Антика дәуірінің философиясы
1 Грек.Рим философиясы
2 Ежелгі грек философ.жаратылыстанушылары
3 Классикалық философия. Сократ, Платон, Аристотель.
4 Элидтік .эритрийск мектебі.
5 Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері

Европалық философияның дамуы ежелгі Грециямен байланысты. Антикалық философия б.з.д. 5 – 6 ғасырларда қалыптасты. Алғашқы ойшылдардың көтерген проблемалары қоршаған ортаны, өсімдік, жер, күн, жұлдыз.
Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
Ертегрек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
1. Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.

Негізгі мақсаты: Антикалық мектептер мен грек классиктерінің топтамасы
болған антикалық философиясына түсінік қалыптастыру, ерекшелігін көрсету.
1. Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелігі.
2. Ерте грек философиясы (Фалес, Гераклит)
3. Ерте грек философиясындағы онтологизм (Демокрит)
4. Адамға бетбұрыс Сократтың философия туралы ілімдері .
5. Ерте грек философияның жүйелік принципі (Аристотель, Платон)
Грек-Рим философиясы
Европалық философияның дамуы ежелгі Грециямен байланысты. Антикалық
философия б.з.д. 5 – 6 ғасырларда қалыптасты. Алғашқы ойшылдардың көтерген
проблемалары қоршаған ортаны, өсімдік, жер, күн, жұлдыз.
Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік
құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты
ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің,
дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық
философтарды физиктер деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын
табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай
философиялық пікірді философияда натурфилософия деп атайды.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды
деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға
тартты.
Ертегрек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен
өтті:
1. Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде
натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар,
Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі
қаланады.
2. Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық
еңбектерімен ерекшеленеді.
3. Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер,
скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
Милет мектебі-грециядағы ең көне материалистік философиялық мектеп.
Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал
бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті
милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне
жағдай жасады. олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми
жаңалықтар ашты.
Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек философы және
саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі.
Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады.
Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет
бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың
биіктігін анықтайды.
Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің
(календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-
материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал.
Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны
материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі,
алғашқы бастамысы – су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда
болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.
Анаксимандр (шамамен б.д.д. 610-546 ж.ж.) – ежелгі гректің материалист
– философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грециядағы Табиғат
туралы атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы, бірақ бұл шығарма бізге
жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде – архе
(негіз) ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп
есептеген. Апейронның ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың
күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық-от ретінде көрініс тапса, суық аспан
мен жерге айналады. Анаксимандр материаның сақталу және айналу заңын тұңғыш
рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық
цилиндр формасындағы Жер Ғаламның ортансында тұр. Жер төңірегінде аспанның
үш сақинасы: күн, ай және аспан денелері – жұлдыздар айналып жүреді.
Тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын ұсынды: адам – балықтан пайда болған.
Анаксимен (шамамен б.д.д 588-525 ж.ж.) – ежелгі грек материалист –
философы, стихиялы- диалектик, Анаксимандрдың шәкірті.Оның ілімінше, барлық
нәрсенің бастамасы материадан – ауадан пайда болған, қайтадан ауаға
айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін – бұлтқа,
суға, жер мен тастарға, сейіліп – отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу
идеясы көрініс тапқан. Ауа бәрін қамтиды: ол әрі жан, әрі ғаламның сансыз
заттардың өмір сүретін ортасы. Анаксимен жұлдыздар – от, бірақ оның жылуын
сезінбейміз, өйткені олар өте қашықта орналасқан, күн қатты жанып тұрған
алып аспан денесі деп үйретті.
Ежелгі грек философ-жаратылыстанушылары. Грек философиясының
ерекшелігі табиғат, әлем, космос мәнін бірлігін түсіну. Алғашқы грек
философтарын физиктер деп атаған. Грек философиясының негізгі сұрағы.
Дүниенің бастауы неде? Егер мифологияда бұл сұрақ шешілсе (дүниені құдай
жаратты) ал философтар супстанционалдық бастауы яғни дүние неден пайда
болды, неге пайда болды? Деген сұраққа жауап іздеді. Грек философиясының
негізін қалаушы Фалес әр түрлі заттар мен табиғат құбылыстарының мәңгі
бастауы – су, сол сияқты Анаксимет дүниенің алғашқ кірпіш ауа деді.
Анаксимандр апейрон туралы пікірі материяны философиялық тұрғыдан қазіргі
пайымдауға жақын келеді. Апейрон шексіз деген сөз.
Материализм мен диалектика идеаларын әрі қарай дамытқан Гераклит
(шамамен б.д.д 544-483 ж.ж.)- ежелгі грек философ-материалисі, диалектик.
Кіші Азиядағы Эфесте туған. Гераклиттің бізге тек үзінділері ғана жеткен
Табиғат туралы шығармасы сол заманның өзінде атақты еңбектердің бірі
болған. Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі - от, ол әрдайым өзгеруде
әрі қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан
жаралған. Космос баршаға ортақ, оны ешқандай Құдайда, адамда, жасамаған,
ол қашаннан болған, қазірде бар, бұдан былайда мәңгі жанып тұратын от,
тұтанып және өлеусіреп сөніп бара жатқан оттың өлшемі Зат атаулының бәрі
қажеттілікке орай оттан пайда болады, оны Гераклит логос деп атайды.
Әлемдік процесс ұдайы қайталанып отырады; ұлы маусым біткен соң заттардың
бәрі қайтадан отқа айналады. Табиғат тіршілігі-толассыз қозғалыс процесі,
барлық нәрселер, олардың қасиет-күйлері өздерінің қарама-қарсы жағына
ойысады: суық-ыстыққа, ыстық-суыққа айналады. Бәрі өзгере отырып жаңарады.
Соған орай Гераклиттің атақты тұжырымдамасы қалыптасады: Бір өзенге екі
қайтара түсе алмайсың. Гераклит дүниені танып-білуге болатындығына кәміл
сенеді, сондықтан адам баласының ақыл-ой қабілетіне бөгет жоқ деп есептеді.
Сонымен бірге ол ақиқатты танудың, оған жетудің қиындығын түсініп, табиғат
жасырынуды ұнатады деде. данышпан болу үшін көзі ашық, көкірегі ояу болу-
жеткіліксіз. табиғаттың сырын ұғу үшін адамның ұлы қасиеті болып табылатын
ерекше ойлау қабілеті болуы керек.
Грек философы Гераклит өз шығармасының " Табиғат” туралы, дүниенің
генетикалық бастауы от деп қарастырды, ал әлем космос деп түсіні. Ерте грек
философиясының дамуында өзіндік үлес қосты Элей мектебінің философтары
(Парменид, Зенон, Ксенофон )
Бұл табиғаттың басты тақырыбы – болмыс. Ежелгі грек философиясының
дамуына антологиялық бағыт Демокрит ілімі өзіндік із қалдырды, яғни
дүниенің бастауы – атом. Грек философиясында адамға бетбүрыс бағыты Сократ
есімімен байланысты. Адам проблемасы алғашқы көтерген софистер.
Грек философиясы мен мәдениетінің өркендеген жері грек жері емес,
Жерорта теңізі жағалауындағы елдер. Бұл елдерді бір кезде гректер жаулап
алған болатын. Милет, Самос, Абдер сияқты қалалар Жерорта теңізіне жақын
болып, оларда сауда-саттық және экономикалық қатынастар кеңінен өркендеді.
Сондықтан бұл қалаларда ірі мәдениет ошағы, философиялық орта пайда болып,
дами бастады. Алғашқы грек философиялық мектебі Милет қаласында пайда
болды. Милет мектебі Ежелгі Грекияда б.з.д. VI ғ. өмір сүрді. Бұл Милет
мектебінің негізін қалаушылар Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Бұлар дүниені
біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін жалпы процесс деп қарай отырып, оның
негізін материалдықтан іздеді. Фалес (б.з.д. 640-560 ж.ж.) дүниенің негізін
судан, Анаксимандр (б.з.д. 610-540ж.ж) апейроннан (шексіздіктен), Анаксимен
(б.з.д. 546ж. туған) ауадан іздеді. Олар өткен дәуірдегі мифологиялық
көзқарастан бас тартты. Алдымен жаратылыстану саласын зерттеушілер болды.
Олар дүниеде не бірінші деген мәселені емес, керсінше, дүниенің
біртұтастығын белгілі бір материалдық бірінші негіз арқылы шешуге тырысты.
Эфестік Гераклит (шамамен б.д.д.540ж.). Оның есімі философия тарихында
өшпес із қалдырған. Сонымен қатар, Гераклит тарихта Қараңғы деген қосымша
атпен белгілі. Мұндай теңеу оның шығармаларының ерекшелігіне: ойлау
машығының сипатына, тіліне, стиліне қарай айтылады. Гераклиттің ойлары өте
қысқа әрі жинақты келеді. Ол түсініксіз сөздер арқылы терең ой жүйесін
ширатып, әрбір құбылыс пен заттың мәнін ашуға тырысады.
Гераклит қарама-қарсылықтардың бірінсіз-бірі өмір сүрмейтіндігін
дәлелдеп шықты. Ол дүниенің тұрақсыздығын, оның үнемі қозғалыс пен
өзгерісте, жалпы дамуда болатынын айқындап берді. Өзендегі суға екі рет
түсе алмайсың, өйткені ол ағып жатыр дейді. Мұның өзі барлығы ағып, үнемі
дамуда болады деген пікірді білдіреді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бір -
бірінен ажыраспайтынын, бір - біріне өтетінін, алмасатынын, бірін-бірі
толықтыратынын, бірі жойылса, екіншісі де жоғалатынын айқындап берді.
Гераклит сол кездегі басқа ойшылдар сияқты жаратылыстану саласымен
айналысып, дүниенің негізін материалдық біртұтастықтан іздеді. Сондықтан да
ол дүниенің негізін отта деп есептеді.
Гераклит – көрнекті диалектик, теориялық ойлаудың шым-шытырман
тұңғиығына, оның қайшылықтары мен бұрылысы көп жолдарына батыл көз
жүгірткен ғұлама философ. Гераклиттің диалектикасы көптеген келелі
мәселелерді көтерді. Сондай проблемалардың бірі таным процесін, әсіресе,
диалектикалық танымның салыстыру әдісімен қалыптасатынын атап көрсетті.
Салыстыру арқылы жақсылық пен жамандықтың, әсемдік пен көріксіздіктің т.б,
жігін ашып, мәнін негіздеуге тырысты.
Грек философиясында Гераклит диалектикасына қарама-қарсы бағытта пайда
болған сол кездегі ағымдардың бірі - Элей мектебі болды. Ол мектептердің
өкілдері – Парменид пен Зенон. Парменид пен Зенон бастаған Элей мектебі
келелі философиялық мәселелерді көтерді. Ең алдымен олар болмыс туралы
проблеманы жан-жақты талқылады.
Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда
болған философиялық мектеп. Басты өкілдеріКсенофан, Парменид, Зенон,
Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.
Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы. бүкіл
мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып
жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне,
яғни жануарға ұқсатып елестетер еді,- дейді. Дүние жер мен судан пайда
болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең,
біртекті, өзгеріссіз деп санады.
Парменид - болмыс ұғымын алғаш рет философияға енг3зген6 ежелг3 грек
философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас,
толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және
қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау
Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендіген аңғартады. Болмыс-бар
нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге,
сипаттауға болады,-дейді.
Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш
рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық
табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмсыста
қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. Ахилл және
тасбақа, Жебе т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)-
ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория
заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың негізінде пайда
болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория
деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін
оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының
жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын
қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес.
Элей мектебі болмыс туралы философиялық мәселе көтере отырып, оның
мәнін ашуға әрекеттенді. Болмысты тек ойлау арқылы білуге, түсінуге, сырын
ашуға болады. Ендеше, негізгі мәселе – ойлаудың болмысқа деген қатынасы.
Бұл - Элей мектебінің ашқан жаңалығы. Мұның өзі кейін философияның негізгі
мәселесіне айналды.
Элей мектебінің негізін қалаған Парменид деген ойшыл. Оның ұстазы
атақты ақын, ойшыл Ксенофан.
Міне, Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: Болмыс
бар, болмыс емес жоқ - кесіп айтты.
Зенонның атақты апориялары: Ахиллес пен тасбақа, Жебе. Апория -
ойлаудағы қиналу, аң-таң болу, шешілмейтін жұмбақ мәселе.
Пифагоршылдар – ежелгі грек философы, әрі математигі, Пифагордың
ізбасарлары. Олар дүниенің негізін сандық қатынастарда, сан барлық заттар
мен процестердің мәні деп есептеді. Сандардың негізі әрбір зат пен
процестің өлшемінде жатыр. Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында
пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы,
математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе
болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы
бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді
тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын
зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен
өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды.
Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуакн
түрлілігінің түп негізі деп санаған.
Сандардың қасиеттерін зеттей отырып, Пифагоршылдар жұп және тақ
сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады.
Ойдың қалану геометриясы-нүктеге, сызыққа, жазықтыққа, көлемге негізделген.
Демек, Пифагоршылдар жүйесіндегі сандар болмыстың жалпылама негізіне
байланыстырылған кеңістіктің таңбалануы. Соған орай бәрі-сан деген
тұжырым қалыптасты. Олардың музыкалық интервал туралы ілімінде акустика мен
аспан механикасының математикалық негіздері баяндалған. Пифагоршылдар
философия мен ғылымның әрмен қарай дамуына орасан зор әсер етті.
Атомистер – материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп. Негізі
өкілдерінің бірі: Демокрит. Оның пікірінше, барлық материалдық дүние
атомдардан тұрады. Атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең.
Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы,
Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-
атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы
ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды.
Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз
қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас
материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос
кеңістік-болмыс емес.
Демокрит танымның материалистік теориясын дамыта келіп, адамның санасы-
обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп
есептеді. Дүниені танып-білудің екі түрін көрсетеді:
1. Сезім арқылы танып-білу,
2. Ақылмен танып-білу.
Демокрит біздің сезім мүшелеріміз-көру, есту, иіс сезу, дәм білу, тән
сезімдеріміз-заттар мен қозғалыстардың бәрін бірдей қабылдай алмайды,
дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды ақыл-ойы арқылы ғана тани
алады.
Демокриттің атомдық теориясы көптеген ғасырлар бойы ғылымға жол
көрсеткен ілім болды. Оның материялық атомдардың обьективті өмір
сүретіндігі туралы жалпы философиялық көзқарасы ғылым мен филосогфияның
тарихында орасан зор маңызға ие. Демокриттің көзқарастарын Эпикур мен
Лукреций Кар әрі қарай датытты.
Софистер б.д.д. V-IVғ. өмір сүрген. Софистік философия, шын мәнісінде,
антропалогиялық ілім болып қалыптасқан еді. Оның негізін қалаушы аға
буынның өкілі — Протагор болатын. Протагордың Адам - барлық дүниедегі
заттардың мөлшері деген қағидасы адам туралы ілімнің іргетасын калаған
негізгі принцип болды. Шынында да, адам барлық заттардың және соған қатысты
процестердің мөлшері болуға тиіс. Мұндай идеяның негізінде адамның өзінің
рөлі де және оның қызметінің маңызы да жан-жақты қамтылады.
Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана)-даналықтың, шешендіктің
кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған.
Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор.
Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және
әлеуметтік релятивизм-олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер екі
топқа бөлінді: Аға софистер-табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді.
Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар-алғашқы
ағартушылар. Екінші тобы- Кіші софистер (ақсүйектер тобы)-Гипподам,
Критий-философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау–дау кезіндегі
кейіпке байланысты пайда болған Софистика деген әдісті қолданды.
Софистика – дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді,
софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде
қолдану. Сондықтанда Аристотель оларды жалған даналық ұстаздары деп
атады.
Антикалық философияның екінші-классикалық кезеңі-ерте грек
философиясының кемелденген, гүлденген кезі болды. Себебі, Платон мен
Аристотель өздеріне дейінгі философияны біртұтас ғылымға айналдырып,
жүйелендіре түсті.
Классикалық философия. Сократ, Платон, Аристотель.
Сократ (б.з.б. 469-399 жылдары) жасында мүсіншілікпен айналысып, кейін
философ, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді. Сократ ілімі
материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда
ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар
дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана
білеміз. сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу
мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай
түсінігін Сократ Өзіңді танып – біл формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің
ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде.
Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен
жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол
берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің
сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу
өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер
білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды.
Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа
жүгінсек Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім қағидасының мәні ашыла
түспек.
Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі
ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер
басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар
аударды. Ол, ең алдымен өзіне дейінгі философтардың ой-пікірлерін талдай
келе, олар негізгі кемшілігін көре білді. Сократтың ойынша, таным
философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Сократ мәселені батыл
қойды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі,
өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Осыдан келіп Сократтың бірінші
принципі шықты. Сен алдымен өзінді-өзің таны. Сократ бұл жерде адамның
өмірін философияның негізгі мәселесі етіп қараумен шектелмей, өмірдің өзін
өзіндік сана ретінде қарап отырған. Ендеше, адамша өмір сүрудің өзі өнер
екен. Оның екінші қағидасы: Менің білетінім - менің ештеңе білмейтіндігім,
ал басқалар мұны да білмейді. Адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын, өзін
өзі тануға ұмтылған сайын, сайып келгенде ештеңе білмейтіндігін анықтайды.
Ерекшеліктері: Сократ мағыналы шығармалар қалтырғанмен тарихқа
әйгілі полемист, ойшыл оқытушы философ ретінде қалды.Сократ жасап ,
қалданған негізгі әдісін майевтика деп атаған. Оның мәні – логикалық
әдістер арқылы қойылған сураққа әңгімелесушінің өздігінше дөрыс жауапқа
келуіне көмектесу.Сократ өз философиясын, ағартушылық жұмысын ең өзекті
мәселелер бойынша, қалың халықтың, базарларда ашық әңгіме базар құрып
жүрген. Жақсылық пен жамандық махаббат, бақыт, адамдық т.б
тақырыптарға.Сократты ресми билік органдары мойындамаған, оны қарапайым
софист, яғни жастар арасына бүлік салып жолдарын басқа жаңа бұрып ,
қоғамның тыныштығын бұзушы деп қараған.
Сократ қызметінің тарихи мәні.
Білімнің тарауына, азаматтардың ағартушылықпен айналысуына ықпал
етті.Адамзаттың жақсылық пен жамандық, махаббат , ар сияқты мәселелеріне
жауап іздеді.Қазіргі таңғы білім беру жүйесін де қолданылатын майевтика
әдісінің негізін қалады.Шындықты табудың диалогтың әдісін енгізіп еркін
дауда оның дұрыс екенін дәлелдеу жолымен.Көптеген оқушыларын тәрбиелеп һз
қызметінің жалғастырушыларын қалдырды. Сократтық мектептің қайраткерлері
болған.
2. Сократтық мектептер – Сократ ойының әсерінен қалыптасқан және
оның оқушыларымен дамыған философиялық ілім.
2.1. Платон академиясы-б.э.д. 385 ж Платон мен қалыптасқан,
философияны – діндік мектеп. Мақсаты философияның мәселелерді зерттеу,
құдайлар мен музаларды қадірлеу болған. Ол б.э. 6 ғ дейін өмір сүрді.
2.2. Киниктер – еркіндік идеясын қоғамнан тыс қалыптастырған,
философикалық мектеп. Бұл мектептің қайраткерлері өз философиялық
зерттейтін өздеріне өойып тексерген. Клиниктер паразиттік, қаңғыбастық өмір
сүрген, жанұясыз мемлекетпен заңға, мәдениетке қарсы келген. Бұл мектептің
ең әйгілі қайраткерлеріне – Антисфен, Диоген, Синаский (Плотон, Сократ
есінен таңға деп атаған.)
2.3. Кирендік мектеп- Сократтың оқушысы Киреннен шыққан. Аристиппен
негізделген 4 б.ғ.д.ғ өмір сүрген
Осы мектеп қайраткерінің көзқарасы табиғатты зерттеуге қарсы
болған.Ең жоғары деп лязатты есептеген.Сәйкесінше өмір мақсаты ляззат деп
есептеп, бақытты лязаттың жиынтығы, байлықты – ляззатқа жету құралы деп
есептеген.
2.4. Мегар мектебі. Б.э.д 4 ғ Мегарлық Сократтың оқушысы Евклидпен
негізделген. Қайраткерлері Евбулид, Диодор, Крон.
Мегарлардың ойынша абстрактілі өте жоғары игілік бар, ол нақты
суреттеуге жатпайды деген – құдай, ақыл өмірлік энергия. Жоғарғы игілікке
қарсы ештеңе жоқ.Мегорлықтар философиялық ілімдік зерттеулерімен қатар,
белсенді түрде тәжірибелік қызметпен айналысып дауласушылар деген атқа ие
болған. Мегорлық мектеп қайраткерлері Евбулид бірқатар әйгілі
парадокстардың авторлары атанды-Куча Лысый. Олар арқылы санның сапаға
ауысу диалектикасын түсіндіруге тырысқан.Куча апориясы : Егер жерге
бір бидай тастап, оған бір бидайдан қосып отырсақ, қанша уақыттан кейін
бұл жерде үйінді болады ? Бидайлар жиынтығы бір бидай қосқаннан кейін
үйіндіге айнала ма ? Лысый апориясы : Егер адам басынан біртіндеп аман
түсетін болса, қанша уақыттан кейін ол таз болады. Әлі таз емес және
әбден таз арасын бөлетін шекара қоюға бола ма ?
2.5. Элидтік –эритрийск мектебі.
Платон (б.з.б. 427-347 жылдары өмір сүрген) атақты және аса ауқатты
бай жанұядан шыққан. Философия тарихында Платонның қалыптасуы, көбінесе
оның ұстазы Сократтың есімімен тығыз байланыстырады. Оның үстіне Платонның
көптеген шығарма сұхбаттарының негізгі кейіпкері — Сократ. Ол Афины
демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері: Мемлекет, Театет,
Федон, т.б. Платон (б.д.д. 428427 – 348347 )- ежелгі грек философы,
Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан астам
философиялық диалогтар ретінде жазылған еңбектердің авторы. (Парменид,
Теэтет, Мемлекет, т.б.) Дүниеге идеалистік көзқарасты қорғаған Платон
сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті.
Платон объективті идеализмнің жүйесін жасады. Сезім арқылы
қабылданатын заттар дүниесіне идеялар дүниесін қарама-қарсы қойды.
Идеялар объективті түрде табиғат пен қоғамға тәуелсіз өмір сүреді. Нақтылы
заттар дүниесін Платон көлеңкелер дүниесі деп атады, өйткені заттар
дегеніміз идеялардың көшірмелері, көлеңкелері ғана деді. Идеялар дегеніміз
заттардың мәңгілік бейнелері, оларды ойша сезілетін заттар ғана көреді.
Адамның жаны, рухы тәнге тәуелсіз о дүниеге идеяларда өмір сүреді. Ол
материялық емес, мәңгілік нәрсе. Адам бойына уақытша ғана қонақтап, кейін
тәннен ажырап, өзінің мәңгілік әлеміне қайта оралады. Платон философиясында
идеялар дүниесі– Эйдос деп аталады.
Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік.
Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым аз, сондықтан Платон
оларға қосымша тағы бір ұғым — “хораны” (материя) кіргізді. Хора-материя —
көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген
түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті. Платонның
материясын таны Платон білуге болмайды, ол — бейболмыстың бір түрі. Материя
көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің,
табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя
мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді. Платон материяның бұл түрінен физ.
материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антик. көзқарастарда
қалыптасқан төрт негіз — от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді.
Сезімдік заттар - заттандырылған идеялар мен материяның туындылары.
Материалдық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, қайта жоғалып жатады.
Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама — әлемдік
рух немесе космос рухы шығарм. күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның,
сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар
әлемін байланыстырады. Ол заттарды идеяларға ұқсауға, ал идеяларды заттарда
болуға көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық
рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Ол қарама-қайшылық үш бөліктен
тұрады: біріншісі — өзіне-өзі тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі —
өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі — сол екеуінің қосындысынан тұратын
бөлік (сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін — демиург. Ол космостың
мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтірушісі. Демиург жаратқан жандар
аспанда болған кезінде идеялар әлемін көріп, таны Платон біледі; бірақ
жерге түсіп, адамдардың денесіне орналасқанда көрген-білгенінің бәрін
ұмытып қалады. Платон таным процесі — жанның ұмытып қалған идеялар әлемін
еске түсіруі деген қорытынды жасайды. Материялық денелер идеялардың бейнесі
болғандықтан, жан оларды көргенде, ұмытып қалған идеялар әлемі туралы
білгені есіне оралады. Жанның осы жолмен алған білімі нағыз ақиқатқа
жатады. Аспан әлемінің үйлесімділігін зерттейтін ғылымдар арқылы алған
білім — ақиқатқа жақын, себебі олар идеялар әлемі туралы тікелей білім
бермесе де, соған жақындатады. Ал сезімдік денелер туралы күнделікті
тәжірибе арқылы алған білім — шындыққа жанаспайды, себебі ол болмыс,
идеялар әлемі туралы білім емес, олардың көлеңкесі туралы алынған білім.
Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай
маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі
құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан
ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші
арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсіні Платон білу үшін ақыл-
ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне
түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда оған эрос көмектеседі, себебі ол
адамдарды шығарм-қа жетелейтін құдіретті күш. Платонның көзқарасы бойынша,
идеяны, эросты басшылыққа алған өмір әдептілік идеясын (игілік,
қайырымдылық) жүзеге асырады. Ол тек рухани махаббат негізінде ғана мүмкін.
Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен үйлесімділігі.
Сезімдік дүние идеялар мен материяның туындысы, арасында, екеуінің
ортасын,да тұрады. Идеялар мәңгілік, аспаннан да биік, олар туылмайды,
пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді
емес. Платон ілімі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz