Әлеуметтік философия. Қоғам мәселесі
1 Қоғам көпжақты, әртүрлі қатынастар жүйесі
2. Қоғамның негiзгi типологиясы
3 Қоғамның даму концепциялары
4 Ғылыми . техникалық прогресс
2. Қоғамның негiзгi типологиясы
3 Қоғамның даму концепциялары
4 Ғылыми . техникалық прогресс
Қоғам - дегеніміз басқа да барлық организмдер сияқты ғылыми техникалық прогрестің, ресурстық, потенциалдық, ақпараттық және басқадай байланыстардағы өзгерістердің әсерімен, сондай – ақ бүкіл әлемнің, геосаяси қалыптың, әсіресе көрші елдердің әсерімен дамиды.
Қоғам көпжақты, әртүрлі қатынастар жүйесі. Олар бір – бірімен тығыз байланысты, бірінен – бірі туындап отырады. Дегенмен, қоғамдық қатынастар өзінің маңызына, атқаратын рөлінен қарай бірдей немесе бір қатарда бола алмайды. Мысалы, әр адам өзінің өмірін ұйымдастыруда материалдық жағдайы мен басқа да мүмкіндіктерін есепке ала отырып, ең алдымен, қандай қажеттілікті қанағаттандыру керектігін анықтайды, әрине тіршілікті қамтамасыз ететін тамақ, тұратын баспана, киетін киім болмаса, басқа құндылықтар туралы ойлау қиын болатыны сөзсіз.
Антика және ортағасыр философиясында қоғам мемлекеттен айрықшаланған емес болды. Мысалы, Платонның айтуынша, қоғамның негiзi мемлекеттiн саяси қызыметi болып табылады: халықты сыртқы жаулардаң қорғау және полистiң iшiнде тәртiптi сақтау деп тұжырымдады. Жаңа замаң философиясында қоғам «қоғамдық келiсiм» контекстiнде қарастырылды. Бұл теорияның негiзiн қалаушыТ.Гоббс болып табылады (адамдар бiр бiрiмен соғыста күйiнде болады, бұл жағдайдаң тек қоғамдық келiсiм арқылы ғана құтылуға болады, ал оның кепiлдiгi мемлекет болып табылады, өйткенi адамдар жартылай еркiндiгiнең өз тарапынан айрылады).

Әлеуметтік философия. Қоғам мәселесі.
Әлеуметтік философия предметі. Қоғам феномені. Қоғам пайда болуы
(генезисі). Антропосоциогенез. Қоғам өмірінің күрделіленуі. Саясат.
Мемлекет. Қоғамдық келісім идеясы. Азаматтық қоғам. Биліктерді бөлісу
идеясы. Мемлекет пен қоғамның ажырасуы. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғам
динамикасы. Қоғамның экономикалық негіздемелері. Әлеуметтік модернизм.
Еңбек қажеттілік ретінде. Адам болмысын еңбекке телу (редукциялау). Еңбек
қабілет ретінде. Өндірмелі және өндірімсіз еңбек. Әйел еңбегі. Еңбекті
бөлісудің гендерлік аспектілері.
Экономикалық жатсыну феномені. Әлеуметтік жатсыну феномені. Ашық
қоғам. Жабық қоғам. Бұқаралық қоғам. Индустриалдық және стиндустриалдық
қоғам. Ақпараттық қоғам феномені. Қазақстандық қоғам дамуының жолдары
перспективалары.
Қоғам - дегеніміз басқа да барлық организмдер сияқты ғылыми техникалық
прогрестің, ресурстық, потенциалдық, ақпараттық және басқадай
байланыстардағы өзгерістердің әсерімен, сондай – ақ бүкіл әлемнің, геосаяси
қалыптың, әсіресе көрші елдердің әсерімен дамиды.
Қоғам көпжақты, әртүрлі қатынастар жүйесі. Олар бір – бірімен тығыз
байланысты, бірінен – бірі туындап отырады. Дегенмен, қоғамдық қатынастар
өзінің маңызына, атқаратын рөлінен қарай бірдей немесе бір қатарда бола
алмайды. Мысалы, әр адам өзінің өмірін ұйымдастыруда материалдық жағдайы
мен басқа да мүмкіндіктерін есепке ала отырып, ең алдымен, қандай
қажеттілікті қанағаттандыру керектігін анықтайды, әрине тіршілікті
қамтамасыз ететін тамақ, тұратын баспана, киетін киім болмаса, басқа
құндылықтар туралы ойлау қиын болатыны сөзсіз.
Антика және ортағасыр философиясында қоғам мемлекеттен айрықшаланған
емес болды. Мысалы, Платонның айтуынша, қоғамның негiзi мемлекеттiн саяси
қызыметi болып табылады: халықты сыртқы жаулардаң қорғау және полистiң
iшiнде тәртiптi сақтау деп тұжырымдады. Жаңа замаң философиясында қоғам
қоғамдық келiсiм контекстiнде қарастырылды. Бұл теорияның негiзiн
қалаушыТ.Гоббс болып табылады (адамдар бiр бiрiмен соғыста күйiнде болады,
бұл жағдайдаң тек қоғамдық келiсiм арқылы ғана құтылуға болады, ал оның
кепiлдiгi мемлекет болып табылады, өйткенi адамдар жартылай еркiндiгiнең өз
тарапынан айрылады). Тек, Гегель ең бiрiншi болып мемлекет пен қоғам
арасындағы айрымашылықтар бар екенiң байқады, мемлекет (мораль және заңдар)
және азаматтық қоғам (жеке индивидуалды мүдделер аймағы) деп бөлдi. 19-20
ғғ. философиясында қоғамға деген көзқарастар бытыранқа, бiркелкi емес
болды: Конт қоғамды еңбек бөлiнiсi мен ынтымақтастық негiзделген
функционалды жүйе деп түсiндi; Дюргейм ұжымдық түсiнiктерге сүйенетiң,
индивидуалдының үстiндегi рухани шындық; Вебер әлеуметтiк әрекеттер
негiзiнде қалыптасқан, индивидтердiн өзара әрекеттесуi дедi. Ең, маңызды
ұлесiн қоғам түсiнiгiне қосқан К.Маркс болып табылады. Оның пiкiрiнше,
қоғам организмiнде бiртұтас материалды негiз бар (материалды игiлiктердi
өндiру тәсiлдерi) және ол адамдар тiршiлiк ету барысында кiретiн, қоғамдық
қатынастар жиынтығы болып табылады. Маркс қ.э.ф. туралы ұғымды
қалыптастырды, мұнда қоғам дамуының нақты кезенiнде қалыптасатың материалды
және рухани жақтарының бiрлiгi орын алады. Бұл iлiм бойынша, қоғам
тарихында антогонистiк (құлиеленушiлiк, феодалдық, капиталистiк) және
антогонистiк емес (алғашқа қауымдық құрылыс, коммунистiк) формациялар
болады. Олардың әрқайсысы меншiк формасымен айрықшаланады, бiр формацияның
келесi формациямен ауысуы қоғам дамуының негiзi. Бұл теорияның кемшiлiгi
Поппер, Арон ф-ң айтуынша, адамды қоғамдық қатынастарда толық ерiтiп,
барлық қоғамдық процестердi абсолюттi детерминациялау және экономикалық
фокторлар маңызың асыра бағалау да. Маркстiң негiзгi идеялары
(материалистiк диалектика, қоғамдық болмыстың қоғамдық санадаң басымдылығы,
бiрiншiлiгi т.б.) қоғамдық-тарихи практика барысында дәлелденiп, әлi күнге
дейiн өз маңызың, өзектiгiн жоғалтқан емес.
Қазырғы заманда қоғам түсiнiгi үш тұрғыдан қарастырылады: әрекеттiлiк-
қоғам жеке индивидттердiн жай ғана жиынтығы емес, әр-түрлi әлеуметтiк
топтар, ұжымдар, топтар, ұлттар, мемлекеттер т.б. сияқты тарихи қалыптасқан
адамдардың бiрлескен өзара-әрекеттесу формалары; қатынастық- қоғам
айқындаушы болып табылатың экономикалық қатынастар негiзiнде қалыптасқан
әлеуметтiк қатынастар жиынтығы; институтционалды- қоғамды ұйымдасқан-
басқару аспектiсiнде қарастырады, қоғамның тұрақты дамуың қамтамасыз ететiн
ұйымдар мен мекемелер жиынтығы.
Ендi осы келтiрiлген пiкiрлердi бiрiктiрсек, мұнда шығатыны:
әлеуметтiк философия адамның қоғамдық өмiрiнiң барлық әлемдерiнiң –
тарих, мәдениет, дiн, саясат, құқық, экономика т.б. әлемдерiнiң түпкi,
онтологиялық негiздерiн зерттейтiн философиялық бiлiм саласы.
Әлеуметтiк философияға өзгеше анықтама берген орыс ойшылдары: Бердяев,
Ильин, Флоренский, Булгаков. Франк Қоғамның рухани негiздерi атты
кiтабында әлеуметтiк философияның сұрақтарың анықтайды: 1) Қоғамдық өмiр
деген не? 2) Адам өмiрiнде қоғамдық өмiр қандай орн алады және оның шынайы
мақсаты неде? 3) адам өзiнiң қоғамдық болмысы формасын құра отырып неге
ұмтылады және неге жету мүмкiн? 4) адамның қоғамдық өмiрi әлемдiк, ғарыштық
болмыста қандай орын алады? Қоғамдық өмiр болмыстың қандай саласына жатады?
Оның айтуынша әлеуметтiк философия- қоғамдық болмыстың жалпы негiздерiн
зерттеумен айналасатын философиялық таным. Әлеуметтiк философия қоғамдық
шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығына көруге ұмтылу
болып табылады.
Әлеуметтiк философияны әлеуметтiк құбылыстар мен үдерiстердi танудың
теориялық-методологиялық мәселелерi, заңдылықтары, социум болмысының
логикасы қызықтырады. Және ақырында, С.Л.Франктың анықтауынша, әлеуметтiк
философияның зерттеу аймағы- қоғамдық өмiрдiң мәнi, оның индивидуалды адам
өмiрiмен қатынасы және қоғамдық өмiрдiң құндылық қрларының жалпы өмiрдiң
фундаментальды құндылықтарына қатысты.
2. Қоғамның негiзгi типологиясы келесi:
Қарапайым қоғам- рулық-тайпалық қатынастарға, табиғи шаруашылдық
формасына негiзделген, еңбектiң жыныс пен жас шамасына қарай бөлiнуiмен,
стихиялық түрде ұжымды басқару iсiне қатысумен, және көбiнесе көшпендiлi
өмiр сүру мен, бiлiмдi ұрпақтан ұрпаққа ауз тiлi және тәжiрибе арқылы
жеткiзу мен ерекшеленетiн алғашқы қоғамның типы.
Дәстүрлi қоғам- аграрлы революция нәтижесiнде көптеген әлеуметтiк
(орталыққа бағынатың мемлекет, абсолюттi монархия), құқықтық, және бiлiм
институттарының қалыптасуы, жазба тiлдiн пайда болуы мен моногамиялық
отбасының пайда болуы, қоғамдық сатыда жоғары тұрған элитарлық басқару,
өзiндiк пайдалану экономикасы, товар алмасу қатынастарының нығайтылуы және
жеке меншiктiң пайда болуы, кәсiби және ауыл шаруашылығына негiзделген
еңбек формасының кең тарауы, үлкен мәдени орталықтардың-қалалардың пайда
болуы, ғылыми бiлiмдердiн кең өрiс алуы мен ерекшеленетiн қоғам типы
(меншiк объектiсi- құлиленушiлiк-адам, феодалдық-жер, капиталистiк-
капитал).
Индустриалды қоғам- индустриалды революция негiзiнде үш әлеуметтiк-
экономикалық заңдарды жүзеге асырды: уақытты үнемдеу, қажеттiлiктердi
көтерiп асыру, және еңбек алмасу. Индустриализация логикасы бойынша барлық
елдер мен халықтар ұқсас сипаттарға ие болып, әлеуметтiк тәртiптiн
бiркелкiлiкке ұрынады, бұл процесс конвергенция тезисi деп аталады. 20 ғ.
екiншi жартысынан Еуропа елдерiнде басталған бұл үрдiс көптеген Азия және
Африка елдерiнде де байқалады, олардың бәрi келесi шарттарға сай болуға
ұмтылады:
*еңбектiн терен әлеуметтiк және техникалық бөлiнiсi;
*отбасының өндiрiс орыны мен еңбек орынынаң бөлiнуi;
*мобильды және тәртiптi өндiрiс күшiн, еңбекшiлердi қалыптастыру;
*экономикалық есептеулердi, жоспарлауды және инвестициялауды белгiлi
бiр рационалды түрде ұйымдастыру;
*секуляризация (дiннен азат болу), урбанизация (қалалану), әлеуметтiк
мобильдiлiк және демократизациялану үрдiстерi кең етек алады.
1)Ұлттардың пайда болуы- бiр тiлге негiзделген, территория,мәдениет,
экономикалық қатынастар бiрлiгi байқалатың тарихи қалыптасқан адамдар
бiрлестiгi. 2)Ұлттық мемлекеттердiн пайда болуы, олардың нақты
шекараларының бекiтiлуi. 3) Халықтық билiкке, демократияға, басқару
органдарының көпшiлiк пен сайлануы, көп партиялардың болуы. 4) Ақпарат
құралдары арқылы адам санасына әсер ету. 5) Өндiрiстiң
комерциализациялануы, Бәрi сатылада!, рыноктың ңығайтылуы, капиталға
негiзделген жеке меншiк бiрiншi орында. 5) еңбек өнiмдiлiгiнде революция
байқалады, 20ғ. 75-80 жыл арасында пролетариатты орташа әлеуметтiк топқа
айналдырған: а) механизация негiзiнде машиналы өндiрiстiн басым болуы; в)
фабрикалық негiзде өндiрiстi қайта ұйымдастыру (ғалым- лаборотория,
кiтапхана). 6)аул шаруашылығымен айналысушылардын санынын азайюу,
индустриялды секторда көбейюi. 7) урбанизация, мобильдiлiк процестер аул
өмiрiне қарсы процестер (адам құлап қалса, қызға бiреу тисiп жатса). 8)
көпшiлiктiң сауатты болуы байқалады: а) квалификацияның көтерiлуi, в) баспа
сөз өнiмдерiнiн көбейуi, г) бiлiм беру институттарының қалыптасуы. 8)
ғылымның практикалық маңыздылығының көтерiлуi.
Постиндустриалды қоғам- (1962ж. Дэниел Белл Постиндустриалды қоғамның
келуi) немесе информациялық қоғам деп атауға болады, өйткенi оның ядросы
информациялық технологиялардың қарқынды және шапшан дамуы болып табылады.
Егер инд-ды қ. индустриалды революцияның нәтижесi болса, онда постинд-ды қ.
информациялық революция нәтижесi. 1) экономикада өндiрiстiн ролi төмендеп
информация өндiру және оған қызмет көрсетудiн (сервис) ролi күннен күнге
жоғарлап барады. Қазырғы заманда информация негiзгi байлыққа айналып
барады, оның ерекше белгiлерi: жер мен капиталға қарағанда ол шексiз,
бәрiне де қолайлы және қолданған кезде азаймайды, арзан, ал оны сақтау және
жонуы (переработка) қыйынға түспес, ал бұл оның өнiмдiлiгiн арттырады; 2)
оның техникалық базасы компьютер технологиялары және коммуникация құралдары
б.т; 3) ұлтаралық шекаралардың бұзылуы, батыс Еуропа елдерi Шенген
келiсiмi бойынша қай болсын елге визасыз бара алады, тәнертен Германия-
Бельгия-Голландия-Франция-Испанияда кешке болуы мүмкiн, немесе АҚШ және
Канада; 4) халықаралық ұйымдардың ролiнiң көтерiлуi (ООН, НАТО, ОБСЕ,
ПАСЕ); 5) Демократияның дамуы (Олвин Тоффлер) 6) жеке меншiктiн орнына
корпаративтi және институционалды меншiк келедi (О.Тоффлер-жлпы қоғамдық
байлық жасау, өндiру тәсiлi қалыптасады) инф-қ техн-ға негiзделген адамның
дене күшi емес оның интелектувлды күшi пайдаланады, өндiрiс тәсiлi бiлiмге
негiзделедi (ақша-информация, ақша-кредит карточкасы, электронды ақша,
өндiрiсте капиталдың- акция); 6) Завод- офис, ал Тоффлер- электронды
котедж, үй жұмысы компьютердi, мультимедия, телекомуникацияны қолдану
арқылы жүзеге асады д.е.7) интелектуалды еңбекпен айналысушыларға тән
субурбанизация- қала шетiнде орналасу; 8) Функционалды сауатсыздық, оқу,
жазу, есептеу дағдылардың жойылуы, информациялық игiлiктердi материалды мен
салыстырғанда өзiне алып алуға болмайды, оны тек түсiну, ұғұ қажет;
(освоена, а не присвоена), ткстi оқығаннаң кейiн оның мазмұны бойынша жауап
бере алмау, оның оқи алмайтының бiлдiредi.
Келешекте супериндустриалды қоғамға келемiз деген болжам бар, ал
бiз оны информациялық қоғам деп атаған жон көремiз.
Қоғамның даму концепциялары:
*нигилизм (Кант бiртiндеп жақсарудан өлгел жатырмың, Ницше,
Шопенгауэр, Франк, Бохенский) – қоғамдық прогресстiн болуына күмәнданып,
мойындамау
*географикалық детерминизм (Монтескье, Бокль, Мальтус, Кьелен) қоғам
дамуында географиялық жағдайлар: климат, қазба байлықтар мен табиғи
ресурстардың болуы және халық саны шешушi б.т. деп есептеу
*әлеуметтiк- табиғи (Л.Гумилев)- қоғам дамуында пассионарийлер (кейбiр
табиғи факторлар әсерiмен, күн қуатының белсендiлiгi немесе ғарыштық
радиация т.б. аса ынталы әрекеттерге бейiмдi этностар) шешушi болып
табылады
*формациялық тұғырнама (Маркс)- әлеуметтiк- экономикалық фактор маңызы
және таптық күрес қоғам дамуында асыра бағаланады
*технократиялық (Белл, Ростоу, Тоффлер)-техниканы, технологияны және
ғылымды постиндустриалды қоғамның жүиеқалыптастырушы элемент негiзiнде
алады
*мәдени-тарихи (Сорокин)-мәдениет ерекшiлiктерi мен дүниеге
көзқарастарды абсолюттендiру
*әлеуметтұлғалық (Мертон, Фромм)- тұлғаның еркiндiк деңгейiн және оның
қоғам мен өзара әрекеттестiгiн қарастырады
*қоғам дамуының жалпы бiр негiздерiн мойындамайтын көзқарастарда бар
(М.Вебер) оның айтуынша батыстық-еуропалық капитализм генезисiне экономика
мен протестанттық этика бiрдей әсерiн тигiздi
Бiздiң байқаумызша бұл тұғырнамалардың бәрi де сынаржақты болып
келедi, қоғам дамуының бiр қырланып әсерлейтiн ао екiншiсiне мән бермейтiн.
Бiз қоғамды бiртұтас организм ретiнде қарастырып, оның дамуында келесi
компоненттердi белгiлеймiз: экономикалық-өндiрiстiк, әлеуметтiк, саяси-
басқару, табиғи, рухани
Мәселе шешу: М.Вебер харизматикалық басшылық тұғырнамасын ұсынды
(харизма гр.Құдай берген қасиет), жеке құлшылық ету және сенiмдiлiк арттыру
мен байланысты
Қарапайымнан тыс қасиеттiн авторитетiне негiзделгiн, ол бар блған
адамда басқарушылыққа, билеушiлiкке беймделген дегендi бiлдiредi
(батылдық, ашық, қайсар болу), және ол адамды билiкке әкеледi, мысалы:
рухани өмiрде пайғамбар немесе политика саласында саясатшылар сияқты.
Бұл концепцияның кемшiлiгi мен дұрыс жақтары неде?
3. Сонымен, адамдардың қоғамдық қатынастарын табиғи-тарихи процесс
ретiнде қарастырсақ, бұл мәселеде ьасты рольды К.Маркс тұжырымдаған
қоғамдық сана және қоғамдық болмыс категориялары алады. Өйткенi қоғам
тарихында адамның санасы мен еркi арқылы реттелетiн, мақсат-мүддесiмен
басқарылатын белсендi iс-әрекетiнсiз ештене болмайды. Бұл мақсат-
мүдделердiн объективтi негiз бар- олар қоғамдық болмыс қатегориясымен
айқындалады.
Қоғамдық болмыс- қоғамның материалдық өмiрi, ең алдымен адамдардың
өндiрiстiк қызметi және адамдар арасында қалыптасатын өндiрiстiк,
экономикалық қатынастар жиынтығы.
Қоғамдық сана- адамдардың рухани өмiрi, яғни адамдар өздерiнiң
практикалық iс-әрекетiнде басшылыққа алатын идеялар, теолриялар мен
көзқарастар жиынтығы.
Қоғамдық сана ұғымы көлем жағынан аса кең философиялық категория болып
келедi. Өйткенi ол коғамның рухани өмiрiнiң барлық жақтарын, шындықтың адам
ойлаунда бейнеленуiнiң барлық формаларын қамтиды: идеялар, теориялар,
көзқарастар (саяси, құқықтық, адамгершiлiк, эстетикалық, ф-қ, дiни т.б.),
ғылыми бiлiмдермен қатар, әлеуметтiк сезiмдер мен көңiл күйлер, әдет-
ғұрыптар, мiнез-құлықтар, дәстүрлер, (таптар, ұлттар) халықтар кейiп
ерекшелiктерi де кiредi.
