Жаһандану. Глобалдық мәселелер философиясы


Жаһандану. Глобалдық мәселелер философиясы
Глобалдық мәселелер және олардың пайда болуының себептері. Экологиялық апат қаупі және оны жеңудің негізгі сценарийлерінің философиялық мағынасы. Глобалдану, глобализм және антиглобализм тарихтың қазіргі ұйғарым-талабы ретінде. Глобалдық модельдеу «Римдік клубтың» негізгі мәселесі ретінде. Глобалдық мәселелерді зерттеудің негізгі бағыттары. Футурологиялық мәселдеменің қалыптасуы. Өршіп келе жатқан экологиялық дағдарыс мәселесінің көпшілікке жайылуы. «Римдік клубтың» философиялық ізденістері. Глобалдық сана қалыптасуы мәселе
Жаһандану бүгінгі таңда жиі қолданылатын ұғым. Ол дүниежүзілік экономиканың дамуына, жетілген компьютерлік технологияға, біріккен ақпараттық кеңістік құруға негізделген. Бүгінде жаңа әлемнің қоғамдық - саяси өмірінің саяси, әскери, экономикалық, мәдени және экологиялық салаларында өзіндік ерекше жағдай қалыптасты. Жаңа кезеңі ретінде - жаһандану үрдісі болып есептелді. Жаһандану ағылшын тілінің Globalizaton ұғымының аудармасы болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік топтадың арасындағы айырмашылықты айқындап, адам, мәдениет, тіл, білім, рухани - адамгершілік даму, халықаралық қатынастарға әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар бұл мәселе БҰҰ, Бас Ассамблеясының сессияларында, «Үлкен сегіздік» елдері мен ЕуроОдақтың саммиттерінде, Бұқаралық Ақпарат Құралдарында, ғылыми конференцияларында жиі айтылады. Жаһандануды әкелуші АҚШ және Еуропа елдері екендігі белгілі. Сол себепті олар өмір сүру жағдайын қолайлы етуге көңіл бөлген мемлекеттер болып есептеледі және жаһандану алғашында тек материалдық құндылықтарға ие болуды көздеген. Ал қазір рухани - адамгершілік бағытынан айырылып, қатыгездік, өзге адам құқығын аяққа басу сияқты келеңсіз заңдылықтарға бағытталып отыр.
«Жаһандану» термині алғаш рет Гарвард бизнес университетінің
профессоры Теодор Левитт 1983 ж. «Гарвард бизнес ревью» журналында жарық көрген «Нарықтар жаһандануы» мақаласында пайдаланған.
Жаһандау үрдісі түсінігі, оның пайда болу уақытына байланысты да әр түрлі көзқарастар бар, дегенмен, әлемдік жаһандану үрдісі қазіргі кезде қалыптасқан халықаралық шаруашылықтың сандық және сапалы өзгерістерін көрсететін мемлекеттер тығыз өзара тәуелді қарым-қатынаста болатын бүкіләлемдік кезеңі.
Жаһандану дегеніміз - бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол - біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп, дамып келеді. Алысқа бармай-ақ, өзіңіз бен өз үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда Турциядан әкелген туфли, астыңызда Германия, немесе Америкадан шыққан жеңіл мәшине, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан шаңсорғыш, Жапонияда шығарылған магнитофон, арабтардың тоқыған кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үндістан елінен келген шай, Мароккодан келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген тауықтың аяқтары, Қытайдан әкелінген ыдыс-аяқ т. с. с. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады. Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global - әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) - жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.
