Дүниенің болмысы және материя туралы түсінік
1 Болмыс философиясы
2 Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді
3 Материя қозғалысының 5 формасы

Философияның бірінші ұғымы болмыстың философиялық мәнін талдау, дүниенің көптүрлілігі мен бірлігін айқындау, материяның өмір сүру негізін түсіндіру.
Негізгі түсініктер: биболмыс, дуализм, монизм, философиялық плюрализм, онтология, мән, қозғалыс, материя атрибуты.
1. Болмыс тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым.
2. Болмыстың негізгі түрлері: заттар, процестер болмысы, адам болмысы, рухани, әлеуметтік болмыс.
3. Материя түсінігінің тарихи қалыптасуы.
4. Материя және оның негізгі формалары.
«Адам - Дүние» қатынасы болмыс құрамындағы іргелі қатынас ретінде. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Онтология мәселелері. Айқын және бейайқын онтология. Онтологияның негізгі типтері. Болмыс және болмыс-емес мәселесі. Оны шешудің негізгі тесілдері және ол сілтеген адам болмысының негізгі страгегиялары.
Болмыс адам болмысы хақында Адам болмысының заттар дүниесінен прннципті айырмашылығы. Адамның заттар дүниесіндегі болмысы. Адам болмысының заттар дүниесіне жинақталғандығы (М.Хайдеггер). Заттық" тәуелділік.

Тақырып. Дүниенің болмысы, оның мәні және материя туралы түсінік.
Негізгі мақсаты: Философияның бірінші ұғымы болмыстың философиялық
мәнін талдау, дүниенің көптүрлілігі мен бірлігін айқындау, материяның өмір
сүру негізін түсіндіру.
Негізгі түсініктер: биболмыс, дуализм, монизм, философиялық плюрализм,
онтология, мән, қозғалыс, материя атрибуты.
1. Болмыс тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым.
2. Болмыстың негізгі түрлері: заттар, процестер болмысы, адам болмысы,
рухани, әлеуметтік болмыс.
3. Материя түсінігінің тарихи қалыптасуы.
4. Материя және оның негізгі формалары.
Болмыс философиясы
Адам - Дүние қатынасы болмыс құрамындағы іргелі қатынас ретінде.
Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Онтология мәселелері. Айқын және
бейайқын онтология. Онтологияның негізгі типтері. Болмыс және болмыс-емес
мәселесі. Оны шешудің негізгі тесілдері және ол сілтеген адам болмысының
негізгі страгегиялары.
Болмыс адам болмысы хақында Адам болмысының заттар дүниесінен прннципті
айырмашылығы. Адамның заттар дүниесіндегі болмысы. Адам болмысының заттар
дүниесіне жинақталғандығы (М.Хайдеггер). Заттық" тәуелділік.
Адам өмір сүруінің дихотомиялары. Адам өмір сүруінің тарихи дихотомиясы.
Адам өмір сүруінің экзистенциалдық дихотомиясы. Адамның шынайы емес,
жемісті емес бағдарлануының формалары. Ие болу стратегиясының қалыптасуы
адам болмысының бейшынайылығы ретінде. Болу стратегиясы. Адамның шынайы
болмысы. Адамның жемістігі бағдарлануы. Адам болмысының бірегейлігі. Адам
қазіргі кездің басты құндылығы және капиталы ретінде
Әлем – адамнан тыс өмір сүретін табиғи ортаны бейнелейді. Табиғи
процестер мен құбылыстар жеке – жеке емес, бір – бірімен байланыста өмір
сүреді. Әлем – біртұтастық, өйткені ондағы жеке элементтер бір – бірімен
гравитация күшімен байланысқан.
Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардың бірі
болып саналады. Ол бол, болу сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым
адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған.
Оның көмегімен дүниетанымдық әлем деген не? сұраққа жауап беруге болады.
Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид
болмыс дегеніміз – бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес – деп үйретті.
Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес.
Гераклит болмыс қарама – қарсылықтардың өзара күресі, олардың бір –
бірімен өзара қабысуы деп пайымдаған. Онда от пен су, жылулық пен суықтық
бар. Дүниедегі барлық нәрсенің негізі күрес, өйткені одан әлемдегі тамаша
гармония туындайды. Болмыс үнемі дамуда, ұдайы қозғалыста. Демокрит
болмыстың алғашқы негізі атом деп көрсетті.
Атомдардың бір – біріне тартылуынан немесе бір – бірінен ажырауынан
әлемнің көптігі пайда болады. Болмыстан басқа, бос кеңістіктегі болымсыздық
бар. Платон өз ілімінде өзгермейтін, мәңгі, нағыз болмыс идея, ал өтпелі де
өткінші болмыс зат әлемі деген ойды қорытты. Бұл идея әлемнің көлеңкесі,
онда мәңгілік, тұрақтылық жоқ, ол бір сағым сияқты, өтеді де кетеді.
Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде, болмыс – құдай
жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні,
жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский).
Қайта өркендеу, әсіресе Жаңа дәуірден бастап жаратылыстану – механика,
математика, физика үлкен қарқынмен дами бастайды.
Болмыс – жаратылыстану мен адамның практикалық іс – әрекетінің негізгі
объектісі болып табылатын табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс
істейтін механизм тәрізді. Адам әр уақытта табиғаттың жоғарғы күрделі
жеңісі, күрделі механизм деп түсіндірілді.
Пантеизм аясында табиғатта құдай бастамасы тоғытылған. Бұл уақытта Дж.
Бруно әлемнің көптігі идеясын ұсынды. Философияда, өнерде адамның керемет
күштілігі, ұлылығы туралы идеялар кеңінен тарай бастаған. Болмыс теориясына
Н.Коперник, И.Ньютон үлкен үлес қосқан.
Неміс классикалық философиясы болмыс туралы ілімдердің екі бағытын
біріктірді. Мәселен, Гегель нағыз болмыс – деп абсолюттік идеяны, ал
Л.Фейербах болмысты – табиғат деп қарастырған.
Маркстік философия болмыс ілімінде философиялық материализм мен
жаратылыстану дәстүрін жалғастырады. Болмыс мәселесін зерттеуге
жаратылыстанудың философиялық мәселелерімен айналысқан – Ф.Энгельс үлкен
үлес қосты. Ол өзінің Табиғат диалектикасы, Дюрингке қарсы еңбектерінде
материя, оның қасиеттері мен түрлері туралы, еңбек ету нәтижесінде адамның
қалыптасуы туралы едәуір жұмыс тындырды.
Орыстың діни философиясы болмыс мәселесін зерттеуде христиан дінінің,
Платон, Гегель, Шеллинг философиясының идеяларына сүйенеді. Болмыс – рухани
құбылыс. Онда хаоспен қатар гармония да, зұлымдылық пен қатар ізгіліке бар.
Қазақ халқының сұм дүние, опасыз дүние, жалған дүние деген байырғы
ұғымдарында да болмыс туралы пікір қорытылған. Келтірілген түсініктерді
жинақтап, болмыс дегеніміз дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды,
процестерді білдіретін ұғым деп анықтауымызға болады.
Ол шексіз көп материалдық пен рухани әлемдегі барлық құбылыстарды
білдіреді.
Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе – болмыс, яғни ол заттар мен
руханилық әлемі, өтпелі мен мәңгілік. Философиядағы бұл ұғым өте кең
мағынада қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда болатын барлық
құбылыстарды білдіреді.
Біріншіден, табиғат болмысы – оның күллі заттары, құбылыстары, процестері.
Ғылыми көзқарас бойынша, табиғат адамнан тыс, тәуелсіз, мәңгі өмір сүреді.
Ол барлық жерде, тіпті адамның өзінде де бар.
Табиғатты өзгерту нәтижесінде адам күрделі де жан – жақты екінші табиғатты,
яғни жасанды заттар, қатынастар, процестер әлемін немесе мәдениетті
тудырды.
Мәдениет – адам іс - әрекетінің жиынтығы, оның өмірінің жаңа әлемі.
Екіншіден, бұл тәні бар ерекше тірі жан – адам болмысы. Табиғат дамуының
жемісі мен жеңісі бола отырып, адам - өзіндік таптырмайтын ерекше рухани
әлемнің иесі. Гетенің әр адам бұл фәниден аттанғанда, онымен бірге бүкіл
адамзат тарихы да өледі дегенінің мәні осыда.
Үшіншіден, бұл – адамдардың рухани іс - әрекетінің өзара қарым –
қатынасының әлемі болып табылатын қоғамдық болмыс. Қоғам адамның ойы мен
еркі әрекет ететін сфера, мұның өзі оған ерекше тыныс береді. Әрине, қоғам
ең алдымен, өз заңдылықтарымен өмір сүреді (саясат, экономика, т.б.).
Сонымен қатар, ол табиғатпен де етене байланыста.
Төртіншіден, бұл – руханилық әлемі. Руханилық - өзіндік ерекшілігі бар
реалдылық. Ол көзге түспейді, қолға ұсталмайды, бірақ адам іс - әрекетінің
бәрінде көрініс табады. Бұл – адамдардың практикалық іс - әрекетінде орын
тепкен сезім мен идеялардың, эмоция мен образдардың, ұғымдар мен
түсініктердің әлемі. Руханилық болмысына жеке сана да кіреді. Мұнда З.Фрейд
адам психикасының қара күштері – деп бағалаған бейсаналық та орын тепкен.
Руханилық – бұл дін, мораль, өнер, ғылым, құқық формасында өмір сүретін
қоғамдық сана. Болмыстың барлық түрі өзіндік заңдарына сүйенеді. Физика,
биология, антропология, социологияның зерттеу объектілері бола отырып, бір
– бірімен тығыз байланыста болады.
Болмыс – адам өмір сүретін әлем. Оның тылсым сыры танымның ғылыми және
ғылымнан тыс әдістерінің көмегімен ашыла береді.
Материя – ұғымы философиялық материализмнің негізгі іргетасы. Ол әлем
мен адамды табиғи себептерге сүйене отырып зерттеудің ұзақ тәжірибесінен
туындаған.
Материя жөніндегі алғашқы пікірлер дүниенің біртұтас негізін түсіндіре
бастаған көне дүние философтарының балаң ізденістерінде кездесіп отырды.
Мәселен, Фалес дүниенің негізін – су, Гераклит – от, Демокрит – атом деп
қарастырған. Ал Эмпедокл әлемнің түп негізі – төрт элементтен – судан,
жерден, ауадан және оттан тұрады деген.
Аристотельдің пайымдауынша, материя – бұл мүмкіндіктегі болмыс. Нақты
заттар осы болмысқа форманың әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Материяның
басқа жағдайға көшуін Аристотель – қозғалыс, процесс (кинесис) деп
атаған.
Платон материяны болмыстың төмендегі сатысы деген. Ол идеяны жүзеге
асырудағы құрылыс материалдары іспеттес. Орта ғасырлар философиясы бойынша
материалды әлем жаратушының белгілі бір тәртібіне бағынышта. Табиғат –
әлемнің төменгі деңгейі. Онда жан да, еркіндік те жоқ. Жеке нәрселердің
пайда болуы, жаралуы құдайға байланысты. Заттардың құдайдың ақыл – ойындағы
идеялық болмысы мәңгі, ал шындықтағы болмысы өткінші ғана сипатта болады.
Қайта өркендеу дәуірінде материя физикалық денелердің жиынтығы деп
қаралып, онда заттардың әртүрі жекелендірілді.
XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында жаратылыстануда ірі жетістіктерге
қол жеткізілді.
XIX ғасырдың ортасында адам мен басқа тірі табиғаттың бірлігін
түсіндіретін Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы пайда болды, 1986 ж.
Д.И.Менделеев химиялық элементтердің периодтық жүйесін жасады. Радий
элементі (В.Рентген), электрон (У.Томсон), табиғи радиоактивтілік
(А.Беккерель) ашылды. 1916 жылы А.Эйнштейн қозғалыстың, уақыт пен
кеңістіктің байланысын көрсететін жалпы салыстырмалық теорияны ұсынды.
Ғылымның осындай ірі жетістіктері әлемнің механикалық үлгісінің
іргесін босатты. Материя туралы білімнің аясы одан да кеңи түсті. Ғылымда
қалыптасқан осы бағытты қорытындылай отырып, В.И.Ленин 1908 жылы материя
ұғымының кеңейтілген анықтамасын берді: Материя дегеніміз – адамға оның
түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізде бола отырып, сол
түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, суреті түсірілетін, бейнесі
жасалатын, объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық
категория.
Яғни, материя дегеніміз – біздің сана – сезімізден тыс өмір суретін
реалдылық. Ол адамнан, адамзаттан тыс өмір сүреді. Әлемді ешкім жасаған
жоқ, ол болған және бола бермек. Әлем шексіз, шетсіз, ол көпжақты, көп
қырлы, оның әр түрлі қасиеттері, ерекшеліктері бар. Әлемнің шексіздігі –
ондағы процестер мен құбылыстардың ешқашан аяқталмайтынын білдіреді.
Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы
қалыптасу үстінде.
Адам, оның өмірі – басы мен аяғы жоқ, шексіз де шетсіз әлемнің тарихындағы
бір ғана сәт немесе өте кішкене әлем.
Материяға – біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік
тән. Әлемнің әртүрлі бөліктері мен қырлары - өзара тікелей немесе бір –
бірі арқылы байланысқан – табиғат пен қоғам, тұлға мен топ. Материяның өмір
сүру тәсілі – қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс
объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады.
Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетіп, жүйелеген. Олар:
механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік деп аталған.
Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс, ол заттар мен
құбылыстардың кеңістікте орын алмастыруын білдіреді. Ал, әлеуметтік
қозғалыс қоғам өміріндегі шым – шытырық құбылыстар мен процестерді
бейнелейді.
Ф.Энгельстің қозғалыс туралы ілімі XIX ғасырда қалыптасты, сондықтан
ол XX ғасырда пайда болған жаңа құбылыстарды түсіндіре алмайды. Қазіргі
ғылым қозғалыстың жаңа түрлерін анықтап, зерттей бастады. Мәселен,
қозғалыстың геологиялық, географиялық, космологиялық түрі зерттелуде.
Ғылымның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz