы.Ш. тарихи прогресс
ұғымын теріске шығарып,тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге фатализмді
қарама-қарсы қояды. Ш.-тарихи ралятивизмнің жақтаушысы. Ол бүкіл дуниежүз.-
тарихи дамудың заңды бірлігін жоққа шығарады. Онда тарих бірқатар
тәуелсіз,қайталанбас,томаға-тұйық циклды мәдениеттерге,жеке-дара тағдыры
бар және пайда болу,гүлдену,күйреу кезендерін бастан кешіретін ерекше
организмдерге бөлінеді. Тарих философиясының міндетін Ш. мәдениеттің жаны
негізіне алынатын әрбір мәдениеттің морфологиялық құрылымынтануға
әкеліп соғады. Ш-ге сәйкес,19 ғ-дан бастап,яғни капитализм жеңгеннен кейін
Батыс мәдениеті құлдырау сатысына аяқ басты. Теориялық жағынан Ш-ге жақын
тарих философиясын Тойнби де дәріптеді.

Семиотика (гр. Semeion – белгі ) – белгімен хабарлаудың ең қарапайым
жүйесінен тілдерге және ғылымның формалданған тілдеріне дейінгі белгілік
жүйелерді салыстырып зерттеумен айналысатын пән. Белгілік жүйелердің
негізгі функциялары: 1) хабарларды жеткізу және мәндә білдіру функциясы
(Маңыз және мән); 2) тілдік қатынас функциясы,яғни тыңдаушының (оқырманның)
берілген хабарды түсінуін қамтамасыз ету,сонымен бірге іске даярлау,оған
эмоциялық әсер ету және т.б.Бұл функциялардың кез-келгенін жүзеге асыру
белгілік жүйелердің нақты ішкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа ғасыр философиясы
Ғылым таным әдістері, қалыптасу себептері
Ғылым дамуының тарихи кезеңдері: салыстырмалы талдау
ХХ ғасырдың басында капитализм
ХІХ-ХХ – ғасыр философиясы
Философияның пайда болуы мен дамуы, негізгі тарихи типтері
Орыс және Қазақ философиясының орталық идеялары
XX- ғасыр философиясының негізгі мәселелері
Қазіргі замандағы қазақ философиясы
Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы туралы
Пәндер