Жаһандану дегеніміз - бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол - біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Бүкіл ХХ ғасырдың өн бойында адамзат алуан түрлі жаһандық мәселелермен тұспа-тұс келіп отырды. Ол үшін дүниежүзілік екі соғысты, фашизм мен ұлтшылдықтың пайда болуын, ядролық қару мен Жер бетінде тіршілік атаулының құрып кету қаупін және т. б. еске алудың өзі жеткілікті болып табылады. Алайда, өкінішке орай, осы орын алған жағдайлардан сабақ алып, адамзатқа төнетін барлық қауіп-қатердің алдын алдық деп тұжырым жасай алмаймыз. Қазіргі таңда қуатты бес күш әлемдік қауымдастықты жаңа бір жағдайға алып бара жатыр. Алғашқысы - бір өрістіліктің (однополярность) белгіленуі, екіншісі - әлемдік экономиканың жаһандануы, үшіншісі - ұлттар мен мемлекеттердің әлсіреуі, төртіншісі - өркениеттік сәйкестілікті іздестіру, бесіншісі - әлемдік қауымдастықтың басым бөлігі болып табылатын кедейлердің бас көтеруі. Яғни, біздер мұнда әлемнің бес басты түрткісі - күш-қуатттылық, байлық, хаос, ұқсастық пен әділеттілік туралы әңгіме қозғап отырмыз. Ресейдің танымал ғаламы А. Уткиннің пікірі бойынша, осы түрткілердің әсерінен « әлемдік тәртіп қайта түзеледі, жаңа геосаяси, экономикалық, өркениеттік әлем бейнесі қалыптасатын болады»
«Әлемде жаңа тәртіптің орнауы» нәтижесінде ұлттық ұдайы өнідруші тетіктерінің шоғырлануы мен олардың бір кеңістікке жұмылдырылуы негізінде қазіргі әлемдік шаруашылық құрылыстың бүкіл сипаты түбірімен өзгеріске ұшырап, маңызды алғышарттар пайда болады. Негізінде, әлемдік өндірісті қайта ұйымдастыруға деген көлемді қозғалыстар шаруашылық өкілеттіліктерді қайта бөліске салуда, басымдықтарды қайта қарауға, әлемдік шаруашылық байланыстар мен өзара әрекеттестіктердің кәдуілгі көріністерін өзгертуге қабілетті прерогативтерді құрастыруға алып келуі мүмкін. Басқаша айтқанда, жаһандану барысында әлемдік кеңістікті бір аймаққа біріктіретін әлемдік байланыстардың жаңа түрі пайда болады. Жаһандану осындай әрекеттері арқылы «халықаралық құқықтық және мәдени-ақпараттық өрісті, өзіндік бір аймақаралық ақпараттық алмасу инфрақұрылымын құруды қарастырады. Жаһандану әлемдік қауымдастыққа жаңа қасиет береді, ал осы үдерістің пайымына бару біздер үшін әлем туралы ұғымның алмасу кезеңінде дұрыс бағдар алуға мүмкіндік береді».
Қазіргі таңда жаһандану, ең алдымен, бүгінгі орын алып отырған халықаралық экономикалық қатынастардың сипаты мен серпінді техникалық прогресті қамтамасыз ететін өндірістік күштердің (көлік, байланыс құралдары, әлемдік компьютерлік желілер және т. б. ) даму деңгейіне қатысты болып келеді. Осы орасан ғылыми-техникалық прогресс әлемнің бейнесін түбірімен өзгертіп, жаһандануға алып келді, алуан түрлі халықтарды бір-біріне жақындата түсті. Солай дей тұрғанымызбен, қазіргі жаһандану бір жақта сипатқа ие емес. Өте ауқымды болып келетін өндірістік-қаржы ресурстарының трансұлттық корпорациялардың қолына шоғырлануы оларды, шындығында, әлемнің нағыз қожасына айналдырады, нәтижеде трансұлттық мемлекеттер өз егемендігінен айрылып, өз елдерінің нарықтарындағы қаржы-экономикалық жағдайды бақылау тізгінін босатып алады
Жаһандану мәселесіндегі негізгі түсінік - кезінде Иммануель Уоллерстайн және Фернан Бродель жазып өткен әлем экономикасы болып табылады. Француз тарихшысы Фернан Бродель бұл жөнінде былай деп атап өтеді: «капиталистік жаһандану саяси-географиялық кеңістікті моделдейді. Бір ғана орталықтың, қаланың, тыныс алушы организмнің айналасында «көлемі жағынан екінші маңызға ие жұлдыздар» әрекет ететін болады, . . мұндай кеңістіктік иерархияда орталық - шеткері аймақ (периферия) қатынасы басымдық танытады [9] .
Сондықтан мұнда негізгі мәселелердің бірі жаһанданудан кім ұтып, кім «жұтылады» деген сауалмен байланысты болып келеді. Әрине, мұнда бай елдер немесе индивидтер басым орынды иеленеді. Кейбір оппоненттер кірістердің жаһандақ конвергенциясы орын алуы мүмкін, өйткені кедей мемлекеттердің экономикасы бай елдерге қарағанда, жедел қарқынмен дамиды деген пікір айтады. Негізінде, жылдам даму барлық мемлекеттерге тән емес, экономикалық тұрғыдан нашар дамыған елдер бай елдерге қарағанда баяу қарқынымен ерекшеленеді. Соған орай олардың жаһанданудан алар пайдасы да аз болып келмек.
Жаһанданудың оң және теріс жақтарына талдау жасай келе, малайзиялық танымал ғалым Музаффар Чандра оның бір ғана оң нәтижесі «жанама өнімде» деп атап көрсетеді. «Оның нағыз себебі пайданы барынша көбейтуден көрінеді», -деп жазады ол, сондықтан жаһандану «бүкіл тарих бойында адамзат өркениетінің тұтастығына маңызды қауіп төндіретін қатерлердің бірі болуы мүмкін». Алайда, «жаһандану дін мен мәдениет үшін белгілі бір оң элементтер әкелетіндіктен, одан толық бойды аулақ салудың да қажеті жоқ. Этикалық және моральдық ережелер қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік стратегияда экономикалық қызмет атқару кезінде ескерілуі тиіс. Нарық этикалық принциптермен реттелініп отыруы қажет» деп санайды ол. Оның пікірінше, «ислам және басқа да дін интелектуалдарына қарсы тұру дінмен үйлесе отырып, жаһандану үдерісіне енгізілген адамгершілік және экономикалық жағынан негізделген саясаттан көрінеді».
Егерде жаһанданудың артықшылықтары туралы айтар болсақ, жаһандану халықаралық бәсекелестікті өршіте түседі. Бәсекелестік пен нарықтың кеңеюі мамандану және халықаралық еңбек бөлінісін тереңдетуге әкеледі. Жаһанданудың тағы бір артықшылығы - өндіріс ауқымындағы үнемділік, мұның өзі ысырапшылыққа жол бермеу мен бағаның төмендеуіне, соның салдарынан тұрақты экономикалық дамуға әкеледі.
Егерде жаһанданудың оң жәге теріс жақтарын саралайтын болсақ, оның өзі әлемдік жүйенің сипатына байланысты болады. Егер әлем қақтығыстарға толы болса, онда ол мүлдем теріс сипат алады. Керісінше, әлем ынтымақтастыққа қарай бет түзесе, онда жаһандану оң әсер береді.
Жаһандану мәселесі өз мемлекетіміздің тәуелсіздігіне, Қазақстан халқының мәдениетіне, көпғасырлық дәстүрге, халық даналығына әсер етуде. Еліміздің дамуының өзгеше ерекшеліктерінің бірі, оның болашаққа ұмтылысы болып табылады. Мемлекет басшысы жаһандану үрдісінде жастар саясатына ерекше көңіл бөлуде. XXI ғасыр жаңару кезеңі, жастар қоғамды, экономиканы дамытушы, қозғаушы күш деп айтқан болатын. Тарихпен дәлелденген мәселе ретінде - жастар кез-келген мемлекеттің болашағы. Әлемдік өркениетке ену процесі жастардан іскерлік пен біліктілікті, ақылдылық пен парасаттылық талап етеді. Жастар саясаты - жарқын болашақ кепілі. Бұқаралық Ақпарат Құралдар мәліметтері бойынша мемлекеттер «монолисттік» мәдениеттен «плюралистікке» көшу барысында, яғни плюралистік қоғамда жастардың, қоғамның құндылықтары өзгеруі және жоғалуы да мүмкін. Бұл мәселе жайында Н. А. Назарбаев «Сындарлы 10 жыл» еңбегінде айтып, шешу жолдарын жастар саясаты «Жастарды тәрбиелеу» құжатын жасады. Онда :
• Жастардың қоғамдағы өзгерістерге төтеп бере алмауы, бейімделуі.
• Техникалық прогреске, ғылым мен білім жүйесіне конструкциялық бақылау жасай алуы.
• Қоғамнан оқшауланудан күресу, өзінің жеке тұлға ретінде қажеттігін сезіну, өзін қоғамға мойындату
• Командалық жұмысты бағалау және дамуына үлес қосу, деп атап көрсетеді.
Елбасы Жолдауында республика жастарына үлкен сенім білдіріп, үміт артып отыр. Осыдан тағы бір мәселе туындайды - білім сапасы. Қазіргі заманғы білім беруді және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту керек. Бұл саладағы реформа Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі ретінде қарастырылады. Елбасының жаһандандырудың оң және теріс әсерін салыстыра келе, оны салмақты, жүйелі басқару қажеттілігін атап өткен. Расында, әлем елдерінің арасындағы экономикалық алмасу, ақпараттық, адамдардың еркін қозғалысы арқылы жүзеге асырылатын жаһандану жағдайы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру керек екендігін дәлелдеп беруде. Елдің экономикалық деңгейі, әлемдегі бәсекелестік орны оның адам капиталына байланысты деген еді Президент. Бәсекеге қабілеттіліктің шешуші факторы ретінде ғылым мен білім, жаңа технологияларды атады. Ғылымды дамытуда ұсынылған Жоғары ғылыми - техникалық комиссия құру, Ғылымды дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдау болып табылады.
Алдыңғы онжылдықта жоғары технологиялар, жедел көлік жүйелері, энергия сақтаушы технологиялар заманы болатыны түсінікті. Президенттің білім мен ғылымға назар аударуы да даусыз. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне, әлемдік қауымдастық елімізді экономика мен саясаттың барлық салаларында терезесі тең әріптес ретінде қабылдауына, халықтың әл - ауқатын көтеруге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру да үміт артқаны белгілі.
Қазір әлемде қоғамдық қатынастардың барлық салалары бәсеке жағдайында деп айтуға болады. Өйткені, әлемдік инфрақұрлымдары мен институттары, қызметтің жаңа бағыттарын қалыптастырды. Яғни халықаралық байланыстар жүйесінде «Үлкен сегіздік» саммиттерінде, үкіметтік емес ұйымдар мен Бүкіләлемдік сарапшыларының пікірталасынан бастап, халықаралық ұйымдардың жыл сайынғы жиналыстарында әлемдік тартыс-таластар орын алуда. Дүние жүзі ғалымдарының қазіргі әлем туралы пікірталастарының өзекті мәселесі ретінде мемлекеттік биліктің орны мен рөлі, болашақ тағдыры, даму жағдайы, жаһандану үрдісі сияқты аса маңызды мәселелер орын алуда. Жаһандану жағдайы ғалымдармен, саясаткерлер, дипломаттардың алаңдаушылығын тудыртуда. Себебі мемлекеттің ұлттық - ұлттық егемендік мәселесіне қауіп төндіртіп отыр. Мұның бәрі Қазақстан мемлекетінің, қазақ халқының ұлттық мүдделеріне қайшы келетін ұстанымдар жиынтығы. Жаһандану, жаңару мен өзгерістер кезінде ең күрделі міндет - өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін, тұтастығын, экономикалық дербестігін сақтап қалу. Әлемдік трансұлттық компаниялардың, ұйымдар мен одақтардың саясаты мен мақсаты біздің ұлттық мүддеге қайшы келетіні белгілі. Сондықтан қазақ мемлекетін нығайту келешек президент пен парламент институттарының жауапкершілігін арттыру болып табылады. Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтқанда, Қазақ елін «олжалы жерде үлестен, ордалы жерде орыннан, жоралы жерде жолдан қалдырмау».
Жаңа білім, жаңа технология жүйесіне Қазақстанның ену жолдарының бірі - бейбітшілікті қолдау арқылы өркениетке қол жеткізу. Елімізде өткізіліп жатқан барлық реформалар нәтижелі болуы үшін адамдар құқығының сақталуын қамтамасыз ету, заң үстемдігін қалыптастыру, өркениетті азаматтық қоғам орнату керек. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы 2009-2011 жылдарға арналған. Қазақстан 2010 жылы Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі еліміздің әлемдік қауымдастық алдында беделін көтеретіні белгілі. ЕҚЫҰ төрағалық стратегиясын дайындау мақсатында «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын қабылдадық. Бағдарламаның қажеттілігі мемлекетіміздің ішкі дамуына, тарихи қалыптасқан байланыстарды нығайту, технологиялық, энергетикалық, гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету, еуропалық интеграция, құқықтық реформалар тәжірибесіне сүйену арқылы өз мемлекетімізді дамыту. Мұңдағы ең басты мақсат - Еуропа елдерімен қарым-қатынасымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткізіп, заңдарымызды Еуропалық стандарттарды ескере отырып, технологиялық басқару және институттық даму тәжірибесін алу. Еуропалық тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық - құқықтық базаны жетілдіру және Қазақстан Республикасының 2010 ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі үшін қолайлы жағдай жасау. Осы Бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Еуропаның жетекші елдерімен саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда стратегиялық әріптестік деңгейіне шығуын, Еуропа елдерімен тауар айналымы жыл сайын 10%-ке ұлғайту үшін қолайлы жағдай жасалуын, Еуропа мемлекеттері және үкіметтері басшылары деңгейінде жыл сайын 5 сапар алмасу, қазақстандық желілер панъеуропалық көлік жүйелерімен түйістіру аясында көлік жүйесін дамыту сияқты нақты бірлескен жобалар пайда болмақ. Оларды іске асыру осы жылдың шілде айында Париж қаласында Стратегиялық серіктестігі туралы келісімін іс жүзінде жүзеге асыруға келіскен болатын. Осындай «Еуропаға жол» бағдарламасымен Президент еліміздің ЕҚЫҰ-ға төраға болуына және қазақстандықтардың Еуропа елдеріндегі өмір сүру деңгейіне жеткізетін құжат деуге болады. Осы жерде ЕҚЫҰ - өзі жайлы мағлұмат. 56 мемлекет мүшесі болып табылатын ұйым БҰҰ Жарғысының негізінде дағдарысты жағдайлардың алдын алу, Еуропадағы түрлі кикілжіңдер мен зардаптарын реттеу үшін құрылған болатын. Еліміз 1992 жылдан бері ЕҚЫҰ-ның тұрақты мүшесі болып, 1995 жылы ЕҚЫҰ-ның жанынан Вена қаласында Қазақстанның тұрақты өкілділігі ашылды. 1999 жылы ЕҚЫҰ мен ҚР Үкіметі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды және Алматыда ЕҚЫҰ-ның орталығы ашылды. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету туралы ниет Қазақстан 2003 жылы білдірген болатын. Елбасының 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолында» атты Жолдауында аса маңызды мән берген. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне 2005 жылы Қазан қаласында ТМД басшыларының саммитінде қолдау көрсетсе, ЕурАзЭҚ-тың 2006 жылғы тамыз айындағы бейресми саммитінде қолдайтынын мәлімдеген.
ЕҚЫҰ тұрақты төрағасының қызметтен бір жылға оның төрағалығына сайланған елдің Сыртқы Істер Министрі атқарады. Жалпы, ЕҚЫҰ-да төрағаны қосып есептегенде сегіз институт бар. Олар : Жоғары деңгейдегі кездесулер, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Басқару кеңесі, Тұрақты кеңес, Қауіпсіздік Жөніндегі ықпалдастық форумы, Парламенттік Ассамблея және Бас хатшы.
Осындай беделді ұйымға төрағалық ету Қазақстан секілді жас тәуелсіз мемлекеттер әлемге танымал бола түсуіне, халықаралық қоғамдастықтың ықпалды мүшесі болуға мүмкіндік туып тұр. Осы жол арқылы Қазақстанның өркениет жолындағы, адам құқығын, құндылығын қастерлеудің көрсеткіші. «Еуропаға жол» бағдарламасы өзара түсініктілік, сыйласымдылықты қажет етеді және Қазақстанның болашағы.
Қазақстан мен ЕҚЫҰ мен толыққанды мүшесі ретінде ынтымақтастығын, қарым-қатынастарын белгіленген бағыты бойынша дамыту. Қазақстан өз тұрғысынан жаһандану заманының талабына сай реформалау шараларын жүргізбек.
Өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, жаһандану мәселесі - адамзат үшін жаңа кезең. Бұл процесс алғашында экономика мен информатика салаларында, білім жүйесінде, мәдениет және т. б. салаларда пайда бола бастады. Қазір қазақ халқы үшін, Қазақстан үшін ең жауапты әрі шешуші кезең. Себебі, қазір жаһандану дәуірі басталып, онда ұлттың рухани мәдениетке аса үлкен көңіл бөлінуде. Осыған байланысты біздер ең бастысы, қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтап қалу және одан әрі дамыту тиіспіз. Рухани құндылықтарға - тіл, дін, салт-дәстүр, тарих, мәдениет, өнер, музыка, жатады. Осы құндылықтарды сақтасақ, қоғамның рухани-имандылығына, әлеуметтік-экономикалық қоғамдық-саяси өміріне әсер етеді.
Өйткені, жаһандану тек ірі мәдениеттер өркениетінің, ұлттық құндылықтарының қатығысы емес, сонымен қатар экономикалық қақтығыс. Эконмикалық жағынан капитал, арзан шикізат көзі, жұмыс күші, экспортқа шығару тауарлар санын көбейту, инвистиция, кредит беру сияқты мәселелер үшін күрес.
Дүние жүзінде ақпараттық, экономикалық алмасу, адамдардың еркін қозғалысы арқылы жүзеге асатын жаһандану жағдайында мемлекетіміздің тұрмыс деңгейін жоғары, ауқатты мемлекттер қатарынан табылуы үшін оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруы керек. Бұл орайда, жаһандық қоғам қазірдің өзінде қоғамдық құндылықтар жүйесі мен жоғары білім беру деңгейі бәсекелестігін тудыртып отыр. Мұндай құндылықтарды игеру үшін ғылым мен білім, жаңа технологиялар бәсекеге қабілеттіліктің шешуші факторларына айналатыны түсінікті. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы ғана білім экономикасына көтеріле алатынымыз, ол үшін жеке тұлғаны дамыту, үздіксіз білім алу қажеттігін айқын сезіне түсу керек.
Қазақстан үшін 2009, 2010 жылдар бұрын-соңды болмаған жауапкершілікке толы - сын кезең. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа сайланған жағдайда, Қазақстанның экономика, гуманитария салаларында әлемдік дәрежедегі жарқын жетістіктерге бет бұрып, өркендеуіне жол салатын оқиға. ЕҚЫҰ-ға төрағалық сайлану арқылы еліміз өз өсуінің жаңа интеллектуалдық биіктікке бейімделуіне әкеліп, қазақ елінің әлеуметтік бірлігіне, әлеуметтік тұтастығына, әлеуметтік жаңару мен кемелденуіне жеткізетін Еуропа жолы.
Жаһандану (глобализация) үрдістерінің философиялық астары.
Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер.
Мыңдаған жылдар бойы өркениеттік даму шеңберіндегі адамдардың арманы, бір жағынан, басқа ұлттар және ұлыстармен кездесу, мәдениет үлгілерімен алмасу, бірге бейбіт өмір сүру т. с. с. болса, екінші, шамасы, ешқашанда орындалмайтын - Ғарыштағы басқа саналы тіршілікпен, яғни рухпен жүздесу қиялы болатын. Осы тұрғыдан алғанда, көне заманның атақты императоры, ғұлама Аристотельдің тәрбиесінде болған Ескендір, Орта ғасырдағы теңдесі жоқ ұлы Шыңғыс хан, Иван Грозный т. с. с. саяси қайраткерлердің іс-әрекеттерінің астарында «жаһандану идеясы» жатса керек. Мүмкін, олар оны саналы түрде пайымдамаса да, ішкі «көкей көзімен» сезген болар.
Тек бүгінгі таңда, ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. Басында бұл идея бүкіл адамзаттың жан дүниесінде тұрақты орын алған сияқты. Кейбіреуге ол ұнауы, я болмаса ұнамауы да мүмкін, бірақ бірде-бір мемлекет одан оқшау өмір сүре алмайды. Олай болса, жаһандану идеясы философиялық тұрғыдан қажетті түрде қаралып, сарапталуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz