Философиядағы таным мәселесі



1 Таным теориясы немесе гносеология
2 Жасанды интеллект
3 Танымның әмбебап принциптері және жалпы ғылыми әдістері
4 Абстракттыдан нақтылыға өрлеу принципі
5 Абстракциялау және дәріптеушілік
6 Ақиқат теориясы
7 Ғылыми таным логикасы мен методологиясы
8 Ғылым философиясы
Таным – бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді, ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз – білім алу үшін шығармашылық ізденіс.
Таным адамның практикалық іс - әрекетінің рухани жағы болып табылады. Ол еңбек құралдары – табиғат жүйесінің аясында іске асады, өйткені, адам еңбек құралдарының көмегімен заттардың мәнін жауып, көлеңкелеп тұратын сыртқы қабығын алып тастауға тырысады. Оны ашып, әлемнің құпиясына үңіледі.
Таным – адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттың жоғарғы деңгейі.
Таным – адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылық іс - әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады.
Таным теориясы немесе гносеология – таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселені арнайы зерттейтін философия ғылымының бір бөлігі.
Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дз. Феррерердің еңбектері арқылы енді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылымда да болуы мүмкін емес.
Философия тарихында таным теориясына ерекше мән беріп, оның ерекшеліктерін анықтаған философ Кант.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Философиядағы таным мәселесі

Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшелігі. Тәжірибеге дейінгі
білім. Білім және таным. Білім және сенім. Білімнің құрылымы. Сезімдік және
рационалдық таным. Ұғым рационалдық танымның формасы ретінде. Таным және
шығармашылық. Шығармашылық және интуиция. Түсіндіру және түсіну. Ақиқат.
Ақиқат және адасу. Акиқат теориясы.

Ғылыми танымның спецификасы. Ғылыми білімнің архитектоникасы. ғылыми
білімнің динамикасы. Білім-билік. Білім мен билік контаминациясы мәселесі.

Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері. Логика және әдіснама ғылыми
танымның әдістері. Философиялық әдістер. Рационалдылық феномені. Ғылым және
ғылымның институттандану феномені. Ғылым дамуының перспективалары. Ең жаңа
ғылыми жетістіктер мен көне ғылымнан тысқары білімдердің параллелизмі
туралы дискуссия.

Таным – бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия
тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді, ондағы өзін
мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз – білім алу үшін
шығармашылық ізденіс.

Таным адамның практикалық іс - әрекетінің рухани жағы болып табылады.
Ол еңбек құралдары – табиғат жүйесінің аясында іске асады, өйткені, адам
еңбек құралдарының көмегімен заттардың мәнін жауып, көлеңкелеп тұратын
сыртқы қабығын алып тастауға тырысады. Оны ашып, әлемнің құпиясына үңіледі.

Таным – адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты
түрде қол жеткізетін ақпараттың жоғарғы деңгейі.

Таным – адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылық іс -
әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды
образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады.

Таным теориясы немесе гносеология – таным табиғаты мен оның
мүмкіндіктері, шегі туралы мәселені арнайы зерттейтін философия ғылымының
бір бөлігі.

Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд
философы Дз. Феррерердің еңбектері арқылы енді. Өйткені танымнан тыс білім
де, ғылымда да болуы мүмкін емес.

Философия тарихында таным теориясына ерекше мән беріп, оның
ерекшеліктерін анықтаған философ Кант.

Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен
тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімінің
ретінде өзінің мағынасын сақтайды.

Философиялық таным теориясының ерекшеліктері оны басқа ғылымдармен
салыстырғанда көзге түседі. Таным мәселесін зерттейтін ғылымдардың саны
көбейе түсуде.

Қазіргі уақытта танымдық іс - әрекет психологияда, жоғары нерв
қызметінің физиологиясында, кибернетикада, формальді логикада, тіл туралы
ілімде, семиотикада, структуралық лингвистикада, мәдениет тарихында, ғылым
тарихында зерттеледі.

Соңғы жылдары психологияда когнитивтік немесе танымдық психология
деген бағыт пайда болды. Ол үшін ең бастысы компьютермен аналогия болып
табылады. Негізгі мақсаты – белгілі бір жүйедегі ақпарат ағынының
қозғалысын бақылау.

Танымдық психология білімді игеріп, ұйымдастырып, пайдаланудағы
танымдық белсенділіктің заңдылықтарын зерттейді. Ойлау психологиясында
жасанды интеллект мәселесін зерттейтін бағыт қалыптасты. Жасанды интеллект
деп адам бұрын шешіп қойған есептерді электрондық есептегіш машиналар
арқылы қайталау үшін жасалынатын программаны дүниеге келтіруді айтады.
Автоматтандырылған оқудың дидактикасы пайда болуда. Жасанды интеллект
ғылыми, техникалық, көркемдік салаларға де кеңінен ене бастады.

Жасанды интеллект туралы еңбектер психикалық және ақпараттық
процестердің өзара қарым – қатынасы, писхикалық және одан тыс жүйелерді
бөлектеу, бейорганикалық тасымалдау жүйелерінде жасанды психиканы дүниеге
келтірудің мүмкіндіктері туралы мәселелерді қоюда.

Жалпы психология танымдық формалар мен процестерді, түйсіктерді
қабылдауды, ес, қиял, ойлауды, сонымен қатар, сенім, көңіл – күй, аффект
мәселелерін жеке адамдар мен коллектив арасындағы қарым – қатынас
тұрғысынан зерттейді.

Философия да осы аталған мәселелерге көңіл бөледі., бірақ оны басқа
ракурста, яғни таным процестерінің объективті болмысқа, ақиқатқа қарым –
қатынасы тұрғысынан қарастырады.

Гносеологияның ең негізгі категориясы ақиқат болып табылады. Түйсік,
ұғым, интуиция психология үшін индивидтің өмірлік іс - әрекетінің немесе
оның тәртібінің психикалық формасы ретінде анықталады, ол философиялық
таным теориясында олар ақиқатқа апаратын құрал ретінде зерттеледі. Ақиқат
дегеніміз – қоғам, табиғат, құбылыстарының адам санасында объективті
көрініс табуы.

Философия таным мәселелерін зерттеуде басқа ғылымдардың жетістіктерін
жоққа шығармайды, қайта оған сүйеніп отырады. Таным теориясы философия
тарихына, жеке ғылымдардың тарихында баланың ақылы қалыптасуы тарихына, тіл
тарихына сүйенеді. Таным – бұл тек ізденіс қана емес, ол, сонымен қатар,
білімнің одан әрі дамуы. Таным процесс ретінде субъект пен объектінің өзара
қарым – қатынасы. Таным процесінің субъектісі – пенде, әлеуметтік топ,
жалпы қоғам – танымдық іс - әрекетті іске асырады, кез келген мақсатты
қояды және оны шешеді. Субъектің танымдық белсенділігі танымның объектісіне
– жеке зат, материалдық әлемнің бір бөлігі немесе бүкіл әлемге –
бағытталған.

Таным өте күрделі процесс, ол ұдайы даму үстінде болып отырады. Ол
адамға зат пен құбылыстардың сыртқы, көзге түсер қасиеттері мен
қатынастарынан бастап, оның тереңде жатқан ішкі салыстырмалы тұрақты
байланыстарына дейін бойлауға мүмкіндік береді, яғни заттың мәнін, ішкі
құпиясын меңгеруге жағдай жасайды.

Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік және рационалдық таным. Бұл
екі саты бірінен кейін бірі болатын жекеленген деңгейлер емес, олар
біртұтас таным процесінің екі қарама – қарсы, бірақ бір – бірімен өте тығыз
байланысқан жақтары. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де бар. Оны
көрнекті етіп көрсету үшін мынадай кестені жасауға болады:

Сезімдік таным Рационалдық таным

1. Тікелей бейнелеу 1. Жанама бейнелеу

2. Сыртқыны бейнелеу 2. Ішкіні бейнелеу

3. Жекені бейнелеу 3. Жалпыны бейнелеу

Бұл кестеде сезімдік танымды сипаттайтын әрбір ережеге қарама – қарсы
рационалдық танымға тән ерекшелік көрсетілген. Мұның мәні танымда бір –
біріне қарама – қарсы екі процесс өзара әрекеттеседі, оның біреуі шындықты
тікелей қабылдаумен, сезімдік образды бейнелеумен, ал екіншісі абстракты
ойлаумен тығыз байланысты.

