Неміс классикалық философиясының пайда болуы



1. Классикалық ұгымы. Неміс классикалыц философиясының пайда болуының әлеуметтік.мәдени шарттары, ерекшеліктері.
2. И.Кант . классикалық неміс философиясының негізін салушы. И.Канттың гносеологиясы мен этикасы.
3. Г.В. Гегель философиясының негізгі ұғымдары.
Философиялық сөздікте классика деген ұғымға – сlаssіcus (латынша) – тыныштыққа, салмақтылыққа, реттілікке, айқындыққа, үйлесілімділіккё үмтылу; үлттық және әлемдік мәдениет үшін баға жетпес қүндылық бо-лып есептелетін ең озық, үлы туындылар, классика қызуқандылыққа, рет-сіздікке, қараңғылыққа қарама-қарсы деген анықтама берілген.
Неміс философиясына классикалық атауының берілуі оның дүни-ежүзілік философия тарихында алатын орнының аса маңызды, көрнекті екенін көрсетіп түр. Сөз жоқ, неміс классикалық философиясы – тарихи феномен, ол фундамент қана емес, маңғаз ғимарат, оның әрбір өкілі қай-таланбас тұлға, тендесі жоқ құндылық. И.Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.В.Гегель, Л.Фейербах және тағы басқа философия тарихында өшпейтін із қалдырған ойшылдар.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Классикалык неміс философиясы

1. Классикалық ұгымы. Неміс классикалыц философиясының пайда болуының
әлеуметтік-мәдени шарттары, ерекшеліктері.

2. И.Кант – классикалық неміс философиясының негізін салушы. И.Канттың
гносеологиясы мен этикасы.

3. Г.В. Гегель философиясының негізгі ұғымдары.

Философиялық сөздікте классика деген ұғымға – сlаssіcus (латынша) –
тыныштыққа, салмақтылыққа, реттілікке, айқындыққа, үйлесілімділіккё үмтылу;
үлттық және әлемдік мәдениет үшін баға жетпес қүндылық бо-лып есептелетін
ең озық, үлы туындылар, классика қызуқандылыққа, рет-сіздікке, қараңғылыққа
қарама-қарсы деген анықтама берілген.

Неміс философиясына классикалық атауының берілуі оның дүни-ежүзілік
философия тарихында алатын орнының аса маңызды, көрнекті екенін көрсетіп
түр. Сөз жоқ, неміс классикалық философиясы – тарихи феномен, ол фундамент
қана емес, маңғаз ғимарат, оның әрбір өкілі қай-таланбас тұлға, тендесі жоқ
құндылық. И.Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.В.Гегель, Л.Фейербах және тағы
басқа философия тарихында өшпейтін із қалдырған ойшылдар.

Неміс классикалық философиясының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары:

1) Германия үшін ХVІІІ-ғасыр – Агартушылық Дәуірі. Ағартушылар соқыр сенім-
наным, фанатизмге, халықты алдауға бітіспес күрес жүргізді. Олар өздерін
ақыл-ойдың миссионерлері ретінде қарастырды, халықтың көзін ашуға, оларға
өмірге келгендегі мақсатын түсіндіруге міндеттіміз деп есептеді.
Ренессанстық еркін тұлға идеалы жалпылық идеалымен то-лықтырылды: адам өзін
ғана емес, басқаларды да ойлауы тиіс. Әлеуметтік идеясы, қоғамды
ұйымдастыру мәселесі басты мәселеге айналды. Оған жету жолы – білім.
Біліммен тым әуестену қаупі ХVІІІ-ғасырдағы Германияда әзірге жоқ,
Ағартушылықтың алғашқы кезеңі рационалтді, ол парасатты ойлауға
негізделген. Кейінірек ақыл-ойдан көңілі қайтқандар ендігі жолды сезімнен,
интуиииядан, диалектикалық ақыл-ойдан іздеді, бірақ мұның бәрі соңынан
болды, әзірге біліммен байланысты нәрсенің бәрі керемет болып көрінеді.

2) Ағартушылыққа тарихи оптимизм тән. Прогресс идеясы осы ке-зеңнің
жетістігі. Ағартушылық алғаш рет озін Жаңа Дәуір ретінде сезіне бастады. Ол
ұлттық бірлік үшін күресті, бір заңға бағынатын жалпыгер-мандық мемлекет
құруды талап етті, князьдіктер мен қалалардың, монархтар мен дворяндардың
ойына келгенін жасауын тоқтатуға тырысты.

3) Бұл ерекшелік Пруссия корөлдығының өз шекараларын қарудың күшімен
кеңейтіп, күшті мемлекетке айналуға ұмтылуымен байланысты еді. Бірақ
әскерінің саны жағынан Европада төртінші орын алған Пруссия казарма ғана
емес, гылымдар академиясын дамытқан ел болды.

Осындай әлеуметтік-мәдени жағдайларда қалыптасқан неміс класси-калық
философиясының ерекшеліктері:

I) философия көпшіліктік сипатқа ие. Лейбництің ілімін жалғастырушы
Христиан Вольф бұл іске көп еңбек сіңірді. Лейбниц әлемді тұтас нәрсе,
ондағы дін мен ғылымның арасында қарама-қайшылық жоқ деп қарастырса, Вольф
пен оның шәкірттері қоғамның күрделі мәселелерін білімді көбірек тарату
арқылы реттеуге болады деп сенді, христиандық сенімді рационализммен
ұштастыруға ұмтылды.

2) пиетизм – лютерандық шіркеудің рухани тоқырауына қарсылық негізінде
қалыптасқан қозғалыс. Пиетистер өзінің назарын дін сыртқы салт-дәстүрден
ішкі сенімге, қасиетті дін кітабын меңгеруге және адам-гершіліктік мінез-
құлыққа аудару керек деп ұйғарды. Ағартушылық өкілдерінің басым көпшілігі
осы мектептен өтті. Мысалы, Кант авторитеттер деген жоқ, жаңа кезеңнің
уақыты туды, қайшылықтарды көрсете отырып, біржақтылықтан арылу қажет, жаңа
шешім беру, бірақ жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жеңу емес, бітімге
келтіру керек деп жариялады.

3) Философияның басты объектісі – адам, оның ақыл-ойының мүмкіндіктері мен
шекарасы.

Иммануил Кант (1724-1804) – неміс философиясының негізін қалаушы. Ой
еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград)
қаласында өткізген. Кенисбергуниверситетініңдін факуль-тетіне оқуға түсіп,
діни пәндермен қатар философия, физика. математика пәндерінен лекцияларға
қатысқан. Философияға кештеу, 45 жасында келді. Әуелі (1755 ж.) дүниенің
физикалық-астрономиялық теориясын ұсынды, оны кейін Лаплас қайталады.
Сонымен бірге от, жердің өз өсін айналуы, жердің тозуы, жер сілкінісі
туралы шығармаларын жазды. Ол 47 жасында философиядан диссертация қорғап,
логика және метафизика профессоры атағын алды. Негізгі философиялық
еңбектері осьщан кейін бірінен соң бірі дүниеге келе бастады.

Ол философия пәнін оқытушы ретінде де танымал болды. Дауысының әлсіздігіне
қарамастан оның лекцияларына адам көп жиналатын. Фи-лософиядан басқа
математика, физика, құқық, этика, физикалық география, антропология,
рациональдік дінтану курстарынан лекциялар оқыды. Бірақ Інжілді бұрмалады
деген айып тағылып, соңғы пәннен лекция оқуға тиым салынды. Лекция оқу егде
адамның ісі емес деп, жасы үлкейе келе лекция оқуды тоқтатты, бар назарын
барлық ғылымдардың энциклопе-диясын қамтитын үлкен еңбек жазуға бұрды,
бірақ ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуі себепті бұл еңбек үзінділер
күйінде қалды. Канттың 80 жаска екі ай жетпей дүниеден өткен адамдық
тұлғасы мен өмірі басқаларға, әсіресе қазіргі жастарға үлгі боларлықтай.
Оның бойында ақыл аффектіден жогары, парыз нәпсі мен төменгі тілектерден
жогары тұрды. Өзінің ғылыми-философиялық қызметін ең жоғарғы міндеті деп
түсінген Кант басқа нәрсенің бәрін осы міндетке бағындырды. Ол тіпті
табиғатты да жеңді деуге болады, себебі табиғатынан аурушаң әлсіз денесін
тынымсыз ой энергиясының тірегіне айналдырып, философияны зерттеу ісін бар
өмірінің мақсаты деп түсінді және осы мақсатынан өмірінің соңына дейін
айнымады.

Кант басты назарды танылушы субстанцияның құрылымына емес, танушы
субъектінің ерекшеліктеріне аударды. Оның философиясының негізгі мәселесі –
табиғат, дүние, қоғам емес, субъектінің танымдық қызметі. адамның ақыл-
ойының мумкіндіктерінің шекарасын анықтау. Яғни, онтологияның орнын
гносеология, субъектінің танымдық қабілеттерін сыни сараптау алмастырды.

Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризмі мен рационализмін қорыта

отырып, априори теориясын ұсынды:

1) Бізді қоршаған дүние – өзіндік зат (вещь в себе), оны түйсіктеріміз
арқылы танып-білуіміз мүмкін емес. Ол кеңістік пен уақытта өмір сүрмейді,
субстанция да емес. Себебі, кеңістік пен уақыт субъективті, біздің
қабылдауымыздың жемісі. Заттар туралы пікірлер біздің зердеміз-де
тәжірибеге дейін қалыптасқан. Оны қалыптастыратын – біздің ақыл-ойымыз,
а’рriori (тәжірибеге дейінгі). Түйсіктер жинаған білім емес, категорияларды
жүйеге келтіретін логика ғана ақиқат білім береді.

2) Таным процестерінің қиындығы бірін-бірі теріске шығаратын, бірақ
әрқайсысы ақиқат ретінде дәлелденетін тұжырымдар, яғни, антиномиялар
тудырады. Кант антиномиялардың төрт түрін көрсетеді: а) Дүниенің уақыттық
бастауы бар, тек кеңістік жағынан шектеулі (тезис); Дүниенің уақыттық
бастауы жоқ және кеңістікте шексіз. Ол кеңістік пен уақытта шексіз
(антитезис). ә) Әрбір күрделі субстанция қарапайым бөліктерден тұрады және
тұрмайды. б) Себептіліктің екі түрі бар: біреуі табиғат заңдылықтарына
сәйкес, екіншісі – еркіндікке (тезис); Бір ғана себептілік – табиғат
заңдылықтарына сәйкес себептілік бар (антитезис). в) абсолютті қажетті
тіршілік етуші өмір сүреді және сүрмейді.

Бұл қайшылықтарды шешу Кант үшін қиын болды, ол бір шешімге келе
алмай, ақыл-ойдың дәрменсіздігі туралы тұжырымға келді. Бірақ мәселе ақыл-
ойдың шектеулігінде емес, дүниедегі процестердің диалек тикалық қайшылықты
екендігінде еді, оны кейін Гегель түсіндірді. Кант зердені (ақыл-ойды)
сынауға көшіп, адамның ақыл-ойының дамуын үш кезеңге бөліп көрсетті:

1) Бұл кезеңде ақыл-ойдың бүкіл әлемге әсері кушті болды, ол барлық
ғылымдардың ғылымына айналды (Жаңа Дәуір философиясы).

2) Ақыл-ойдың қабілеттеріне деген сенбестік кезеңі (Д.Юм). Фило-софияның
маңызы төмендеді.

3) Сыншылдық кезеңі – Кант философиясынан басталады. Ол ақыл-ойдың өмірдегі
мәнін анықтауға ұмтылды, оны таным теориясының шең-берінен шығарып,
практикалық ақыл-ойдың адамгершілік заңдарын қалыптастырудағы рөлін
көрсетті.

Канттың осы соңғы ұстанымы оның адам туралы философиясынан айқын
көрінеді. Ол өзінің философиясы туралы: адамға аса қажет білім болса, ол
мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмек-тесетін ғылым
және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады , -деп жазған болатын.
Кант философия саласын мына төрт сұрақтың төңірегінде жинақтады: 1. Мен не
біле аламын? 2. Мен не істеуім керек? 3. Мен не нәрсеге үміттене аламын? 4.
Адам дегеніміз не? Бірінші сұраққа мета-физика жауап береді, екіншісіне –
мораль, үшіншісіне – дін, төртіншісіне антропология. Бірақ бәрін
антропологияда жинақтауға болады, себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді.

Канттың пікірінше, адам бір-біріне қарама-қарсы екі дүниенің: сезім
арқылы қабылданатын феноменальдік және ақыл арқылы танылатын но-уменальдік
дүниенің субъектісі. Феноменальдік дүниеде адам табиғи күштерге, қоғамдық
ережелерге тәуелді, яғни өзін еркін сезіне алмайды. Ал ноуменалдық дүниеде
адам еркін, сезімнен жоғары, рухани-адамгершіліктік идеалдар мен
құндылықтар үстем интеллигибелді дүниенің мүшесі. Яғни, адам екі
қайшылықтың – табиғат пен еркіндіктің — арасында таңдау жасауға мәжбүр.
Кант осы екі дүниенің ара байланысын, бір-біріне әсерін мойындай отырып,
ноуменальдік бастауды жоғары қояды. Оның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойының
көмегімен адамгершіліктік ережелерін жасақтауға қабілетті. Бұл ережелерді
Кант екі түрге бөледі: шартты және міндетті түрде орындалуға тиіс,
бұлжымайтын ережелер.

Шартты ережелерді орындау-орындау адамның өз еркінде. Мысалы, әрбір
адам денсаулығын күткені дұрыс деп шартты түрде ұсынылады, саулығыңыз
туралы бас қатырғыңыз келмесе, ол сіздің жеке мәселеңіз. Ал адамгершіліктік
талаптарды, Канттың пікірінше, әрбір адам орындауға міндетті. Оларды Кант
адамгершілік заңы, бұлжымайтын императив ретінде қарастырады. Адамгершілік
заңы адамның абсолюттік еркіндігін реттеуші. Кант: Сен еркін де ақылды
болуға тиістісің деп жария еткенімен, абсолюттік еркіндік түбінде
жақсылыққа апармайтынын түсінді, сондықтан да бұлжымайтын императивті
енгізді. Шектеусіз, абсолюттік еркіндіктің іс жүзінде аморальдылыққа
ұшыратынының дәлелін тарихтан да, қазіргі өмірден де көруге болады.
Гегельдің өзі абсолюттік еркіндікті құбыжық нәрсемен теңеуі тегін емес.
Бұлжымайтын императив (Кант философиясының бұл ұғымы қазақ тіліндегі
философиялық әдебиетте категориалды императив, әдептілік императиві деп
аударылып, аталып жүр. Менің ойымша, Канттың императивтерінің мазмұнын
дұрыс жеткізу үшін бұлжымайтын императив ұғымын қолданғанымыз жөн) парыз
ұғымына негізделген.

Кант парызды аса жоғары бағалайды. Оның пікірінше, парыз рацио-налды
ойлай алатын тіршілік етушілердің бәріне тән табиғи қасиет. Кант үшін парыз
категориясы антропологиялық мәселелерді шешуге кілт болды деуге болады,
себебі адам өзі мен адамзат алдындағы парызын орындау жолында өзінің рухани-
адамгершіліктік мүмкіндіктерін жүзеге асырады, өз тағдырын өзі жасай
алатындығын, табиғи инстинктерді жеңіп, адамдық бастауын сақтап қалу
қабілетін дәлелдейді. Яғни парыз категориясы адамды экзистенциалдық тандау
жасауға мәжбүр етеді. Бұл тандауды Кант адамның пайдасына шешеді: Адамның
өзінің алдындагы парызы – өзін адамгершілікті тіршілік етушінің
жетістіктерінен~аиыруга тиым салуда, ягни өзін ішкі еркіндіктен айыруга,
затқа айналдыруга тиым салуда . Кант осылайша дүниедегі заттардың бәрі де
салыстырмалы құндылыққа ие еркіндігін, бірақ парасатты және еркін жігер ең
басты құндылық болып есептелетінін айтады. Ақыл-ой, парасат адамға биік
мақсаттарға жету үшін берілгенін, сондықтан оны жануарлық инстинкген төмен
коюға болмайтынын Кант ерекше ескертеді, адамның ең бірінші, өзінің
алдындағы парызы өмірінің мәнін құрайтын мақсаты – өзін ақыл-ойға жүгіне
отырып, жан-жақты жетілдіру деп анықтайды.

Сонымен бірге, ол адам өмірінің мәні тек өзінің алдындағы ғана емес,
басқа адамдардың, жалпы қоғам алдындағы парызын орындау деп түсінеді.
Бұлжымайтын императивтің бірінші қағидасы: Өзіңдегі де, басқалардағы да
ақылды және еркін жігерді мақсатқа жету құралы емес, сол мақсаттың өзі деп
таны. Бүл қағидадан ұлы гуманист Канттың адам мен қоғам туралы
демократиялық ойларын көреміз. Тұлға белгілі бір құқықтарта, еркіндікке ие,
қоғамның саналы мүшесі, өз өмірінің, өз тағдырының кожайыны, оған ешкім де,
ешқандай қоғамдық-саяси ұйымдар да өз көзқарасын таңа алмайды. Канттың
ойынша, осындай саналы тұлғалардан кемелденген республика құрылады, мұндай
қоғамда бір тұлға басқа тұлғалар үшін құрал емес, мақсат.

Демократиялық даму жолына түскен бі қоғам үшін осы қағида, әрине, аса
маңызды.

Канттың осы қағидасы жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды
реттеуте де пайдасын тигізеді. Қазіргі заманда достық, жолдасть ұғымдарының
құны түсіп отырғаны жасырын емес. Осы асыл қасиетерді уақытша, белгілі бір
мақсатқа жету жолында қолданатын адамдардың саны соңғы уақытта көбейіп
отыр. Бұл құбылыс еткінші деп ойлаймыз, себебі мұндай қарым-қатынас алдамшы
ғана. Заман қанша қатігез болса да адам өзінің басты қасиетін – адамшылығын
ұмытпауы керек. Нағыз достық, сыйластық пайдаға негізделмеген, шынайы,
кіршіксіз болуы тиіс, ал уақыт ша сезімге сүйенген адам өзін де, басқаны да
төмендетеді. Әрбір адам түбінде ең қатал сот – өзінің ар-ұятының алдында
жауап беретінін ұмытпағаны жөн, Ал Канттың қағидасын ұстанып, басқа
адамдармен мейлінше кіршіксіз қарым-қатынас орнатуға тырысқан адамның ары
таза.

Келесі қағидаларында Кант адамға деген талабын күшейте түседі: Сенің
ісің, тәртібің жалпы заң болсын, Сенің жігеріңді билеуші ереже
дүниежүзілік заңдылық негізіне айналатындай болып қызмет ет. Яғни,
басқаларға үлгі болатындай өмір сүру – әрбір адамның парызы, бұл тұжы-рым
адам өмірінің өлшемі деуге де болады. Аталған талап адамнан көп еңбекті,
мықты жігерді, ақыл-ойдың орасан жұмысын қажет етеді, бірақ адамның рухани,
адамгершілік, тіпті кәсіби жағынан жетілуіне зор пайдасын тигізетіні
күмәнсіз.

Осы қағиданың бір ғана отбасы көлеміндегі әсерін алып қарайықшы. Әрбір ата-
ана парыздарын дұрыс түсініп, өздеріне қатаң талап қоя білсе, кейінгі
ұрпаққа қандай ізгі үлгі болар еді. Ал осы істі қоғам көлемінде алып
қарастырсақ, бұл өте қиын, күрделі нәрсе. Адамдардың көпшілігі парыз
ауырлығынан саналы түрде қашып, тыныш қана өмір сүруді таңдауы мүмкін.
Бірақ адам атына лайық, мәнді өмір сүремін деген адам парызын орындау
міндетін өмірінің басты анықтаушы күші ретінде түсінуі тиіс деп ойлаймыз.

Парыздың осыншама императивтік күшінің негізі неде? Моральдық
міндеттердің негізін Кант адам табиғаты мен адам өмір сүріп отырған
дүниенін жағдайларынан емес, а’ргіогі таза ақыл ұғымдарынан іздеу қажет,-
деп түсіндіреді. Ол адамның адамгершілікті өмір кешуі қажеттігін оның
ақылы, парасаты талап етеді, сондықтан адам ақылының бұйрығын міндетті
түрде орындауы керектігін ескертеді.

Сонымен, Кант адам өмірінің мәні еркін ақылға негізделген парызды
түсіне білу, оны міндетті түрде орындауға тырысу деп шешеді. Өз зама-нында
да, кейіннен де Канттың осы түсінігі көп сынға ұшырағаны белгілі.

Мысалы, орыс ойшылы П.Кропоткин: Кант табиғаттан адамгершіліктің
табиғи негізін таба алмады, сондықтан да адамгершілік парыздың құдайы
негізіне сілтейді. Ол аз болса, Канттың адамгершілік заң санасы рацио-
нальді ойлаушы мақұлықтармен бірге адамға да тән деген жиі қайталаулары
Шопенгауэр айтқан періштелер дүниесін елестетеді,-десе, келесі бір орыс
философы Н.Бердяев Кантты қоғамды жеке адамнан жоғары қарастырады деп
санайды. Оның пікірінше, міндетті түрде орындауға тиісті парыз адамның
еркіндігін шектейді, адамды қоғамға, қоғамдық пікірге тәуелді етеді. Ал
кеңестік философия Кантты негізінен скептикалық тұрғыдан ғана қабылдап,
оған идеалист айдарын таққаны белгілі.

Біздің ойымызша, кейбір кемшіліктеріне қарамастан, жалпы Кант фи-
лософиясының, оның ішінде этикалық парыз ілімінің қазіргі заманда ма-нызы
зор. Соңғы, әсіресе елімізге кептеген өзгерістер әкелген 90-шы жылдардың
басынан бергі уақытта Кант философиясына деген бүрыннан да күшті
қызығушылықтың ұлғая түсуі кездейсоқтық емес. Жоғарыда айтылғандай, Кант
ілімі қазір моральдық ригоризм тапшылығын сезініп отырған әрбір адамға,
жалпы адамзатқа қажет болып отыр. Әрине, Канттың парыз принципінің
абстрактылығын, белгісіздеу жалпылығын жоққа шығаруға болмайды. Жеке адамға
оның бүкіл адамзат алдындағы парызы тіпті түсініксіз болуы мүмкін. Бірақ
адам әлем азаматы ғана емес, белгілі бір елдің ұлттың өкілі, ұжым, отбасы
мүшесі емес пе? Адамзат алдындағы парыз белгілі бір топтар, қоғамдастықтар
алдындағы міндеттерді белгілейді, оларды орындау адамнан ақылға негізделген
үлкен күш-жігерді, рухани еңбекті, адамгершіліктік өсуді талап етеді. Парыз
принципі адамды өз ақылына, рухани мүмкіндіктеріне сенуге, өз бойындағы
жабайы, табиғи инстинктерді жеңіп, парасатты жоғары қоя білуге, ар-ұждан
парызын түсінуге, бір сөзбен айтсақ, адам болуға үйретеді.

Кант осы принцип арқылы адамды отбасы, коллектив, мемлекет қана емес,
әлем шеңберінде тіл табыса білуге шақырады. Қазіргі таңда адамзат алдында
екі жол түр: халықаралық келісім арқылы мәңгілік бейбітшілікке кол жеткізу
және қанды соғыс нәтижесінде жер бетінен мүлдем құрып кету. Адамзат Канттың
парыз принципіне сүйеніп. алдыңғы жолды таңдауы тиіс. Кант парыз идеясының
және адам парасатының салтанатына сенеді, тіпті басқа қасиеттердің бәрі
бірігіп ақыл-ойдан туындайтын қүдыретті адам-гершілік заңына төтеп бере
алмайтындығына шүбә келтірмейді.

Ақыл-ойдың дамуына айқындаушы әсер ететін ғылым ретінде Кант
философияны атайды. Оның ойынша, адамның ауырып, жазылатыны секілді
процесті ақыл да кешеді. Осы жерде оған көмектесетін дәрі -философия.
Дәріні қолдана білетін фармацевтер мен дәрігерлер қажет екендігі сияқты,
философияны да нағыз мамандар үйретуі керектігін Кант ерекше ескертеді. Бұл
ескерту қазіргі философтарға да ой салуы тиіс деп ойлаймыз. Соңғы уақытта
философия ғылымына деген сұраныс күшей бұл құбылыс жастар арасында ғана
емес, қоғамымыздың барлық топтрында байқалып отыр. Ол түсінікті де.
Кеңестік дәуірде идеологияны қызметшісі болып қана келген, даму қарқыны
жағынан әлемдік филос фиядан едәуір артта қалған философия ғылымының
өркендеуіне қазі кең жол ашылды. Ең бастысы, философия езінің зерттеу
объектісі – ада проблемасына қайта оралып отыр.

Шым-шытырық қайшылықтарға толы қазіргі заманда өмір сүріп отыр ған
адам өзін мазалаған сұрақтардың жауабын философия ғылымынан оның тарихынан
іздеуде. Осы ретте жеке адамға көмекке келетін мамандардың Кант айтқандай
шарлатандар емес, мықты философиялық білімге ие, өз ісіне берілген
мамандар болуы аса маңызды екені түсінікті.

Өз жұмысын адамның ақыл-ойының жеңімпаз мүмкіндіктерін зерт-теуден
бастайтын, беталды ақылсынудан аулақ, еркіндіктен туындайтын бұлжымас
императивті өзтуы ретінде ұстайтын сыни философияны Кант адамзаттың
түпкілікті мақсатына жеткізуші ғылым ретінде қарастырады және осындай
философияны принципке айналдыруды өзінің де, басқа философтардың да парызы,
міндеті деп түсінеді, сонда ғана даналық адам жігерінің ішкі принципіне
айналатынына сенеді.

