Философия пәні: ұғымы мен мазмұны



1. Философия туралы түсінік. Философия бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.
2. Философия пәні, құрылымы және атқаратын қызметі.
3. Дүниетаным және философия.
4. Қазіргі кезеңде философияның алатын орны.
Философияның ежелгі грек ойшылдары дәуірінен бері «даналыққа құштарлық» деп анықталып келді. Платон «....геометрия ж\е басқа философиялар » деген сөздерінде философия ұғымын «ғылым» сөзінің мағынасына жақын қолданды. «Даналыққы құштарлық» деп аталатын философияда: « Құштарлық» белгілі нәрсеге таңдануды , өзіңнен жоғары тұрған нәрсені сезіміңнен мойындауды ж\е басқа осындай әсерлерді білдірумен қатар ,»өзге» үшін «өзіңді ұмыту» , өзіңнен бас тарту сезімін де аңғартады. Философия дегеніміз адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма.Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуге көмек беретін ғылым. Дүнитаным ғылым жетістіктері негізінде қалыптасады,қоғамның тарихи тәжірибесіне ,оның мәдениетіне сүйенеді,әлеуметтік дамудың жеткен деңгейі мен өмір сүру тәртібін бейнелейді.Мұның бәрі білімнің ерекше жүйесі-ф/ны қажет етеді.Дүниедегі өзінің орны туралы,жеке ж/е қоғамдық өмірдің мақсат мүдделері туралы,өзінің өмірлік ұстанымы мен іс-әрекеті туралы ойлана отырып адам белгілі бір ф/қ көзқарастар қалыптастырады.Өзінің мәдени деңгейіне байланысты,арнаулы ж/е жалпы білім дәрежесіне орай,әр түрлі өзара әнгімелесудің әсерімен ж/е бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кітаптардан алынған мағлұматтарды жинақтай отырып,ол өзінің жеке өмірлік ф-н,жүйелі ж/е ғылыми негізделген болмаса да өз дүниетанымын қалыптастырады.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны

Негізгі мақсаты: философия пәні туралы түсінік қалыптастыру, оның
құрылымы мен атқаратын қызметі жөнінде студенттердің сауатын ашу.

Негізгі түсініктер: философия, дін, мифология, агностицизм,
метафизика, диалектика.

1. Философия туралы түсінік. Философия бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.

2. Философия пәні, құрылымы және атқаратын қызметі.

3. Дүниетаным және философия.

4. Қазіргі кезеңде философияның алатын орны.

Философия пәні.

Философияның ежелгі грек ойшылдары дәуірінен бері даналыққа
құштарлық деп анықталып келді. Платон ... геометрия ж\е басқа
философиялар деген сөздерінде философия ұғымын ғылым сөзінің мағынасына
жақын қолданды. Даналыққы құштарлық деп аталатын философияда:
Құштарлық белгілі нәрсеге таңдануды , өзіңнен жоғары тұрған нәрсені
сезіміңнен мойындауды ж\е басқа осындай әсерлерді білдірумен қатар ,өзге
үшін өзіңді ұмыту , өзіңнен бас тарту сезімін де аңғартады. Философия
дегеніміз адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани
форма.Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуге көмек беретін
ғылым. Дүнитаным ғылым жетістіктері негізінде қалыптасады,қоғамның тарихи
тәжірибесіне ,оның мәдениетіне сүйенеді,әлеуметтік дамудың жеткен деңгейі
мен өмір сүру тәртібін бейнелейді.Мұның бәрі білімнің ерекше жүйесі-фны
қажет етеді.Дүниедегі өзінің орны туралы,жеке же қоғамдық өмірдің мақсат
мүдделері туралы,өзінің өмірлік ұстанымы мен іс-әрекеті туралы ойлана
отырып адам белгілі бір фқ көзқарастар қалыптастырады.Өзінің мәдени
деңгейіне байланысты,арнаулы же жалпы білім дәрежесіне орай,әр түрлі өзара
әнгімелесудің әсерімен же бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби
кітаптардан алынған мағлұматтарды жинақтай отырып,ол өзінің жеке өмірлік ф-
н,жүйелі же ғылыми негізделген болмаса да өз дүниетанымын
қалыптастырады.Философиянық білімді жіктеуде көптеген әдіс тәсілдердің бар
екендігін ескерткеніміз жөн. Мысалы, философиядағы ең кең танымалы –
теориялық фил\сы ж\е практикалық фил\сы. 1 шісіне болмыс теориясы
(онтология) мен таным , білім теориясы (гносеология) жатады.2-ң өзегін , ең
алдымен , этика құрайды, оған құқық фил\сы, тарих фил\сы ж\е т.б жатқызылуы
мүмкін. Табиғат болмысына қатысты, ондағы заттар мен үрдістерге қатысты
білімнің ерекше саласы – натурфилософия.Ал табиғаттағы адам болмысы,оның іс-
әрекетіне қатысты фқ білім шеңберңнде натурфил\мен қатар фқ
антропология,яғни техника фясы мен ноосфера концепциясы қалыптасты же
өмір сүруде. Өз кезегінде бірнеше әлемдерге бөлінетін адамзат рухының
болмысына қатысты философия мынадай салаларға бөлінеді: мысалы, дін ф,
этика ,эстетика ,рух феноменологиясы , фил\лық герменевтика, жаратылысы
жағынан фил\лық болып табылатын психология ж\е риторика, ғылым ф\сы ж\е де
фил\лық антропология , онтология ,гносеология. Философия болмыстың мәнін
осылай игерумен адамның әлемге қатынасының мәнін ж\е ондағы адамдық
мәнділік орнын танымен айналысады.

Философия рухани мәдениеттің ең көне және адамзат ілімінің жауапты
бөлімі. Оның тарихы 25 – ғасырға созылады, философия ежелгі шығыс (үнді
қытай) елдерінде пайда болып өзінің класикалық деңгейінде ежелгі Греция
еліне жетті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде философия деген термен
пайда болды, ғалымдардың ішінде өзін алғашқы философпын деп атаған грек
математика ойшылы Пифагор ( б.э.д 580 -500). Ал ғылымның ерекше саласы деп
философия терминін енгізген Платон 428 -347. Философия грек тілінен
аударғанда даналыққа құштарлық, ежелгі дәуірде даналық бұл асқақтық мәні
бар құбылыс. Философияның негізгі тақырыбы дүние және адам туралы. Алғашқы
философтар универсалды энциклопедист ғалымдар мысалы: Фалес 624 – 547ж. ол
ірі математик геометрия негізін қалағн астраном гидротехник болған ол тек
философия проблемасымен айлалыспаған сонымен қатар физика медицина
математика техника логика т.б. Алғашқы философтар өздерінің еңбектерінде
мынадай сұрақтарға жауап іздеді: дүниенің мәні неде, дүниенің құрлымы,
құрылыс неде, дүние шектеулі ме, әлде шексіз бе, жақсылық пен жамандық
деген не?

Ежелгі дәуірде күні бүгінге дейін дүниетанымдық сұрақтарды негіздеу
дүниетенымның негізгі принциптерін қалыптастыру философияның кәсіби ісі.
Философияның теориялық білімге және ерекшелігіне анықтаған философ ойшыл
Аристотель б.э.д 384 – 322.

Философияның негізгі сұрағы дүниетанымдық сұрақтар 2000 ж. өтсе де
философия пәні туралы түсінік үнемі өзгеруде бірақта ол өзінің тұрақты
түсінікте ойлар ерекшеліктерін сақтап қалды. Дүниетаным адамның дүниеге
қатынасы бұл жерде эмоциальдық психологиялық және интелектуалдық
факторлерге байланысты.

Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды
оның идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси аринтацияларын
қалыптастырады.

Ең алғашқы дүниетанымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл
гректердің екі сөзінен құралған : mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен
бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді.
Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін
нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия
дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни
түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Егер дін мифологияны
қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде
қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде
дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны
ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық
алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып,
бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған
болатын. Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы,
байқаушы ретінде бой көрсетті.

Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілім
ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологияляқ
жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда.

Философия пайда болғаннан бастап дүниені тұтас және бірліктегі құбылыс
деп қарастырады дүниенің тұтастығын оның заңдарымен байланыстырады.
Философия табиғаттын даму заманының қоғам және ойлау проблемаларын
зерттейді қолданыста мынадай философиялық категорияны пайдаланады. Болмыс,
сана, қозғалыс, шексіздік т.б. Философия дүниенің мәні және адам туралы
білім Дүние және адам қарым қатынастарын зеттейді осы тұста болмыс және
ойлау физикалық және психикалық материалдық және идеалдық рух және табиғат
объективтік және субъективтік, яғни философия универсалды ілім.

Философияның негізгі сұрағының екі жағы бар:

1. Ең алғашқы материя және сана?

2. Дүниені тануға бола ма?

Философияда екі бағыт қалыптасты, материализм және идеализм.

Материализм бағытын ұстаушылар материя алғашқы санаға қарағанда ал
идеализм сананы бірінші кезекке қояды.

Дүниені танылады деген философтар материалистер ал дүние танылмайды
деген ілімнің өкілдері агностицизм философия тарихында материализм мынадай
бағыттарын ажыратамыз:

1 Ежелгі ойшылдардың материализмі (Демокрит, Гераклит, Эпиркур).

2 Метафизикалық материализм (16 – 18ғасыр өкілдері Бэкон, Спиноза, Дидро
т.б.)

3 Диалектикалық материализм.(К.Маркс Ф.Энгельс).

Идеализмнің екі негізгі түрін ажыратамыз.

1 Объективтік (Платон, Гегель, Неотомистер)

2 Субъективтік идеализм өкілдері (Беркли, Юм, Мах, Экзистенциалистер).

Философияның тарихи 2 әдісі бар Диалектика және Метафизика
диалектиканың негізгі принципі даму принципі және жалпылама байланыс
принципі философияның екі функциясын ажыратамыз дүниетанымдық және
методолоиялық.

Ақыр соңында, философтар әрбір тарихи кезеңдерде жеке – жеке емес, топ
болып, кездейсоқ емес, белгілі қоғамдық заңдылықтарға сай дүниеге келген.
Себеп олардың өмір талабы күн тәртібіне қойған сұрауларға жауап іздеуден
туындағандығы.

Сонымен, философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам
мен қоғам жайлы адамзат ой – санасының дамуы барысында жинақталған,
жүйеленген ғылыми ой – пікірдің теориялық жиынтығы.

Кіріспе

Философияның басқа пәндер арасындағы орны оның предметі мен атқаратын
қызметтері арқылы айқындалады. Ол, бір жағынан, басқа пәндердің
дүниетанымдық және методологиялық маңызы бар нәтижелерін жалпылайды, екінші
жағынан, олар үшін дүниетанымдық және методологиялық негіздемелер
қорытыңдылайды, сөйтіп арнайыланған ғылыми білімнің салаларына қойылатын
міндеттерді шешудің негізгі стратегияларын және соларға қол жеткізудің
тәсілдерін анықтауға, рационалды түрде ой елегінен өткізуге көмектеседі. Ең
ақыры, философия, өмірлік-практикалық тәжірибенің, дүниені танымдық және
құндылықтық игерудің неше түрлі формаларына сүйене отырып, өз ұғымдары мен
принциптерінде өнегелік, діни, көркемдік, саяси, құқықтық, ғылыми-
техникалық сана тудыратын дүниетанымдық идеяларды тасымалдайды
(трансформациялайды). Философия, практикалық білімнің көп түрлі жүйелерін
синтездей отырып, дүниенің ғылыми суретін қалыитастыруға қатынасады, іс-
әрекеттін барлық формаларын интеграциялауды іске асырады, мәдени-тарихи
дәуірдің өзіндік санасы ретінде көрінеді. Мәдени-тарихи дәуірдің өзіндік
санасы бола отырып, философия қазіргі рухани ахуалда постиндустриалдық,
техногендік өркениет салаларына деген жауапкершілік сананы жасақтауға ат
салысады. Философия әртүрлі мәдени-рухани позициялардың өзара әрекеттесу
процесінде келісімдік, консенсустік стратегияны жасауға үлес қосады. Ол
қоғамдық жүйенің тұрақты да орнықты формасының мәдени үлгісін, ұлттық
қауіпсіздікке және мәдени бірегейліктің таңдап алынған үлгілеріне қатер
төндіретін деструктивтік әрекеттерге қарсы тұрудың стратегиясын жасақтауға
қатынасады.

Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:

• Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды
білімді зерттей алмайды.

• Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.

• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.

Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді,
маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат
қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын
анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында:

1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері,
логикалық - түсініктік ойлау аппараты.

2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.

Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы — ол

философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы
болып табылады.

Сөйтіп, философия - дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған
рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.

Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және
тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен
қағидалар.

Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны
қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі,
сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі
өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет
принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам
санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке
тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық
таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.

Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін анғара отырып, дүниетаным
өзіне өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдардың іс-әрекетінің сипаттамасымен
байланыстырады.

Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол
өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым,
эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси,
адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.

Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің
негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін
және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе
жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және
тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.

Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған
әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ
шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға
қызмет етеді.

Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара
қарым-қатынасын реттеуге және эстетикалық көзқарастармен бірге қоршаған
ортаға қарым-қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрлеріне, мақсаттары мен
нәтижелеріне қызмет етеді.

Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып, адамның
қоғамдық тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның
дүниетанымдылығы мен тарихи айқын жүйенің бүкіл өмірлік және іс-әрекетінің
бағытын анықтайды.

Егер дүниетаным ақиқат дүние дамуының объективті тенденциясының дамуын
бейнелесе, адам ойлауының және қоғамның, табиғаттың заңдарын ғылыми тұрғыда
тануға негізделсе, онда ол барлық адамзаттың қызығушылығының және ақиқатты
өзгертудің күшті құралы болып табылады.

Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар.

• Мифология

• Дін.

• Философия.

Мифология (грекше мифос - аңыз, шежіре; логос - сөз, ілім) алғашқы
қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана
формасы. Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады:

• Әлем, жер және адамның пайда болуы;

• Табиғи құбылыстарды ұғыну;

Мифтiң негiзгi қызметi - дүние қайдан пайда болғаның
түсiндiру,этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль
нормалары менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру. (мыс.Сфинкс туралы миф
табиғаттын құпиясын бiлдiредi; Кентаврлар-адамның хайуаннаң жаралғаның
бiлдiредi, Прометей-оттың пайда болуы, Икар-аспанға ұшу ұмтылысын
бiлдiредi, Сизиф-өмiрдiн мәнiң түсiну әрекетi.) Мифтердi тек
ертегiлер,аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң
қоршаған әлемдi игеруi,адамдардың табюиғаттаң және әлеуметтiк ортадан
болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның
бастамалары бар.Мифтердiң дiннең айырмашылығы сенiмге ғана емес,ақал
–ойғада,парасаттылыққа да сүйену. Мифтер өздерiнiң мазмұнына
қарайкосмогониялық-әлемнiң жаратылысы туралы,теогониялық-құдайлардын пайда
болуы туралы,астрогониялық-планеталар мен жұлдыздар туралы, антропогендiк -
адамның пайда болуы, этногендiк-рулар мен тайпалар туралы, эхатологиялық -
ақрзаман, топан суы туралы, каһармандық т.б. болып тарайды. Сондықтан,
мифология-адамдардың өздерiн қоршаған орта туралы түсiнiгiн тарихи,
өздiгiнен долды деп сенетiн түрлi бейнелер, кейiпкерлер мен өқиғалар арқылы
жеткiзуi деугеде болады. Мәселе шешу Мифтер мен мифологияны дүние таным
ретiнде тек алғашқы қауымның даму денгейiмен байланыстырады. Ал,мифология
рухани-практикалық феномен ретiнде қоғам дамуының басқа кезендерiнде
де,әсересе қазырғы заманда өмiр сүредi деп айтуға болама (мыс. 20ғ.
Д.Джойстың, Ф.Кафканың, Т.Манның, Ч.Айтматовтың т.б. әдеби шығармаларында
дәстүрлi мифтер тек пайдалана ғана қоймай ерекше өзгертiлiп те қойған)

Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық,
құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.

Дін мына мәселелерді қарастырады:

- Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу;

- Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну;

- Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда
болуы, жаратылуы.

Дiн-рухани мәдениеттiң бөлiгi,ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның
арақатынасы,адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп
анықтауға болады (дiн-алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм,
анимизм; ұлттық, мемлекеттiкдiндер - индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-
буддизм, христиан, ислам). Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы
бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi
бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар
түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу,
мешiт, әр түрлi секталар т.б.). Алғашқы дiни жүйесi политеистiк болды-
пантеон құдайларының болуы, кейiн мемлекеттiк билiктiн бiр ортаға
жиналуымен байланысты монотеизм-бiр құдайға сену келедi. Философияның
тарихында құдайдын бар екендiгiн дәлелдеуге сынақ жасағандар болды
(А.Аврелий,Ф.Аквинский, И.Кант т.б.). Мұндай дәлелдiн төрт түрi белгiлi 1)
космологиялық дәлел-осы әлем пайда болғаннан соң,оны бiреу жарату керек.
Өмiр қайдан пайда болды 2) теологиялық-дүниеде барлығы
мақсатқа,сәйкестiлiкке негiзделедi. Дүние қандай мақсатпен жаратылған 3)
онтологиялық-адамдар құдайға сенген сон, құдай болу керек. Ендеше адамдар
неге сенедi 4)этикалық-И.Кант құдайдың бар екенiң, не жоқ екенiң бiлуге
болмайды деген. Адамдардың құдайдан қорққаны тәртiп үшiн керек.

Философия (б.д.д. 6-5 ғғ) Үндiстанда, Қытайда, Мысырда, Грек елiнде
пайда болды. Бұл терминды алғашқы қолданған антик философы, математигi
Пифагор, ол оны даналыққа құштарлық деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi
құштарлық белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен
мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, өзге үшiн
өзiңдi ұмыту, өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады.Осылай зерделеудiң
нәтижесiнен мынадай түйiн келiп шыығадыфилософия-адамның өзiнiң шенберiнен
шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма.. Сонымен, философияны даналық
түсiнiгiмен байланыстырар болсақ, онда бұл сонғы ұғым бiлiмнiң жоғары
синтезi, белгiлi бiр нәрсе туралы толық жетiлген бiлiм деген мағынаны
бiлдiредi. Демек, философия осындай бiлiмге деген құштарлық,ал бұл
даналықтың объектi-менiң өзiмнен тыс табиғат және адамзат әлемi, сонымен
қатар, өзiм және феномен ретiндегi бiлiмнiң өзi(антика дәуiрiнде философия
бiлiмге ұмтылуды, таза да тұнық Ақиқатқа жетудi бiлдiрдi). Философияның
бастапқы негiздерi мифология, дiн және алғашқы ғылымдарда (математика,
физика, астрономия,медицина ) жатыр. Оның ерекшiлiктерi

1.Оның негiзгi зерттеу объектi-адам,оның әлемде алатын орыны және оған
деген қатынасы.

2.Ол, дүние құрылымының бастапқы негiздерiн қарастырады. Дүние қандай,
оның мәнi,мазмұны қандай

3.Философия өмiрдiн әсерiмен, жаңа фактiлердiң әсерiмен өзгередi, ал
оның таным әдiстерi ақыл-ой мен интуиция (мифте-сезiм, қиял болса; дiнде-
сенiм және сезiм).

4.Философиялық танымның эмпирикалық (тәжiрибе) негiзi, базасы-жеке
ғылымдармен, қоғамдық-тарихи практика.

Философия дүниеге көзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуы жағынан
үш кезеңнен өтті.

- космоцентризм;

- теоцентризм;

- антропоцентризм;

Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын тіршілікті
жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық
айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады
(Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия).

Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған
тылысым күш – Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады
(Ортағасырлық философияға тән).

Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын
философиялық көзқарас түрін айтады (Қайта өрлеу, жаңа заман, Қазіргі заман
философиялық кезеңдерге тән).

Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге
асады. Философия ғылымының негізгі әдістері:

Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар,
өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі
есебінде қарастырылады.

Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер
өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады.

Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және
абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.

Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың
біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай
шындыққа ұқсас қорытындылар алынады.

Софистика – айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара
деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты
тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.

Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік
негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.

Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып
табылатындар:

- материализм;

- идеализм;

- эмпиризм;

- рационализм.

Материалистік әдісте материя алғашқы субстанция ретінде, ал сана оның
модусы сана, материяның көрінісі деп қарастырылады.

Идеалистік әдістің мәні – керісінше, идеяны алғашқы бастама, ал
материя идеяның туындысы деп ұғыну.

Эмпиризм – көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін
таным процесінің негізі деп санайтын әдіс және бағыт.

Рационализм - шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің
ықпалынсыз тек қана ақыл-ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін
философиялық бағыт және әдіс.

Философия функциясы - философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге
асырудағы философияның атқаратын қызметі.

Философияның негізгі функциялары:

- дүниеге көзқарастық;

- методологиялық:

- теориялық;

- гносеологиялық;

- сыншылдық;

- аксиологиялық;

- әлеуметтік;

- тәрбиелік-гуманитарлық;

- эвристикалық.

Дүниеге көзқарастық функция - дүниенің біртұтастық бейнесін жасау,
оның құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы
туралы көзқарасты қалыптастыру.

Методологиялық функция - философия коршаған дүниені, шындықты,
ақиқатты танудың негізгі әдістерін жасайды.

Теориялық функция - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды
мейлінше жалпылайды, концептуалды - логикалық жүйелер жасайды, теориялық
тұжырымдар түзейді.

Гносеологиялық функция - философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс
әрі айқын тануды (таным тетігін) мақсат етеді.

Сыншылдық функция - философия кез келген теорияны, білім қағидаларын
сыни ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын
айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды әшкерелеу, білімнің
дәйектілігін пысықтау және таным шеңберін мейлінше кеңейту.

Аксиологиялық функция - философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда
оларды моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени,
рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады.

Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу
себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын
қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін
карастырады.

Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды
адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих
қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып
көрсетеді.

Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену
процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны
бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым
дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге
бөленеді.

Философия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі

Философия рухани мәдениеттің ең көне және адамзат ілімінің жауапты
бөлімі. Оның тарихы 25 – ғасырға созылады, философия ежелгі шығыс (үнді
қытай) елдерінде пайда болып өзінің класикалық деңгейінде ежелгі Греция
еліне жетті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде философия деген термен
пайда болды, ғалымдардың ішінде өзін алғашқы философпын деп атаған грек
математика ойшылы Пифагор ( б.э.д 580 -500). Ал ғылымның ерекше саласы деп
философия терминін енгізген Платон 428 -347. Философия грек тілінен
аударғанда даналыққа құштарлық, ежелгі дәуірде даналық бұл асқақтық мәні
бар құбылыс. Философияның негізгі тақырыбы дүние және адам туралы. Алғашқы
философтар универсалды энциклопедист ғалымдар мысалы: Фалес 624 – 547ж. ол
ірі математик геометрия негізін қалағн астраном гидротехник болған ол тек
философия проблемасымен айлалыспаған сонымен қатар физика медицина
математика техника логика т.б. Алғашқы философтар өздерінің еңбектерінде
мынадай сұрақтарға жауап іздеді: дүниенің мәні неде, дүниенің құрлымы,
құрылыс неде, дүние шектеулі ме, әлде шексіз бе, жақсылық пен жамандық
деген не?

Ежелгі дәуірде күні бүгінге дейін дүниетанымдық сұрақтарды негіздеу
дүниетенымның негізгі принциптерін қалыптастыру философияның кәсіби ісі.
Философияның теориялық білімге және ерекшелігіне анықтаған философ ойшыл
Аристотель б.э.д 384 – 322.

Философияның негізгі сұрағы дүниетанымдық сұрақтар 2000 ж. өтсе де
философия пәні туралы түсінік үнемі өзгеруде бірақта ол өзінің тұрақты
түсінікте ойлар ерекшеліктерін сақтап қалды. Дүниетаным адамның дүниеге
қатынасы бұл жерде эмоциальдық психологиялық және интелектуалдық
факторлерге байланысты.

Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды
оның идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси аринтацияларын
қалыптастырады.

Адамзаттың рухани даму тарихында дүниетанымның мынадай түрлерін
ажыратамыз (мифология) діни философия. (өмірлік практикалық)

Ең алғашқы дүние танымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл
гректердің екі сөзінен құралған : mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен
бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді.
Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін
нәрсенің себебін ашып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Философия, оның пәні. Философия тарихы
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Философиядағы сана мәселесі
«Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні
Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Философияға кіріспе. философияның дамутарихы. философия пәні мен функциясы
Социология пәні
Пәндер