Сезімдік таным – танымның төменгі деңгейі. Адамдар өзінің өмірлік іс -
әрекетінде қоршаған ортамен тікелей қатынасқа түседі. Олар заттар мен
құбылыстар және адами қатынастар әлемінде өмір сүреді, өзін қоршаған ортада
еркін сезіну үшін осы ортаның қисынын түсінуі қажет. Практикалық іс -
әрекет процесінде адамдарда түйсіктер, қабылдаулар, елестер қалыптасады.
Бірақ сезімдік тәжірибенің аясы тар. Қоршаған ортаны өзгерте отырып,
субъект заттың тұңғиығына үңіледі. Оның іс - әрекеті тиімді болуы үшін
нысанның сыртқы ерекшеліктерін білуі жеткіліксіз, оған оның ішкі
қатынастарын, қасиеттерін, заңдылықтарын да тануы қажет. Сөйтіп, сезімдік
тәжірибеге сүйене отырып, оны талдап, жинақтап, соның негізінде абстрактілі
ұғымдарды, ғылыми көзқарастарды тудырады.

Сезімдік таным мен абстрактілі ойлау бір – бірімен тарихи және
логикалық байланысқан. Сезім мен ақылдың өзара байланысы тіпті терең. Олар
бірінсіз бірі бола алмайды. Өйткені, адамның сезімдік образдары ойлы
сипатта болады, олар тілмен тікелей байланысты, ал мұның өзі сезімдік
образдарда әлеуметтік бағалаудың болуына меңзейді. Сонымен қатар, логикалық
ұғымдар, абстракциялар танымда сезімдік тәжірибемен тығыз байланыста
қолданылады.

Сезімдік және рационалдық танымның бейнелеу түрі жағынан да бір –
бірінен айырмашылықтары бар. Көрнекті етіп айқындау үшін төмендегі кестені
ұсынамыз:

Сезімдік таным Рационалдық таным формалары:

1. Түйсік 1. Ұғым

2. Қабылдау 2. Пікір

3. Елес 3. Ой тұжырымы

Субъектің заттармен, құбылыстармен тікелей өзара әрекеттесуі кезінде
туындаған сезімдік әсерлері түйсік пен қабылдау деп аталады. Түйсіктер
нысандардың жеке қасиеттерін бейнелейді – қызыл, қатты, тәтті т.б.; ал
қабылдау – затты, құбылысты толық бейнелеу. Біз оның жеке белгілерін ғана
емес, пішінін, көлемін көреміз, иісін сеземіз, дәмін татамыз, яғни затты
барлық қасиеттерімен бірге толық қабылдаймыз.

Сезімдік әсерлер ес арқылы да қайталануы мүмкін. Мысалы, ойша Евразия
университетін елестетуге болады, немесе жүріп бара жатқан поезды, машинаны
елестетуге болады. Бірақ, бұл образ адамның бұрынғы тәжірибесімен тығыз
байланыста туындайды. Мұндай образдарды елес деп атаймыз. Елес дегеніміз –
дәл осы уақытта тікелей әрекеттеспесе де, қажет уақытында пайда болып
отыратын сезімдік бейне.

Шындықтан алған әсерлерінің негізінде адам жаңа сезімдік бейнелер
ойлап табуы мүмкін, яғни онда қиялдау қабілеті қалыптасады. Сезім
органдарының көмегімен біз заттардың сапалары мен қасиеттерінің көп
жақтылығын бейнелейміз.

Сезімдік қабылдау тек нақты затты бейнелейді, ал жалпы затты көрсете
алмайды. Мысалы, сезімнің көмегімен заттың құлағанын көруге болады, ал
жалпы тартылыс заңын білу үшін ойлаудың күші қажет. Тәжірибеге сүйеніп, тіл
құралдарын пайдаланып, адам сезімдік – көрнекті белгілерден бас тарта
отырып, абстракциялар құра бастайды. Ойлау дегеніміз - әлемді логикалық
абстракциялардың көмегімен тану деген сөз.

Ойлаудың қарапайым түрі ұғым деп аталады. Ұғым дегеніміз – шындықтағы
заттардың, құбылыстардың өзара байланыстарын жүйелеп жинақтайтын, қорытатын
ой. Яғни, объективті шындықтың өзіндік табиғатын игеру, бейнелеу ұғымдар
түрінде іске асады. Ұғым сезімнен толық арылған ой жүзінде танылған
заттың дүниеде болу тәсілін ішкі қажеттілігінде және сондай құбылыстардың
бәріне де міндетті түрде тән жалпылығында идеалдық түрде қайта жасайды.

Ұғымның бастапқы белгісі – танылатын саладағы барлық құбылыстарға тән
болудың формасын анықтау.

Қайың, ағаш, өсімдік ұғымдарын алайық. Бұл ұғымдардың
айырмашылығы жинақтаудың, жалпылаудың дәрежесінде тұр. Ағаш ұғымы
қайыңнан, кең, ал өсімдік ұғымы, ағаш ұғымынан кең. Ұғымның жинақтау,
жалпылау мүмкіндігінің үдей беруі бір затты екінші заттан айыратын
белгілердің сылына беруінде.

Өсімдік ұғымында барлық өсімдіктерге тән жалпы белгілер бейнеленген.
Ғылыми танымда мұндай ұғымдарды абстрактілі ұғымдар деп атайды, олардың
көмегімен заттар бір топтарға бөлінеді, салыстырылады, ұқсастығы,
айырмашылықтары анықталады.

Ұғым – жай ғана жалпылау немесе жинақтау емес, ол заттың не құбылыстың
дүниеде болу жолын, болу тәсілін анықтайтын іргелі жалпылау.

Ұғымдардың өзара байланысын пікір анықтайды. Пікір – заттар мен
құбылыстар туралы айтылатын кез келген сауал, ол бір нәрсені растау не
терістеу түрінде болады. пікір құбылыстардың сан алуан байланыстарын
көрсетеді. Пікір туралы жан – жақты мәліметтерді логика пәнінен алуға
болады.

Ой – тұжырым деп бұрынғы қалыптасқан білімнен жаңа білімнің, бұрынғы
белгілі ойдан жаңа ойдың шығуын іске асыратын ойлаудың маңызды формасын
айтамыз. Адам ойларының жасампаздық сипаты осы феноменде айқын көрінеді.

Ойдан ой туады – деген пікір бекер айтылмаса керек. Белгілі
білімдерден белгісіз білімдер ой тұжырымы арқылы өрбіп отырған.

Ой – тұжырымы үш түрлі білімдерден немесе ойлардан құралады: бастама
ой (посылка), яғни түйіннің (заключение) шығатын көзі, туындаған (туатын)
ой (выводное знание), яғни бастама ойдан шығатын өсудің мүмкіндігін
көрсететін ой не білім.

Ой – тұжырымы екі немесе одан да көп бірнеше пікірлердің байланысын
білдіреді. Қарапайым ой тұжырымының мысалы: Адам ақылды жан. Сондықтан ол
дүниені тани алады.

Сөйтіп, біз адам танымының ішкі жүйелік құрылымы туралы жалпы
мағлұматтар алдық. Таным – адамның ажырамас, тылсым қасиеттерінің бірі.
Өйткені көрсем, білсем деген ниет оны өзі дамыған сайын мазалай береді.
Осындай мазасыздық, тынымсыз іздену, ұдайы қарману адам баласын жетілдіре
түседі, жетілген сайын таным көкжиегін кеңейте, ұлғайта береді.

Интуиция дегеніміз – адамның зерттеу нысанын тікелей, бірден толық
тану мүмкіндігі. Таным объектісін зерттеу немесе анықтау процесінде адамның
оның мәнін, заңдылығын кенеттен тани кетуі.

Интуиция – ерекше қабілет, оны дәстүрлі тәсідермен түсіндіру қиын.

Танымның әмбебап принциптері және жалпы ғылыми әдістері

Әмбебап принциптер – танымдық қызметтің барлық салаларында, техникалық
және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде пайдаланылатын ойлау амалдары. Бұл
мынадай принциптер:

Объективтілік принципі. Ішкі имманентті көріністерден шыға отырып,
объектіні қарастыруға деген ұмтылыс (құбылыс, зат немесе процесс).

Сәйкес түрде объективтілік (объективті ақиқат) салыстырмалы және
абсолюттік ақиқаттың өзара байланысы, танымдық процесс динамикасында
объективтіні және субъективтіні толықтыру ретінде беріледі. Бұл танушы
субъектіге сол немесе өзге шамада тәуелді болатын табиғи заттарды тануға,
сол сияқты маңызды дәрежеде субъект әрекетінің нәтижесі болып табылатын,
әлеуметтік процестерді тануға қатысты.

Объективтілік – қарама-қайшылықтар феномені, бір жағынан, ақиқат адам
қызметінің нәтижесі ретінде алға шығады, яғни субъективті элементтен
тұрады. Екінші жағынан, оның субъективті пайымдалуынан қарамастан ақиқат
объекті-ге тән, сондықтан объективтік принципі - нақтылықты танудың
субъективтілігі мен объективтілігінің арасындағы Ариадна жібі.

Даму принципі. Оған сәйкес заттың, құбылыстың немесе процестің сандық
та, сапалық та қатынаста өзгеруі олардың ішкі қасиеті болып табылатын
түсінік.

Даму органикалық та, органикалық та емес объектілерге де, сондай-ақ
әлеуметтік мәдени жүйелерге де тән болады. Дамудың әр түрлері, атап айтқан-
да, жоғары өрлейтін және төмен түсетін, прогрессивті және регрессивті,
жоғарыдан төменге, қарапайымнан күрделіге, қажеттіден кездейсоққа және т.б.
атап көрсетіледі.

Дамудың жалпы теориясына диалектика кіреді, соның шеңберінде даму-дың
ішкі механизмдері және қозғалатын күштері қарастырылады. Диалектика-ның
баламасы табиғат маңызының өзгермейтіндігін абсолюттейтін метафизика.
Ғылымның механистикалық кезеңіне сәйкес келетін метафизика, ғылыми динамика
процесінде игерілді. Синергетикалық амал оны сызықтық емес, қайтымсыз және
бифуркациялық процесс ретінде түсіндіре отырып, дамуды сызықтылық сатысынан
шығарады.

Абстракттыдан нақтылыға өрлеу принципі. Таным шекті қарапайым ұғымдар
мен түсініктерден аса күрделі және құрылымды мен нақтыларға өтумен
байланысады.

Бір жағынан, танымдық процесс нақты объектіні зерделеуден оны аса
жоғары теориялық деңгейде ойша бөлшектеуге жылжи алады. Әрі қарай, ойлау
процесінде байытылған, нақты объектіге қайтып оралады. Екінші жағынан,
объектіні зерделеуге қарама-қарсы жолмен де келуге болады, яғни оны
(объектіні) бастапқыда - ойша, ал сонан кейін нақтылау керек.

Айталық, антикалық кезеңде тұжырымдалған, атом туралы абстрактты түсінік
тиімді өзгерістерге ұшырады. Болмыстың бөлінбейтін мәні тым дискретті
болып шықты. Атомның қазіргі замандағы құрылымына электрондар, протондар,
бөлшектер, физикалық өрістер және басқалар кіреді. Оның бөлін-беушілігі
туралы түсініктерді игеру атом ұғымының теориялық байытылуына әкелді.

Тарихи және логикалық бірлік принципі. Оның шеңберінде танымдық
процестің негізгі бағыттарына басты назар аударылады.

Объектіні объективті зерттеу объектіні динамикада қарастыруға мүмкіндік
беретін, тарихи амалды болжайды. Алайда, объектінің тарихи динамизмін
ескерсек, ғылыми талдауды объектінің немесе процестің тарихи кедір-
бұдырларын қалай да түзететін, логикалық амалдан бастау жиі тиімдірек
болады.

Қазіргі замандағы теорияны қалыптастыру кезінде тек ғылыми білімді
дамыту логикасы ғана емес, сонымен бірге тиісті тарихи контекст те
ескеріледі. Жаңа теория тарихи қалыптасқан ғылыми түсініктерді жай ғана
қабыл алмайды, ал оларды сол немесе өзге шамада өздерінің құрылымына
енгізеді. Демек, дарвиндік және генетикалық түсініктер бір-бірін қабылдай
алмай-ақ, тірі эволюцияны баяндай отырып, бір-бірін толықтырады.

Тарихи бірлік зерделенетін объектінің пайда болуы мен дамуының
құрылымдық және функционалдық процестерін білдіреді. Логикалық бірлік сол
процестермен, бірақ зерделеу объектісінде өзінің салыстырмалы аяқталған
дамуын алған процестермен байланысқан. Егер жанды эволюциясын оның шыңы -
адамның мысалында зерделесек, онда оның зерттеулері жанды объектілердің
даму механизмдерінің ашылуына мүмкіндік туғызады, сол сияқты зерттеудің
логикалық деңгейі оның өзімен бөлінбейтін өзара байла-ныста бола отырып,
тарихи деңгейден озып кетуі мүмкін.

Жүйелілік принципі. Затты, құбылысты немесе процесті олардың барлық
элементтерінің бірлігінде, өзара әрекеттесуі мен өзара байланысында талдау;
жүйе элементтерін бірыңғай тұтас ретінде қарастыру болжанады.

Жүйелілік – гносеологиялық идеал ретінде түсіндірілетін, танымдық
процестің барлығын қамтушылыққа ұмтылу. Жүйелілік танымды шектейтін,
ақымақ шексіздікке айналмас үшін, жүйенің барлық бағыныңқы жүйелерінің
емес, оның элементтерін анықтайтын (субстанциялық) жүйелерінің ғана өзара
байланысы қарастырылады. Жүйеліліктің негізгі ерекшеліктерінің бірі
жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдарда оқылатын деңгейдегі
объектіні зерттеу әдістері және оларда қолданылатын қалыптасқан және
қалыптаспаған құралдарда пайдаланылатын өзара байланыс болып табылады.

Ғылыми танымның әмбебап принциптері (олардың кейбіреуі жоғарыда
қарастырылған) жалпы ғылыми әдістер: индукция және дедукция, талдау жә-не
синтез, аналогия және ұқсастық, абстракциялау және дәріптеушілік, мо-
дельдеу және ой эксперименті, математикаландыру шеңберінде нақтыланады.

Индукция және дедукция. Индукция (латын тілінен inductio - бағыттау) –
сана жеке білімнен жалпыға, заңдар танымына қозғалғанда, жекеден жалпыға
өтетін ой қорытындыларына негізделген, таным әдісі. Ғылыми индукция белгілі
топтың заттары мен құбылыстары бөліктерінің елеулі қасиеттерінің қайталануы
мен өзара байланысына, ал олардан жалпыға ортақ себептік байланыстарды
айқындауға негізделе отырып, себептік байланыстарды анықтайды. Индуктивті
ой қорытындылары сенімді білім бермейді, тек осындай білімді анықтауға ой
келтіреді.

Дедукция (латын тілінен deductio - шығару) – жалпыдан жекеге ой
қорытындыларына негізделген, индукцияға қарама-қарсы таным әдісі. Дедук-
тивті ой қорытындылары сәйкес алғышарттарда осындай болған жағдайда,
сенімді білім білдіреді. Нақты танымда дедукция және индукция өзара
байланысты. Дедуктивті әдістің конструктивтілігі адамның заттық-практика-
лық және әлеуметтік-мәдени қызметімен байланысты, басқаша айтқанда, оның
тиімділігі сәйкес эмпирикалық материалды жинақтаумен және теориялық
түсіндірумен себептелген.

Талдау және синтез. Кейіннен жоғалған тұтастықты қалпына келтіру
арқылы тұтасты құрамды бөліктерге бөлшектеудің ойша және нақты процесі.

Талдау (грек тілінен analysis - ажырату) – затты, құбылысты немесе процесті
тану мақсатында құраушы элементтерге ойша бөлшектеуден тұратын, таным
әдісі. Аналитикалық әдіс бөлікті тұтастың элементі ретінде тануға мүмкіндік
береді.

Синтез (грек тілінен synthesis - қосылу) – объектінің көрсетілген
элементтерін қандай да бір тұтасқа біріктірумен байланысты, қарама-қарсы
ойлау операциясы. Талдау және синтез өзара байланыста болады.

Мәні бойынша, синтез аналитикалық әдістің нәтижелерімен байытылған,
танымдық процесті білдіреді. Танымның жалпы тәсілінен талдау және синтез
нақты ғылымдарға – математикалық талдау, синтетикалық химия және т.б.
сәйкес келетін, арнайы зерттеу әдістеріне айналады.

Жіктеу және қорытындылау. Ғылыми объектілер мен нақтылық процестерін
логикалық реттеу.

Жіктеу (латын тілінен classis - разряд және facere - істеу) –
зерттелетін заттар, құбылыстар немесе процестерді анықталған белгілеріне
сәйкес жекелеген топтарға бөлу әдісі. Оның шеңберінде объектілердің елеулі
ұқсастықтары мен айырмашылықтары, мысалы, биологияда және жасанды жіктеуде
- кітапханалық алфавиттік каталог анықталатын, табиғи жіктеу атап
көрсетіледі. Жіктеу елеулі белгілері бойынша типология ретінде сипатталады,
кез келген жіктеу нақты объектілерді тану процесінде жетіліп, айтарлықтай
шартты және салыстырмалы болып табылады. Жіктеу – қорытындылау түрі.

Қорытындылау – ойлау амалы, оның шеңберінде болмыстың заттары,
құбылыстары және процестерінің жалпы қасиеттері, белгілері мен сапалары
айқындалады. Алынған қорытындыланған білім нақтылықтың тереңдетілген
көрінісін білдіреді және зерттелетін объектінің мәніне әрі қарай терең
кіруді куәландырады. Егер жіктеу шеңберінде объектінің түрлік белгілері,
мысалы, қайың, терек, үйеңкі және т.б. ұғымдар ерекшеленсе, онда
қорытынды-лау тектік белгілер деңгейіне шығады, берілген жағдайда - өзгеше
сипаттың белгілерін жоққа шығаратын, ағаш ұғымы.

Аналогия және ұқсастық. Әр текті объектілер мен жүйелердегі ұқсас
элементтерді табу.

Аналогия (грек. analogia – сәйкестік) – тепе-тең объектілердің кейбір
қатынастарында, тараптарында және сапасында ұқсастықтарды табуға
негізделген әдіс және аналогия бойынша ой-тұжырымдардың логикалық әдісіне
сүйенеді. Аналогия ғылым дамуының алғашқы кезеңдерінде сараптаманы және
бақылауды айырбастады, антикалық дәуірде ғылым алды (натурфилософия)
микрокосма (адам) және макрокосма (табиғат) тепе-теңдігінен шыққан.
Кейінірек аналогия негізінде адам ағзасы және мемлекеттің ұқсастығы
дәлелденді.

Жарық және дыбыс қасиеттерінің аналогиясының негізінде классикалық
жаратылыстану шеңберінде жарықтың, электр магниттік өрістің толқынды
табиғаты туралы тезис дамыды. Аналогия уақыттағы процестердің ұқсас
құбылыстарын анықтай отырып, тарих ғылымында белсенді қолданылады, мысалы,
1917 жылғы Қазан төңкерісінің және 1991 жылғы Кеңес Одағының құлау
феноменіндегі аналогияларды іздеу.

Ұқсастық – аналогия нұсқасы, алайда ол аналогты объектілерді, бірақ әр
түрлі масштабта салыстыру үшін пайдаланылады, мысалы, ұқсас-үшбұрыш-
тарды, яғни біркелкі масштабталғандықпен сипатталатын, геометриялық
фигураларды атап көрсетеді.

Абстракциялау және дәріптеушілік. Шындығында болмайтын объектіні
немесе процесті теориялық тұрғыдан атап көрсету және қарастыру.

Абстракциялау (лат. abstractio - дерексіздену) – заттың, құбылыстың
немесе процестің жекелеген тараптарын, қасиеттерін, сапаларын немесе
қатынастарын олардың сапалық басқа сипаттамаларынан бір мезгілде
дерексіздене отырып, ойша бөліп шығару процесі, олар бұл зерттеушілік
контексінде анықтаушылар ретінде қарастырылмайды. Абстракциялау әдісі
зерттелетін құбылысты тереңірек білуге мүмкіндік береді.

Дәріптеушілік (грек. idea - бейне, түсінік) – объективті шындықта
принципті түрде болмайтын кейбір абстрактілі объектінің бөлінуін ойша
жорамалдайтын процесс. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа заман философиясы(xvii-xix ғасырлар)
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
Философиядағы таным және болмыс мәселесі
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Канттың философиядағы таным мәселесі
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Дүниетанымның мәні және оның түрлері, Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология, Диалектика және онын әдістері
Қысқаша иммануил кант өміріне шолу
Пәндер