Орта ғасыр философиясы туралы


Орта ғасыр философиясы
Негізгі мақсаты: Батыстық христиан философиясымен шығыстық мұсылман философиясының ерекшеліктері мен ұқсастықтарын таразылап дәйектеу.
Негізгі түсініктер: католицизм, протестанцизм, суфизм, номенализм, реализм, универсалий, аверроизм.
1. Орта ғасыр философиясының ерекшеліктері, мәні.
2. Христиандық Орта ғасыр философиясы.
3. Номинализм және реализм проблемалары.
4. Шығыс философиясының дамуы және маңызы.
Ежелгі шығыс философиясы антикалық және философия адамзаттың өркениетінің дамуына өзіндік үлес қосты. Арестотельден кейін көне грек филсофы б. э. д. 16 - ғасырдан бастап Рим философиясы өзіндік ізі бар, дәстүрі бар философиялық мектептер болды. Сондықтан грек Рим философиясы тұтас шектеулі жабық философия деп адады. Бірақ та қалыптасу, шарықтау кездері сонымен қатар тоқырау замандарын басынан өткізді. Рим философиясынан кейін Европада жаңа философия рухани құбылыс ол негізінен християндық философиялық дүниетанымнан пайда болды осы көз қарасты орта философиялық батыста I - XV ғасыр аралығын қамтиды.
Орта ғасыр философиясы басты ерекшелігі дін проблемасы мен байланыстылығында философияның дамуы батыс христиандық домалы шіркеу конондарын ескере отырып дамыды себебі сол дәуірде мәдениет пен білімнің дамуына дін ықпал етіп отырды.
Орта ғасырлар батыс философтар негізінен дін басылары қызметкерлер болып батыс философиясының басты проблемасы ерекшелігі болды. Мысалы: дүниені құдай жаратты ма? әлде өзіндік бағытта өмір сұре ме?
Орта ғасырлық философияның негізгі кезеңдері:
1. Патристика
2. Схоластика
1 - кезең "Потер” - әке, шіркеу әкесі деген. Философия тарихында бұл кезең 1 - 15ғасыр қамтиды. Оның негізін салушылар өз дәуірінің ойшылдары ұлы Василий, Августин, Ориген т. б.
Патристикалық негізі проблемалары:
1. Сенім және ақыл ойдың қатынасы.
2. Тарихты қозғалыс деп түсініп нақты анықтаушы мақсаты бар.
3. Құдайдың мәні және тринитарлық проблема.
4. Адам бостандығы адам жанының құтқару.
5. Дүниедегі зұлымдылықтын пайда болу проблемасы.
2 - кезең схоластика кезеңі 11- 15ғасыр философиялық ойдың өрлеуін көреміз. Схоластика термині - "Мектеп”.
Мектеп философиясы деген ұғымды білдіреді. Сол кезеңдерде Европада университетте философия пән ретінде оқытылды.
Схоластикалық философия өкілдері Фома Аквинский, Альберт фон Больштедт, Раймунд Луллий, т. б. Мәселен, Альберттің пікірінше, жалпы ұғым (әмбебаптар) үш түрлі өмір сүрді. Олар:
1. Заттардан бұрын құдай санасында пайда болып, сол арқылы барлық заттар, тіпті бұкіл әлем жаратылды;
2. Заттардың өзінде көптің бірі ретінде;
3. Заттардан соң адам санасында бұрынғының белгісі ретінде өмір сүреді
Ф. Аквинский (1225-1274) - орта ғасырдағы реалистік философияның ірі өкілі, қазіргі католизм дінінің рухани пірі, әулиесі. Ол Арестотельдің идеалистік философиясын өз пайдасына қолданып, материя түрден тыс өмір сүре алмады, деді.
Схоластикада көтерілген проблемаға қарап номинализм және реолизм бағыттары қалыптасты схоластикалық философиядағы теориялық проблема құдай болмысы. Осы проблеманы көтерген философ Кентерберский оның негізгі идеясы егер адамдар құдай туралы ой болса онда құдайдың бар болғаны ақиқат.
Кентерберскийдің саластика философиясына қосқан үлесі уневерсализм ақиқат данышпандық түсініктерін қалыптастыру осы кезден бастап нақты өмір сұретін құбылысты анықтау үшін реализм термені енгізілді.
Схоластика проблемасын негізін қалаған Росцелий номинализм терменін енгізді оның негізгі концепциясы мынада, универсализм жалпы түсінік бұл сөз, ал адам дауысы бұл номиналь осыдан номинализм деген сөз шыққан.
Орта ғасырлық бағытта жалпы идеалистік көз қарас оның басты мақсаты, діннің маңыздылғын адам үшін қажеттілігін дәлелдейді. Орта ғасырлық философия өз проблемаларын шешуде антологиялық, гноциологиялық, космологиялық әлеуметтік проблемаларды дінді қорғауға қолдауға бағыттайды.
Орта ғасырлық философияда қоғамдық саяси әлеуметтік проблемалар шешуге теологияға жүгінеді. Теология грек тілінен құдай туралы ілім деген сөз.
Ортағасырлық философиясы (батыс Европа елдерінде) - рим империясының күйреуімен байланысты (5 ғ) капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (14-15 ғ. ) өмір сүрді. Ортағасырлық философия дінмен байланысты дамыды. Тіпті философияны - діннің қызметшісіне айналдырып жібірді. Философия діннің шырмауынан шыға алмады.
Батыс Еуропа елдерінде христиан дінінің кең тарауына байланысты "Шіркеу әкейлері” мен путқа табынушылармен философиясының арасындағы күрестің өрлеуіне байланысты Ортағасырлық философиясы негізгі үш кезеңге бөлінеді:
1. б. з. II ғасырдан бастап, Апологетика деп аталатын діни философиялық ілім пайда болды.
2. III-VI ғ. ғ. Патристикалық ілімнің белең алған кезеңі.
3. Схолистикалық кезең
Апологетика (гр. Apologetikos - қорғаушы) - теологиялық сала. Апологетиканың мақсаты - ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап, сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы (оның ішінде ғажайыптар мен сәуегейліктер туралы) ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау.
Апологетика- әлдебір нәрсене әділетсіздіктен қорғау, сол нәрсені мадақтау ұғымына сәйкес. Өкілдері - Юстин Мученик, Тециан, Тертуллиан Квинт Септилий Флоренц.
Патристика (лат. Pater-әке) -2-8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін "шіркеу әкелерін” мадақтау, қостау. Өкілдері - Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин.
Схоластика (гр. Scholosticos- мектептік) - орта ғасырлық "мектептік философия”, оның өкілдері - схоластар христиандық дін ілімін рационалды (зерделі) түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты. Бұл үшін олар Платонның, Аристотельдің философиялық көзқарастарын пайдаланды. Ортағасырлық Схоластика универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды. Өз тарихында Схоластика бірнеше кезеңгк бөлінеді:
1. Алғашқы кезең Схоластикасында ( 9-13 ғ. ғ. ) неоплатонизмнің ықпалы басым болды. Өкілдері Эриугена, Ансельм Кентерберийский. Ғылыммен философия, теология бір-бірімен біте қайнасып, пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл белең алды.
2. 14-15 ғ. ғ. кезеңде, яғни "классикалық” Схоластикада "христиандық аристотелизм” үстемдік етті, яғни, кемеліне жеткен схоластика ғылыммен философиялық теологиядан бөлініп, философиялық, теологиялық ілімдердің қалыптасып, етек жайған кезең. Өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский.
3. Құлдырау кезеңі (XIV-XV ғ. ғ. ) - шынайы ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқынды түрде дамуының салдарынан теологияның мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлдем нәтижесіз ілім кейпіне енді. Тақуалар мен неосхоластардың арасындағы дау-дамай ушыға келіп, шіркеудің Реформацияға қарсы күресіне ұлысты. Өкілдері - Уильям Оккам, Жан Буридин т. б.
Ортағасыр философиясындағы негізгі бағыттар:
1. Реализм
2. Номинализм
Реализм- ортағасырлық схолистикада орын алғаг философиялық бағыт, ол ұғымдар (универсалиялар) реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырды. Ортағасырлық реализм іс жүзінде ұғым мен обьективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне кедгенде Платонның бағытын жалғастырды. Көрнекті өкілдері - Ансельм Кентерберийский және Шамполық Гильом, Фома Аквинский болды. Ортағасырлық реализмге қарсы номинализм өкілдері күрес жүргізді.
Номинализм (лат. nomen - есім, атау) - ұғымды тек жекелеген заттардың атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт. Ортағасырлық реализмге қарсы номиналистер тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете алмайды. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланысты көзқараста болды. Көрнекті өкілдері: Росцелин, Дунс, Скотт, Оккам.
Августин Аврелий Әулие (354-430 ж. ж) - христиан дінбасы және неоплатонизмге жақын философ - мистик, патристиканың ықпалды өкілі. Оның дүниетанымы фиденстік сипатта, яғни "нанымсыз білім, ақиқат жоқ” деген принципке бағынады. "Құдайдын қаласы” (426 ж) атты шығармасында Августин тарихты, адам тағдырын фаталистік (теологиялық фатализм тарихтағы оқиғалар мен адам өмірі-құдайдың құдіретімен анықталатын негізге алу) тұрғыдан түсіндіретін христиандық концепциясын ұсынды. "Жердегі қалаға”, "күнәһар” зиялы мемлекетке ол "Құдайдың қаласын”, яғни шіркеудің бүкіл дүниежүзілік үстемдігін қарама-қарсы қойды. Августиннің христиан теологиясының әрмен қарай дамуына жасаған ықпалы орасан зор.
Теологияның негізгі қағидалары: 1) әлеуметтік статусының қандай еке-ніне қарамастан, кез-келген адам Жаратушының жердегі көрінісі; 2) адам-заттың түбі бір; 3) адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Бұл қағидалар ең әуелі Орта ғасыр философи-ясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинаттың ілімдерінен айқын көрінеді. Августин Аврелий (Блаженный) -
354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері ете көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры» (Тәубе, Исповедь) . Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат - болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол - Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: «Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды». Ең басты мәселе - космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз - өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз - Құдайды еске алу, біздің танымымыз - Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты., ) Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның «Идеясына» жүгінеді. Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады, Бірақ Августин Платонның теориясын екі жерден өзгертеді:
1) Идея Құдайдың ойлары;
2) Құдай таза Болмыс ретінде басқа
заттардың болмысына қатысты, оларды жасайды. Ақиқат ретінде ол бәріне өзінің сәулесін түсіреді, махаббат ретінде өзіне тартады және адамның жанына тыныштық орнатады.
Августин Идеяны тану жанның ең жоғарғы бөліктеріне ғана, яғни, ақыл-парасатқа ғана тән деп пайымдайды. Себебі, Ақиқатқа жету үшін жан тап-таза, ашық, айқын болуы тиіс.
Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді:
1) Гректердің өзі дүниені жаратушының бар екені туралы идеяны айт-қан. Дүниенің сантүрлілігі мен өзгермелілігі, оның объектілерінің әдемілігі оны ұлы да әсем, көзге көрінбейтін және білінбейтін Құдай жаратқанын дәлелдейді.
2) Екінші дәлел -сопsепsus gепtіиm (адамзаттың ауызбіршілігі) . Та-
биғаты түгелімен бұзылған адамдардан басқа адамзат ұрпағы Құдай
дүниені Жаратушы де п мойындайды.
3) Ең жоғарғы бақыт бұл өмірде емес, о дүниеде. Оған Құдайды сүйе алған адам ғана жетеді.
Құдай Дүниені Жаратушы. Неден жаратты? «Ештеңеден», онымен бірге Құдай уақытты да жаратты. Адамды Құдай сезімдік дүниенің соңғы «рациональді жануары» ретінде жаратқан, оның жаны өлмейді, мәңгілік, ол өлетін болса, Ақиқат та еледі.
Зұлымдық мәселесі. Құдайдан шығатын нәрсенің бәрі ізгілік, жақсылық болса, зұлымдық қайдан шығады? Августин зұлымдықты үш түрге бөледі:
1) метафизикалық-онтологиялық - зұлымдық болып көрінетін нәрсенің өзі жалпы универсалдық оптика деңгейінде жоғалып кетеді. Зұлымдық туралы пікіріміз кебіне субъективті. Әрбір нәрсенің болмыстық мәні бар, яғни жағымды бірдеңеге ие.
2) моральдік зұлымдық - күнә. Күнә залым жігерге тәуелді. Құдайға берілгендікті өзгерту де моральдық зұлымдық.
3) физикалық зұлымдық - ауру, қайғы, күйзеліс және өлім - мо-ральдық зұлымдықтың салдарлары.
Зұлымдық - өзіне деген махаббатта, ізгілік - Құдайға махаббат. Әуелі өзіне деген махаббат, Құдайды жек көру сезімдері Жер қаласын, Құдайды ақыл-есінен айрылғанша сүю - Кек, Аспан қаласын туындатады. Екі қаланың да аспанда періштелері бар. Бірінші патшалықтың адамы жер бетінде дүниені билеуші ретінде, ал көк қаласының тұрғыны кезбе ретінде көрінеді. Бірақ біріншісі қарғысқа ұшырайды, ал екіншісі - мәңгілік құтқаруға ие болады.
Нағыз адам, Августиннің ойынша, сүйе білген және сүюге лайық адам. Бұл махаббат Құдайға, өзін қоршаған алыс және жақын адамдарға, Құдай-дың бейнесі - заттарға бағытталған болуы керек. Адамның, тұлғаның өлшемі - сүйе білу деңгейі. Философиялық ойлау осы принципке, Құдайға Сенімге негізделген болуы тиіс. Августиннің кейбір ойлары:
«Табиғи деп аталып жүрген теология туралы әңгімені кез-келген адам-мен емес, аттары латын тілінен аударғанда даналыққа махаббатты білдіретін философтармен жүргізу керек; даналық дегеніміз бәрін Жаратушы болса, онда нағыз философ Құдайды сүйеді». «…философтар даналыққа талпынысқа немесе даналықтың өзіне үйретеді». «…Дүниені жаратқан Құдайға жүгініп емес, дүниенің желісіне жүгініп пайымдайтын философтардан сақ болу қажет».
Ортағасырлық философияның белді өкілдерінің бірі Фома Аквинский (1225-1274 ж. ж. ) орта ғасырлық котолик дінінің теологі, доминикандық - монах, ортадоксалдық схоластиканы жүйеге келтіруші. Париж және Кельн университеттерінде білім алады. Ұлы Альберттің шәкірті. Негізгі еңбегі - "Теология суммасы” (жиынтығы) Ф. Аквинскийдің обьективтік идеалистік философиясы Аристотель ілімін теологиялық тұрғыдан түсіндіру, аристотелизмді христиан дініне сай ықшамдау нәтижесінде пайда болды. Аристотель философиясынан Ф. Аквинский материалистік идеяларын алып тастап, идеалистік элементтерін (жаратқан иенің қозғалыссыздығы жайындағы ілімін) күшейту бағытында әрекет етті. Ф. Аквинский бойынша универсалиялардың үш түрі бар:
Жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреті)
Заттардың өздеріндегі (жекедегі жалпылық)
Заттардың кейінгі түрі (адам санасында танылатын)
Философияның негізгі принципі - сеніммен сананың үйлесімділігі. Оның пайымдауынша, ақыл Құдайдың болмысын саналы түрде дәләлдеп, сенімнің ақиқаттығына қарсы пікірді қабылдамайды, барлық өмір сүретін заттар құдайдың құдіретті бойынша қалыптасады. Ф. Аквинский Құдайдың болмысына 5 дәлел келтірд.
Томас (Фома) Аквинат (1225-1274) - Сенім мен Ақылдың гармониясын негіздейтін ілім қалыптастырды. Оның негізгі тұжырымдары:
1) Сенім мен Ақылдың көмегімен жүзеге асырылатын таным процесінің тәсіл-әдістерінің ортақ жақтары кеп. Сенім де, Ақыл да бір затты - Құдайды және ол жаратқан дүниені танып-біледі;
2) Екі тәсіл де бірін-бірі жоққа шығармайды, толықтырып отырады. Адам Құдайға тәуелді болғанымен, оның ақыл-ойының салыстырмалы автономиясы бар. Теология философияны, Сенім Ақылды терістей алмайды, ақиқат көзі - осы тұжырымда.
3) Екі тәсілді де Құдай жаратқан, сондықтан өмір сүру құқықтары бірдей. Бірақ екі тәсілдің ерекшеліктері де бар:
1) Сенім Құдай-жаратушы туралы ақиқатты сезім, жігер, тілекке сүйене отырып қабылдайды.
2) Ақыл ақиқат туралы үнемі күмәнданады, тіпті Құдай Болмысы ту-ралы ақиқаттың да дәлелін іздейді.
Сондықтан, Аквинаттың ойынша, Сенім Ақылдан жоғары. Ол Қүдай-дың жаратылыстан тыс нұр-шапағаты. Інжілді толтырып тұрған да осы Құдайдың жарығы. Ақыл - адамның қабілеті, құралы, табиғи нұры, ол философияның ақиқаттарында көрініс тапқан. Ақыл «діннің қызметшісі» болу үшін жаратылған. Яғни, Аквинат дін мен философия-ғылымның’ арасындағы компромисс идеясын негіздеді.
Аквинат Құдайдың бар екендігінің бес дәлелін келтіреді:
1) Дүние дегеніміз қозғалыс. Әрбір зат қозғалысының бастауы бар, бұл қағида сезімдеріміз арқылы дәлелденеді. Осы қозғалысқа алғашқы күш беретін - Құдай.
2) Екінші дәлел «туындатушы себеп» ұғымынан шығады. Дүние себеп пен салдардан тұрады. Әр заттың себебі бар. Алғашқы себеп - Құдай.
3) Үшінші себеп кездейсоқтық пен қажеттілік ұғымдарына негізделген. Дүниеде кездейсоқ нәрселер көп, бірақ қажеттілік, заңдылықтың бар екендігі күмәнсіз. Мысалы, планеталар қозғалысы, адамдардың өмірі. Осы қажеттілік-заңдылықтарды туғызатын Құдай.
4) Заттардың жетілу дәрежелері әр түрлі. Бір зат толық жетілген, екіншісі шамалы жетілген. Абсолютті, ең жоғары жетілген - тек Құдай ғана.
5) Ақылы жоқ заттар да белгілі бір мақсатқа, ретке бағынып, табиғатта өмір сүреді. Олардың бәріне мақсат сілтеп отыратын - Құдай.
Орта ғасырлық христиан философиясының тарихи-мәдени рөлі туралы айтсақ, еркін ой тежелген, шіркеу догматтары үстемдік құрған кезең болғанымен, бұл философия адамзат тарихы мен мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосты.
1) Христиан дінінің идеологиясы Европа мемлекеттерінің рухани ны-ғаюына ерекше ықпал етті, әлеуметтік-саяси тұрақтылығына әсерін тигізді.
2) Грек философиясының мұраларын дамытуға үлес қосты.
3) Рухани өмірдің сәулет өнері, бейнелеу өнері, музыка, әдебиет сияқты салаларының дамуына игі ықпал етті.
4) Көптеген философиялық категорияларды тереңдетті: сенім, ақыл, абстрақтылық және нақтылық.
5) Құдайдың алдында адамдардың бәрі бірдей идеясы қоғамды адам-гершілік тұрғысынан нығайтты, махаббат пен шыдамдылыққа үйретті.
Уильям Оккам (1285-1349 ж. ж. ) - ортағасырлық ағылшын теологы, философ-схоласт, номинализмнің ірі өкілі. Оксфорд университетінде сабақ берген, дінсіз деп айыпталып, түрмеден Баварияға қашып барады. Шіркеудің дүниежүзілік үстемдігін орнатуға тырысқан папаға қарсы күрескен феодалдардың идеологы.
Оккамның айтуынша Құдайдың бар екендігі т. б. діни ұғымдар парасат арқылы дәлелденбейді, олар тек қана нанымға негізделген, ал философия теологиядан азат толуы тиіс (екіұдай ақиқат) .
Ортағасырлық мұсылман философиясы.
Философияның, жалпы мәдениеттің даму тарихы ұзақ жылдар бойы біржақты, европоцентристік тұрғыдан қарастырылып келгені белгілі. Осы көзқарастың салқыны сал-дарынан Орта ғасыр философиясы тек христиандық философия шеңберінде ғана қарастырылды. Шындығында, сонау антика заманы мен оның бер жағын байланыстырып тұрған, жай байланыстырып қана қоймай, дүниежүзілік мәдениеттің, өркениеттің дамуына мықты әсер еткен Шы-ғыстағы мұсылман философиясы еді. Оны толығырақ, объективті зерттеу мүмкіндігі енді ғана туып отыр. Бұл салада атқарар жұмыс өте көп, бірақ аз ғана уақыттың ішінде жүргізілген ізденістердін өзі мұсылман мәдениеті мен философиясының Батыс философиясынан мүлдем өзгеше екендігін керсетеді.
Мұсылмандық ІІІығыс философиясы араб және түркі тілді болып бөлінеді. Араб тілді философияның қалыптасуына әсер еткен ислам діні, Аравияда VІІ-ғасырда дүниеге келген Араб халифаты ХVІ-ғасырға дейін мәдениеттің ірі ошағы болды, ал ғалымдар халифат Рим империясынан да мықты болған деген пікір айтады. Бұл пайымдаулармен келісуге де болады, себебі осыншама ұзақ өмір сүруге кез-келген империяның әлі келмес еді. Араб халифатының экономикалық дамуының күшті болуы оның фи-лософиясының да айқындаушы факторы болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz