Философиялық антропологияның негіздері: адамның табиғаты және мәні



1. Философиялық антропология
1. Философия тақырыбындағы адам және табиғат проблемалары.
Гректің антропос – «адам» және логос «ілім» сөзінен құралған, антропология дегеніміз – адам туралы ғылым.
Антропология адамның табиғи құрылысын, оның бейімдері мен дағдысын, тілін, өнерін, діні мен өркениетін зерттейді.
Антропологияның үш маңызды бағыты бар. Біріншісі, адамның табиғаттағы орнын қарастырып, басқа тіршілік иелерінен айырмашылығын анықтайды. Осы мақсатта адамның табиғи қасиеттері мен дамуының, өркениетінің өзара байланысына назар аударады.
Екіншісі, адамның нәсілдерін анықтап, жүйелеумен тығыз байланысты. Ол этнология деп аталады. Алғашқы адамдардың қаңқасы мен бассүйектерін қазіргі адамдармен салыстыра отырып, әртүрлі халықтар мен нәсілдердің дәстүрлері мен дінін зертейді. Сөйтіп, әр халықтың өзіндік тарихи, мәдени ерекшеліктерін анықтайды.
Үшінші бағыт антропометрия деп аталады. Бұл ғылым адамның табиғи өлшемдерін бойын, салмағын, әртүрлі нәсілдің өкілдерінің сүйектерінің көлемін зерттейді.
Адам - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы – «Адам дегеніміз не» мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтап, барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани – практикалық іс - әрекетінің жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
1.1 Философиялық антропология

Онтологияның антропологиямен байланысы. Философиядағы адамның негізгі
бейнелері. Микрокосм жене макрокосм. Антропоцентризм феномені. Тәнилік пен
руханилықтың гармониясы. Тән мен рухтың антиномиясы. Өмір мен рух үйлесімін
іздестіру формалары. Адам өмірінің бірегейлігі. Өмір құндылық және аса
қымбат тарту есебінде. Өмір алдыңдағы игі көңіл-күй. Өмірдің мағынасы.
Рахатқа бату бақыты адам өмірінің мән-мағынасы ретінде. Өмірдің
адамгершіліктік мағынасы: дін мен философияның тәжірибесі. Бақыт феномені.

Гректің антропос – адам және логос ілім сөзінен құралған,
антропология дегеніміз – адам туралы ғылым.

Антропология адамның табиғи құрылысын, оның бейімдері мен дағдысын,
тілін, өнерін, діні мен өркениетін зерттейді.

Антропологияның үш маңызды бағыты бар. Біріншісі, адамның табиғаттағы
орнын қарастырып, басқа тіршілік иелерінен айырмашылығын анықтайды. Осы
мақсатта адамның табиғи қасиеттері мен дамуының, өркениетінің өзара
байланысына назар аударады.

Екіншісі, адамның нәсілдерін анықтап, жүйелеумен тығыз байланысты. Ол
этнология деп аталады. Алғашқы адамдардың қаңқасы мен бассүйектерін қазіргі
адамдармен салыстыра отырып, әртүрлі халықтар мен нәсілдердің дәстүрлері
мен дінін зертейді. Сөйтіп, әр халықтың өзіндік тарихи, мәдени
ерекшеліктерін анықтайды.

Үшінші бағыт антропометрия деп аталады. Бұл ғылым адамның табиғи
өлшемдерін бойын, салмағын, әртүрлі нәсілдің өкілдерінің сүйектерінің
көлемін зерттейді.

Адам - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі.
Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп
аталады. Оның негізгі сұрағы – Адам дегеніміз не мәселесі. Адам туралы
толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың көмегімен
жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның
ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды
тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтап, барлық мәндік қасиеттері мен
құбылыстарының өзіндік рухани – практикалық іс - әрекетінің жүйесі ретінде,
көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді.

Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық
ілімдерде бар. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп
қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияны
қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық
философия, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр. Мұның өзі
тек жай ғана кездейсоқтық немесе ұқсастық емес. Қазіргі уақытта Адам
төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, әлемнің барлық түпкірінде
өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір
сүруінен кездесіп отырған жағдайдан туындап отыр. Ядролық қару – жарақтың
күннен – күнге көбейе түсуі, табиғи ортаның бұзылуы адамдарды өте бір қиын
сын сағатына әкеліп, апырау, осы адамзаттың ертеңгі күні не болмақ деген
үрейлі сұрақтарды жиі – жиі туғыза түсуде.

Генетикалық инженерияның даму бағыты, әртүрлі органдарды
трансплантация жасау мүмкіндіктері адамның биологиялық табиғаты туралы
үйреншікті көзқарастарды өзгерте түсуде. Сонымен қатар, адам биологиясының
біз білмейтін қаншама терең сырлары бар екендігінде де күмән жоқ. Адамның
өзін - өзі басқаруы, яғни психологиялық мәселелер де бой көрсетуде.

Философиялық антропологияның басқа ғылымдардан айырмашылығы, ол адамды
жалпы дүниетанымдық тұрғыдан зерттейді.

Жалпы, біртұтас, іргелі антропологиялық мәселелерді қарастыра отырып,
адамның мәнін, өзіндік ерекшелігін түсіндіреді.

2. Адамның қалыптасуы туралы әртүрлі концепциялар.

Философия адамды таңғажайып тірі Жан деп қарастырады. Адамның табиғаты
мен мәні, оның өмір сүруінің мағынасы мен мақсаты аса күрделі дүниетанымдық
мәселелер болып табылады.

Адам феноменінің мәні мен қалыптасуын түсіндіруде әртүрлі
дүниетанымдық көзқарастар орын алған.

Жаратылыстану ғылымы адамды жер бетіндегі себептердің, яғни материяның
дамуының нәтижесі, салдары деп түсіндіреді. Оның қалыптасуының маңызды алғы
шарттары - еңбек ету мен сөйлеп үйрену. Еңбек ету дағдысы, яғни табиғатты
арнайы құралдармен өңдеу мүмкіндігі, адамның жер бетіндегі тірі жандардың
бірі болып қалуына, дамуына жағдай жасады.

Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты
тұлға ретінде көрінеді. Рухани өмір ағымына ол табиғаттың ең биік сатысынан
қарайды.

Адам қандай қиыншылықтарды бастан кешірсе де, бәрібір өз қолымен, ақыл
– ойымен әлемді жасандырып, тіршілік көркіне үстеме мән дарытып, сонымен
бірге еңбек құдіретімен өзі де өзгеріп, өркениетті заманның ізгілікті бір
белесінде өмір сүріп отыр. Демек, еңбек адам баласының табиғатқа қатынасын
айқындайтын күретамыр, әрекет өрісі болып табылады.

Әлеуметтік антропогенез теориясы Адам бұдан 30-40 мың жылдар бұрын
қалыптасты деп есептейді. Жалпы Адам тарихы 3 млн. жылды қамтиды. Ол
алғашқы Орталық Африкада пайда болып, кейіннен жер шарының барлық түкпіріне
тарады.

Н.Н.Моисеев әмбебап эволюционизм теориясын жасады. Оның идеяларының
бастауын В.И.Вернадский мен Н.Ф:Федоров еңбектерінен табуға болады. Моисеев
адамды жер мен космостың қасиеттері жиынтығының өзара тоғысуының нәтижесі
деп қарастырады. Адамның қалыптасуымен материя өзін - өзі түсініп, даму
заңдылықтарын білім арқылы бақылауға мүмкіндік алды. Тіршілік пен адамның
қалыптасуы - әлем тарихындағы ең үлкен төңкеріс.

Ақыл – ой пайда болғаннан бастап, әлемнің дамуы саналы сипатқа ие
болды. Адамның ойлау қабілетінің негізгі ошағы – ми дамып, жетіле түсті. Әр
түрлі іс - әрекеттердің іске асу жолына емін еркін араласып, оның бағытын
өзгерте алатын ерік пайда болды. Ақпарат пен тәжірибені сақтап, оны
қорытып, керек уақытында тауып беріп отыратын ес қалыптасты.

Адам табиғат шындығына бойлай отырып, оның адамға тәуелсіз өз
ерекшелігін (Герцен) танып білу деңгейіне көтерілді.

Сөйтіп, әлеуметтік организмнің ең нәзік бөлшегі, жаңа Адам әлемі –
мәдениет әлемнің бастауы, адамның рухани әлемі қалыптасты. Адамның даму
эволюциясында екі қарама – қарсы бағыт қалыптасты. Бірінші – сыртқы дүние
туралы білімнің өсе түсуіне негізделген оның өзіндік еркіндігі, құрал –
саймандар мен мәдениеттің дамуы. Екіншісі – адамның өз қолымен дамып
отыратын екінші табиғаттың күрделене түсуіне байланысты оған оның
бағыныштылығының арта түсуі.

Әлем халықтарының фольклорында Адам мен әлемнің қалыптасуы туралы
әртүрлі тұжырым бар. Мәселен, эскимостардың айтуынша, Адам жерден соғылған,
құстардың көмегімен бүкіл дүниеге тараған. Кейбір рулардың пікірінше, Адам
тастан немесе ақ, қызыл, қоңыр қиыршықтардан пайда болған. Осы
көзқарастардың бәріне ортақ идея – ол әлемді жарататын сыртқы күштің болуы.

Тейяр де Шарден эволюциялық мәре теориясын ұсынды. Ол Адам мен
әлемнің пайда болуын түсіндіру үшін ғылым мен дінді, ақыл – ой мен
мистиканы өзара біріктіруге тырысты. Тейярдың ойынша, әлемнің тарихы – оның
ұдайы күрделене түсуінің және саналылыққа ұмтыла түсуінің тарихы. Осы
тарихи процесте әлем дамуының белгісіз бір бағыты, косомстық діңгек
қалыптасты. Соның аясында тіршілік пен сананың негізгі болатын Жер рухы
пайда болады.

Осының нәтижесінде туындаған Адам өзінің даму эволюциясында ең соңғы
нүктеге, яғни Омега нүктесіне жетуге ұмтылады. Философтың ойынша, Омега
нүктесі эволюцияның аяқталып, сүйіспеншілік негізінде бір – біріне
ұмтылатын жалпы бірігу мен әлемдік гармонияның бастауы болып табылады. Бұл
әлем бөлшектерінің бірін – бірі іздестіріп, өзара гармонияда бірігуі. Омега
нүктесі - Әлем мен Адамзаттың болашағы, эволюцияның ең жоғарғы полюсі. Онда
барлық индивидтер мен халықтардың өзара келісуі болады. Барлығы
сүйіспеншілік арқылы бірігеді. Православие дінінің көрнекті уағыздаушысы.
А.Меньнің пікірінше Адамның әлемдегі орны туралы тейярдизм ілімін,
оптимистік мәре деп атауға болады. Омега нүктесі – бұл жарық.

Тейярдизмге жақын идеялар орыстың көрнекті философы, суретші Н.К.Рерих
шығармашылығында көрініс тапқан. Адам – Жер мен Космостың өзара кездесуі
болып түратын ерекше нүкте. Әлемдік құбылыс ретінде адамның өзі де толық
игеріп болмаған керемет космостың энергияның иесі болып табылады.

Адамның жаралуы туралы аңыздар көп, оны жерде мекендеп отырған барлық
халықтың әдебиетінен қиналмай-ақ табуға болады. Қытайдың ерте замандағы
Әдет – ғұрып естеліктері деген көне жазбасында осы жайлы былай жазылған:
Дүние жаралған шақта Адам баласы әлі жаратылмаған еді. Hola (жаратушы)
адамның тұрқын сары топырақтан жасаған. Ол жалғыз өзі ештеңе тындыра
алмайтын болған соң тұрған арқанды балшыққа тастай салады. Содан соң
құдіреттің күшімен сол арқанға Жан бітеді де, адамға айналады.

Біз атап өткен ілімдердің барлығы Адам мен табиғаттың бірлігін
мойындайды. Адам табиғаттың өз жемісі, оның даму эволюциясы нәтижесінде
қалыптасты.

Философиялық антропологияның негіздері: адамның табиғаты және мәні.

1. Адамның табиғи, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік өлшемдері.

2. Адамның мәндік сипаттары.

3. Адамның рухани мәні.

Адам – ғылымда ақылды Адам деп бағаланатын биологиялық тіршілік
иесінің бірі. Оның табиғи, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік өлшемдері
бар: бойының биіктігі – 160-180 см., өмір сүруінің орташа ұзақтығы 65-85
жас.

С.Э.Крапивенскийдің Әлеуметтік философия оқулығында А.Роза (АҚШ) мен
Я.Шепаньскийдің (Польша) еңбектерінен алынған Адам организмінің бірнеше
маңызды ерекшеліктері көрсетілген:

А) тік тұру адамның негізгі анатомиялық ерекшелігі ретінде оған
қоршаған ортаны оңтайлы қабылдауына мүмкіндік берді, өз қолымен қарапайым
құралдар жасауына алып келді;

Б) күрделі де нәзік қимылдарды орындай алатын берік қолдар;

В) кеңістікте жақсы бағыт беретін және үш өлшемді де көре алатын
алдына бағытталған көзқарас;

Г) психикалық өмір мен интеллектің жоғары дамуына жағдай жасайтын
үлкен ми мен күрделі жүйке жүйесі;

Д) ерін, көмекей күрделі өзгеріске түсіп, сөйлеу қабілетінің
қалыптасуы;

Е) балалардың ата – аналардан ұзақ уақыт бойында бағыныштылықта болуы,
өсу мен жетілудің ұзақ уақытқа созылуы;

Ж) туа біткен импульстер мен қажеттіліктердің икемделуі;

З) сексуалдық құмарлықтың тұрақтылығы, тағы да басқа ерекшеліктер.

Адамда туа біткен және жүре пайда болған рефлексінің тетіктеріне өте
зор мән берді. Өйткені бұл рефлекстерді ұғыну адамдық әрекеттің
филогенездік негізін құрайды және адамның өзін толық танып, жете меңгеру
қабілеттерін жетілдіреді.

Организмнің туа біткен іс - әрекеті сақталыс және қорғаныс рефлекстері
болып екі үлкен топқа бөлінеді.

Сақталыс рефлекстер қатарына организмге тағам немесе оттегі келуімен
байланысты тыныстық іс - әрекеттің ыдырау өнімдерін шығару (дем, зәр),
тұқым жалғастыру және сақтау (жыныстың, ұрпаққа қамқорлық) әсерленістері
жатады.

Қорғаныс рефлекстері организмді қатерлі,зиянды тітіркендіргіштердің
ықпал өрісінен алыстатады, зиянды заттарды шығарады.

Туа біткен рефлекстер организмнің даралық қасиетін және түрін
сақтауды, қамтамасыз етеді.

Адамның көру, есту және иіс сезу рефлекстері бағдарлау рефлекстері деп
аталады.

Инстикт – ырықсыз сезім – адамның жағдай – күйіне қарай немесе осы
жағдайда сәйкес жүзеге асырылатын қозғалыс әрекетінің және күрделі мінез –
құлқының жиынтығы. Инстинкт туа бітеді.

Мінез – құлықтың табиғи құрамында түр сақтайтын және тұқым
жалғастыратын эволюциялық дамудың тәжірибесі сақталады.

Мінезді жете тексеретін, оның шығу тетіктерін зерттейтін ғылым
этология деп аталады. Этологиялық зерттеудің нәтижесінде мінез – құлықтың
ішкі қажеттілік арқасында пайда болатындығы дәлелденеді, инстинкт
әсерленуді іске қосатын қозғағыш күш – сыртқы түрткілер. Әрбір қозғағыш
түрткі өзіне лайықты стереотиптік әрекеттерді қосады.

Орталық жүйке жүйесі іштегі үстемді талапқа сәйкес мінездің тиісті
әрекеттерін жүзеге асырады. Мидың мінез құратын іс - әрекеті даярлық және
атқарушы болып бөлінеді. Даярлық іс - әрекет көбінесе ішкі мұқтаждық
сезімдері арқылы қанағаттанады.

Танымдық және сезімдік жүйелерде мидың әртүрлі құрылымдары қатысады.
Танымдық жүйе орталық жүйке жүйесінің арнайы бөлімдері, ал сезімдік жүйе
мидің торлық құрылымы, мимбия жүйесі арқылы қызмет атқарады.

Ашығу, шөлдеу, үрей, ләззат, агрессия, жыныстық, ата- аналық, жылулық
сияқты организмнің жетекші мұқтаждықтары биологиялық мотивация деп аталады.
Бұлардың барлығы да туа пайда болады және тұқым қуалау негізінде
қалыптасады.

Білім алу, мамандықты игеру, көркемөнер, әдебиетке әуестік т.б.
биологиялық мотивациядан ерекше, қоғамдық тәрбие арқылы қалыптасады.

Ми іс - әрекетінің ең тартымды құбылыстарының бірі – оның қабылдаған
ақпаратты сақтау және еске түсіру, яғни зерделік қабілеті. Зерде дегеніміз
– жүйкенің ақпаратты код ретінде сақтап, нақтылы бір жағдайда оның
қасиеттері мен көшірмесін өзгертпестен қайта жаңғыртуы.

Зерде ақпаратты сақтау ұзақтығына қарай, қысқа мерзімді және ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.

Адам зердесінің барлық түрі қисынды – мағыналық және сезімді бейнелік
болып екіге бөлінеді. Бұлардың біріншісі ұғымдарға, екіншісі елестетуге
сүйенеді. Адам үшін зерденің қисынды мағыналық типі ең жоғары түрі болып
есептеледі.

Анализ және синтез үлкен ми сыңары қыртысының өте маңызды қызметі.
Организм өзінің тіршілік іс - әрекетінде сыртқы және ішкі ортаның
тітіркендіргіштеріне үнемі анализ – синтез жасап отырады.

Анализ - әркелкі сигналдарды айыру, бөлу, организмге тиетін әралуан
әсерді ажырату. Синтез – біріктіру, талдау, қорыту, ми қыртысының әртүрлі
бөліктерінде туатын қозуларды бірлестіру.

Адамның психикасы мен мінез құлқының ерекше кескінін олардың табиғи
темпераменті мен бойындағы мінезі жасайды.

Адам мінезі сангвиник (ширақ), флегматик (салмақты), холерик
(ұстамсыз), меланхолик (әлсіз) деп бөлінеді.

Темперамент адамның әлеуметтік мәнділігін білдіре алмайды, өйткені
оның мінез – құлығын санасы басқарып отырады.

Барлық кісілерді экстроверт, интроверт және невротиктерге жатқызуға
болады (К.Юнг, Г.Айзенк). Экстраверт әр алуан сыртқы әсерлерге ашық,
Интроверт, керісінше, тұйық мінезді. Ал невротиктерде көптеген тіршілік
жағдайларында әртүрлі жабығу күйі пайда болады.

Адам керемет ерекшелігі бар құбылыс. Оның кереметтігі - әлеуметтік
мәні мен биологиялық қасиеттерінің ерекше бірігуінде. Сонымен қатар, өзі
мен қоршаған ортаның өзара байланысын ұйымдастыратын, басқаратын заттық –
практикалық іс - әрекеті бар.

Адам – бір жағынан, биологиялық негіздері бар, екінші жағынан, терең
абстрактілі ойлауға қабілетті, рухани мүмкіндігі жоғары тіршілік иесі.

Ол қоғамдық өмірдің жоғары деңгейіне, мәдени жетістіктерді меңгеруге,
табысты білім алуға бейім. Қазіргі өркениет уақытында тәрбиенің, заңдардың,
моральдың, нормалардың ықпалы мол болғандықтан, ондағы биологиялық
негіздерді әлеуметтік бастау толық бақылауға алған.

Сондықтан да адамда мәндік, мағыналық қасиет жоғары дамыған.

Философия тарихында адамның мәнін түсіндіруге тырысқан көптеген
ізденістер болған. Әр философ өзінің мүмкіндігінше тәжірибесіне,
қызығушылық нысанына байланысты адамды түсіндіруге тырысқан.

С.Р.Аблеев Основы философии деген кітабында мынадай анықтамаларды
жүйелеп ұсынған.

- Адам ғарыштың бөлігі, кішкене ғарыш. (көне Үнді, Қытай, Грек
философиясы)

- Адам – бұл мәңгі, абсолютті рух (атман). (Көне Үнді философиясы –
йога, веданта)

- Адам – барлық заттардың өлшемі (көне Грек софистері – Протагор)

- Адам – саяси жануар (Аристотель)

- Адам – Құдайдың бейнесі (орта ғасырлардағы христиандық теология)

- Адам – ойшыл жан (Р.Декарт)

- Адам адамға қасқыр (Т.Гоббс)

- Адам – жанды машина (Ж.Ламетри)

- Адам – екі әлемге қатысты жан. Табиғи қажеттілік әлеміне және
адамгершілік еркіндік әлеміне (Им.Кант)

- Адам адамға – Құдай (Л.Фейербах)

- Адам – рационалды жануар (К.Линней)

- Адам – құрал жасай алатын жан (С.Кьеркегор)

- Адам – уәде беруге қабілетті жан (Ф.Ницше)

Осы көрсетілген анықтамаларды жүйелеп, жинақтап ой қорытатын болсақ,
адам табиғатының үш маңызды қыры ашылады.

- табиғи – биологиялық (материалды) қасиеттері;

- психологиялық, әлеуметтік қасиеттері;

- рухани мәні мен қасиеттері.

Жер бетінде тіршілік параллелді екі жолмен іске асқан: астральді –
психикалық және белокты - нуклейнді. Миллиондаған жыл бұрын Х нүктесінде
осы екі жол бір тіршілік иесі биологиялық, психологиялық алдыңғы адам болып
есептелді. Ғарыштық ақылдың көмегімен сондағы психикалық бастау дами берді,
сөйтіп онда ақылдың бастаулары пайда болды.

Алдыңғы адамдағы ақылдың пайда болуы ғарыштағы белгілі ақпараттың
кеңістіктік магниттік трансляциясы нәтижесінде іске асып, адамның санасының
дамуына негіз болған.

С.Р.Аблеевтің пікірінше, адамның санасы үш маңызды фактордың көмегімен
одан әрі дамыған:

- ғарыштық немесе рухани фактор (ғарыштың энергетикалық ықпалы)

- биологиялық (тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, табиғи сұрыптау)

- әлеуметтік (қоғамдық қатынастар, еңбек, оқыту, тәжірибе алмасу)

Сана – жоғары ұйымдастырылған материя – мидың жемісі. Ол эволюция
процесінде қалыптасқан адамның психологиялық әлемінің ерекше қабілеті.

Көне заман философиясында сана деп – адамның өмірінде аса маңызды роль
атқаратын ішкі әлем – жан есептелінді. Тән өткінші, ал жан мәңгілік.
Демокрит жанды ерекше сезімдік атомдардың жиынтығы деп ойлады.

Орта ғасырларда сана мен ақыл құдайдың маңызды атрибуттары ретінде, ал
Қайта өркендеу дәуірінде табиғаттың қасиеті деп қарастырылды.

XVIII ғасырдағы француз материализмі сананы – адам миының ерекше
функциясы деп анықтап, оның көмегімен адам сыртқы дүниені бейнелейді деп
есептеді.

Орыс философиясында сана мен психика теориясына И.И.Сеченов,
В.М.Бехтерев, И.П.Павлов үлкен үлес қосты. Олар адамның психикалық іс -
әрекетінің физиологиялық негіздерін зерттеді. Кейіннен осы бағытта
С.Л.Рубинштейн, А.М.Леонтьев, Л.С.Выготский белсенді еңбек етті. Олар
сананы адамның іс - әрекетінде қоғамдық қатынастарды айқын бейнелейтін
әлеуметтік феномен деп анықтады.

Сана дегеніміз – тек адамға ғана тән сыртқы дүниені бейнелеудің
жоғарғы формасы.

Сана – объективті әлемнің субъективті образы. Сана, ең алдымен,
адамның табиғатқа, қоғамға, басқа адамға сонымен қатар, өз - өзіне деген
қатынасы. Сана – болмысты түсіну, ұғыну, бейнелеу. Ол болмыстан келіп
шығады.

Сана – ол әруақытта өзіндік сана, яғни адамның өзін басқа әлемнен
бөлуі, өз өмірінің мағынасын түсіну, өзінің іс - әрекетінің негізгі
мақсаттарын белгілеуі. Сананың өзегі сыртқы дүние туралы ғылыми емес
мәліметтерді жинақтайтын білімдер болып табылады.

Ғылым мен философия сананы туынды, екінші қатардағы құбылыс деп
қарастырады. Мұның мәні неде? Біріншден, сана - табиғаттың ұзақ эволюциясы
мен бейнелеу формаларының жетілуінің нәтижесі. Екіншіден, сананың мағынасы
(сезімдер мен ойлар, образдар мен идеялар) дүниені тек бейнелеп қана
қоймайды, онымен шектелмейді. Өйткені, адамның санасы табиғаттың, қоршаған
дүниенің көшірмесі ғана емес, ол ең алдымен, еңбектің даму көзі, соның
негізінің бірі. Адам өз еңбегі арқылы дүниені өзгертеді, оны жандандырып
оған мән береді. Адамның санасы, саналы іс - әрекеті арқылы дүниенің
негізгі мән ашылады.

Сана тек қоғамда ғана қалыптасады. Өйткені адамның шын мәніндегі адам
болуы, оның қоғамдық қатынастарды толық меңгеруімен тығыз байланысты. Сана
– мидың негізгі функциясы. Мидың дамуымен сананы, психиканың дамуының
арасында өте тығыз байланыс бар. Адам тектес маймылдар мен адамдарды
салыстырып көрейік. Шимпанзенің миының көлемі 400 куб см., ал қазіргі
адамның миының көлемі 1400 куб см. Еңбек ету процесніде адам миының
көлемінің өсуі оның санасының қалыптасуында өте үлкен роль атқарды. Мидың
дұрыс қызмет етуі маңызды фактор, оның кейбір бөліктерінің болмауы адамға
кері әсерін тигізеді.

Ми – сыртқы әлемді бейнелейтін және адамның күрделі тәртібінің
бағдарламасын қамтамасыз ететін өте күрделі жүйе. Сондықтан да оның
қызметінің кейбір бөліктерінің, әсіресе бас ми қабатының қызметі бұзылса
адамның санасында, тәртібінде психикалық функцияларында күрделі
ауытқушылықтар болып тұрады.

Ми қызметі – адам санасының физиологиялық негізі.

Бірақ ми емес, оның көмегімен адам ойлайды. Ми ойлаудың құралы ғана.
Ойлау үшін қоғамдық тәжірибені, білімді, икемділікті меңгеру қажет.
Ойлаудың шын мәні, жан – жақты анықтылығы диалектикалық логикада –
табиғатқа, қоғамға және адам баласына қатысты жалпыға бірдей заңдар туралы
білімде ашылады ... Демек, ойлау – дара психологиялық әрекет емес. Ол
адамдардың өмір сүру қызметінің әртүрлі салалары үшін аса маңызы бар
әлеуметтік – тарихи құбылыс, адамдардың сан ғасырғы тарихи тәжірибесінің
жемісі.

Осы әлеуметтік тәжірибені қалай меңгеруге болды. Үйрену әруақытта
белгілі бір әрекетті керек етеді. Сәби қасықты бірден дұрыс ұстай алмайды.
Қасықты пайдалана бастаған кездегі баланың епетейсіз, солақай қозғалыстары
бірте – бірте дұрысталып, нақты әрекетке айналады. Жүзіп үйрену үшін суға
түсіп, жүзуге тырысу қажет.

Тәжірибені меңгеру, үйрену дегеніміз – қоғамда жасалған және адамдар
қолданып жүрген заттармен әрекет жасау. Еңбек құралдары арқылы еңбек ету
операциясын меңгеру де осылай іске асып отырады.

Қоғамдық тәжірибені меңгеруде бала ойынының алатын орны ерекше. Бала
үшін оның дамуының алғашқы кезеңдерінде ойыншықтар нақты құралдар мен
заттарды алмастырады, ал ойында ересек адамдардың іс - әрекетінің көптеген
сюжеттері мен нақты байланыстардың, қатынастардың көбісі жаңғыртылады, яғни
қайталанады. Өйткені балалар ұшқыш, капитан, дәрігер болып ойнайды. Ойын
балаға тек рахаттану сезімін сыйлауымен ғана емес, ойнау кезінде
ересектердің тәжірибесін меңгеруімен де қызықты.

Ойынды пайдалану – жөніндегі неміс философы Гегельдің ойлары қызықты.
Ол бала ойыншықты шаша отырып, өзінше практикалық талдау жасайды, ол
кейіннен заттарды ойша талдау икемділігіне ұласады. Заттарды жинастыруды
үйрену – балаға ойды синтездеу қаіблетін дағдыландыруға жағдай жасайды.

Әрекет, белсенділік – бұл заттарды қабылдау мен қоғамда жинақталған
тәжірибені меңгерудің белгілі еңбек дағдыларын игерудің негізгі шарттары.
Практикалық дағдылардың жетілу жолында адамдар ойлау операциясын өндіру
бейімділігін дамытады. Ойлау қабілеті дегеніміз – адамның сыртқы дүниеге
деген белсенді қатынасының нәтижесі.

Адамның әлеуметтік тәжірибені игеруінің маңызды құралы – сөйлеу.
Алғашқы адамдар ымдау, ишара арқылы бір – біріне ақпарат беріп отырды.
Бірте – бірте адамдар сөздерді меңгере бастады. Әртүрлі күрделі белгілердің
жиынтығы ретінде, екінші сигналды жүйе (И.П.Павлов) – тіл қалыптасты. Тіл
– адам ойлауын білдіру тәсілі, немесе Гегельше айтсақ, ойлаудың тәні. Тіл
арқылы адам өзінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені
түсінуге, оның мәнін ұғуға ұмтылды. Тіл өзара ұғынысу, араласудың маңызды
құралы болды, сонымен қатар, басқаның да ойын қабылдап, өз пікіріңді,
түсінігіңді жеткізуге мүмкіндік жасады.

XX ғасырда ғылыми – техникалық есептегіш машиналар пайда болды, олар
біраз күрделі операцияларды іске асыра алады. Жасанды интеллект бола ма?
деген сұрақ туындап, машинаның ойлау мүмкіндігі, оның адамды ауыстыруының
өрісі туралы мәселелер қойыла бастады.

Электронды есептегіш машиналар көптеген операцияларды адамнан да тез
орындай алады. Дегенмен, машина адамды ешуақытта толық алмастыра алмайды.
Біріншіден, машина әруақытта адам оған берген бағдарлама аясында ғана жұмыс
жасайды. Машина – нақты белгілі – үлгі, онда шығармашылық жоқ, ол өздегінен
жаңа ешнәрсе де ойлап шығара алмайды.

Екіншіден, онда әлемге деген сезімдік эмоциялық қатынас жоқ. Эмоциялар
әлемі - өте күрделі де алуан түрлі. Оған қуану, қорқу, күлу, аффект т.б.
кіреді. Сезім адамның болмысына, қарым – қатынас жасау қажіттілігіне
байланысты туындап отырады. Махаббат, құмарлық, сүйіспеншілік, моральдық
сезім, эстетикалық сезімдер т.б.

Сезім байлығы – адамның рухани өмірінің жоғары әрі жан – жақты
дамуының қажетті шарты. Сезім жұтаңдығы мен кедейлігі ұсақ, сүреңсіз,
отбасы – ошақ қасындағы адамдарға тән. Адамның санасының қалыптасуында
өзіндік сананың маңызын арнайы атап өткен жөн. Өзіндік сана адамның өзін -
өзі түсінуін, дамытуын, сонымен қатар, айнала қоршаған дүниеге деген
қатынасын, алдына қойған мақсаттарын, өзінің дүниедегі, қоғамдағы орнын
бағалауды негіздейді.

Өзіндік сана арқылы адам өзінің коллективтегі орнын тауып алады,
өзінің іс - әрекетін ұйымдастыра алады. Өзіндік сана дегеніміз – адамның
өзін - өзі танып білу деңгейі. Сана, өзіндік сана туралы айта отырып,
қоғамдық сана ұғымын да анықтаумыз қажет. Өйткені, қоғамда олар бір –
бірімен біте қайнасқан. Өзіндік сананың қалыпатасып, дамып жетілуінде
қоғамдық сананың да ықпалы өте зор.

Ғылыми танымның аса күрделі объектісі адамды зерттеу жолында
философиялық таным бірқатар ұғымдарды кеңінен пайдаланады.

Ең алдымен, әрине, адам ұғымы. Оның көмегімен тірі жандардың ең
жоғарғы түрі болып табылатын Homo - Sapiens анықталады. Адам – табиғаттың
жеңісі, еңбек пен танымның, тарих пен мәдениеттің субъектісі. Ақыл – ой
оның ең бастапқы қасиеті, сол арқылы ғана ол басқа тіршілік иелерінен жеке
бөлініп шыққан. Еңбек ете білу де оның аса маңызды белгісі. Адамның
тіршілік етуінде құрал – сайман қаншалықты жағдай жасаса, тілі, әр түрлі
қозғалыс, ымдау да ойды дамытуға соншалықты үлес қосады.

Бұдан бұрынғы дәстүрге сүйенсек, ғылыми әдебиеттерде адамның
қасиеттерін көрсететін личность, индивид, индивидуальность ұғымдарын
қазақ тілінде тұлға, индивид, индивидуалдылық деп айтылып жүр еді.
Осы тұрғыда философия ғылымдарының кандидаты Сапар Оспановтың Қазақ тілі
мен әдебиеті журналының 1997 жылғы 9 – 10, 11- 12 сандарында жарық көрген
Азамат ұғымын жаңғырту және оны өзінің ғылыми тұғырына көтеру
тақырыбындағы мақаласындағы ұсыныс көңілге тұрарлық екенін ескеруіміз
қажет.

С.Оспанов этимологиялық, логикалық зерттеулер жүргізіп, орыс тіліндегі
қажетті анықтамаларды пайдалана отырып, тұлға, азамат, пенде, бодан
ұғымдарын ұсынады. С.Оспанов личность ұғымының қазақша баламасын азамат
деп қарастырады. Автор ұсынған дәлелдер орынды. С.Оспанов, ең алдымен,
қазақ халқының ұлттық дүниетанымында азамат туралы ескіден қалған, құлаққа
сіңген, ойға медет болып жүрген: Алаштың азаматы, Ауылдың бас көтетер
азаматы, Қылшылдаған азамат, Әй, азаматсың!, Азаматпын десең атқа
қон!, Азамат болмадың, Азамат болмай шықтың, Сені азамат екен десем
..., Өсіп азамат болыпсың деген сияқты тұрақты сөз тіркестерін еске
салмақпын деп жазады.

Автор атап көрсеткен сөз тіркестерінде дәстүрлі қазақ қоғамындағы
азамат ұғымының үлкен жүгі мен мақсаты анықталған.

Азамат сөзінің мәнін Ш.Уәлиханов та ашып көрсеткен. Азамат –
кәмелетке келіп, еншісін алған туыстарнан тәуелсіз, үйлі баранды адам
дегенді білдіреді.

Байырғы қазақ дүниетанымында осы мағынада азамат ұғымын жиі
пайдаланады. Кеше ғана жап – жас бала еді, өмір деген сол ғой шіркін,
бүгін азамат болыпты деген тіркесте ауыз екі әңгіме азамат сөзін жиі
естуге болады.

Азамат деп салыстырмалы еркіндігі бар, өз өмірін өзі ұйымдастыра
отырып, өз іс - әрекетіне толық жауап бере алатын, сонымен қатар, отбасы
мен қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершілігін сезінетін, мүдделерін
қорғай алатын адамгершілігі мол, саналы, құрметті адамды айтамыз.

С.Оспанов әлеуметтік философияның соңғы жылдары тереңдетіп дәлелдеген
личность туралы ең басты тұжырымдарына тоқталады.

Личность болудың басты шарттарының бірі – ол адамның әрекеттерінің,
өмірлік, мақсат мүдделерінің, имандылықтың шарттары негізінде өлшенуі,
солармен салыстырылуы. Бұл личность - тың тікелей әлеуметтік және жеке
адамның, нағыз азаматтың мәнісін ашады. Бірақ бұнда нақтылап бір айта
кететін нәрсе: бұл адамның айтылған қасиеттері тек қана жоғары саналықты
ғана көрсетуі емес. Көп адамдар тек әдеттегідей қатардағыдай адамдар
ғана, ал кейде тіпті нашар, имансыздық, қылмыстық істерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі грек антропологиясы
Философиялық антропология
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Антропологиялық мектептер және оның келешегі
Антропология ғылымының қалыптасу тарихы
Мәдениет құрылымы
Антропология тарихы
Философия ғылымдар негізі
Адамның шығу тегі туралы концепциялар
Пәндер