Маркстік философия туралы



1.Маркстік философияның пайда болуының ғылыми себептері.
2.Маркстік философияның заңдылығы,орны оның негізгі кемшіліктері.
3.Жалпы дүниетанымдық ерекшеліктері маңызы.
Маркс Карл Генрих (1818, Германия, Трир қаласы — 1883 Англия, Лондон) - 19-шы ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси экономисі, революционері, философ, саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы, ғылыми коммунизм теориясының іргетасын қалаушы.
Британдық "The Penguin Dictionary of Sociology" сөздігі Mаркстің еңбегі әлеуметтанудың дамуы үшін маңызды болып табылатын бес саланы көрсетеді:
- өзінің алғашқы еңбектершде Маркс иеліктен айыру ұғымына ден қойды; бұл тақырып оның кейінгі көптеген еңбектерінде кездеседі;
- ол өзінің экономикалық өмір мен басқа да әлеуметтік институттар байланысты деген көзқарастарымен кеңінен танымал;
- ол ең алдымен әлеуметтік таптарға ұйымдасқан қоғам тіршілігіне талдау жасауға мүдделі болды;
- әлеуметтік өзгеріс теориясы Маркстің еңбектерінде таптық күрес теориясынан соншалықты көрініс табады. Таптық күрес, оның тұжырымдауынша, "тарихтың қозғаушы күші" болып табылады; бұл идея Маркстің шығармашылығын терең баурап алғаны сонша, батыс әлеуметтануында маркстік теорияны кейде "жанжалдар теориясы" (conflict theory) деп атайды; Маркс негізінен капиталистік қоғамның теоретигі болды.
1 Маркс К., Капитал, 1-т., А., 1963.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Маркстік философия

Негізгі мақсаты: Марксизм философиясының қалыптасуы мен ыдырауының
негізгі себептерін философиялық тұрғыда түсіндіру.

Негізгі түсініктер: марксизм философиясы, марксизм эволюциясы,
қоғамдық-экономикалық формация, философиялық жатсыну, капитал, қосымша құн,
материалдық өндіріс тәсілі.

1.Маркстік философияның пайда болуының ғылыми себептері.

2.Маркстік философияның заңдылығы,орны оның негізгі кемшіліктері.

3.Жалпы дүниетанымдық ерекшеліктері маңызы.

Маркс Карл Генрих (1818, Германия, Трир қаласы — 1883 Англия, Лондон)
- 19-шы ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси экономисі, революционері,
философ, саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы, ғылыми коммунизм теориясының
іргетасын қалаушы.

Британдық "The Penguin Dictionary of Sociology" сөздігі Mаркстің
еңбегі әлеуметтанудың дамуы үшін маңызды болып табылатын бес саланы
көрсетеді:

- өзінің алғашқы еңбектершде Маркс иеліктен айыру ұғымына ден қойды; бұл
тақырып оның кейінгі көптеген еңбектерінде кездеседі;

- ол өзінің экономикалық өмір мен басқа да әлеуметтік институттар
байланысты деген көзқарастарымен кеңінен танымал;

- ол ең алдымен әлеуметтік таптарға ұйымдасқан қоғам тіршілігіне талдау
жасауға мүдделі болды;

- әлеуметтік өзгеріс теориясы Маркстің еңбектерінде таптық күрес
теориясынан соншалықты көрініс табады. Таптық күрес, оның тұжырымдауынша,
"тарихтың қозғаушы күші" болып табылады; бұл идея Маркстің шығармашылығын
терең баурап алғаны сонша, батыс әлеуметтануында маркстік теорияны кейде
"жанжалдар теориясы" (conflict theory) деп атайды; Маркс негізінен
капиталистік қоғамның теоретигі болды.

Карл Маркс - неміс экономисі, философ, марксизмнің негізін қалаушы.
Өзінің ғылымдағы жолын заңгер және философ болып бастады. Маркс
экономикалық проблемалармен Рейін газетінің редакторы болып жүрген
кезінде бетпе-бет кездесті және жерге жеке меншік мәселелерімен айналысты.
1842 жылы Маркс Фридрих Энгельспен (1820-1895 жж) танысты, оның Маркске
қарағанда өзгешелігі арнайы экономикалық білімінің жоқтығы болды. Энгельс
өздігінен білім алумен көп айналысты, әсіресе тарихи және философия саласы
бойынша терең ізденді, сөйтіп уақыт өте келе тамаша экономист-теоретик
болып шықты.

К. Маркстің бірінші саяси экономия бойынша еңбегі – 1844 жылғы
экономика-философиялық қолжазбалары. Бірінші бөлімінде – кірістің
негіздері: еңбек ақы, капиталға пайда, жер рентасын қарады. Маркс шын
мәнісінде еңбек ақыны жұмысшының өмірі мен оның отбасының өмір сүруіне
қажетті байлықтар мен қызметтердің жиынтық құны түрінде түсінсе де, еңбек
ақыны еңбек үшін ақы деп атайды. Оның анықтамасы бойынша капиталға пайда –
жинақталған басқа біреудің еңбегі. Маркс жер рентасын ауыл
шаруашылылығындағы басқаның төленбеген еңбегін пайдалану нәтижесі ретінде
қарады.

Жатсыну мәселесін марксизм еңбек бөлінісі мен жеке меншікке
негізделген, тарихи қалыптасып үнемі өзгеріп отыратын қоғамдық
қатынастардың ішкі мәні деп қарайды. Маркс пен Энгельс жатсынудың рухани
саласындағы түрлерін (дін, идеалистік философия т.б.) талдап, кейіннен
қоғамның саяси өмірінде мемлекеттің бюрократтануын зерттейді. 1844 жылдағы
философиялық-экономикалық қолжазбаларында К.Маркс жатсыну мәселесін
ұғынудың негізгі түйініеңбектің жат болуын түсінуден басталады дейді.
Антагонистік қоғамның жағдайларында жұмысшы өндіріс процесі мен еңбекке
сырт күштер деп қарайды. Себебі жұмысшы еңбегінің нәтижелері басқаның, жеке
капиталистің не мемлекеттік капиталдың қолына көшеді де, сол жұмысшының
өзіне қарсы және оның өзін бағынышты етеін ерекше күшке айналды. К.Маркс
өзінің фетишизм жөніндегі ілімінде заттардың субъектіге, ал субъектінің
керісінше затқа айналу процесі қатынас формасындағы капиталды заттық
формаға, қоғамдық қатынасты бойына мүлде сіңіріп алған ерекше затқа
айналдырады дейді. Сөйтіп, адам заттандырылған қоғамдық күштердің кейпіне
ие болады: капиталист капитал кейпінде болса, ал жұмысшы жалдамалы еңбек
кейпіне түседі. Адамдар арасындағы қатынастардың бәрі дерлік әлеуметтік
міндеттерді орындаушылар арасындағы қатынас болып қалыптасады.

Жатсыну (rus. отчуждение) – адамның іс-әрекеті мен оның нәтижелерінің
ерекше, дербес күшке айналуын бейнелейтін философиялық категория. Белгілі
жағдайларда бұл күштер өзін тудырған адамға қас болып, оған үстемдік ету
дәрежесіне жетеді. Соның салдарынан адам белсенді субъекті болудан қалып,
қоғамдық процестің объектісіне айналады. Жатсыну адам іс-әрекетінің тарихи
ерекшелігі мен оның нәтижелерінің қоғамға қатынасын, антагонистік
формациялардағы әлеуметтік өмірдің адамның жеке басына тигізетін
аздырушылық әсерін сипаттайды. Жатсынудың түп-тамыры, негізі еңбек
бөлінісінде. Жатсыну мәселесі буржуазиялық қатынастардың қалыптасуынан
туды. Қоғамдық шарт теоретиктері (Гоббс, Руссо т.б.) тауарлық қатынастардың
заңды-құқықтық түрлерін айқындай келе, жатсынудың жеке адамдардың өз
құқығын саяси ұйымдарға артуы нәтижесінде туады деп түсіндіреді. Немістің
классикалық философиясы жатсыну мәселесін идеалистік тұрғыдан адамның іс-
әрекеті мен белсенділігіне байланысты қарады. Гегель философиясындағы басты
мәселелердің бірі болды

К. Маркстің капиталистік өндіріс процесі теориясы және қанау
мәселесіне қазіргі көзқарас.