Бiрақ бұл екi категорияның арақатынасында келесi үрдiс байқалады:
қоғамдық сана материалдық өндiрiстiн, еңбек қызметiнiң негiзiнде,(қоғамдық
болмыс) қажеттi түрде шығады. Адамның табиғатқа мақсатты түрде әсер етуi,
табиғатты өз қажеттiлiктерiне бейiмдеу, яғни еңбек процесiнде өндiруге
тиiстi заттар мен құбылыстардың қасиеттерi жайындағы бiлiм деңгейi өседi.
Маркс пен Энгельс өз философияларында бұл категориялардың арақатынасы
жайында келесi тұжырым жасап- қоғамдық болмыс бiрiншi, ал қоғамдық сана
оған тәуелдi, оның туындысы екенiне келесi дәлел келтiрдi: адамдар
ғылыммен, өнермен, философиямен, саясатпен т.б. айналасу үшiн алдымен сусын
iшуi, тамақ жеуi, киiнуii баспанасы болуы тиiс, ал бұлар болу үшiн оларды
өндiру қажет. Осы қарапайым ақиқаттың астарында қандай мән жатыр? Адамның
бүкiл өмiрi, тiршiлiгi сайып келгенде материалдық игiлiктер өндiру тәсiлiне
тәуелдi. Олай болса, бүкiл қоғам өмiрiнiң негiзi-еңбек. Өндiрiстiк еңбексiз
қоғам өмiр сүре алмайды, тiптi пайда болмаған да болар. Сонымен, не алғашқы
деген сұрақтан, келесi жауап туады: көғамдық сана қоғамдық болмыстан туады,
соның бейнесi болып табылады, қб өзгергеннен кейiн сана да өзгередi.
Бiрақ, адамның санасы әрекетшiл, белсендi қоғамдық күш болып табылады және
тарихи дамудың жетекшiсi; ал тарихи дамудың негiзiн қоғамдық практика
құрады. Адамның еңбек қызметiнiң практикалық iс-әрекетiнiң белсендiлiгi,
сананың жасампаздығын, активтiлiгiн тудырады (К.Маркс Фейербах туралы
тезистерi).
Сондықтан, қс және қб арақатынасы бiркелкi емес, қб бiлеушi, шешушi
болғанымен кейбiр жағдайларда қс өз дербестiгiн, өз даму заңдылықтары бар
екенiн байқатады:
1)қоғамның көптеген мүшелерiнiң санамы болмысқа сәйкес келмеуi, яғни
артта қалып қоюы мүмкiн (Қазақстанда социализмнiң құлағанына ондаған жылдар
өткенiмен, көптеген адамдар ескi сана қалдықтарынан әлi арыла алға алмады,
зейнеткерлер)
2)қс қб озып кетуi де ықтимал. Бұл процесс қс қболмысты өзгерту
қажеттiгiн алдын ала бейнелендiрiп, оның өзгеруiне көмектесу керек болған
жағдайларда болады. (көрнектi қоғам қайраткерлерi, ғалымдар, өнер
қайраткерлерi т.б. қоғамдық дамудың болашақ бағытын алдын ала болжап,
құбылыстардың сырт көрiнiсiнiң iшкi мәнiң ашқанда; Ж.Ж.Руссо Қоғамдық
шарт еңбегiнде буржуазиялық қоғамды дәрiптеп, алдын ала болжады.)
3) қс мен қб сабақтастық байланыста болады: әрбiр жаңа тарихи
дәуiрдiң қ-қ идеялары мен теориялары жоқтан пайда болмайды, өткен
дәуiрлердiң идеяларымен сабақтастық байланыстың негiзiнде туады.
(социалистiк утопистiк идеялар)
Өткен дәурлердiң озат ф-қ қ-қ теорияларында, өнерi мен моралiнде жалпы
адамдық мазмұны бар. Қс батлық формаларының өзгеруi мен дамуы сайып
келгенде ғана материалдық өндiрiстiң дамуымен, экономикалық базиспен
айқындалатының көрсетедi. Экономика қоғамдық сананың даму бағытын айқындап
бередi.
4.Әлеуметтiк философияның көпқырлы, көпөлшемдi түпкiлiктi формуласын
тауып және тегi жағынан тарихи, табиғаты жағынан философиялық болып
табылатын әлеуметтанумен, мәдениеттанумен салыстырғанда оның немен
айналасатынын бiле аламыз.
Бұл формуладан шығатыны- әлеуметтiк философия функцияларын тек
философиялық жүйеде ғана емес, бүкiл әлеуметтiк- гуманитарлық бiлiм
жүйесiнде де жеткiлiктi түрде айқын жеткiзуге болатындығы. Әлеуметтiк
философияның атқаратың қызыметтерi:
1. Дүниетанымдық-әлеуметтiк ф-я әлеуметтiк әлемнiң тек картинасы,
бейнесi ғана емес. Ол, сонымен қатар, әлеуметтiк идеалдар мен құндылықтарды
нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмiрмен байланысын анықтай
отырып, осы әлемдi жаратады да. Жалпы адамзаттқа деген маңызында алсақ,
әлеуметтiк ф-я социум (әлеумет) жайында ең жалпы түсiнiктер бередi деген
тұжырымға келемiз.
2. Методологиялық - әлеуметтiк ф-я мұны пәндiк және теориялық форма
ретiнде қызмет ете отырып және әлеуметтiк құбылыстарды тануда
методологиялық бағдарлар мен жалпы ф-қ принциптердi пайдаланудың үлгiсi
бола отырып жүзеге асырады. Мысалы, диалектика принципi (тарихилық
принципi, абстрактылыктылыдан нақтыға өту принципi т.б.) мен синергетика
принципi (бүтiн, органикалық, өзiн-өзi басқарушы және өзiн-өзi
ұйымдастырушы жүйелердiң жүйелiк-құрылымдық ұйымының жалпы теориясы)
жатады. әлеуметтiк ф-я әлеуметтiк гуманитарлық бiлiмдердi пәндiк тұрғыда
ұйымдастыра отырып, оның методологиялық өзегi ретiнде көрiнедi (мысалы,
кешегi күндерде ол тарихи материализм ролiмен көзге түстi).
Әлеуметтiк танымның методологиялық бағдарында герменевтиканың да ұғыну
мен түсiндiру ф-сы ретiндегi маңызы зор. әлеуметтiк ф-я мен әлеуметтiк
философтардың қазiргi жағдайы еске түсiредi: бiрiншiсi өз Құдайына
сыйынып, оны үнемi мадақтап отырса, екiншiсi оған үнемi сұрақ жаудырумен
өтедi. Әлеуметтiк ф-да да сол сияқты: бiрiншiлерi өзiнiң құдайы-
қоғамды мадақтай отырып, оның ақыл-ойынан, жетiстiгiнен және прогресiнен
үмiт күтсе, екiншiлерi- Бiз кiмбiз? Қайдан шықтық? Қайда барамыз? Әлемдегi
болмысымыздың мәнi неде?- деген сұрақтармен, қалыптасқан ахуалдың шешiмiн
iздейдi. Бұлардың екеуiнiң арасындағы ұқсастық, олар ең алдымен түсiнуге
ұмтылып, сонан кейiн ғана түсiндiруге тырысады (ал Құдай болса өзiн
түсiнудi емес, өзiне сенудi қалайды, бiрақ қоғам Құдай емес қой!).
Әлеуметтiк ф-я методологиялық негiз ретiнде әлеуметтiк құбылыстардың
және олардың даму болашағына әмбебап принциптер мен, заңдарды және оларды
танудың әдiс-тәсiлдерiн қолданады деген түйiнге келемiз.
3.Танымдық- ол танымдық мәдениеттiң элементi ретiнде шындықты тек
бейнелеп қана қоймай, қоғамдық өмiрдiң заңдылықтары мен принциптерiн
қалыптастыра отырып, бiр нәрсенi ашуға қабiлетi бар, белгiлi бiр
эвристикалық ерекшелiктерiмен айрықшаланады.
4. Аксиология- әлеуметтiк ф-я әлеуметтiк болмыстың құндылық негiздерiн
пайымдай отырып, оның iшiнде белгiлi дәрежеде тәрбиелеушi функциясын да
атқарады: әлеуметтiк ф-я, бiрiншiден, танымның, гуманитарлық ойлаудың
белгiлi бiр мәдениетiн тәрбиелейдi; екiншiден, адамдардың және бүтiндей
қоғамның белгiлi бiр құндылық бағдарларын тәрбиелей қалыптастырады.
5.Болжамдық-әлеуметтiк ф-я кейбiр философиялық концепциялардағы
әлеуметтiк болжау жасап, ғылыми негiз iздеп қызмет атқарады.
Сонымен, әлеуметтiк ф-я ең алдымен, Тарихтағы қоғамдық болмыстың
онтологиялық негiздерiн зерттеумен айналысатын философиялық бiлiм бөлiгi.
Өйткенi, адамдардың қоғамдық өмiрi де, яғни экономикалық, саяси,
мемлекеттiк-құқықтық және әлеуметтiк-мәдени өмiрi де, ең алдымен, Таррих
ағымында өтедi. Ол бiздiң әлеуметтiк болмысымыздың ерекше “үйi”. Қоғамдық
өмiрдiң заңдылықтары мен логикасы, оның әуел бастағы мәнi мен мақсаты
туралы барлық сұрақтар- бұл бiздiң тарихи болмысымыздың мәнi, заңдылықтары,
логикасы туралы сұрақтар. Гегельдiн “Философия- оймен ұсталып қалаған
дәуiр” деген пiкiрi әлеуметтiк философияға өте сәйкес келедi.
Материалистік түсінік бойынша, тарихтағы шешуші нәрсе, сайып
келгенде, тіршіліктің өзін өндіру және ұдайы өндіріп отыруы болады, -
дейдіФ.Энгельс – Ал оның өзі тағы да екі түрлі болады. бір жағынан –
тіршілік заттарын, ... киім – кешектерді, пәтер – үйлерді және осыған
керекті құралдарды өндіру; екінші жағынан – адамның өзін өндіру тұқым жая
беру түрінде болады.
Материалдық өндіріс – тарихи процестің негізі. Адамдар материалдық
игіліктерді өндіру үшін белгілі бір өндірістік қатынастарды тудырады.
Адам баласы басынан әртүрлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізді.
Олардың даму дәрежесін бейнелейтін бір ортақ көрсеткіш бар. Ол еңбек
құралы. Еңбек – күрделі процесс, қозғалыс, даму. Құрал бола алатын кез
келген зат еңбек құралы бола бермейді. Ол ең алдымен, адамның қажеттілігін
өтеуге жарамды болып, оның тікелей қатысымен еңбектенуге қолайлы құралға
айналуы керек. Ертедегі тас дәуірі – жабайы адамдар тастан жасаған балта,
балға, пышақ тектес құралдарды қару еткен заман болған еді.
Еңбек құралы мен адам бір уақытта пайда болып, бірге жасап келеді.
Олар бір – бірімен біте қайнасқан.
Табиғат заттарын игеру бірқалыпты бола бермейді, күрделеніп отырады.
Адам еңбек құралдарын жетілдіре берді. Бұл процесс шексіз. Адамның
табиғатпен байланысы ұлғайып, тереңдеген сайын оның керексінуі артады,
еңбек қарулары өзгереді, өздері де жаңаша қалыптаса береді.
Адамның от жаға біліп, пайдалануы өміріне түбегейлі өзгеріс әкелді. Ол
металлургия өндірісінің өзегіне айналды. Тас, қола, темір ғасырлары деп
аталған әртүрлі технологиялық өндіріс әдістері өмірге келді.
К.Маркстің экономикалық дәуірдің айырмашылығы не өндіретіндігінде
емес, қалай және қандай еңбек құралдармен өндіретігінде деген тұжырымы
өміршеңдігін көрсетті. Шындығында, еңбек құралы қоғамның өсу дәрежесін
белгілейді және бейнелейді. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы
еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады.
Адамзат тарихының балаң дәуірінде өндіргіш күштердің дамуының деңгейі
мейлінше төмен болды, соған сәйкес қажеттіліктер де қарапайым еді.
XX ғасырда әлеуметтік қажеттіліктер жан – жақты дамып, күрделене
түсті. Адамдар ешқашан қол жеткенге қанағаттанып, тоқырап қалған емес,
керісінше, өндірісті үздіксіз жаңартып, алған білімін, ашқан жаңалығын,
тәжірибеде пайдаланумен келеді. Жаңадан пайда болған өндіріс құралдары
адамнан білім мен тәжірибені, қабілетті талап етеді. Күнделікті тұрмысқа,
өндіріске енген электроника адамдардан едәуір дәрежедегі дайындықты керек
етеді.
Еңбек құралдарының дамуы нәтижесінде техника пайда болды. Техника-
жасанды органдар жүйесі, оған адам өзінің көптеген функцияларын сеніп
тапсырады. Қазіргі замандағы техника – адамға таусылмас энергия мен шексіз
мүмкіндік беретін ерекше әлем.
Еңбек құралдары мен техника өндірістің құралдары болып табылады.
Оларды материалдық өндірістің заттық бөлшегі деп қарастыруға болады.
Өндіріс тәсілінің құрылымында адам ерекше орынға ие. Адамның жан
қиярлық еңбегі, қажымас қайраты, кәсіптік шеберлігі, ұйымдастыру қабілеті
кез – келген материалдық өндірістің дамуындағы аса маңызды фактор. Адам -
өндіріс тәсілінің тұлғалық бөлшегі.
XX ғасырда нақты білім жүйесі ретінде ғылым қоғамның тікелей өндіргіш
күшіне айналды. Материалдық өндірістің өсу қарқыны, денсаулық сақтаудың
келелі мәселелері, адам өмірін ұзартудағы жетістіктердің бәрі ғылымның
дамуына байланысты.
Қоғамның тарихы – адам мен өндіріс құралдарының өзара әрекеттесуінің
тарихы. Әрбір адам жаңа экономикалық және әлеуметтік, тағы да басқа
қатынастарды игеріп және жете меңгеріп отырады.
Өндіріс тәсілінің маңызды элементі - өндірістік қатынастар. Олар
материалдық өндіріс процесінде адамдар арасында қалыптасатын әртүрлі
байланыстар мен қатынастарды білдіреді.
Өндірістік қатынастардың жүйелік құрамы күрделі, оған әртүрлі
бағыттағы қатынастар кіреді. Меншіктік қатынастар, құралдар мен еңбектің
нәтижелері кімнің қолында екенін анықтайды. Меншік иелері жеке адам,
әлеуметтік топ немесе мемлекет болуы мүмкін.
Өндіру процесінде оған тікелей қатынастын адамдар арасындағы
қатынастарды технологиялық қатынастар деп атауға болады.
Өндіріліген өнімді бөлу мен иемдену, айырбастау, сату мақсатында
әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар аса маңызды роль атқарады.
Адам өзін сақтап және келешек ұрпақты өсіріп, адамзат өмірін жалғау
үшін игіліктерді шығарғанда бір – бірімен экономикалық байланыс қатынасын
жасайды. Жекелеген қоғамдық – экономикалық формациялардың өндірісіне енеді,
іс - әрекет жасайды, өндірісті дамытады, қоғамдық қатынастарды қамтиды.
Сөйтіп, еңбекшілер – қоғамдық қатынастарды бойына сіңірген, іске асыру
үлгісін жасаушы, таратушы.
Әрбір тарихи дәуірде адамдар әртүрлі өндіріс тәсілін дамытты.
Балаң дәуірдегі жинақтау өркениетінде материалдық өндірістің қарапайым
түрі дамыды, еркектер аң немесе балық аулады, еңбек құралдарын дайындады,
ал әйелдер үй шаруашылығын басқарды.
Аграрлы өркениеттің материалдық өндірісінің негізі жер өңдеу мен мал
өсіру облды. Жер өңдеумен қатар қолөнер де ілгеріледі. Қосымша өнім пайда
болып, сауда – саттық дамыды, саудагерлер әлеуметтік топқа айналды.
XVIII ғасырдың ортасынан бастап өндірістік өркениет қалыптасты. Осы
дәуірде ағылшын ғалымы Дж.Уатт алғашқы бу машинасын ойлап тапты. Табиғатты
игеруге мүмкіндік беретін көптеген машиналар пайда болды. Темір жолдар
салынып, елдің өндірістік қатынасы нығая түсті. Газеттер мен телефон
бірыңғай ақпараттың және рухани кеңістіктің қалыптасуына ықпал етті.
Өндірісті көркениеттің тамаша жетістігі – адамдардың космосты игеруі. Бұл
өркениет саяси партиялар, профсоюз, парламентарий сияқты қоғамды өмірдің
маңызды институттарын тудырды.
XX ғасырдың 60 – 70 жылдарында материалдық өнідірістің жаңа бағыттары
дами бастады. Олар адамзаттың өркениеттің, жаңа сатысына, яғни
постиндустриялық өркениетке көтерілгендігін дәлелдейді. Оған дейін
индустриялдық қоғам дамыды. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің Тарих
философиясы деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін
атап көрсетеді:
1) өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;
2) материалдық молшылықтарға жету;
3) ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл
шаруашылығының үлесінің кемуі;
4) баюдың көзі ретінде соғысты жою;
5) индустриалдық қоғамда өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш
маңызы жоқ.
Р.Арон атап көрсеткен индустриалдық қоғамның маңызды белгілері одан
әрі тереңдеп, постиндустриялық, яғни индустриялықтан кейінгі қоғам деген
ұғымды туындатты. Постиндустриялық қоғам теориясын жасаушылардың бірі
болған Д.Белл (1919 ж.) қызмет көрсету экономикасы, плюралистік
демократия және меритократия сияқты қоғамның жобаларын ұсынды.
М.С.Горбачев Основы философии деген кітабында постиндустриялық
өркениеттің материалдық және рухани негіздерін атап көрсетеді. Оларға
мыналар жатады:
- адам өзінің көптеген функцияларын техникалық тетіктерге тапсырады;
- адамзаттың керемет энергетикалық қоры, қазіргі уақытта планетада 250-ге
жуық атомдық электр станциялары мен жылу – энегетикалық цехтары жұмыс
істейді;
- халық шаруашылығында жаңа және икемді өндіріс технологиялары қолданылады;
- ауқымды ақпараттық инфаструктура, бұған космостың байланыс құралдарының
көмегімен құралған ақпарат жүйелерін қосуға болады;
- адамның шаруашылық іс - әрекеттерінің көпжақтылығы, мемлекеттік және жеке
меншіктің түрлерінің өзара мидай араласып кетуі, әлеуметтік бағытталған
нарықтық экономиканың құрылуы;
- біртұтас әлемдік экономикалық организмнің қалыптасуы, елдер мен аймақтар
арасындағы шаруашылық байланыстардың нығаюы.
Сонымен қатар, қоғамда рухани өндірістің, яғни ғылыми білім мен ақпарат
алудың көздері де ерекше дами түсуде.
Ғылыми техникалық прогресс және ғылыми – техникалық революция ұғымдары
адамның еңбек ету әрекетінің ұдайы дамуып отыруының объективті логикасын
көрсетеді.
Ғылыми – техникалық прогресс деп өндіріс тәсілінің барлық заттық
элементінің ұдайы жетілдіруі мен ғылымның нақты білім жүйесі ретінде одан
әрі дами беруі бағытын айтамыз. Адам нақты бір міндетті шешу үшін жаңа
технологияны, еңбек құралдарын жасайды және энергия көздерін іздестіреді.
Ғылыми – техникалық революция дегеніміз – қазіргі ғылым мен техника
жүйесінде болып жатқан, осы жүйенің барлық компоненттерін, технологиялық
қатынастардың барлық жақтарын қамтитын түбірлі сапалық өзгеріс.
Техника өз дамуының жаңа кезеңіне, яғни ғылыми техникалық революцияның
нәтижелерін өндірісте қолданудың сара бағыты болып табылатын автоматтандыру
кезеңіне аяқ басты. Адам технологиялық процеске тікелей қатысып, оны
басқарады, ал ол орындайтын еңбек процестерін технологиялық жүйенің өзі
атқарады.
XX ғасыр ғалымдары ашқан революциялық табыстар техникалық даму
дәрежесіне өте үлкен әсер етіп, атом реакторларын, атом үдеткіштерін,космос
ракеталарын, электрондық есептеу машиналарын, нәзік регистратор
аппаратурасын, космос байланыс жүйелерін жасауға жол ашты.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы күрделеніп, одан сайын жіктеле түседі. Онда
жаңа кәсіптік топтар пайда бола береді. Мысалы, менеджерлер, программистер,
космонавтар т.б. Қала халқының саны өсіп, ал ауылдағылардың саны күрт
азаюда.
XX ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым –
қатынасы күрт өзгерістерге ұшырады. Адамның табиғатқа әсер етуі бұрынғыдан
терең көлемді сипатқа ие болуда. Бұл экологиялық мәселелерді тудырады.
Ғылыми – техникалық прогресс адамдардың биосферадағы іс - әрекетінің
аясын кеңейте түсуде. Ал оның аясына космостың жерге таяу кеңістігі де ене
бастаған, басқа планеталардың ресурстарын пайдалану туралы мәселе
қарастырылуда.
Ғылым мен техниканың күрт өсуіне байланысты адамдардың білім деңгейі
мен кәсіптік шеберлігі де арта түсуде. Енді өз ісінің шын мамандары мен
шеберлерінің қолы жүрер сәті туды. Себебі, нарықтың заңы солай. Бұл үрдіс
XXI ғасырда одан әрі кеңейе береді. XXI ғасырдың жалпы белгілері – жоғары
технология, жаңа байланыс жүйелері, информатиканы дамыту. Осы жалпы
бағыттан Қазақстанды тыс қалды деуге болмайды. Сондықтан да:
- электроника және физиканың оны қамтамасыз ететін тиісті бағыттары;
- есептеуіш техника мен математиканың оны қамтамасыз ететін салалары;
- машина жасау және оның технологиясы XXI ғасырдағы Қазақстан ғылымының
жаңа салаларына жатады.
Әрине, мұндай түбегейлі өзгерістер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz