Техника философиясы қазіргі батыстық философия мен болмыстың қасиеттерін пайымдаудың бірі ретінде



1. Техниканың шығуы
2. Техниканың мәні
3. Техниканың құрылымы
Техника ТЭХНЭ сөзінен шыққан. Көне грек тілінен аударғанда шеберлік, икемділік, өнер деген мағынаны білдіреді. Қазіргі уақытта техника сөзі екі мағынада қолданылады: 1. іс - әрекеттің әр түрлі саласында пайданылатын техникалық құрылымдардың жалпы атауы; 2. іс - әрекетте қолданылатын әркеттердің жиынтығын бейнелейді.
Техникалық құрал – жабдықтарды дайындау және қолдану адам іс - әрекетінің негізгі ерекшелігі.
Техника – адам мен табиғат арасындағы делдал. Оның көмегімен адам өзінің табиғи мүмкіндіктерін кеңейтеді, тіршілік етуін оңтайлы, ыңғайлы етеді.
Техникалық құралдар адамның табиғи мүшелерінің қызметін атқара алады. Мысалы, тігін станогы тігіншінің, авто және темір жол көлігі жүргізушінің функциясын орындайды.
Техника туралы сөз еткенде толықтыру мәселесін де қарастыру қажет. Техника адамның кейбір қасиеттері мен мүмкіндіктерін толықтырып отырса, оның өзі де техникалық жүйенің маңызды бөлшегі болып табылады. Техникалық құралдар жүйесінде өндіріс құралдары аса маңызды. Сонымен қатар, транспорт пен байланыс, ғылым мен оқытудың, соғыс, медицина, мәдениеттің, күнделікті өмір сүрудің техникалары бар.
1. Розин В.М. Философия техники. Учебное пособие для вузов.- М.:NOTA BENE, 2001.-456с.
2. Горохов В.Г. Розин В.М. Введение в философию техники: Учеб. пособие /Науч.ред.Ц.Г. Арзаканян.- М.: ИНФРА-М, 1998.- 224с.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Техника философиясы қазіргі батыстық философия мен болмыстың қасиеттерін
пайымдаудың бірі ретінде

Техника философиясы: техниканың шығуы мен мәні.

1. Техниканың шығуы

2. Техниканың мәні

3. Техниканың құрылымы

Техника ТЭХНЭ сөзінен шыққан. Көне грек тілінен аударғанда шеберлік,
икемділік, өнер деген мағынаны білдіреді. Қазіргі уақытта техника сөзі екі
мағынада қолданылады: 1. іс - әрекеттің әр түрлі саласында пайданылатын
техникалық құрылымдардың жалпы атауы; 2. іс - әрекетте қолданылатын
әркеттердің жиынтығын бейнелейді.

Техникалық құрал – жабдықтарды дайындау және қолдану адам іс -
әрекетінің негізгі ерекшелігі.

Техника – адам мен табиғат арасындағы делдал. Оның көмегімен адам
өзінің табиғи мүмкіндіктерін кеңейтеді, тіршілік етуін оңтайлы, ыңғайлы
етеді.

Техникалық құралдар адамның табиғи мүшелерінің қызметін атқара алады.
Мысалы, тігін станогы тігіншінің, авто және темір жол көлігі жүргізушінің
функциясын орындайды.

Техника туралы сөз еткенде толықтыру мәселесін де қарастыру қажет.
Техника адамның кейбір қасиеттері мен мүмкіндіктерін толықтырып отырса,
оның өзі де техникалық жүйенің маңызды бөлшегі болып табылады. Техникалық
құралдар жүйесінде өндіріс құралдары аса маңызды. Сонымен қатар, транспорт
пен байланыс, ғылым мен оқытудың, соғыс, медицина, мәдениеттің, күнделікті
өмір сүрудің техникалары бар.

Техниканың тарихы – адамның еңбек ету функцияларының бірте –бірте
техникалық құрылымдарға өту тарихы. Оның дамуында үш маңызды кезең бар: қол
еңбегінің құралдары, машиналар, автоматтар.

Қазіргі замандағы техниканың дамуы, ең алдымен, ғылымның өркендеуімен
тығыз байланысты. Техникалық тың жетістіктер ғылыми – теориялық білімдердің
дамуына негізделеді. Сонымен қатар, техниканың өзі ғылымға жаңа талаптар
қойып отырады. Қазіргі қоғамның даму деңгейін ғылым мен техниканың дамуы
анықталады.

Техника философиясы – бүгінгі әлемдегі техника феноменінің
философиялық методологиялық және дүниетанымдық мәселелерін арнайы
зерттейтін бағыт. Оның негізгі мақсаты – техниканы, оның дамуын біртұтас
құбылыс ретінде қарастыра отырып, техникалық іс - әрекеттің мәнін ашу,
техникалық мәдениетпен, саясатпен, адам іс - әрекетінің басқа да түрлерімен
байланысын анықтау.

Техника философиясының көрнекті зерттеушісі неміс ғалымы Ф.Рапп оның
мынадай негізгі бағыттарын көрсетеді: 1) техника тарихын және оның
мәдениетпен қарым – қатынасын зерттеу; 2) қазіргі техника мен еңбектің
жалпы сипатының социологиясын сараптау; 3) еңбек етудің, әлеуметтік, саяси
белсенділіктің экзистенциялық мәселелерін зерттеу; 4) эпистемология
тұрғысынан органикалық әлемнен техникалық әлемнің бөлуінуін қарастыру; 5)
басқару мәселелері және техника мен бүкіл адамзаттық құндылықтардың өзара
қарым – қатынасын зерттеу.

Техника адам өмірін жеңілдету және кеңейту, дамыту қажеттілігінен
пайда болды.

Техника болмысы туралы білім XIX ғасырда қалыптасты. Техника
философиясының техника – болмыс қатынасын арнайы зерттейтін бөлімі техника
онтологиясы, ал техника – адам қатынастарын қарастыратын бөлімі техника
антропологиясы деп аталады.

Техникалық білімнің негізгі ерекшелігі – оның нысаны табиғи емес,
жасанды сипатта болуы. Техникалық құрылымдар адамның қолымен жасалынады,
бұл процессте оның жан – жақты мүмкіндіктері кеңінен қолданыс табады. Бір
адам техникалық құрылымның жобасын сызады, екіншісі оны өндірудің
технологиясын жасайды, үшіншісі оны өндіреді. Ал төртіншісі онымен тікелей
жұмыс жасайды. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір саладағы арнайы білімді
игерген адамдар. Физика, химия, механика, технологиялық білімдер болмаса
техниканың дүниеге келуі мүмкін емес. Бұған техникалық білімнің жақында
ғана қалыптасуының өзі айқын дәлел бола алады.

Техника философиясы: адамның техникалық дамуының әлеуметтік салдары.

1. Қазіргі ғылыми – техникалық революцияның мәні

2. Қазіргі – техникалық революцияның әлеуметтік салдары

Ғылыми – техникалық революция ұғымы ғылым мен техникада пайда болған
сапалық өзгерістерді білдіреді. Оның басталуы XX ғасырдың 40 жылдарына сай
келеді.

Ғылыми – техникалық революция еңбектің сипатын мағынасын, өндіргіш
күштердің құрылымын, қоғамның кәсіптік және салалық құрылымын өзгертеді,
еңбектің өнімділігін арттырады, қоғамның барлық жағына әсер етеді.

Ғылыми - техникалық революция ұзақ процесс, оның ғылыми – техникалық,
әлеуметтік алғышарттары бар. Ғылыми – техникалық революцияның пісіп –
жетілуіне негіз болған бастау – XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басындағы
жаратылыстанудың жетістіктері. Солардың нәтижесінде материяның құрылымы
туралы пікір өзгеріп, әлемнің жаңа үлгісі қалыптасты. Электрон,
радиоактивтік құбылыс, рентген сәулелері, салыстырмалы теория мен кванттық
теория ашылды. Микроәлемде, үлкен қозғалыстар мәселесінде түбегейлі
өзгерістер болды.

Техникада да ірі жаңалықтар дүниеге келіп, өндірісте және транспортта
электр қуатын пайдалану бұл саланың дамуын жеделдетті.

XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап ғылыми – зерттеулерде, өндірісте, басқару,
ұйымдастыру саласында электронды – есептегіш машиналар кеңінен қолданыла
бастады. Информатиканың, есептеу техниканың, микро процессорлар мен
работотехниканың дамуы өндіріс пен басқарудың кешенді
автоматтандандырылуына жол ашты.

Ғылыми – техникалық революцияның қазіргі дамуының мынадай маңызды
ерекшеліктері бар:

1. ғылым тікелей өндірістік күшке айналды;

2. ғылым қоғам дамуының негізгі факторы ретінде жаңа еңбек бөлісінің
қалыптасуына ықпал етті;

3. өндірістік күштердің барлық элементтері – еңбек нысаны, өндіріс құралы
және жұмысшының өзі де үлкен сапалық өзгерістерге ұшырады;

4. еңбектің сипаты мен мағынасы өзгерді, онда шығармашылық бастаудың маңызы
жоғарылады;

5. қарапайым қол еңбегі механикаландырылған басқарумен алмастырылды;

6. жаңа энергия көздері мен жасанды материалдар пайда болды;

7. бұқаралық коммуникация үлкен көлемде дамып, ақпараттық іс - әрекеттің
әлеуметтік және экономикалық маңызы артты;

8. халықтың жалпы және арнайы білімі мен мәдениеттің деңгейі өсті;

9. бос уақыт көбейді;

10. ғылымдардың өзара байланысы көбейді, күрделі мәселелердің кешенді
зерттелуі және әлеуметтік ғылымдардың рөлі арта түсті.

Қазіргі қоғамда ғылыми – ақпараттық технологиялар өмірге жан – жақты
еніп, энергетикалық, шикізаттық, транспорттық және басқа да шығындардың
редукциясы ұдайы болып отырады.

Табиғатқа, қоршаған ортаға деген қатынас өзгеріске ұшырады. Білімді
өндіру үлкен қарқынға ие болды. Қазір кім ақпаратты тез алып, оны уақытында
пайдаланады, сол әлемді билейді.

Ғылым мен техниканың дамуы бұрын – соңды болмаған жаңа қайшылықтарды
туындатады. Оның әлеуметтік салдары бүкіл адам баласының тағдыры үшін
қауіпті. Рим клубының ұйымдастырушыларының бірі. А.Печчеи техниканың
басқаруға мүмкін емес анархиялық факторға айналғанын көрсетеді. Адамдардың
теориялық білімдерінің аясынын кеңігендігі соншалықты лазер, антиматерия,
голография, жоғары өткізгіштік сияқты құбылыстар пайда болады. Осы жағдай
оның ролін мүлдем өзгертті. Өзі тудырған жағдайды басқарып, оны керек
бағытқа бұрып отыру қажет. Яғни, адамның әлеуметтік жауапкершілігі
жоғарылады.

Жоғары рухани құндылықтың таза бір түрі – еркіндік.

Философия тарихында адамзат өркениеттерін, тарихты зерттеуде, талдауда
әртүрлі тәсілдер, принциптер, критерийлер қолданылады. Олардың қатарына
экономикалық, географиялық, биологиялық, діни, гуманистік детерминизмдерді
жатқызуға болады. Олардың арасында қазіргі қоғам өміріндегі бүгінгі
өзгерістерді неғұрлым толық бейнелейтіні технологиялық детерминизм болып
табылады. Технологиялық детерминизм

- бұл қоғамдық дамудағы техниканың анықтаушы рөлі туралы көзқарастардың,
постулаттардың біріккен жиынтығы. Шындығында да қазіргі өмірде теника мен
технологияның маңызы және рөлі орасан зор.

“Адаммен бетпе-бет келген бұл мәселенің маңыздылығы сонша, - деп жазады
К.Ясперс, - қазіргі уақытта техника біздің ахуалымызды түсінудің басты
мәселесіне айналды. Қазіргі техниканың өмірдің барлық салаларына енгізілуін
және оның біздің өмір сүруіміздің барлық қырларына тигізген салдарын қайта
бағалау мүмкін емес. Мұны түсінбей жэне ойлау барысында дәстүрлі тарихи
таңбаларды қолдана отырып біздің қазіргі және өткен өміріміздің арасында
салыстыру жүргізу мүмкін емес. Өткен мен біздің заман арасында параллель
жүргізу үшін міндетті түрде қазіргі техникамен байланысты орын алған
радикалды өзгерістерді ескеру қажет” (Смысль и назначение истории, М.,
1991, 113-бет).

Техника мен технология бүгінгі қоғамның жедел дамуының маңызды
факторына айналды жэне техника ықпалын тигізбеген адам өмірінің бірде-бір
саласы қалмады. Қазіргі коммуникация құралдарының арқасында мемлекеттің
еркі оның ең шалғай аудандарына дейін қамтып, кез-келген уақытта әрбір үйде
өзін білдіре алады. Техниканың әсерімен терең процестер орын алады, еңбек
өнімділігі өте шапшаң өседі. Оның мазмұны өзгереді. Қоғамның әлеуметтік
құрылымы өзгереді. Оның үстіне адам да өзгереді. Қазіргі техника тіпті
адамның терең тылсымдық жақтарына да ықпалын тигізеді. Егер ертеректе
адамға табиғаттағы да, әлеуметтік саладағы да өмір сүрудің өзгерген
жағдайларына бейімделуі үшін жеткілікті дәрежеде уақыт бөлінсе, ал қазір
табиғат пен қоғамдағы техника мен технологияның ықпалмен болатын
өзгерістердің жылдамдығы сонша, қазіргі адам өмір сүрудің өзгерген
жағдайларына бейімделіп үлгіре алмайды және әрқашанда таусылмайтын жаңа
мәселелердің үнемі туындап отыруына әкеледі. Осыған байланысты қазіргі
философияда адам мәселесін зерттеудің техника философиясы түріндегі жаңа
қырын қою қажеттілігі туындайды.

Техника философиясы—бүгінгі күні өзінің гүлдену кезеңін бастан кешіп
жатқан батыс философиясының қазіргі бағыттарының бірі. Батыста техника
философиясының қалыптаса бастауын И.Бекманның есімімен және 1777 жылы
басылып шыққан оның "Технология бойынша жетекшілік, немесе қолөнерді,
фабрикалар мен мануфактураларды тану” деп аталатын еңбегімен
байланыстырады. Бірақ көпшіліктің пікірінше, бұл саладағы негіз қалаушы
еңбек 1877 жылы жарияланған және жүз жылдан кейін Германияда қайта басылып
шыққан Э.Капптың "Техника философиясының негізгі белгілері” деп аталатын
жұмысы болып саналады.

Техника философиясы—қазіргі әлемдегі техника феноменін философиялық-
методологиялық және дүниетанымдық тұрғыда зерттеуге негізделген қазіргі
философиядағы бүтіндей бір бағыт. Бұл бағыт бастапқыда Батыс Европа мен
Солтүстік Америкада, кейінірек 60-80 жылдары Жапонияда кеңінен таралды.
Батыстағы қазіргі техника философиясының бастапқы өкілдері қатарына Э.Капп
және Ф.Дессауэрмен қатар О.Шпенглерді, Ортега-и-Гассетті, Мэмфордты,
К.Шиллингті және т.б. жатқызуға болады. Бірақ, сонымен қатар техника ұғымы
ертедегі ойшылдарда да кездеседі. Мысалы, еңбектің табиғи және жасанды
органдары арасындағы анология туралы ой Платон мен Аристотельде ұшырасады.
Егер Аристотель қолды “құралдың құралы” деп атаса, Гегель де осы идеяны
қайталайды. Гегель техника табиғатын түсінуде бірқатар идеялар ұсынады.
Гегельдің пікірінше техникалық жабдықтар объекттің табиғатымен анықталады,
ал екінші жағынан жабдықтар техникалық құралдар арқылы іске асатын
мақсаттың тасымалдаушысы болып табылады. Гегель былай деп жазады: "адам
өзінің мақсатында сыртқы табиғатқа бағынышты болғанымен, өзінің құралдары
арқылы үстемдікке ие болады”. Антикалық авторлар мен Гегельдің бұл
идеяларын Батыстың кейінгі философтары Э.Капп және Л.Нуаре жалғастырды.
Олардың негізгі идеясы техника феноменін "органопроекция” негізінде
түсінумен сипатталады. Олардың пікірінше техника жасанды орта болып
табылады, бірақ ол адам органдарының табиғи материалға проекциясы ретінде
көрінеді, яғни техниканың бүкіл дамуы адамның табиғи еңбек органдарын
көшіру арқылы, оларды сыртқы әлемге "проекциялау” арқылы жүзеге асады.

Техника феноменін түсіндіруде өзге, қарама-қарсы позицияны ұстанған
философ- неотомист Ф.Дессауэр болды. Ф.Дессауэр Э.Капптың және Л.Нуаренің
техниканың биологиялық концепциясымен келіспеді. Ол техника табиғат
заңдарымен байланысты және оның шектерінен тысқары шықпайды деп есептейді.
Алайда бұл да еш нәрсені айқындамайды, техниканың автономды да мәні бар.
Оның пікірінше техникалық идеялар адамның ақылында пайда болмайды, ол
ақылдың көмегімен ауланады. Техникалық идеялар құдайдың ойы, жаратушының
құдіретті ақыл-ойының көрінісі.

Техника мәселесі Хайдеггер философиясында негізгі орындардың бірін
алады және оның көптеген шығармаларында үнемі кездесіп отырады. Бірақ бұл
тақырыпқа арналған оның ең маңызды шығармасы "Техника туралы мәселелер” деп
аталады. Бұл жұмысында М.Хайдеггер техниканы пайымдауды жаңа іргетасқа
қойды. М.Хайдеггер былай деп жазады: "техниканың мәні белгілі мағынада
техникалық емес. Сондықтан да біз ол туралы жәй ғана ойлағанда, оны
қолданғанда, оны басқарғанда немесе одан қашқақтағанда техниканың мәніне
деген өз қатынасымызды ешқашанда сезіне алмаймыз. Барлық осы жағдайларда,
оны қызығушылықпен қолдасақ та, теріске шығарсақ та біз техникаға құлдар
секілді ажырамастай таңылғанбыз. Біз техниканы бейтарап нәрсе деп есептеген
кезде, оның нағыз тұтқынына айналамыз. Қазіргі кезде кең өріс алған мұндай
көзқарас оның мәніне деген мүлде көрсоқырлықты туындатады” (Вопрос о
технике Новая технократическая волна на Западе. М., 1986, 119-бет).

Хайдеггерге дейін техника Ақыл-ой мен Қайырымдылықтың салтанатты шеруі
ретінде бағаланып келді. Кейбір жағдайларда техниканың өзіне қарсы шығу
емес, оны қолдануға қарсы шығу өзекті сөз болды. Мысалы, О.Шпенглер "түсті”
нәсілдер европалықтардан техниканы тартып алып, оларды үстем жағдайынан
айырады және түбінде техниканы жояды деп қорықты. Хайдеггер керісінше,
техниканың өзін адам үшін үлкен қауіп-қатер деп есептеді. Техниканы
түсіндірудегі Хайдеггердің тағы бір жаңалығы, оған дейін техника адамзат
тарихы мен мәдениет дамуының байланысындағы көптеген факторлардың бірі
ретінде қарастырылып келсе, ал бұл неміс ойшылының пікірінше техника
қазіргі дәуірдің болмысы болып табылады. Жэне Хайдеггерге дейін техника ең
алдымен мэдениет философиясы мен тарих философиясының жэне тек кейін ғана
антропологияның мәселесі болып келсе, ал М.Хайдеггер онан метафизиканың
мәселесін шығарды.

Техника болмыстың терең қасиеттерін пайымдаудың тәсілі ретінде

М.Хайдеггер де техника болмыстың терең қасиеттерін пайымдаудың маңызды
тәсілі болып табылады. Ол болмыстағы табылуға және өзінің нағыз, бүлінбеген
кейпінде көрінуге тиіс жасырын жағын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
Техниканың мәні арқылы адам болмыспен тілдесіп, оның үнін естиді. Бірақ
импульс дұрыс табылмауы мүмкін, өйткені техника адамды өзіндік ашылудың
жалған жағына қарай итермелейді.

К.Ясперс өзінің техниканы түсіндіруінде хайдеггерлік түсінікке жақын
келді. Ол өзінің "Тарихтың мәні және мақсаты” деген еңбегінде техниканы
әлемдік тарихтың түбегейлі жаңа факторы ретінде қарастырады. К.Ясперстің
пікірінше қазіргі заманда былайша пайымдау қажет: "Қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техника философиясы қазіргі батыстық философияның бір бағыты ретінде
Техника философиясы
ХХғ. Соңындағы ғылымдағы этикалық аспектілер және әлеуметтік – гуманитарлық бақылау
Болмыс формалары
ФИЛОСОФИЯ. МЕТОДОЛОГИЯ. ҒЫЛЫМ
Онтология мәселелері
Философиядағы болмыс және сана ұғымдары туралы
Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарасындағы болмыс мәселесі
Ғылым философиясы мен тарихы
Ғылым дамуының тарихи кезеңдері: салыстырмалы талдау
Пәндер