Бұл мәселе маркстік саяси экономикада басты орын алды,
өйткені осында қосымша құн теориясының мәні ашылды. Теория ақшаның
капиталға айналу мәселесінен басталады. Қосымша құн өндісіне талдау
жүргізіледі. Ақшаның капитал ретінде айналысының мәні кәсіпкер ақшасына
белгілі көлемде тауарлар сатып алып, сол тауарларды сатумен байланыста ақша
табады, яғни А – Т – А. Мұндағы бір ақиқат, кәсіпкер айналыстан алғашқы
жұмсалған ақшаның мөлшеріндей ақша табатын болса, онда айналымның ешбір
мәні болмас еді. Капиталдыңауыспалы айналымының мәні, осы процесте
кәсіпкердің алатын ақша мөлшері алғашқы авансыланған ақшадан көп болады.
Міне, осыдан келіп капиталдың жалпы формуласы мынандай көрініс алады: А – Т
– А' яғни, тауарларды сатудан түскен ақша сомасы, алғашқы авансыланған ақша
мен қосымша құн мөлшерінің өсім қосындысына тең, А = (А + ∆А).

Өндіріс процесінде құн көлемі қалай өседі екен? К. Маркстің
пікірі бойынша, рыноктан тауар сатып алып, оны тұтыну – еңбектің заттануы.
Олай болса, құнның өндірілгені. Мұндай тауар жұмыс күші болғаны. Жұмыс күші
– адамның еңбекке қабілеттілігі. Адамның бойындағы дене күші мен рухани
қабілетінің жиынтығы. Еңбектің өзі жұмыс күшін тұтыну процесі.

Қосымша құн ерекше тауар – жұмыс күшін тұтыну процесінен
туындайды, олай болатыны өндіріс процесінде жалдамалы жұмысшы қажетті жұмыс
күшінен артық құн мөлшерін өндіреді. Жұмыс күшінің тұтынуы құнының мәні де
осында. Жұмыс күші – тауар құны жұмысшының физикалық және мәдени
талғамдарын қанағаттандыру үшін қажетті игіліктер құнына тең. Жұмыс күшінің
құнына бұдан басқа білім алу мен мамандықты игеру, сондай-ақ отбасын
сақтап, дамыту үшін шығындар кіреді. Жұмысшының өндірген жаңа құны мен
жұмыс күшінің өз құнының айырмасы қосымша құн құрайды. Оны капиталист тегін
иемденеді. К. Маркстің теориясы бойынша капиталистік қанаушылықтың мәні де
осында. Капиталист авансыланған капитал өндіріс жабдықтары мен жұмыс күшін
сатып алуға жұмсалады. Маркстік тұжырымдама бойынша, құн тек еңбекпен
өндіріледі. Құн өндіруге құрал-жабдықтар да қатынасады, бірақ тікелей өнім
өндірмейді. Сондықтан да капитал өндіріс құрал-жабдықтар сатып алатын
белгілі өз құнының мөлшерін өзгерпейді. Оны К. Маркс тұрақты капитал деп
атайды да, С әрпімен бейнелейді. Капиталдың жұмыс күшін сатып алуға
кететін бөлігі, өндіріс процесінде өзгереді, өйткені жұмыс күш өз құнынан
артық қосымша құн өндіреді. Капиталдың бұл бөлігі өзгермелі капитал
делініп, V әрпімен, ал қосымша құн m әрпімен белгілейді. Сонымен
капиталистік кәсіпорында өндірілген тауар құны (m) үш бөліктен тұрады T = C
+ V + m.

К. Маркс капиталистік қанауды сандық мағынада қосымша құнның массасы
мен нормасы арқылы сипаттайды. Мұнда қосымша құн нормасы қосымша құн
массасының өзгермелі капиталға қатынасы арқылы анықталып, капиталдың жұмыс
күшін қанау дәрежесін көрсетеді.

m' = mn ∙ 100%

Мұндағы m' – қосымша құн нормасы; m – қосымша массасы; V - өзгермелі
капитал.

Адамды адам қанау мәселесі, оны жою маркстік ілімде басты
орын алады. Капитализм мен қанаушылық бұл теорияда бір-бірінен ажырағысыз.
Оның негізінде капиталистік жеке меншік арқылы капиталистік қоғамда
қанаушылық қатынасы орын алып жалдамалы жұмысшылардың еңбегінің нәтижесін
капиталистер иемденеді деген қорытынды жасалды.Мынадай бір сұрақ қоялық.
Кез келген қоғамда еңбек нәтижесі басқа біреудің пайдасына шешілуі мүмкін
бе? К. Маркс Гота программасына сын деген еңбегінде Лассалдық теорияға
талдау жасай отырып, қоғамның қалыпты дамуы үшін жеке тұтыну қорынан басқа
тұтынылған өндіріс құрал-жабдықтарының орнын толтыру қорының
қажеттіліктерін қанағаттандырудың бірлескен қоры, еңбекке жарамсыз
адамдарға көмек көрсету, өндірісті ұлғайту т.б. қорлардың қажет болатынын
көрсеткен. Меншіктің кез келген нысанында өндірушілер өндірген бүкіл өнімді
тұтыну мүкін емес. Қосымша өнімнің шеттетілуі тек меншік нысанына ғана
емес, өндірістің қоғамдық сипатына да байланысты, сондықтан ол кез келген
қоғамда орын алады.

Қосымша өнімнің шеттетілуі меншіктің кез келген нысанында
орын алатындықтан, ол қоғамдық шаруашылықтың объективті қажеттілігі болып
табылады. Олай болса қанаушылық шеттетілудің белгілі бір жәрежесіне,
қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығына байланысты. Батыс елдерінде
жалдамалы қызметкерлердің жалақы қоры ұлттық табыстың 60-80 процентін
құрайды. Тек 20-40 процентін құрал-жабдықтарының иесі иемденеді. Ал бұрынғы
кеңес елінде жалдамалы қызметкер иемденетін жаңа жасалған құнның үлесі әр
қилы есептеулерге қарағанда, 30-40 процент, ал мемлекетке тиесілі үлесі
табыстың 60-70 процентін құрайды немесе жеке меншік үстемдік ететін
қоғаммен салыстырғанда, ол 1,5-2 есе жоғары болғаны. Осыдан мынадай заңды
сұрақ туындайды: егер жаңа жасалған құнды капитал иесі иемденгенде
қанаушылық орын алатын болса, өндірілген өнімнің 60-70 процентін мемлекет
иемденетін жағдайды қалайша сипаттауға болар еді? Егер орын алатын
объективті экономикалық (этикалық емес) негізге сүйенер болсақ, онда
қосымша құн нормасы (m') капиталистердің жалдамалы жұмысшыларды қанау
дәрежесін сипаттайтын бірдей ұғымды бере алмайды. Қосымша құн бірнеше
негізгі бөліктерге бөлшектенеді. Біріншіден, құсымша құн қор жинауға
кетеді: екіншіден, салық жүйесі арқылы қосымша құнның бір бөлігі
мемлекеттік бюджетке түседі, үшіншіден, қалаған бөлігі жеке тұтынуға
кетеді. Қосымша құнның тек соңғы бөлігі ғана қанаушылық белгісінің ауқымы
мен дәрежесін анықтай алады. Осының өзінде де бір ескерер жәйт: қосымша
құнның капиталистің жеке тұтынуына кеткен бөлігінің барлығын заңсыз
иемдену деп айтуға болмайды. Біріншіден, тіпті еңбек құн теориясына
сүйенгеннің өзінде, капиталист-кәсіпкер өндірісті ұйымдастырғаны үшін өз
еңбегінің белгілі бір бөлігіне ие болуы керек. Екіншіден, капиталды
пайдалануға берудің өзі қызмет көрсетудің түрі, ол да төленуі тиіс. Осы
қызметі үшін бөлінген капиталдан процент талап етіледі. Жалдамалы қызметкер
де өз жинағын банкте ұстай отырып, белгілі дәрежеде процентпен (кіріс)
табысқа ие болады. Сондықтан қосымша құнның массасы мен нормасы қанаудың
ауқымы мен дәрежесін дәл анықтай алмайды. Сөз жоқ, егер жұмыс күші құнынан
төмен төленетін болса, онда қанаушылық орын алады. Ал, К. Маркс зерттеген
кез жұмыс күнінің ұзақтығы тәулігіне 10-12 сағат болғаны, оның үстіне сол
өндіргіш күштер даму дәрежесінде техника қауіпсіздігі сақталмағаны да
ақиқат. Жалдамалы қызметкерге жұмыс күшінің құны толық төленетін болса,
қоғамдық өндірісте орташа еңбек жағдайы сақталатын болса, алатын жалақы
қоғамдағы материалдық және рухани игіліктерді пайдалану мүмкіндігін берсе,
қанаушылық түсінігі өзінің экономикалық мазмұнын жойып, адамгершілік-
этикалық мағынаға ие болар еді.

К. Маркстің экономикалық ілімінде қосымша құн теориясының алатын орны.

Капиталистік өндіріс тікелей еңбекшілер қажеттерін қанағаттандыру үшін
дами алмайды. Капитализм жағдайында жұмысшы капиталды молайту үшін өмір
сүреді. К. Маркс ашқан капитализмнің негізгі экономикалық заңы – қосымша
құн заңы буржуазиялық қоғамда болатын бүкіл процестер мен құбылыстарды
түсінуге және ұсынуға мүмкіндік береді. Капитализмнің негізгі экономикалық
заңы капиталистік өндіріс әдісінің мәнін білдіреді және оның экономикалық
дамуының басты процестерін анықтайды. Қосымша құн заңы дегеніміз
капитализмнің қозғалуы мен даму заңы болып табылады.

Қосымша құн заңының күшіне енуіне қарай капиталистік өндірістің дамуы
антагонистік формада жүреді. Капитализмнің негізгі экономикалық заңы
капитализм қайшылықтарының аса терең көрінісі болып табылады. Оның күші осы
қайшылықтардың үнемі шиеленісуіне әкеліп соқтырады және капиталистік
құрылыстың дамуына ғана емес, сондай-ақ оның күйреуіне де себепші болады.
В.И. Лениннің анықтамасы бойынша, қосымша құн теориясы К. Маркстің
экономикалық ілімінің іргетасы болып табылады. Ол капиталистік өндірістің
ең терең негіздерін, оның қанаушылық мәнін ашады, буржуазиялық қоғам дамуы
процестерін шынайы ғылыми тұрғыдан түсіндіру үшін шешуші шарт болып
табылады.

Маркстің пайымдауынша, өндіріс барысында ерекше тауардың – жұмыс
күшінің айрықша өзгешелігіне байланысты жұмыс күшінің тұтыну құны оның
жасалу көзіне айналады. Жалдамалы жұмысшы капиталиске өзінің жұмыс күші
құнының баламасын ғана емес, сонымен бірге “құннан тыс” құн жасайтын
еңбегін де жұмсайды.

Қ. қ. өндіру аясы – өнеркәс. капитал аясы; оның қозғалысына
субъективті фактор – жұмыс күші ғана емес, сонымен бірге өндірістің
объективті факторлары да – еңбек құралдары, еңбек заттары қатысады. Құн
жасау үдерісіндегі өндіріс факторларының рөлі әрқилы: объективті факторлар
жаңа өнім жасауға қатысады, бірақ жаңа құнның көзі бола алмайды; олардың
міндеті – адам еңбегіне материал беру және оның жүзеге асырылуына жағдай
жасау. Субъективті фактор – жұмыс күші өндіріс құрал-жабдығына “жан
бітіреді”, жаңа құнның көзі болу міндетін атқарады, ал өнеркәс. капитал
қозғалысы барысында жаңа құнның өсуі көзделеді. Құнның жасалуы мен өсуіне
қатысу тұрғысынан капитал, Маркстің пайымдауынша, тұрақты капиталға, яғни
өзінің шамасын өзгертпейтін капиталға (еңбек құралдары, заттары және
жағдайлары) және ауыспалы капиталға, өндіріс барысында өзінің шамасын
өзгертетін капиталға бөлінеді. Маркс “қосымша құн нормасы” (m’) – mv
қатынасы, яғни Қ. қ-ның ауыспалы капиталға қатынасы деген ұғымды енгізді.
Маркстің пікірінше, Қ. қ. нормасы дегеніміз жұмысшының қаналу деңгейінің
дәл көрсеткіші, өйткені осы қатынастан жұмыс күні қажетті және қосымша
жұмыс уақытына бөлінетін арақатынас көрінеді. Сонымен бірге Қ. қ. нормасы
нақты еңбек (адам еңбегі) тиімділігінің көрсеткіші болып табылады. Сайып
келгенде, Қ. қ-ның көбеюі нақты еңбектің мөлшерімен, оның өнімділігімен
айқындалады. Қ. қ-ды барынша молайту нақты еңбек өнімділігін арттырудың
басты себебіне айналады. Маркстің пікірінше, қосымша еңбекке деген
құштарлық нақты еңбектің үлесін салыстырмалы түрде қысқарта түседі, мұның
өзі Қ. қ. көзі болып табылатын нақты еңбек туралы тезиске қайшы келеді.
Қарама-қайшылық капиталдың қорлануы барысында шешіледі: капиталдың табиғи
құрылымының өсуіне, нақты еңбек көлемінің ұлғаюына, жұмысшы еңбегінің
қаналу деңгейінің өсуіне байланысты нақты еңбектің үлесі қысқартылады. Қ. қ-
ды өндіруге қоғамдық өндірістің барлық салалары тартылады. Маркс экон.
қатынастардың объективті сипаттамаларын басшылыққа ала отырып, Қ. қ.
өндіруді қоғамдық өндірісті қалыптастыру бағытын айқындайтын объективті
экон. заң ретінде қарастырады.

Марксті сынаушылар Қ. қ. теориясына қатты шүйлікті. Қ. қ.
сипаттамасының таптық көзқарас тұрғысынан түсіндірілуі ғана емес, сонымен
бірге оның абстрактілі, “мистикалық” сипаты да наразылық туғызды. “Бірде-
бір экон. агент, – дейді Маркстің қазіргі сыншылары, – қосымша құндылық
нормасындағы өзгерістерге елең етпейді: жұмысшы өзінің нақты жалақысын
барынша көбейтуге мүдделі, ал капитал иелері пайда мөлшерін басшылыққа
алады”. Алайда капитал иелері мен жұмысшылардың жұмыс күнінің мөлшері үшін
ұзақ жылдар бойы күрескенін, ақырында мемлекеттің бұл күреске араласып,
жұмыс күнін заң жүзінде шектегенін естен шығармау керек.

Маркс негізінен капиталистік қоғамның теоретигі болды.

Ф. Энгельспен бірге бірқатар еңбектер, алғашқы коммунистік ұйымдардың
бағдарламалық құжаттарын жасаған. Маркс пен Энгельс тәрбие мен білімді
фундаментальді қоғамдық саяси проблема ретінде қараған. Халықаралық
жұмысшылар ұйымдарының басты саяси талаптары катарында Маркс балалардың
барлығының қоғамдық және тегін білім алуын қойды, балалар мен
жасөепірімдердің еңбегіне, егер ол біліммен байланысты болмаса, заңды түрде
тыйым салыну талабын құрастырды.

Маркс дүниетанымының қалыптасуына француз және неміс ағартушыларының,
сондай-ақ 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басындағы қиялшыл социалистердің
идеялары ықпал етті. 1835 — 1841 ж. Бонн, кейіннен Берлин университетінің
заң ф-тінде білім алды. 1842 ж. “Рейн газетінде” редактор болды. 1843
Парижге кетіп, соц. қозғалыс өкілдерімен танысты. 1844 ж. Ф.Энгельспен
кездесті, ол Маркстың ең жақын серігіне айналды. 1845 ж. Брюссельге көшіп
келіп, 1848 — 1849 ж. Еуропада өткен төңкерісшіл қозғалысқа белсене
араласты.

“Коммунистер одағы” халықар. ұйымына мүше болып, 1848 Энгельс екеуі
осы ұйымның “Коммунистік партияның манифесі” атты бағдарламасын жазып
шықты. 1848 ж. маусым — 1849 ж. мамыр айларында Кельн қ-нда (Германия)
Энгельс екеуі “Жаңа Рейн газетін” шығарды (М. бас редактор болды).
Еуропадағы төңкерісшілдер талқандалған соң, 1849 ж. Парижге, кейіннен
Лондонға көшіп барып, өмірінің соңына дейін сонда тұрды.

Маркс 1864 — 76 ж. 1-Интернационал халықар. ұйымының негізін қалап,
жетекшілік етті. Лондонда тұрған жылдарында ол ғыл.-қоғамдық жұмыстарының
барлығын дерлік Энгельстің материалдық көмегі арқасында жасады. 1867 ж.
Маркстің ең басты еңбегі “Капиталдың” 1-томы жарыққа шықты. Бірақ ол бұл
еңбегін аяқтай алмады. 2, 3-томдары Энгельстің, ал 4-томы К.Каутскийдің
редакциялауымен жарияланды.

Өмірінің соңғы жылдарында жұмысшы партияларын қалыптастыру бағытында
еңбек етті. 40-жылдардың орта тұсынан бастап Маркс капиталистік қоғамды
зерттей келе жаңа идеяның негізін қалады (қ. Марксизм). Ол тарихты
материалистік тұрғыдан түсіндірді (тарихи материализм), қосымша құн
теориясын жасады, пролетариат төңкерістері нәтижесінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның міндеттері
Қоғам туралы Карл Маркстің ілімі және оның қазіргі жағдайы
ХХ ғасырдың басында капитализм
Маркстік философияның шығу тегі
Марксизм және өмір философиясы
Маркстік-лениндік саяси-құқықтық идеология
Философия - адамзаттың рухани табысы
Философиялық материализм
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Марксистік философия
Пәндер