Кант адам философиясын теория жүзінде сипаттаушы, насихаттаушы болып
қана қойған жоқ, өзі осы принциптерді іс жүзінде мүлтіксіз орын-даушы
болды. Осы ретте оны Сократпен салыстырган дұрыс. Философиясы қаншалықты
адамгершілікке толы болса, Канттың өзі де соншалықты кіршіксіз, қиянатсыз
өмір сүрді. Қарсыластары парыз идеясын абстрактылық идея деп санағанмен,
оның бұл философиясының оның замандастарына, өзінен кейінгі философиялық
ағымдарға әсері мықты болды. М.Әуезовтің өзі: Канттан бергі философия
көзгетүсерлік жол тауып кете алған жоқ*,- деп. оның философиясын үлкен
көрегендікпен өте жоғары бағалаған еді. Осы сөздердің маңызы қазіргі
заманда арта түсіп отыр десек, қателеспейміз.

Қорыта айтсақ Кант өзіне дейінгі Жаңа Дәуір философтарының ілшіндегі
еркіндік, әсірссе, ақыл-парасат еркіндігі идеяларын әрі-қарай дамытты.

Немістің келесі бір ұлы философы Георг Вильгельм Гегель (177О-1831)
адам рухын табиғаттың тамаша туындысы, ақиқаты, мақсаты ретінде қарастырды.
Табиғат рух жолында өзін құрбан еткенімен, адам жаны мәңгілік тірі, ол
болмыстың жаңа тәсілі. Көне грек ойшылдары секілді Гегель де адам жанының
қос табиғатын атап көрстеді. Біріншіден. ол өзінің мазмұның анықтаушы
денемен тығыз байланысты; екіншіден, тәннен тәуелсіз, объективті. Гегельдің
тұжырымынша, адамның міндеті осы екі-жақтылықты біріктіру, бұл ретте
адамның көмекшісі – философия.

Гегель өз философиясының бастамасы етіп абсолют идеясын алды. Абсолют
— құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне-өзі тең
болады. Абсолюттік идея – нағыз шындық, болмыс және барлық материалдың
денелердің түпнегізі және мәні. Оның негізгі атрибуттарының бірі — әмбебап
жалпылық. Ол тұрақты және мәңгі. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тән, себебі
ол — таза ақыл-ой, ақыл-ой әрекетшіл болмаса өмір сүре алмайды. Осы
қасиетінің арқасыңда ол жай ақыл-ой болып қалмайды, материалдық денелерге
айналады. Бұл процесс төменде көрсетілгендей жүзеге асады. Рух өзінен
табиғат туралы таза ойын босатып, заттандырады және сол заттандырылған
табиғаттың өзінде өзінің басқа болмысы ретінде сақталады. Сөйтіп, ол өзінің
диалектикалық мәнін көрсетеді. Таза акыл-ой дамуының диалектикасы
табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілетінің жалпы заңы болып табылады.
Осыдан келіп Гегель табиғаттың, қоғамның, адам ақыл-ойының әр турлі даму
кезеңі абсолюттік идеяның әр түрлі даму сатысына саяды деген тұжырым
жасайды. Даму ироцесі, Гегельдің пікірінше, белгілі бір кестемен жүзеге
асады: тезис (нақтылану), антитезис (нақтылануды теріске шығару) және
синтез (терістеуді терістеу). Айталық, материалдық денелердің пайда болуы
тезис болса, олардың күйреуі – антитезис, ал куйреп бара жатқан денелердің
өзінің кейбір элементтерін сақтай отырып, басқа бір материалдық денелерге
айналуы синтез болады. Табиғат пен қоғамның дамуының қайнар көзі —
абсолюттік идеяның өзіндік дамуы.

Гегелъдің пікірінше, дүнненің бастауы жеке емес, атомдар мен жандарын
жиынтығы емес, тұтас, дүниеде тұтастан басқарсалды нәрсе жоқ. Бұл тұтасты
ол абсолют деп атайды. Абсолют – рух, ақыл-ой – субстанция. Табиғат пен рух
тұтастың өзінен жаттануы, бірақ бір-бірі не қарама-карсы. Материяның мәні –
ауырлығында, ал мақсаты -өзінен тыс; рухтың мәні – еркіндік, мақсаты –
өзінде. Гегель рухтың тарихи дамуында үш саты болды дейді: шыгыстық, грек-
римдік және германдық. Шығыста тек бір адам ғана еркін (Гегельдің осы
көзқарасы Шығыс дүниесіне деген европоцентристік, теріс көзқарастың
қалыптасуына бірінама ықпалын тигізгенін айта кеткеніміз жөн – Г.Н.), грек-
рим дүниесінде кейбіреулер еркін, ал герман дүниесінде бәрі еркін. Рух
-абсолюттік идеяның көрінісі. Осы принципті Гегель неміс мемлекетіне
байланысты да қолданады: мемлекет – Пруссия монархиясы; ұлт – рух иесі;
жеке тұлға – тарихи даму мақсатын жүзеге асырушы.

Гегельдің диалектикалық методы: кез-келген даму триада түрінде жүзеге
асады: тезис – антитезис – синтез. Әрбір ұғым, әрбір Даму осы жолдан ең
жоғары синтезге жеткенге дейін қайталап өте береді.

Гегелъ адамның жаның рухын құдайы сипатта түсіндіреді, құдайдың адамда
көрініс табуы деп есептейді және адамның бойындағы осы құдайы күш оны басқа
дүниеден биік тұруға жетелейді деп сенеді. Оның рух фи-лософиясы
субъективті, объективті және абсолютті рух болып бөлінеді, бұл кезендер –
рухани еркіндік сатылары. Субъективтік сатыда рух жалғыз, өзінің мазмұнына
тәуелді, рухани табиғаты туралы түсінігі жоқ жан. Объективтік кезенде
жанда еркіндік бар, ол тәннен азат, ішкі еркіндікке қол жеткізген соң
сыртқы жағдайлармен күресе бастайды, руханилықты басқа адамдардан, өмірінің
табиғи шарттарынан іздеуге кіріседі. Аталған кезеңнің маңызы зор:
...біріншіден, жан өзінің идеяның төменгі, табиғи сатыларымен байланысын
көреді, оларды ғылыми, техникалық және экономикалық жағынан жеңе отырып,
өзін олардың алламшы өзіндік болысынан азат етеді; екіншіден, адамдардың
белгісі көпшілігімен байланысын көреді, оларды адамгершілік және саяси
тұрғыдан артта қалдырадырып, өзінің алдамшы бөлектенушілігінен арылады‘.

Осы сатыда ғана жан азаттыққа қол жеткізіп, басқаадамдармен біріге
алады, мықты құрал болып есептелетін айбарлы, жігерлі, халықтық рух
қалыптасады. Гегель осындай күшті, мемлекеттік дәрежеде мызғымаз ха-лықтық,
ұлттық рух қалыптасқан елде ғана тамаша өнер, абсолюттік дін және ақиқатты
философия өмір сүре алады деп пайымдайды. Ұлы ойшылдың осы ойлары қазіргі
Қазақстан мемлекетіне халықтық рух, ұлттық азақтық рух жетіспей отырған
уақытта керек-ақ. Ұлттық рухпен қаруланып, аз уакыттың ішінде экономикасы
гүлденген, іргесі мықты мемлекетке кетке айналған Германия, Жапония сияқты
мемлекеттердің тамаша мысалдары көз алдымызда.

Абсолюттік рух сатысы – ең жоғарғы саты, адамның ақиқатты, идеяны,
құдайды тану сатысы. Құдайды сезімдік танымның көмегімен бейнелеу арқылы
жан әсем өнерді жасайды; құдайды эмоциялық тұрғыдаң тереңдеп түсінуден дін
туындайды, ал абсолюттік рухтың ең шыңы деп Гегель философияны атайды. Бұл
сатыда адам өмірде маңызды адами нәрсе емес, құдайы. Оның міндеті – өзінің
бойындағы адамға тән қасиеті терден арылып, құдайылық жолына түсу.
Объективтік сатыда ғана адами өзінің толыққанды рухани келбетін айқындайды,
күрес пен азаптан өтіп, өмірдің мәнін табады.

Гегельдің тағы бір тамаша ойы – бір рет қана адамгершіліктік ісәрекет
жасаған адамды ізгілікті кісі деп құрметтеуге асықпау керек, бұл жоғары
атаққа осы адамгершіліктік іс оның мінезінің тұрақты сипатына айналғанда
ғана ие бола алады. Ешқандай комментарийді қажет етпейтін, қысқаша айтсақ,
адамнан сөз бен істің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неміс классикалық философиясының негізгі сипаттары
Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуы
Канттың философиядағы таным мәселесі
Экзистенциализм философиясы
Неміс классикалық философиясының тарихи тамыры
Неміс философиясы
Герменевтика философиясының негіздері
Канттан кейінгі классикалық неміс идеализмінің өкілі
Классикалық неміс философиясы жайлы
Классикалық ұғымы. Неміс классикалық философиясының пайда болуының әлеуметтік-мәдени шарттары, ерекшеліктері
Пәндер