Қазіргі дүнидегі елдерінің көп түрлілігі



1.Елдердің саны мен топтастырылуы
2. Елдердің типологиясы
3. Экономикалық дамыған елдер
4. Дамушы елдер
5. Өтпелі экономикалы елдер
Елдер, мемлекеттер – дүние жүзі саяси картасының басты объектісі. Бұл картадағы елдердің жалпы саны ХХ ғ. Ішінде елеулі артты: біріншіден, бірінші дүниежүзілік соғыс өорытындысымен байланысты өзгерістер нәтижесінде; екіншіден, екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысымен байланысты өзгерістер нәтижесінде империализмнің отарлық жүйесі күйреп, 1945-1993 жылдары 102 ел өздерінің саяси тәуелсіздігіне жетті. («Қосымшадағы» 1-кестені қара); үшіншіден, 90-жылдардың басындағы Кеңес Одағының, Югославияның, Чехословакияның ыдырауы нәтижесінде. Міне, сондықтан да ХХ ғ. Соңында дүние жүзінің саяси картасындағы елдер мен аумақтар саны 230-ға жетті.
Мұндай сандық өсудің аржағында маңызды сапалық ілгерлеушіліктердің тұрған аян. Егер 1900 жылы дүние жүзінде 57 егемен мемлекет болса, екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында – 71, ал 2000 жылдарға қарай олар 193 болды. Ал, қалғандары басым түрде бұрынғы отарлаушы империялар Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, АҚШ-тың [1] өзін басқара алмайтын «жарқышақтары» деп аталатын аумақтарына келеді.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
§1. ҚАЗІРГІ ДҮНИЕ ЕЛДЕРІНІҢ КӨП ТҮРЛІЛІГІН ҚАРАСТЫРАЙЫҚ
1.Елдердің саны мен топтастырылуы. Елдер, мемлекеттер - дүние жүзі саяси картасының басты объектісі. Бұл картадағы елдердің жалпы саны ХХ ғ. Ішінде елеулі артты: біріншіден, бірінші дүниежүзілік соғыс өорытындысымен байланысты өзгерістер нәтижесінде; екіншіден, екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысымен байланысты өзгерістер нәтижесінде империализмнің отарлық жүйесі күйреп, 1945-1993 жылдары 102 ел өздерінің саяси тәуелсіздігіне жетті. (Қосымшадағы 1-кестені қара); үшіншіден, 90-жылдардың басындағы Кеңес Одағының, Югославияның, Чехословакияның ыдырауы нәтижесінде. Міне, сондықтан да ХХ ғ. Соңында дүние жүзінің саяси картасындағы елдер мен аумақтар саны 230-ға жетті.
Мұндай сандық өсудің аржағында маңызды сапалық ілгерлеушіліктердің тұрған аян. Егер 1900 жылы дүние жүзінде 57 егемен мемлекет болса, екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында - 71, ал 2000 жылдарға қарай олар 193 болды. Ал, қалғандары басым түрде бұрынғы отарлаушы империялар Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, АҚШ-тың [1] өзін басқара алмайтын жарқышақтары деп аталатын аумақтарына келеді.
Сендер мұншама көп елді ең әуелі әр түрлі сандық белгілері бойынша топтастырып алу қажет болатынын *білесің. Елдерді топтартырудың ең көптараған түрі - оларды акмағының көлемі мен халқының санына қарай топтартыру.
1-мысал. Аумағы көлемі жағынан ең үлкен 7 ел көзге түседі, олардың әрқайсысының ауданы 3 млн. км²-ден асады, бұлар қосыла келе, бүкіл құрлықтың жартысын құрайды.
2-мысал. Халықының саны жөнінен ең үлкен 10 ел көзге түседі, олардың әрқайсысы 100 млн-нан астам адам тұрады, бұл елдердің халқы жер шары халқының 35 бөлігін құрайды.
Саяси картада орташа және шағын елдердің саны басым. (Мұндай ұғымдардың өзі Еуропа үшін бір түрлі, ал Африка не Азия үшін - басқаша). Халқының саны 10-30 мың адам не одан да аз болып келетін, аумағы өте шағын елдер де кездеседі, оларды әдетте шағын мемлекеттер дейді.
Мысал. Олардың ішінде Еуропада едәуір әйгілі шағын мемлекеттер - Андорра, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марина, Ватикан. Сондай-ақ аралық шағын мемлекеттер Африкада (Маврикия, Сейшель аралдары және басқа), Америкада (Барбадос, Гренада, Сент-Люсия және басқа), Мұхиттық аралдарда (Тонга, Науру және басқа).
Елдерді герграфиялық орнының ерекшеліктеріне қарай топтастыру әдісі де жиі қолданылады. Осыған байланыстыолар теңіз жағалауындағы, түбектердегі, аралдардағы, архипелагтардағы елдер болып бөлінеді. Теңізге шыға алмайтын елдер (олардың барлық саны 42) ерекше топқа жатады. Мұндай елдер Тропикалық Африка, шетелдік Еуропа және ТМД елдерінің ішінде көбірек (1-тапсырма).
2. Елдердің типологиясы. Басым түрде сандық көрсеткіштерге нагізделінген елдерді жіктеудің ерекшелігі, типологияның негізіне дүние картасындағы белгілі бір елдің орнын анықтайтын едәуір маңызды сапалық белгілер алынады.
Өз кезегінде, олар әр түрлі бола отырып, елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін, олардың саяси бағдарлануын, өкіметтің демократиялану дәрежесін, әлемдік экономикаға енуін, т.б. ескеруі тиіс.
90-жылдардың басына дейін дүние жүзінің барлық елдерін 1) социалистік, 2)дамыған капиталистік және 3) дамушы деп үш түрге бөлу қабылданған болатын. Дүние жүзілік социалистік жүйе түбегейлі ыдырағаннан кейін ол типологияның орнына басқалар келді. Соның бірі үш жүйелі бола отырып, дүние жүзінің барлық елдерін экономикалық дамыған, дамушы және жоспарлы-орталықтандырылған экономикадан нарықтық экономикаға көшуді жүзеге асырушы өтпелі экономикалы елдер деп бөледі (бұл негізінде Шығыс Еуропа және ТМД-ның кейінгі социалистік елдері және Қытай).
Сонымен бірге, барлықелдерді экономикалық дамыған және дамушы елдер деп екі жүйелі типологиялау кең қолданылуда. Мұндай типологияның негізгі белгісі ретінде жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім көрсеткіші арқылы көрінетін белгілі бір мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі алынады.
Бұл оқулықта дүниежүзі елдерін типологиялау негізіне 1)экономикалық дамыған және 2) дамушы елдер деп бөлу алынған. Сонымен бірге үш жүйелі типологиялау да пайдаланылады.
3. Экономикалық дамыған елдер. Біріккен Ұлдар Ұйымы экономикасы дамыған елдердің қатарына Еуропаның, Азияның, Африканың, Солтүстік Американың, Австралия мен Мұхиттық аралдардың шамамен 60 елін жатқызады. Олардың бәрінің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі жоғары және жан басына келетін жалпы ішкі өнім мөлшері де айтарлықтай айырмашылық жасайды. Алайды, бұл елдер тобы іштей қарағанда айтарлықтай әркелкі болып келеді және оның құрамынан төрт топты бөліп көрсетуге болады.
Олардың біріншісін Батыс елдерінің үлкен жетілігі құрайды, оған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италия және Канада кіреді. Бұлар батыс дүниесінің ірі экономикалық және саяси іс-әрекетімен көзге түсетін жетекші елдер.
Мысал. Дүниежүзілік жалпы ұлттық өнім мен өнеркәсіп өндірісінің 50 процнттен астамы, ауылшаруашылық өнімдерінің 25 проценттен астамы жетіліктің үлесіне келеді. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім оларда 20 мың доллардан 30 мың долларға дейін жетеді.
Бұлардан гөрі орташа елдерді, ең алдымен Еуропа елдерін екікші топқа жатқызуға болады. Жекелей алғанда, әрқайсысының саяси және экономикалық қуаты үлкен болмаса да, олар дүиежүзілік мәселелерде жалпы алғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың тұлғаның қоғамдағы орны туралы ой-пікірлері
Рабыта жайлы жалпы түсініктер
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУШЫ ЗАТТЫҚ ОРТА АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУ МӘСЕЛЕЛЕР
Гүлдің құрылысы және оның қызметі
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризмнің дамуы
Директ-костинг есеп жүйесінің басқару есебіндегі мәні мен маңызы
Британ мұражайы
Тал тұқымдасының гүлдері
АЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ИНТЕГРАЦИЯСЫ
Пәндер