Дүниежүзілік шаруашылық



1 Дүниежүзілік шаруашылық ұғымы
3. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ САЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы іс жүзінде адамзаттың бүкіл тарихын қамтиды.
Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде халықаралық сауда Еуропа мен Азияның соң жер шарының басқа да аймақтарын қамтыды. Олардың арасындағы өнім айырбасы дүниежүзілік рыноктың мұнан әрі кеңеюі көліктің дамуына мүмкіндік туғызды. Теңіз көлігі барлық материктерді бір-бірімен байланыстырды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында темір жолдардың ұзындығы тез өсіп, олар континенттердің ішкі бөліктерін байланыстырды, Генрих Гейненің бейнелеп айтқанындай «кеңістікті өлтірді». [7].
Алайда, дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуында басты орын ХVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Батыс Еуропаның бірқатар елдері мен АҚШ-та оларда өткен өнеркәсіп төңкерістерінен кейін туған ірі машина индустриясына тиді. Демек, дүниежүзілік шаруашылық ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ірі машина индустриясының даму нәтижесінде құрылыды.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ОҚЫП ҮЙРЕНЕЙІК
Дүниежүзілік шаруашылық ұғымы. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы іс жүзінде адамзаттың бүкіл тарихын қамтиды.
Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде халықаралық сауда Еуропа мен Азияның соң жер шарының басқа да аймақтарын қамтыды. Олардың арасындағы өнім айырбасы дүниежүзілік рыноктың мұнан әрі кеңеюі көліктің дамуына мүмкіндік туғызды. Теңіз көлігі барлық материктерді бір-бірімен байланыстырды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында темір жолдардың ұзындығы тез өсіп, олар континенттердің ішкі бөліктерін байланыстырды, Генрих Гейненің бейнелеп айтқанындай кеңістікті өлтірді. [7].
Алайда, дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуында басты орын ХVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Батыс Еуропаның бірқатар елдері мен АҚШ-та оларда өткен өнеркәсіп төңкерістерінен кейін туған ірі машина индустриясына тиді. Демек, дүниежүзілік шаруашылық ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ірі машина индустриясының даму нәтижесінде құрылыды.
Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз - бұл бүкіл дүниежүзілік экономикалық қарым-қатынастармен өзара байланысқан бүкіл дүние жүзі елдерінің ұлттық шаруашылықтарының тарих қалыптасқан жиынтығы.
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі туралы ұғым. Географиялық еңбек бөлініс туралы ұғымды терең және жан-жақты зерттеген Н.Н.Баранский оны экономикалық геогрфияның негізгі ұғымы деп аталады.
Географиялық еңбек бөлінісі - адам қоғамы дамуының тауарлы өндіріс пен айырбастың өсуінен туатын сөзсіз нәтижесі. Оның сөзсіздігі жеке аумақтардың арасында әрқашан да айырмашылықтар болуына байланысты. Ол айырмашылықтар, біріншіден, географиялық жағдайында, екіншіден, табиғат жағдайлары мен байлықтарында, үшіншіден, әлеуметтік-экономикалық жағдайларында - даму деңгейінде, шаруашылық құрылымында, еңбек қорларында, тарихи дәстүрлерінде және т.с.с. Мұндай айырмашылықтар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көптеген түрлерінің белгілі бір аумаққа бекітілгендей болуына әкеп тірейді.
Бұл жекелеген экономикалық аудандарға қатысы, сондай-ақ халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің нәтижесінде өзара байланысқан тұтас елдерге де қатысты. Ол ежелгі кезде туған, бірақ дүниежүзілік шаруашылықтың шығуына байланысты дүние жүзін қамтыды.
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жеке елдердің өнімнің белгілі бір қызмет көрсетуге және оларжы айырбастауға мамандануынан көрінеді.
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі уақыт өте өзгеріп отырады.
Халықаралық мамандану саласы - географиялық еңбек бөлінісінің нәтижесі. Жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерін өндіруге жәнебелгілі бір қызмет көрсетуге мамандануы өндіруші елдің оларды өз қажетінен артық мөлшерде өндіруін қажет етеді. Ол халықаралық мамандану салаларының, яғни көбінесе өнімді экспортқа шығаруға бағытталған және халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде ел келбетін бірінші кезекте айқындайтын салалардың қалыптасуынан нақты көрініс табады.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде аймақтық экономикалық топтардан басқа салалық экономикалық топтар да бар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - мұнайды сыртқа шығаратын елдер ұйымы (ОПЕК), ол 11 елді біріктіреді.
Шаруашылық өмірді интернационалдандыру. Транс-Ұлттық Корпорациясы (ТҰҚ)ү дүниежүзілік шаруашылықтың даму процесі және халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің және экономикалық интеграцияның тереңдеуі шаруашылық өмірді интернационалдандыруды қажет етеді. Бұл процесте шешуші орынды транс-ұлттық корпорациялары алады. 90-жылдардың ортасында олардың жалпы саны - 250 мыңға жетті. ТҰК-дың үлесіне дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісі және әлемдік сауданың 13, жаңа техника және технология барлық патентінің (куәлігін) 415 келеді. Бірақ ТҰК-ның кеңеюінің басты құралы капиталды шығарумен байланысты қаржы қызметі болып табылады. Міне,сондықтан да академик М.Н.Сойсеев осы заманғы дүниежүзілік шаруашылықты ТҰК әлемі деп атайды.
Таяуда ғана ТҰК-сы негізінде трансұлттық бола отырып, өзінің әсерін дүние жүзінің кейбір аймақтарына таратқан. Соңғы кезде ғаламдық деп атауға болатын ТҰК пайда бола бастады. Олар дүниежүзілік рыноктік экономика елдерінің барлығында не басымында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік экономикалық қатнастар
Әлемдегі нарық шаруашылығы және экономикасы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ СИПАТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы
Дүниежүзілік валюта айналымы
Әлемдік шаруашылықтың даму кезеңдері
Халықаралық қатынастардың басты формалары
Халықаралық еңбек бөлінісі және экономикалық интеграция
Әлемдік шарушылықтың құрылымы
Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылуының объективті негіздері
Пәндер